Америка Құрама Штаттары
1032
Территориясының көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзінің елдері ішінде төртінші орын алады.Оның құрамына үш бөлік кіреді:1)негізігі территория,ол шығыстан батысқа қарай 4,7 мың,солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 мың км-ге үлкен төртбұрыш секілді,2)Аляска,3)Тынық мұхиттағы Гавай аралдары.
АҚШ-тың экономикалық географиялық жағдайы өте қолайлы,ол барлық кезеңдер де елдің дамуына себепші болды. Бұл ең алдымен теңіз шекарасының көптігіне,әсем табиғи айлақтардың болуына және әсіресе негізгі территориясының екі мұхиттың арлығына орналасуына байланысты. Канадамен және Мексикамен құрлықтағы шекарасы шартты сызықтар арқылы, өзндер мен көлдер арқылы өтіп,сауда экономикалық байланыстардың дамуына жағдай туғызды.
Мемлекеттік құрылысы бойынша АҚШ – 50 штаттан тұратын федерациялы республика. Әрбір штаттың өз конститутциясы,өзінің заң шығаратын атқарушы билік органдары,сайланбалы губернаторы, сондай-ақ рәміздері бар. Сонымен қатар,елдің астанасы-Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия Федералдық округі өз алдына жеке аймақ.
АҚШ халқының саны жөнінен де дүние жүзінде үшінші орын алды. Тұрғындарының саны жөнінен ол ГФР,Франция,Ұлыбритания және Италияны қосып алғандағыдан кем түспейді.Демографтардың болжамдарына қарағанда ел тұрғындарының саны 2000 ж. қарай 265-270 млн.адамға жетпек;бұл бір ғана ХХ ғасырдың ішінде оның халқы 3,5 есе өседі деген сөз.
Алайда АҚШ жас ұлт ретінде халықтың табиғи өсуі жөнінен дүние жүзінде алғашқы орындардың бірін уақыт келмеске кетті.80-90 жылдары өсім айтарлықтай кеміп,жас жыныстық пирамидағада әсер етті. Халықтың жылдық абсалюттік өсуі қазір 2 млн.адамға жетпей отыр.
Иммиграция қашан да АҚШ халқының санына зор ықпал етіп келеді және солай бола береді де.
АҚШ халқының ұлттық құрамын қалыптастыруда жаппай иммиграция шешуші рөл атқарды. Қазіргі американ ұлты- бұл ең алдымен әлемнің әр түрлі бөліктерінен, әсіресе Еуропа мен Африкадан қоныс аударушылардың этникалық араласуы мен қосылуының нәтижесі.
Қазіргі кезде АҚШ-та жүзден астам этностар тұрғанымен, Этнографғалымдар оларды басты үш этникалық топқа біріктіреді: 1)АҚШ американдарына, немесе жай ғана американдарға яғни қазір ағылшын тілін ана тілім деп есптейтін әр түрлі ұлт қоныс аударушылардың ұрпақтарына;2) АҚШ-қа таяуда ғана қоныс аударып, бұл елге әлі де «жерсініп»үлгермеген адамдарды қоса есептейтін өтпелі иммигранттар топтарына;3) байырғы тұрғындар-аборигендерге.АҚШ американдары бүкіл халықтың ¾-ін; ал аборигендер – 1%-тейін құрайды. Соған қарамастан,АҚШ-тың өте көптеген географиялық актауларының үндістерден шыққанын байқауға болады.
Қара американдар американ ұлтының құрамында ерекше үлкен топ құрайтынын сендер білесіңдер, олар АҚШ халқының 12 процентін құрайды. Бұрын негр халқының негізгі бөлігі Оңтүстікте, Х1Х ғасырда құлдықты жойғанға дейін плантациялық шаруашылық үстем балған «қара белдеуде тұрды.Соңғы онжылдықтарда негрлердің жартысы Солтүстік пен Батыстың қалаларына қоныс аударды, олар оңтүстік штаттарда да қазір негізінен алғанда қалаларда тұрады. Халықтың діни құрамы да оны ұлттық құрамымен тығыз байланысты.
Халықтың орналасуының орташа тығыздығының көрсеткіші жөнінен АҚШ дүние жүзіндегі халық неғұрлым тығыз қоныстанған 20 елдің ішінде 18-ші орын алады. Ел ішінде халықтың орналасуында өте үлкен айырмашылықтары да бар.
Соңғы уақытта халықтың, ең алдымен зейнеткерлердің Солтүстік штатарынан Оңтүстік штаттарына ішкі көшіп-қонуы артты. Жалпы алғанда, бәрінен де Техас, Флорида, әсіресе Калифорния штаттарының халқы тезірек өсуде.
АҚШ халқының орналасуы ең алдымен қалалар географиясына байланысты, мұнда жалпы саны 9 мыңдай қала бар. Солтүстікамерикандық қала үлгісінің өзіндік ерекшкліктері көбіне қалалардың жастығына байланысты болып келеді.
АҚШ – нағыз қала агломерацияларының елі.Осымен қатар, агломерациялардың орталықтары мен шеткі бөліктерінің арасындағы арақатынас та өзгерді. Агломерация орталықтарында Жердің бағасының ұдайы өсуі, жеке автомобиль көлігі кеңінен дамып отырғандықтан экологиялық және көлік жағдайының нашарлауы, оның үстіне орташа американдықтың кіші болса да, өз үйінде тұруға тырысуы қала маңындағы зоналардың бей-берекет жайылып өсуіне әкеп соқтырды. Қазір мұндай «бір қабатты Америкада бүкіл Америкадағы отбасының 2/3 –сі тұрады, ал қалалардың орталық бөліктерінде таяу уақытқа дейін халықтың саны кемумен болды. Ақш-тың ауыл халқы негізінен бөлек орналасқан фермаларда тұрады.Бірақ тіршілік жағдайлары бойынша ауыл тұрғындарының айырмашылықтары шамалы. Демек, шын мәнінде бүкіл елде қалалық өмір салты шексіз үстемдік етеді.
АҚШ-та өнеркәсіптің дамуы үшін табиғат қорлары өте қолайлы орналасқан. Пайдалы қазбалар алабы мен кен орындары бүкіл елге кең таралған; мәселен, көмір мен мұнайдың қоры 30-дан астам штатта барланған. Тектоникалық құрылысының ерекшеліктеріне қарай АҚШ территориясын ең үлкен – шығыс және батыс бөлікке бөлуге болады. Шығыс бөліктің басты байлығы – отын пайдалы қазбалары, батыс бөлігінің басты байлығы – кенді қазбалар.
Елде геологиялық іздестіру және барлау жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Осындай жұмыстардың нәтижесінде мұнайдың бүкіл болашақтағы қорының жартысы континенттік қайраңдардағы кен орындарда – Мексика шығанағында, Калифорния мен Алясканың жағалауында болып отыр. АҚШ-тың жаңадан игерілген ауданы – Алясканың материктік бөлігінде елдегі аса ірі Прадхо-Бей мұнай кен орны ашылды.
Осыған қарамастан, соңғы уақытта елде қорлармен қамтамасыз етудің көптеген проблемалары шиеленісіп, кейбір кен орындары сарқылуға айналды. Осының салдарынан 70-жылдары дүние жүзіндегі табиғат қорларына бай елдердің бірі өз тарихында тұңғыш рет олардың тапшылығына ұшырады.АҚШ-тың өнеркәсіп картасынан көптеген шаттарда жетекші салалардың бәрінің дамығанын байқау қиын емес. Бірақ мұндай жалпы көріністен әдетте екі-үш басты штат ерекше бөлініп тұрады.Мұның отын энергетика өнеркәсібіне қатысы бар.
Машина жасау өнекәсібін орналастыру негізінен қалалармен агломерациялардың орналасуына сай келеді. Іс жүзінде елдің басты үш машина жасайтын ауданын құрайтын АҚШ-тың үш мегаполисіне мұның ерекше қатысы бар. Алуан түрлі кәсіпорындарының болуына қарамастан, кейбір штаттар өздерінің едәуір бір жақты мамандануымен көзге түседі.
Химия өнеркәсібі ондаған орталықтарда бар, бірақ оның жеке аудандарға шоғырлануы да байқалады.
Тоқыма өнеркәсібі екі ғасыр бойында Солтүстік Атлантика штаттарында – орталығы Бостон болып саналатын Жаңа Англияда шоғырланды. Бірақ соңғы уақытта бұл сала Оңтүстік Атлантика штаттарына қарай, жұмыс күші едәуір арзан аудандарға, мақта және ситетикалық талшық өндіретін аудандарға, өткізу рыноктарына жақын көшіп-қонды.
АҚШ – экономикасы дамыған мемлекет. Оның дүние жүзіндегі ішкі жиынтық өнімдегі үлесі 1995 жылы 21,8 %, яғни бүкіл Батыс Еуропа елдері (21 мемл.) көрсеткішінің қосындысынан сәл ғана кем болды(23,1). Осындай зор экономикалық - әлеуметтік артықшылықтар қазіргі заманғы озық бағдарламаларды дамытуға мүмкіндіктер туғызып, АҚШ – ты дүние жүзіндегі алғы шепке шығарып отыр. Жер қойнауы отын – энергетика, шикізаттарға, темір, түсті металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына, фасфориттерге, калий тұздарына, т.б. пайдалы кендерге бай. АҚШ мемлекеті өз жерінің табиғи байлықтарын бей – берекет пайдаланбай, ұқыптылықпен қарап, көп минералдық ресурстарды сырттан тасиды.
АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі автомобиль, авиация, электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған. 1996 жылы 994,9 млн.т көмір, 406,6 млн. т мұнай, 94,1 млн. т болат, 3046,6 млн. кВт сағат электр энергиясы шығарылады.
АҚШ – тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған . АҚШ экономикасы үздіксіз өсуде . Оны ұлттық табыс пен сыртқы сауда көрсеткіштерінен байқауға болады . АҚШ – тың экономика және сыртқы сауда көрсеткіштері :
АҚШ – тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық . 1996 жылы барлық инвестиция көлемі 1101,3 млрд. доллар болса, оның 568,7 млрд доллары құрылысқа жұмсалды.
1980ж. 1990ж. 1996 ж.
Ұлттық табыс, млрд.доллар - 5764,9 7567,1
Экспорт, млрд. доллар 225,6 393,6 624,5
Импорт, млрд. доллар 257,0 516,7 817,8
Негізгі сауда серіктестері–Батыс Еуропа елдері,Канада,Мексика, Жапония . АҚШ – пен Қазақстанның экономикалық байланысы 20 ғасырдың 90 – жылдарында дами бастады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мыс.,мұнай өндірумен айналысатын «Шеврон»,«Шелль», «Мобиль», компаниялар мен «Прайс Уотерхаус» есеп аудит консалтингтік компаниясы, т.б.).
Қазіргі әлемнің аса ірі державасы Америка Құрама Штаттарымен жан – жақты қатынастарды дамыту сыртқы саясатта басым орын алады. Біздің мемлекетіміз үшін Америкамен ынтымақтастық әлемдік оғамдастықта халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерді ілгерілетумен тікелей байланысты.
АҚШ – тың жалпы әлемдік процестерге ықпалы сөзсіз. Бұл орасан зор әскери – саяси ресурстарға және экономикалық қуатқа иелік ететін көбінесе ғаламдық процестердің дамуына шешуші ықпал ететін, әлемде стратегиялық тұрақтылықтың жай – күйін көбінесе анықтап беретін мемлекет. АҚШ дербес күш ретінде, сондай – ақ халықаралық ұйымдар туы астында әрекет ете отырып, іс жүзінде планетаның көптеген аймақтарында жанжалдарды реттеуге белсене қатысады. Америка ішкі рыногы осы заманғы елдердің көпшіулігінің экспорты бағдарланған экономикалық дамуының маңызды шарты болып табылады. Аса ірі трансұлттық корпорациялардың 40 пайызының АҚШ – та штаб – пәтері бар.