АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
817
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Ұйым басшылығына аудитордың жазбаша ақпараты
1.2 . Аудиторлық қорытындының құрылымы мен нысандары
2. АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1. Ескертусіз аудиторлық қорытынды
2.2. Арнайы мақсаттарға аудиторлық және теріс аудиторлық қорытынды (есеп
2.3. Тіркеме (аудиторлық қорытынды
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процессін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларлы іске асыруүшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.
Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері мехнизмдеріне түбегейлі әсер етті.
Аудиторлық қызмет негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі. Аудиттің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы бақылау жүргізу.
Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында оның нақты құрамы туралы айту қажет. Олар мыналар: шаруашылықтағы субъект мәлімет аудитордың мамандығы фактілерді жинау және бақылау аудит стандарты аудитор ақпараты, есебі.
1. АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Аудиторлық қорытындының құрылымы мен нысандары
«Аудиторлық қызмет туралы» заңның 15 – бабында атап көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандарттарына сәйкес болуға тиісті аудиторлық қорытынды есеп жасалынады.
Қазақстан Республикасында аудиторлық қорытынды есепті құруға негіз болатын нормативтік құжаттар : «Каржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп» , «Салыстырмалы көрсеткіштер» «Арнайы мақсаттарға аудитті өткізуге келісімдер бойынша аудиторлық қорытынды есеп» деп аталатын Халықаралық аудит стандарттары.
Сондықтан білдірілген пікірлердің сипатына байланысты аудиторлық қорытындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:
• Ескертусіз (шартсыз) аудиторлық қорытынды;
• Ескертулері бар (шартты) аудиторлық қорытынды;
• Аудиторлық қорытынды беруден бас тарту;
• Теріс аудиторлық қорытынды.
Аудиторлық қорытындының құрылымы мынандай элементтерден тұрады: қорытынды есептің аты, адрес иесі, кіріспе бөлім, аудиттің масштабын анықтаушы бөлім, қорытынды бөлім, есеп беру мерзімі, аудитордың (аудиторлық ұйымның) мекен – жайы, аудитордың қолы [1].
Қорытынды есептің аты. Аудиторлық қорытынды есептің тиісті атауы болуға тиісті. Аудитолық қорытынды есеп пен кәсіпорын жұмыскерлері, директорлар кеңесі сияқты басқа да тұлғалар жасауы
мүмкін қорытынды есептердің, сонымен бірге тәуелсіз аудитор басшылыққа алатын этикалық принцптерді басшылыққа алмауы мүмкін басқа аудитордың қорытынды есептернің арасындағы айырмашылықтарды белгілеп көрсету үшін оның атауында «Тәуелсіз аудитор» деген терминді пайдалануға рұқсат етіледі.
Адерес иесі (Адресат). Аудиторлық қорытынды есеп жергілікті ережелер мен келісім – шарттардың талаптары бойынша лайықты түрде адрес иесіне жіберілуге тиісті. Әдетте, қорытынды есеп акционерлерге, не болмаса қаржылық қорытынды есебі аудитке тартылатын кәсіпорынның директорлар кеңесіне арналып құрылады.
Аудиторлық қорытынды есеп кәсіпорынның тексерілген қаржылық қорытынды есебіне қарастырылған мерзімді және кезеңді кіргізе отырып, сол қаржылық қорытынды есеппен бірдей болуға тиісті.
Қорытынды есепке қаржылық қорытынды есептің ақпараттарына кәсіпорын басшылары жауап беретіндігі, онымен бірге аудитордың жауапкершілігі жүргізілген аудиттің негізінде қаржылық қорытынды есеп жайында өзінің қорытындысын беру болып табылатындығы туралы пікірлер кіруге тиісті.
Қаржылық қорытынды есеп – кәсіпорын басшылығы дайындап тапсырған ақпараттар. Ондай қорытынды есепті дайындап, басшылықтан елеулі есептік бағалаулар жүргізуді және пікір білдіруді, сонымен бірге қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде пайдаланылған қолайлы бухгалтерлік принциптер мен әдістерді анықтауды талап етеді. Және оған қарама – қарсы, аудитордың міндеті сол қаржылық қорытынды есеп бойынша өзінің қортындысын беру мақсатында оған аудит өткізу болып табылдады.
Аудиттің масштабын анықтау. Аудиторлық қорытынды есепте аудитің Халықаралық аудит стандартына немесе тәжірибеге сәйкес жүргізілгендігін көрсете отырып, оның масштабы бейнеленеді. Аудиттің масштабы дегеніміз – аудитордың қалыптасқан жағдайларға байланысты қажетті аудит процедураларын орындауы болып табылады. Ақпаратты пайдаланушыға ол аудиттің жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға немесе тәжірибеге сәйкес орындалғандығының дәлелі ретінде керек.
Аудиторлық стандарттар немесе тәжірибе ретінде, егерде тек басқа стандарттар немесе тәжірибе ескеріліп айтылмаған болса, аудитордың адресінде көрсетілген стандарттар немесе елдің тәжірибесі есептелінеді.
Қорытынды есепте аудиттің жоспарланғандығы және қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмалаушылықтардың жоқ екендігіне саналы түрде кепілдік алу мақсатында орындалғандығы туралы пайымдаулар болуға тиісті.
Аудиторлық қорытынды есепте төмендегілер кіретін аудиттің жазбаша суреті болуаға тиісті:
• қаржылық қорытынды есепте ашылған көрсетілетін ақпараттардың сомаларын растау мақсатында дәлелеудерді тестілеу негізінде тексеру жүргізу;
• қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде басшылық бухгалтерлік есеп жүргізу принциптерін бағалау;
• қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде басшылық жүргізген маңызды алдын – ала бағалауларды талдау;
• жалпы қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыруды бағалау.
Қорытынды есепке аудиттің қорытынды жасау үшін қолайлы негізді қамтамасыз ететіндігі туралы аудитордың пайымдауы кіруге тиісті.
Қорытынды жасау . Аудиторлық қорытынды есеп қаржылық қорытынды есептің шын мәнінде дұрыс ақпараттарды беретіндігі жөніндегі аудитордың қорытындысын анық көрсетуге тиісті.
Аудитарлық қорытындыны білдіру үшін пайдаланылатын « дұрыс және дәл көрініс» немесе «барлық маңызды аспектілірі бойынша дәлберілген» терминдері бір – бірімен эквивалентті. Екеуі де аудитордың қаржылық қорытынды есеп шеңберінде маңызды болып табылатын аспектілерді қарастырғандығын көрсетеді.
Қаржылық қорытынды есеп дайындап тапсыру негізі Халықаралық аудит стандартымен, сонымен бірге «дұрыстық» түсінігімен сәйкес келетін елдегі жалпы тәжірибенің дамуымен және жергілікті заңдардың есепке алынуымен анықталады. Ақпаратты пайдаланушыларды « дұрыстық» түсінігім пайдаланылатын контекс (мағына) жөнінде хабардар ету үшін аудиторлық қорытынды «Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес» деген сөйлемді пайдалана отырып, қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру негізін көрсетуге тиісті.
Есеп беру мерзімі. Аудиторлық қорытынды есебінде қойылыатын мерзім аудиттің аяқталу мерзімі болып табылады. Бұл – аудитордың қаржылық қорытынды есепке оның өзіне белгілі және көрсетілген мерзімге дейін болған оқиғалар мен операциялардың әсерін есепке алғандығы туралы оқырмандарды хбардар етеді.
Аудитордың адресі (мекен-жайы). Қорытынды есепте аудит үшін жауапты аудитордың офисі орналасқан пункт (әдете қала) көрсетілуге тиісті.
Аудитордың қолы. Қорытынды есепке аудиторлық компанияның атынан, аудитордың жеке өз атынан немесе екеуінің де атынан, егер ол қажет болса, қол қойылуға тиісті. Әдетте, аудитордың қорытынды есебіне компанияның атынан қол қойылдады. Себебі аудит үшін фирма жауап береді.
Аудиторлық ескертулердің нысандары
Барлық ескертулер аудит масштабының шектеулілігінің немесе келісе алмаушылықтың нәтижесі болып табылады [2].
1.2. Ұйым басшылығына аудитордың жазбаша ақпараты
Барлық қажетті процедураларды жүргізіп болғаннан кейін аудитор аудит бағдарламасының барлық пункттерінің орындалу сапасы мен толықтығын, сонымен бірге метериалдық қателер мен бұзушылықтарды өзінің орындылығын айқындайды.
Аудиторлық тексерудің аяғында процедуралардың ассистент орындаған бөлігінің орындалу сапасын тексеру үшін, сонымен бірге тексерудің аудиторлық қызметтің белгіленген стандартының талаптарын қанағаттандыратындығына көз жеткізу үшін және тексеру жүргізу процессінде аудитордың дағдысына енуі мүмкін немқұрайлықтарды бейтараптандыру үшін барлық жұмыс құжаттарын тағы да бір рет қарап шығу қажет.
Қорытынды есептің жекелеген баптары немесе баптардың топтары жөнінде жеткілікті ақпараттарды жинап алғаннан кейін аудитор төмендегі жағдайларды анықтау үшін қорытынды есепке жалпы текесеру жүргізуге тиісті:
• Операциялардың нәтижелері, қаржылық жағдай және қаржылық қорытынды есептегі басқа да ақпараттар мен кәсіпорын туралы аудитордың бөлімінің өзара сәйкес келетіндігін;
• Қажетті ақпараттардың лайықты түрде ашылғандығын және қаржылық қорытынды есептегі мәліметтердің жіктелуі мен тапсырылуының дұрыстығын;
• Қаржылық қорытынды есептің кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қатысты заңдық құжаттардың және басқа нормотивтік актілердің барлық талаптарына сәйкес келетіндігін;
• Жүргізілген басқа тестілердің және қаржылық қорытынды есепке жалпы тексеру жүргізудің нәтижесінде жасалынған қорытындыдан аудитордың бұл қорытынды есеп туралы өзінің ой – пікірін тұжырымдай алатындығын.
Енді аудиторлық қорытынды жасауға болатын шығар. Бірақ тексеру нәтижелері бойынша клиент басшылығына ақпарат (хат) тапсыру орынды болар еді.
Клиент басшылығына хат – бұл, кәсіпорынның басшысына, иесіне, қатысушылардың жалпы жиналысына жіберілген, аудиторлық тексеру барысы туралы, айқындалған бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген тәртібінен ауытқулар туралы, қаржылық қорытынды есептегі бұзушылықтар, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар туралы толық мәліметтері, сонымен бірге аудиторлық тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын басқа да ақпараттары бар құжат.
Хаттың нысаны және жасалу тәртібі фирмашілік стандарттарда қарастырылуға тиісті.
Басшылыққа хат төмендегілерден тұрады:
• Аталуы ( «Аудиторлық есеп беру» немесе «Басшылыққа хат»);
• Адрес иесінің атауы;
• Кіріспе бөлім;
• Талдамалық бөлім;
• Қорытынды бөлім.
Басшылыққа хат - аудиторлық тексеру жүргізуге тапсырыс берушіге оның барлық қажетті реквизиттерін көресете отырып, жіберіледі.
Басшылыққа хаттың кіріспе бөлімінде аудиторлық ұйымның реквизеттері, оның ішінде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның номері, берілген мерзімі, аудиторлық тексеруге қатысушы аудитор және басқа тұлғалар туралы мағлұматтар, сонымен бірге аудиторлық тексеру жүргізу негізі және кәсіпорын қызметінің жалпы сипаттамасы жазылады.
Басшылыққа хаттың констатациялау (белгілеу) бөлімінде Халықаралық аудит стандартына сілтемелер болады және оған төмендегілер енгізілуі тиісті:
• Экономикалық субъектідегі ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері;
• Қаржы – шаруашылық қызметі жүзеге асыру кезінде заңдардың сақталуына тексеру жүргізу нәтижелері;
• Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен төленуінің дұрыстығын тексеру нәтижелері;
• Активтердің жағдайын тексеру нәтижелері.
Экономикалық субъектідегі ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпараттарға жатындар:
• Ішкі бақылау жүйесінің экономикалық субъект қызметінің масштабы мен сипатына сәйкестігін жалпы бағалау;
• Аудиторлық тексеру жүргізу барысында айқындалған ішкі бақылау жүйесінің экономикалық субъект қызметінің масштабы мен сипатына елеулі сәйкессіздіктерін бейнелеу.
Экономикалық субъектідегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп беру жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпараттарға енгізілетіндер:
• Бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген тәртібін бағалау;
• Аудиторлық тексеру жүргізу барысында айқындалған бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті дайындаудың белгіленген тәртібінің елеулі бұрмалануын көрсету.
Кәсіпорынның қаржы – шаруашылық операцияларын жүзеге асыру кезінде заңдардың сақталуын тексеру нәтижелері туралы ақпараттарға төмендегілер енгізілу тиісті:
Кәсіпорында жүзеге асырылған қаржы–шаруашылық операцияларының заң актілеріне сәйкестігін бағалау;
Аудиторлық тексеру жүргізу барысында айқындалған кәсіпорында жүзеге асырылған қаржы – шаруашылық операцияларының заң актіліеріне елеулі сәйкессіздіктерін көрсету.
Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен төленуінің дұрыстығына тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпараттарға жататындар:
• Жасалынған және тиісті органдарға тапсырылған салық және басқа да міндеті төлемдер бойынша есептелулердің дұрыстығын бағалау;
• Салықтар және басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеудің белгіленген тәртібін бұзу фактілерін, салық салынатын базаны анықтау кезіндегі ауытқуылықтарды көрсету.
Активтердің сақталуын тексеру нәтижелері оларды түгелдеуге, негізделуге және оларға активтердің нақты бары мен сақталуы туралы мәліметтер енгізілуге тиісті.
Аудиторлық қорытынды есептің қорытынды бөлімінде айқындалған ауытқушылықтарды жою жөніндегі аудиторлық ұйымның ұсыныстары, сонымен бірге кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің тиімділігін көтеру жөніндегі ұсыныстар мен ақыл – кеңестер болуға тиісті.
Клиент басшылығына хат анық, әрі қысқа, әрі мазмұнды, нақты дәлсіздіктерсіз болуға тиісті. Басшылықпен жасалынған келісім бойынша басқарудың әртүрлі деңгейлері үшін жеке хаттар жасалынуы мүмкін.
Аудитордың кәсіпорын басшылығынан өзінің ақпараттық хатына сол хатта көтерілген мәселелер бойынша болжанған іс - әрекеттер көрсетілген жауапты сұрап алуына болады. Жауап шешім қабылдауға құқықты тұлғаның қолы қойылған хат түрінде рәсімделуі мүмкін [3].