Арал теңізінің зерттелуі
Мазмұны
Кіріспе
І Тарау
1. Арал теңізінің зерттелуі
1.1 Арал теңізінің зерттелу тарихы
1.2 Арал маңы табиғи ресурстарын және оны тиімді пайдалану жолдары
ІІ Тарау
2. Арал теңізінің экологиялық мәселелері
2.1 Арал теңізінің экологиялық мәселесі
2.2 Арал теңіз мәселесі жөніндегі іс-шаралар
Қорытынды
Қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 - 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шарлашылық мақсаттарға үздік өңдеу алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға - Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды (қ. Арал апаты). А. т. көне замандардан белгілі. Ежел гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" есептесе, А. Македонский кезінде , Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аТЫ) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент ті Кердері т. сияқты аттарында бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхак әл-Истахри (10 ғ.), ӘбуАбдал-лаһ Мүхаммед әл-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 г.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. Теңіз табиғатын жан-жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 - 49 ж. әскери теңізші әрі зерттеуші А.И. Бутаковтың экспедициясы А. т-нің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874, 1889) И.А. Стрельбицкий анықтады. 1874 ж. геодезист А.А. Тилло теңіз деңгейін өлшеп, солт.-батыс жағасына қада орнатты. Теңіз суының хим. құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870 - 73 ж. жарық көрді. 1900 - 03 ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді геогр. және гидрол. зерттеулер Л.С. Бергтің басшылығымен жүргізілді. Одан кейінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғыл.-зерт. Және жобалау ин-ттары шұғылданды.
Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шетелдік ғыл.-зерт. мекемелері А. т-н зерттеу мәселесімен айналысты. Бірнеше халықаралық қоғамдар, ұйымдар құрылған. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер -қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі теренд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы ауд. шамамен 2235 км2 (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение (бұл аралда КСРО-ның бактериол. қаруын сынау алаңы болған). Солт-нде биік және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады. Олар терең шығанақтармен тілімделген; шығыс жағасы жазық және құмды, шағын шығанақгар мен жаға маңы аралдары көптеп кездеседі, оңт. жағасы Әмударияның атырауынан тұрады; батыс жағасының тілімденуі шамалы, бұл тұстағы биікт. 250 м- ге жететін Үстірттің жарлауыт қабақтарынан тұрады. А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, құрғақ ауаның орташа темп-расы жазда 24 - 26°С, қыста -7,0 - 13,5°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су тендестігінің құра-мы: кел бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км3. 1970 ж. бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға4 шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді (1-картаны қараңыз). Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық құбылмалылық, болмаса су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған (картаны қ.). Судың беткі қабатының темп-расы жазда 26 - 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%о болатын, соңғы он жыл ішінде (1988 - 98) 25 - 30%с-ге дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытьмен айналым жасайды. А. т-нде балықтан арал шоқы-ры, сазан, қаяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, казіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. Маңызды айлақтары мен негізгі экон. қ-лары бұрын Арал (Кіші Аралда) және құрлықта қалған Мойнақ (Үлкен Аралда) қ-лары болған. А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен және көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балық өндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзын-қайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау тұсы к. т. аталып (аралдардың өте көп болуы себепті, картаны қараңыз), кейін теңіз түгелімен Арал аталған.