Дәрі және науқас. Терапияға мұқтаждық. Дәрігер және фармацевтикалық бизнес

Рефераттар
798

Дәрі және науқас. Терапияға мұқтаждық. Дәрігер және фармацевтикалық бизнес
Дәрілік зат-аурудың алдын алуға, оларды диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ  ағзасының күйі  мен функцияларының өзгеруіне арналған фармакологиялық белсенді заттарды білдіретін немесе олардан тұратын құралдар: дәрілік зат, дәрілік субстанция, табиғи текті дәрілік шикізат, дәрілік ангро және балк өнімдері, дәрілік препараттар,иммунобиологиялық медициналық препараттар.
 Медицина ғылымының дамуы, дәрілік құрамдардың көп түрлі болуы (, өсімдік, жануар,  синтетикалық текті  дәрілер ) қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі, дәрілік препараттарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты науқастардағы дәрілердің фармакокинетикасын, фармакодинамикасын, өзара әсерлесуін және жанама әсерлерін зерттеу бойынша бірыңғай әдістемені құруға ықпал етеді. Бұл фармацевті дайындау бағдарламасына клиникалық фармакологияның негіздері бар фармакотерапия пәнінінің  негізі. Бұл алғашқы кезеңдегі  дәрілердің жекеленген қолданылуы туралы түсінік, медико-биологиялық білім берудің көптеген  медицина саласының- кешенді пәні  болып табылады. 
 Науқас - түрлі ауруларға шалдыққан адам.   
   
Терапия – медицина ғылымының ішкі орган аурулары, олардың себептері, даму барысы, оларды анықтау, емдеу және олардың алдын алып, сақтану әдістерін зерттейтін саласы. 19 ғасырда патологиялық анатомия, физиология, бактерология ғылымдарының қол жеткен ғылыми табыстары және Ж.Корвизар, Р.Лаэннек (Франция), Р.Брайт (Ұлыбритания), И.Л.Шенлейн, Й.Шкода, Л.Траубе (Германия, Австрия) және С.П.Боткин (Ресей), тағы басқа белгілі ғалымдардың жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары Терапияның жедел дамуына негіз болды. 20 ғасырда Терапияның құрамынан кейбір бөлімдер (гастроэнтерология, нефрология, т.б.) өз алдына жеке ғылыми сала болып бөлініп шықты. Радиоактивті изотоптар арқылы зерттеу кеңінен пайдаланылды.
Дәрілік емдеу фармакотерапия науқастардың абсолютті көп бөлігі қолданады және ғалымдарлың болжамдары бойынша XXI ғасырда қарт жастағы тұрғындардың саны көбейіп, аурушаңдықтың саны артып, емдеудің әр адамға арнайы тағайындалуын қажет етеді. Клиникалық тәжірибеге дәрілік заттардың көптеп енуі -олардың  әсері мен қолдану қауіпсіздігін ғана анықтамай, сонымен қатар дәрілік заттардың
 фармакокинетикасын, фармакодинамикасын, дәрілердің өзара және жанама әсерін зерттеудің бірлескен әдістемесін құруды талап етеді. Бұл медико-биологиялық білімнің көптеген тармақтарының  біріккен тәжірибесін, ең алдымен дәрілік заттарды әр адамға  жеке қабылдану тәжірибесін көрсететін клиникалық фармакология пәнінің бағдарламасына енген білікті мамандарды дайындауға негізделген. 
Қазақстандағы Терапия саласындағы зерттеулер

Туберкулезбен ауырған адамның рентгені.
Қазақстанда Терапия саласындағы зерттеулер Алматы мемлекеттік медициналық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) ішкі аурулар клиникасы ұйымдастырылғаннан кейін басталды (1931).

Лептоспироз бактерясы.
Х.А.Барлыбаев, М.Н.Вульпе, Г.Н.Удинцев, С.И.Телятниковтың бастауымен Қазақстанда ғана кездесетін Алматы энцефалиті, лептоспироз, сарып, безгек, т.б. аурулар зерттеліп, Терапияның жеке мәселелеріне назар аударылды.
Республикада туберкулез, гемотрансфузия (қан құю), силикоз, бұғақ ауруы, т.б. ауруларды емдеуде табиғи факторларды (теңіз суы, шипалы балшық, ауа райы, минералды су, күн сәулесі, т.б.) пайдалану мәселелері, Қазақстанның әр түрлі аудандарында кездесетін жүрек-қантамыр аурулары, ревматизм, гастоэнтерология, эндокринология, кәсіби аурулар мәселелері зерттелді. Жүректің ишемиялық ауруының дамуында микроэлементтер, биологиялық белсенді заттар қандай рөл атқаратыны анықталып, зерттеу жұмысында ауруды кибернетикалық әдістермен анықтау тәсілдері пайдаланылды. Бүйрек, ішек-қарын ауруларын анықтау әдістері ұсынылды. Қазір ішкі ауруларды анықтау және емдеу, олардан сақтану мәселелері зерттелуде. Қазақстанда Терапия саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары медициналық университеттерде, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында, Дәрігерлер білімін жетілдіру институтында, Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталықында, Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығында, Еңбек физиологиясы және гигиенасы институтында, т.б. ғылыми мекемелерде жүргізіледі.
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. 
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады. 
Кәсіпкерлік(бизнес)– азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңи тұлға құрмай немесе заңи тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік (бизнес) – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.
Кәсіпкерліктің түрлері
1.    Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.
2.    Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
3.    Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.
4.    Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің 
жауапкершілігі жүктеледі;
- коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен);
- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;
- өндіріс және тұтыну кооперативтері;
- консорциумдар;
- акционерлік қоғамдар.
Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары
•    Бірлескен кәсіпкерлік – екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу;
•    Жеке кәсіпкерлік –кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу; мемлекеттік кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, тәуекелдікті кәсіпкерлік – көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән кәсіпкерлік.
Жалған кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық, төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар, азаматтық ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.
Заңсыз кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұксат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде тауарларды өндірумен, сақтаумен не өткізумен байланысты болса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.
Соңғы жылдары Қазақстанда фармацевтикалық кешен немесе фармацевтикалық кәсіпкерлік құрылысы басталды. Мысалы, Шымкентте жаңа фармацевтикалық кешен құрылысының іргетасы қаланды. Аталған жаңа жоба GMP EU стандарттары бойынша күретамырдан құйылатын стерильді инфузиялық сұйықтар шығаратын болады. 
Еліміздің денсаулық сақтау саласында үлкен орынға ие болады деп күтіліп отырған бұл кешен әзірге тек Шымкент қаласында ғана емес, бүкіл республикада бірегей болып саналатынын айта кеткен жөн. 
Капсуланы іргетасқа салу рәсімінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әли Бектаев: «Бұл нысан құрылысының басталуы Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі 2011-2015 жылдарға есептелген мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады», – деп мәлім етті. 
«Даму» қоры қаржыландыратын зауытта екі ауысыммен 150 адам жұмыс істейді. «Казмедприбор» ЖШС-нің бір топтағы мекемесі болып табылатын «Реновация» зауыты неміс, испан және шведцариялық компаниялармен тығыз серіктестік орнатқан. «Казмедприбор» ЖШС-нің директоры Бекболат Орынбековтің айтуынша, зауыт өнімдерімен тек Қазақстанды ғана емес, шетел нарығын да қамтуды – ТМД мен алыс шетелдерге де өз өнімдерін шығаруды көздеген. 
«Реновация» компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба құны – 25 млн еуро. Кешеннің жобалық қуаты жылына 12 млн бөтелке (500 мл) және жылына 2 млн пакет (500 мл) өнім шығаруға есептелген. 
Кәсіпорын ауданы – 4 335 шаршы метр, өндірістік персонал үш ауысымды режиммен істегенде 150 адам болады. 
Жаңа фармацевтикалық кешен құрылысын іске қосу 2013 жылғы үшінші тоқсанға жоспарланған. 
Кәсіпкерлік мәселелерін қарау үшін құрылған жұмыс топтары мен кеңестер туралы ақпарат
Кәсіпкерлік мәселелерін қарау үшін құрылған Жұмыс топтары мен Кеңестер туралы, ақпарат
Өңірде кәсіпкерлер мүддесін қорғау және жылжыту мақсатында қоғамдық бірлестіктер желісі дамып келеді. Қазіргі кезде облыста кәсіпкерлердің 33 бірлестігі құрылған. Кәсіпкерлер облыстық, қалалық және аудандық ассоциациялар — аумақтық белгі бойынша қалай біріксе, солай құрылысшылар, фармацевтикалық ұйымдар, стоматологиялық ұйымдар, шаруа қожалықтары, автотасымалдаушылар, мейрамхана мен мейманхана иелерінің ассоциациялары — салалық белгі бойынша да тіркеледі. Осы бірлестіктер арқылы өңірдің шаруашылық етуші құрылымдары кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамалық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмысқа тартылады.
Облыс аудандарында кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеуді өткізу және әкімдіктер жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру жөніндегі жұмыс жалғастырылуда. Қазіргі кезде облыс, аудандар (Айыртау, Аққайың, Ақжар, Есіл, Жамбыл, М.Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Ғ.Мүсірепов, Тайынша, Тимирязев, Шал, ақын) және Петропавл қ. әкімдіктері жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі 14 сараптамалық кеңес құрылды. Облыстық Сараптамалық кеңес құрамына Солтүстік Қазақстан облысының Сауда-өнеркәсіп палатасы, «Солтүстік Қазақстан Фармацевтикалық ұйымдар ассоциациясы» ЗТБ, «Атамекен» Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің одағы» ЗТБ, «Солтүстік Қазақстан Құрылысшылар ассоциациясы» ЗТБ — жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 4 бірлестігі кірді.
Осы кеңестер жеке кәсіпкерлік мүддесін қозғайтын нормативтік құқықтық акті жобасына сараптамалық қорытынды құруға қатысады.
2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Сараптамалық кеңесімен нормативтік құқықтық актінің 3 жобасы (әкімдік қаулысы) қаралып, оларға сараптамалық қорытынды берілді.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 2011 ж. 1 қыркүйектің;

2. Интернет сайттары:www.google.ru  www.google.kz 

Жүктеп алу
611 рет жүктелген
177.00 кб файл салмағы