АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫСЫ

Рефераттар
952
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ 
I АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫСЫ 
1.1  Акционерлік қоғам – акция шығарушы заңды тұлға ретінде  
1.2 Акционерлік қоғам қаржысы: мазмұны, қызметтерi, қағидалары 
II  АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТ 
2.1  Акционерлік қоғамның   қаржылық саясаты 
ҚОРЫТЫНДЫ 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
КIРIСПЕ
Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде  қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор. 
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi  объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды.  Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi  субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Өз кезегінде қаржы саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы маңызды рөл атқарады, себебі олар жалпы қаржылардың негізгі бөлігін құрайды және нарықтық эконоамиканың қызмет етуінің негізі болып табылады. Яғни, бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды., материалдық немесе материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізі бөлігі қатынасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. 
Бүгінде шаруашылқ субъектілерінің арасында акционерлік қоғамдардың орнын ерекше атап өтсек болады. Өйткені олардың экономикада басты  үлеті алып отыр және олар аталған қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануда негізгі ұйымдық кәсіпоырндар болып табылады. 
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды ұйым акционерлік қоғам деп танылады. Ал өз кезегінде акциялар қаржы нарығындағы бағалы қағаздардың негізгі түрі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда акциялар қаржы ресурстарының бір тармағы болып табылады. 
Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы рыноктық қатынастарды дамыту барысы көрсеткендей бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың құралы болып табылады, ал осы жалған капиталмен нақты өз қызметтерін жүзеге асыратын нарықтық экономикада акционеролік қоғамдар болып табылады. Олар өздерінің қызметтерін жүргізу акция шығару арқылы өздеріне қаражаттар тартады. 
 
I АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫСЫ 
1.1  Акционерлік қоғам – акция шығарушы заңды тұлға ретінде
Фирма рыноктық экономиканың негiзгi экономикалық агентi. Бiр немесе бiрнеше кәсiпорыннан тұратын, пайда табу мақсатында тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымдарды фирма деп атайды.
Меншiктiк формасына сәйкес фирмлардың немесе кәсiпкерлiктiң үш түрiн атап өтуге болады:
• Индивидуалдық немесе жеке кәсiпкерлiк;
• Серiктестiк немесе партнерлiк;
• Корпорация (акционерлiк қоғам).
Индивидуалдық кәсiпкерлiк деген бiр адам иелiк ететiн бизнес. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң иелiк етушiсi сонымен бiрге менеджер қызметiн атқарады. Оның мүлiгi мен жауапкерлiгiнде  шек болмайды. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң басты кемшiлiгi – капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншiк иесiсiнiң әрқайсысы барлық пайданы иемденедi, өзгерiстердiң қандайын болмасын өзi жүргiзе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейдi, корпорацияға белгiленген салық төлемейдi. Бизнестiң аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлiк iс-әрекеттерге тән болады. 
Серiктестiк ( партнерлiк) дегенiмiз екi және одан да көп адам иелiк ететiн бизнестiң түрi. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейдi және фирманың барлық қарыздарына шексiз жауапкершiлiк артады. Артықшылығы: ұйымдастырылу жеңiл, қосымша қаражаттар және жаңа идеялар iске тарту мүмкiндiгi болады. Кемшiлiктерi: шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды iске тарту мүмкiндiгi шектелген; фирма мүшелерiнiң барлығы бiрдей iс-әрекет мақсаттарын жетiле түсiнбеуi. 
Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы, ал корпорацияның өзi – акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. 
Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция – үлесті немесе меншікті куәләндыратын бағалы қағаз, акция акционерлік қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына қарай акционерлердің дивидендтер алуға, қоғамды басқаруғақатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүліктерінің  бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын құжат. 
Акционерлік қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады. Акцонер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, тек өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді. 
Экономикасы дамыған  елдерде акционерлік қоғамдар корпорациялар деп аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы, сондай-ақ үлгісіне қарай, «ашық акционерлік қоғам» немесе «жабық акционерлік қоғам» деген сөздер немесе тиісінше «ААҚ» және «ЖАҚ» аббревиатурасы болуға тиіс. 
Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын ала айқындалған адамдар тобының арасында орналастырылады. Жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден аспауға тиіс және ол өзі шығаратын акцияларды жабық әдіспен ғана орналастыруға құқылы. 
Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері салатын акцияларды сатып алуға артықшылықты құқы бар. Жабық қоғамның өз акцияларын сатқысы келетін акционері оларды қоғамның басқа акционерлеріне, ал олар бас тартқан жағдайда қоғамның өзіне сатып алуға ұсыныуға міндетті. Сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығы акциялар сатуға ұсынылған кезден бастап отыз күн бойы акционерлерде сақталады. 
Қоғам және оның акционерлері сатып алудан бас тартқан немесе белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда акционер акцияларды қоғамға және оның қатысушыларына ұсынған бағадан төмен емес құны бойынша үшінші тұлғаларға сатуға құқылы. 
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыруға хақылы қоғам ашық акционерлік қоғам деп аталады.  Ашық қоғамның акциялары үш түрлі әдіспен, яғни жабық, жеке және ашық орналастырылады. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді. 
Қазіргі уақытта «ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы» Заңында «бағалы қағаздар нарығында акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500-ден асатын ашық акционерлік қоғам ашық халықтық қоғам болып табылады» делінген. 
Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып есептелінеді. Қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін.  Қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған мәселелер бойынша бірлесіп жауап береді. Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда ол туралы шешімді сол тұлға жеке дара қабылдайды. 
Қоғамды құрушылар құрылтайшысы пайдасы түрінде табысты иемденеді. Құрылтайшы пайдасы – қоғамды құрушылардың акцияларды сатудан алған сомасы  мен қоғамды құруға жұмсаған капиталының сомасы арасындағы айырма түрінде алатын табысы. Басқаша айтқанда жалған капитал және нақты капиталдар айырмасы құрылтайшы пайдасы болып есептелінеді. 
Құрылтай шарты мен жарғы қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. қоғамның құрылтай жиналысында сайланған органдар қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі акционерлердің бірінші жалпы жиналысына дейін жұмыс істейді. 
Қоғамның құрылтай шартында қоғамды құру туралы шешім, қоғамның үлгісі (ашық, жабық), оның толық және қысқартылған атауы көрсетіледі. Сондай-ақ онда қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең төмен мөлшері: жабық қоғам үшін – айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген, ал ашық қоғам үшін – 5000 еселенген мөлшері туралы жазба болады. 
Қоғамның жарғысы  заңды тұлға ретіндегі қоғамның мәртебесін айқындайтын құжат. Қоғамды мемлекеттік тіркеу кезінде ол құрылтай құжаты ретінде қарастырылады. Қоғамның орналасқан жері, жарияланған акциялардың әр түрінің саны, санаттары, атаулы құны, оларды иеленушілердің құқықтары туралы мәліметтер көрсетіледі.  Жарғыда акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу тәртібі, сондай-ақ жалпы жиналысты өткізу туралы акционерлерге хабарлаудың жолдары көрсетіледі. 
Акционерлік қоғам заңды тұлға. Оның органдары:
• Акционерлердің жалпы жиналысы;
• Директорлар кеңесі;
• Алқалы орган немесе басқарма;
• Тексеру комиссиясы.
Қоғамның жоғары басқару органы – акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы. Ол қаржы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуі тиіс. Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып саналады. Жабық қоғамның жарғысында қоғамды, директорлар кеңесін құрамай ақ басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Бұл жағдайда қоғамды басқару қызметі акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне беріледі. 
Акционерлердің жалпы жиналысының айрықща құзыретіне жататын кейбір мәселелерді айсақ олар: 
• Қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
• Қоғамның үлгісін өзгерту мен оны ерікті түрде қайта құру және тарату;
• Қоғамның басқару органдарын сайлау.
• Қоғамның жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту;
• Оның жылдық қаржылық есебін және жыл қорытындысы бойынша дивидендтер мөлшерін бекіту;
• Қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі, ың облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары мен тәртібі сияқты көптеген басқа мәмілелер.
Акционерлердің саны жүзден асатын қоғамда оның жалпы жиналысының құқрамы 3 адамнан төмен болмауға тиіс есеп комиссиясы бекітіледі. Ол жалпы жиналыстың құрамын анықтайды, жиналыста дауыс беру тәртібін түсіндіреді және дауыстарды санап, дауыс беру қорытындыларын шығарады. Акционердің жеке өзі немесе өкілі арқылы жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге міндетті. 
Қоғамның басқару билігі қолында акциялардың бақылау бумасы бар ірі акционерлерде болады. Акциялардың бақылау бумасы деген қоғамда үстемдік беретін акциялардың саны . Ол меншік иесіне қоғам қабылдайтын шешімдерді айқандауына  құқық беретін белгілі бір акциялар бумасының қоғамның шығарылған жарғылық капиталының мөлшеріне проценттік арақатынасы. Іс жүзінде акцонерлердің жалпы жиналысында дауыс беретін акциялардың бес және одан да көп процентін иеленген акционерлер шешуші дауысқа ие. 
 
1.2  Акционерлік қоғам қаржысы: мазмұны, қызметтерi, қағидалары
 
Жалпы түрде акционерлік қоғам қаржысы деп өнiм өндiрiп немесе қызмет көрсетiп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады. 
Акционерлік қоғам қаржысы – бiрыңғай қаржы жүйесiнiң құрамды бөлiгi және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлiгiн құрайды, материалдық және материалдық емес игiлiктер жасалатын және елдiң қаржы ресурстарының негiзгi бөлiгi қалыптасатын қоғамдық өндiрiстiң басты буынана қызмет көрсетедi. Олардың қаржысының болуы жалпы мемлекеттiң қаржысы сияқты, тауар ақша қатынастарының өмiр сүруiмен және экономикалық заңдардың iс-әрекетiмен байланысты. 
Қаржы қатынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру ретінде қолданғанда қолданылады. Бұған акционерлік қоғамдар қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандығы мүмкіндік туғызады: олар ашық немесе жабық үлгіде, толық немесе жауапкершілігі шектеулі қоғам болуы мүмкін. Қаржыны ұйымдастыруға акциялар каегорияларының (кәсіпоырнның акциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), олардың түрлерінің (артықшылықты, атаулы, ұсынушыға арналған) әр алуандығына әсер етеді. 
Акционерлік қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырылған тәртіппен анықталады. Таза табыс қоғамның қарамағында қалады және акционерлердің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысының шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады. Ашық акционерлік қоғам жарғылық капиталдың 15 пайызынан кем емес мөлшерде резервтік капитал құруға міндетті. 
Акционерлік қоғамның мынадай жағдайда жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге құқығы жоқ:
1) қоғамның жағымсыз меншікті капитал кезінде;
2) егер қоғам төлеу қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі нышандарында жауап берсе.
Қоғам жарғыға сәйкес салықтарды төлегеннен кейін қызметшілер ішінде бөлу үшін табыстың белгілі бір пайызын, соның ішінде ақшалай сыйақы немесе акциялар түрінде бөле алады. Дивидендтер акциялар түрінде, облигациялармен, тауарлармен, егер бұл жарғыда қаралса, төлене береді. 
Меншіктің акционерлік нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде тиімді жұмыс істеуде және дүниежүзілік практикада көпшілікке танылған нысан болып табылады. Ол ұсақ меншік иелерінің көпшілігін – акция ұстаушыларды қазіргі кезеңде неғұрлым тиімді кәсіпоырндардың немесе салалардың қаражататрын қалыптастыруға қатысуға араластырады, қаржы ресурстарының қызметтің аса басымырақ сфераларына қайта құйылуына мүмкіндік жасайды. Акционерлік нысанның  құндылығына қаражаттардың жеке иелері үшін, тіпті жеке қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі кәсіпорындарды құру мүмкіндігі жатады. Акционерлік нысанның аса маңызды артықшылығы – сондай-ақ бір кәсіпорынның басқа кәсіпорынның қызметіне оның акцияларын сатып алу арқылы қатысу мүмкіндігі болып табылады. 
Акция – акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәләндыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің , кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Жалпы акция шығару келесі жағдайларға байланысты жүргізіледі:
• Жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капитаоын қалыптастырғанда ;
• Меншікті акцияларындағы , яғни жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
• Қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда.
Сөйтіп, шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны қоғамның жарғылық капиталын құрайды. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез келген уақытта өз ойынша пайдаланылады. 
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден бір түрі. Акция – компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып лау құқы. 
 
Бір жағынан бір акционерлерден басқа біреуге беру бөлінсе, екінші жағынан корпорацияны басқаруға қатысу құқығы бойынша  - жай және артықшылықты акция деп те атайды.  
Мұндағы атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде тіркелуге тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептелінеді. 
Ұсынушыға арналған акция – иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция.  Кітапты акциялардың жалпы саны ғана көрсетіледі.
Акционерлік қоғамның  немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндiрiс процесiнiң негiзгi жақтарын бiлдiредi және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септiгiн тигiзедi. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрi дамыту үшiн қажеттi ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшiн қолданылады. Мұндай тиiмдi даму ұлттық шаруашылқты асқару жүйесiнiң маңызды экономикалық құралы, экономикалық қайта құрудың қуатты құрамы болып табылатын корпорациялардың берiк әрi жақсы қалыптасқан  және ұтымды ұйымдастырылған қаржыларынсыз мүмкiн емес. 
Корпорациялық қаржы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Корпорацияның бөлгiштiк функциясының ерекшелiгi қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесiнде өндiрiлген өнiмнiң құны белгiленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелерi, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшiн пайыз) негiзiнде бөлiнетiндiгiнде болып отыр, мұның өзi қаржының ұдайы өндiрiс процесiнде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негiздеп бөлу қаржының ұдайы өндiрiстiк қосалқы функциясын да iске асырудың басты шарты болып табылады. Бөлу - өндiру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсiпорындардың өнiм өткiзуден түсiм-ақша алуы және оны өндiрiстiң жұмсалынған қаражаттарын өтеуге  және таза табысты жасауға ұмтылады. 
Акционерлік қоғамның  қаржысы сонымен бiрге бөлгiштiк функция шеңберiнде ұдайы өндiрiстiк функцияны орындайды. Оның мазмұны жай және ұдайы өндiрiс кезiнде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесiнде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестiктi қамтамасыз ету болып табылады. Бұл үшiн кәсiпорындар өнiм өндiру мен оны өткiзудiң жоспарары, болжамдары мен ниеттерi негiзiнде уақыттың белгiлi бiр мерзiмiне кiрiстер мен шығыстардың көлемiн жасайтын,и шығыстардың шамаланған меншiктi қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерiнiң  уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелерi есебiнен, ал айрықша жағдайда бюджеттен бөлiнетiн қаражаттар есебiнен жабылатынын анықтайды. 
Акционерлік қоғамның  қаржысының бақылау   функциясы кәсiпорын экономикасында маңызды рөл атқарад: есепсiз және бақылаусыз шаруашылық жүргiзуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бiрге экономиканы басқару, өндiрiстiң өсуiн ынталандыру және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажеттi бақылауды қамтамасыз ету процесiнде маңызды рөл атқарады. Қаржыармен бақылау тек қана корпорацияларда ғана емес, сонымен қатар осы қаржылардың жоғарғы қаржы-несие ұйымдарымен жүзеге асырылады. Корпорациялардың экономикалық қызметiнiң сферасындағы өндiрiстiк қатынастардың ерекшелiктерi таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен тоқайласуы, олардың өндiрiстiк капиталдардың ауыспалы айналымымен өте тығыз байланысты. 
Акционерлік қоғамның  қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметi процесiнде басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен болатын мынадай топтарға iрiлендiрiлген ақша қатанастарына саяды:
• Басқа да әр түрлi кәсiпорындамен және ұйымдармен  (олар: өнiм өткiзуден түсiм ақша алу, өткiзуден тыс табыстар, материалдық шығындарды өтеу, бағалы қағаздарды өткiзу, басқа кәсiпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау және т.б.);
• Өзiнiң еңбек ұжымымен  (бұл қатынастар еңбеккке ақы төлеудi, сыйлық қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қоры,  қызметкерлердiң қаражатарын тартуды) ортақтастырады;
• Өз iшiндегi бөлiмдермен олардың арасында қаржы ресурстарын тиiмдi бөлумен;
• Мемлекетпен – бюджетке салықтар төлеу, бджеттен қаржыландыру кезiнде , мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алған кезде валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырады;
• Банктермен  (қаржы қатынастарынының бұл тобы банк кредитттерiн алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгiлi бiр бос ақшаларды беру);
• Сақтаныру  органдарымен  мүлiктi, қызметкерлердi, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелдi сақтаныру жөнiнде;
Акционерлік қоғамның  қаржысына бiр жағынан жалпы қаржылардың экономикалқы табиғатымен сипататйтын белгiлер, басқа жағынан қоғамдық өндiрiстiң түрлi сферасындағы қаржылардың қызмет етеуiне байланысты ерекшелiктер тән. Осылайша корпорация қаржыларына келесi белгiлер тән:
• Қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
• Өндiрiстiк құралдардың мiндеттi болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы. 
• Жоғары белсендiлiк, кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң барлық жағына әсер ету мүмкiндiгi;
• Коропрациялардың қаржысы бүкiл қаржы жүйесiнiң айқындаушы негiзi болып табылады. 
Сөйтiп, корпорациялардың қаржысы деп өнiм өндiрiп немесе қызмет көрсетiп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады. 
  Корпорация қаржысын тиiмдi ұйымдастыру кәсiпкерлiк қызметтi қаржыландыруды және оны несиелеудi жүзеге асырады. Оның басты мақсаты корпорацияның рыноктық ортада жоғары пайдаға жетуiн және шығындарын минималдауды қамтамасыз ету болып табылады. 
Рынокта қаржы микродеңгейде мемлекеттiк реттеудiң бiр формадағы құралы болып табылады, ал қаржылық нақты шешiмдi қабылдауды меншiк иесi iске асырады. Осыны көбiнесе нақты қаржылық шешiмдер қадбылдап, ол қаржыларды өндiрiске қосатын корпорация, яғни корпорацияның қаржыгерлерi болып табылады. 
Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес акционерлерге өз табысынан дивиденд төлейді. Дивиденд деген тиесілі акциялар санына байланысты акционерге төленетін сыйақы. Дивидендтер ақшамен, немесе акционерлердің келісімімен сол қоғамның бағалы қағаздарымен төленеді.  Қоғам дивидендтер төлеуді тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, не жыл қоытындысы бойынша жариялайды. 
 
II  АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТ
2.1  Акционерлік қоғамның   қаржылық саясаты
Акционерлік қоғамның  қаржы саясаты қаржылары стратегиялық  және тактикалық мiндеттердi мақсатты түрде iске асыруға бағытталады. Мысалы, рыноктағы корпорация тауарының өтiмдiлiгiн көбейту немесе сұранысты өсiру активтер мен меншiк капиталдарының пайдалылығы мен рентабельдiлiгiн арттыру, баланстық төлем қабiлетiн және өнiмдiлiiгн сақтау, акционерлер жағдайын жақсарту және инвестициялық климатты жақсарту болып табылады. 
Экономикалық ортаның тұрақсыздығы инвестициялық қарқынды, төлем қабiлеттiлiгiнiң дағдарысы кезiндегi рыноктағы қызмет етiп отырғанг корпорациялар өмiр сүрулерiн және банкротқа ұшырамау үшiн тырысып бағады. Жалпы корпорацияның қаржылық саясатын келесi бағыттарға топтастыруға болады:
• Корпорацияның қаржылық ағымдарын және айналым капиталдарын тиiмдi басқару;
• Алдағы кезеңдегi қаржылық ресурстарды қолданудағы негiзгi бағыттарды анықтау;
• Тәжiрибелiк iс-әрекет көшу, яғни алдыға қойылған мақсатқа жету үшiн қаржылық зерттеу, қажеттi қаржыларды талдау, корпорацияның нақты инвестициялық жобаларына және қаржылық активтерiне баға беру. 
Осы үш негiзгi бағыт арқылы көрiнiс табатын қаржылық саясат және стратегиялық мiндеттер келесiлер болып табылады:
• Экономикалық өсудiң қайнар көзi ретiнде пайданы максималдап отыру;
• Капиталдың құнын және құрылымын оптимизациялау, корпорацияның iскерлiк активтiгiн және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
• Меншiк иелерiне (акционерлер, қатысушылар, инвесторлар және несиелеушiлерге) арнап корпорацияның қаржылық жағдайын анық және нақты түрде хабардар етiп отыру;
• Корпоративтi бағалы қағаздар эмиссиясы, қаржы лизингi, жобалық қаржыландырулар көмегiмен капитал өсуiнiң рыноктық механизмiн қолдану;
• Корпорация қызметiнiң алдыға қойған мақсаттарына, рыноктық экономикадағы және бәсекелiк ортадағы тұрақтылығына, корпорацияның одан әрi даму болашағына түсу жолдарын қарастыру мақсатында “қаржылық менеджмент” негiзiнде қаржыларды тиiмдi басқару механизмiн қолдану.
Жалпы қаржы менеджментi қаржыны басқарудың тиiстi элементтерiн – ақпаратты, жоспарлауды, ұйымдастыруды, реттеудi, бақылауды және бағалауды iске асырады. Қаржы менджментiн жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып табылады. Бұл орта бағалардың еркiн жүйесi, тауар мен қызметтердiң рыногымен қатар еңбек, капиталдыр, өндiрiс құрал-жабдықтары рыногiнiң жұмыс iстеуi, корпорациялардың қызметiн мемлекеттiк реттеудегi заңнамалық рететудегi кәсiпкерлiк қызметтi коммерциялық есеп негiзiнде жүргiзуге мүмкiндiк бередi. 
Қаржы менеджментi келесi кезеңдердiң дәйектi ауысымы ретiнде сипаттауға болады:
1. Ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың мiндетiн қою және мақсатын анықтау;
2. Ақша ағымдарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдiстерiн, тәсiлдерiн анықтау;
3. Қабылданған шешiм бойынша инвестициялау жөнiндегi шешiмдi бизнес-жоспар немесе басқа рәсiмдеу түрiндегi iс-әрекеттердiң бағдарламасын жасау;
4. Жобаның орындалуын ұйымдастыру;
5. Қаржыны басқаруда бақылау жасау және қажеттi түзетулер енгiзу;
6. Қайта инвестициялаудың мақсаттары үшiн жоба нәтижелерiн талдау және бағалау.
Қаржы менеджментiнiң маңызды аспектiсi кәсiпорынның қаржыылқ жай-күйiн талдау болып табылады. Бұл кәсiпорынның қаржы тұрақтылығын (рентабельдiлiктi, төлем қабiлетiн, несиелердi өтеу деңгейiн), оның рыноктағы жағдайын (бәсекеге қабiлеттiлiгiн) сипаттау үшiн қажеттi. Талдаудағы қажеттi ақпараттар бухгалтерлiк баланста, қаржы шаруашылығы нәтижелерi туралы есепте (пайда және зияндар туралы есепте), ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте болады. 
Сөйтiп, қаржы менеджментi кәсiпорынның қаржылық қамтамасыз етiлуiн тактикасы мен стратегиясы ретiнде қаржының тиiмдi iс-әрекет етуiнiң мақсаттары үшiн оның ағымдарын басқаруға мүмкiндiк бередi. Корпорацияның қаржы саясатында қаржы менеджментiнiң жалпы мақсатты нұсқамасы – экономикалық дамудың iшкi және сыртқы факторларын есепке алу негiзiнде корпорацияның рынокта тең қаржы саясатын жүзеге асыру болып табылады. 
Өз кезегiнде қаржы саясаты ұзақтығына және шешiлетiн мiндеттерiнiң сипатына байланысты қаржылық стратегия және қаржылық тактика болып екiге жiктеледi. 
Қаржылық стратегия стратегиялық басқарудың бес элементiнiң (өндiрiстiк, маркетингтiк, инновациялық, мамандық және қаржылық) бiрi және негiзгiсi болып табылады. 
Акционерлік қоғамның  қаржысын басқарудағы объектi болып капиталдар және ақша ағымдары жатады. Осы категориялар арқылы стратегияның басты мiндетi болып табылатын корпораияның ұзақ мерзiмдегi уақытта рынокта бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету, тұрақты дамып отыру және осының негiзiнде корпорацияның экономикалық мүмкiншiлiгiн тиiмдi жоғарлатуға негiзделедi. 
Акционерлік қоғамның  меншiктi капиталының жеткiлiктi көлемi (60%-дан жоғары) және ақша түсiмдерiнiң оң сальдосы (ақшаның шығысынан кiрiсi жоғары) болған жағдайда қосымша ақша ресурстарын тартуға және қаржы рыногындағы орнын тұрақтандыруға ынталы болады. 
Сонымен қатар корпорацияның қаржы стратегиясы ұзақ мерзiмде кең көлемде коммерциялық даму мiндеттерiн қарастырады, яғни стратегия корпорация дамуының альтернативтiк жолдарын талдайды. Осы мақсатқа жету үшiн корпорацияның қаржы бөлiмi жоспарлауды, болжауды, тәжiрибелердi қаарстырып, олардың тиiмдi нұсқасын iздейдi. 
Акционерлік қоғамның  қаржы стратегиясын iске асырудағы басты кезеңдерге келесiлер жатады:
• Қаржы-экономикалық жағдайды зерттеу және бағалау;
• Есеп және салық саясаттырын талдау;
• Несие саясатын жүргiзу;
• Негiзгi капиталды тиiмдi басқару және амортизациялық саясатты қолдану;
• Айналым активтерiн және несиелiк қарыздарды басқару;
• Ағымдағы шығындарды, табыстарды және пайданы басқару;
• Баға саясатын жүргiзу;
• Дивидендтiк және инвестициялық саясаттарды таңдау;
• Корпорация жетiстiгiн және оның рыноктық құнын бағалау.
Осылайша қаржы стратегиясының негiзгi бөлiмi перспективтi қаржыылқ жоспарлау, негiзгi параметрлердiң жетiстiктерiн талдау, яғни: сатудың өзiндiк құны мен көлемi, пайда және рентабельдiлiк,  қаржылық тұрақтылық және төлем қабiлеттiлiк. 
Корпорациялардың айналым қаражаттары – бұл өндірістік және өнімді өткізудің үздіксіз процесін қамтамасыз ету  мақсатымен өндірістік айналым капиталдары мен айналыс капиталдарын жасау және пайдалануға авансыланған ақша жиынтығы. Кәсіпорындардың айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері келесілер болып табылады: табыс немесе пайда,  кредиторлық берешектер, банктік және коммерциялық несиелер.
Корпорациялардың коммерциялық қызметі вексель жүзінде жасалады. Вексель – бұл айналым қаражаттарын молықтырудың нағыз қөзі, анағұрлым арзан несие болып табылады. 
Ал корпорациялық қаржы саясатындағы қаржылық тактика корпорацияның даму кезiндегi нақты және жекелеген мiндеттердi шешуге бағытталады. Қаржылық тактика қаржы стратегиясына қарағандағы ерекшелiгi оның рынок конъюктурасының жылдам өзгерiсiне байланысты тактика ол өзгерiстерге икемдi болады. Яғни, рынокта ресурстарға сұраныс пен ұсыныстың, тауар түрлерiнiң және қызметтердiң , мемлекеттiк саясаттардың, бәсекелестердiң әрекеттерiнiң өзгерiсiне қаржы тактикасы бейiмдi болады. 
Қаржы саясатында стратегия мен тактика ылғи да бiр-бiрiмен тығыз байланыста болады. Бұл дегенiмiз корпорациялардың алдыңа  қойған стратегиясы болашақтағы тиiмдi даму бағытын көрсетсе, ал қаржылық тактикалар сол мақсатқа жетудiң әр түрлi жолдарын қарастырады. 
Корпорация iшiлiк қаржылық жоспарлау өз кезегiнде келесiдей құжатттардан тұрады:
• Корпорация бюджетiнiң кiрiсi мен шығыстары;
• Қызмет түрi және қаржы есебiнiң орталығы бойынша ақша құралдарының қозғалысы;
• Баланстық есеп бойынша бюджет жағдайы;
• Капиталдық бюджеттiң мәлiметтерi.
Қаржылық анализ келесi тараулардан тұрады:
• Қызмет түрi бойынша ақша ағымдарының тиiмдi қозғалысын және бөлiнуiн бағалау;
• Қосымша қаржы ресурстарын тартудың каналдарын (банктiк несие, меншiктiк акцияны эмиссиялау, лизингтiк бизнес, тауарлы несие және т.б.) анықтау.
• Қабылданған қаржылық және инвестициялық шешiмдердi қаржы тұрақтылығы көрсеткiшi арқылы тиiмдiлiгiн бағалау. 
Осылайша корпорацияның қаржы саясатының басты екi мiндетi: қаржының тұрақты өтiмдiлiгiн сақтау және максималды пайда табу болып табылады.
 
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, еліміздің экономикасы нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты экономикада қызмет етуші субъектілердің басым көпшілігі шаруашылық серіктестіктері ретінде сипат алуда. Осы аталған шаруашылық қызмет етуші субъектілер өз қызметтерін жүзеге асырудың негізі қаржы болып табылады. Өйткені қаржының негізінде барлық кәсіпорындар өздерінің экономикалық қызметтерін жүзеге асырады. Олардың барлығы қаржылық қатынастарға, қаржыларды тарту, қарыз алу, несие беру, инвестиция тарту, қаржылық бақылау мен талдау жұмыстарын жүргізуге, бағалы қағаздар шығаруға, қаржы ресурстары мен қорларын қалыптастыру шараларын іске асырады. Қазақстан Республикасында рыноктық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жобасында жекешелендiру жүргiзуде шаруашылық жүргiзудiң жаңа нысандары пайда болады. Олар: серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар және жеке меншiк компаниялар шеңберi едәуiр кеңейедi. Ал осы нарықтың әрбiр субъектiлерiнiң арасында еркiн қаржы айналымын бағалы қағаздар рыногы жүзеге асырады және басқа экономикалық рыноктармен үнемi тығыз байланыста болады. Бүгінгі таңда шаруашылық қызмет етуші заңды тұлғалар ішінде негізгі орынды акционерлік қоғамдар  алады. 
Акционерлік қоғам қаржысы экономикалық қатынастар жиынтығынан, яғни нақты ақша айналысынан және оны қалыптастырудан, бөлуден, сонымен қатар оларды нақты өндiрiсте немесе қызмет көрсетуде пайдаланудан тұрады. Рынокта қаржы микродеңгейде мемлекеттiк реттеудiң бiр формадағы құралы болып табылады, ал қаржылық нақты шешiмдi қабылдауды меншiк иесi iске асырады. Осыны көбiнесе нақты қаржылық шешiмдер қадбылдап, ол қаржыларды өндiрiске қосатын корпорация, яғни корпорацияның қаржыгерлерi болып табылады.
Акционерлік қоғам қаржысы басқа барлық қаржылар сияқты экономика дамуында басты екi функцияны: бөлу және бақылауды корпорациялық деңгейде жүзеге асырады. Яғни, жалпы түрде корпорация қаржысының мақсаты: корпорация қаржысын тиiмдi ұйымдастыру,кәсiпкерлiк қызметтi қаржыландыруды және оны несиелеудi, корпорацияның рыноктық ортада жоғары пайдаға жетуiн және шығындарын минималдауды қамтамасыз ету болып табылады. 
Осылайша бүгiнгi таңда елiмiз акционерлік қоғамдардың барлығы өздерiнiң экономикалық жағдайының ендi ғана дағдарыстан шығып, қаржы қорларының бастапқы жинақталуына байланысты, ендiгi жерде сол корпорация қаржыларын тиiмдi қалыптастырып, оларды өндiрiсте ұтымды пайдалану арқылы ұлттық экономикамыздың тұрақты және бәсекеге қабiлеттi дамуын қамтамасыз ете аламыз. 
Сонымен акционерлік қоғамдар ретінде құрылған барлық заңды тұлғалардың тиімді қаржылық саясатты жүргізуі, олардың қаржы ресурстарының уақтылы қалыптасып отыруы, тиімді ұйымдастырылуы жалпы мемлекеттік қаржы саласының дамуының негізі болып табылады. 
 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Акционерлiк қоғам туралы» ҚР-ның заңы. 1998ж. 10-шiлде. 
2. Бағалы қағаздар нарығы туралы ҚР-ның заңы. 1997ж 10 шiлде.
3. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С.  Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
4. Мельников В.Д. Ли В.Д.  Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
5. Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, - 2000 г.
6. Любушкин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебное пособие для вузов. – Москва, 2000г.
7. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998. – 184 с.
8. Құлпыбаев С.   Қаржы. Оқу құралы. – Алматы, Мерей, 2000.- 154 бет.
9. «О текущей ситуации на финансовом рынке»  // Банки Казахстана, 
№ 9, 8- 2005 г. 2-3 стр.
Жүктеп алу
609 рет жүктелген
122.00 кб файл салмағы