Әлеуметтік маңызы бар аурулар
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
АСА ҚАУІПТІ ІНДЕТТЕР
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Туберкулез (құрт ауруы)
Вирусты гепатит
СПИД
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
2011 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар аурулар көрсеткіші төмендеді.
«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы халықтың өз дәрігерін, медициналық ұйым, жәрдемақымен берілетін дәрі-дәрмек түрі және дәріхана таңдау құқығын қамтамасыз етті. Сонымен қатар, халықаралық диагностика стандарттарын енгізу арқылы емдеудің сапасы, қолжетімділігі және қауіпсіздік деңгейі артты.
«Қазір «Саламатты Қазақстан-2015» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Денсаулық сақтау жүйесі сапалы түрде дамып келеді. Халық денсаулығы көрсеткішінің жақсы қарқынына қол жеткіздік. Бала туу деңгейі жақсарып, халықтың өмір сүру жасы ұзарды», - деді Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.
Ел Үкіметі 2011 жылдан бастап халық сұранысына сай тиімді және қолжетімді денсаулық сақтау жүйесін құруға бағытталған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алды. Межелі мақсаттарға қол жеткізу үшін саланы қаржыландыру мөлшері де жыл санап артып келеді. 2011 жылы бұл бағытқа 631 млрд. теңге қаржы бөлінсе, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 12,1 пайызға көп. 2012-2014 жылдарға арналған денсулық сақтау саласының үш жылдық бюджеті 1 трлн. 315 млрд. теңгені құрайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге алдыңғы қатарлы технологиялар енгізіліп, бұрын отандық медицинаның қауқары жетпеген бірегей операциялар жасалуда. Өткен жылдың ішінде 8 мыңнан астам адамның жүрегіне жедел операция жасалса, оның ішінде 6,5 мың адамның жүрегіне ашық ота жасалды. Инсульттың ауыр түрімен сырқаттанған науқастар үшін аймақтарда халықаралық талаптарға сай 8 инсульт орталығы ашылған. Соның нәтижесінде елімізде қан айналым жүйесінің ауруларынан көз жұматындар саны 2011 жылы 20 пайызға төмендеген.
1.Туберкулез
Ел арасында туберкулезды «өкпе құрты», «құрт ауруы» деп атайды.
Туберкулез – адам баласында ерте заманнан кесел болып келе жатқан аурулардың бірі. Атадан балаға мұраға қалдырған малдай тұқым қуалап, мыңдаған қыршын жастарды қызғалдағынан солдырып, талайларды өмір бойы мүгеде еткен аурулар арасында туберкулез алдынғы қатарда орын алады.
Атақты неміс ғылымы Роберт Кох 1882 жылы Берлин академиясында сөйлескен сөзінде: «егер біз аурудың халық үшін зиянын айтқанда оның өлшемі есебінде әрбір аурудан өлгенде алсақ, онда адамзат өміріндегі ең қатерлі оба, тырысқақ сияқты аурулар туберкулезден әлдеқайда көп кейін тұрар еді», - деп атап көрсетті. Біздің заманымызға дейін сақталған жазбалардан туберкулез ауруының ертедегі Египет, Вавилония, Греция, Персия, Қытай халықтары арасында кең тарағанын көреміз. Туберкулез ауруы жөніндегі алғашқы еңбек медицинаның атасы Гиппократ қаламынан шыққан. Ол өз еңбегінде ауруды қалай емдеу керектігі жайлы ақыл-кенес береді, тазалық сақтаудың, тағамды дұрыс іше білудің маңыздылығына көңіл аударады. Бұл ауру жайлы қызықты деректерді атақты Авиценна еңбектерінен де көреміз.
Туберкулез ауруы жайында медициналық ғылымның дами түсуіне үлкен әсер еткен жай – 1882 жылы Роберт Кохтың ауруды қоздырушы микробты ашуы болды. Бұл микроб микроскоп арқылы қарағанда таяқшаға ұқсас болғандықтан туберкулез таяқшасы, немесе оны ашқан ғалым құрметіне Кох таяқшасы, немесе микробтар дүниесіндегі орнына байланысты туберкулез микобактериясы деп аталады. Неміс ғалымның бұл еңбегінің дүние жүзілік маңызы зор болды. Себебі осы микробты пайдаланып, бұл аурудың жұғу жолдарын, адам ағзасына оның қалай кіретінін, қай мүше құрылыстарын тезірек зақымдайтынын, қандай дәрілердең ем болатынын және аурудан сақтану жолдарын іздеп, зерттеу жұмыстарын жүгізуге мүмкіндік туды.
Туберкулез ауруынан өлім де көп болды. Дарындары шарықтап тұрған шағында Белинский, Веневитинов, Кольцов, Суриков, Чехов, Плеханов, Ш. Уалиханов сияқты ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері осы туберкулез ауруынан құрбаны болды.
Туберкулез қоздырғышы: туберкулез аурудың қоздыратын микробтың бірнеше түрлері бар. Ауруды қай ортада қоздыруына байланысты, олар: 1) адам, 2) сиыр және ірі қара мал, 3) құс, 4) тышқан, 5) балық және бақа сияқты суық қандылар туберкулезінің микробы болып бөлінеді. Солармен қатар туберкулез микробының өте майда, басқа микроб өте алмайтын, сүзгілерден өтіп кететін түрі де бар. Бұл микробтар түрлері микроскоп арқылы қарағанда бірдей болмағандықтан, аурудың туберкулез микробының қай түрімен шалдыққанын лабораторияда арнаулы тексеру арқылы біледі.
Әдетте халық арасында сырқат көбінесе 85-87 проценті туберкулез микробының адамда болатын түрімен қоздырылады. Одан кейінгі орында сиыр және құс туберкулезі микробтары тұрады. Ал микробтың қалған екі түрі адам үшін зиянды емес, олар адамда туберкулез ауруын қоздыра алмайды.Туберкулез микробы ыстыққа да төзімді. Егер сүтті 50 градусқа дейін ысытса микроб 12 сағаттан кейін, 65 градусқа дейін ысытса 30 минуттан кейін өледі. Микробты құрту үшін заттарды қайнату қажет, ал басқа заттарды дезинфекциялау немесе залалсыздандыру керек. Туберкулез миробы дезинфекция үшін қолданылатын 15 процент қарбол қышқылының ертіндісінде 24 сағаттан, 10 процент лизол ертіндісінде – 12 сағаттан, 5 процент хлорамин ертіндісінде – 2 сағаттан кейін өледі.
Міне сондықтанауруға көмек көрсеткенде, ауру бөлмесін тазалағанда елеусіз қалған бұрыштардағы немесе жүк астындағы шаңдарда, ауру пайдаланған үй-мүліктерінде туберкулез микробының ұзақ сақтала алатындығын естен шығармау керек. Дезинфекциялық шаралардың орындалуын қадағалау қажет.Туберкулездің жұғу жолдары: туберкулез ауруының халық арасында тарауы үшін барлық жұқпалы аурулардағы сияқты үш буынның болуы шарт. Олар: 1) жұқпалы ауру себепсіші немесе инфекция көзі, 2) жұқпалы микробын тарататын әртүрлі факторлар, 3) осы микробты қабылдағыш, сезімтал ағза. Егер осы буынның бірі болмай қалса, жұқпалы ауру таралмайды.Туберкулезді тарататын басқы себепкер – ауру адам. Бұлардың ішінде аса қауіптісі туберкулездың ашық түрімен, яғни сыртқа ортаға өз микробын шығаратын сырқаттар. Ал аурудың жабық түрімен (микроб шығармайтындар) ауратындар өз айналасына зиянсыз деп есептеледі.
Жабық түрімен ауырғандарға әрдайым дәрігер белгілеген уақытта өзінің туберкулез микробын шығаратын – шығармайтынын тексертіп отыруға қажет, аурған адам режим сақтамаса ауру ашық түріне айналады. Туберкулез микробы ауру адам ағзасынан қақырықпен, сілекеймен, термен, іріңмен, дәреттерімен бірге шығады.Балалар дүниеге келе салып осы дерттке қарсы егіледі, кейін 5 жыл сайын қайталайды. Егілген балалар 2-2,5 есе аз ауырады. 12 жастан бастап әр адам жыл сайын флюорография түсу арқылы аурудың бастапқы кезенің анықтауға болады.
Ашық түрдегі туберкулезбен ауырған адам тәулік бойында қоршаған ортаға бірнеше миллионға дейін микобактериясын бөлуі мүмкін. Сондықтан ашық түрімен ауыратын адамдар ауруханаға жатқызылады және олар оқшауланады.
Туберкулез ошағында залалсыздандыру өткізіледі. Еденді, қабырғалар мен жиhазды 0,5 пайыз хлораминмен немесе 0,25 пайыз хлорлы әк ерітіндісімен тазарту жүргізіледі. Аурудың жеке заттары арнайы тазартылады. Төсек жамылғылары қайнатылады. Төсек орын, матрас камералық дезинфекциядан өткізіледі. Аурудың қақырығын 2,5 пайыз хлорамин ерітіндісімен алдын ала залалсыздандырусыз канализацияға төгуге тыйым салынады. Ыдыс-аяқ 15 минут бойы 2 пайыз сода ерітіндісімен қайнатады. Міне тек осындай шаралар жасап ауруды азайтуға болады [1].
2. Вирустық гепатиттер
Вирустық гепатиттер – гепатиттің вирустары қоздыратын адамға қауіпті жұқпалы аурулар тобы, бірінші кезекте адманың бауырын залалдайды. Гепатитің ең көп тараған белгісі терінің және көздің ағының сарғаюы болғандықтан, оны көбінше сары ауру деп атайды. Сары аурудың эпидемияларын біздің дәуірден бұрын Ү ғасырда Гиппократ сипаттаған, ал гепатиттің қозғаушысы тек өткен ғасырдың ортасында ғана ашылды. «Гепатит» деген ұғым қазіргі медицинада тек қана дербес ауруларды ғана белгілемейді. Гепатит, немесе бауырдың қабынуы сары ауру қызбасының, қызамықтың, ұшықтың, ЖҚТБ және кейбір басқа аурулардың белгісі. Сонымен қатар, уланудан болған гепатит бар, оның мысалы, ішімдіктің салдарынан бауырдың зақымдануы.
Вирустық гепатиттер бір-бірінен этиологиясы мен аурудың дамуына байланысты өзгеше болады, алайда оларды кейбір белгілері бір-біріне ұқсас.
Вирустық гепатиттің көптеген белгілері бойынша классификация жасау мүмкін:
- Этиологиясы бойынша гепатит A, B, C, D, E, G болып бөлінеді.
- Аурудың дамуының ұзақтығына байланысты жедел, жай өрбітін және созылмалы түрі болып бөлінеді.
- Дене қызуының көтерілуі (37,5 С)
- Гепатиттің ауырлығына байланысты ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл түрі болады.
- Зақымданудың орнығуы бойынша, гепатиттер ошақты, мезенхималдық, паренхиматоздық гепатит болып бөлінеді.
А гепатиті
А гепатиті немесе Боткин ауыруы – ол вирустық гепатиттің ең кең тараған түрі.
Аурудың жасырын кезеңі (заладанғаннан бастап, гепатиттің бірінші белгілері байқалғанға дейін) 7 күннен бастап 50 күнге дейін созылады.
Ауру әдетте жоғары температурамен басталады, және кейбір беогілермен гриппке ұқсайды. 2-4 күн өткеннен кейін аурудың зәрі қоңырланады, сыраның немесе қою шәйдің түріндей юолады, оның пайда болады, оның пайда болуымен аурудаң жағдайы жақсарады. Аурудың ұзақтығы бір жұмадан 1,5-2 айға дейін, ал аурудан кейін қалыпқа келі уақыты жарты жылға дейін созылуы мүмкін. А гепатитінің диагнозы аурудың белгілері, науқастан мәліметтер жинау (гепатит А мен ауырған адамдармен қатынады болғандығы) және басқа да анықтаулар арқылы қойылады.
Вирустық гепатиттердің ішінде А гепатиті юолжам бойынша жәйлі болып саналады, аурудың салдары ауыр болмайды, көбінше ауру өздігінен емдеусіз-ақ аяқталады. Қажет болса А гепатінің емі ауруханада ойдағыдай жүргізіледі. А гепатитімен ауырған кезде төсекте жату керектігі ұсынылады, арнаулы емдәм және гепатопротекторлар – бауырды қорғайтын дәрілер тағайындалады.
А гепатитінің өзіндік таралу жолдары – тұрмыстағы адамдар арасындағы қарым-қатынас және вирустармен заладанған тамақ пен суды қолдану арқылы таралады. Сонымен бірге кір қол арқала берілетіндіктен, А гепатитімен көбінше балалар ауырады. А гепатитінің алдын алудағы негізгі шара гигиеналық норманы сақтау. Сонымен қатар, балаларға вакцинация жасауды ұсынамыз.
Гепатит В
В гепатиті немесе қан арқылы берілетін гепатит өте қауіпті ауру, бауырды қатты залалдауымен сипатталады.
В гепатиті қан, жыныстық қатынас арқылы және анадан іштегі балаға жұғады. Әдеттегі жағдайда В гепатиті Боткин ауруы сияқты дене қызуының көтерілуінен, әлсіздіктен, буындардың ауруынан, жүректің айнуы және құсудан басталады. Мынадай белгілердің болуы мүмкін: зәр түсінің қоңыралуы және үлкен дәреттің ағаруы. Денеге бөртпе шығуы мүмкін, бауыр мен көкбауыр ұлғаяды.
В гепатитінде сарғаю өте сирек кездеседі. Бауырдың зақымдануы өте ауыр болуы мүмкін және қиын жағдайларда цирроз бен қатерлі ісік ауруыына шалдырады.
В гепатитін емдеу кешенді көзқарасты талап етеді және оның стадиясына, ауырлығына байланысты ем қолданады. Емдеу кезінде иммундық препараттар, гормондар, гепатопротекторлар (бауырды қорғайтын дәрі-дәрмек), антибиотиктер колданылады.В гепатитінің алдын алу үшш нәрестелерге бipre толғанша вакцинация жасату керек[1].
3.СПИД (ЖИТС)
ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары
ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады.
Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуалъдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы жиілей түсті. Осыдан 3—4 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 70—75%-ы еркектер болса, бүгінде есірткі қолдану-ылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын болғандықтан, 6ұл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан). Мұндай жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін күшейтіп отыр.
Инфекция көзі. Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.
Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:
— жыныстық қатынас;
— вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);
— анасынан нәрестеге жүғу арқылы.
Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомо-сексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-пен науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жұққан. Жұқтыру каупі активті және пассивті гомосексуалистерде бірдей дәрежеде болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел алған елдерден келген азаматтармен жыныстық катынаста болу әсіресе қауіпті. Жыныстық инфекциясы бар немесе бұрын ауырғандармен кездесу, етеккір кезінде жыныстық катынаста болу, садистік әдеті бар партнермен жақындасу ЖИТС жұқтыру каупін күшейте түседі.
ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өндеуден өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады.
Вирус адамға қан немесе қан құрамынан тұратын препараттар құйғанда да жұғуы мүмкін. Кейбір аурумен науқастанғанда, операция жасағанда, әйел босанғанда донор қанын құюға тура келеді. Егер донор ЖИТС-ке тексерілмеген болса, вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. ЖИТС жұғу мүмкіндігі бар қатерлі топқа гемофилиямен ауырғандар да жатады. Өйткені қан ұюы өте нашар болғандықтан, қан кетуін тоқтату үшін оларға жиі-жиі қан құйып отырады. АҚШ-та, Еуропада гемофилиямен ауырғандардың 40—63%-на АИВ қан құю арқылы жұққаны анықталған. Бірақ 1985 жылдан бері жоғары дамыған елдерде, 1987 жылдан бастап ТМД елдерінде донор қанына қатаң бақылау жүргізіле бастады. Мұндай тәртіп ЖИТС, В гепатит және басқа жұқпалы аурулардынң таралуына жол бермейді. Соған қарамастан Қазақстанда АИВ-тың 20%-ы емдеу-профилактикалық мекемелерде жұқтырылғаны тіркелген (ДДҰ мәліметі бойынша мұндай көрсеткіш 0,5%-ға тең). Экономикасы нашар дамыған елдерде ЖИТС-тің қан арқылы жұғу қаупі әлі де сақталып отыр.
ЖИТС вирусының үшінші жұғу жолы — анасынан нәрестеге жұғуы. Ауырған немесе АИВ жүққан әйел-дерден туған балалардың 4/5-не вирус осындай жолмен жұққаны белгілі болды. Егер де анасы нашақор немесе жезөкше болса нәрестеге вирус жұғу қаупі бірнеше есе артады. Вирус нәрестеге қалыпты босану кезінде, баланы операция жасап алғанда және жүктілік кезінде жұғуы мүмкін. ЖИТС-тің нәрестеге науқас анасының емшек сүті арқылы жұғу оқиғалары да белгілі.
ЖИТС-ке байланысты мәселелер баспасөз беттерінде тұрақты түрде көтеріліп отырғанына қарамастан, 6ұл проблемаға зор көңіл бөлу қажет. АИВ инфекциясымен күресуде ДДҰ «Әдепсіздік нәтижесіңде өзінді өлімге апарма!» деген ұранға сүйенеді.Егерде сілекейден, көз жасы сұйығынан вирус табылса, оның жұғу мүмкіндігі қандай деген сауалға келсек, мұндай жолмен жұғу бүгінгі күнге дейін еш жерде кездескен емес.
Вирус қанмен жұғатын болғандықтан емделу қауіпті емес пе? Бұл сұраққа да теріс жауап беруге болады. Өйткені осы уақытқа дейін мұндай жолмен ЖИТС жұғу оқиғасы болған емес.АИВ-тің шаңмен, ауалы-тамшылы, фекальды-оральды (ауыз қуысы арқылы) жолмен жұқпайтыны толық анықталған. Яғни адамдар сүйіскенде, сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде, қол алысқанда, ортақ дәретхананы, ваннаны, душты, бассейнді пайда-анғанда, сондай-ақ тағамдар мен ыдыстар арқылы ЖИТС вирусы жұкпайды. Сырт киімдерді алмастырып кигенде, тіпті бір төсекте жатып ұйықтаған кезде де ЖИТС вирусының жұғу қаупі жоқ.Қан сорғыш және басқа жәндіктер (маса, бит, кене, бүрге, шыбын, тарақан, қандала т. б.) арқылы жұғу жолдары да анықталмаған.
Мысық, қой, жылқы, маймылдарда қоздырғышы АИВ-ке ұқсас иммундық тапшылық болатынына карамастан, үй және жабайы жануарлардан ЖИТС жұғу жайлары кездеспеген. ЖИТС жұғудан қалай сақтанады?
Әртүрлі инфекциялардан сақтанудың ең тиімді тәсілі — вакцина егу. Алайда вакцина дайындау бағытында тыңғылықты зерттеулер жүргізіліп жатса да, ондай профилактикалық препарат алу әзірше қолдан келмей отыр.
ЖИТС-пен науқастанудан сақтанудың маңызды шаралары мыналар:
— әлеуметтік, халықаралық, мемлекеттік шаралар;
— жеке басты қорғауға бағытталған шаралар.
Профилактиканын. басты міндеті — ЖИТС тасымалдаушыларды анықтап, жұғу арнасын сенімді түрде жауып тастау. Осы мақсатта көптеген елдерде мынадай шаралар жүргізіліп жатыр: халықтың (тұрғындардың) кейбір топтарын сөзсіз және жоспарлы түрде лабораториялық тексеруден өткізу; донорлык, қанды, сперманы, органдарды тексеру; гемофилиямен ауыратындарды, нашақорларды, гомосексуалистерді, жезөкшелерді тексеру; ауырғандарды арнайы ауруханаға жатқызу және емдеу; сенім телефондарын ұйымдастыру; ЖИТС-пен ауырғандарға консультация және көмек беретін комиссия жұмысын ұйымдастыру; диагностикалық орталықтар, кабинеттер ашу т. б.
Тұрғындар арасында ЖИТС жөнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізудің ерекше маңызы бар. Әркім аурудың қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс.
Англияда осы бағытта жүргізілетін жұмыстарға мемлекет жылына 20 млн фунт стерлинг қаржы жұмсайды.Жалпы халықты, әсіресе балалар мен жастарды өнегелілікке, дұрыс жыныстық қатынас жасауға тәрбиелеу мәселесін жолға қоймайынша, ЖИТС-пен күресу мүмкін емес.
Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды.
Қазақстанда осы қауіпті ауруға қарсы күрес жүргізу мақсатымен мамандандырылған жаңа қызмет жүйесі құрылды. Оның құрамына республикалық, облыстық, қалалық ЖИТС-ке қарсы күресу және аурудың алдын алу орталықтары, диагностикалық лабораториялар мен анонимдік кабинеттер кіреді. Осындай қызмет жүйесінің күнделікті жұмысын Республикалық ЖИТС-тен сақтандыру комитеті басқарады. Бұл комитеттің ең басты мақсаты — ЖИТС вирусын жұқтырған адамды табу, оны тексеру және емдеуді жоспарлы түрде ұйымдастыру. Жоғарыда аталған ЖИТС орталықтары ұйымдастырушы, тәсілдеуші және емдеуші мекемелер ретінде жұмыс атқарады. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жөнінде жұмыс жүргізетін 20 орталық және 80 лаборатория бар. Олардың жұмыс бағыттары мынадай:
1. Вирус жұғу мүмкіндігі бар «қатерлі топтарға» (группы риска) жататын адамдарды тексеріп, вирус жүққан адамдарды дер кезінде тауып отыру;
2. Ауру ошағын анықтап, дәрігерлік бақылауға алып, вирустың әрмен қарай тарауына, яғни басқа адамдарға жұғуына мүмкіндік бермеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасында 5 жылдың ішінде (1987—1991) 4 млн 870 мың адам арнайы тексеруден өтті. Екіқабат әйелдерді тексеру және өз атын жарияламай тексерілу жұмыстары кең түрде жүргізілуде. Әрбір облыс орталығыңда осындай тексеру жүргізетін арнайы кабинет жабдықталған және одан 6ұл індет туралы жан-жақты ақыл-кеңес алуға болады. «ЖИТС (СПИД) ауруының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңында (1994) ЖИТС ауруымен күресу күрделі, кешенді мәселе деп танылған. Оны шешуге Денсаулық министрлігімен қатар басқа да министрліктер (Қаржы, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Ішкі, Сыртқы істер т. б.) қатысады, олардың жұмысын ҚР Министрлер Кабинеті жанынан құрылған Үйлестіру кеңесі басқарады. Қазақстан Республикасында тұратын не ұзақ мерзімге жұмыс атқаруға келген әрбір шет ел азаматы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығын сақтау туралы» заңына сәйкес ЖИТС вирусының жүққан-жұқпағандығын анықтау үшін медициналық куәлендіруден (тексерістен) өтуі тиіс. ЖИТС-пен ауырған не вирусын тасымалдаушы шет ел азаматтарыРеспублика аумағынан шығарылып жіберіледі, ал еліміздің азаматтары емделуге, кешендік тексерістерден өтуге міндетті. Оларды қызметтен, жұмыстан, бизнестен, заңға қайшы келмейтін іс-әрекеттің қай түрінен болмасын шеттетуге болмайды. Тек медицина, фармацевтика, тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлері (мысалы, шаштаразшы т. б.) жұмысын ауыстыруы қажет. Олар үшін ЖИТС-пен ауыру, вирус тасымалдаушы болу — кәсіби ауру болып табылады, сондықтан біраз жеңілдіктер жасау жайы қарастырылған. Мәселен, бір мерзімдік ақша төлеу тәрізді. Оның үстіне ЖИТС-пен сырқаттанушылармен, вирус тасымалдаушылармен тікелей жұмыс істейтін медицина және ғылыми қызметкерлер жұмыстының зияндылығы үшін қосымша, ақылы 24 күндік демалыс және негізгі жалақысының 60%-на дейін үстем ақы алуға құқылы[2].
Қорытынды
«2015 жылға дейінгі денсаулық сақтаудың мемлекеттік бағдарламасы басқаруды жақсарту, бюджет қаражатын тиімді пайдалануды арттыру, дәрі-дәрмектің қолжетімді болуы мен оның сапасын жақсарту, сондай-ақ алдын алу шараларын күшейту есебінен Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған», - деді Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының отырысында.
Денсаулық сақтауды дамыту үшін қолға алынған жүйелі шаралардың арқасында ана мен сәби өлімін бойынша жағдай тұрақтанды және әлеуметтік маңызы бар аурулардың төмендеу үрдісі байқалуда.
Қазақстан бойынша барлығы 5,1 млн. адам қаралып, 1,1 млн. халықтан әртүрлі сырқаттар табылса, 415 мыңнан астам адам дер кезінде емдеуден өткен. Ауыл-аймақтардағы халыққа медициналық көмектің қол жетімді болуы үшін қолға алынған іс-шаралар өткен жылғы жұмыстардың айтарлықтай нәтижесі болды. Бұл мақсатқа көліктік медицинаны дамыту арқылы қол жеткізілді. Бүгінгі таңда 3 емдеу-диагностикалық пойыз (суретті қараңыз) іске қосылған, пойыздар 110 стансаның халқына 260 мың емдеу-диагностикалық қызмет көрсетіліп, 48 мыңнан астам адам, соның ішінде 11 мың бала медициналық қаралудан өткен. Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінің аясында, 2011 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша жоспарға сәйкес стационарларда ем қабылдаған 664 мың адам стационар таңдау құқығын пайдаланды, оның ішінде ауыл азаматтарының үлесі 45,5 пайызды құраған. «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасы қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға, елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз етуге, медициналық қызмет деңгейін арттыруға және диагноз қоюды жетілдіруге, сауықтыру мен негізгі әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге бағытталған[3].
Қолданылған әдебиеттер
1. Котова А. Л., Құдайбергенұлы Қ., Дерябина Л. В. СПИД – ғасыр індеті/ Алматы: Ғалым, 2000
2. Өмешұлы Ә. Салауатты өмір – ден саулық кепілі. Алматы: Білім – 1999
3. Оразақов Е. Денсаулық туралы кеңес. Алматы - 1981