Аударымдар

Рефераттар
429
Жоспары:
Кіріспе.  ШНҰ  “Альянс Бизнес  Кредит ” ЖШС шығу тарихы
I. Жаңа банктік қызметтер
1.1  Аударымдар
1.2  Несиелер
 
ШНҰ  “Альянс Бизнес  Кредит ” ЖШС  даму тарихы
“Альянс Банкі” Қазақстандық екінші деңгейлі банктердің ішіндегі ең қарқынды дамып, банктік қызметтер көрсету нарығында 10 жылдан астам уақыт сәтті түрде жұмыс істеуде.
ААҚ “Иртышбизнесбанктің” орын алмасуымен атын жаңартуына байланысты кейіннен ААҚ “Альянс Банкі” деп өзгертіліп заңды түрде жұмысын жалғастырды. Заңды түрде қайта тіркеу күні болып 2002 жылдың 13 наурызы болып есептеледі. 
Өз кезегінде ААҚ “Семей қалалық Акционерлік Банкі” және ААҚ “Иртышбизнесбанкі” (1993 жылы негізі қаланған), осы екі банктің қосылуынан 1999 жылдың 13 шілдесінде ААҚ “Иртышбизнесбанктің” негізі қаланды. Осы екі банкте заңды тұлға ретінде жекеше жұмыс атқарып, өз қызметін Ұлттық Банктің лицензиясы арқылы жүзеге асырып отырды. 
Жоғарыда аталған екі банктіңде өз тарихтары болды, сондай ақ әр түрлі жолдармен қалыптасқан болатын (ААҚ “Семей қалалық Акционерлік Банкі” банкі жаңадан құрылған кезде “Багаз Банк” деген атауға ие болған), өзіндік жеткен жетістіктері де жетерлік. 
Әйтседе, Қазақстан Республикасы азаматтық заңдылықтарына сәйкес (Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің 45 және 46 баптары) заңды тұлғалар біріккен күннен бастап өз қызметтерін тоқтатады, сондай ақ жаңадан пайда болған заңды тұлғаның меншігі мен міндетіне айналады. Міне, осындай жолмен  1999 жылдың 13 маусымында ашык түрде ААҚ “ИртышБизнесБанкі” негізін қалайды.Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің 42 бабына сәйкес жаңадан құрылған заңды тұлға өз жұмысын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қана жұмыс жасай алады.
Ұлттық Банктің лицензиясы жайлы сөз қозғайтын болсақ, Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің 35 бабына сәйкес заңды тұлғаның қызмет көрсету аясында  жұмыс жасау үшін міндетті түрде болу керек.Санда ғана құқыққа ие болады. Ұлттық Банктен лицензия алған күн банктің құрылған күні болып есептелмейді.
Бұл заңды анықтамаға сүйенетін болсақ, “Альянс Банктің” туған күндері болып екі жағдай да есептеледі:
- 1999 жылдың 13 маусымы  (екі банктің бірігуінен пайда болған ААҚ     “Иртышбизнесбанктің” құрылған күні),
- 2002 жылдың 13 наурыздың (ААҚ “Иртышбизнесбанктің” ААҚ “Альянс Банк” болып өзгерген күн).
Шың мәнісінде, айғактарды заңгерлердің көзқарасымен қарастыратын болсақ, онда Альянс Банк 2002 жылдың 13 наурызында дүниеге келген. Қайтседе, біздің әрқайсымыздың білетініміз тек бір – бүгінгі күнгі банктің осындай жетістіктерінің себебі 2002 жылдың 13 наурызында бастау алғаны. 
21 қараша күні Алматы қаласында 7- ші марапаттау фестивалі өткен болатын.Онда жеңімпаздарды құттықтау рәсімі - бас жүлделерді салтанатты турде сыйлау фестивалі - “Жыл таңдауы” құрметті медальдары құрметпен табыс етілді. Әділ-қазылар, қайсысы еліміздің сыйлы да, атақты азамматтарынан құралды. Олар 2006 жылдың мәдениет, бизнес, медицина және өнер салаларыбойынша “Үздіктердің үздігі” номинацияларын таңдады.
Халық арасындағы өткен көптеген сұраулар бойынша және эксперттік комиссияның шешімімен осы жылы “Альянс Банк” бірінші орынға  екі номинациямен таңдаулы болып ілікті. Атап айтар болсақ, “Экспресс несиесі” бойынша және “Тұтыну несиесі” бойынша іліккен болатын. Өйткені “Экспресс несиесі” бүгінгі таңда ақша табудың ең қолайлы және жеңіл түрі болып есептеледі. Ал “Тұтыну несиесі” қысқа уақытта және қолайлы жағдайда, мүлік және автотранспорт алуға немесе үй соғып, жөндеу жұмыстарын да жасауға болады. “Жыл таңдауы” фестивалі халықаралық статусқа тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Қырғыстанда, Өзбекстенда, Украинада, Беларусияда да танымал екенін баса айтқымыз келеді. Мұның бәрі де Банк үшін өте ұтымды да, ұшқыр ой екені хақ.
 Банктің  қалыпты  жұмыс  істеуі  үшін  жарғылық,  резервтік,  сақтандыру  және  басқа  да  қорлар  құрылады.
   
 
1.1 Аударымдар 
  Жарғылық  қор  жаңа  акционерлерді  тарту,  құрылтайшылардың  қосымша  акция  сатып  алуы,  мүлік  құнын  қайта  бағалауда,  дивиденттерді  қайта  инвестициялау  жолдары  арқылы  ұлғайтылуы  мүмкін.  Жарғылық  қордың  мөлшерін  көбейту  не  азайту  акционерлердің  жалпы  жиналысының  шешімімен  анықталады.  Жарғылық  қордың  өзгеруі  Ұлттық  банкте  тіркеледі.
      Алдын  ала  белгіленбеген  шығындар  мен  залалдарды  жабу  үшін  банкте  резервтік  қор  құрылады.  Ол-банктің  табысынан  жыл  сайынғы  аударымдар  есебінен,  жарғылық  капиталының  сомасының  25%  көлеміне  дейінгі  мөлшерде  құрылады  және  банктің  басқармасының  шешімі  бойынша  жұмсалады.
    Сақтандыру  және  басқа  да  арнайы  мақсаттағы  қорлар  ШНҰ “Альянс Бизнес кредит” ЖШС ШФ табысынан  аударымдар  жасау  арқылы  құрылады;  олар  басқарма  және  жалпы  акционерлер  жиналысының  шешімі  бойынша  жұмсалады.
      Республикамызда  мемлекет  пен  банктің  жауапкершіліктері  заң  негізінде  шектеледі.  Банк  мемлекеттің  міндеттемелері  бойынша  жауап  бермейді,  сондай-ақ  мемлекет  те  банктің  міндеттемелері  бойынша  жауап  бермейді.
      ШНҰ “Альянс Бизнес кредит”  ЖШС ШФ  өкілетті  және  атқарушы  билік  органдарына  тәуелсіз   түрде   қызметімен  байланысты  жедел  шешімдерді  қабылдайды.
    ШНҰ “Альянс Бизнес кредит”  ЖШС ШФ  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банкпен  қарым-қатынастары  «Қазақстан  Республикасының  банктер  және  банктік  қызмет  туралы»  заңның  41-45  баптармен  анықталған  қағидалар  негізінде  қалыптасады. Өз  қызметінде  республиканың  ақша-несие  жүйесінің  дамуы  мен  нығая  түсу  мүддесінде-барлық  банктік  жүйесінің  қалыпты  қызмет  етуіне  ықпал  етеді;  банктерді  банктік  қызмет  бойынша  керекті  нормативтік  құжаттармен  өз  уақытында  қамтамасыз  етеді;  банктік  жүйе  үшін  қажет  кадрларды  дайындауға  қатысады,  банктердің  жұмысына  қажетті  әдістемелік  көмек  көрсетеді.
     
    ШНҰ “Альянс Бизнес кредит”  ЖШС ШФ қаржылық  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету,  олардың  кредиторлары  мен  клиенттерінің  мүдделерін  қорғау  және  де  ақша  айналымын  нығайту  мақсатында  Ұлттық  банк,  дербес  балансы  бар,  олардың  филиалдарының  міндетті  түрде  орындалуы  тиіс  экономикалық  нормативтерді  бекітеді.  Бұл  нормативтер  сонымен  бірге  еншілес  банктер  және  банктік  бірлестіктер  үшін  де  қолданылады.
       ШНҰ “Альянс Бизнес кредит”  ЖШС ШФ Ұлттық  банкке  баланстарды  ұсыну,  есеп  беру  және  банктік  қызметпен  байланысты  басқа  құжаттарды  беруге  міндетті.  Бірақ  та  алынған  мәліметтер  жариялануға  жатпайды.
      «Қазақстан  Республикасының  банктер  мен  банктер  мен  банктік  қызмет  туралы»  заңға  сәйкес  банктік  операцияларды  мерзімдер  мен  шарттарға  қатысты  оның  жазғандарының  орындалмауы,  есеп  берулерді  бермеуі  немесе  олардың  толық  емес  болуы,  жылдың  қорытындыларын  шығынмен  аяқтағанда  анықтаған  жағдайларында – банк  құрылтайшылары  алдында  банкті  қаржылық  жағынан  сауықтандыру  шараларын  жүргізу,  оның  жетекшілерінің  ауысуы,  банкті  қайта   ұйымдастыру  немесе  тарату  жайлы  сұрақ  қоя  алады  және  де  мынандай  санкциялар  қолданады:
- заңдармен  бекітілген,  ақшалай  айып – пұлдарды  өңдіріп  алу;
- банк  дебиторларының  қарыздарын  Ұлттық  банкте  орналастырылған  резервтік  қордан  беру;
- осы  заңның  42-бабымен  қарастырылған  кейбір  нормативтердің  өзгеруі;
 
      ШНҰ “Альянс Бизнес кредит”  ЖШС ШФ бухгалтерлік  есеп  ережелері, есептік  және  басқа  да  материалдардың  сипаты  мен  көлемі  Ұлтттық  банкпен  бекітіледі.       
        ШНҰ “Альянс Бизнес кредит”  ЖШС ШФ  арасындағы  клиенттерді  тарту  жөнінде  күшеюі  банктердің  клиенттермен  өзара  қарым – қатынасты  ұйымдастыру  сұрақтарына  ерекше  көңіл  бөлуді  талап  етеді. «Қазақстан  Республикасының  банктер  және  банктік  қызмет  туралы»  заңның  33-бабы  бойынша  тең  құқылы  әріптестер  ретінде  шығып,  бос  несие  ресурстары  нарығында  өз  операцияларын  жүргізеді.
    Олар  өз  қызметінде,  өз  клиенттеріне  қаражаттарды  орналастыру,  несие  алу  үшін  жақсы  жағдайлар,  банктік  қызметтердің  әлде  қайда  кең  спектрін  көрсете  отырып,  бір-бірімен  бәсекеге  түседі.  Банктер  өз  клиенттері  алдында  жауапты.
        ШНҰ “Альянс Бизнес кредит”  ЖШС ШФ қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
   ШНҰ “Альянс Бизнес кредит”  ЖШС ШФ қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс - әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез – келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады. 
   Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. ШНҰ “Альянс Бизнес кредит”  ЖШС ШФ өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
  ШНҰ “Альянс Бизнес кредит”  ЖШС ШФ - ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады. 
   ШНҰ “Альянс Бизнес кредит”  ЖШС ШФ негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
 « Қазақстан республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы »  Заңға сәйкес мынадай операциялар орындай алады:
·   ақылы негізде депозиттерді тарату;
· клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
· қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
· инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің   тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
· заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару ( чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
· төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
· банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
· клиенттер үшін құжаттар  мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер.
 
1.2  Несиелер
 Лизинг операциясы деген жолдаушы кәсіпорындардың ұзақ мерзімге машиналарды, жабдықтарды, қозғалмайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа элементтерін жалға бергенде  жүргізілетін операциялар. Банктер лизинг компанияларына несие беру арқылы лизинг операцияларына қатысады. Сонымен қатар, банктер жалға беретін машиналар мен құралдарды шығарушы - кәсіпорындарды да несиелеуі мүмкін. Шарт мерзімнің соңында жолдаушы лизинг объектісін қалған құны бойынша сатып алуына болады. Банк лизинг операциясын жүргізу арқылы клиенттің төлем қабілетсіздігінен туындайтын шығын қауіпін төмендетеді. Оған қоса, банк жалға берілетін мүлікке  амортизациялық төлемді қосуға құқы бар. Ондай жағдайда сол мүліктен салық төленбей, ол сома жабдық алуға жұмсалуы мүмкін.
Шынында  да , банк жетекшілері пайдан ыжоғарылатуға  тырыса отырып, шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды.
Мұның барлығы белгілі бір шамада бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, оған банк иелері мен оның салым шыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз болады. Біріншілер, қосымша  пайда табу үшін тәуекелдікке баруға дайын болса, ал екіншілер үшін, банкке сеніп тапсырылған қаражаттардың сақталуы  ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелдіктің арасындағы ықшамды қатынасты ұстап отыру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.
Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері оның портфеліен байланысты болып  келеді, яғни банктің қаражатына  жұмсалынған қаржылық активтермен  байланысты.
Тәжірибеде төрт басты портфельдік тәуекелдік түрлері белгілі: несиелік, өтімділік, пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, валюталық тәуекелдік.
Факторинг деген өнімдерді сату процесінде контрагенттердің арасында туындайтын төленбеген қысқа мерзімді қарыз тапсырысын банкке сату. Бұл жағдайда банк өнімді сатып алушыдан төлеуді талап ететін құқыққа ие болады. Сонымен қатар банк клиенттіңайналмалы капиталын несиелеп оның несиелік тәуекелін өзіне алады.
Қарыз беру мәселесін шешерде банк жеткізушінің несие қабілеттілігін талдап, оған қарыздардың жағдайы хабарлармен танысады. Төлей алмау қабілетін банк (фактор) өзіне алатындықтан,ол жеткізушіге жалпы соммасының сексен- тоқсан пайызын бірден өзі төлеп, ал қалғаның дебитор қарыздың барлық соммасын өтегеннен кейін ғана қайтарады. Коммерциялық банктер несиенің осы түрін дамытып, өз операцияларын кеңейтуге қосымша мүмкіндік алып, табысын ұлғайтуға және клиенттерімен байланысын нығайтуға қол жеткізеді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде.Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Менбанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан  банктік  тәжірибеде «тәуекелдік» деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын.
Қазізгі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік  әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін туекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төмеңгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Банк тәуекелдігі дегеніміз не ? Тәуекелдік  негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болу үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде  жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді,сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелдіжоғарлату категориясын қолдану арқылы сан жағынан  да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел  теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.
Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына  қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген  мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.
Табысты толық ала алмай  немесе көзделген  мөлшерден артық шығынның жұмсалу формасында  көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекедегі нашар несиелік портфельмен , конъюктураның толық есептелінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға ұшырауына қауіп төндіреді. Жалпы кез келген қызмет түрі міндетті түрде белгілі бір тәуекелмен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін  кез келген кәсіпорын сияқты банкте жоғалтулар мен  банк тәуекелдігіне ұшырауы  мүмкін. 
Әдетте бәсеке деп белгілі бір нарықтағы заңды тұлғалар арасындағы қарсыластықты айтады. Теорияға сәйкес ол – қарсыластың сол нарықтағы сатып алушылар мен сатушылардың санына, сондай-ақ олардың операцияларының ауқымына байланысты анықталады. Егер де біз банктік бәсеке туралы атсақ,  онда оның еркін нарықтағы  бірқатар белгілерін қарастыруға болады.
Бірінші белгісі –капиталдар нарығында қаржылай қызмет көрмететін көптеген қаржылық институттардың болуы.
Екінші белгісі - әрбір нарыққа  қатысушыларда толық ақпараттар көлемінің болуы. Онсыз ол әрекетін дұрыс таңдай алмайды.
Үшінші белгісі – барлық қатысушылардың нарыққа шығарылатан қаржылық өнімдерінің (депозиттер, несиелер және басқа да қызметтер ) бірыңғайлығы .
Төртінші белгісі – ешбір қатысушы басқа қатысушылардың қабылдаған шешімдеріне ықпал ете алмайды.
Бәсекелестік кез келген істе керек және ол еркін нарықта тиімді. Бәсекелестік бар жерде кез келген қызмет тиімді болады, өнімге немесе қызметке деген баға төмен және тұтынушыларға тиімді. 
Сонымен, біз қай бәсеке банктік қызметте  болатыны және оны төмендетудің негізгі әдістерін қарастырдық . Мұндай шараларды жасау бәсеке шеңберіндегі банк стратегиясының маңызды компаненті болып табылады.
Демек,  нарық шаруашылығындағы банктік қызметтің басты бәсекесін және банкротты төмендету арқылы  операциялардан түсетін пайданы барынша  жоғарылатудан тұрады.
Банк стратегиясы төмендегідей қағидалардан құралады:
- қалай да арзанға сатып алу;
- қызметтерді сақтау.
Жүктеп алу
270 рет жүктелген
67.50 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Мағжан Жұмабаев
Рефераттар
ДОМБЫРА ФИЛОСОФИЯСЫ
Рефераттар
ТҮРКІСТАНДА ТАЙҚАЗАН
Рефераттар
ГӘККУ
Рефераттар
Өркениет басталуы