Антонимдер туралы түсінік
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Антонимдер туралы түсінік.
2. Антонимдердің мақал - мәтелдерде кездесуі.
ІІІ Қорытынды.
Антонимдер
Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Мысалы: Кейі сараң, кейі мырза, Кейі қапа, кейі ырза. Барша журтты сынадың (С. Сейфуллин). Кейде қайғы, кейде шат, Кейде тунық, кейде ылат, Кейде қорқақ, кейде өжет, Кейде тірі, кейде өлет (I. Жансүгіров). Болысекен кейде паң, кейде муләйім, кейде жұмсақ, кейде қатты, кейде береген, кейде сараң (Ғ. Мұстафин). Мұны алділер әділет деп куанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады (Ә. Сәрсенбаев). Түймедей затқа өкпелесеңіз, туйедей квретініңіз қалмаган мырза! (К. Оразалин).
Осындағы сараң-мырза, қапа - ырза, қайғы-шат, тунық-ылат, қорқақ-өжет, тірі-өлі, паң-мүләйім, жұмсақ-қатты, береген-сараң, әлді-әлсіз, әділет-қшнат, түймедей-түйедей дегендер жағымсыздық пен ұнамдылыктың, жақсылық пен жаманшылықтьщ, үлкен мен кішінің кереғар ұғыадары бір-біріне қарама-қарсы койылып айтылып тұр. Екі жағының салмақ-мөлшері бірі артық, бірі кем емес, тепе-тең. Сонда антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табьша қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіптен "кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тіліңде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарьшан жасалған антонимдер тым тапшы, жоқтьщ қасында.
Сын есімге тән ангонимдердің мынадай түрлері бар: а) түбір күйінде кездесетіндер: ауыр-жеңіл, кең-тар, ыстық-суық, үлкен-кіші, жас-кәрі, биік-аласа, ұзын-қысқа, артық-кем, аш-тоқ, жақсы-жаман, қалың-жұқа, терең-саяз, арык,-семіз, оңай-қиын, араз-тату, ащы-тәтті, көп-аз, оң-теріс, тузу-қисық т. б.; ә) туыңды түбір күйінде кездесетіңдері: ашық-жасырын, өзімшіл-көпшіл, ашық-жабық, тілазар-елгезек, екпінді жалқау, қатты-ащырын, орнъодпы-шалагай, олақ-іскер, оңқай-сшақай, сүйкімді-жексурын, бүтін-жыртық, жүрдек-шабаны.
Қазақ тілінде сындық мағынадағы туынды антонимдер көбінесе -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, ті жұрнақтары арқылы антонимнің жағымды сыңарларын жасайды да, ал жағымсыз мағыналары сыңарларын -сыз, -сіз жұрнақтары жасайды. Мысалы:
1. Е жігіт бірдемалды, бірдемалсыз,
Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыл.
2. Өнерлі жігітерде азар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
3. Ақылдыны алысым деме,
Ақшсьоды жақыным деме.
4. Куәлі істі куә табар,
Куәсіз істікүмән табар.
5. Арлы арына қараса,
Арсыз жеңдім дейді.
6. Кұтты қонақ қонса, қой егіз табар,
Құтсыз қонақ қонса, қойға қасқыр шабар.
7. Жандыда балық үлкен,
Жансызда қамыс үлкен.
8. Қайырсызң сомнан
Қйырлы бір сом артық.
9. Базар ақшалыға— базар,
Ақшасызга — назар.
Сол сиякты сын есімнің -гы, -гі, -қы, -кі жұнақтары арқлы да туыңд антнимдер жасала береді. Мысалы: бастапқы-соңғ, бұынғы қазіргі, үндегі-түздегі, сыртқы-ішкі, кұндізгі-түнгі, қысқы-жазғы, жоғарғы-төменгі, ертгңгі-кешкі, алдыңғы-кейінгі, биылғы-былтырғы т.б.
Етістікке тән мынадай антонимдер бар: а) түбір күйіңде кездесетіндері: озу-қалу, күту-келу, қону-ұшу, жеңу-жеңілу, бару-қайту, жату-тұру, ашу-жабу, кіру-шығу, ұту-ұтылу, жеңу-жеңілу, қуану-ренжу , мақтау-даттау, көшу- қону. кулу-жы-лау, сату-алу, ысу-суу, шабу-ілбу, даму-тоқьфау, қату-жібу, ауыру-сауыгу т. б. ; ә) туынды түбір күйіңде кездесетіңдері: қартаю-жасару, жоғарылау-төмендеу, татуластыру-араздастыру, ақтау-қаралау, епдестіру-жауластыру, айырылу-қосылу, күшею-бәсеңдеу, баю-кедейлену, арықтау-семіру, жаңару-ескіру т. б.
Зат есімге тән антонимдер де негізгі және туынды түбір күйінде кездеседі: а) түбір күйінде кездесетіндері: өтірік-шын, обал-сауап, алгыс-қарғыс, рақат-бейнет, бақсор, өмір-өлім, түс, алды-арты, шарапат-кесапат, асты-усті, пайда-зиян, бай-кедей, жаз-қыс, күн- түн т.б.;
ә) туынды түбір күйінде кездесетіңдері: аласы- бересі, байлық-жоқтық, кісілік-иттік, аштық- тоқтық, тарлық-кеңдік, жеңіс-жеңіліс, ұтыс- ұтылыс, азшылық-көпшшк, кіріс-шыгыс, алыс-беріс, сыпайыгершшк-арсыздык, т.б.
Үстеуге қатысты антонимдер: ерте-кеш, ақырын-шапшан,
ілгері-кейін, жогары-төмен, алыс- жақын, әрі-бері, жылдам-жай, сабыр-тез т.б. Есімдікке қатысты: анау-мынау, әне-мше, осы- сол тәрізді бірен-саран антонимдер ғана ұшырасады. Тілде карама-қарсы ұғыммен қатар кейде артық ұғым да кездеседі. Мәселен, ескі мен жаңаның арасыңда көне (көнетаз), шикі мен пісінің арасында думбілез, суық пен ыстықтың арасывда жылы, үтыс пен утылыстың арасында тең, ерте мен кегитің арасында дәл, біткен мен бітпегеннің арасывда шала, жеңу мен жеңілудің арасыңда ит жыгыс деген аралық ұғымдар бар. Бұлар антоним біткеннің бәріне тән емес, кейбіреулерінде ғана ұшырайды. Аралық ұғым — кереғар екі ұғымды тең ұстап тұрады.
Тілдегі антонимдер қарама-қарсы құбылыстарды біріне-бірін шеңдестіріп салыстыру аркылы күшті стильдік мән тудырады. Сол себептен антонимдер өте-мөте мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Антонимдерді қолданудың негізінен үш жолы бар:
1. Антонимдер бір сөйлемнін өз ішіңде салыстырылып айтылады. Мысалы: Қорлық өмірден ерлік өлім артық. Ер бақыттың қонғанын білмейді, ұшқанын біледі. Еріншек егін-шіден, елгезек масақшы озады. Ақьшақ бұзуға бар, түзеуге жоқ. Өлі арыстаннан тірі тышқан артық. Досыңның асын қасындай іш.
2. Антонимдер іргелес сөйлемде қарама-қарсы қойылып шеңдестіріледі. Мысалы: Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі. Тоқшылықта жеген тоқпан жілік Ашаршылықта көзіңнен бір-бір ұшар. Алтау ала болса ауыздагы кетеді, Тәртеу түгел болса, төбедегі келеді. Жаңаны күтіп жалаңаш үйден шықпай қалганнан, Ескіні жамап киіп, жаңаны іздеп тапқан артық. Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол. Жауластырмақ жаушыдан, Елдестірмек елшіден.
3. Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп катар жүмсалады. Мысалы: Арымақ, семірмек кішіден. Палуанга оң, терісі бірдей. Ылдисыз өр болмайды. Ит үрер жақсыга да, жаманга да, Қылмағы бірақ залал құдайданды (Ы. Алтынсарин). Ащы менен тұщыны татқан білер, Алыс пенен жақынды жорытқан білер. Бір суып, бір ысып, Барады іш пысып (Абай).
Қарсы қойылып айтылғанның бәрін антоним деп тануға болмайды. Кейде синоним сөздер де бір-біріне салыстырылып айтыла береді. Мысалы: Гүрілдеп келген жаудан, Кулімдеп келген қас жаман. Қауіп жерде қатер бар. Қауіп қайдан болса, қатер содан. Өлім бар жерде қаза бар. Бет көрсе жүз ұягады.
Жан-жақты дамып, кемелденген тілде белгілі бір ойды әр
Пайдаланған әдебиеттер.
1. Әсет Болғанбайұлы, Ғабдалла Қонұлы. «Қазіргі қазақ тілінің лексипологиясы мен фразеологиясы». Ф. «Сомат» 1997 .
2. ҚАсанов «Тіл біліінің негіздері»