БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ҚАРЖЫ РЫНОГЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛIГI

Рефераттар
893
ЖОСПАР
КIРIСПЕ
I БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ҚАРЖЫ РЫНОГЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛIГI 
1.1 Бағалы қағаздар және оның түрлерi 
1.2 Бағалы қағаздардар рыногы, қызметтерi және маңызы және қор биржалары  
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
КIРIСПЕ
Қазақстан президентiнiң халыққа бiрден-бiр ұзақ мерзiмдi басты Жолдауы – “Қазақстан-2030” – мұнда «экономикалық өсу, ашық нарықтық экономикада жоғары деңгейде шетелдiк инвесторлар және iшкi ақша жинағын тартуға негiзделген.
Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуi қоғамдық өндiрiстiң сипатын өзгертуде. Олар меншiк қатынастары; шаруашылық субъектiлерiнiң құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмi; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесiнде мүдделiгiнiң дәрежесi. Сонымен қатар елiмiздегi мол табиғат ресурстары қоғам мен экономиканың дамуының мемлекеттiк стратегиялық мақсаттарын қорландыру және қор жинау механизмдерiн жоғалтып, бүгiнгi күнгi ауадай қажет болып отырған қаржы тапшылығын жауып отыр.
Нарық – күрделi, әрi жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бiр жағынан тауар және көрсетiлген қызмет нарығын қамтыса, екiншi жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегiнде , қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлiк нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмдi құрайды.
Ал бұл механизм несиеге негiзделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне бағалы қағаз  түрiнде мiндеттеме алады. Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады.
Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы нарықтық қатынастарды дамыту барысы көрсеткендей, бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың құралы болып табылады.
 
I БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ҚАРЖЫ РЫНОГЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ 
 
1.1 Бағалы қағаздар және оның түрлерi 
 
Қ.Р.-ның “Азаматтық кодексiнiң” 1-шi бөлiмiнде 129 - бапта бағалы қағаздарға   құқықтық анықтама берiледi. Ол келесiдей:
Белгiленген нысан мен мiндеттi реквизиттердi сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкiн болатын мүлiктiк құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз  болып табылады.
Бағалы қағаздар туралы көптеген теориялардың өз көзқарастары бар. Мысалы: бағалы қағаздар ұғымы туралы «Жалпы экономикалық теория кiтабында бағалы қағздар өз иеленушiсiнiң меншiк құқығын куәландыратын құжат. Бұл капитал не қарыз және процент немесе дивиденд түрiнде болуы мүмкiн.
Камаев В.Д. бағалы қағздарды қаржылық құжатпен байланыстырады. Ол қандай түрде болмасын өз иеленушiсiне меншiктiк құқық беретiн документ ретiнде қарайды.
Клешев Н.Т. және Федулов А.А. бағалы қағаздарға азаматтық құқық ретiнде үш түрде қарайды:
- айналымдылық
- өтiмдiлiк
- тәуекелдiк
 
Бағалы қағаздар құқық берушi ретiндегi түрлерi Кесте 1
                                                                                    
Тиiстi бағалы қағаздар
Жер
- ипотекалық облигация, жердi жекешелендiру чегi
Жылжымайтын мүлiк. - акция, ипотека, жекешелендiру чегi, тұрғын үй сертификаты;
Өнiм - коносамент, қойма куәлiгiнiң айналысы, товарлық фьючерстiк контракт айналымы, товарлық опцион
Ақша - облигация, нота, вексель, депозиттiк сертификат, банкiлiк акцепт
 
Сонымен бағалы қағаздар дегенiмiз мүлiктiк құқықты немесе эмитентке байланысты құжат иесiнiң қарыз қатынасын куәландыратын ақшалы құжат (акция, облигация немесе опцион). Ол жеке құжат түрiнде және шоттағы жазу түрiнде болады.
Ресурстардың әр түрiнiң өздерiне тиiстi бағалы қағаздары бар, өз кезегiнде, меншiк түрi бола алатын, сату және сатып алу және кепiлдiк берушi.
Бағалы қағаздардың өзiне ресурстар ретiнде қарауға болады, яғни өзi тұрақты өмiр сүре алады, өз қор рыногы бар.
Бағалы қағаздар  ресурстарға құқықты келесi қызметтер арқылы бередi:
- айналымдылық;
- азаматтық айналымға қол жеткiзу;
- стандартты;
- құжаттылық;
- мемлекеттi реттеушi;
- нарықтылық;
- өтiмдiлiк;
- тәуекелдiк;
Айналымдық – нарықта бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға болады. Стандартты құқық, қатысушылардың мерзiм уақытын белгiлеуi, сауда орны, көрсетiлген құқықтар арқылы есеп айырысу шаралары. 
1. Бағалы қағаздар тек қана сату және сатып алу емес, азаматтық қатынастың объектiсi бола отырып, әр түрлi мәмiле бола алады (қарыз, сыйақы, сақтаушы, тексерушi, жүктеушi).
2. БҚ-дар стандартты мазмұнда болуға мiндеттi (стандартты құқық, мерзiмнiң белгiленуi, сауда орны, көрсетiлген құқықтар арқылы есеп және басқа да шарттар).
3. БҚ-дар  стандартты мазмұнда болуға мiндеттi бұл құжат. Ол қағаздық сертификат немесе қолма-қол түрдегi формада болады. Құжаттылық БҚ-дар аталуына материалды негiз болған.
4. БҚ-дар бiрден-бiр мемлекеттiң қор нарығын реттейтiн және оны қадағалап отыратын құрылым.
5. БҚ-дар ерекше тауар ретiнде өз нарығы, яғни бағалы қағаздар нарығы  бар.
6. Өтiмдiлiк – БҚ-дың немесе басқа активтердiң қолма-қол ақшаға айырбасталуы. Жоғары өтiмдiлiк компанияның немесе инвесторлардың жұмысына үлкен икемдiлiк бередi.
7. Тәуекелдiк – күрделi қаржы салымының қайтарылым деңгейiнiң өзгермелiлiгi. Егер тұрақсыздық деңгейi жоғары болса, соғұрлым тәуекелдiлiкте жоғары болады.
Неғұрлым табыстылық жоғары болса, соғұрлым тәуекелдiлiк жоғары болады.
  БҚ-дар – белгiленген нысан мен мiндеттi реквизиттердi орындау мен меншiк құқығын ұсынатын, мүмкiндiк беретiн құжат. БҚ-дарды айналымға шығару эмиссия деп аталады, ал акцияны шығарған заңды тұлға – эмитент. БҚ-ды бiрнеше рет шығаруды: бiрiншi реттi эмиссия, ал қор нарығы – бiрiншi реттi нарық,  БҚ-ды қайтадан шығару – екiншi реттi эмиссия және сәйкесiнше екiншi реттi нарық болып аталады. БҚ-ды сатып алған тұлғалар инвесторлар (салымшылар, иеленушiлер, акционерлер, БҚ-ды ұстаушы) болады. 
БҚ-дар атаулы, ордерлi және ұсынушыға деп бөлiнедi. Бiрақ бұл жағдайда, атаулы БҚ иесi, сол қағазда көрсетiлген тұлға, ұсынушыға БҚ-дың иесi – БҚ-ды ұстаушы тұлға, ордерлi БҚ-дар куәландыратын құқық, онда аталған тұлғаның басқа тұлғаға өткiзу жазбасы (индосамент) болады.
БҚ-дар функционалды мақсатына қарай үлестi (капиталды) және қарыздық болып бөлiнедi. Үлестi БҚ-ға акциялардың барлық түрлерi жатады. Олар акционерлiк қоғам мүлкiне салымы туралы куәландырады және дивиденд түрiндегi табыстың бiр бөлiгiне және акционерлiк қоғамды басқаруға қатысуға құқық бередi.
Қарыздық БҚ-дар заимның қатыстығын куәландырады. Белгiлi бiр мерзiм бiткеннен кейiн қарыз алушы номиналдық құны мен ол бойынша пайызды iшiне кiргiзетiн, қарыздық БҚ-да көрсетiлген соманы қайтаруға тиiс. Қарыздық БҚ-дар капиталдық және мүлiктiк – есептiк болып бөлiнедi. Қарызды капиталды БҚ капиталды қалыптастыруда қалыптасады. Оларға облигациялар және банктiк сертификаттар жатады.
Қазiргi әлемдiк практикада бағалы қағаздар негiзгi екi iрi класқа бөлiнедi:
• Негiзгi бағалы қағаздар;
• Туынды бағалы қағаздар;
Негiзгi бағалы қағаздар бұл қандай актив болмасын, құқықтық жағдайлармен қамтамасыз етiлген, не товар, ақша, капитал, мүлiк немесе әр түрлi ресурстар. Негiзгi бағалы қағаздар екi топқа бөлiнедi: бастапқы және қайталама бағалы қағаздар. Бастапқы БҚ активтiк негiзде, бұған мысалы, акциялар, облигациялар, вексельдер және т.б. БҚ жатады.
Қайталама бағалы қағаздар – бұл басқа қағаздар арқылы өзiнiң құның анықтайтын БҚ-дар. Мәселен, опцион туынды бағалы қағаз болып саналады, себебi ол өз құнын өзi арқылы сатып алынатын бағалы қағаздардан алады. Бағалы қағаздар классификациясын тереңiрек түсiну үшiн төмендегi кестенi көрейiк. 
Бағалы қағаздардың негiзгi қызметтерi олардың екiншi нарықта белсендi түрде айналысқа түсетiн қарыз мiндеттемесi ретiнде көрiнедi. Б.Қ-дың көбi  арнаулы тiркеуден өтедi. Тiркеу инвесторларға БҚ туралы дәл және маңызды мағұлмат алуға көмектеседi. Сол арқылы инвестор (салым иесi) өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкiндiк алады.
БҚ-дар бiрнеше түрлi болып жiктеледi: бiрiншiден түсiретiн кiрiсiне, екiншiден эмитенттiң сипатына, үшiншiден айналым мезгiлi мен айналым жерiне байланысты.
  1. Кiрiс төлеу жөнiнен қарызды және үлестi болып бөлiнедi. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кiрiс нақты процентпен төленiп, ал қарыздың күрделi негiзгi бөлiгiн келешекте белгiленген уақытта өтеу көзделедi үлестi БҚ-дар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушiнiң корпорацияның мүлiгiндегi үлесiн көрсетедi және иемденушiге шектеусiз уақыт бойы дивиденд түрiнде кiрiс түсiредi. Ал БҚ-дың басқа түрлерi қарызды және үлестi түрлерiнен туындайды.
  2. БҚ-дар шығарушысы (эмитентi) жөнiнен де жiктеледi. Олардың эмитенттерi мемлекет, жергiлiктi әкiмшiлiк, корпорациялар, қаржы институттары және т.б. заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
 
Бағалы қағаздардың жiктелуi                        Кесте 1
 
Классификациялық белгiлерi. Бағалы қағаз түрлерi.
• Өмiр сүру мерзiмi.
• Шығарылуы бойынша.
• Өмiр сүру нысаны.
• Ұлттық құрамына байланысты.
• Қолдану түрi.
• Иелену тәртiбi.
• Шығару нысаны.
• Айналымдығы бойынша.
• Тәуекелдiлiк деңгейi
• Пайданың болуы
• Қаржы жұмсалым нысаны.
• Экономикалық маңызы. • Мерзiмдi; Мерзiмсiз.
• Негiзгi; Туынды 
• қағаз немесе документтiк
• Отандық; Шетелдiк.
• Инвестициялық; инвестициялық емес.
• Атаулы; ұсынбалы.
• Эмиссиялық; эмиссиялық емес.
• Нарытық немесе еркiн айналымдылық, нарықтық емес.
• Тәуекелдiлiксiз және аз тәуекелдiлiк 
• Табысты; табыссыз.
• Қарызды; иеленушi үлесi.
• Акция, облигация, вексель және т.б.
 
3. БҚ-дар қай жерде сатылады деген сұрақ бойынша да жiктеледi. Сатылу 
жерiне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы болып бөлiнедi.
Ақша нарығы қаржы нарығның бiр бөлiгi, онда қысқа мерзiмдi БҚ сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзiмi 1 күннен 1 жыл аралығына 
созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттiк сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түседi.
Олар үлестi де, қарызды да болуы мүмкiн. Олардың эмитенттерi де әр түрлi: мемлекет, жергiлiктi әкiмшiлiк, корпорациялар, қаржы институттары және т.б.
 
1.2 Бағалы қағаздардар рыногы, қызметтерi және маңызы  
Ең алдымен бағалы қағаздар нарығына (БҚН) түсiнiк берiп кетейiн.
Көптеген экономистер БҚН - на инвесторларға байланысты көзқараста. Мысалы Тарканов В.С. БҚН – бұл нарық капиталының қарыз бөлiгi, яғни БҚ-ды сатып алу және сату жүзеге асырылатын және эмитент пен инвесторлардың арасындағы қаржы айналымы. 
БҚН-да сатып алушылыр мен сатушылар басты ойнаушы болып табылады. БҚ-ды сатып алушылар – бұл еркiн ақша қаржылары бар және оны үлестiруде олардың максималды кiрiс әкелуiн қалайды. 
Қ.Р.-ның БҚ-дар туралы заңында БҚ-дар рыногының субъектiлерi: инвесторлар және эмитенттер деп берiлген.
БҚН басқа нарықтардан өзiнiң айрықша тауарымен өзгешеленедi. Ол өзгеше тауар – БҚ-дар. Олар бiрiншiден, меншiк белгiсi, екiншiден, қарыз мiндеттемесi, яғни олар арқылы табыс алу құқы және табыс төлеу мiндеттемесi пайда болады. Бұл тауардың өз құны аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Егер БҚ-ға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетiлген құнынан (номиналынан) жоғары болады. Бұндай нарықтық бағаның ауытқуы, БҚ-дың «жалған капитал» екенiн көрсетедi.
Жалған капитал – нақты капиталдың қағаз белгiсi, яғни өндiрiстiк капиталдың оқшауланып шыққан бiр бөлiгi. 
БҚ-дар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретiн «символы» болғандықтан оны «қордың құндылықтары» деп те атайды. Сонымен қатар, БҚ-дар «қордың инструментi немесе құралы» болып та есептеледi. Себебi тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткiзуге немесе сол құндылықтар  бiр субъектiден екiншiге ауысуына болады. Сонымен БҚН капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметiн көрсетедi. БҚН нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердi реттеушi. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесiне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж өндiрiс салаларына құйылуы, ал артық болған жағдайда сол саладан қайта алынады. Мысалы: кейбiр тауарларға немесе қызмет түрлерiне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседi. Демек, оларды өндiруден пайда да өседi, сондықтан басқа салалардың өнiмдерiне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиiмдiлiгi кемiп, ондағы капитал өнiмiне сұраныс өсiп тұрған салаларға құйылады. БҚ осы механизмнiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрал. Олар уақытша бос капиталды сату – сатып алу арқылы тиiмдi өндiрiске бағыттап отырады. 
Кәсiпорынның қосымша капиталға мұқтаждығы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бастылары – негiзгi қорды құру және ескi қорларды жаңарту. 
Экономикасы дамыған мемлекеттерде БҚ-дар көмегiмен  қосымша капитал алу неғұрлым жеңiл. 1,5-2 ай iшiнде эмитент өзiне қажеттi капиталды жинап, оны басқару құқығына ие болады. Сонымен БҚН – экономикалық өрлеудi қаржыландыратын ең оңай жiне ең қолайлы қаржы көзi.            
БҚ-дар нарығының қызметi.
Ол жалпы нарықтық қызмет және айрықша қызмет, яғни оны басқа нарықтардан өзгеше көрсететiн қызмет. 
Жалпы нарықтық қызметi:
• Коммерциялық функция, яғни осы нарықта пайда табу.
• Баға қызметiн, нарықтық бағаны және оның үздiксiз қозғалысын қамтамасыз етедi.
• Ақпараттық қызмет, нарық өзiнiң қатысушыларын ақпаратпен қамтамасыз етедi.
• Реттеушi қызмет, нарықтық құқықтар белгiлейдi, яғни саудада және оған қатысушылар арасындағы дауларды реттейдi.
Айрықша қызметiне:
• қайта бөлу, тарату функциясы.
• Баға және қаржы тәуекелдiлiгiн сақтандыру қызметi.
Қайта бөлу және тарату қызметi үш түрге бөлiнедi:
• Нарықтық қызметте ақша қаржыларын салалары бойынша қайта бөлу.
• Жинақ ақшаны ауыстыру, барлық халыққа өндiрiстiк немесе өндiрiстiк емес формасында.
• Инфляциялық емес негiзде республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру.
Қаржы және баға тәуекелдiлiгiн сақтандыру қызметi немесе хеджерлеу. Бұған туынды бағалы қағаздар фьючерстiк және опциондық контрактiлер жатады. Бұл қызмет пайданы немесе бағаны сақтандыру үшiн жасалынған мерзiмдiк мәмiле.
Қоғамдық өндiрiс нарық жүйесiнде дамиды: оларға тауар және қызмет көрсету нарығы, жұмыс күшi, несиелiк капитал, шикiзат және Бағалы қағаздар рыногы  жатады. Осы жүйелер iшiнде бағалы қағаздар рыногы басты рольде ойнайды.
Бағалы қағаздар рыногының  құрамды бөлiктерiне келесiлер жатады:
• Алғашқы және екiншi нарық;
• Ұйымдасқан және ұйымдаспаан нарық;
• Биржалық және биржадан тыс нарық;
• Дәстүрлi және кампьютерленген;
• Кассалық және мерзiмдi нарық;
Алғашқы нарық – БҚ-дың жаңа шығарылымы сатылатын нарық. Алғашқы нарықтан акция және облигация сатып алушы инвесторлар, әдетте сыйақы төлемейдi, себебi эмиссияны сатуға кеткен сыйақы жаңа шығарылған БҚ-дың құнына кiрiп, оны эмитент төлейдi.
Екiншi нарық – шығарылған БҚ-ды инвесторлардың делдал арқылы сатып алу нарығы.
Ұйымдасқан бұл БҚ-ды сатып алу және сату жүргiзiлетiн қор биржалары болып табылады. 
Биржалық нарық – бұл БҚ-ды қор биржасында саудаға түсуi.
Биржадан тыс – биржалық ережелермен өтетiн, бiрақ биржадан тыс тек қана биржалық делдалдар арқылы жүредi. 
Кассалық БҚН – мәмiлелердi 1-2 күн iшiнде дереу орындайтын нарық.
Мерзiмдi – мәмiлелердi орындауда мерзiмi көрсетiлген, яғни 2 күннен 3 айға дейiнгi аралық нарығы.
      
1.3 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар және қор биржалары
 
Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етiп, оның мiндетiн атқаратын кәсiби мамандар, яғни дилерлер. Ол жұмыс баға белгiлеу үшiн және қажеттi хабарлардытарататын кампютерлiк техниканы қажет етедi. 
Бағалы қағаздар рыногының кәсiби мамандары:
1. Брокерлер делдал ретiнде келiсiмге қатынасатын адамдар. Брокер келiсiм жасасатын әрбiр жақты табыстыруды көздейдi. Ол әрбiр жеке келiсiмдi жасасуға арнаулы өкiлеттiк берiледi және сол өкiлеттiк шеңберiнде ғана әрекет етедi.
2. Дилерлер өз капиталымен келiсiм жасайтын делдалдар.
3. Джобберлер нарық конъюнктурасын бақылаушылар.
Осы мамандар мен қатар БҚ нарығында банк қызметкерлерi, инвестициялық қорлардың қызметкерлерi және заң қызметкерлерi қатысады.
Құрылымы жөнiнен брокерлiк фирма дирекция, әкiмшiлiк бөлiм, кеңес беретiн бөлiм, БҚ-ды сату бөлiмi және хабарлама техникалық бөлiмiнен тұрады. Шамамен фирмада 15-25 адам қызмет жасайды. Оныкелесi суреттен көре аламыз.
 
Брокерлiк фирманың қызмет аясына мына мiндеттер жатады:
1. Консалтинг (кеңес беру); 
2. БҚ-ды бiрiншi және екiншi нарыққа орналастыру;
3. Инвестициялық қорларды құру және оны басқару.
  Дилерлер олардың брокерлерден айырмашылығы шарт жасасқанда өз капиталын жұмсайды. БҚ операциясына маманданған дилерлердi жауапкершiлiгi шектеулi дилер деп атайды. Олардың БҚ-ды сатып алу-сатуға тәуекелмен шығарған шығыны (риск), эмитенттер мен инвесторлардың шығынынан әлдеқайда аз . Себебi сатып алу сату аз уақыт аралығында болады. 
Дилердiң атқаратын қызметi:
1. БҚ-ды шығару, олардың курсы және сапасы туралы хабар тарату;
2. Клиенттердiң тапсырмасын орындау;
3. БҚ нарығындағы өзгерiстердi бақылап отыру. Егер сату-сатып алу баяуласа, онда БҚ-дың курсын тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебiнен операция жүргiзедi;
БҚ нарығының пайда болуы сауда және ростовщиктiк (өсiмқорлық) несиелерiмен тығыз байланысты. Олар вексель және коносамент сияқты қарыз мiндеттемелерiнiң пайда болуына себеп болды. Қазiргi кезде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды үш топқа бөлуге болады.
Бiрiншi топ, БҚ нарығына негiзгi қатысушылар: мемлекет, жергiлiктi әкiмшiлiк, ұлттық және халықаралық компаниялар. Мұндай компаниялардың халық арасында жоғары атағы болады. Сондықтан олар шығарған БҚ ешбiр қиындықсыз өтедi.
Екiншi топ, инвестициялық институттар, немесе, БҚ операциясын жүргiзетiн қаржы-несие институттары. Олар:
1. Коммерциялық және инвестициялық банктер;
2. Сақтандыру қоғамдары;
3. Зейнетақы қорлары.
Үшiншi топ, жеке инвесторлар, яғни жеке адамдар, оның iшiнде шағын кәсiпорындардың БҚ-ры әрқашан қауiптi. Статистика деректерi дәлелдегендей олардың ¾ бөлiгi ашылмай жатып жабылып қалады, тек қана 1/4 бөлiгi ғана табысқа жетедi екен. 
Төртiншi топ, БҚ нарығының кәсiби мамандары, яғни брокерлер мен дилерлер. Олардың қолындағы хабарлар, керектi байланыс құралдары бағалы қағаздар операциясын жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Дилерлер қолында өз капиталы болғандықтан көптеген операциялар жұргiзедi. Әрбiр елде БҚ нарығына қатысушыларды мемлекет белгiлейдi. Себебi мемлекеттiк заң актiлерiнде елдiң экономикалық жағдайы аңғарылады.
Қ-да БҚ нарығына негiзгi қатысушылар – оларды шығарушылар және инвесторлар немесе инвестициялық институттар. Мемлекет эмитенттi заң жүзiнде белгiлейдi. Эмитент – заңды тұлға, ол мемлекеттiк орган немесе жергiлiктi басқару органы болуы мүмкiн. Ал инвестор (салым иесi) жеке немесе заңды тұлға болуына құқылы. Олар БҚ-ды өз қаражаттарына сатып алады. БҚ нарығына қатысушылар мемлекеттiк лицензия, жеке тұлға аттестат алуы шартты.
Қор биржасы – бұл БҚ-дың бiрқалыпты айналысы үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз ететiн ұйым және БҚ сатып алынатын және сатылатын негiзгi нарық көзi. Қор биржаларында iрi банктер қожалық етедi. «Биржа» деген термин ежелгi грек сөзi – «бурзэ», яғни “әмиян” деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVIғ. Голландияда БҚ (облигация, содан кейiн акция) шығару және сату үшiн пайда болған. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезi капитализмнiң монополизм сатысына өту кезi, яғни XXғ. бас кезi. Ол уақытта қор биржаларының негiзгi операциялары өндiрiс кәсiпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркәсiп циклын және жалпы елдiң экономикасын қадағалап отыратын барометр сияқты. Оның толық мәнi экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерден көрiнедi:
- қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
- өндiрiстi және ел үкiметiнiң шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
- БҚ-мен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейiн көрсететiн бағаларды белгiлеу және жалған капиталды қалыптастыру.
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесiн ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндiрiстiк капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерiнiң бiрi болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етедi. Сонымен, биржа – нарықтың ұйымдасқан түрi, онда сұраным мен ұсыным негiзiнде тауармен, БҚ-мен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол – сатушылар мен сатып алушылар келiсiмге келу үшiн кездесетiн орын. Биржаның басшы орган болып биржалық комитет саналады. Сонымен, қор биржасы – БҚ иелерiнiң биржа мүшлерi, яғни делдалдары арқылы БҚ-ды сату және сатып алу жөнiнде мәмiле жасайтын нарық.
Биржа операциялары кассалық және мерзiмдiк болып екiге бөлiнедi. Бiрiншi бойынша келiсiмге келген бойда есеп жүргiзiледi, яғни сатып алушы қағаз үшiн ақша төлеп, орнына сатушыдан БҚ-ды алады. Екiншiсiнде есеп мәмiледе көрсетiлген мезгiлде жүргiзiледi. Онда екеуiнiң қағаздарының бағасы да әр түрлi болады. Мерзiмдiк мәмiленiң алып- сатарлық мәмiле дейдi, өйткенi биржадағы БҚ-дың сатып алу-сату бағасы арсындағы айырмасынан пайда табу.
          Қор биржаларының мәмiлеге қатысушыларын, яғни алыпсатушыларды «аюлар» және «бұқалар» деп екiге бөледi. Аюдың әдетi – табанымен таптау. Ал бұқа деп атау – жағымсыздық әдетi – қарсыласты мүйiзiне iлу. Сонымен, биржада ойыншылар – “аю” БҚ курсының төмендеуiне, ал “бұқа” оның жоғарылауына iс-әрекет жасап ойнайды.
Қор биржасы акционерлiк қоғамдардың жұмысын қадағалап оны көрсетiп отыратын аныөтаушы тәрiздi. Биржадағы акция курсының динамикасы (баға қозғалысы) – акционерлiк қоғамның қаржы жағдайын жақсартатын немесе нашарлататын маңызды фактор. Экономикасы дамыған мемлекеттерде акция курсының қозғалысы баспасөзде жарияланып тұрады. Мұндай мағлұматтар  акционерлердiң өз қолындағы акциялардың бағасын қазiргi таңдағы курсымен салыстырып қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi.
 
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, қаржы рыногының құрамдас бөлiгi ретiнде бағалы қағаздар – мүлiктiк құқықты растайтын ақшалай құжаттар немесе мұндай құжаттарды шығарған ұйымға олардың иелерi қарызының қатысы.  Өз кезегiнде бағалы қағаздар рыногы – шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлерi сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлiгi. Бұл рыноктың қызмет етуi көптеген экономикалық, әсiресе инвестициялық процестердi реттеп, олардың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiлiк бередi. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардардың сан алуандығымен қол жеткiзiледi.  
Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектiлерiнiң өздерiне қажеттi ақша ресурстарын алуының кең мүмкiндiктерiн жасайды және алудың жолдарын жеңiлдетедi. 
Қазақстан Республикасында рынотық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жобасында жекешелендiру жүргiзуде шаруашылық жүргiзудiң жаңа нысандары пайда болады. Олар: серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар және жеке меншiк компаниялар шеңберi едәуiр кеңейедi. Ал осы нарықтың әрбiр субъектiлерiнiң арасында еркiн қаржы айналымын бағалы қағаздар рыногы жүзеге асырады және басқа экономикалық рыноктармен үнемi тығыз байланыста болады.
Жүктеп алу
596 рет жүктелген
110.00 кб файл салмағы