Ауыл мұғалімінің іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктері

Рефераттар
1022
Мазмұны
Кіріспе
Ауыл социумының психологиялық-педагогикалық проблемалары және ауыл мектептеріндегі білім беру үрдісінің құрылымдық ерекшеліктері
1 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі ауыл мектептерiне қатысты нормативтік құжаттарға аналитикалық шолу
2  Мектеп пен ауыл социумының өзара қарым-қатынасындағы әлуметтік-психологиялық  және әлеуметтік-педагогикалық мәселелер 
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
 
КІРІСПЕ
Қазіргі нарық жағдайындағы ауыл мектебіне, оның ішінде шағын жинақталған мектептерге мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. Бүгінгі күні ауылдық жерлерде қалыптасқан жағдай ешқандай сын көтермейді. Оңтайландыру желеуімен ауылдық жерлердегі мектептердің, оның ішінде шалғайдағы елді мекендерде орналасқан шағын жинақталған қазақ мектептерінің жабылуы ешкімді де бейтарап қалдыруы тиіс емес. 
Адам бойындағы ұлттық мінез-құлық қасиеттерін, өз халқының рухани дүниесін қалыптастырып, ұлтымыздың зиялыларын даярлайтын, рухани дүние негізін құрайтын, рухани дүние негізін қалайтын ауыл мектебі болады. 
Жалпы білім беретін ауыл мектептерінің қала мектептерімен салыстырғанда айырмашылықтары бар екендігі сөзсіз. Атап айтсақ, олар ауыл мектептерінің көбіне тән шағын жинақталған сипаты, ауыл мектептерінің ірі мәдени, ғылыми орталықтардан алшақтығы, шалғай елді мекендерде орналасуы, ауылдық жерлерде мектепке дейінгі, мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жеткіліксіз болуы, мектепке қарасатын шағын аудандардың аумақтық жағынан шашыраңқылығы және т.б. 
2006 жылы Республикадағы 779 мектептің 4-сыныптарында 33811 оқушыдан ашық 15 тапсырма бойынша тест тапсырмалары алынды. Орташа балл ретінде Республика бойынша 11, 44 балл көрсетілді. Бұдан ауыл мектептерінде оқушылардың  білім сапасын жетілдіру көкейтесті мәселенің бірі болып отырғанын байқадық.  Республика бойынша қалалық жалпы білім беретін орта мектептің саны  – 2141,  6016 ауыл мектептері. 
Кез келген мемлекетттiң өркениеттiлiгi онда өмiр сүретiн халықтың бiлiм деңгейiмен бағаланады. Ал өркениеттiлiктiң негiзi мектепте қаланып, мектепте  қанат жаяды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында сөйлеген сөзiнде: “Мектеп туралы мәселенiң көтерiлiп жатқаны өте дұрыс. Мектеп әлеуметтiк мәселелердiң iшiндегi ең өзектiсi”,-  деген пiкiрі айта келе әсiресе ауыл мектебiн өркендетуге, ауыл мектебiнiң жағдайын жақсартуға баса көңiл бөлу  қажет  екенiне баса мән бердi. Сол себепті де  қазiргi нарықтық экономика жағдайындағы ауыл социумының бiлiм беру ісін ұлттық құндылықтар мен әлемдiк педагогика жетiстiктерiн ұштастыру аясында дамытудың ғылыми-әдiснамалық негiздерiн жасау мақсатында жүйелi жұмыстар жүргiзудiң  қажеттiгi  заман талабынан туындап отыр. 
    Ауылдағы бiлiм  мекемелерін  реформалап, оны нарықтық экономика жағдайында нормативтiк құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк негiзде ұйымдастыру, басқару, қаржылық-материалдық жағынан қамтамасыз ету, ауыл мектептерiнің  құрылымдық жүйесiн жетілдіруді қоғамдық өмiр мен әлеуметтiк құбылыстардың ерекшелiктерiн ескере отырып, дамыту да өзекті мәселелер қатарынан орын алып отыр.
Қазіргі өркениетті заманда жан-жақты, рухани, үйлесімді, жоғары мәдениетті адамды қалыптастыруға психология ғылымы ерекше үлес қосып отыр. Оның ішінде ауылдық мектептік педагогикалық-психологиялық қызмет оқу-тәрбие үрдісіне ғылыми және практикалық психологияға аса мұқтаж. 
 
Ауыл социумының психологиялық-педагогикалық проблемалары және ауыл мектептеріндегі білім беру үрдісінің құрылымдық ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі ауыл мектептерiне қатысты нормативтік құжаттарға аналитикалық шолу
 
Қазiргi кезде әлемдiк қауымдастық Қазақстан Республикасын нарықтық экономика елi ретiнде танып отыр. Тәуелсiздiк алған қысқа тарихи кезең iшiнде елiмiз өркениетпен ықпалдаса, жаңа прогресшiл технологияларды пайдалана отырып, экономика саласында үлкен бетбұрыс жасады. Осыған орай қоғам өмiрiнiң негiзiн құрайтын және экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздiгiнiң аса маңызды факторы болып табылатын бiлiм беру жүйесiнiң, соның ішінде ауыл мектептерінің қызметін арттыру мәселесі алға шығып отыр. Қазіргі жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуге талпынып отырған біздің мемлекетіміздің басты мақсаты да қала мен ауыл арасындағы байланысты нығайтып, олардағы білім мекемелерінде тұрақты хал-ахуал орнату болып табылады. Ауылдық мектеп  оқушыларының бiлiм жетiстiгiн  өркениеттi  елдердiң бiлiм деңгейiне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндылықтарды оқушылар бойында қалыптастыру,  бiлiм берудi iзгiлендiру, оқушылардың жас ерекшелiктерiн ескеру, іргелі бiлiм беру, оқушылардың құзырлылығын арттыру т.б. басым бағыттар оқыту үрдісінің негізін құрайды. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында төртінші басымдықтың білім беруге арналғаны да осының айғағы болса, зерттеу жұмысының нарықтық экономика жағдайындағы ауыл социумының даму деңгейін анықтауды мақсат етуі де қоғамдық талаптардан туындап отырған қажеттілік екендігі сөзсіз.
Ғылыми-зерттеу жұмысында ауылдың әлеуметтiк педагогикасының негiзгi ғылыми обьектiсi ретінде “социум”, «ауыл социумы», «ауыл мектебі» деген ұғымдарға бірқатар ғылыми еңбектерге шолу жасау арқылы төмендегідей  анықтамалар берілді:
 Социум –(латын тiлiнде Socium- жалпы, бiрлестiкте ) адамдардың бiрiгiп,  мәдени қоғамдастықта өмiр сүруiне қажеттi үлкен тұрақты әлеуметтiк қоғамдастық.
Әлеуметтiк  орта  - адамдардың нақтылы бiрлiкте, белгiлi уақытта, өзiнiң қандай да болмасын мақсатқа жетуге бағытталған, бiрiккен iс- әрекетiне жағдай туғызатын факторлардың жиынтығы.
Ауыл әлеуметі (ауыл социумы) - халықтың мәдени- тарихи өмірін дамытуға бағытталған, мектептегі оқу үрдісіне тікелей қатысы бар мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтендіру жүйесінің құрамдас бөлігі ретіндегі инфрақұрылым.
Социумның қоғамдағы қызметі мекендік орналасу жағдайларына байланысты әлеуметтiк-тарихи, әлеуметтiк- экономикалық, мәдени бағытта қарастырылады. Социумның әлеуметтiк аумағы жеке адамдардың өзара қатынасы және оларды қоршаған ортаның құбылыстары мен процестерi арасындығы бiрiгiп еңбек ету нәтижесiнде ауыл өмiрiнiң тұрмыстық және шаруашылық негiздері қалыптасатын байланыстарды қамтиды. Ал әлеуметтiк саясат әлеуметтiк мүдделер мен қажеттiлiктердi қанағаттандыруға, салауатты өмiр салтын орнатуға қажетті саяси шешiмдер мен iс- әрекеттер жиынтығын құрай отырып, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Ауыл социумын барынша сипаттайтын ерекшелiктер қатарына жерге, табиғатқа айрықша қатынас, ауыл әлеуметiнiң ашықтығы, адамдардың бiр- бiрiмен қарым- қатынасының сенiмдiлiгi, әрбiр отбасына деген қамқорлық және т.б. жатқызуға болады.
Еліміздің кең  -байтақ дархан даласын алып жатқан  халық саны аз, ірі мәдени орталықтан алыс, өмір салты қарапайым, еңбек түрі көбінесе жер өңдеу және мал өсірумен байланысты елді мекендер ауыл деп аталады. Ауыл өмірі оның ірі қалалардан алыс не жақын орналасуына байланысты әр түрлі болады.  Қазіргі статистикалық деректерге қарағанда қазақ ұлтының 60 пайызы, жалпы Қазақстан халқының 45 пайызы ауылды жер тұрғындары болып табылады. Кейінгі кездегі ауыл халқының қалаға көшіп-қонуы салдарынан мұнда кәмелетке жеткен, еңбектену мүмкіндігі жоғары жастардың саны азайған. Жас отбасылардың қалаға көптеп көшуі себепті ауылдағы балалардың да саны азайып, бала- бақшалар жабылып қалуда.  Бұл өз кезегінде ондағы мектептердің әр түрлі болуына ықпал етіп, шағын мектеп, аралас мектеп, бастауыш мектеп, 8-9 жылдық мектеп т.б.білім беру мекемелерін ұйымдастыру қажеттігін туындатып отыр.
  Қазiргi ауыл мектептерi- ұлт мектебiнiң негiзiн қалаушы, Қазақстан Республикасының ұлттық бiлiм  саясатын  жүзеге асыратын мекеме қызметін атқарады.  
Ауыл мектебi- қазiргi кезеңдегi ауыл дамуының негiзi болып табылатын оқушылар мен ауыл тұрғындарының мүдделерi мен қажеттiлiктерiн есепке алатын, ауыл тұрғындарының рухани- адамгершiлiк құндылықтарын, дәстүрiн, әдеп- ғұрпын, тұрмыстарын және олардың азаматтық құқықтарын сақтап, дамытатын бiлiм беру  мекемесі болып табылады. Ауыл мектебi жеке тұлға мен бiлiм беру мекемесiнiң, отбасының, ортаның, билiк орындарының арасында байланыс орнатып, оқушылардың  құқықтарының жүзеге асуына, олардың  өмiрi мен денсаулығын  қорғауды  қамтамасыз етуге, жалпыға бiлiм берудiң орындалуына, салауатты өмiр салтын насихаттауға көмектесiп, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Ауыл мектебі дамуының стратегиялық  бағыттары  тiршiлiк әрекетiнiң мәдени-бiлiм беру дәстүрлерiне, тарихи тәжiрибелерге, ауыл мектебiн қазiргi бiлiм беру жүйесiндегі базалық құбылыс ретiнде тануға және оқушылардың  жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететiн, ашық мәдени педагогикалық дамушы  ортаға   негiзделуi қажет. 
Ауыл мектептеріндегі бiлiм беру қызметiн ұйымдастырудың ең өзектi жағы бiлiм сапасын жоғары деңгейге көтеру, оны дамытудың тиiмдi тәсiлдерiн анықтау, мектепке практикалық көмек көрсету, маман кадрлармен жабдықтау, оқу- әдiстемелiк қызметтi жетiлдiру арқылы оқу- тәрбие жұмысындағы кемшiлiктердi анықтау, оларды болдырмаудың жолдарын iздестiрiп, түйiндi мәселелердi сараптау болып табылады.Ауыл мектебiнiң тәрбиелiк мүмкiндiгi зор, олар халық менталитттерiнде: туған жерге, елге деген сүйiспеншiлiк, табиғатты ерекше қастерлеу, қорғау, аялау, үлкен-кiшiнi сыйлау, меймандостық, көңiлдiң ашықтығы, адами қатынастар, отбасы мүшелерi мен ағайын-туыстарға қайырымдылық, өнердi қастерлеу, ар- ұятты ұстау, т.б. қасиеттерден көрiнедi.
Ауыл мектебiнiң даму моделiнде жас ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, көпұлтты мемлекетiмiзде халықтар арасындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастықты нығайтуда мектептегi елжандылық тәрбиесiнiң дәрежесi өте маңызды орын алады. Ауыл мектептерiндегi оқу- тәрбиенi нарықтық экономика жағдайына бейiмдеу мақсатында  әлемдiк өркениеттiң озық  үлгiлерiн ұлттық тәрбие беру процесiнде пайдалану, ата-ананың рөлiн күшейту, оқу- тәрбие iсiне жаңа технологияларды енгiзу негiзгi өзектi мәселелер қатарына жатады. Алайда ауыл мектебiнiң нарықтық экономика жағдайындағы нақтылы жобасы әлі де жасалмаған.
 Ауыл мектептерi-  елдi мекендегi бiлiм ошағы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыратын орталық міндетін де атқарады. Қазiр көпшiлiк ауылдарда мәдениет үйлерi, кiтапхана, радио, телеарналар жоқ ешкiм жоққа шығара алмайды. Бар болса да бiр ғана телеарна бар. Мiне сондықтан ауыл мектептерiнiң екенiн оқу- тәрбие жоспарында ауылдың әлеуметтiк өмiрi де қөрiнiс табуы заңды құбылыс.
Ауыл мектептерiнiң  оқу- материалдық  базасының нығаюы көбiнесе мектептiң басшысына байланысты. Көптеген мектептер жеке тұлғалар кәсiпкерлердiң демеушiлiк көмегi мен жергiлiктi өкiметтiң материалдық жағынан қолдауының арқасында қиындықтан шығып келедi. Бюджеттен тек жалақыға ғана тиiстi қаржы бөлiнедi. Ауыл мектебінің өзіндік қиындықтары мен ерекшеліктерін саралай келе нарықтық экономика жағдайындағы ауыл мектептерiн дамытудағы атқарылар шаралар қатарына мыналарды жатқызуға болады: 
1. Ауылдың әлеуметтiк жағдайын көтеруде халықтың шаруашылық- тұрмыс жағдайын жақсарту, мектеп пен жоғары оқу орындарын бiтiрушiлерге жағдай жасау, мәдениеттi адам құқығын және жер иесi мәртебесiн көтеру;        
 2.Мәдени орта құрушы тұрғындардың салауатты өмiр салтын ұстануға, демалысын ұтымды ұйымдастыруға мүмкiндiк беру; 
3.Жеке тұлғалардың адамгершiлiк қадiр- қасиеттерiнiң қалыптасуына, 
өзiн-өзi шығармашылықпен айналысуға, өмiрде өз орнын табуға, әрқайсысының бiлiм алуына ұйытқы болу және олардың азаматтық құқықтарын өмірлік жағдаяттарда орынды пайдалана алуын қамтамасыз ету;
4. Педагогикалық-психологиялық тұрғыдан оқушылардың ұлттық сана-сезiмдерiн тәрбиелеу, әлемдiк деңгейге бағдарланған өркениеттi жалпы орта бiлiм беру.
Бұл шаралардың атқарылуы ауылдағы үздіксіз білім беру үрдісінің бала- бақшадан бастап, жаңадан енгелі отырған бағдарлы мектепке дейінгі аралықта өкімет тарапынан қолдау тауып отырғанда ғана іске асады. Ал ауыл мектептеріндегі здіксіз білім беру үрдісін жетілдіру үшін бірінші кезекте мектептің төмендігідей  даму бағыттарын айқындап алуқажет:                            
- ауыл мектебiнiң ғылыми-теориялық, әдiстемелiк негiзiн әлемдiк бiлiм деңгейiне жақындату;
- этнопедагогика, этнопсихология, әлеуметтік  педагогика және психология жетiстiктерiн  білім беру сатыларында ұштастыра отырып, ұлттық бiлiм саясатын жүзеге асыру;
- ана тiлі, ұлттық дiл, мәдениет пен тарихты өркениет жетiстiгiмен қатар өрбiту;
- ұрпақтың  тәрбиесi мен дамуын  қаржылық, денсаулық сақтауды дамыту тұрғысында қамтамасыз ету  тәрізді даму бағыттары айқындалды. 
  Осы бағыттар  негізінде    ауыл мектебінің төмендігідей  психологиялық- педагогикалық қызметін жүзеге асыру қарастырылады:
- ауылдық елді мекендердегі білім  мекемелерінде  оқушыларға жалпы білім беру мен қатар оларға әлеуметтік тәрбие, психологиялық білім беруді де жүзеге асыру;
-   ауыл мектебіндегі оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды дұрыс жолға қоюды қадағалау;
- ауыл социумының әлеуметтік жағдайы мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты қалыптастыру;
- оқушыларға және олардың ата-аналарына әлеуметтік- психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету;
- оқушыларды ауыл шаруашылық жұмыстарына бейімдеуге бағдар жасау; 
- оқушылардың таңдаған мамандықтарына сай өмірден өз орындарын табулары үшін оларға педагогикалық және әлеуметтік тұрғыда дұрыс бағыт беруді ұйымдастыру. 
 Ауыл мектептеріндегі психологиялық-педагогикалық жұмыстарын ұйымдастырудың төмендегідей сипаттары: 
Ауылдағы тұрмыс- тiршiлiктің ірі орталықтардан айырмашылығы; ауыл экологиясы мен табиғат арасындағы тұтастық; отбасын сақтау, отбасын құру, ұрпақ жалғастығы; ауыл мәдениетiнің жеке тұлға қалыптастырудағы орны; ауыл мектебiндегі  оқу- тәрбие жұмыстарының сапасы; ауыл мектептеріндегі оқыту үрдісін әлемдік деңгейге жақындату; ауыл мектебiнiң басшысы, мұғалiмдер мен тәрбиешiлердiң кәсіби біліктілігі т.б. ауылдық мекендердегі оқыту үрдісінің өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл ерекшеліктер ауыл мектебінің құрылымдық сипатына әсер етеді, сол себепті де ауыл мектептерiнiң 40 пайыздан  астамы шағын жинақталған мектептер болып табылады.  Ауылдық жерде 2148 шағын кешендi мектеп  жұмыс iстейдi. Ауыл мектебінің білім беру жүйесіндегі орны, атқаратын қызметі жөнінде  ауыл мектебi проблемаларына жақын келетiн  кейбiр факторларды қазақстандық ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарында арқау еткен. Атап айтқанда, Р.П. Бурганова әлеуметтiк педагогтардың кәсiби дайындығының үрдiсiн, Е.З.Батталханов оқушы жастардың гуманистiк дүниетанымының қалыптасу мүмкiндiктерi мен жағдайларын әлеуметтiк педагогиканың мәселесi ретiнде қарастырса, Т.Б.Машанбаев қызметiн жаңа бастаған ауыл мектебi мұғалiмiнiң кәсiби бейiмделуiнiң педагогикалық жағдайларын, Ш.К.Беркiмбаева қазақ мектебiндегi оқу-тәрбие үрдiсiнiң дамуы (1980-2000ж.), Г.З.Әдiлғазинов шағын жинақталған мектептiң оқу процесiн басқаруда  мұғалiмдерiн дайындауды жетiлдiру, Н.Сламбекова шағын жинақталған мектепте оқыту мәселесімен айналысқан. 
Ауыл мектептерi әрбiр адам, отбасы, ауыл қоғамдастықтары өмiрiнде маңызды роль атқарады.  Көршілес Ресей елінің ғалымдары Е.В. Бондаревская  мен П.П. Пивненконың айтуы бойынша, оның дәстүрлi әлеуметтiк беделi мынадай факторлармен анықталады: экономикалық ( ауыл мектебi - ауыл шаруашылық өндiрiс үшiн кадрларды ұсынушы); әлеуметтiк (мамандықтардың кәсiби даярлығы бар адамдармен жұмыс жасау қауымдастығы); мәдениеттiлiк (ауыл интеллигенциясы мен ауылдың мәдени күштерiнiң назарын бiр нәрсеге аудару); өнегелiгi (ауыл өмiрiнiң рухани ошағы) [1]
 М.П. Гурьянова ауыл мектебiне төмендегідей анықтама бередi: “Бұл ауыл аумағында орналасқан жалпы бiлiм беру ұйымдар түрлерiнiң жиынтығы, олардың территориялық орналасуы, әлеуметтiк ортасы, ұлттық құрылымы әр түрлi, оқушылардың бiлiм және еңбек дайындығының ерекше мiндетiн орындауға және балалардың бiлiм алу талаптарын қанағаттандыруға тырысады.” [2]
Ал, ғалымдар Л. Ф. Стерлин мен Е.С. Зайцев  “Ауыл мектебi- ауылда болып жатқан барлық әлеуметтiк-экономикалық үрдiстердiң белсендi аймағы” болып табылады. Ол ауыл- шаруашылық өндiрiстерiнiң кадрларын дайындап, өз оқушыларын еңбекке баулып, туған  жердегi жұмысқа сүйiспеншiлiгiн тәрбиелейдi”-деп тұжырым жасаған [3]. 
Ауыл мектебiнiң жұмыс жасау жағдайы еңбек ресурстары мен мемлекеттiк аграрлық секторын қамтамасыз етуден құралады. Ауыл мектебi жұмысының ерекшелiктерi - шағындылық, үлкен мәдени және ғылыми- әдiстемелiк орталықтардан қашықтығы, елдi мекендердiң аумақтық әр түрлiлiгi, ауыл шаруашылық, еңбек пен өндiрiстің ерекшелiктерi сияқты  бiрқатар объективтi факторлармен  анықталады. 
 Сөйтіп жоғарыда келтірілген ой-пікірлер негізінде ауыл мектебiне мынадай анықтама беруге  болады: Ауыл мектебі - елдi мекендегi бiлiм беру жүйесiнiң орталығы, ауылдағы әлеуметтiк- экономикалық-мәдени үрдiстердiң ошағы, оны жандандырып тұратын қозғаушы күш. Сондықтан ол, республикалық деңгейдегі білім беру және әлеуметтендіру жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналады.
 Ғылыми-зерттеу жұмысында ауыл мектептерінің әлеуметтік- педагогикалық және психологиялық мәселелерін айқындау тұрғысынан білім беру  саласындағы бірқатар нормативтік ресми құжаттарға аналитикалық шолу жасалды. 
 “Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005- 2010 жылдарға  арналған Мемлекеттiк бағдарламасында’’(ҚР Президентiнiң 11.10.2004ж. №1459 Жарлығымен бекiтiлген)  ауылдық жерде шағын жинақталған мектептердің балаларына арналған бейіндік мектеп- интернаттар ашу және салу қажеттілігі айтылып, осы мектептерге көңіл бөлінген. Мектептің тұрғын жерден алыс орналасуына байланысты 37 мың бала тасымалданатындығы да ауыл мектебінің жұмысын ұйымдастырудағы қиындықтардың бірі деп есептеуге болады.
“Бiлiм туралы “ Заңда атап көрсетiлгендей “Ауылда  бiлiм берудiң негiзгi мақсаты –мектеп оқушыларына  ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика негiзiнде жеке адамды  қалыптастыруға, дамытуға  және кәсiби шыңдауға  бағытталған  бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасауы қажеттiгi атап көрсетiлген (7 маусым1999ж.8 бап,1-10 пункттер).
“Ауыл мектебi” бағдарламасында (2003-2005 жылдарға арналған  Қазақстан Республикасы  Өкiметiнiң №128 4.02.2003 жылғы  қаулысымен бекiткен) ауылдағы бiлiм жүйесiн модернизациялау,жаңа құқықтық, ғылыми- методикалық, ұйымдастыру- басқару, қаржылық –материалдық қамтамасыз ету, ауыл мектебiн өмiрдiң әлеуметтiк құбылыстарының ерекшелiктерiн ескере отырып, бiлiм жүйесiнiң  құрылымдық бөлiгi ретiнде дамыту қажеттiгi  көрсетiлген.
“Бiлiм” мемлекеттiк бағдарламасында (Қ.Р.Президентiнiң жарлығы № 448,30.09.2000ж.Астана) ауыл мектептерiндегi бiлiм берудi  ұйымдастыру мақсаты- оқыту мен тәрбиелеу, мектеп оқушыларын оқыту сапасын арттыру, ауылдық және шағын жинақталған  мектептердiң қызметтерiн жетiлдiру үшiн жағдай жасау керек  екендiгi  айық көрсетiлген.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Ауыл дегенiмiз -сайып келгенде халықтың тұрмыс салты, мәдениетiмiздiң, дәстүрiмiздiң, әдет-ғұрпымыз бен рухани тiршiлiгiмiздiң қайнары.Осынау саяси-моральдық және әлеуметтiк фактордың өзi-ақ бiзден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етедi. Мен бiлiм беру iстiң жағдайын түбегейлi  өзгертудегi  стратегиялық мiндет»,- санаймын  деген тұжырым жасалған. 
 Сол сияқты бұл Жолдауда «Бiз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрiн, тiлi мен мәдениетiн сақтап, түлете беремiз.Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келiсiмдi, бiртұтас Қазақстан халқының iлгерi дамуын қамтамасыз етемiз»,- деп атап көрсетiлген.
 Ғылыми-зерттеу жұмысында ауыл мектептерiнiң қазiргi құрылымдық жүйесi  жалпы бiлiм беретiн ауыл мектептерi мен шағын жинақталған мектептерді құрайтыны зерделенді. Сонымен бiрге,Қазақстан Республикасында нарықтық экономика  жағдайындағы  ауыл мектептерiндегi үздiксiз бiлiм беру үрдiсiнiң құрылымы  мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бiлiм мекемелерi болып бөлiнуiмен ерекшеленетіндігі дәйектелді. Сөйтіп, ауылдағы жалпы бiлiм беретiн орта мектеп- оқушыларға орта ( толық) жалпы бiлiм беретiн, қоғамдық- практикалық  iс-әрекетке және орта және жоғары кәсiптiк бiлiм мекемелерiне дайындайтын жалпы бiлiм беретiн бастауыш, негiзгi және жалпы орта бiлiм беретiн орта мектептiң оқу  бағдарламаларын жүзеге асыруды да қамтамасыз ететiн оқу мекемесi болып саналады.
Жалпы орта бiлiм беретiн орта мектеп үздiксiз бiлiм берудiң негiзгi саласы болып табылады.Күндiзгi жалпы бiлiм беретiн орта мектеп құрылымы  бiрнеше типтерге бөлiнедi:бастауыш, негiзгi, орта, пәндердi тереңдетiп оқытатын мектептер, дамуында жетiстiктерi шектеулi балаларға арналған мектептер, гимназиялар, лицейлер, жеке мектептер 
Ғылыми-зерттеу барысында 2000-2005 жылдардың аралығында ауыл мектептерiнiң саны 235- кемiгенiн, оның iшiнде бастауыш мектептердiң  саны –90-ға кемiгенiн, ауыл мектептерiнде мұғалiмдер саны –6864-ке артқанын, ауылдық жеке меншiк мектептер саны-5-ке кемiгенiн байқадық. Жеке меншiк мектептер саны-2. Республика көлемiнде  әртүрлi пәндердi тереңдетiп оқытатын сыныптар саны-902, оның iшiнде гимназия сыныптары-48.
2001жылдан бастап 104 мектепте 12 жылдық жалпы орта бiлiм беруге көшуге байланысты   тәжiрибе жүргiзiлуде, оның 45-i ауыл мектептерi.   
 Ауыл мектептерiндегi балалардың 8449-ы жетiм және ата-аналарының қарауынсыз қалғандар болса, ал 6306 бала –мүгедектер қатарында.Тұрмыс жағдайы төмен отбасының балаларына қөмек көрсету мақсатында республикада “ Қамқор” қайырымдылық акциясы  құрылып,  балаларға киiм, аяқ киiм ,мектепке қажеттi оқу құралдарын алуға көмектестi.Осы акция барысында  көмектi қажет ететiн 171,5 мың балаға 119,5 млн теңге бөлiндi. Мектеп оқушыларының 40-%-i  ыстық тамақпен 40-%-i мемлекет тарапынан ,ал  47%-i қоғамдық ұйымдар тарапынан қамтамасыз етiлдi.Соның iшiнде  251мың (53% ) тұрмысы төмен, көп балалар жанұя, жетiм-балаларға тегiн тамақ беру ұйымдастырылып, онда 170,2 мың балаға ыстық тамақ мемлекет, 80,9 мың балаға қоғамдық ұйымдар көмектескен.Республикамызда  627 мектептен тыс мекемелер жұмыс iстейдi,оның 227-сi ауылда, онда   жалпы саны-2067  түрлi үйiрмелер жұмыс iстейдi. Оқушыларды мектептен тыс мекемелерге қамту жалпы 11%-тi, ал ауыл мектептерiнде 4,1% i қамтиды. Ауылдық мектептердiң әлеуетi  оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдыларына жаңа сипатта бағдар жасауға, оқушының жеке тұлға ретiндегi   шығармашылығын дамытуға, оларды  әлеуметтендiруге, өзiн-өзi жетiлдiруге, өмiрде кездесетiн әртүрлi жағдаяттардан дұрыс жол таба бiлуге үйретуде. 2005 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап 5,9 мың мектепке (75,4%). Соңғы жылдары  мектептерге телефон қою жұмысы жаппай  қолға алынып, 80% мектепке, оның iшiнде 72% ауыл мектебiне телефон қойылды. 
Қазақстанның жалпы орта бiлiмi жалпы бiлiм беретiн мектептер санының  көбеюiмен  әрi демографиялық және көшi- қон процестерiне орай жекеленген өңiрлерде шағын жинақталған мектептердiң өсуiне ықпал еткен оқушылар контингентiнiң азаюымен сипатталады.Мысалы:статистикалық мәлiметтер бойынша 2000/2001оқу жылы 6251 ауылдық мектепте 1622,4 бала оқыса, 2004/2005 оқу жылы 6077 ауыл мектебiндегi  бала саны  1383,2 болған. Бұдан 2000/2001 мен 2005 жылдардың арасында  ауыл мектептерiнiң  саны  174-ке  бала саны 239,2-ге  кемiгенiн  байқадық. Бұл факторлар шағын жинақталған мектептiң санының  көбейгенiн аңғартады. 
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайындағы  мектеп пен ауыл социумы қарым-қатынасының  себеп-салдарын әдiснамалық методологиялық) тұрғыда  талдау мақсатында республика облыстарындағы эксперимент жүргiзетiн мектептер айқындалып, эксперимент алаңдары болып бекiтiлген мектеп басшыларымен атқарылатын нақты iс-шаралардың ережесi,  бұйрықтары, келiсiм-шарты, жүргiзiлетiн жұмыс жоспары жасалып, эксперимент алаңдары болып төмендегідей  ауыл мектептерi бекiтiлді:
1.Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданы, Асы- Саға аулы,Т.Қабылов атындағы орта мектеп. Директоры: Ы.Т. Салманов. 
2.Қызылорда облысы.  Сырдария ауданы, С.Баймағамбетов атындағы   № 42 орта мектебi. Директоры: Дүйсебеков А.Т
3. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бесоба аулы, №8 мектеп. Директоры:   Р. М. Абай.   
4.Шығыс Қазақстан облысы, Глубоков ауданы, Степнов  ( шағын жинақталған мектеп)  Директоры: Екимова Л.В
5. Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Заречная орта мектебi (қазақ- орыс) Директоры: Тұтқышова А. Б
6. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Жылтыр аулы, Т. Шалов атындағы мектеп. Директоры: Назаров Қ. Е
Зерттеу барысында бірқатар ғылыми еңбектерді, құжаттарды зерделей келе, ауыл мектептерiнің  төмендегідей әлеуметтік –педагогикалық мәселелері айқындалды:
- ауыл мектебі жастарды ауыл шаруашылығына бейімдейтін негізгі орталық болғандықтан, мектепте оқушыларға кәсіптік бағыт-бағдар беру мәселесінің дұрыс жолға қойылуын реттеуге міндетті;
- ауылдық мектептердің әлеуеті оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдыларына жаңа сипатта бағдар жасауға, оқушының жеке тұлға ретiндегі  шығармашылығын дамытуға, оларды  әлеуметтендiруге, өзiн-өзi жетiлдiруге, өмiрде кездесетiн әртүрлi жағдаяттардан дұрыс жол таба бiлуге үйретуде толымсыздық көрсетіп отыр.Сондай-ақ  ауылда оқушыны тәрбиелеушi және дамытушы ортаның жоқтығы қиындықтар туғызатындығы айқындалды
 
2.  Мектеп пен ауыл социумының өзара қарым-қатынасындағы әлуметтік-психологиялық  және әлеуметтік-педагогикалық мәселелер
Елiмiздiң әлеуметтiк- экономикалық дамуы қоғам өмiрiнiң барлық саласында енуi де сапалы өзгерiстер жасалуын көздейдi. Ауылдағы iзгiлiктi өзгерiстердi жүзеге асыруда негiзгi рөлдi ауыл мектебi атқарады. Ауыл мектебi- ауыл тұрғындарын әлеуметтендiру институты, ауылдағы мәдениет ошағы. Ауыл мектебi ауылдық әлеуметтiк ортамен әр түрлi қатынаста болатын дамушы бiлiм беру ортасы ретiнде ғана емес, жеке тұлғаның өздiгiнен әрекет ету деңгейiне, өзiнiң өмiрiн бақылау қабiлетiн көтеру және туындаған проблемаларды шешуге көмектеседi. Әлеуметтiк маңыздылығы жағынан алып қарағанда, ауыл тұрғындарын жеке тұлға ретiнде қалыптастыру- ауылдың дiлдiк кеңiстiгiнiң мәдени орталығы ретiнде мектептiң басты мiндетi. Жеке тұлғаға тәрбие беру институттарының iшiнде мектептiң орны аса маңызды. Өйткенi мектеп өскелең ұрпақтың бойына бiлiм негiздерiн сiңiрумен бiрге, өз ұлтына тән этникалық, эстетикалық құндылықтармен қауышуын қамтамасыз етедi.
Мектеп пен ауыл социумы өзара қарым- қатынасындағы   әлеуметтiк педагогикалық жұмысын мақсатына қарай бiрнеше түрге бөлуге болады:
-жеке тұлғаның өздiгiнен әрекет ету деңгейiн, өзiнiң өмiрiн бақылау қабiлетiн көтеру және  туындаған проблемаларды тиiмдi шешуге баулу;
- өзiнiң жеке тұлға ретiндегi заң жүзiндегi құқықтарын пайдалануға үйрету;
- жеке тұлғаның қоғамда бейiмделуi және қайта бейiмделуiне ( реадапация) тәрбиелеу;
- адам өзiнiң дене зақымдануына, жан күйзелiсiне және өмiрдегi дағдарысына қарамастан өзiнiң адамгершiлiк және қоршаған ортасында өзiнiң беделiн сақтауға жетелеу;
Әлеуметтiк дегенiмiз -  адамдардың өзара әрекетi, адам мен әлеуметтiк жүйелердiң, адам мен қоғам, адам мен табиғат  арасындағы өзара әсер мен байланыстарынан келiп туындайтын қоғамдық қатынастардың мағынасы мен ерекшелiктерiнiң жиынтығы. Қоғамдық қатынастардың кез- келген жүйесi адамдар арасы мен қоғамның дамуына әсер етедi, сондықтан да әрбiр қоғамдық қатынастың әлеуметтiк сипаты болады. Дей тұрғанмен, әлеуметтiк қатынас барлық қоғамдық қатынастардың бөлiгi бола тұра, түптеп келгенде  олардың жиынтығы болып есептелмейдi.Әлеуметтiлiк- адамдардың өзара әрекетi барысында қалыптасады. Әлеуметтiк жүйенiң негiзгi элементi адамдар, олардың қарым-қатынастары болып табылатын бiртұтас құрылым. Әлеуметтiк педагогиканың қызметтік әрекетi оқыту, тәрбиелеу, жеке тұлғаны дамытумен  шектелiп ғана қоймай, ол ауыл тұрғындарының жеке басылық өмiрiндегi қиындықтарды шешу проблемалары және кәсiптiк бағдар беру iсiмен де айналысады.  
Ғылыми-зерттеу жұмысында ауыл мектептерi мен социумның арасындағы қарым- қатынастардың оңды жақтары мен келеңсiз тұстары сараланып өзiндiк ой- тұжырымдар жасалды.  Бұл мәселе төңірегінде мазмұны жағынан жақын  яғни мектептегi оқу тәрбие iсiн жетiлдiру бағытында жүргiзiлген  ғылыми зерттеулер баршылық. Мәселен, Ш. Майғаранованың “Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелерi”, О.Нұсқабаевтың “Мектеп- жас ұрпақты әлеуметтендiру институты”, Л. Байсеркенiң “ Нравственные основы правового воспитания школьников”т.б еңбектердi атауға болады. Бұл еңбектерде мектеп оқушыларының тұлғалық сапалы қасиеттерiн кешендi түрде қалыптастыруға педагогикалық ықпал ету жолдары негiзделген. Мектептiк оқу үрдiсiнде оқушылардың бойына адамгершiлiк қасиеттердi сiңiрудiң теориялық негiзi мен әдiстерi жасалынған. О. Нұсқабаев  жалпы бiлiм беретiн орта мектептi жеке тұлғаны қоғам талабына сай әлеуметтендiру орталығы ретiнде қарастыра отырып, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде  жинақталған ғылыми бiлiмдердi, құндылықтарды, мiнез- құлық нормаларын меңгерту арқылы оларды жаңа қоғам өмiрiне ендiруге бағыттап әлеуметтендiру мәселесiн көтердi. Ш. Майғаранова еңбегiнде  оқушыларды рухани  құндылықтар арқылы тәрбиелеудiң  жолдары мен әдiс- тәсiлдерiн пайымдайды.
 Жеке тұлға өзiн қоршаған ортамен, басқалармен өз бетiнше қарым- қатынас жасай отырып, белгiл бiр қалыптасқан мiнез- құлық тәжiрибесiн жинақтай алады. А. С. Макаренко  айтқандай: бiз үнемi қарым- қатынаста боламыз, себебi  қарым- қатынас бiздiң педагогикалық жұмысымыздың шынайы обьектiсiн құрайды. Өне бойы бiздiң көз алдымызда екi обьектi тұрады Жеке тұлға және қоғам, жеке тұлғаны тоқтату, оны қоғамнан бөлiп тастау мүмкiн емес. Өскелең ұрпақтың бойындағы адамгершiлiк, мiнез- құлық, қасиеттерi отбасының, мектептiң, белгiлi бiр қоғамдық ортаның, бұқаралық ақпарат құралдарының, тәрбие көздерiнiң ықпалымен қалыптасып отырады. Қоғамның әлеуметтiк салауатты өмiрi мен мектептегi тәрбие жұмыстарының мазмұндық жағынан үйлесiмдi сабақтастықта болуы, толыққанды тұлға қалыптастыруға әсер етедi. Еңбек- адам тұрмысының негiзi. Әр түрлi еңбек түрлерi арқылы мектеп оқушысының қоғамдық келбетiн, оның еңбекке деген өзiндiк құлшынысы мен қарым-қатынасын қалыптастырады. Мектептегi оқушы еңбегi  мiндеттi түрде қоғамдық пайдалы еңбек болуы тиiс. Мектеп ұйымы тарапынан қоғамдық-саяси мәндегi тәрбие жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастыруда жалпылама науқандық iс-шараларды қуып кетушiлiк, немқұрайлылық сияқты келеңсiздiктердiң орын алуы мектеп оқушысы мен жекеленген топтардың бойында қоғамдық жұмыстарға селқостық қарым-қатынастың тууына себеп болуда. Осындай олқылықтар салдарынан оқушылардың қоғамдық, әлеуметтiк талаптарға деген қатынасының белсендiлiгi төмендеп моральдық нормаларға жат қылықтарға елiктеу, көшелiк жүрiс- тұрыстарға қосылу т.б. оғаш әрекеттерге бой ұруда. Мұндай қылықтардан балаларды аулақ ұстау үшiн мектеп ұйымдары мектептен тыс, балалар мекемелерiмен заң және құқық қорғау орындарымен, ғалымдармен, шығармашылық өкiлдер мен тығыз байланыста отырып, оқу-тәрбие iстерiн мақсатты түрде жоспарлап, күнделiктi жүргiзiлуi тиiс. Жеке тұлғаны қалыптастыруға екi жақ та мүдделi және екi жақтан тек бiрлесе қимыл- әрекет жасағанда ғана оң нәтижеге қол жеткiзе алады.
 Мектеп өмiрiнде  оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбек түрлерiне араластыру, шығармашылық iзденiске бағытталған сыныптан тыс, үйiрме, жұмыстарына тарту, сол арқылы жинақталған бiлiмдi еңбек үрдiсiнде пайдалануға бағытталған iс- шаралардың, әсiресе ауыл мектептерiнде жүзеге асырылмауы балалардың өзiндiк бос уақытын мақсатсыз өткiзуiне әкеп соғады.
  Оқушылар бойында еңбектiң мәнi, оның адам мен қоғам өмiрiндегi маңызы туралы түсiнiктерiнiң қалыптасуы мәселесiнiң өзектiлiгiн зерттеген М.Ертаев мәлiметтерiне сүйенсек, балалардың мамандық таңдаудағы кәсiби бағдарына жетекшiлiк  жасауда мектептiң, ұстаздардың ролiнiң төмендiгi, сол сияқты отбасы- ата-ананың ықпалының жетiмсiздiгi көрсетiледi. Адам баласының  белгiлi бiр мақсатқа негiзделген еңбек етуге бағдар ұстауы, еңбек тәсiлдерiн меңгеруiн iс жүзiнде жүзеге асыру  оқушыларға кәсiптiк бағдар беруде негiзгi мiндет болып табылады. Қазiргi уақытта ғылым мен техниканың дамуына байланысты елiмiзде жоғары бiлiктi мамандарға сұраныс пен талаптар кең өрiс алып, мемлекетiмiздiң еңбек –тәрбиесi төмендiгiдей мақсат мен мiндеттердi iске асыруға бағытталуда:
- әрбiр жастың қабiлетiне мен икемдiлiгiне сай белгiлi мамандықты таңдауға баулу;
- Қазiргi нарықтық талаптар мен сұраныстарға сай қажеттi экономикалық бiлiм беру ( кәсiпкерлiк, менеджмент, маркетинг, салық, еңбек биржалары т.б) туралы толық  мағұлматтар берiлiп, жас ұрпақтың бiлiктiлiгi мен бiлiмдiлiгiн тереңдету мiндеттерiн атқару.
Ауыл социум мен мектеп арасындағы қарым-қатынаста белең алып отырған кемшiлiктер:
1.Мектеп ұйымдарының  мектептен тыс, балалар мекемелерiмен заң және құқық қорғау орындарымен және денсаулық сақтау мекемелерiмен, шығармашылық өкiлдерiмен, отбасымен  тығыз байланыста  оқу-тәрбие iстерiн мақсатты түрде жоспарлап жүргiзбеуi.
2. Мектептiң қазiргi кезеңдегi ғылым мен техниканың дамуына байланысты жоғары бiлiм, бiлiктi мамандарға деген сұраныстар пен талаптарды ескере алмауы, оқушылардың болашақ мамандық таңдауына кәсiби бағдар беру iсiнiң де қажеттi дәрежеде болмауы. 
Қазiргi нарықтық экономика жағдайындағы   ауыл социумының бiлiм беру жүйесiн ұлттық құндылықтарын   әлемдiк педагогика жетiстiктерiн ұштастыру аясында дамытудың ғылыми-әдiснамалық негiздерiн жасау мақсатында жүйелi жұмыстар жүргiзудiң  қажеттiгi  заман талабынан туындауда.     Ауылдағы бiлiм жүйесiн модернизациялау, нарықтық экономика жағдайында нормативтiк құқықтық,ғылыми-әдiстемелiк негiзде ұйымдастыру ,басқару, қаржылық-материалдық жағынан қамтамасыз ету, ауыл мектептерiн бiлiм жүйесiнiң құрылымдық жүйесi ретiнде және қоғамдық өмiрдiң әлеуметтiк құбылыстарының ерекшелiктерiн ескере отырып, дамыту мәселелерi әлi де ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзудi қажет етеді. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Атап айтқанда:
- жеке тұлғаның білімділікке және дарындылыққа ынталандыру;
- білім басқыштарының сабақтастығын қамтамассыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
- білім беру мекемелерінің ұйымдастырылуы-құқұқтық және қызмет бағытының әр түрлілігі;
- білім берудің ізгілікті және дамытушылық сипаты;
- білім берудің құқұқықтық және экологиялық бағыттануы;
- білімнің зиялылық сипаты;
- оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы;
- білімнің, ғылымның және өндірістің өзара кірігуі;
- білім жүйесін ақпараттандыру.
Білімді басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты және білім беру мекемелерінің дербестігін кеңейту [1.3 ].
Яғни, Білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала отырып, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамтиды және оқыту мен қатар тәрбие жұмыстары арқылы бойға дарыту мәселелері қарастырылған. 
Осы орайда жаңа ғасырдағы оқыту технологиясының өркендеу, жаңашыл білім алу жолдары мен білім жүйесінің сабақтастығы т.б. мәселелер жөніндегі педагогикалық ой-пікірлер, оның ішінде біз зерттеу нысанымызға алып отырған жоғары оқу орны мен жалпы орта білім беретін мектептердегі оқыту үрдісі мен тәрбие жұмыстарының сабақтастығының озық идеясын бүгінгі білім заңына сәйкестендіре отырып пайдалану көзделді.
Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейдегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қабілетінің негізгі шарты болып табылады. Маман өзінің мамандық сипаттамасымен қажеттілік құндылық ретінде өзінің кәсіпшіл қызметін ұсынушы нарықтық қарым-қатынастар оъектісінің ролін атқарады.
Осымен байланысты кәсіби даярлық процесінде жоспарлау, білім алу, өзінің жоғары жеке қабілеті мен танымдық қызығушылығының  қалыптасуына  мен қатар ақпараттық мәдениеті қалыптастыру мүмкіндігі бар студент еңбек нарығында елеулі орын алуы заңдылық болып табылады. Осыған орай, маманды даярлау сапасы тек қана даму көрсеткіші және оқу орны мен оның түлектерінің негізгі табысы болып табылады.
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге ие болады. Жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себепті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халқымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек. [2.18].
Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруге әртүрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Сенім мен дүниетаным қатарласа жүрсе ғана адам санасының сапасы арта түседі. Өйткені, бұл екеуі құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Сенім терең, тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке даманың өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез құлқын сипаттайды [3.18].   
Қазіргі кезеңде- жеке тұлға мен қоршаған орта арасындағы қарама қайшылықтар мен өзара қарым-қатынастар заманы. Тұлғаның отбасылық, азаматтық құқықтық әлеуметтенуі белсенді түрде іске асырылып отырылған кезең.  
XXІ ғасырдың басындағы ғылыми революциялық жалықтардың ашылуы, оның соңынан ғылыми техникалық прогресс әлемдік алаңға жаңа мәселелері алып келді. Ақпарат пен білімнің жетілдірілуі техникалық дамуына және өндірістің әр түрлі технологиясын іске асыруға мүмкіндік туғызды. Техника, технология, өндірістің дамуы мен оларды адамзаттың қарқынды қолдануы экологиялық аппатқа әкелудің шегінде тұр. Адамзаттың негізгі тапсырмасы болып өзінің сапасын жетілдіру “адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда ” басты мақсат адамның өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Жалпы дамуды түсінудегі негізгі екпін адамның өз қажетін өтеуге бағытталады және оған қалай жете алады, ол арқылы қандай нәтижеге жетеді деген сұрақтарды қанағаттандырады. Тек қана даму арқылы адам сапасы мен адамдық қабілетіліктің өзгеруіне қол жеткізе аламыз. Яғни, даму барысында адамгершілік қасиеттермен адам бойында жеткілікті деңгейде қалыптастырылады. [4.23].     
Жеке адам еңбексіз дамымайды. Еңбек арқылы адамның дене бітімі, адамгершілік, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып, жетіледі. Кәсіби еңбектің әлеуметтік мәні және құндылығы арта түседі. Кәсіби еңбек процесінде өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды. Жеке адам өз күшінің шамасын және қабілетін, творчествалық қабілетін анықтайды. Неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызын терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының және отбасының бағыты толыса түседі.
Болашақ маманның еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері:
1. психологиялық және практикалық тұрғыда даярлау;
2. ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыру;
3. еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту;
4. ынтасын және қабілетін дамыту;
5. өз бетімен өз еркін пайдаланып отыруға дағдыландыру.
Бұл процесс екі фактордың ықпалымен жүзеге асырылады: объективтік фактор қоғамның материалдық-техникалық базасын және жаңа қоғамдық қатынастарды жасау. Болашақ маманның еңбек мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құндылықпен қарау, өзінің инициативасын көрсете білу, дербестік, алдағы жұмысының кезеңдерін белгілей білу, еңбек процесін талдау және іс құжаттарын сауатты жасай білуі. Болашақ маман тәрбиесінің мақсат, міндеттерінің бірі халық шаруашылығында электрониканы, радиотехниканы, компьютерлерді, автоматтарды, роботтарды т.б. қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауттылықты талап етеді. Сондықтан мектепте оқыту және тәрбие жұмысының барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет. Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуындағы бағыттар – бұл әр түрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде білім мен қаруландыру. Кәсіптік білім берудің негізіг принципі оны өмірмен байланыстыру, былайша айтқанда, халық шаруашылығы оның салалары, мамандықтар туралы түсінігін еңбектен ұштастыру. Болашақ маман тұлғасын қалыптасытруда олардың бейімділігін, қабілетін психофизиологиялық қасиеттерін еске алу қажет. Мамандықты саналы таңдауда екі факторды еске алу:
А) білім деңгейі;
Б) адамның жеке қасиеттері, қабілетін, мүмкіншілігін дамыту бейімділігінің арнайы қабілеттерінің динамикасына көңіл аудару. Мамандығын анақтауда жан-жақты зерттеу, оған кеңес беру арқылы көмек көрсету. Бұл бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында үнемі бағыт-бағдар беріп отыруды қажет етеді. Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуында кәсіптік іріктеудің мақсаты – мамандыққа жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке адамның еркешеліктерін, мамандыққа қоятын талаптарды да жете білген жөн. Осығын байланысты күні бұрын профессиограмма жасалады. Профессиограмма – бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу (жазу), мұндай мәліметтер жеке адамның белгілі мамандыққа жарамдығын, психолог, физиолог және медиктердің көмегімен анықталады. Мысалы, мұғалім мамандығына жеке адамның жарамдылығын анықтау үшін оның басқа қабілеттерімен бірге көру, есту мүшелерін және сөйлеу, психологиялық жағдайы, тіл табыса білуі, есепке алу басты талаптардың бірі болып саналады. [5.19].
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік  және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, 
жаңаша реңге ие болуы, жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себебті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халықымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - ол қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабарлар болуы керек. 
Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейіндегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қаблетінің негізгі шарты болып табылады. Кәсіби даярлық процесінде жоспарлау, білім алу,өзінің жоғары жеке қабілеті мен қажеттігіне жауап беру мүмкіндігі бар студент еңбек нарығында елеулі орын алуы заңдылық болып табылады. Осыған орай, маманды даярлау сапасы тек қана даму көрсеткіші және оқу орынын тәмәмдау факторы ретінде шешуші ролге ие болып қана қоймай, негізгі өмірлік табысы болып табылады [6.9].
Өмірге көзқарасы, дүниетанымы кең болуы керек. Дүниетаным - ғылыми, көркемдік, құқықтық, саяси,  діни болуы мүмкін. Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығынан және берік сенімінен туады. Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әртүрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Мысалы: материалистер мұндай мәселені ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе, ал діни ілімінің өкілдері тәңірдің қалауымен деп қарастырады.
 
ҚОРЫТЫНДЫ
 
Ауыл тұрғындарының арасында өмір сүруге қажетті тұрақты әлеуметтік қатынас орнаған жағдайда әлеуметтік орта  қалыптасады. Ол  орта халықтың мәдени-тарихи өмірін қоғамдық сұраныстарға сай дамытуды көздейді, сөйтіп   өздері қоныс тепкен мекендегі білім беру ұйымдарындағы оқыту үрдісіне тікелей қатысты  болады.  Мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтендіру жүйесінің құрамдас бөлігі ретіндегі мұндай  инфрақұрылым әуыл әлеуметін құрайды.Оның социумдық қызметі әлеуметтік-тарихи, әлеуметтік-экономикалық және мәдени бағыттарда дамып, жеке адамдардың өзара қатынасы мен оларды қоршаған ортаның арасындағы байланыс  ауыл өмірінің тұрмыстық және шаруашылық негіздерін қамтитын болады. Бұл  мәселе әлеуметтік мүдделерді қанағаттандыруға, салауатты өмір салтын орнатуға қажетті саяси шешімдер  сабақтастығында жүзеге асады. Дей тұрғанмен, қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы ауыл өмірінде көптеген қиыншылықтар да кездеседі. 
Ауыл мектебінің жұмысын жақсарту мен жандандыру  мектептің құрылымдық-мазмұндық жүйесін,  оқушылардың тұлғалық қасиеттерін, өзіндік ой дербестігін дамытуды ойластырғанда ғана шешімін табады. Ауыл  мектептеріндегі оқыту үрдісіне олардың материалдық-техникалық базасының,  ақпараттық қорының толымсыздығы,  мектеп үйлерінің жылумен қамтамасыз етілмеуі, педагог мамандардың тұрақтанбауы,  мұғалімдерге әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың жасалмауы, шағын жинақталған мектептерде қызмет ететін арнайы мамандарды даярлаудың қолға алынбауы, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың тапшылығы, көрнекі құралдар, соның ішінде жаңа технологиялардың өріс алмауы,  және ауыл  әлеуметі мен мектеп арасындағы тығыз байланыстың жоқтығы т.б. қоғамдық әрі тұрмыстық жағдайлар әсер етеді. Бұл қайшылықтар ауылдың экономикасының даму деңгейінің төмендігімен, атап айтқанда ауылдық жерлерде энергия, транспорт, және коммуникациялық желілердің деңгейіне сай еместігін көрсетеді. Әрине, мұндай кемшіліктер ауылдық жердің бәріне бірдей тән емес. Қазіргі кезде өз шама-шарқысына қарай тығырықтан шығудың  әртүрлі жолдарын қарастырып жатқан ілгері басқан ауылдар да баршылық. Сол себепті де ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуді мектептен бастаған жөн. Ауыл мектебі өркениетті елдің сипатын танытатындай дәрежеге жеткенде ғана  білім сапасы артатын болады.
Қазіргі  ауыл мектептерінің құрылымдық жүйесі оқушы санына ғана байланысты емес, ол сонымен қатар мектептің орналасқан мекені мен табиғи ерекшеліктеріне де тәуелді болады. Ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік теңсіздік те мектептердің атқару қызметіне әсерін тигізбей қоймайды. Ауыл  мектептерінде білім беру пәрменділігін арттыруды ұлттық құндылықтар мен отандық  педагогика жетістіктерін ұштастыру арқылы  жоғары деңгейге көтерудің  өзекті екендігін танытады. Ал  ауыл мектептерін нормативтік-құқықтық, ғылыми-әдістемелік   және қаржы жағынан қамтамасыз етудің 
мемлекеттік деңгейде қарастырылуы  қазақ халқының  даму болашағында ауыл мектептерінің үлесі зор екендігін көрсетеді. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
 
1 Бондаревская Е.В., Пивненко П.П. Ценностно-смысловые орентации и стратегические направления развития сельской школы //Педагогика 2000, №5, С.52-64.
2 Гурянова М. П. Российская сельская школа как социокультурный феномен // Педагогика 1999, №7. С. 58-61.
3  Стерлин Л.Ф., Зайцев Е.С. Трудовое воспитание в селькой школе М., 1990, С. 84.
4 Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан  Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы  Астана, 1- наурыз, 2006 ж.
5 Ауыл мектебi 2005-2010 жылдарға арналған бағдарлама (Қазақстан Республикасы  Президентi мен үкiметiнiң актiлер жинағы, Астана 2004ж 11қазан, 20бет
6 Ертаев М.Ә. Еңбек және еңбекке жаңаша қатынастардың әлеуметтiк мәнi. Түркiстан,2000
7 Баланың құқығы туралы Конвенция. А.,1995.
Жүктеп алу
637 рет жүктелген
60.76 кб файл салмағы