Екінші майдан ашу
Мазмұны
Кіріспе
І Тарау. Екінші дүниежүзілік соғыс және Тегеран конференциясы
1.1 Антигитлерлік коалацияның құрылуы.
1.2 Тегеран конференциясының ашылу себептері.
ІІ Тарау. Екінші майдан мәселесі
2.1 АҚШ -Ағылшын үкіметі. Екінші майдан ашу мәселесі. Саяси ұстам.
2.2 Екінші майдан ашу мәселесі. ССРО саясаты.
2.3 Тегеран конференциясындағы екінші майдан ашу мәселесі жөніндегі шешімі
Қорытынды.
Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жас субъекті ретіндегі тәуелсіз еліміздің алдындағы келелі міндеттердің бірі, әрине бұл халықаралық қатынастардың бүгінге дейінгі қалыптасқан тарихын дұрыс пайымдап, объективті тұрғыдан жаңаша зерделеу екендігі сөзсіз. Қай мәселеге болмасын батыстың, американдық не орыстық ұстанымнан, түсінік – пайымнан гөрі қазақтық көзбен немесе "терезеден" қарау қажеттігі күнбе – күн артып келеді. Жалпы, әлемдік қауымдастықтың тарихын парықтай келгенде; оны тарихи – мәдени және саяси - құқықтық жағынан саралай білудің зор маңызы бар десек, 20 - ғасырдағы түбірлі құбылыстардың бірегейі – екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы игі дипломатиялық келісімдер: Тегеран – Ялта- Потсдам тізбекті конференциялар тарихтан әлдеқашан сүбелі бағасын алса да, толайым бағаланды деу артық болар. Әсіресе, мұндағы өзекті де назар аударарлық мәселе аталмыш конференциялардың мән маңызы жеңімпаз державалардың тұрғысынан қаралып, неміс мәселесінің әлі де шынайы көрсетілмеуін атар едік. Осы конференцияларда бекітілген тарихи шешімдердің соғыстан кейінгі Германияның тағдырын түбегейлі өзгерткендігіне баса назар аудартқым келеді.
1943 жылдың соңғы айында Москвада жұрттың, көңіл күйі көтеріңкі еді. Ол үшін себептер де аз емес-тін. Жауды біржолата жеңуге деген сенім күшейе түсті. Сонау Мұзды мұхиттан Қара теңізге дейінгі ұшы-қиырсыз кеңістікке созылған совет-герман майданының, әр алуан учаскелерінде бұрынғысынша ауыр ұрыстар жүріп жатты. Кеңестер Одағының жерін басқыншылардан босатып, Европаның нацистер құлдыққа салған халықтарын азат ету басталғанға дейін орасан көп күш-жігер жұмсау керек болатынын жұрттың бәрі де жақсы түсінді. Алайда, соғыста инициатива батысқа қарай батыл қарыштап бара жатқан Совет Одағының қызыл армиясының қолына біржолата көшті деген сезімнің өзі-ақ совет жауынгерлері мен тыл еңбеккерлерінің күш-жігерін молайта түсті.
Біздің одақтастарымыз шайқасып жатқан соғыс қимылдары майдандарынан да жанды жадыратар жақсы хабарлар келіп жатты. Олардың Италиядағы, Эль-Аламейн түбіндегі, Тунис маңындағы және басқа майдандардағы жеңістері ол жақта да соғыс сәтінің, гитлерлік Германия мен оның қолжаулықтарынан теріс айналғанының айқын айғағы болды.
Үш ұлы державаның басшылары — И. В. Сталиннің,Ф. Рузвельттің, У. Черчилльдің жаңа ғана аяқталған Тегеран конференциясында қабылдаған шешімдері одақтастардың бірлігін, олардың соғыс ұйымдастырылатын қимылдардың көлемі мен мерзімдері жөнінде толық келісімге келдік,— делінген үш державаның Декларациясында — "..Біздің герман әскерлерін құрылықта, олардың сүңгүір қайықтарын теңізде жоюымызға, олардың әскери заводтарын әуеден қиратуымызға дүние жүзінде ешқандай күш кедергі жасай алмайды.
Біздің шабуылымыз аяусыз болады әрі үдеген үстіне үдей түседі...".
Біз өз елдеріміздің соғыс кезінде де, одан кейінгі бейбіт уақытта да бірлесе отырып жұмыс істейтіндігіне берік бел байлағандығын білдіреміз... Біз мұнда үмітпен, батыл бел байлап келіп отырмыз. Бұл жерден біз рухани жағынан да, мақсат жағынан да шын достар болып аттанамызң. "Үлкен үштік" өздері қабылдаған шешімдердің мәнін осылай баяндады.
І Тарау. Екінші дүниежүзілік соғыс және Тегеран конференциясы
1.1 Антигитлерлік коалацияның құрылуы.
Тегеран кездесуінің қорытындыларын бостандық сүйгіш бүкіл адамзат, ең алдымен Совет Одағының, Құрама Штаттардың, Великобританияның халықтары жоғары бағалады. Совет үкіметінің басшысы Москваға қайтып келгеннен кейін АҚШ президентінен телеграмма алды, онда былай делінген: «Мен конференция мейлінше табысты өтті деп санаймын және ол біздің бірлесіп соғыс жүргізуге ғана емес, сондай-ақ келешек бейбітшілік ісі үшін де толық ынтымақтасып жұмыс істеуге қабілетті екенімізді қуаттайтын тарихи оқиға болғанына кәміл сенемінң. И. В. Сталин бұл телеграммаға 6 декабрьде жауап қайтарды. "Сіздің Тегеран конференциясы үлкен табыспен өтті және біздің тікелей кездесулеріміздің көп жағынан аса зор маңызы болды дегеніңізге қосыламын,— деп жазды ол.— Біздің халықтарымыздың ортақ жауы — гитлершіл Германия мұны көп ұзамай сезінеді деп үміттенемін. Ендігі жерде біздің халықтарымыздың қазіргі уақытта да, соғыс аяқталғаннан кейін де ынтымақпен бірлесіп қимылдайтынына сенім бар".
Тегеран конференциясының нәтижелерін, соғыс қимылдары жағдайында болса да, қоғамдық системалары әр түрлі мемлекеттердің ынтымақтастығы принципін практикада қолданудың нақты тәжірибесі деп бағалауға болады. Москва мұндай тәжірибені соғыстан кейінгі кезеңде де таратудың маңызды екенін үнемі атап көрсетумен болды. Сөйтіп, әңгіме келешек бейбітшілік жылдарында мүлдем жаңа сипаттағы, 1917 жылы Совет республикасы әйгілі Бітім туралы декретінде жариялаған әділетті, демократиялық бітімнің, негізделген халықаралық қатынастардың калыптасуы үшін жағдай жасау туралы болды.
Ол кездегі жағдай бұл идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген еді. Енді Тегеран кездесуінен кейін, батыс державаларының бұған дайын екенін ескере отырып, Совет Одағы мен антигитлерлік коалицияға қатысушы шет ел державалардың қатынастарына бейбіт қатар өмір сүру принципін негіз етуге айтарлықтай нақты мүмкіндік туды.
Осыған байланысты Құрама Штаттар президентінің 1943 жылғы 3 декабрьдің өзінде, яғни АҚШ президенті Иран астанасынан кеткеннен екі-ақ күннен кейін Каирден Сталинге жолдаған телеграммасындағы Тегеран кездесуіне берген бағасы назар аударарлық. "Мен біздің кездесуіміздің осынау айтулы күндерін аса зор қанағат сезімімен, адамзат прогресіндегі маңызды кезең ретінде бағалаймын".
Бұл тек жай ғана дипломатиялык сыпайылық емес-ті. Президенттің жақын досы, "үлкен үштіктіңң кездесуінде американ делегациясынық құрамында болған Гарри Гопкинс өз жазбаларында Рузвельттің Тегераннан аттанып бара жатып, «соғыстан кейінгі бейбітшілікті сақтау ісінде Россиямен ынтымақтасу" мүмкіндігіне кәміл сенгенін растайды.
Ал Черчилльге келетін болсақ, ол тұтас алғанда Тегеран кездесуіне оң баға бергенімен, ол туралы пікірін іркіліңкіреп білдірді.
Сталинге жолдаған, Москваға 1944 жылғы 24 қаңтарында келген хатында британ премьері былай деп көрсетті: "Тегераннан өзіммен бірге алып келген, біздің жақсы қатынастарымыздың сезімі мені әжептәуір сергітіп тастады".
Черчилльдің тартыншақтауының өз себептері бар еді: Тегеранда талқыланған көптеген мәселелер жөнінде ол азшылықта қалды және қадам басқан сайын шегіне отырып, Совет Одағы мен Құрама Штаттар арасында қол жеткен бірсыпыра маңызды уағдаластықтарға амалсыз-дан қосылуға мәжбүр болды.
Тегеран конференциясы антигитлерлік коалицияның шырқау шегі деп әділ саналады. Ол Батыс Европада екінші майдан ашу сияқты маңызды мәселе бойынша келісілген шешім қабылдап, үш державаның бірлігін нығайтты. Ағылшын-американ әскерлерінің Нормандияға кіретін нақты мерзімін белгілеуге де қол жетті. Сондай-ақ соғыстан кейінгі құрылыс пен бейбіт жағдайдағы ынтымақтастықтың көптеген мәселелері бойынша да шешімдер қабылданды.
Тегеран конференциясынан Потсдам конференциясына дейінгі кезеңнің - әскери, саяси дипломатиялық жағдайының сан қырлы жақтары мен қиыншылықтарын түгел қамтуға тырысқан жоқ.
Алға неғұрлым шектеулі міндет: антифашистік каолицияға қатысушылар арасындағы өзара қатынас үшін ерекше маңызы болған, соның ішінде автордың өзі куә болған жекелеген кезеңдер мен оқиғаларды атап өту, түптеп келгенде соғыс кезіндегі одақтың бұзылуына соқтырған елеулі қайшылықтардың бірте-бірте қалай жиналғанын көрсету міндеті қойылды.
1.2 Тегенран конференциясының ашылу себептері.
1943 жылы 28 Қарашадан – 1 Желтоқсанға дейін үш мемлекет : АҚШ, КСРО, Ұлыбритания үкімет басшылары Ф.Д. Рузвельт, В.И. Сталин, У. Черчилль Тегеранда бас қосты. Одақтас елдер басшыларының бірінші кездесуіне дипломатия кеңесшілері мен әскери штабтың өкілдері де қатысты. Күн тәртібінде соғыстың барысы және соғыстан кейінгі бейбітшілік мәселелері талқыланды. Одақтас елдердің гитлершіл Германияға қарсы соғыс қимылдарын бірлесіп жүргізу жоспарын жасау Тегеран конференциясының басты мәселесі болды. Көртеген тарихшылар Тегеранды антигитлерлік коалицияның ең шыңы деп санады. Бірақ бұл жолға келу оңай болған жоқ. Англия мен АҚШ билеуші топтары Гитлердің КСРО- ға шабуыл жасаған сәтінен бастап енжарлық көрсетті және сол кездегі КСРО мен Әскери ынтымақ жасауға құлшына қоймады. Кеңес үкіметі ең қысқа мерзім ішінде батыс державаларымен одақтастық қарым - қатынастар жасауға ұмтылып, мұны фашистік "ось" державаларына қарсы ойдағыдай күрестің кепілін көріп отырған кезде , Лондон мен Вашингтон ортақ жауға қарсы тек біріккен қимылға жағдайдың қысымымен ғана қосылып, өздеріне алынған міндетті орындауды қалайда соза түсуге тырысып бақты.
Вашингтон саясаты, сайып келгенде, дүниежүзіне АҚШ-тың үстемдігін орнатуға ұмтылу болса, Англияның билеуші топтарының көздеген мақсаты ең алдымен британдық империяның дүниежүзілік позициясын сақтап қалуда еді. Тіпті осының өзінде де, олардың мүдделерінде елеулі алшақтықтар болды. АҚШ пен Англия өз мақсаттарына жетудегі басты кедергіні гитлерлік Германия мен милитаристік Жапонияның саясатында деп білді. Олар осы қауіпті бәсекелестерін шет еткенде ғана , өздерінің ықпал ету сферасын нығайтып, кеңейте алатынына сенді. КСРО соғысқа кіріскеннен кейін Англия мен АҚШ осы жанжал арқылы өздерінің жеке мақсатын көздеді. Сөйтіп АҚШ КСРО-ның қолымен Германия мен Жапонияны әлсіретуге тырысты, сөйтіп Тегеранда қабылданған келісімдер антигитлерлік коалицияның маңызын көрсетті. Бұған дейін АҚШ пен Ұлыбритания Европада соғыс майданын ашамыз деген уәделерін орындамағандықтан, соғыстың негізгі ауыртпалығын Совет Одағы көтерді. Екінші майдан ашу мәселесіне келсек, 1942 жылдың көлемінде Ла-Манштың ең енсіз жерінен кесіп өту арқылы және Сена сағасының шығысындағы кале мен Гаврдың арасындағы француз жағалауына әскер түсіру, сөйтіп солтүстік Францияғв басып кірудің американдық жоспары жасалды. « Оверлорд « деген кодтық атпен аталған бұл жоспарды жүзеге асыру тек 1943 жылдың көктеміне белгіленді. 1942 жылы американ Бас штабы "Следжхэммер" деген шектеулі операцияны қарастырды, оның үстіне бұл төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс болды. 1. Орыс майданындағы жағдай өте ауыр болғанда, яғни Германия қаруының табысы артық болып, орыстардың қарсылығына сөзсіз күйреу қаупі төнгенде ғана ортақ. 2. Батыс Европада немістердің жағдайы өте төмен болғанда. Міне, Тегеран конференциясының осындай алғышарттарға негізделгенін көреміз, сөйтіп, ыңғайлы тактика жеңіп шықты. 1942 жылы Совет Герман майданында кескілескен ұрыстар жүріп жатқан кезде Лондон мен Вашингтонда Батыс одақтастарға Екінші майдан ашу қашан тиімді болатындығы қызу талқыланып жатты.
1942 жылы жазда болған Лондондағы ағылшын-совет келіссөзі кезінде Совет үкіметі Батыс Европаға басып кіруді тездету қажеттігі туралы мәселені тағы да қойды. АҚШ президенті Ф. Рузвельт бұл мәселені қолдады.
1942 жылы 12 июньде қол қойылған ағылшын-совет мазмұндамасында Вашингтонда бұрын келісілгендей 1942 жылы Европада екінші майданды құрудың кезек күттірмейтін міндеттері жайында толық келісімге қол жетті, - деген тұжырым қайталанды.
ІІ Тарау. Екінші майдан мәселесі
2.1 АҚШ -Ағылшын үкіметі. Екінші майдан ашу мәселесі. Саяси ұстам.
Екінші майданның ашылуының нақтылы келісілген мерзімі ақыры шешілген сияқты еді. Бірақ батыс державалары бұл жолы да өз міндетін орындамады. 1942 жыл өтті, 1943 жыл бітті, 1943 жылы Қарашаның аяғында Тегеран конференциясы ашылғанда бұрынғысынша Францияда екінші майданның қашан ашылатындығы беймәлім еді. Сондықтан Тегеран кездесуінің күн тәртібінде тұрған мәселелерді талқылаумен қатар, Совет үкіметі екінші майдан жөніндегі мәселеге де нақтылы жауап алуға ұмтылуы да табиғи нәрсе еді.
Тегеран конференциясының бірінші жалпы мәжілісінде Европада екінші майданды ашу туралы мәселе қойылды. Тегеран конференциясында Британ премьері У. Черчилль мен АҚШ президентінің біріккен штабы "Оверлорд" операциясы 1944 жылға май айында белгіленді деп жарияланды. Ол оңтүстік Франциядағы десанттың көмегімен жүргізілмек, бұл қосалқы операцияның күші сол кездегі қолда болатын десанттық құралдардың мөлшеріне байланысты болады деп шешілді. Ал Англия тек десанттық операциялар басталғанға дейін КСРО немістерге күшті соққы әзірлейтінін мәлімдеді.1 Тегеран конференциясында солтүстік Францияда екінші майдан ашу пробемасын талқылау осылайша аяқталды.
Ағылшындар мен американдар берген уәде созыла түсіп , «Оверлорд« операциясы майда емес, 1944 жылы 6 июньде басталды. Гитлершілдерді батысқа қарай үсті-үстіне тықсыра түсіп, Германияның территориясына жақындаған совет әскерлерінің ойдағыдай қимылы болмаса, мұны бұдан да гөрі ұзақ мерзімді кешеуілдетуге тура келер еді. Ағылшындар мен американдықтар кешігіп қалудан қорқып, ақыры басып кіруге мәжбүр болды. «Оверлорд« туралы мәселе шешілгеннен кейін конференцияға қатысушылар қол қойған келісімді қатаң құпия сақтау проблемасына едәуір көңіл бөле бастады. Сонымен бірге екінші майданды ашуға керекті стратегиялық және тактикалық жоспары жасалып, дұшпанды радионың көмегімен шатастыру, бес- сегіз мыңға дейін танкілер, екі мың самолет макеттері жасалып, жалған аэродромдар жасалу ұсынылып, Тегеранда қабылданған шешімдерді білетін адамдар тобы шектеулі болуы, хабар-ошардың шетке шығып кету мүмкіндігін болдырмауды көздеген қосымша шаралар белгіленді. Осыған қарамастан, Тегеран конференциясының аса маңызды шешімдерін жаудан құпия сақтау қолдан келмеді.
2.2 Екінші майдан ашу мәселесі. ССРО саясаты.
Европада 2-майдан ашу, соғыстың аяқталуын тездету мәселесі Совет делегациясының ұсынысы бойынша жетілдірілді. Черчилль 2- майданды Балқан түбегі арқылы жүргізуді жақтады.1 Ол ағылшын және американ қарулы күштерін Совет армиясынан бұрынырақ Оңтүстік шығыс және Орталық Европаға жайғастырып, Европа халықтарын билеп- төстеуді көздеді. Бұл жоспардың осал жақтарына тоқталып, В.И. Сталин екінші майданды Франция территориясынан ашудың дұрыстығын дәлелдеді.
Тегеран конференциясының 28 Қарашадағы бірінші жалпы мәжілісінде Түркияны одақтастар жағында соғысқа итермелеу жөнінде У.Черчилль мәселе көтерді. Британ премьерінің пікірі бойынша Түркияның соғысқа кіруі Дарданелл мен Босфор арқылы қатынас жолын ашуға, сөйтіп Совет Одағына Қара теңіз арқылы қатынас жолын ашуға жабдықтарды жіберуге мүмкіндік туып, оңтүстік порттарда жүк түсіру тұрақты түрде жүзеге асырылады деп сендірді.
Ағылшын үкіметінің генералдары Түркияның соғысқа кіруі одақтастарға үлкен артықшылықтыр әпереді және Румыния мен Болгарияның соғыстан шығу мүмкіндігі тұрғысынан үлкен маңызға ие болады , бұған қоса Түркияда одақтастардыңавиабазасын жасау немістердің маңызды объектілеріне, атап айтқанда олардың Румыниядағы мұнай көздеріне шабуыл жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп шешті. Егер Түркия соғысқа кіру жайлы соғысты қабылдамаса, мұның Түркия үшін елеулі салдарлары болатынын және Босфор мен Дарданелл қақындағы оның правосына әсер ететіндігін ескертті.2 Ақыры 1945 жылы 23 Ақпанда Түркия Германия және Жапонияға соғыс жариялады. Бұл кезде Болгария , Румыния, Югославия азат етілген еді де, майдан түрік шекараларынан мың километрге қашықтап кеткен болатын. АҚШ пен Ұлыбританияның өтініштеріне байланысты Совет Одағы Европадағы соғыс бітісімен империалистік Жапонияға қарсы соғысатынын білдірді. Рузвельт Германияны бір-біріне тәуелсіз бес мемлекетке бөлшектеу туралы мәселе көтерді. Черчилль бұл ұсынысты қабылдап, Австрия, Венгрия және Оңтүстік Германияның кейбір аудандарын қамтитын «Дунай федерациясын« құру жөніндегі жоспарды қолдады.
КСРО өкілдері бұл ұсыныстарды сынап, неміс халқының мүддесіне қайшы келетін Германияны бөлшектеу мәселесін қабылдатпады. Тегеран конференциясы Иранның тәуелсіздігін, суверенитетін және территориялық тұтастығын сақтау керек екендігін ескертті. Германияны бөлшектеуде бірінші Пруссияны қалған Германиядан оқшаулау, екіншісі Германияның оңтүстік провинцияларын – Баварияны, Баденді, Вютембергті, Палатинаны Саардан Саксонияға дейін бөліп тастау ұсынылды. Өз кезегінде В. Сталин оны Дунай мемлекеттерінің құрудың қажеті жоқ, Венгрия мен Австрия бір-бірінен бөлек өмір сүруге тиісті деп толықтырды.
2.3 Тегеран конференциясындағы екінші майдан ашу мәселесі жөніндегі шешімі.
Тегеран конференциясында соғыс аяқталған соң Германияны бөлшектей отырып, оның XX ғасырда қайта бас көтеру мүмкіндігін болдырмау көзделді. АҚШ президенті Ф. Рузвельт Германия туралы мәселені зерттеу үшін арнаулы құру, оны Лондон комиссиясына беру жөнінде ұсыныс білдірді.
Сондай-ақ Тегеран конференциясында Польша мәселесі қаралды, онда КСРО мен Польшаның арасындағы 1939 жылғы шекараны қалдыру, яғни Германияның біраз бөлігін Польшаға, ал Польшаның шекарасы шығыста "Керзон сызығымен", батысында Одер өзені бойымен өту жобаланды. Польшаны Германия есебінен қанағаттандыру (жерінің біраз бөлігін алу) туралы Черчилльдің пікірі тыңдалған соң Сталин Украинаның жері Украинаға, Белоруссияның жері Белоруссияға берілуі жөн екендігін Львов проблемасын шешу жөніндегі жоспарын карта бойынша нақтылай көрсетіп дәлелдеп шықты.
Үш ел соғыстан кейін бейбітшілік орнату жайында бірлесіп әрекет етуге уағдаласты. Сөйтіп Польша мемлекетінің жері мен халқы Польшаның құрамына Шығыс Пруссия мен Оппельнск провинсиясына қоса отырып, Керзон линиясы мен Одер өзені деп аталатындардың арасында орналасуға тиіс деп шешілді. Шекараны түркілікті жүргізу, мұқият зерттеуді және кейбір пункттерде халықтың мүмкін боларлық қоныс аударуын керек етеді деп, нақтылай түсті. Тегеран конференциясында қабылданған шешімдер соғыс бітісімен батыс елдердің реакцияшыл топтары бұл келісімдерді бұзуы, халықаралық жағдайды шиеленістіруге әкеліп соқты.
Тегеран конференциясында қабылданған үш державаның қабылдаған декларациясының алғашқы мәтіні мынадай мазмұнда жазылды: «Біздер: АҚШ президенті, Ұлыбританияның премьер-министрі және Совет Одағының премьері соңғы төрт күннің ішінде (28/11-1/12-43) Біздің Одақтасымыз- Иранның астанасында кездесу өткізіп, ортақ саясатымызды тұжырымдап белгіледік. Соғысқа қатысты әскери келіссөзде Герман қарулы күштерін жою жөнінде жасаған жоспарларды келістік. Шығыстан, Батыстан, Оңтүстіктен қолданылатын операциялардың көлемі мен мерзімі жайында толық келісімге келдік.
Құрғақтағы Герман армиясын, олардың теңіздегі сүңгуір қайықтарын құртуға әрі әуеден олардың соғыс заводтарын талқандауымызға дүниежүзінде бізге ешқандай күш бөгет бола алмайды. Біздің шабуылымыз аяусыз әрі өрши түсетін болады. Рузмельт, Сталин, Черчилль Тегеранда 1943 жылы 1 Желтоқсанда қол қойылды. "Соғыстың барысында басқа шешімдермен бірге Югославия партизандарына жан-жақты көмек көрсету туралы" келісімге қол жетті.
Сөйтіп Тегеран конференциясында Германия мемлекетімен арадағы соғысты аяқтау үшін жүргізілетін соғыс қимылдары мен оның жерін бөлшектеу, шекарасын белгілеу мәселелері талқыланды.
Қорытынды
Тегеран конфреренциясында көптеген мәселелер жөнінде қатты айтыстар аз болған жоқ, бірақ тұтас алғанда конференциял пікір алысудың қорытындысында маңызды оң, шешімдер қабылданды.
Конференцияда келісілген және бекітілген документтердің тізбесі мейлінше кең көлемді проблемалардың талқыланғандығын, конференцияда қабылданған шешімдердің бүкіл халықаралық жағдайды дамыту үшін зор маңызы бола алатынын көрсетті. Ең алдымен Тегеран конфренциясы -Қырым-Потсдам конференцияларының бастамасы болды. Қырым-Потсдам конференцияларына алғашқы табалдырығы болды деп айтуға болады.
Конференцияда қабылданған шешімдердің маңызы зор болды. Әсіресе екінші майданның ашылу мәселесін айта кетсем болады.
Дегенмен үш одақтастың осы конференциялардағы және басқа маңызды кеңестерінің барысында әлеуметтік құрылысы әр түрлі мемелекеттердің бейбіт уақытта да тиімді саяси және әскери ынтымақтасу мүмкіндігі іс жүзінде дәлелденгені ақиқат шындық болып қала береді.
Сонымен, жоғарыдағыларды жинақтап қорыта келгенде, халықаралық қатынастар тарихындағы өте маңызды келісімдердің бірі - Тегеран конференциясының игі бастамасы дәстүрлі жалғасын тапқан дипломатиялық қадам ретінде бағаланады. Осы "үштік" конференциясының түпкі мақсаты екінші дүниежүзілік соғысты әділетсіз түрде бастаған гитлерлік Германияны талқандау, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті сақтау еді. Іс жүзінде осы Тегеран конференциясы күші адамзаттық игі мақсатты орындай алды деуге толық негіз бар. Конференция барысында негізгі қаралған мәселелелер , әрине, Германия (неміс) мәселесі болды. Гитлерлік Германияға қарсы державаларды біріктірген күш сол кезде бүкіл әлемге төнген қауіп болатын. Демек екінші дүниежүзілік соғыс барысында аталмыш конференциялардың алар орны ерекше және ортақ мүддеден туындаған халықаралық құбылыс еді. Осы конференцияның мақсаты, бағыт-бағдары бірыңғай , біртұтас алып қарасақ та әрбір конференцияның екінші дүниежүзілік соғыс барысында өзіндік алатын орны атқарған функциясы бар. Ғылыми негізде осыған мынадай тұжырым жасауға болады: бірден, алдымен Тегеран конференциясы.(1943ж. 28 Қарашадан - 1 Желтоқсанға дейін) Гитлерлік Германияға қарсы коалициялық бірліктің ортақ күш біріктіруі, екінші майдан ашу мәселесі күн тәртібіне қойылғанымен ішкі мүдделерін жасырып қала алмаған одақтастар істі кешеуілдетіп алған-тұғын. Бірақ мұның өзі зор бастама болды, тіпті соғыс жоспары талқыланып қана қоймай ”Германия мәселесін” алдын- ала келісіп те қойды. Тегеран конференциясы екі басқа жүйедегі державалардың екі басқа қауіпке бірігуінің көрінісі болды. Үштік конференцияда бірімен бірі тығыз байланысты әрбірінің мақсатын екінші тізбекті және сатылы түрде жүзеге асырып отырған. Олай болса, меніңше, Тегеран конференциясынан кейінгі Қырым-Потсдам жүйесі гитлершіл Германияға қарсы әскери-саяси дипломатиясы болып қана қоймай, Германия мәселесін шешуде жетістіктері жоқ емес.
Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі:
Мерзімдік басылымдар:
1. Дипломатическая история открытия второго фронта в Европе (1941-1944) //Международная жизнь. – 1970. - № 3. –е. №97-105; №11. – 108-11.
2.Севостьянов П.П.,Кынин Г.П. Крымская /Ялтинская/ конференция:История и современность// Новая и новейшая история .- 1985. - №3. – С. 18-29. – Библиогр. :30 назв.
3. Бережков В. М.Ялтинские решения и их противники// США: экономика, политика, идеология. – 1985. - №2.- С. 48-61.
4.Из истории подготовки Берлинской (Потсдамской) конференции: Новые документы//Новая и новейшая история. – 1985. - №6. – С. 128- 138.
5. Борисов А. Ю. Исторические договоренности: к 40- летию Ялтинской и Потсдамской конференции. – 1985. - №5. С. 22-45.
6. Тихвинский С. Потсдам: контуры послевоенного мира//Мировая экономика и международные отношения.- 1985. - №8. – С. 15- 26.
7. Бережков В. М.Значение Потсдамских решений//США: экономика, политика, идеология. – 1985. - №7. С. 51-64.
8. Международный научный форум. 40 лет Потсдамской конференции// Вопросы истории. – 1985. - №12. – С. 144-146.