Delphi ортасымен танысу
120
Мазмұны
Кіріспе
I. Delphi ортасымен танысу
1.1. Delphi ортасының жұмысына жалпы сипаттама
1.2. Пиктографиялық батырмалар
1.3. Терезелерді түзету
1.4. Delphi ортасының компоненттер политрасы
1.5. Формалар терезесі
1.6. Обьектілер тармағының терезесі
1.7. Обектілер инспекторының терезесі
1.8. Программалар коды терезесі
II. тарау. Визуалды программалау негіздері
2.1. Бос форма және оны түрлендіру
2.2. Delphi- ді баптау
2.3. Форманың қасиеттерін өзгерту
2.4. Формаға жаңа компоненттер орналастыру
2.5. Оқиғаға жауапты қалыптастыру
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынмен дамып, күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі.
Есептеуіш тениканың қақынмен дамуы тиімді программалық құралдарды жасау - обькетілі бағдарланған программалау жүйелерінің жасалуына әкелді. Бұл орта қазіргі заманғы компьютерлік технологиялардың кез келген саласындағы бизнес программа, мультимедия, ойын, мәліметтер қоры сияқты өнімдерді құруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы ең қуатты программалау тілдерінің бірі болып табылады.
Программалау тілін жүзеге асыру саласындағы программа құрумен әлемге әйгілі Borland компаниясы 1996 ж. Delphi жаңа буынның комплияторын шығарды. Delphi - Бұл ең алдымен, Windows ортасында программа құрумен қатар, қосымша Pascal тілінің қуатты комплияторы болып табылады. Бұл өте жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Обьектілі - бағдарланған программалаудың ең басты жетістігі - форманы жобалау және оған компаненттерді орналастыру барысында Delphi осы компаненттерді сипаттайтын фрагменттерді енгізе отырып, автоматты түрде код программасын құрайтындығында.
Delphi - жаңа программаны өңдеуге арналған инструменттер жиынтығының интегралданған IDE (Integated Development Environment ) ортасы болып табылады. Обьектілі - бағдарланған пргограммалау технологиясын RAP – Rapid Application Development (қосымшаларды жылдам құру ортасы) жылдам құру жүйесінің негізіне жатқызады.
Delphi программасымен көптеген жұмыстар атқаруға болады. Мысалы: терезелерді түзету, ортасының компаненттер политрасы, формалар терезесі, обьектілер тармағының терезесі, программалар код терезесі , форманың қасиеттерін өзгерту, формаға жаңа компоненттер орналастыру т.б. жұмыстар істеуге болады.
1.1 DELPHI ортасымен танысу
Delphi Ортасын – программалаушының сапалы жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол экрандағы бір уақытта ашылатын бірнеше терезелермен сипатталады. Бұл терезелер бір – бірінен жартылай немесе толығымен жауып, экранда орын ауыстра алады.
Delphi отасы – көптерезелік жүйе. Оның негізгі төрт терезесі:
1. Негізгі терезе ( Project 1).
2. Обьектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector).
3. Формаларды құрастырушының терезесі (Form 1).
4. Программа кодының терезесі(Unit 1.Pas).
5. Браузер (көру) терезесі.
6. Обьектілер тармағының терезесі.
Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізгі қызметті атқарады. Бұл терезе экранда барлық уақытта болады және ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезе Delphi ортасының бас менюі, питографиялық командалық батырмалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан.
Негізгі терезеден басқа терезелерді жыжытуға , өлшемін өзгертуге немесе экраннан алып тастауға болады.Форманың терезесінен Unit кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады.
Негізгі терезе жиі пайдаланылатын пиктограммаларды орналастырған ыңғайлы: программа командаларының синтаксисін тексеру; толадкалық режимді бақылау терезесіне кіру және т.б.
Негізгі тереземен компаненттер жинағы. Негізгі терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады. Бұл терезеде Delphi – ң негізгі меню жүйесі , пиктограммалық камандалық батырмалары мен компаненттер политрасы орналасады.
Компаненттер жинағы – Delphi-ң негізгі байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып ,қажетті компанентті тез табуға арналған белгілерден тұрады:
Компанент деп белгілі бір қасиетті иемденген және форма терезесінде кез-келген обьектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті айтады.Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген ,ол топтарды парақтар деп атаймыз.
Форма құрастырушының және обьектілер бақылаушының терезесі .форма құрастырушының немесе форманың терезесі –болашақ программаның Windows жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады. Бұл терезенің жұмыс аймағы координаттық тордың нүктелерімен реттелген.
Формада орналасқан әр компоненттер өзінің мекен жайын ,мөлшерімен және түсімен анықталады.форманы құрастыру File=>New=>Form опциялар арқылы орындалады. Шығып тұрған бос формаға бір компонентті ,мысалы Standard парағының Button батырмасын орналастыру үшін компоненттер жинағындағы Standard белгісін сырт еткізіп ,парақты екпінді күйге келтіру керек.
Button батырмасының кескінін ажырату үшін тышқанды баспай тұрып парақты орналасқан белгілердің үстінен жылжытып көрген сәтте компоненттердің аты шығып тұрады.қажетті компоненттерді сырт еткізіп белгілеп ,тышқанды форма аймағының кез келген жеріне сырт еткізсек,форманың бетінде
Button 1элементі пайда болады.
Обьектілер бақылаушысының терезесі 2 парақтан құрылады: Properties-қасиеттері және Events - оқиғалары. Properties парағы арқылы компоненттңғ қасиеттері - параметрлері анықталады.ал Events парағы арқылы компонентті әртүрлі оқиғаларға сәйкес сезіндіру анықталады.
Программа кодының терезесі:
Программа кодының терезесі программаның мәтінін құруға және оны түзетуге арналған.бұл мәтін арнайы ережелер бойынша құрылып,аогоритм жұмысын анықтайды.Delphi жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы–Object Pascal программалау тілі қолданылады. Delphi ортасы іске қосылғанда программа кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан тұрады. Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып тұрады.
Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphi ортасы Unit,Unit 1және implementation қатарларының арлығын өзгертіп отырады,ал программалаушының жұмыс аймағы-{SR*DFM} және END қатарлар аралығы бойынша.
1.2 Пиктографиялық батырмалар
Пиктографиялық батырмалар бас менюдің негізгі опцияларына жылдам кіруге мүмкіндік береді.олар басқару белгілері бойынша 7 топқа бөлінген.Әрбір топ бір панельде орналасады:
1.Standard тобы ;
2.View тобы;
3.Debug тобы;
4.Custome тобы;
5.Desrtops тобы;
6.Internet тобы;
Галерея компоненттерінің тобы жеке қарастырылады.
1.3 Терезелерді түзету
Delphi ортасының 5 - нүсқасынан бастап, үш жаңа интерфейістік элементтермен толықтырылған, олар Desktops тобында орналасқан. Осы инструменттердің көмегімен программист Delphi дің қалған терезелерінің орналасуының бірнеше варианттарын дайындап, оны түзету файлында сақтап қоюына болады. әдетте екі немесе үш терезенің негізгі конфигурациясы таңдалынады: форма жасау режимі, кодтау режимі және отладка. Форма жасау кезінде экранда форманың өзі, обьектілер тармағы мен обьектілер инспекторы терезелері көрініп тұруы тиіс.
Терезелердің сәйкес өлшемі мен оны орналастырудың күйін келтіргеннен кейін, оны мысалы, “Design desk” деген атпен сақтауға болады. Кодтау режимін түзеткеннен кейін “Code desk”, отладкалық режимді “Debug desk’ деген атпен сақтауға болады.
1.4. Delphi ортасының компоненттер политрасы
Компоненттер политрасы - Delphi ортасының ең басты байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан және онда қажетті компонентті жылдам іздеуді қамтамасіз ететін ашылатын беттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар, программист формалар терезесіне орналастыра алатын қандай да бір басқару элементтін түсінеміз. Компоненттердің көмегімен программаның сүлбесі жасалады,жалпы жағдайда экранда көрінетін терезерлер,батырмалар ,таңдаулар тізімі және т.б.
Батырмалар панелі тәрізді ,компоненттер политрасы да түзетіледі. Ол үшін арнайы редактор пайданылады,редактор терезесі компоненттер палитрасындағы кез келген пиктограммаға курсорды келтіріп ,тышқанның оң жақ батырмасын басқанда және Properties опциясын таңдағанда пайда болады.
1.5. Формалар терезесі
Формалар терезесі жобасы болашақта программа жазатын терезе болып табылады. Басында бұл терезе бос болады. Дәлірек айтсақ ол Windows- дің интерфейстік элементтері үшін стандартты жүйелік менюді шақыру батырмаларынан,терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан және тақырып жолынан тұрады. әдетте терезенің жұмыс алаңы нүктелік координаталық тормен толтырылған ,ол формадағы компоненттердің орналасуын реттеу қызметін атқарады.
Форма - бұл Delphi ортасының ең маңызды обьектісі, мұнда программаны жобалау және өңдеу байланысты атқарылатын осы жүйенің барлық жұмыстары орындалады. Форма әдістер, оқиғалар және қасиеттердің жиынтығына бай, тіпті өте күрделі алгаритімдердің жұмыс істеуі үшін оларды оңай ұйымдастырып, баптауға мүмкіндік береді. Форманың стандартты өлшеміне Height (биіктік) және Width (ені) ескертусіз алынған өлшеммен сәйкес келеді. Пқасиеті экранның жиектеріне қаысты форманың орнласуын басқарады. PoDesigned мәні форманы Poscreen Center экранның центрі бойынша симметриялы етіп орналастыруды талап етеді.
1.6. Обьектілер тармағының терезесі
Бұл терезе екпінді формада немесе мәліметтердің екпінді модулінде орналасқан жеке компоненттер арасындағы байланысты көрнекі бейнелеуге арналған. Терезедегі кез келген компонентті белгілеу формалар терезесіндегі сәйкес компонентті екпінді жасайды және обьектілер инспекторы терезесінде осы компоненттің қасиеті бейнеленеді. Екі рет тышқанмен белгілеу Code Insight механизмінің жұмыс істеуіне әкеледі, ол OnClick оқиғасын өңдеу үшін дайындалғанды код терезесіне орналастырады.
1.7. Обектілер инспекторының терезесі.
Формаға орналасатын кез келген компонент бірқатар параметрлер жиынымен сипатталады: орналасуы, өлшемі, түсі және т.б. Мысалы, компоненттің орналасуы мен өлшемін программист формалар терезесінде компонентты басқара отырып , өзгерте алады. Ал, обьектіліер инспекторы терезесі қалған өзгертулерді орындауға арналған. Бұл терезеде екі бет бар: Proptrties (қасиет) және Events (оқиға) . Proptrties - беті компоненттің керекті қасиеттерін тағайындау қызметін атқарады, Events беті қандайда бір оқиға компоненттің жауабын анықтайды.
Обьектілер инспекторы терезесінің кез келген беті екі бағанды кесте түрінде беріледі, сол бағанда қасиеттің немесе оқиғаның аты, ал оң жақта қасиеттің нақты мәні немесе сәйкес оқиға өңдейтін қосалқы программаның аты болады.
1.8. Программалар коды терезесі
Код терезесі программа мәтінін құрып,жөндеуге арналған. Бұл мәтін арнайы ереже бойынша құрылады және программаның жұмыс алгаритмін сипаттайды. Мәтінді жазу ережелерінің жиындығын программалау тілі деп аталады. Delphi жүйесінде Обьекті pascal программалау тілі пайданылады. Ол кеңінен таралған pascal тілінің кеңейтілген,жетілдірілген нұсқасы,оны алғаш рет швейцариялық ғалым Н.Вирт жылы ұсынған және оны Borland коорпорациясының қызметкерлері жетілдірді.
Ең алғашында код терезесінде толыққанды Windows терезесі ретінде бос форманы басқаруды қамтамасыз ететін алғашқы шағын мәтін шығады. Жобамен жұмыс барысында програмист оған программаны басқаруды жүзеге асыратын алғашқы толықтырулар жасайды.
II. тарау. Визуалды программалау негіздері
Delphi де программалау екі процестің өзара тығыз әрекеттесуінен тұрады: программаның визуалдық көрінісін құру және программаға толық қажетті басқаруды беру үшін программа кодын жазу процесі. Код жазу үшін код терезесі пайданылады,программа құру үшін қалған терезелер ,оның ішінде форма терезесі пайдаланылады.
Форма мен код тепрезелерінің мазмұндарының арасында үздіксіз байланыс болады. Формаға компонентті орналастыру программа кодының автоматты өзгеруіне әкеледі және керісінше автоматты немесе қолмен қойылған код фрагменттерін өшіру сәйкес компоненттерді өшіруге әкеледі. Сондықтан программистер алдымен форма құрады,қажет болған жағдайда код фрагментін жазуға көшеді.
2.1. Бос форма және оны түрлендіру
Формалар терезесі, программалар терезесі Windows жобасынан тұратынын айыттық. Сөйтіп File/New/Application опйиясын таңдағаннан кейін қарапайым программа дайын болады.
2.2. Delphi- ді баптау
Программалар жобасымен жұмыс істеу процесінде формалар мен модульдер жиындығын құру қажет. Бұл мәліметтерді жеке папкада файлдар түрінде сақтаған дұрыс . оның ішінде өзіңіздің жұмыс папкаңызды құруға болады.
Екіншіден , Delphi ортасының стандартты келтірілген күйіне өзгеріс енгізу қажет.
Ол үшін Tools/Environment Options менюін таңдаңыз,пайда болған сұхбат терезесінде Preferences бетінің екпінді екеніне назар аударыңыз. Осы беттің сол жақ жоғарғы бұрышында Autosave Options тобында <Editor Files>және <Desktop> деген ауыстырып қосқыштары бар. Ауыстырып қосқыштарды екпінді жасау программа коды терезесінің мәтінін және Delphi терезесінің жалпы орналасуын автоматты түрде сақтайды. Бұл программаны жоғалудан қорғайды. Тышқанмен белгілеу арқылы осы ауыстырып қосқыштарды екпінді жасайды. Компиляция барысын қадағалап отыру үшін Compiling және Running тобындағы Show Compiler Progress ауыстырып қосқышын екпінді жасаңыз. Сондай ақ, программа кодына түсіндірмені мәтін фрагменттерін сақтауға болады, ол программа жұмысына әсер етпейді,бірақ оның мәтінін түсінікті етіп көрсетеді. Мәтін шығару үшін шрифті тағайындау қажет.
Сонымен, Delphi ортасындағы программа үш кезеңнен өтеді:
Компиляция компоновка орындау.
Компиляция кезеңінде код терезесінде дайындалған программа мәтіні Object Pascal тіліне ауыстырылады. Компоновка кезеңінде қажетті қосалқы программалар қосылады,ал орындау кезеңінде дайын программа жедел жадыға шақырылып,орындалуға жіберіледі.
F9 клавишін басқаннан кейін Save Unit 1 As сұхбат терезесі пайда болады , яғни Delphi Unit 1.pas модулі үшін файлдың аты мен ол орналасатын папканың атын сұрайды , сондай -ақ , модульдің де атын өзгерту қажет.
Delphi-дегі атаулар. Delphi-дегі атау латын әріптерінен басталатын әріптер,цифрлар және сызықша болуы тиіс, атау цифрдан басталмауы керек, ұзын атау бере беруге болады.
2.3. Форманың қасиеттерін өзгерту
Жаңа форма құрғанда модуль құрылады. Программаны компиляциялау кезінде Delphi заты.PAS, .DFM және .DCU болып келген файлдарды әрбір модуль үшін құрады:.PAS файл программа коды терезесіндегі мәтін көшірмесінен тұрады;-.DFM Заты файлында форма терезесінің мазмұны сақталады; ал .DCU файлында екі файлдан алынған мәтінді машиналық нұсқауға түрлендіру нәтижесісақталады. .DCU компилятормен құралады және ол компоновщиктің жұмысы үшін қажетті базаны береді. Одан кейін ол заты .EXE болып келген бір тұтас шақырылатын файлға түрленеді. Енді программаны түрлендіріп көрейік, алдымен терезе тақырыбын өзгертейік. Алғаш Delphi жүйесіне кіргеннен кейін,терезе тақырыбы форма тақырыбына сәйкес келеді. Тақырыпты өзгерту үшін обьектілер инспекторы терезесіне баруы қажет.Form 1 программасының терезесін жабыңыз. Обьектілер инспекторы терезесінің Caption жолын тышқанмен белгілеңіз. Осы жолдан оң жақ баған мәтінімен ерекшеленеді және ерекшеленгеннің оң жағында жыпылықтаған курсор болады. Клавиатураны кириллицаға ауыстырып, “программа” деп жазыңыз, одан кейін F9 - ды басыңыз прогрмманың бұл орындалуы - тақырыбы “программа” деп аталатын терезені құру. Обьектілер инспекторы терезесі арқылы программалар терезесінің бір қасиетін- тақырыбын өзгертік. Дәл осындай формалардың кез келген қасиетін өзгертуге болады.
2.4. Формаға жаңа компоненттер орналастыру
Формаға жаңа компоненттер орналастыруды қарастырайық. Ол үшін алдымен орналасатын компонентті таңдауы қажет. Одан кейін форма терезесіндегі компонент орналасатын орынды тышқанмен белгілеу жеткілікті.
Енді прграммалар терезесіне әртүрлі жазжуларды, түсіндірмелерді орналастыруға арналған Label компонентін орналастырайық. Алдымен компоненттер палитрасынан Standard бетінің ашылғанына көз жеткізу қажет. Курсорды әрбір компонентің үстінен жүргізгенде оның аты жазылады. Компоненттер политрасына курсорды келтіріп ,тышқанмен белгілейміз,одан кейін форма терезесінің белгінің орнын көрсетеміз.
Жаңа компоненттің стандартты аты Label 1 , батырмадағы жазудың да аты осындай болады. Обьектілер Инспекторы терезесіндегі Caption жолының көмегімен бұл жазуды оңай өзгертуге болады”программа N1” деп енгіземіз. Бұл енгізілген жазу формадағы компоненттен көрінеді.
Енді жазудың түсі мен шрифті өзгертейік. Ол үшін обьектілер Инспекторы терезесіндегі Font қасиетін тышқанмен белгілейік,батырманың көмегімен жолдың оң бөлігінен шрифті түзететін сұхбат терезесі ашылады. Size тізімінен шрифтің өлшемін 24, Color тізімінен қажетті түстің таңдаймыз. OK батырмасымен терезені жабамыз. Форма терезесіндегі компоненттегі жазу өзгертуге сәйкес қасиетін өзгертеді.
2.5. Оқиғаға жауапты қалыптастыру
1. Формаларды түрлендіру. Алғашқы программаға кезекті түрлендіруді жасайық: формаға тағы бір компонент орналастырайық. Мысылы батырманы алайық,ол тышқанның оң жақ батырмасын басуға байланысты оқиғаға жауап беретін болсын. Батырма компоненті standard бетінде компоненттер палитрасында ok пиктограммасымен бейнеленеді. Бұл компонент форма терезесіне белгінің төмен жағына орналастырайық.
2. OnClick оқиғасын өңдеуші. тышқанның сол жақ батырмасын басқанда жұмыс істеп тұрған программада OnClick оқиғасы пайда болады. әзір бұл оқиға программамен ешқандай өңделмейді,сондықтан батырманы басу ешқандай нәтиже бермейді. Батырма басылғанда жауап беруді жүзеге асыру үшін ObjectPascal тілінде программа фрагменттін жазу қажет,ол оқиғаны өңдеуші деп аталады. Бұл фрагментте программист батырма басылғанда программаның не істейтінін көрсететін мәтіндік жолдар тізбегі жазылады. Фрагмент ObjectPascal дің арнайы қосалқы программасы процедура түрінде өрнектеледі.
Delphi OnClick оқиғасын өңдеу процедурасына дайындықты өз бетімен жасау үшін компонентті тышқанмен жылдам екі рет белгілеу қажет. Нәтижесінде Код терезесіне төмендегідей мәтін фрагментті болады:
Procedure Tform1.Button1 click(Sender:Tobject);
Begin
End;
Енді фрагментті талдайық. Procedure сөзі компиляторға қосалқы програма - процедураның басы жөнінде хабарлайды. Delphi ортасында сондай - ақ,қосалқы программа функция пайдаланылуы мүмкін,бұл жағдайда Function сөзі пайдаланылады. Одан кейін: Tform1Button1Click процедурасының аты жажзылған. Атау құрама сөзден тұрады: Tform1-класс атауы; Button1Click прцедурасының атауы.
Begin сөзі компиляторға процедураның жұмыс алгоритмін сипаттайтын сөйлемдер тізбегінің бастамасы екені туралы белгі береді, ал end сөзі осы тізбектің соңын білдіреді.
Қортынды
Қорта келгенде, программалау тілдерін жақсы меңгере отырып, Delphi, Borland Pascal, Visual Basic, C++ орталарында әртүрлі программалар құруды білу.
Программалау ісекрлігін үйрену үшін нақты есептер шығарып, программасын жаза білу керек. Ол үшін программалау тілі мен оны құру ортасын меңгеру керек. Біз Delphi ортасының жұмысына жалпы сипаттама бере отрып, Delphi ортасының компоненттер политрасына түсініктеме бердік. Негізгі терезе туралы және оның қызметі, қандай бөліктерлен құралғанын қарастырдық. Онда әрбір терезелері туралы жеке жеке айта келе, Delphi ортасының терезелерінң қызметі мен қасиеттері, байлапнысуы туралы түсінік бердік Формалар туралы және оның қасиеттері жөнінде мәлімет бере отырып, Delphi дің әрбір компоненттерінің құрал саймандарымен таныстық.
Delphi программалау жүйесінде тестілеу және оның маңыздылығы туралы, оның қолданылуына мысалдар келтіріп көрсеттік.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Халықова. К.З., Бостанов Б.,Тұрғанбаева А. Обьектілі бағдарланған программалау жүйелерінің негіздері. Оқу құралы. Абай ат. ҚазНПУ. Алматы,20057 -301 б.
2. Халықова. К.З., Паскаль тілінде программалау. Оқу құралы.абай ат.АлМУ. Алматы, 2002. -210 б.
3. Халықова К.З., Ануарбекова Г.Ж. Жаратылыстану бағытындағы мектептерде информатиканы бағалап оқыту. Вестник ҚазНПУ им.Абая. N2 (16)6 2006.
4. Халықова. К.З., Э.Ж.Төлеген Жалпы білім беретін орта мектептің кәсіптік бағдарлы курсында Delphi жүйесін оқытудың ерекшеліктері.. “Вестник” АГУ им. Абая., Алматы, №1 (9)6 2004.
5. Давыдова Е.В. Скородумов И.А., Балаханов В.А. Создание базовых элементов интерфейса Windows программы в среде Delphi .Информатика и образование. № 4,5,6. 2002.
6. М.Фленов.библия Delphi . Сакт - Петербург “БХВ -Петербург”, 2004. -880 с.:ил.
7. Культин Н. Delphi 3 . Программирование на Object Pascal. Сакт – Петербург, 1998. – 304 с.
8. Орлик С.В. Секреты Delphi на примерах. М.: Бином, 1996. - 152 с.
9. В. Фаронов. Обьектно риентирование среда Delphi. Версия 6. Учебное пособие. “Русская редакция”, 2002 .
10. Халықова. К.З., Бостанов Б.,Тұрғанбаева А. Программалау тілдерін оқыту. Delphi ортасы: Оқу құралы. ,Алматы:Print – S, 2005. – 250 б .
11. Халықова К.З., Ануарбекова Г.Ж. Object Pascal тілі. Delphi ортасы: Оқу әдістемелік құралы. Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2008 .- 220 бет.