Ежелгі Египет
184
ЖОСПАР
1. ЕГИПЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
1.1 Египеттің даму тарихы
1.2 Ежелгі Египеттің діні
2. ЕГИПЕТТІҢ ІРІ ҚАЛАЛАРЫНА СИПАТТАМА
2.1 Каир
1.1 Египеттің даму тарихы
Египет тарихында төрт негізгі кезеңдер байқалады. Олардың әрқайсысынан керемет материалды мәдениет ескерткіштері қалған.
Оның біріншісі – б.з.д. ІV ғасырға дейін созылған перғауындық кезең. Келесі болып б.з. ІV ғасырына дейінгі грек-римдік кезең келеді. Салыстырмалы аз уақытқа созылған, екі жарым ғасырға – визвнтиялық кезең. Оны тағы копттық деп атайды. Ең соңғы кезең, мемлекет тарихының VІІ ғасырында басталып әлі күнге дейін созылып келе жатқан - исламдық кезең.
Ежелгі Патшалық кезеңінде (б.з.д. 2700-2200) біздің заманымызға дейін құрылым ретінде немесе үйілген тастар ретінде жеткен, үлкен және кіші көлемді жүздеген пирамидалар салынған. Біздің күнімізге дейін жеткен жалғыз әлемнің 7 кереметтерінің бірі үш Ұлы пирамидалар – Хеопс, Хефрен және Микерин, Каирдың қала маңындағы Гиза платосында орналасқан.
Біртұтас манолиттен қашап алынған дүние жүзіндегі ең үлкен мүсін - үлкен Сфинкс, осылармен көршілес орналасқан. Пирамидалардың жан-жағынжағы платоның барлығы – үлкен некрополь. Мұнда перғауындардың жақын туысқандары мен байлар жерленген.
Орта Патшалық кезеңінде (б.з.д. 2040-1785) сәулет және бейнелеу өнерінің қайта жаңғыру дәуірі болып келеді. Барлық жерлерде сарайлар мен храмдар салынады. Жаңа Патшалық кезеңіне (б.з.д. 1550-1070 жж) Карнактағы, Луксордағы, Абу-Симбелдегі, Абидостағы және Фивтағы Патшалар даласындағы керемет храмдарды жатқызуға болады.
Фил аралдарындағы храмдық комплекс Эдуфу және Дендерамен қосып алғанда Птоломейлер кезеңінің ең жақсы сақталған сәулет құрылыстарының бірі.
Египет тарихының грек-римдік кезеңінде эллиндік әлемнің орталығы болған Александрияда да ежелгі сәулет өнерінің керемет түпнұсқалары сақталған. Мұнда христиандық Каирдегідей византия кезеңінің керемет ескерткіштері бар. Ал мешіттер салуымен ерекшеленетін исламдық мәдениетімен исламдық Каирде танысқан жөн. /10/
Египет тарихының хронологиясы:
• Б.д.д 3150-2925 жж. Тиндық кезең, І және ІІ әулеттер. Жоғарғы және Төменгі Египеттің бірігуі. Астанасы: Мемфис
• Б.д.д. 2700-2200 жж. ІІІ және VІ кезеңдері аралығында өмір сүрген Ежелгі патшалық. Саккарада және Гизадағы пирамидалар құрылысы.
• Б.д.д. 2200-2040 жж. VІІ және Х әулеттің бірінші аралық кезеңі. Аз зерттелген.
• Б.д.д. 2040-1785 жж. ХІ-ХІІ әулеттің Орта патшалық кезеңі. Өнер және өркениеттің дамуы. Астанасы: Фивы
• Б.д.д. 1785-1552 жж. Екінші аралық кезең, ХІІІ әулет. Гиксостардың басып кіруі.
• Б.д.д. 1552-945 жж. Жаңа патшалық, ХVІІІ- ХХІ ге дейінгі әулет. Жаулап алу дәуірі және ұлы храмдар құрылысы. Ең атақты перғауындар: Аменхотеп, Эхнатон, Тутанхамон, Сети І, Рамсес ІІ.
• Б.д.д. 945-656 жж. ХХІІ және ХХV әулетке дейінгі үшінші аралық кезең.
• Б.д.д. 672-332 жж. Соңғы кезең. ХХVІ әулет. Парсылықтардың Египетті жаулап алуы.
• Б.д.д. 332-27 жж. Эллинистикалық немесе Птоломей дәуірі. Ұлы Александрдың Египетті жаулап алуы. Александрияның қалануы.
• Б.д.д. 27- б.д. 395 жж. Римдік дәуір. Клеопатра өлімі және хрисиан дінінің таралуы.
• 395-641 жж. Византиялық дәуір.
• 640 Мұсылман дәуірінің басталуы. Ескі Каир Египеттің астанасы болып қабылданады.
• 661-1171 жж. Омейяд, Аббасидтер, Тулунидтер, Фатимидтер әулетінің билік ету кезеңі.
• 1240-1517 жж. Мәмлүктердің билік басына келуі.
• 1798 ж. Бонапарт экспидициясы.
• 1805 ж. Қазіргі дәуір. Мұхаммед Алидің соңғы әулетті орнатуы.
• 1952 –19 53 жж. Республиканың қалыптасуы. /15/
1.2 Ежелгі Египетің діні
Ежелгі Египеттің діні – бұл өте қызықты және көп түрлі құбылыс. Бұлар фетишизм және тотемизм, политеизм және монотеистік ойлар, теогония және космогония, көптүрлі мифтер, қабір өмірі туралы түрлі тұжырымдар, бүл діннің этикамен, ғылым және өнермен өзара қарым-қатынас мәселелері, перғауынды құдайға теңіеу және т.б.
Құдайлар Ежелгі Египеттіктер үшін қалалардың, номдардың, басқарушылардың, өзіндік культтің, тәртіп пен заңдардың ғана жаратушысы емес, сонымен қатар қолөнерді және өнерді, жазу мен санауды, ғылым мен магияны тудырушысы ретінде есептеледі. Иероглифтік жазу «құдай сөзі» ретінде түсінк қалыптасқан, және де мұнда үлкен орын Тот құдайына берілген. Ол жазудың жаратушысы, әдебиет пен жазушылардың қамқоршысы болған.
Патшаларының құдайдың құдыретті күшіне Египеттегі халықтың қаншалықты сенетндігі пирамидалардан байқауға болады.
Египетте ежелде дін болмаған. Әрбір номда және қалада жеке құдайлар пантеоны болған. Бірақ құдайлардың Ұлы пантеонын әр түрінде барлық жерлерде құрметтеген. Эннеада – негізгі 9 құдай, біздерге ежелден белгілі космогондық жүйе. Атум барлық тірі жанның бастапқы және мәңгі бірлігінің билеушісі ретнде есептеледі. Гелиопольдік аңыз бойынша, Атум өзін-өзі жаратқан және ол бастапқы хаостан – Нуннан пайда болған. Атуммен қоса алғашқы тау пайда болды. Өзін-өзі ұрықтандырып, ауызынан егіз-құдайларды – ауа – Шуды және су – Тефнутты туған. Атумның қолдары бұл – Хатор (аспан) әйел-құдайы. Атумның екіжақты тәжі - Жоғарғы және Төмеңгі египеттерге билігінің белгісі.
Перғауын египеттіктер үшін Күн құдайының баласы ретінде, сонымен қатар мемлекеттің берекесі және өркендеуі символы ретінде саналған. Соған байланысты ол, мысалыға, жерге егін егетін кезде алғашқы болып соқа салған. Бұнысымен ол Ніл аңғарына, қамқоршшысы құдайлары атынан жерге «қуат» берген.
Египеттік мемлекеттің орталықтандыруының күшейюі, сол уақытта орталық чиновник қызметін қоса жергілікті бір құдайға қызметші болып істейтін жрецтердің билігінің күшейюіне әкелді.
Перғауындарға - жаңа құдайларға, үлкен мөлшерде құрбандық шалынып, олардың құрметтеріне керемет храмдар салынған. Культ және ритуалға көптеген қаражаттар жұмсалынды. Оған мысал, бұл - құдайға теңестірілген билеушілерді жерлеу үшін салынған алып пирамидалар.
Ежелгі египеттіктердің анимистік сенімдері бойынша, өлімнен кейін адамның жанының әрекеті түрліше болған. «Ба» (адам басымен бейнеленетін құс) – аспанға күнге қарай ұшып кетеді, «ка» адам денесінде қалады, сонымен қоса, дененің жақсы сақталғандығына қабір өміріндегі жанның жағдайы және қайта туылу тікелей байланыстырылатын. Дәл осы себептен перғауын дененсін мұқият бальзамдап, «ка» үшін барлық жағдайларды жасаған. Қауіпсіздікті сақтау үшін денені сенім және даңқтың символы ретінде есептелетін алып пирамида тереңдігіне жасырған.
Египеттік құдайлардың көптеген зооморфтық жақтары болған. Гор сұңқар басымен, Себек – қолтырауын, Бастет – мысық басымен бейнеленген. Көптеген жануарлар киелі деп есептелінген: өгіз, қолтырауын, мысық, жылан, ибис және т.б.
Оған мысал ретінде Мемфисте табынатын киелі өгіз – Апис культі. Өгізді киелі деп есептеу үшін оған тән бірнеше қасиет болуы керек. Апистің өлімінен кейін жрецтер ұзақ аштықтан кейін жаңа Аписті іздестіруді бастайды. Оның маңдайында ақ үшбұрыш, мойынында сұңқарға ұқсайтын және жанында айға ұқсайтын таңбалары болуы керек. Мемфисте Апис храм алдындағы қорада өмір сүреді және де сонда оған табынушылардан құрбандықтарын қабылдайды. ХІХ династияның басқару уақытына дейін әр өгіздің өзінің қабірі болатын. Кейін Рамсес ІІ олардың барлығы ортақ некропольде – Серапеумде жерлеуге бұйрық береді.
Саккарада киелі құстар - ибистер некрополі бар. Жер өңдеушілерге көрсететін көмегі үшін ежелгі египеттіктер оларды да киелі деп санаған.
Фивта қолтырауын культі болған. Ол қолға үйретіліп, сырғалар мен сақиналамен әшекейлендіріліп, барлықтарынан құрбандық қабылдайтын болған. Бірқ, Геродоттың айтуы бойынша Египеттің барлық қалаларнда қолтырауынды киелі жануар деп есептемеген. Бұған мысал ретінде Элефантин қаласы. Мұнда қолтырауын етін тіпті тағам ретінде қолданған.
Египеттік дінде мысықтарды аса құрметтеген. Мысық - Бастет құдай-әйел құрметіне жылы күн шуағының белгісі болған. Оның культі әсіресе Төмеңгі Египетте дамыған. Бубаст (қазіргі уақытта Зигазиг қаласы) қаласында Бастетке арналған храм бар. Мысықтың киелі болғандығы соншалықты, оның абайсыздан өлімі адамды өлім жазасына кесуге дейін апарады. Бени-Хасанда бальзамданған мысықтардың көптеген мумиялары табылған./www.egypt.com/
Амон – Фив қаласынық қамқоршысы, ауаның және егіннің құдайы, әлемді жаратушы; адам басымен, кейде өгіз немесе қошқар басымен, екі тісті тәжімен және қолында ұзын скипетрмен бейнеленген.
Анубис – шибөрі немесе жабайы ит бейнесіндегі құдай (кейде шибөрі немесе ит басты адам), өлілердің қамқоршысы.
Апис – күнді дискі бар, өгіз бейнесіндегі құнарлылықтың құдайы. Кебір кезеңдерде Апис Оссиристің жанының бейнесі ретінде есептелген.
Атон – күн құдайы, сәулелері ашылған алақандармен аяқталатын күн дискі түрінде бейнеленген.
Бастет – махаббаттың, бақыттың, мейрамдардың әйел-құдайы; Мысықтың немесе арыстан басты, қолына себет ұстаған әйел ретінде бейнеленген. Кейде үлкен отырған мысық бейнесінде жасалынған.
Бес – екіқабат әйелдердің, жыландарды қуатын, қуаныш пен бидің құдайы; арыстан басты ұсқынсыз гном бейнесінде болған.
Гор – аспан және жарықтың құдайы, жердегі Гордың тұлғасы болып есептелетін перғауындар билігінің қамқоршысы; екі тісті тәж киген, бүркіт басты адам ретінде бейнеленген. Осиристің және Исиданың баласы ретінде, кей жағдайларда саусағын сорып жатқан нәресте бейнесінде болған.
Гордың ұлдары – төрт қамқоршы-әруақ, адам (Амсет), бабуин (Хапи), шакал (Даму-теф) және қаршыға (Кебексенуф) басты. Қабірде канопте орналастырылған өлген адамның ішкі құрылыстарын қорғайды.
Имхотеп – сәулетшілер, ғалымдар, жазушылар, дәрігерлер қамқоршысы. Оны тізесінде паирус қағазы бар отырған адам ретінде бейнелейді.
Исида – құдай-ана, Осиристің қарындасы және әйелі; сйыр мүйізді, маңдайында күн дискі, қолында папирус бұтағы бар әйел.
Осирис - әр жылы өліп қайтадан тірілетін табиғаттың құдайы, кейін өлілер әлемінің құдайы және өліліердің соты. Сақалы, бүгілген қолында скипитрі және қамшысы бар адам мумиясы ретінде бейнеленген.
Пта – бастапқыда жаратушы-құдай және Мемфистегі өлілер құдайы. Бинттелмеген басы мен қолында темір таяғы болған, шындық белгісі ретінде пайдаланылатын иероглифте тұрған мумия.
Ра – Гелиополистегі күн құдайы, кейін Фивтегі Амонмен теңестірілген. Бүркіт басты, күн дикісі бар адам.
Тот – айды, даналықтың, жазудың және санаудың құдайы. Ибис немесе ибис басты адам ретінде, сонымен қатар бабуин ретінде бейнеленген. Жазу мен ғылымның негізін салушы ретінде жазушылар мен ғалымдардың қамқоршысы.
Хатхор – махаббат пен тағдырдың, аспанның әйел-құдайы. Перғауындардың күтушісі және алыс елдердің билеушісі. Сиыр немесе сиыр мүйізді, кейде бір ғана құлағы бар әйел бейнесінде көрсетілген.
Хапи – Ніл құдайы. Оны қолында су құйылып жатқан ыдыстары бар адам ретінде бейнелеген./ http:// ru.wikipedia.org/wiki /
2. ЕГИПЕТТІҢ ІРІ ҚАЛАЛАРЫНА СИПАТТАМА
2.1 Каир
Египет Араб Республикасының астанасы, Африканың солтүстігіндегі мемлекет.
Каирдың территориясында болған қалалардың ең ежелгісі бұл - Пер Хапи ен Он. Ол қазіргі Каир Гелеополис ауданының орнында орнасласқан. Каирге жақын жерде Ежелгі Египеттік мемлекеттің астанасы – Мемфис қаласы болған. Каирге таяу жерде, Гизада, египеттік перғауындардың жерленген жерлері, б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың басында салынған пирамидалар бар. Қазіргі Ескі Каир территориясында б.з.д. V ғасырда қала-қорған – Вавилон тұрған. Византиялық басшылық кезінде Вавилон Египеттің әкімшілік орталығына, Шығыстағы христиан дінінің орталығына айналған. Б.з.д. 41 жылы арабтар Вавилонды жаулап алып, араб басшыларының резиденциясына айналдырды. Оны Ал-Фустат деп атады. Араб тілінен аударғанда «лагерь» мағынасын береді. Ал-Фустат бірнеше жүзжылдықтар бойы Египеттің алғашқы мұсылмандық астанасы болып қала берді.
Каирдің өзіндік тарихы ливиялықтар Фустат қаласын басып алып, оның орнына Каир қаласын қалағаннан басталады. Аңыз бойынша бұл уақытта аспанда араб астрологтары Әл-Кахира (Жеңісті) деп атайтын Марс өте жарық болып көрініп тұрды. Сондықтан қалаға Әл-Кахира деген атау берілді.
Х ғасырдың аяғында-ақ Каир Шығыстың ең ірі қалаларының бірі болып саналды. 1046-1049 жылдары Египетке келген парсылық саяхатшы Назири Хуфу сол кездегі Каирдың толық сипаттамасын қалдырды. Оның айтуы бойынша, Каир 20 мыңдай үйлері бар ірі қала болған. Үйлердің көбісі бес және алты қабатты болып келетін және де бір-бірінен скверлермен және бақтармен бөлініп тұратын. Үйлердің оюланған есіктері қызыл ағаштан болатын. Бірақ үй ішінде киім сақталатын сандықшалардан басқа зат болмайтын. Бай үйлерде ыдыс-аяқтар жиі мыстан жаслған. Барлық үйлер халиф иелігінде болып, ай сайын жалға алу пұлы жиналып отырған. Саяхатшы айтуы бойынша Каирде 20 мыңнан астам зат сататын лашықтар. Ал тауарлар мен сатылатын жидектер мен көкөністер саны таңғаларлықтай көп болған.
Назири Хуфу күміс баспалдақтары бар алтын тақ тұрған халиф сарайын өте көркем суреттеген. Сарайға 12 мың құлдарды қосқанда 30 мың адам сиятын болған. Түнге қойылатын күзетшілер саны мыңға жуық болған.
1200-1300 жылдары Каир Шығысытың ең ірі мәдени және сауда орталығына айналды. 1300 жылдары оның тұрғындарының саны 1 миллион адамнан асты.
Француз елшісімен бірге Египетке келген монах, Жан Тьено Каирді Парижден үш есе үлкен деп жазған. Тағы да басқа францискиандық монах Каирді теңдесі жоқ, 14 мыңға жуық мешіті, тар көшелері, 20 мыңнан астам сауда лашықтары және 500 мың көшеде су сататын сатушылары, ал Нілде Венеция мен Генуя кемелерін қосқандағы кемелері бар деп айтқан.
ХVІІІ ғасыр аяғынан европалық державалар арасында Египет үшін көптеген дау-дамайлар жүрген. 1798 жылы император Наполеон Александрия тұсында 30 мыңдық армиясын жинап, 21 шілде күні пирамидалар тұсында болған шайқаста жеңіп, Каирді жаулап алды. Бірақ ағылшын адмиралы Нельсонмен шақайста жеңіліс тапқан соң және Каирдағы көтерілісен кейін француздар елді, оның астанасын тонап өз елдеріне қайтты. Египет ұзақ уақытқа Англияның отары болып қалды. Тек 1922 жылы ғана ол патшалық аталып, ағылшындық протекторат жойылды. 1952 жылы 23 шілдеде «Тәуелсіз офицерлер» ұйымы Фарук патшаны тағынан құлатып, жаңа үкіметті қалыптастырды. Енді Каир перзиденті және парламенті бар республикаға айналған Египет астанасы.
Каирды мыңдаған минареттер қаласы деп атайды. Қазіргі таңда мұнда 400 жұмыс істеп жатқан мешіті бар. Олар негізінен Ескі қалада орналасқан.
Ең көне мешіт бұл – 641 жылы Ал-Фустатте салынған Амбра ибн әл-Аса мешіті. Бұл мешіт бүкіл Африка континентінде салынған ең алғашқы мешіт. Оның ежелгі күмбездерін бірнеше қатар діңгектер тіреп тұрады. Солардың ішінде ең әйгілісі бар. Аңыз бойынша Амурға Меккеден Мұхаммед пайғамбардың өзі жіберген діңгек. Мәрмалы бетінен оны айнала қалған із бар. Аңыз бойынша бұл пайғамбардың діңгекті Фустатқа ұшқысы келмегені үшін қамшымен сабаған ізі дейді. Тек қамшымен ұрғаннан кейін бұл діңгек бағынып, бағыттаған жаққа ұшқан.
Қаланың басты мешіттері бұл Тулуна (ІХ ғ), Әл-Азхар (Х ғ) және Әл-Хәкім (ХІ ғ). Сол заманда бұл мешіттер намаз уақытында Каирдің бүкіл мұсылмандарын сидыратын. Әл-Азхар мешіті өзінің Арабтық Шығыстың тарихы мен мәдениетін зерттеу үшін өте құнды болып есептелетін 60 мыға жуық кітаптар мен 15 мыңдай қолжазбалары сақтаған кітапханасымен әйгілі.
Каирдің тарихи ескерткіштерінің бірі бұл - Моккатам тауларында орналасқан - Цитадель. Мұны 1176 жылы Салах ад-Дин сұлтаны салған. Цитадельде орталық орныда Мұхаммед Али мешіті орналасқан. Цитадельдің тағы бір көрнекілігі бұл қазіргі уақытта мұражайға айналған – патшалар сарайы. /1/
Цитадельге жақын жерде «өлілер қаласы» - некрополь, мұсылман зираттары орналасқан. Мұнда зираттардың көптеген аллеялары және көшелері бар.
Ескі Каирдің сауда орталығы болып Хан-әл-Халили (Алтын Базар) саналады. Египеттіктер бұны Шығыстағы ең ежелгі және әйгілі базары деп айтады. Ол туралы бірінші мәліметтер 1292 жылы жазылған. Алтын базар көптеген жүзжылдықтар бойы өзінің шығыс ортағасырлық бейнесін сақтап қалған. Мұнда алтын бұйымдардың түрлері, мыс ыдыстардың түр-түрі, кілемдер, піл сүйегінен, ағаштан, теріден жасалған заттар және т.б. заттар сатылады. Хан-әл-Халили Каирдан тыс жерлерде де әйгілі. Ол ежелгі сауда көшесі – Мускида орналасқан.
Каирдің барлық жерлерінде ескі үйлер кездеседі. Бірақ Хан-әл-Халили базары және Әл-Азхар мешіті тұсында олар өте көп шоғырланған. Тар көшерелде оюлы балкондары, терезелері түрлі түсті шынымен өрнектелген үйлер салынған. Аулаларында фонтандары бар.
Каир орталығында, Әл-Тахрир алаңында, әйгілі Египеттік мұражай орналасқан. Мұнда әлемдегі ешқандай мұражайда кездеспейтін экспонаттар көрсетілген. Мұнда мүсіндерді, саркофагтарды, рельефтерді, египеттік перғауындар мумияларын қосқанда 100 мыңға жуық экспонаттар бар.
Каирдың қазіргі заманғы орталығы болып - Әл-Тахир алаңы саналады. Мұнда 14 қабатты ғимаратта үкіметтік мекемелер орналасқан. Әл-Тахир алаңынан Каирдың магистралі – Сүлеймен паша көшесі басталады. Мұның бойына көптеген жабық балконды керемет үйлер, ірі дүкендер және мейрамханалар мен кинотеатрлар салынған.
Әл-Тахир алаңынан фешенебельді көше Каср ан-Ниль Аль-Эзбекийаның солтүстігіне апарады. Сквер маңында 1869 жылы Суэц каналының құрылысының аяқталуы қарсаңында ашылған Опера театры бар. Опера театрының алдындағы Ибрахим-пашаның қола мүсінінен Әл-Гумхурийа алаңына тірелетін Әл-Гумхурийа көшесі созылады. Алаңда соңғы египеттік патша Фаруктың резиденциясы болған Абдиндік сарай орналасқан. Қазір оның бір қанаты әскер, ал екіншісі азаматтық мұражайларға берілген. Вокзал алдындағы алаңда Рамсес ІІ көшесінде перғауынның мүсіні орнатылған.
Әл-Тахир алаңының маңында, Ніл жағалауында каирлық фешенебелді отельдері «Шеферд», «Семирамис», «Хилтон-Нил» орналасқан. Ніл жағажайы өте көркем және оның бойында 20 шақырымға Жаңа бульвар созылып жатыр.
Өзенде Гизира және Рода аралдары бар. Гизира аралында – әсем бақтар, мұражайлар, спорттық клубтар, үлкен аквариум орналасқан. Мұнда көптеген елдердің елшілігі бар. 187 метрлік мұнарадан қаланың керемет көрінісі ашылады.
Рода аралы оңтүстікке қарай орналсқан және Гизира секілді жағажаймен көпір арқылы жалғанған. Оның оңтүстік жағалауында 715 жылы Сулейман халифімен салынған Нілдегі су мөлшерін өлшейтін құрал орналасқан. /2/
Нілдің аралдармен және шығыс бөлікпен көпір арқылы жалғасқан батыс жағалауында Солтүстік Африкадағы ең күшті зоологиялық бақ орналасқан. Мұнда африкалық фаунаның барлық өкілдерін кездестіруге болады.
Батыс жағалауының шығысқа қарағанда өсімдік жамылғысы бай болып келеді. Мұнда өзен бойында көптеген парктер, үйлер айналасында бақтар өсіріліп безендірілген. Көптеген египеттік үкіметтік мекемелер, сонымен қатар Египеттің жоғарғы заң органы – Халықаралық жиын да осы жерде орналасқан. Бұл аймақ Гренд-сити деп аталады. Мұнда өте бай адамдар тұрады. Үйлердің төмеңгі қабаттарында Лондонның, Париждың, Нью-Йорктың сауда үйлерінің дүкендері орналасқан.
Батыс жағалауда сонымен қатар ірі жоғарғы оқу орындары шоғырланған. Каирда 4 университет бар. Олардың бастысы – дәрігерлерді, агрономдарды, экономистерді, инженерлерді, юристерді, мәдениеттанушыларды даярлайтын Каир университеті. Университет алдындағы скверде египеттік мүсінші Махмуд Мұхтардың «Оянып жатқан Египет» атты мүсіні орнатылған. Өте ірі тұтас асуандық тастан сфинкс және ұзын көйлек – малойе киген әйел ойылған. Әйел бір қолымен сфинкске тіреліп, екінші қолымен бетіне жабылған орамалды жұлып тастап жатқан күйінде бейнеленген. Сфинкс – Египеттің мыңжылдық символы, ал әйел керемет болашақты көрсетеді.
Пирамидалар Ежелгі Египеттің керемет ескерткіші. Ең әйгілі пирамидалар тобы Каирге таяу, Нілдің батыс жағалауындағы Гиза деген жерде шоғырланған. Гизаның тоғыз пирамидалары арасында ең танымалылары бұл – Хеопс, Хефрен және Микерин. /5/