Алматыда 30 мыңға жуық студентке жатын орын қажет. Бұл туралы баспасөз мәслихатында қалалық Жастар...
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
ашық дереккөзден алынған
2039
14 желтоқсаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы толық қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, деп хабарлады madeniportal.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын күшейтті.
Мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын нысандарда полиция нарядтары көбейтілді.
Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді.
Ішкі істер министрлігі іс-шаралардың өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.