7 жастағы баланың полицияға хабарласуына не түрткі болды?

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2893

Қарағанды облысында Саран қаласының полиция бөлімшесіне жеті жастағы бала жүгінді. Ол өзінің велосипеді қолды болғанын айтқан, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.

Бала тәртіп сақшыларына велосипедінің ұрланғаны туралы хабарлаған. Полиция жәбірленушіні көлікке мінгізіп, аулаларды аралаған.

"Аулада жүрген баланың велосипедін басқа бала сұраған. Ол велосипедін берген. Алайда әлгі бала аулада бірнеше рет айналғаннан кейін белгісіз жаққа бет алған. Велосипедтің иесі артынан жүгіргенімен қуып жете алмаған", - дейді полицейлер.

Шағымданушы баланың ата-анасы да шақыртылған. Біраз уақыттан кейін велосипед табылды. Оны 10 жастағы қыз бала айдап әкеткен болып шықты. Полицейлер қыздың ата-анасымен сөйлескен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістанда «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері 12 жастағы қыздың атынан әлеуметтік...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Зияткерлік спорт түрлерінен жарыстар Ойындардың алғашқы күнінен басталып, бүгін шешуші кезеңдер өтті...