Дәрілік өсімдіктер жайлы ақпарат

Рефераттар
370
Алоэ, сабыр (Aloe) — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімдік (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда Ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.
Алоэ әсіресе оңтүстік-шығыс жаққа қараған терезе алдында жақсы өседі. Қалыпты мөлшерде суарып тұру қажет. Жақсы өсіп келе жатқан алоэні аммиакты селитрамен (1 л суға 1 г қосып), не коровяк тұнбасымен қоректендіру керек. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлесі өзен құмы болуға тиіс, Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш кө-мірі қосылады. Алоэ бұтақшалары (жас сабақтарына ұшы) және сабақтың төменгі буынында өсетін өркендері арқылы көбейті-леді. Өсімдіктің кесіп алынған бұтақшасын бір тәулік кептіріп, содан кейін өзеннің дымқыл құмы салынған құмыраға не жайпақ тәрелкеге отырғызады. Ағаш тәріздес алоэның жапырақтарынан көз, асқазан-ішек т. б. ауруларды емдейтін экстракт әзірленеді. Оның жапырақ сөлін іріңді жараны, күйген жерді, тері дерттерін (қабынған) емдеуге қолданады. Дегенмен, оны дәрігердің кеңесімен пайдалану қажет, өйткені бірқатар жүрек-тамыр ауруларына кері әсер етеді.
 
Арша
Арша (Junіperu) — кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта немесе ағаш. Тау беткейінде, Альпі белдеуінде, құмды жерлерде өседі. Қазақстанда оның жабайы 10 түрі бар. Табиғи жағдайда көбірек кездесетін түрлеріне Түркістан аршасы (І. turke»tanіca), Талас аршаны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады.
 Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскенжемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді.
 Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы. (І. talaіca), Сібір Аршасы (І. іbіrіca), кәдімгі арша (І. communі), Зеравшан аршасы (І. eravchanіca) жатады. Олардың биіктігі 1-2 м-ге жетеді. Бұтағы тік немесе жерге жайыла өседі. Қылқаны қабыршақты, тікенекті келеді, үш-үштен шоқтанып не екі-екіден қарама-қарсы орналасады. Жеміс бүрі жидек пішіндес не шар тәрізді, түсі көкшілдеу болады.
 Тұқымынан және өсімді жолмен көбейтіледі. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, тұқымы жаздың аяғында, кейде күзде піседі. Тұқымынан шыққан жас өскіндер бір жылдан кейін тез өсіп, жақсы жетілген соң топырақты қатайтады. Арша 300 жылдай өседі. Сондықтан қазақ халқының ұғымында қасиетті, киелі ағаш саналады. Бұтақтарынан эфир майы, қант, шайыр, балауыз және органикалық қышқылдар алынады. Аршаны орман шаруышылығында, таулы аймақтарда топырақтың опырылып кетуін болдырмау үшін отырғызады. Қазақстанда аршаны Алматы, Алтай, Қарағанды қалаларының ботаника бақтарында қолдан да өсіреді.
 Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы.
Арша – сауырағаштар тұқымдасына жататын бұтақты және қырқып-пішіндеуге ыңғайлы, шымыр ағаш. Өсу тұрғысына қарай арша жайыла өсетін және тік өсетін болып екіге бөлінеді. Табиғаттағы тік өсетін түрлерінің биіктігі – 20-30 метрге жетеді. Жалпы 300 жылға дейін өмір сүреді. Табиғатта Гиннестің рекордтар кітабына кірген 800 жыл жасаған кәрі аршалар да бар. Еліміздің табиғатында аршаның зарафшан, түркістан, қазаттық арша деген түрлері бар. Көгалдандыруда аршаның тек шет елден әкелініп, жерсіндірілген түрлері ғана қолданылады. Қылқандарының түсі, түріне қарай: сары, ашық жасыл, қою жасыл, көк, көкшіл болып келеді. Сабақ бойына тығыз орналасқан қылқандары әдемі хош иіс шығарады. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, теріжәне астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грецияда жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады.
Күтімі
Аршаның барлық түрі ашық күнді қажет етеді. Кез-келген топырақта өсе береді. Бұтағының ұшын қырқып-пішіндеп өсірген дұрыс. Қылқанының түсі қанық болуы үшін жылына бір рет көктемде толық минералды тыңайтқыштармен қоректендірген жөн.
Көбейтілуі
Қалемшелеу және тұқымы арқылы көбейтіледі. Қалемшелеп көбейткен жөн. Тұқымы арқылы көбейту жұмыстары арнайы жылыжайларда жүргізіледі.
Арша туралы тақпақ 
Аршаменен аластап
Тұрады әжем бөлмені.
Таңырқап мен сұрадым:
– Қуады деп ол нені?
Әжем айтты:
– Ия, балам,
Айтайын бір өсиет.
Микробтарды жоятын
Аршада бар қасиет.
Аюқұлақ (Primula auricula) — Батыс Европаның тауларында өсстін, хош иісті, ірі гүлдіқызғалдақтың бір түрі.Еуразия мен Солтүстік Африканың қоңыржай белдеулерінде өсетін 300-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда құмды жерлерде, көгалды алаңда, шалғында, өзен-көл жағасында, жол жиегінде өсетін 9 түрі кездеседі. Кең тараған түрінің бірі – кәдімгі аюқұлақ (V. thapsus). Биіктігі 50 – 125 см, тік өскен сабағы мен бүтін жиекті жапырақтарын бозғылт қалың түк басқан. Тамырына жақын орналасқан жапырақтарының түрі сопақтау, ұзындығы 10 – 30 см, көлд. 3 – 8 см болады. Сары түсті гүлдері шашақ гүлшоғырына шоғырлана орналасады.Жемісі – қорапша. Маусым – шілде айларында гүлдейді, шілде – тамызда жеміс береді. Аюқұлақ – улы, дәрілік өсімдіктер. Гүлінен, жапырағынан алынған ұнтақ пен тұнбаны әр түрлі ауруларды емдеуге пайдаланады. Жапырағынан қайнатып алынған тұнбаны суалған сиырларға береді. Тұқымын тышқан улауға қолданады. Кейбір түрлері сәндік үшін өсіріледі.
 
Итошаған (Bіdens) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.Қазақстанда өзен мен көлдердің жағалауында, сондай-ақ, саз, құм топырақты далада жәнесуармалы жерлерде өсетін имек итошаған (B. cernua), үштармақты итошаған (B. trіpartіta),сәулелі итошаған (B. radіata) деген түрлері бар. Бұлардың биіктігі 10 – 60 см. Тік сабағының жоғасыр бөлігі бұтақталып кетеді. Қауырсын тәрізді сүйірленген жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Көп гүлді себет гүлшоғырының сыртын екі қатар орам жапырақшалары қоршап тұрады. Оның сыртқысы – жасыл, ал ішкі қабаты – жарғақ тәрізді, қара-жасыл жолақты сары түсті болады. Гүлдері қос жынысты, шеткі тілімденген гүлдері – жыныссыз келеді. Шілде –тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымшажемісінің бүйірі қысыңқы, төрт қырлы, төбесінде 2 – 4 қылтанағы бар. Итошаған – дәрілік өсімдік, халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері ауруы кезінде зат алмасудықалыпқа келтіреді. Қан кетуді тоқтатып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Үштармақты итошағанның жапырағы мен гүлін қайнатып, балалар шірінше (золотуха) ауруымен ауырғанда ішкізеді. Сондай-ақ жібекті, жүнді сары, ашық жасыл және қоңыр түске бояу үшін қолданылады. 
 
Species
Қалақай (лат. Urtica) — қалақай тұқымдасының бір туысы.
Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Ұсақ гүлдері масақ тәрізді гүл шоғын құрайды.
Қоныржай және тропик аймақта 40-тан астам, Қазақстанда 3 түрі бар. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі. Қазақстандағы барлық түрінің құрамында белок көп болады. Жемшөптік маңызды түрі — үйлі (лат. Urtica dioica) сондай-ақ Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.Биіктігі 1 м-дей. Сабағы тік, жапырақтары өркенге қарама қарсы орналасады. Өсімдікті түгелдей күйдіргіш безді түктер жапқан. Безді түктер денеге тисе түктің ұшы морт сынып, түбіндегі (ішіндегі) сұйықтық дереу денеге жайылып күйдіреді. Халық аузындағы «қалақай шақты» деген осы. Бұл туысқа жататын өсімдіктер бір үйлі, кейде екі үйлі болады. Гүлшоғырлары сырғагүл, жай және күрделі масақ тәрізді, жартылай шатыр болып жапырақ қолтығынан немесе сабақтың ұшынан дамиды. Аталық гүлінде біркелкі 4 тостағанша жапырақша, 4 аталық (жай гүлсерікті) бар. Аналық гүлінде 4 тостағанша жапырақшаның екеуі сыртқы, екеуі ішкі шеңберде орналасқан. Көктемнің аяғынан бастап, жаз бойы гүлдейді. Жемісі – бір-бірімен біріккен қос жаңғақша. Қос үйлі қалақай – құнарлы мал азығы. Малға туралған және булаған түрінде беріледі. Тұқымын жылқы мен құс сүйсініп жейді. Қалақайдың барлық түрінің құрамында белок, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.
 
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатынөсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақ энциклопедиясы
2. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
1. [http://www.gulstan.kz/ Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт
2. «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;
3. Қазақ энциклопедиясы I том
4. 1. Т. Мұсақұлов, орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік І-том қазақмемлекетбаспасы, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
5. 2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800- сыз.123-9
 
Жоспары:
• Негізгі бөлім
• Қазақстандағы дәрілік өсіміктер
• Алоэ
• Арша
• Аюқұлақ
• Итошаған
• Қалақай
• Қорытынды бөлім
• Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
Жүктеп алу
245 рет жүктелген
135.07 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Мағжан Жұмабаев
Рефераттар
ДОМБЫРА ФИЛОСОФИЯСЫ
Рефераттар
ТҮРКІСТАНДА ТАЙҚАЗАН
Рефераттар
ГӘККУ
Рефераттар
Өркениет басталуы