Д.КЕННЕДИ КЕЗІНДЕГІ АҚШ-ТЫҢ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

Рефераттар
925

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I. Д.КЕННЕДИ КЕЗІНДЕГІ АҚШ-ТЫҢ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ (1960-1963)

1.1. 1960 жылғы АҚШ-тағы президенттік сайлау
1.2. Д.Кеннедидің «Жаңа белес» бағдарламасы
1.3. Кариб дағдарысы

ҚОРЫТЫНДЫ 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 

 

КІРІСПЕ

Дүниежүзінде ең күшті капиталистік ел болып табылатын Америка тарихындағы маңызды кезең 1960 жылдарда болып өткен өзгерістер мен оқиғалар тек Америка тарихына өшпес із қалдырумен қалмастан бүкіл дүниежүзі тарихы үшін де өзекті боп табылады. 
ХХ ғасырдың 60 жылдары АҚШ-та демократиялық қоғамның қалыптасу кезіндегі азаматтардың саяси құқықтарының жүзеге асуы барысында сайлау заңдарының енгізілуі, азаматтардың сайлауға еркін түрде қатыса алуы және мажаритарлық сайлау жүйесінің қалыптасуы мен дамуы кезеңімен сипатталады. АҚШ қоғамының азаматтарының саяси құқықтары қорғала бастауы және саясатта, экономикада әлеуметтік мәселелер бойынша заңдардың жүзеге асуы салдарынан мажаритарлық сайлау жүйесінің дамуы сол кездегі АҚШ қоғамының демократияланғанын көрсету өзекті боп табылады. 
1950 жылдың екінші жартысындағы ғылыми-техникалық революция жетістіктері экономиканың жедел дамуына әкелді. Экономиканың даму қарқыны ішкі өнеркәсіптің дамуына айтарлықтай әсер етіп, ұлттық бюджеттің өсуіне қолайлы жағдай жасады. Экономика саласындағы жинақталған күрделі мәселелерді шешу мемлекеттік реттеу саясаты арқылы шешуді талап етті. АҚШ капитализмі мемлекеттік-монополиялық қоғамға айналды. Ғылыми-техникалық революцияның  елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуі қарама-қайшылыққа толы болды. Бір жағынан, өндірістің жедел дамуына, өмірдің сапасы мен деңгейінің өсуіне жаңа мүмкіндіктер берсе, екінші жағынан, мемлекет экономикалық саясатты жүргізуде ғылыми-техникалық революцияның салдарынан пайда болған жаңа проблемаларды есепке алу қажет болды. Ғылыми-техникалық революцияның нәтижесінде жұмыссыздық көбейді. Жұмыстың сапалы бағытқа жол беруі техника мен технологияның дамуына байланысы болды. Өндірісте техника мен технологияларды қолдану бірнеше адамның жұмысын атқаратын жағдайға жетті. Салдарынан жұмыссыздық көбейді. Бұл Американың әлемдегі дамыған мемлекет ретіндегі жаңа бір бағытқа ауысуы көрінді. Міне, осы мәселелерді көтеру өзекті боп табылады. 

Жүктеп алу
665 рет жүктелген
183.50 кб файл салмағы