Африканың шөлдену аймақтарының проблемалары

Рефераттар
145

Жоспар

Кіріспе

І. Африканың шөлдену аймақтарының проблемалары
1.1. Сахара 
1.2. Араб
1.3. Ливи- Нуби

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

Кіріспе 
Жер шарының қатты құрғап кеткен аймақтары өсімдік пен суға тапшы ЮНЕСКО мәліметтері бойынша барлық континенттің 23% шөл аймақтары құрайды. Ал Кеңес географтары қураған жердің 22% шөл және шөлейт жерге яғни 31,4млн. км2 жерді жатқызады. Яғни  осының 1\3 африка материгіне тиесілі. Африка материгі- көлемі жағыған Еуразиядан кейінгі жер шарындағы екінші материк. Африка, оған кіретін аралдарды қоса есептегенде, 30млн.км2-ден астам жерді алып жатыр. Еуразиямен өкпе-тұс келген Африка материгін тек Қызыл теңіз бен Жерорта теңізі, Гибралтар бұғазы мен Суец каналы бөліп тұр. 
«Африка» деген сөз- латынның «африка» деген сөзінен шықты делініп жүр, ол «аясыз» деген ұғым береді. Олай болса, материктің аты оның  табиғат жағдайына әбден сай келеді. Африка- Жер шарындағы ең ыстық материк, олай болу себебі- материктің Солтүстік және Оңтүстік тропиктер аралығындағы географиялық жағдайының ерекшеліктеріне, яғни ыстық жылулық белдеуіне орналасуына байланысты. Экватор материкті тең ортасынан  дерлік қиып өтеді. 
Африка жағалауларында жақын маңды аралдар онша көп емес. Аралдардың ең үлкені- Үнді мұхитындағы Мадагаскар аралы. Атлант мұхитында ең ірілері- Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс аралдары.
Африка жағаларына ұласып жатқан мұхиттар суы барлық тұста дерлік материкті ішкерілей енбеген, сондықтан да жағалау жиектері аз тілімделінген. Африканың жағалау жиектерінің ұзындығы 30500 км астам. Шапшаң жүретін теңіз теплоходымен Африка материгін шамамен 20 күнде айналып шығуға болады.
Африканың бүкіл солтүстік аймағы шөл жерге жатады. Ол  -12-140 слотүстік ендік жнрорта теңізіне дейінгі аймақты қамтиды. Оңтүстік Африканың ең үлкен шөлді аймағы Намиб Атлант мұхитынан Сары теңіздің оңтүстік шығысына дейін созылып жатыр. 

І. Африканың шөлдену аймақтарының проблемалары 
Африка оңтүстік жары шар материгі. Африканы экватор дәл  ортасынан кесіп өтеді. Екі тропиктік шеңбердің аралығында орналасқандықтан материкке күн сәулесі мол түсеі. Сондықтан Африка жер шарындағы ең ыстық материк болып табылады. Солтүстік және Оңтүстік шеті ғана субтропиктік белдеулерге енеді. Африканы экватор сызығы қиып өтуінен күн сәулесі үлкен көлбеу бұрыш жасай түседі. Әсіресе екі тропик үстінде орналасқан кез келген нүктеден жаз кезінде күн сәулесі дәл төбеден тіктүседі. Сондықтан материктің көпшілік бөлігі құрғақ шөлді болып келеді. Тропиктік белдеуде жер шарындағы ең ыстық, ең құрғақ, ең үлкен Сахара шөлі орналасқан.Мұнда күндіз ауаның орташа температурасы +400с және одан да жоғары көтеріледі. Құмның беті  +700 с +800с-қа дейін кызады, керсінше түнде ауа мен жер беті тез суынады. Сахараның ауасы құрғақ ыстық әрі шаңды болады. Жазда жиі-жиі саммум желдері соғады. Асты ылғи шаңдатып тұрады.  Нәтижесінде көкжиекте пайда болған сағымдар шөлдері жолаушылардың көзін алдады. Сахарада жаңбыр- өте сирек болатын құбылыс. Кейде бірнеше жылға созылған құрғақшылықтан кейін күтпеген жерде нөсер жаңбырлап жауады. Су өткізбейтін жыныстар жауып жатқан шөлде әп сәтте айналасуға толып сел жүреді. Киматтың мұндай сипатын тропиктік континенттік шөл климаты деп атайды. Ал Калахари шөліндегі климаттық жағдайлар Сахара мен салыстырғанда біршамақолайлы болып келеді. Үнді мұхитынан келетін теңіздің тропиктік ауа массаларын ықпалында болатындықтан тропиктік ылғалды климат тән болуы. Осындай климат жағдайларды адам өмірі мен шаруашылығы  әрекетіне түрліше әсер етеді. Климаты қатал деп есептелетін Сахара жері медециналық тұрғыдан алғанда Африканың ең «таза» ауданы болып саналады. Оның себебі шөлдегі жоғары температура мен құрғақ ауа жағдайында жұқпалы ауруларды қоздыратын микроптар мұнда кездеспейді. Ал керісінше ылғалы мсол аудандарда көптеген қауіпті ауруларды жұқтыратын жәндіктер кең таралған. Бұл адам денсаулығына ғана емес, мал шаруашылығын дамытуға да нұқсан келтіреді. 
Сахара қойнауында қазба байлықтардың (мұнай, газ, темір, марганец, мыс рудалары, тұз)  қоры мол. Оның күн қызуынанорасан зор мөлшерде алатын энергиясы егін шаруашылығы үшін таптырмайтын мүмкіндік көздері болып табылады; топырағында қоректік минералдық заттар көп. Осы мүмкіндіктерді пайдалану үшін су жетіспейді. Сахараны оның шекарасын бойлай орналасқан алқаптарын суат есебінен суландыру және суару жобалары әлде неше рет жасалды. Сахараны Конгомен оның сағаларын бұру арқылы суландыру мүмкіншілігі жайлы пікір көбірек айтылды. сондай-ақ Сахараның климаттық жағдайларын онда Жерорта теңізі суларын жіберу арқылы өзгертетін жобалар да бар. Бірақ осы жоба – ойлардың бәрі жүзеге аспай келеді. Африканың солтүстік бөлігіндегі шөлдердің ауданы азаюдың орнына барған сайын ұлғая түсуде. Қазіргі кезде шөлдің оңтүстікке саваннаға қарай ілгерілеп бара жатқаны байқалады. Бұл процес өте жылдам жүруде. Шөлдің шекарасындағы топрақты малдың таптап тастауы, ағашпен бұта шабу және өртеу топырақ жамылғысының бұзылуын құмның көшуіне және су алқаптарының құрғап кетуіне әкеп соғуда. Кейбір деректерге қарағанда, Сахара оңтүстікке қарай шамамен алғанда жылына бір км жылжитын көрінеді. 
Сахара алабының өзінде адамдардың қаректімен байланысты өсімдіктердің азып, топырақтың тозып бара жатқандары жайлы деректерде бар. Кейбір ғалымдар Сахара шөлі адамдардың қолымен жасалған деген тұжырым жасайды, дегенмен мұндай пайымдауларды асыра айтқандық деп есептеу керек.    

1.1. Сахара
Тропиктік шөлдер Африканың солтүстігінде ұланғайыр территорияны алып жатыр Шөл және шөлейт ландшафтар Атлант мұхитынан  Қызыл теңізге дейін, Атлас тауларының етегімен Жерорта теңізі жағалауынан Сенегал өзенінің төменгі ағысынан бастап, Чат көлі арқылы Нілдегі Хартумға өтетін сызыққа дейін  жердің өн бойына созылып жатыр. Осынау 7-8млн.км2 орасан зор кеңістікті яғни Африка материгінің 25% сахара деген жалпы географиялық атаумен біріктіріп атайды.Сохара араб тілінен сахара-шөл деген мағнаны білдіреді.Сахараның географиялық шекарасы барынша айқын. Тек қана оңтүстікте, табиғат жағдайлары шөлейттен саванаға бірте -бірте ауысатын жерде анық физикалық - географиялық шекарк жоқ. Сахара  оңтүстікте тұрақты жауын- шашынды кезеңі бар жерде аяқталады. 
     Сахара түгелімен Африкаплатформасыныңшегінде орналасқан, оның көпшілік бөлігі негізі кристалдық және вулкандық жыныстардан түзіліп, горизонталь тұнба шөгінде қабаттарымен көмкерілген үстүрт болып табылады. Кей жерлерде жер бетіне ежелгі қатпарлы  негіз шығып жатады да биік таулы қырат құрайды немесе күнбе тәріздес қыраттар түрінде ежелгі интруизиялар шығып жатады. Жер беті шөгінді тау жыныстарымен  көмкерліп жатқан жерлерге нағыз төрткүл және куэсталық үстірттер мен тау жұрнақтары тән.
     Қыс айларында анағұрлым қоңыр салқын және бір қалыпты, өйткені бұл кезде антициклондық ауа райы қалыптасады. Күндіз температура +20-250 С шамасында тұрса, түнде қатты жылу қайтару салдарынан ауа 00С – ге дейін салқындайды, ал кейде  үсік қатты соғатыны сондай, ыдыстар мен қолдан жасалған су алқаптарындағы су қаттып қалады. Тауларда – 180C-ге дейін аяздар байқалған. 
     Сахараның Атлант мұхитының суық Қанар ағысы өтетін жағасын алып жатқан батыс  шеті – шөлдің басқа бір жағалық  типі болып табылады. Ондағы температура мұхиттың жақындығына байланысты бәсеңдеу, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75- 80% -ке жетеді, жағалауда жанды жайландыратын бриздер соғады, бірақ жауын шашын Сахараның ішкі аудандарына қарағанда онша көп жаумайды.
      Сахараның өсімдік жамылғысында өсімдіктің 1200 түрі бар. Олардың басым көпшілігі ксерофиттер немесе эфемерлер. Тек аздаған учаскелері, негізінен тастақ жерлер мүлде өлі сияқты болып көрінеді. Дегенмен оларда да шөлдің қатал табиғатына бейіиділігі мен таң қалдыратын өсімдіктер кездеседі. Мысалы, тастардың арасынан құмнан нерирхон райханы гүлін кездестіруге болады, оның сабағы қысқа, бұтақтары саусақтар сияқты иіліп тұрады, иілген жерлерінде тұқымдары болады. Жаңбыр кезінде бұтақтары жазылып сала береді де тұқымдары жерге төгіледі және ылғалдың әрбір тамшысын пайдалана отырып өсіп шығады. Басқа өсімдіктердің тұқымдары мен түйнектері де топырақта сақталады да бірнеше айда немесе бірнеше жылда жауатын жаңбырдан соң өсіп - өнеді. Кейбір жерлерде құм мен тастақта ұсақ жапырақты немесе тікенекті жермен жексен немесе жатаған өсімдіктер өседі. Кейде тастарды қалың қына қабыршығы басып кетеді. әр жерден ағаш тәріздес сүттігенді де көруге болады. Өсімдік жамылғысында сұр, және сары рең басым, мұның өзі далаға қайғылы тіршіліксіз өң береді.
       Сахараның оңтүстік шекарасына жақын маңда бұталар мен кейбір қатаң астық тұқымдастардың қаулары кездеседі. Солтүсткте, Атлас облысымен шекарада жабайы пісте, олеандра және ююбаны көруге болады.
        Сахараның түрге кедей, бірақ санға бай жануарлар дүниесі төзімді және су мен азық іздеп тез көшіп жүретін немесе өзінің таралуында ылғалы көбірек аудандармен немесе су көздерімен шектелетін жануарлар тұрады. Сахараға аддакс пен орикс бөкендері, Дордакс пен Лодер газелдері, тау текелер өте сипатты. Оларды еті мен терісіне бола қырып аулайды, сондықтан да олардың кейбір түрлері құрып бітуге тақау. Жыртқыштардан шибөрі, қорқау, түлкі, гепард көбірек мәлім.
      Облыста жыл құстары да, тұрақты мекендейтін құстар да бар, соңғылардан бұл жерге әсіресе шөл қарғасы тән. Рептилиялардан кесірткелер басым, жыландар мен тасбақалар да баршылық. 
       Нілден батысқа таман дүние жүзінде ұланғайыр құм жинақталған Ливия шөлінің үстірті өтеді. Солтүстікте Сахараның беті бірте-бірте аласарады, онда бірнеше терең ойыстар орналасқан, олардың кейбіреуі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Түбінің абсолюттік белгісі- 133 м.  Қаттар ойысы- Жердің ең терең құрғақ ойыстардың бірі.
      Сахараның қалған бөлігінде  300-400 м биіктіктер белең алған. Жер бетін ізбес тасы, құм тас және сазды жыныстардың қабаттары жапқан.
      Сахараның шөлді үстірттерінің бетін арабтар «уэд» деп атайтын арналар жүйесі торабы кесіп өтеді. Тек сирек жауатын жаңбырдан кейін ғана бұл арналар сүға толады, бірақ ары кетсе бірнеше күннің ішінде, кейде бірнеше сағаттан кейін ол сулардың жұрнағы да қалмайды, уэдтердің көпшілік бөлігі негізінен сахара тау қыраттарының беткейлерінен жан жаққа салаланып тарайды, бұлардың өзі Сахарада эрозиялық қолаттар торабының пайда болған плиювиал кезеңінде суайрық қызметін атқарады. Қазіргі кезде олардың түбін аллювийлік құм материалдар басып қалған немесе саз жыныстары қатайтқан.
Сахараға малта тастан тұратын қабаттары бар, кейде бетін құм жапқан орасан зор тегіс учаскелер тән
Сахарада ауа әрдайым құрғақ және шаң тұнып тұрады, оның салыстырмалы ылғалдылығы өте аз, кейде 25%-тен төмен.  Аспан айналып жерге түсетіндей ыстық күндері ауа өте қатты және әркелкі қызғанда көріну жағдайлары бұрмаланады, сағым  ойнап, көк жиектен өмірде жоқ өзендер, көлдер және таулар көрінеді. Сахарада жауын-шашынның аздығымен қатар дүние жүзіндегі ең күшті буланушылық байқалады. Жыл ішінде осынау ыстық шөлде қалыңдығы алты метр дейін баратын су қабаты булана алады. Күшті желдер булануды одан сайын күшейте түседі. Мейлінше тұрақты жазғы желдер-пассаттар солтүстік және солтүстік –шығыстан құрғақ және ыстық ауа алып келеді. Жазда өтетін атмосфералық депресиялар өте күшті құм және шаң борандар туғызады – бұл Сахарадағы басты апаттың бірі.
Облыс температурасының ағымына тәуліктік және жылдық күрт контрастар тән. Жазда күннің ыстығы +500С ге жетеді, ал шаң мен құм ала келетін тұрақты ыстық әрі құрғақ желдер оның үстіне жер апшысын қуыра түседі. Сахарада көлеңкенің өзінде болатын абсолют максимум (+580С) бүкіл жер шарының абсолют максимумы болып табылады. Топырақ беті +60- 800С-ге дейін қызады. Жазда , түннің өзінде температура +300С-ден кем болмайды, тәуліктік ауытқулар 30-500С – ге жетуі мүмкін.  
1.4 Арабия шөлі
Ніл өзені мен Қызыл теңіз арасын алып жатқан Сахара шөлінің солтүстік шығысындағы құмды алқап. Ол Египет Араб республика жерінде орналасқан. Жер қыртысының негізін ежелгі кристалды, шөгінді тау жыныстары құраған. Жер бедері қиыршық құм әктастардан құралған үстірттерден тұрады. Тек солтүстік-батыста ғана ежелгі кристалды ірге тас жер бетіне шығып жатыр (Етбай жотасы ). Ең биік жері- Гебил –Шайб шыны (2187 ). Батыс бөлігі қатты тілімделген құрғақ өзен аңғарлар жүйесінен тұратын биік үстірт басқан. Ауыл шаруашылығы минералды қазба байлықтарға мейлінше бай. Ертеде бұл өңірде алтын және бағалы тастармен қатар, Египет пирамидалары мүсіндеріне керекті гранит, әктас өндірілген. Қызыл теңіз жағалауында мұнай, қалайы, фосфорит және әр түрлі құрылыс материалдары өндірілді.
Климаты ыстық және құрғақ, толығымен тропикалық белдеуде орналасқан. Жазда ауаның орташа температурасы солтүстігінде 280C, оңтүстігінде  320 С . қыс айларында ауаның орташа температурасы біршама төмен , қаңтарда солтүстігінде 120С , оңтүстігінде  200С. Жауын шашынның мөлшері  55мм дейін түседі, кей жылдары ол тіпті болмайды. Ніл өзеніне құятын бірнеше өзен арналары бар ( Хоф, Хелуан т.б)
Өсімдіктерден : жыңғыл, сикимора, құрма пальмасы және дум пальмасы өседі.
Жануарлар дүниесінен : антилопаның бірнеше түрі, шибөрі, қорқау түлкі, қаблан ; құстардан : шөл қарғасы; бауырымен жорғалаушылардан: кесіртке, жылан, тасбақа кездеседі.
Халқы негізінен шұратты жерлерде шоғырланған тек кейбір тайпалар ғана шөлде көшіп жүреді. Ең байырғы және аса ірі шұраттар Ніл аңғары бойында орналасқан. Бұл жер егіншілік мәдениетінің ежелгі орталықтарының біріне саналады.
Ливия
Ливия шөлі Сахара шөлінің солтүстік- шығысында Ливия, Египет және Сууан мемлекеттері аумағында Ніл өзенінің батысында орналасқан. Аумағы 2.0 млн . км 2 жуық. Солтүстік бөлігі теңіз деңгейінен  300 м биіктікте, теңіз жағалауын шағылдар (дюналар), қалған жерлерін құм басқан . Солтүстік шығысында терең тектоникалық ойыс  (Каттара ойысы, теңіз деңгейінен 133 м төменде) жатыр. Оңтүстік бөлігі тасты немесе құмдақты үстірт (биіктігі 400-500 м) болып келеді. Кейбір жерлерінде биіктік  1934 м дейін жететін  (Эл- Увейнат тауы т.б) қалдық массивтер кездеседі. Климаты тропиктік құрғақ, солтүстік Жер орта теңізінде субтропиктік . жауын шашынның жылдық орташа мөлшері 25 мм аз, кейбір жылдары жауын шашын мүлдем болмайды. Солтүстігінде ол  50-100 мм жетеді. Шөп қарағаны жыңғыл, жыңғыл жусан өседі. Грунт сулары және құдықтар маңында Сива Дайюм, Жалу, Дахла, Куфра, Фрафора т.б шұратты жерлер бар. 
Ал Ливий   және    Нуби шөліне жақын аймақтарда  жауын шашын мөлшері нөлге тең. Шөлден жауын шашын өте сирек кездеседі. Жауын шашын найзағай жарқылдап нөсер жаңбырмен өте шығады деп Ағылшын саяхатшылары осылай суреттеген. А. Бьюкен (Ағылшын ғалымы)  қас қағым сәтте шөлді су басады, жан жақтағы төбешіктерден (холмнан) аққан су қорқыныш әкеледі. Төбешіктерден аққан су көлшікке айналады , бірақ артынша жарқырай шыққан күн көлшіктердегісуды әп-сәтте буға айналдырып жіберді. Біз осы жаңбырдың алдында осы жерден ішетін су іздеп жүргенбіз деп есіне алып баяндайды.
Құмды дауылдар- саммумдар- атам заманнан бері даңғаза дақпыртқа бөленген. Оны «Саммум» яғни улы, уланған деп аталынуы тегін емес. Ол шынтуайтында да талай керуенді жалмаған, көқптеген авторлардың мәліметінен 1805ж Саммум  2000 адаммен  800 түйені құммен көміп тастаған. Камбур армиясын боран жұтқаны рас сияқты.
 Апатты бастан кешірген адамдардың кейде қомпайтып асыра сілтеп айтатын кездері де бар. Бірақ бір ғана нәрсе айқын, саммум өте қауіпті тажал күшті жел көтерген майда құм, шаң, құлақты, көзді, танауды, өкпені бітейді. Құғақ ауа екпіні теріңді құрғатып, күйдіріп, қарып қатты шөліркетеді. Тірі қалуға жанталасқан адамдар жерге жатып бастарын киіммен тұмшалайды. 500 с-қа жететін ыстыққа шыдамас адамдар тұншығып естерінен танатын жағдайға душар болғаны аз емес. Азия мен Африка шөлдеріндегі құмды құйындар өте қауіпті. Олар орасан зор аймаққа құлаш жаяды. Ыстық құм ауаны 500 с-қа дейін ысытады. Сол ыстық ауа бар қарқынымен аспанға көтеріледі. Егер көршілес қапталдас жатқан учаскенің құмдары белгісіз себептерден аз көлемда ысыса, онда ол жерді күйдіре шыға бастайды. Діңгекше тіл шаншылып биікке көтерілген құйын өзімен бірге құм массаларын суырып алакеледі. Сөйтіп жер бетінщде шыр айналған діңгек пайда болады. Жолындағының бәрін қиратып, аумағын барған сайын ұлғайтып, ол ұшқына ысқырып ілгері жүреді. Осындай бір құйынның артынан келіп бір нешеуі ілесе өтеді. Шөп үстімен олар бірнеше сағат соғып өтіп борандата айналып, бір-біріне соғылып, тарап кетіп, қайтадан бірігіп те күш алуға ықтимал.  

Қорытынды
Африка жер шарындағы ең ыстық материк. Дүние жүзі бойынша температура максимумы осы материкке тән. Себебі географиялық орны яғни екі тропик шеңберінің аралығына орналасқан. Африка матерігінің ең үлкен шөлдері. Сахара ( 9100000 км 2 ) Калахари  (260000 км2) Намиб (35000 км2). Негізінен Африка қазба байлықтарға өте бай. Намиб жерінде уранның, Ливия жерінде табиғи газдың мол қоры бар. Африканың қазба байлықтарын АҚШ пен Еуропаның дамыған елдері ұзақ уақыт бойы өз қажеттілігіне аяусыз пайдаланады. Уақыт өтуіне байланысты қазба байлықтарды көптеп игеруде. Бірақ «айдың бір жағы жарық, екінші жағы қараңғы» демекші бұл эклологиялық тұрғыдан кері әсерін тигізеді, яғни су тапшылығына, топырақтың тозуына өсімдік жамылғысының құрып кетуі шөлге айналу процесін жеделдетуде.
Медициналық тұрғыдан қарағанда ең «таза» ауа температура мен құрғақ ауа жкғдайында жұқпалы ауруларды микроптар мүлде кездеспейді. Ал керісінше ылғалы мол аудандарда көптеген қауіпті ауруларды жұқтыратын жәндіктер кең тараған. Дегенмен өзендер сирек таралған құрғақ аудандарда жер асты суларының мол қоры жинақталған. Мысалы: Сахара,Калахарида жер асты тұщы суының мол қоры анықталған. 
Қазіргі   таңда антропогендік процестердің нәтижесінде саванналардың шеткі бөліктері шөлге айналуда. Соңғы елу жыл ішінде Сахара саваннаға қарай 650 км 2- ге ілгерленіп келеді. Шөлдену процесі қазіргі таңда ғаламдық проблемалардың біріне айналып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер
1.    Материктердің физикалық географиясы Москва 1976  Власова.Т.В 
2.    Опубликавано в журнале «Туризм и Отдых» №20 от 2 июне 2003 г
3.    Қазақ Ұлттық Энцеклопидия 4 том 375-376 бет
4.    Қазақ Ұлттық Энцеклопидия 7 том 596-597 бет
5.    География оқушы анықтамасы. А.М. Бейсенбаева, Н.Ә. Бейсенбаева. 
6.    Энцеклопедия. Я познаю мир. Страны и континенты. М: «Астрель» 2001
7.    Энцеклопедия Планета Земля М: « РОСМЭН» 2001 
8.    Аубакирова Ж.А. Абдрахманов С.А. Базарбаев К.Б. Русско-казахский толковый географический словарь. « Ғылым» 1965 
9.    Казахский- русский, русско-казахский словарь Алматы « Crebo» 2001 24 ст 
10.    w.w.w yonbex.ru. file: \\ A : E book. Краткая физико-географическое характеристика зоны пустынь 18.06.2007 г.
11.    w.w.w yonbex.ru. 26.05.2005 г. Науки о Земле: Коментировать. 
12.МАТЕРИКТЕР МЕН ЕЛДЕР материктер географиясы бойынша  кітабы. Смирнова Н. П., Шибанова А.А. «Мектеп» 1983ж.

Жүктеп алу
58 рет жүктелген
73.00 кб файл салмағы