Адамзаттың ғаламдық проблемалары

Рефераттар
1009

Ғалымдардың, саяси қайраткерлер мен қалың жұртшылықтың назарын аударып отырған адамзаттың ғаламдық проблемаларын көптеген ғалымдар, олардың ішінде география да зерттейді. Оған себеп, олардың әрқайсысының өзінің географиялық астары бар және дүние жүзінің түрлі аймақтарында түрліше байқалады. Н.Н.Баранскийдің кезінде географтарды «континенттер дәрежесінде ойлануға» шақырғанын есімізге түсірейік. Алайда қазіргі кезде бұлай байыптау жеткіліксіз. Ғаламдық проблемаларды тек қана «ғалам бойынша» және тіпті «аймақ бойынша» да шешуге болмайды. Оларды шешуді елдер мен аудандардан бастау керек. Ғалымдардың «Ойлау ғаламдық болсын, іс-әрекек аудандық болсын» деген ұран ұсынуы осыдан. 

1. Адамзаттың ғаламдық проблемаларын дәлелдейік
 
1. Ғаламдық проблемалар ұғымы. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы дүние жүзі халықтары алдында көптеген шиеленіскен және күрделі проблемаларды қойды. Олар ғаламдық проблемалар деген атқа ие болды. 
Бүкіл дүние жүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды ғаламдық проблемалар деп атайды. 
Ғаламдық проблемалар өзінің бір-бірімен әрекеттесуінде өзінше мынадай үшбұрыш құрайды: халқы – әлеуметтік  және экономикалық даму – айналадағы орта.
2. Бейбітшілік пен қарусыздану, жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеу проблемасы. Соғыс барлық тарихи дәуірлерде қоғамның дамуына әсерін тигізіп отырды. Бірақ бұрын ешқашан да тұтас елдер мен континенттерді жойып жіберудің нақты мүмкіндігі болған емес. Ол мүмкіндік ракета техникасына қоса, ядролық қарудың жасалуына байланысты ХХ ғасырдың екінші жартысында туды. Бейбітшілік пен қарусыздану, дүние жүзілік жаңа соғысты болдырмау, адамзаттың құрып кетпеуі және өзін-өзі сақтауы қазіргі заманның шын мәнісінде №1 проблемасына айналуы, міне, сондықтан.
Ол 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында ғана шын мәнінде шешіле бастады. «Қырғықабақ соғыс» тоқтатылды. Ондаған жылдар бойы Шығыс пен Батысты бөліп келген «темір перде» жойылды. Қазір дүние жүзін ядролық қарумен жою қаупі іс жүзінде алынып тасталды. Алайда жаппай қырып-жоятын қару-жарақтың аймақтық жан-жалдарға ұласа отырып, тарала беруі дүние жүзіне бұрынғыдан да көбірек қауіп төндіруде. 
3. Экологиялық проблема: «Жер біреу ғана!» Ноосфера (парасаттылық саласы) туралы ілімнің негізін қалаушы академик В.И.Вернадский (1863-1945) 40-жылдарда-ақ «адамдардың шаруашылық әрекеті географиялық ортаға табиғаттың өзінде өтіп жататын геологиялық процестерден кем әсер етпейді»,-деп жазған болатын. Содан бері қоғам мен табиғаттың арасындағы «зат алмасу» әлденеше есе өсті және ғаламдық көлемге жетті. Алайда табиғатты «жаулап ала» отырып, адамдар өздерінің тіршілік әрекетінің табиғи негіздерін айтарлықтай дәрежеде бұзды. Айналадағы орта жағдайы едәуір нашарлады. Оны белгілі француз океанологы Жак Ив Кусто былай сипаттады: «Бұрын табиғат адамды қорқытатын, енді адам табиғатты қорқытады». Кейбір елдер мен аудандарда экологиялық жағдай өте қатты шиеленісіп, экологиялық дағдарыс деңгейіне жетті. Айналадағы ортаның ластануынан келетін әлеуметтік, эстетикалық және басқа шығындарды былай қойғанда, экономикалық шығынның өзі ғана жылына көптеген миллиард доллармен есептеледі. Оның үстіне, Жер климатының бақылаусыз өзгеруі, стратосфераның озон қабатының бұзылуы секілді дүниежүзілік экологиялық қауіп туды. Экологиялық проблеманың адамзаттың аман қалу проблемасына айналуы, міне, сондықтан.
Қазіргі уақытта барған сайын көптеген елдер оны шешу үшін өздерінің
күш-жігерін біріктіре бастады. Ұзаққа созылатын экологиялық қауіпті жоюмен қатар, төтенше экологиялық жағдайларда көмек көрсетілуде. Осының бәрі БҰҰ-ның 70-жылдары ұсынған «Жер біреу ғана!» деген ұранын жүзеге асыруды көздейді. Дүниежүзілік қауымдастық мынадай жағдайды басшылыққа алады: экологиялық проблеманы шешудің басты жолы – адамдардың өндірістік және өндірістік емес іс-әрекетін қалыпты экологиялық дамуды – айналадағы ортаны бүкіл адамзаттың және әрбір адамның мүддесіне сай өзгертуді қамтамассыз ететіндей етіп ұйымдастыру.
4. Демографиялық проблема – «ғасыр проблемаларының» бірі. Бұл проблеманың бір-біріне қарама-қарсы екі бағыты бар. 
Біріншіден, бірқатар дамыған елдерде халықтың ұдайы өсуінің бұзылуына, оның тез қартаюына және сананың азаюына әкелір соғып отырған демографиялық дағдарыс алаңдатпай қоймайды. Демографтар мұнадай процесті халық санының азаюы (депопуляция) деп атайды. 
Екіншіден, Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің көпшілігінде халық санының тез өсуі бұдан гөрі көбірек алаңдатты. Оның үстіне, жас адамдардың үлесі өте жоғары болып отырғанда, халықтың табиғи өсу қарқыны тез кемиді деп күту қиын. Осыған қарамастан, демограф-ғалымдар 60-жылдардағы демографиялық жарылыстың шыңы артта қалды деп тұжырымдайды. Африканы қоспағанда, халықтың ұдайы өсуінің екінші түріне жататын барлық аймақтарда баланың туылуы мен халықтың өсуі біртіндеп кеми бастады. 
Мысал. 60-жылдардың басында дүние жүзінің халқы орта есеппен    жылына 2%, 80-жылдардың аяғында  - 1,6% артты, ғасырдың аяғында бұл процесс 1,5-ке дейін, ал ХХІ ғасырдың басында – 1,2%-ке дейін төмендеуі тиіс.
БҰҰ демографиялық проблеманы шешу мақсатымен «Халық саны саласындағы бүкіл дүние жүзілік іс-әрекет жоспарын» қабылдады. Оны жүзеге асыруға географтар мен демографтар да қатысады. Мұнда прогресшіл күштер отбасын  жоспарлау бағдарламалары халықтың ұдайы өсуін жақсартуға көмегін тигізе алады деп есептейді. Бірақ тек демографиялық саясат жеткіліксіз. Ол адамдар өмірінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсартуға ұласуы тиіс. 
5. Энергетикалық және шикізат проблемалары: себептері мен шешу жолдары. Бұл бәрінен бұрын адамзатты отынмен және шикізатпен сенімді түрде қамтамасыз ету проблемалары. Бұрын да қорлармен қамтамасыз етудің белгілі бір шиеленіскен кездері болған. Бірақ әдетте бұл табиғат қорлары құрамы «жасақталмаған» аудандар мен елдерге қатысты болатын. Ғаламдық көлемде ол бірінші рет 70-жылдары туды деуге болады. Оның бірнеше себептері бар.
Оларға мұнайдың, табиғи газ бен отын және шикізаттың кейбір басқа түрлерінің барланғанқорының айтарлықтай шектеулілігі, өндірудің кен-геологиялық жағдайларының нашарлауы, өндіру және тұтыну аудандары арасындағы территориялық алшақтықтың артуы, өндіруді табиғат жағдайлары өте қатаң жаңадан игерілген аудандарға қарай жылжыту және т.с.с. жатады. Демек, қазіргі дәуірде, минералдық қорларды бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде тиімді пайдаланып ұдайы өндіру қажет. 
Бұл үшін ҒТР зор мүмкіндіктер береді. Пайдалы қазбаларды Жер қойнауынан неғұрлым толық алу, өндірістің энергия мен материалды қажет етуін азайту, жаңа кен орындарын ашу және бұрын шама жетпеген кен орындарын игеру, сарқылмайтын энергетика қорларын айналымға қосу, атом және сутегі энергетикасы, МГД-генераторлар, отын элементтері және ең ақырында басқарылатын термоядорлық синтез саласындағы прогресс секілді мәселелердің шешілуі де ҒТР-ға байланысты. 
Жер қойнауында бар және Жер мен жер төңірегі кеңістігінде пайда болып отыратын энергетика мен шикізаттың жалпы мөлшерінің молдығы соншалық, теория жүзінде олардың сарқылуы туралы сөз қозғамаған жөн болар еді.
6. Азық-түлік проблемасы – Жер бетінде өсіп келе жатқан халықты азық-түлікпен қалай қамтамасыз ету керек? Ежелгі даналықө сөзде: «Адам өмір сүру үшін тамақтанады, тамақтану үшін өмір сүрмейді» делінген. Оның қалыпты тіршілігі мен іс-әрекетіне қажетті тағам мөлшері жынысқа, жасқа, салмаққа, бойға, еңбектің сипаты мен жағдайларына, территорияның климат ерекшеліктеріне байланысты. Ғалымдар тұтынылатын тағамның калориялық нормасы тәулігіне 2300 – 2600 ккал және 70 – 100 г белоктан кем болмауға тиіс деп санайды. Алайда қазіргі кезде БҰҰ-ның деректері бойынша адамзаттың 2/3-сі үнемі азық-түлік жетіспейтін елдерде тұрады. Сондықтан азық-түлік проблемасын ғаламдық проблема деп есептеу керек. Оны шешу үшін адамзат өсімдік шаруашылығының, мал шаруашылығының және балық аулаудың мүмкіндіктерін толығырақ пайдалануы тиіс. Мұнда ол екі жолмен жүре алады. 
Экстенсивті жол – ең алдымен егістік, жайылымдық жерлер мен балық кәсіпшілігі аумақтарын одан әрі ұлғайту. 
Мысал. Біздің планетамыздағы ауыл шаруашылығына жарамды өңделген жер көлемі 3,2 – 3,4 млрд. га болып отыр да, әзірге оның тек жартысынан азы пайдаланылуда. Мұндай жерлердің негізгі қорлары Африкада Сахарадан оңтүстікке қарай, Латын Америкасынрда және Австралияда жатыр.  
Бірақ бүкіл құнарлы және қолайлы орналасқан жерлер іс жүзінде осыған дейін игеріліп қойылғандықтан, бұл жол өте көп шығын жұмсамауды қажет етеді. 
Интенсивті жол – ең алдымен жарамды жердің биологиялық өнімділігін арттыру. Ол үшін биотехнологияның, түсімі жоғары жаңа сорттар мен топырақты өңдеудің жаңа әдістерін пайдаланудың, механикаландыруды, химияландыруды, сонымен бірге тарихы Месопотамиядан, Ежелгі Египеттен және Үндістаннын бастап бірнеше мың жылға баратын мелиорациялауды дамытудың шешуші маңызы бар. 
Мысал. ХХғасырда ғана суармалы жерлердің көлемі 40 млн. гектардан – 300 млн. гектарға дейін ұлғаюы тиіс. Бүгінде бұл жерлер өңделмелі жерлердің 1/5 бөлігін алып жатыр, бірақ ол ауыл шаруашылығы өнімдерінің 2/5 бөлігін береді. Суармалы егіншілік 135 елде қолданылады, оның үстіне, барлық суармалы жердің жартысынан астамы Азияда. 
7.Дүниежүзілік мұхитты пайдалану проблемасы: жаңа кезең. Жер бетінің 71%-нің алып жатқан Дүниежүзілік мұхит елдері мен халықтардың қатынас жасауында маңызды рөл атқарып келді. Дегенімен XX ғасырдың ортасына дейін Мұхиттағы адамзат қызметінің барлық түрі дүниежүзілік кірістің 1-2 %-ін ғана беріп отырды. Бірақ ҒТР –дың дамуына қарай Дүниежүзілік мұхитты жан-жақты зерттеу ж/е игеру мүлдем басқаша ауқым алды.
Біріншіден, ғаламдық энергетикалық ж/е шикізат проблемаларын шиеленісуі теңізден кен  өндіру ж/е химия өнеркәсіптерінің, теңіз энергетикасының пайда болуына әсер етті. ҒТР –дың жетістіктері мұнай мен газ, темір-марганец конкрецияларын өндіруді ұлғайту, теңіз суынан сутегі изотобы –дейтерийді айырып алу, орасан зор толысу электр станцияларын салу (4), теңіз суын тұщыландыру істерінде жаңа болашақ ашуда.
Екіншіден, ғаламдық азық-түлік проблемасының штеленісуі Мұхиттың биологиялық қорларына деген құажеттілікті күшейтті: олар әзірге адамзаттың азық-түлік (ризығының) 2%-ін ғана қамтамасыз етуде. Әрине, балық пен теңіз өнімдерін өндіруді арттыра беруге болады ж/е керек те. Бірақ дүниежүзілік мұхиттың ұшан –теңіз көлемі оның биологиялық байлығы іс жүзінде сарқылмайды деген жалған пікір туғызбауға тиіс. 
Үшіншіден, халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, дүниежүзілік сауданың тез өсүі теңіз тасымалының ұлғаюымен қатар жүріп жатады. Бұл өз кезегінде өндіріс пен халықтың теңізге қарай бетбұрыс жасауына ж/е теңіз жағалауындағы көптегне аудандардың қарыштап дамуына себепші болады. Теңіз маңайындағы ұрбандалу кең көлемде дамуда.
Дүниежүзілік мұхит ж/е мұхит –құрлық аймағы шеңберіндегі бүкіл өндірістік ж/е ғылыми қызметтің нәтижесінде дүниежүзілік шаруашылықтың айрықша бір құрамдас  бөлігі –теңіз шаруашылығы пайда болды. Оның құрамына өндіретін ж/е өңдейтін өнеркәсіп, энергетика, балық аулау, көлік сауда, тынығу ж/е туризм енеді. Тұтас алғанда, теңіз шаруашылығында кемінде 100 млн. адам жұмыс істейді.
Сонымен бірге мұндай әрекет Дүниежүзілік мұхиттың ғаламдық поблемасын туғызды. Оның мәні мұнада: Мұхит қорларының игерілуі өте әркелкі, теңіз ластанып барады, ол әскери әрекет майданы ретінде пайдаланылуда. Сондықтан БҰҰ –ның теңіз хұқы жөнінде 1982 ж. қабылдап «Теңіздер хартиясы» деп атаған Конвенциясының өте зор маңызы бар. Дүниежүзілік мұхитты пайдалану проблемасын шешудің негізгі жолы- мұхит табиғатын тиімді пайдалану, оның байлықтарына бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру негізінде теңестірілген, жинақы көзқарас тұрғысынан келу. 
8.Ғарышты бейбіт мақсатта игеру: жаңа көкжиектер. Ғарыш ғаламдық орта , адамзаттың ортақ игілігі болып табылады. Қазір ғарыштық бағдарламалар елеулі күрделене түскенде, оларды орындау көптеген елдер мен халықтардың техникалық, экономикалық, интеллектуалдық күш-жігерін шоғырландыруды талап етеді. Сондықтан ғарышты игеру аса маңызды халықаралық, ғаламдық проблемалардың біріне айналды.
Мысал. «Интерғарыш» халықаралық бағдарламасы көлемінде 1978 ж. бастап орбиталық ғылыми-зерттеу кешендерінде ұшуға 15-тен астам шетелдердіің өкілдері қатысты.
Ғарышты  бейбіт мақсатта игеру әскери бағдарламалардан бас тартуды көздей отырып, ғылым мен техниканың, өндірістің ж/е басқарудың ең жаңа жетістіктерін пайдалануға негізделген. 
9.Ғаламдық проблемалардың өзара байланыстылығы. Дамушы елдердің артта қалушылығын жою-аса ірі жалпы д/ж-лік проблема. Адамзаттың ғаламдық проблемалары арасында жаңа д/ж-лік соғысты болғызбау проблемасы айрықша орын алады. Алайда қарулану экономикасынан қарусыздану экономикасына көше бастаған қазіргі кезде ғаламдық проблемалардың көпшілігінің ауырлық күші барған сайын дамушы елдерге қарай орын ауыстыруда. Олардың артта қалуы өте күшейіп барады. 
Мұндай артта  қалушылықтың басты көрінісі мен себебі-кедейлік, қайыршылық. Азия, Африка ж/е Латын Америкасы елдерінде халықтың 40%-і нағыз қайыршылық жағдайларда өмір сүруде. 
Дамушы елдерде азық-түлік проблемасы қайғылы, тіпті апатты сипат алып барады деуге болады. Қытайда, Үндістанда, Ирландияда, Африканың көптеген елдері мен  Кеңес Одағында орын алған аштық ошақтары XIX-XX ғасырларда көптеген миллиондаған адамдардың өмірін қиды. Бірақ ҒТР дәүірінде аштықтың ж/е батыстың экономикасы дамыған елдерінде азық-түліктің артық  өндірілуі- бұл шын мәнінде біздің заманымыздағы күтпеген құбылыстардың бірі. Бұл да дамушы елдердің жалпы артта қалуы мен кедейлігінен туған құбылыс. Бұл құбылыс ауылшаруашылық өндірісінің рның өнімдеріне деген қажеттіліктен әлдеқайда артта қалуына әкеп соқтырды. 
Азық-түлік проблемасымен дамушы елдердің демографиялық проблемасы тығыз байланысқан. БҰларға демографиялық жарылс қарама-қайшы әсер етеді. Бір жағынан, ол үнемі жаңа күштердің қосылуын, еңбек қорларының өсуін қамтамасызщ етсе, екінші жағынан –экономикалық артта қалушылықты жою жолындағы күресте қосыиша қиындықтар туғызады, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуін күрделендіреді, олардың жетістіктерінің едәуір бөлігін «жеп қояды», территорияға түсетін «күшті» арттырады. 
Экологиялық проблеманың азық-түлік ж/е демографиялық проблема мен тікелей байланысы бар. 1972 ж. Индира Ганди қайыршылықты айналадағы ортаның ең қорқынышты ластануы деп атады. 
Дамушы елдердің кедейлік жағдайы жалпы адамзаттық , жалпы дүниежүлік аса ірі проблемаларға айналды.1974 ж . БҰҰ 1984 ж. д/ж-де бірде-бір алдамның аш ұйықтамауын көздейтін бағдарлама қабылдаған-ды. Онда 2000 ж қарай бұл елдердің д/ж-лік өнеркәсіп өндірісіндегі үлесін 25%-ке дейін арттыру белгіленген болатын. Алайда мұны жүзеге асыру мүмкін болмады.
Міне, сондықтан дамушы елдердің артта қалушылығын жою бұрынғысынша төтенше өзекті міндет болып қалуда. Оны шешудің басты жолдары:бұл елдердің өмірі мен қызметінің барлық салаларында түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жүргізу, ғылыми-техгикалық прогрессті, халықаралық ынтамақтастықты дамыту, қарусыздандыру.
Жүктеп алу
608 рет жүктелген
70.00 кб файл салмағы