Англияның дипломатиясы

Рефераттар
57

Жоспар

Кіріспе

1.  Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы
1.1. Англиядағы дипломатиялық қызметтің пайда болуы және дамуы
1.2. Джордж Каннинг – саяси қайраткер, сыртқы істер министрі
1.3. Форин офис құрылымы және қызметі

2. Англияның дипломатиялық қызметінің және сыртқы саясатының  жүйесі
2.1. Қазіргі уақыттағы Англияның дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері
2.2. Дипломатиялық кадрларды дайындау, іріктеу және оларға қойылатын талаптар

Қорытынды 
Пайдаланылған әдебиеттер 
 

Кіріспе

Халықаралық қауымдастықты дамыту құралы ретінде дипломатияның маңызы өте зор. Дипломатиялық қызметтің жұмысы дипломатияның ең басты құралы болып, халықаралық аренадағы мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған. Англия дипломатиясы классикалық дипломатия ретінде, өз кезегінде эталон секілді, ол XIX-XX ғғ. әлемдік дипломатияның дамуына зор ықпал етті. Одақтың 50 елдерінің және басқа да мемлекеттердің дипломатиясы ағылшын дипломатиясының әсерімен дамыды.  
Қазіргі таңдағы экономикалық климаттағы халықаралық қатынастар ерекше маңызға ие. Әлем өзгерістерге толып жатыр. Мысалға, экономикалық қуаттылық шығыс бағытта, яғни Азия бағытында жылжып келеді. 
Ұлыбритания – Біріккен Ұлттар Ұйымы, НАТО және Одаққа белді мүше болып табылады және әлемнің көптеген нүктелерімен байланысы бар ел. Ұлыбританияның  Сыртқы Істер министрлігі немесе  The Foreign and Commonwealth Office – (‘the FCO’ or ‘the Foreign Office’ for short) – ерекше ұлттық актив болуымен қатар, елшіліктер мен консулдықтардың халықаралық жүйесі болып табылады. 
Әлемдік дипломатиялық тәжірибеге британдық дипломатиялық қызметтің қосқан үлесі өлшеусіз. Ұлыбританияның өзге мемлекеттермен қарым-қатынасының өсуі белгілі бір ретте халықаралық байланыстар орнату және осы қызметті атқаратын кәсіби қызметкерлерден тұратын тұрақты аппарат құру қажеттілігі туындады. Бұл аппарат дипломатиялық қызмет немесе  шетел қызметі деп аталған. Ұлыбританияның дипломатиялық қызметте өте ауқымды тәжірибесі бар ел. Британ дипломатиясы мен дипломатиялық қызметінің тарихы шетелдермен сауда қарым-қатынасын орнату мақсатында 1303 жылғы Көпес хартиясын қабылдаудан бастау алады.

Жүктеп алу
8 рет жүктелген
413.50 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА САЯХАТ
Рефераттар
География оқулықтары
Рефераттар
Бразилия. Аргентина
Рефераттар
Болгария мемлекеті
Рефераттар
БҚО табиғат ресурстары