АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Рефераттар
1103
Тарихи-сипаттамалық шолу
Алматы облысы республиканың оңтүстік –шығыс бөлігінде орналасқан. Жер аумағы 224,0 мың км кв., яғни Қазақстан Республикасы территориясының 9%-тен аса бөлігін алып жатыр. Тұрғын халқы 1562 мың адам, олардың орналасу тығыздығы 1 км кв-ге 7 адамнан. Еліміздің 1/10 юөлігін иеленген облыс жерінің мөлшері бірқатар шетел мемлекеттерінің, мәселен, Болгарияның (110,9 мың км кв), Албанияның (28,7 мың км кв), Грецияның (131,9), Бельгияның (30,5), Испанияның (102,2), т.б. аумағынан әлденеше есе асып түседі. 73 51 және 83 30 шығыс бойлық пен 42 15 және 47 20 солтүстік ендікте жатқан облыс батысында –Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы –Қарағанды, солт.-шығысында –Шығыс Қазақстан, шығысында –ҚХР-мен, оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай -700 км-ге, оңтүстіктен солтүстікке қарай 500 км-ге созылып жатыр. Орталығы -Талдықорған қаласы (14.4.2001) Астанадан1480 км қашықтықта. Облыс құрамына 16 әкімшілік-аумақтық бөлініс –Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқант, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандары кіреді. Облыстық бағыныстағы үш қала –Қапшағай, Талдықорған, Текелі және аудандық бағынытағы жеті қала –Есік, Жаркент, Қаскелең, Сарқант, Талғар, Үшарал, Үштөбе, сондай-ақ 13 кент бар. Жалпы саны 836 елді мекен 274 ауылдық, кенттік және қалалық округтер құрамына кіреді.
 
Жер бедері
Облыстың жер бедері өте күрделі келеді. Оның Балқаш к-неұласаын солт. бөлігі –көлбеу жазық. Бұл өңір негізінен антропогенніңаллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Басым бөлігін Сарыесік-атырау, Тауқұм, Қорғанқұм шақылы алп жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғарына ұласатын атырабы көне құрғақ арналармен тарамдалған. Облыстың оңт. Және оңт.-шығыс бөлігі таулы келеді.Солт-шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық т-ның аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Аатауының сілемдері көмкерген. Олар тауарлық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік шоқысы –Бесбақан орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астаммұздық бар, олардың жалпы аумағы 1,3 мың км кв жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері өз маңындағы жазық өңіргесұғына еніп жатыр.
Шығыстың ірі тау массифтерінің бірі –Жетісу Алатауы.Оның ұз. 450 км, ені 100-200 км. Шығыс бөлігі Қытайға енеді. Көксу, Боротола ө-нің аңғарлары тау жүйесін екі жотаға бөледі. Солт. Жетісу жотасы доғаша иіліп, сыртын оңтүстікке береді. Оның шығыс бөлігі биік әрі мұздықты келеді. Оңтүстік шығыста Тянь-Шань жүйесіне жататын ірі тау жоталары (Қазақстанның ең биік тау жотасы –Хан Тәңірі шыңы (6995) осында) жатыр. Бұл массив жоталары өте күрделі тілімденген әрі өтуге қиын. Хан Тәңірі шыңы бүкіл Тянь-Шаньдағы мұзданудың негізгі торабы, ірі мұздықтар да осында шоғырланған.
 
Кен байлықтары
Облыс аумағында жанғыш және полиметаллкендерінің қоры мол. Жетісу Алатауында Тентек (Көксу), Текелі, Суықтөбе, Орталық Суықтөбе жотасының оңт. Баурайында көп кездеседі. Тұйық полиметалл кендері Кетпен жотасында игерілуде. Іленің атырауында –марганец, Бұғыты т-ның вольфрам кендері барланған.Мыс кені Сарыөзек кентінен солтүстікке қарай Быжы ө. Жағалауында кездеседі. Радиактивті рудалар ойқарағай шатқалында орналасқан. Сирек металл қоры облыстың орталық аумағында шоғырланған. Соңғы кещде облыстың солтүстігінде  Семізбұғы т. Етегінде де алтынның қоры барланды.
Жанғыш кен орындарына облыс аумағындағы таскөмір және қоңыр көмір қордасы жатыр. Олар -*Көлжат а. Маңындағы Ойқарағай қоңыр көмірі және Жетісу қақпасы маңындағы тас көмір кен орындары. Сонымен бірге іле атырауының солтүстігінде де қоңыр көмір кендері барланған. Тышқанбай т-ның  оңт. Етегінде мұнай қоры бар екендігі дәленденді. Оны Жапония ғалымдары барлады (2000).
 
Климаты
Облыс аумағының климаты тым континентті. Себебі ол үлкен материктің кіндігінде орналасқан әрі оңтүстік жағы таулармен қоршалған. Климаттың континенттігі жыл бойында, сондай-ақ, тәулік ішінде температураның күрт ауытқуынан, бұлттылықтың және жауын-шашынның аздығынан байқалады. Жыл маусымының климатында үлкен айырмашылық бар. Қысқа, ылғалды әрі жылы көктем шапшаң түрдеыстық жазға ауысады. Күзде температура кенет өзгеріп, үсік жүреді, жаңбыр аралас қар жауады.Қыс едәуір салқын әрі құбылмалы болады.
Жаз айларында облыс жеріне Іле аңғарымен және Жетісу қақпасы арқылы келетін оңт.-батыс және оңт.-шығыс жылы ауа массаларының әсері зор. Осы жылы ауа массалары тауалды жазықтарын және тау бөктерлерін күшті қыздырады. Жаз мезгіліне ашық және ала бұлтты ауа райы тән. Температура тез жоғарылап, булану күшейеді. Үш айда жылдық жауын-шашынның  15-20%-і  түседі. Жаздың ерекшелігі тауалды жазықтары мен бөктерлерінің өзгешелігінен айқын көрінеді. Биіктеген сайын температура төмендеп , ылғал молаяды, жауын-шашынның түсімі артады. Тауалды жазықтарға қарағанда тау беткейлері мен бөктерлерінде жазғы ыстық онша сезілмейді.
Температура мен жауын-шашын режимдеріне сүйеніп, облыстың аумағын үш: жазық, тауалды, және таулы климаттық белдеуді бөлуге болады.
Жүктеп алу
644 рет жүктелген
33.50 кб файл салмағы