Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Алматы облысы Талғар қаласына сапарынан кейін сынға іліккен болатын,...
Көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді
Сурет ашық дереккөзден алынды
Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы аналарға тағы бір жеңілдік жасалып жатыр, деп хабарлады madeniportal.kz ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.
2025 жылдан бастап олар облысішілік автобустармен тегін жүретін болады.
Қазір өңір бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар облысішілік автобустарға тегін жүреді. Бұл мақсатта 178 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, 5312 бала қамтылған. Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
«Келер жылдан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар үшін қалааралық және ауданаралық қоғамдық көліктер тегін болады. Оған қажетті қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді», - деді Шығыс Қазақстан облыстық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов.