Corel Draw және Adobe Photoshop
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Негізгі бөлім
1.1 Corel Draw графиктік редакторының жұмыс істеу орны
1.2 Corel Draw графиктік редакторында құжатпен жұмыс
1.3 Adobe Photoshop программасымен таныстыру
1.4 Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Бұл курстық жобаға түсінікте векторлық графикалармен жұмыстарға қолданылатын Corel Draw пакетінің 11-ші версиясы туралы айтылады. Corel Draw Graphics Suite 11 адамның қандай да болмасын шығармашылық қиялын қанағаттандыратын толық графикалық пакет. Corel Draw Graphics Suite 11-мен иллюстрациялар, макеттер мен суреттер салу және өңдеу оңайлатылды. Бұл курстық жобаға түсінікте программаның барлық құралдары, олардың функциялары, командалары, эффекттері және де әртүрлі мүмкіндіктері туралы жазылған. Көптеген мысал суреттер құрал мүмкіндіктерін көрсетеді.
Corel Draw 11 бұл версиясында жаңа интерфейсі тартымды көрінеді. Ең бастысы жаңа құралдар: үш нүктелі құралдар(үш нүктелі тіктөртбұрыш, үш нүктелі эллипс, үш нүктелі қисық), Езгіш бояуыш құралы, Сынған құралы, Қылқалам құралы, Шашақтауыш бояуыш құралы енгізілді. Және де 100-ден астам экспорт пен импорт фильтрін қолдайтын болады. Қабаттармен жұмыс жеңілдетілді.