Белоктар химиясына сипаттама

Рефераттар
883

Жоспар
I.  Кіріспе
1.1  Белоктар  химиясына  сипаттама
II. Негізгі  бөлім
2.1  Белоктардың аминоқышқылдық құрамы
2.2  Аминоқышқылдардың  жіктелуі
2.3  Белоктардың  физика-химиялық қасиеттері
2.4  Белоктардың  құрылымдық ұйымы
2.5  Белоктардың  жіктелуі және биологиялық қызметі
III. Қорытынды
IV.  Пайдаланылган  әдебиеттер.

1.1   Белоктар  химиясына  сипаттама.
Тірі организм  өзіне тәнқұрылымдық ұйымы мен биологиялық қызметтері арқылы сипатталады. Организмнің осы құрылымдық ұйымының қызметінде белоктар өте маңызды роль атқарады, яғни белоктар басқа органикалық заттардың алмасуына келмейді, өйткені олардың өзінше ерекше құрылымдық ұйымы бар.
Белоктар дегеніміз-аминқышқылы қалдықтарынан тұратын, құрамында азоты бар жоғары молекулярлы органикалық заттар. 
Әлбетте белоктардың және белокты заттардың аталуы жануарлар мен өсімдік ткандерінің, тауық жұмыртқасының белогына ұқсас заттардың табылуымен байланысты қойылған. Ғалымдар өз заманындағы жаратылыстану ғылымының аздаған жетістіктеріне сүйене отырып, көпке белгілі-«Өмір –бұл белокты денелердің өмір сүру тәсілі» деген болатын. Белоктар генетикалық хабардың малекулалық құрамы; яғни белок арқылы генетикалық хабар жүзеге асып тұқым қуалай беріледі. Белоксыз, ферментсіз  ДНҚ, малекуласы өзін қайта құрау қабілетін жояды  және генетикалық хабарды бере алмайды. Тірі организмнің өзіне ұқсас ұрпақ қалдыру да осы белокпен байланысты. Жиырылу, қозғалу-бұлшық  еттің белокты құрылымына тікелей байланысты. Сонымен, өмір сүру зат алмасуынсыз мәні жоқ, ол өзін құрайтын белоктарды үнемі толықтыруы керек. Осындай жағдаймен белоктар тірі организмнің негізін, құрылымдық бірлігін құрайды.
Молекулярлы биологияның негізін қалаушы Ф.Криктің айтуы бойынша, белоктардың маңыздылығы олардың әртүрлі  қызметті өте шапшаңдықпен орындауында.
Табиғатта шамамен  10^10 -12^12 әртүрлі белоктар кездеседі. Табиғи белоктардың осынша көп түрінің 2500 түрінің анық құрылымы белгілі. әрбір организм өзіне тән жеке белок санымен ерекшеленеді. Таң қалатын жағдай барлық табиғи белоктар бір-бірімен пиптидті  тізбекпен байланысқан аминқышқылдардың мономері молеккуласының жай құрылымдық  блогынан тұрады. Бұл аминқышқылдар түрліше кезектесіп орналасқандықтан белок санының  көп мөлшерін түзуі мүмкін. Полипиптидтің тізбегіндегі амин қышқылдарының орын ауыстыруының нәтижесінде изомерлер санын алуға болады. Сонымен,егер екі аминқышқылынан 2 изомер құрылады десек, онда теория жүзінде 4 аминқышқылынан 24 изомер алынады, ал  20 аминқышқылынан  -2,4*10^-18түрлі белоктар алуға болады. Белок молекуласындағы амынқышқылы қалдықтарының қайталануын көбейте берсек, онда алынатын изомерлер саны астрономиялық шамаға тең болатындығын көру қиын емес.  Бірақ, табиғат аминқышқылының кездейсоқ кезекпен  орналасуына жол бермейді, өйткені әрбір жеке түрінің өзіне тән ерекшелік  белоктар тобы бар,ол белоктар ДНҚ, молекуласындағы тұқым қуалау хабарын, тірі организмдердің  ұрпағына беруін қамтамасыз етеді. Сондықтан, ДНҚ, нуклеотидтерінде орналасқан хабар синтезделетін белоктың полипептид тізбегінде аминқышқылдарның сызық бойынша ретімен кезектесіп келетінін  анықтайды. Белоктар тірі организмнің құрғақ массасының тең жартысына жуығын  құрайтынын және де олардың бірқатар уникальді қызмет атқаратынын ескеру керек. 

Жүктеп алу
655 рет жүктелген
130.50 кб файл салмағы