БЕЛОКТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Рефераттар
984

ЖОСПАР:

І. КІРІСПЕ:    
1. БЕЛОКТАРДЫҢ   ЖАЛПЫ   СИПАТТАМАСЫ, ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
2. БЕЛОКТАРДЫҢ  ЖІКТЕЛУІ,  ҚҰРАМЫ.
ІІ. НЕГІЗГІ   БӨЛІМ:
3. БЕЛОКТЫҢ   ҚҰРЛЫСЫ
4. БЕЛОКТАРҒА    ТҮСТІ  РЕАКЦИЯЛАР
ҚОРЫТЫНДЫ: 
5. БЕЛОКТАРДЫҢ  БИОЛОГИЯЛЫҚ  МАҢЫЗЫ  МЕН  ОЛАРДЫҢ   ТАБИҒАТТА   ТАРАЛУЫ

КІРІСПЕ
1. Белоктардың жалпы сыпаттамасы және физикалық - химиялық қасиеттері
Академик В.И. Вериадскийдің есебі бойынша жер жүзіндегі тірі организмдердің салмағы 10 т. тең екен. Ал осы барлық тірі организмдердің негізгі құрамда бөлігі белок. Тіршілік ету процестерін зерттеу жұмыстары олардың өмірінде нуклеин қышқылдарының белоктардың жаңаруы, күрделілігі, шексіз әр-түрлілігі, маңыздылығының ерекше кеңдігін көрсетті. Ф.Энгельс өзінің "Табиғат диалектикасы" еңбегінде өмір дегеніміз – белокты денелердің өмір суру тәсілі, яғни организмдегі зат алмасудың қоршаған ортамен тығыз байланысы деп жазды. Басқаша айтқанда белок - барлық тірінің материалдық негізі болса, ал олардың тіршілік  ету тәсілі - өмір болып  табылады.
Белоктардың "белок" деп аталуы олардың тауық жұмыртқасы белогының қайнап денатурацияланған кезде - ақ тығыз массаға айналуынан шыққан. Оның басқаша аты  протеин - бірінші; маңызды латын сөзінен 

Белоктардың тірі организмдер үшін алатын орны:
1. Белок – генетикалық ақпаратты жеткізуге қолданылатын молекулалық құрал. Белоктардың маңызды қызметтерінің бірі олар түзу сызықтық РНҚ-дағы генетикалық хабарды үш өлшемдік яғни кеңістіктік хабарға айналдыратын химиялық материал болып табылады, Ал бұл үш өлшемдік, яғни кеңістіктік хабар тірі организмдердің макромолекулалық, субклеткалық компоненттеріне тән. Міне, белоктардың бір осы қасиетті ғана, олардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.
2. Белок - күрделі заттардың жай қарапайым заттарға дейін тотығуына қатысатын  және жәй заттардан күрделі заттардың түзілуіне қатысатын фермент.                                                                                                                                                                                                                                          3. Белок - адам организмін микробтардан, ауру туғызушы агенттерден  сақтайтын антидене.
4. Актин, миозин сияқты белоктар бірімен-бірі АТФ-тың қатысуымен әрекеттесіп, бұлшықеттердің жиырылуы сияқты қызмет.
5. Көптеген белоктар инсулин, глюкагон, гипофиздің тропты гормондары сыртқы ортаның әсеріне сәйкес, тірі организмдегі процестерді реттеп отырады.
6. Белоктардың бір тобы – гемоглобин, қан плазмасаның белоктары альбумйн, глобулин тасымалдау қызметін атқарады.Сонымен белоктар тіршілік етудің: ас қорыту, тітіркену» өсу, көбею, қозғалу сияқты барлық  құбылыстарына  қатысып, тірі организмнің тіршілігінің  көзі  болып табылады.
Белоктардың әлементтік құрамы:
Бұлардан басқа Р/2°/о - ке дейін,Cu, Mn, Fe, Co, т.б. элементтер кездеседі. Белоктардың  молекулалық салмағы 12-13000 – нан жәй белоктарда бірнеше миллионға дейін күрделі белоктарда жетеді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    
Сондықтан белоктардың молекулалық салмағын анықтау көптеген қиындықтар туғызды. Жәй  заттардан молекулалық салмағын анықтауға қолданып жүрген классикалық физикалық-химиялық әдістер, белоктардың ерекше қасиеттеріне сәйкес, олардың молекулалық салмағын  анықтау үшін жарамсыз болды. Тек қана XIX ғасырда ультрацентрифуганың жасалуына сәйкес ультрацентрифугалық әдіс дами бастады. Осы әдіс арқылы центрден тепкіш күшке байланысты белоктардың тұнбаға түсу  жылдамдығының  әртүрлілігіне сәйкес, олардың молеқулалық салмағын дәл анақтауға, мүмкіндік туды. Қазіргі кезде бұдан басқа гельфидатрация  электрофорез  әдістері де қолданылады.

Жүктеп алу
659 рет жүктелген
205.50 кб файл салмағы