Америка халқы
61
Кіріспе
Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді.Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың бір-бірінен бөлек және дүниенің басқа бөліктерінен алыс жатуы, ірілігі, табиғат жағдайында зор айырмашылық болуы оларды жеке, дербес құрлықтар деп санауға негіз болады. Олар бір-бірінен Панама мойнағы арқылы бөлінеді. Екі материк аралығындағы Теуантепек пен Панама мойнақтарының аралығы және Вест-Индия аралдары Орталық Америкаға жатады.
Тарихи анықтама: Солтүстік Американың солтүстік шығыс жағалауы мен Гренландия аралын алғаш рет 900 жылдар шамасында нормандар ашты. Антиль аралын және Оңтүстік Американың солтүстік жағалауының бір бөлігін, Солтүстік Американың Кариб теңізі жағалауының оңтүстік бөлігін 1492-1503 жылдары Христофор Колумб ашты. Бұл дүниенің жаңа бөлігі Италия теңізшісі Америго Веспучидің есімімен аталды. Ол батыс жарты шардағы Христофор Колумбтың ашқан жерлері бұрын белгісіз болып келген дүниенің жаңа бөлігі екендігі туралы алғаш пікір айтты. Христофор Колумб ашқанға дейін Американың байырғы халқы көптеген үндіс тайпалары мен эскимостардан ғана тұратын. Европалықтар келіп үстемдік жүргізгенде, жергілікті халықты адам төзгісіз қуғындау, қанау тәртібін орнатты. Отаршылармен бірге неше түрлі аурулар да келді, одан үндістер көп қырғынға ұшырап, күрт азайды, кейбір тайпалар мүлдем құрып кетті. Олардың орнына Африкадан құлдар әкелінді. Американың қазіргі халқы бұрынғы европалықтардың ұрпақтарынан және құл ретінде әкелінген Африкалықтар мен жергілікті үндістердің араласуынан пайда болған. Американың халқы антропологиялық жағынан әр түрлі. Онда адамзаттың белгілі үш нәсілінің өкілдері (европеоид, монголоид, экваторлық негр-австралоид) араласып кеткен. Американың әр бөлігінде бұлардың араласу сипаты әр түрлі. Саны жағынан ең көбі-европеоид, оның өкілдері Солтүстік Америка халқының 90 %-і, Оңтүстік Американың 1/3 бөлігі. Екінші орында-будандар. Олар-бірқатар елдердің (Мексика, Орталық Америкадағы елдер, Венесуэла, Парагвай т.б) негізгі халықтары. Үшінші орында-мулаттар. Венесуэланың, Бразилияның, АҚШ-тың, Кубаның Орталық Америкадағы бірқатар елдердің халықтары-солар. Монголоид нәсілінің ерекше тармағына жататын байырғы халық-үндістер. Орталық және Оңтүстік Американың бірқатар аудандарында (Боливия, Венесуэла, Колумбия, Экуадор, Перу, Бразилия, Мексика, т.б) сақталған. АҚШ-та, Канадада және т.б елдерде үндістер арнаулы резервацияларға қуылған. Америка халқының басым көпшілігі индоевропа отбасы тілдерінде сөйлейді. Америкада ағылшын тілі, Оңтүстік Америка мен Орталық Американың бірқатар елдерінде испан тілі, Бразилияда португал тілі басым. Канада мемлекетінде екі тілдің бірі -француз тілі, Гайти мен Вест-Индияның ұсақ аралдарында да солай. Үндістер-кечуа, аймара, ацтек және т.б өз тілдерін белгілі бір шамада сақтап қалған, ал Африка халықтарының тілдері олардың этникалық топтарының біреуінде де сақталмаған. Америкадағы ұлттардың сан жағынан көбі:американдар, ағылшын-канадалықтар, мексикандар, бразилиялықтар, колумбиялықтар, аргентиндер, кубалықтар және т.б. Америкада-50 ел бар, 26-сы тәуелсіздік алған мемлекеттер, 24-і отарлар.2-ші дүние жүзілік соғыстан кейін Американың саяси картасында біраз өзгерістер пайда болды. Халықтық революцияның жеңуі нәтижесінде Америкада тұңғыш Социялистық мемлекет - Куба пайда болды. Америкада саяси суверенді жаңа мемлекеттер:Гаяна, Ямайка, Тринидад, Тобаго, Барбадос құрылды.
Тұрғылықты халқы және этникалық тарихы
Американың екі материгінің қазіргі халқы 585 миллионға жуық адам деп саналады. Оларды тілі жағынан көбінесе екі бөлікке: Латин Америка-сы халықтары яғни Солтүстік (Мексика), Орта-лық және Оңтүстік Америка халықтары, бұл жерлерде үстем тілдер испан (көпшілік елдер) жэне португал (Бразилияда) тілдері болып та-былады; Канаданың шығыс облыстарының бірінде франко тілдес халық өзінің этникалық дербестігін Осы күнге дейін сақтап отырса да, негізінен ағылшын тілінде сөйлейтін (АҚШ пен Канада) Солтүстік Американың халықтары. Буяай етіп бөлу байырғы тұрғындардың үндістер тілдерінің осы күнге дейін сақталып қана қоймай, осы тілде 36 миллионға дерлік адам сөйлейтінін ескермейді.
Американы көбінесе Жаңа Әлем деп атайды, мұның өзінде американ халқының бір үшін Колумбтың ашуларынан соң олардың қоныс аударуына дейін Евразия материгі бүрынғы отан (Ескі Әлем) болып келген деп түсіне керек. Бұл, бірақ тек европалықтардың немесе негр халқының ұрпақтарына, қытайдан немесе Үндістаннан шыққандарға қатысты ғана айтылған әділ сөз ғана емес. Тұтас алғанда іадамзат үшін Америка материктері Жаңа әлем. Рас, қоныс аудару Колумбтың жүзіп келуіне көп бұрын басталған болатын. Соңғы он жылдықтарда, Америкаға адамның аяқ басуын біздің эрамызға дейінгі 40 мың жыл өте ертедегі кезеңмен даталауға мүмкіндік беретін, неғұрлым мол археологиялық материалдар жинақталуда. Америка материктерін археологиялық зерттеуде айтарлықтай жемісті істер атқарылғанымен, әлі өз дамуының бастапқы қадамынан асқан жоқ. Бұдан былайғы зерттеушілер әлгі датаны бұдан да көнелендіруі мүмкін.
Ғылымда адамның қалыптасуы Ескі әлемде (Евразия мен Африка) ғана болып қоймай, жергілікті американдық мұрынды маймылдардың антропоидтер дәрежесіне дейін эволюциялануы мүмкін деп дәлелдеуге тырысушылықтар
болды. Алайда мұндай жорамалдар ғылыми мәліметтермен дәлелденбеді, ал зерттеушілердің көпшілігінің Америкаға адам Солтүстік-Шығыс Азия арқылы қоныстанды деген пікірі жылдан-жылға сан түрлі сипаттарда барған сайын дәлелдене түсуде. Геология мұз құрсану және мұхит деңгейінің ауытқуы тарихын зерттей келіп, Чукотка мен Алясканың мойнақ арқьілы қосылып жатқан (бір рет қана емес) кезеңдері болған деп санайды. Мұнымен Евразиямен Солтүстік Америкадағы хаюанаттардың түр қүрамының жақындығын айтып жүрген зоологтар да келісіп отыр.
Сібір мен Солтүстік Американың археологиялық материалдарын салыстыру да осындай тұжырымға келуге саяды. Зерттеушілер әлемнің бұл бөліктерінің жоғары палеолит дәуіріндегі археологиялық мәдениеттері арасында көптеген ортақ белгілер бар деп санайды.
Американың түпкілікті тұрғындарының антропологиялық мәліметтері көптеген мәселелердің даулы екенін ескергеннің өзінде, американоид нәсілі өзінің негізгі, неғүрлым түрақты антропологиялық белгілері бойынша Ескі Әлемнің монголоид нәсіліне анағұрлым жақын деген пікірге жетелейді. Көптеген топтастырулар американоидтерді айрықша тарам, нәсіл бөлігі ретінде адамзаттың үлкен монголоид нәсілінің қүрамына жатқызады. Тікірейген қайратты шаштары, шығыңқы бетсүйегі, Шаш пен көздің қара қоңыр түстері, сарғыш пен қызыл күрең аралығындағы тері түстері, мұрт пен сақал түктерінің қалың болмауы,— міне осының бәрі Ескі Әлемнің монголоидтері мен амерй-каноидтердің жақын тектестігін көрсетеді. Аме-рикан үндістерінің моноглоидтардан негізгі айырмашылығы — айқын бет пішін, тым шығыңқы мұрны (кейде орақ, «бүркіт тұмсық»), сирек кездесетін эпикантусты мамандардың айтуынша, бір жағынана американоид және монголоид нәсілдері жеке дами бастағаннан кейін шыққан вариацияларға жатқызуға болады, енді бір жағынан американоидтерде Ескі Әлемде жойы-
лып кеткен ертедегі монголоидтердің бірқатар белгілері сақталып қалған деп түсіндіруге болады.
Оңтүстік әмерикан ұндістерінің антропологиялық кескінінде негроавстралоид белгілерінің болуын тұсіндіру анағұрлым күрделі. Мұны Америка мен Тынык Мұхиттың Оңтүстік бөлегіиің халыңтарының арасындағы тікелей қарым-қатынастармен түсіндіруге әрекеттенушілер болды. Бірақ бұдан басқа да ұғымдар бар. Мәселен, жеке топтардың миграциясы жоғары палеолит кезеңімен ғана шектелмейді, халықтардың ілгері басуының бұдан да кештеу кезеңі болған. Антропологтар негроавстралоид белгілерінің (Тайвань аралы, Оңтүстік Жапония, Хок-кайда аралындағы айнылар) шығуының тұтас бір тізбегін байқады. Мүмкін, негроавстралоид кескіндерінің кейбір топтары Тынық мұхиттың жағалауларымен Оңтүстік Америка облыстарына дейін жылжыған болар.
Алясканың, Канаданың, Гренландияның эскимос халықтары және алеуттар Американың басқа түпкілікті түрғындарынан Солтүстік-Шығыс Азияның негізгі антропологиялық топтарына тым көп жақындығымен де ерекшеленеді, мұның өзі олардың Америкаға неғүрлым кештеу қоныс аударғанын болжауға мүмкіндік береді.
Американың археологиясы жеткіліксіз және ең бастысы аймақтар бойынша өте ала-құла зерттелгенін ескере келіп, жаңа материкті адамдардың. игеруінің тек ең жалпылама жолдарын ғана атауға болады. Әуел бетте, шамасы, батыс региондар қоныстанылса керек, бұлардан алғашңы аңшылар тобы шығып, барған сайын оңтүстікке қарай тараған. Кейінірек тұтас Америка ішінде және жеке американ материктерінде тұрғындардың қоныс ауыстыруы басталған. Бұл игеру 20-дан 30 мың жылға дейін созылған. Зерттеушілер бұдан кейініректе де Азиядан қоныс аударушылар болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бірақ, олар, сірә, Арктика регионын қоспағанда, Колумб дәуіріне дейін түпкілікті американ халқының өмірінде қандай да бір елеулі роль атқара қойды ма екен. Жоғары палеолит дәуірінде Беринг теңізі мен Аляска арқылы Америкаға қоныс аударған американ үндістерінің ата-бабалары таптық цивилизация құрды, сөйтіп адам қоғамының, оның.мәдение-
тінің тарихи дамуы заңдылығының ортақтығын көз жеткізе дәлелдеді.
Солтүстік және Оңтүстік Америкада адамдар пайда болғанға дейін жіңішке бұғаздар арқылы қүрамдасып жатса да оларда өсімдіктер мен хаюанаттардың түр қүрамында көзге түсерлік айырмашылықтар сақталған. Басқа материктерден Солтүстіктен бүрын оқшаулаиған Оңтүстік Американың осы күнге дейін айрықша өзіндік сипаттағы өсімдіктер мен хаюанаттар дүниесі бар. Оның тропикалық аймақтағы елеулі жерін сильваға, жыныс өсімдікке, адам үшін Колайсыз қалың жәндіктер мен қүстарға толы американ джунглиі алып жатыр. Облыстың сол-түстігінде жәие оңтүстік-шығысында тиіп жат-қан маусымды шұғыл аума-төкпелерге, бірде нөсерлі жаңбырға, бірде күйдірген күн қапы-рыққа ұшырап тұратын — неғүрлым қуаң американ саванналары біршама тәуір көрінді. Материктің қоңыр салқын оңтүстігі неғұрлым . қолайлы болды, оның шөбі қаулаған далаларында жергілікті халықтың аулайтын кішігірім хаюандары — Гуанако табындары өрді.
Оңтүстік Американың бүкіл батыс бөлегін теріскейінен күнгейіне дейін Анд кең тау сілемдері алып жатыр. Тынық мұхитқа шығатын тау аңғарларының, сондай-ақ теріскей тау бөктерінің жағдайы адам өмірі үшін неғүрлым қолай-лы болып шықты, сейтіп уақыт өте келе мұнда осы континенттегі алғашқы цивилизациялардың бірі бой көтере бастады. Көбінесе мезоамерика деп аталатын кең мойнақтың территориясындағы жағдай да осыған үқсас. Мұнда тропикалық орман тау үстірттерімен алмасып жатады, ал мезоамериканың теріскейінде кейде нағыз шөл далаға үштасып кететін қуаң далалар кездеседі. Мезоамериканың тау бөктерлерінде материалдық дақылдарды дамытуға неғұрлым қолайлы жағдайлар қалыптасқан, атап айтканда көптеген зерттеушілер дәл осы облысты Американың негізгі астық өсімдіктері жүгерінің немесе маистің отаны деп санайды.
Солтүстік Америка адамдардың қоныстануы үшін анағұрлым колайлы. Тек оның батыс бөлігін орасан зор Кордильер тау сілемдері алып жатыр. Қалған территориялары шығыс орталығында аласа және тіпті жатаған Аппалач тауы бедерЛенген біршама жазық болып келеді. Негізгі су жүйелері, әсіресе Миссисипидің Мис
суриллен арнасы материктің бүкіл кеңістігінде алғашқы аңшылар тобының қоныстануына да қолайлы жағдай тудырды. Материктің қоңыржай климаты оңтүстікте ғана қуаңшылығымен ерекшеленеді, ал Мұзды мұхитқа шығатын теріскейде — қысы суық, жазы салқын болады. Солтүстік Американың хаюанаттар дүниесі бай әрі алуан тектес болған: солтүстік және асыл бұғылар, бизондар, топтобымен суға жүзетін құстар, өзендер мен көлдерде қүжынаған балықтар. болған. Солтүстік Американың жыртқыштары тау арыстаны пума мен сұр аю (гриз-ли) адамдар үшін елеулі қауіп тудырмаған, тіпті олардың өзі аң ретінде ауланған.
Тарихи дамудың аса маңызды факторларының бірі адамның өзі, адам коллективтерінің мөлшері болып табылады. Тым шамалап алынған есеп бойынша европалықтар пайда болғанға дейінгі бүкіл үндіс халқының саны барлығы бірнеше ондаған миллион адам болған. Орасан үлкен екі материктегісі міне осы-ақ. Осымен бір мезгілде Африкада кемінде 85 миллион адам тұрған. Солтүстік Америкада (Мексиканы қоспағанда) 10 миллионнан асараспас үндістер тұрды. Америкаға аяқ басқан алғашқы аңшылар тобы тым үлкен болмаған, рас мүндай қоныс тебушілер көп болғанымен материк бойынша қоныстану үшін, көбінде тұрмысқа мүлде жа-тық емес жергілікті жағдайларға төселу, қоршаған ортаны игеру және тағы басқалары уақытты әрі ұшан-теңіз күш-жігерді қажет етті.
Американ үндістерінің өмірін елеулі этнографиялық зерттеу біршама кеш, XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында қолға алынды. Бұл уақытта көптеген тайпалар мен тұтас халық-тар отаршылдық соғыстарда қырғынға ұшыра-ды, ал тірі қалғандары өздерінің тұрмыс салттарын күшті өзгертіп жіберді. Қазіргі заманғы мамандардың әділ түрде көрсетіп отырғанындай американдық үндістердің алғашқы этнографиялық жазбаларда көрсетілген өмірі көп дәрежеде олардың европалықтар келген кездегі жайын емес, Американың түпкілікті халықтарының тұрмысы мен мәдениетіне, әлеуметтік қатынастары мен дүние танымдарына отаршылдық дәуір ықпалының күрделі процесінің нәтижесін бейнелейді. Европалық ықпалдың әр-түрлі дәрежесін және әртүрлі тайпалардың
санқилы тағдырын ескере отырып, американдық үндістердің европалықтар келгенге дейінгі өмірін тым болмаса негізгі сипаттарда қайта қарау мұқият және көп еңбектеніп зерттеулер жүргізу арқылы тым қиынға түсуде.
Қазірде толық шешімін таппай отырған аса күрделі мәселелердің бірі Американың түпкілікті халқының тілдерін зерттеу және топтастыру болып қалуда. Тек бір ғана эскимосалеут тіл семьясының жайы ғана шама-шар-қынша анықталды. Бұл семьяның тілдерінде басқа үндіс дүниесінен елеулі айырмашылық және Чукотка мен Камчатка халықтарының (чукчалармен, коряктармен, ительмендермен) палеоазиат топтарымен байланысы байқа-лады.
Американың түпкілікті халықтарының Ескі Әлем тілдерінен ең алдымен грамматикалық құрылымы жағынан айырмашылығы бар. Оларды полисинтетиктік немесе инкорпориктік деп атайды. Бұл тілдерде де сөздерді жүйелеу Ескі Әлем тілдері жүйесінен өтемөте өзгеше болып келеді, өйткені, етістікке оның түбірі мен жалғауларының арасына зат есімдер немесе басқа сөз табы жанастырыла береді. Көпшілік үндіс тілдерінің (бірақ барлығының емес) осы сипаты жеке американ тілдерінің өзара тектестігінің генеалогикалық жүйесін құруды қатты қиындатады. Үндіс тілдерін топтастыруға қатысты мамандар арасындағы пікірлердің әр-түрлі болып отыруын міне осымен түсіндіру керек. Олардың бірі екі мьіңға дейін тіл семьяларын (іс жүзінде әрбір тіл — семья) бар десе, екіншілері — 100-ге жуық, үшіншілер — одан да аз деседі. Лингвистикалық тұрғыдағы қиыншылықтар тілдерді басқа да, тілге қатысы жоқ этнографиялық, тарихи-мәдени белгілерді ескеру арқылы бірлестіруге бой ұру-шылықты тудырды. Мүның үстіне зерттеушілер мүндай «тіл семьяларының» немесе филдер-дің американ материгіне қоныстануының белгілі дәйектілігін көрсетуге тырысады. Ал, Американың түпкілікті халықтары тілдерінің соншалықты бытыраңқылығы мен саналуандығына келгенде барлық зерттеушілердің пікірі бірдей. Тайпаларға бөліну және олардың әртүрлі жерлерге қоныстануы бірнеше ұрпақтар өткен соң сөзсіз тілдердің жекеленуіне әкеліп соғады.