Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мектептерде балаларға жыныстық білім беру бойынша қос...
"Тұтас ұлтты қорлау". Биік өкшемен билеген ер адамның басы дауға қалды
Фото: medialeaks.ru
9 тамызда кешке Павлодарда жарнамалық роликте биік өкшемен би билеген Аман Әубәкіровтің үйіне полиция барды, деп хабарлайды madeniportal.kz stan.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Бишінің сөзінше, полицейлер одан жынысын сұраған. Полицейлер жергілікті пабликте жарияланған видеоның астына жазылған "теріс пікірлерге" реакция білдірген.
Әубәкіровтің сөзінше, полицейлер оған түсініктеме жазғызып, келесі аптада "профилактикалық әңгімеге" шақырған.
"Видео пабликте жарияланып, оған "бұл жақсы жарнама емес және бұл ЛГБТ-ны тіке насихаттау" деген мазмұнда көп комментарий жазылған. Сол себепті полиция мұны елеусіз қалдыра алмаған сияқты" деп жазды Әубәкіров әлеуметтік желіде.
Маусым айында әлеуметтік желілерде ер адамның биік өкшемен киіз үйде би билеп жатқаны көрінетін видео қызу талқыланған. Кейбір парламент депутаттары киіз үйдегі биді "тұтас ұлтты қорлау" деп атап, әртістерді жазалауды талап етті.
2024 жылы 1 шілдеде Қарасай аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі бойынша "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағаны белгілі болды.