ФРАНК МЕМЛЕКЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ

Рефераттар
142
Франктерде мемлекеттің пайда болуының ерекшеліктері. Рим империясы Еуропаньтң ескі мемлекеттеріне жататын, онымен қатар күшті жаңа мемлекеттер пайда болды. Жаңа халықтар бір - біріне ұқсамайды, олардың құрылысы тайпаларға ұқсайды. Олар бір-бірімен жиі соғысатың. Парсылардың және римдердің империялары ыдырап, әлсіресе, дала тайпалары күшейіп, өрлеудің жаңа кезендеріне аяқ басты. Бұл тайпалар: ғұн, алаңдар, дала көшпенділері Батыс Еуропаға жылжыды. Еуропада герман тайпалары: франктер, лангобардтар, вандалдар, всстготтар және остготтар туған жерлерін қалдырып, басқа жаққа қоныс ауыстыра бастады. Олар Рим империясының Рейн және Дунай өзендерінің арғы жағалауындағы жерлеріне қызығып жүретін. Герман тайпалары бұл жерлерге бұрын да шабуыл жасаған болатын. Бірақ шығыс тайпалары қыса бастағаннан кейін, олардың белсенділігі күшейді. Герман тайпалары бұрыннан Рим империясының шекарасын қорғайтын әскерлерде қызмет атқаратын, бірақ бірсыпыра уақыт өткеннен кейін Рим императорлары герман халқынан шыққан әскерлерсіз өз жерлерінің шекарасын қорғай алмайтынын түсінді. Германдардан құрылған әскерге толық сенуге болмайтын. Оларды басқарған бастықтары өздерін Рим императоры ретінде мәлімдеп, азаматтық соғыс ашатын болды. Рим азаматтары әскерге қызмст істегісі келген жоқ.
Рим халықтары герман тайпаларының бәрін "варвар" жабайы деп атайтын. Бұл сөз гректерден рим халықтарына көшті, олар римдіктерден басқаның бәрін "варвар" деп атады.
Варварлар Рим империясын солтүстік шекарасы жағынан, франктер Рейн өзені жағынан, готтар, алаңдар және ғұндар Дунай өзені жағынан қыспаққа алды. Бұл тайпалар бір-біріне ұқсас болмаса да, оларды біріктіретін жалпы бір ортақ нышан - бәрінің атты әскерлері болды. Туғаннан ат құлағында ойнайтын олар өмірлерінің жартысын ат үстінде өткізетін. Рим империясының әскері көбіне ауыр қаруланған лешонерлерден тұратын. Бірақ 378 жылдан бастап гот пен хұндардан жеңілгеннен кейін, өз әскерлеріне өзгеріс енгізді.Оларда да атты әскер құрылды. Рим қоғамы екіге бөлінді: бір жағынан әскери адамдар, екінші жағынан әскерге қатыспайтын азаматтар. Варварлар олай бөлінген жоқ. Олардың бүкіл ер адамдары әскерге қатысатың көсемдердің де және басқа белгілі адамдардың да жеке сарбаздары болатын. Бастық оларды қаруландырды, асырады және басқарды. Варварлар жауынгер болды. Олар көшпелі өмірді қалады, сол үшін де жаңа табыс, жер мен жайлау іздестіруге мәжбүр еді. Ақылды көршілерінен соғыстың жаңа әдістерін жылдам ұғып үйренетін. Сондықтан олар Рим империясын жеңіп, тізе бүктірді.
Рим империясының шекаралары 410 жылдан бастап бұзыла бастады. Италияны вестготтар, Галлияны вандалдар мен аландар басып алды. Төменгі Рейн жағалауында жүз жылдан астам уақыттан бері франктер тұрып жатты.
Солтүстік Африканы вандалдар тайпалары басып алды. Сонымен Рим империясы шегірен былғарысы сияқты құсырыла берді. 455 жылы Африкалық вандалдар Рим қаласын талап, өздеріне бағындырды, Италияны олар Рим императорына қалдырды, оның әскерлері франктерден тұратын. 476 жылы Одоакргерман әскери бастығы Ромул Августул - соңғы Рим императорын тақтан қуды да, мемлекет билігін өз қолына алды. Алайда оның қолына тигені Рим империясының қаңқасы ғана болатын.
Оңдаған ғасырлар бойы Рим бүкіл дүние жүзінің біраз елдеріне билік жүргізді. Ал енді оның дәуірі аяқталды. Ескі дүниенің күндері санаулы еді. Сонымен қатар жаңа дүние туды. Олар қазіргі Еуропа мемлекеттерінің негізін қалады. Сондықтан 476 жылды тарихшылар жаңа кезеңнің, жаңа дәуірдің басы деп санайды. Ежелгі мемлекеттердің орнына орта ғасырлар мемлекеттері келе бастады. Римді басып алған тайпалар Еуропа жерінде жаңа мемлекеттердің, яғни қазіргі Еуропаның негізін құрды. Рим империясының қанқасынан пайда болған Франк мемлекеті ертефеодалдық Европаның ең ірі мемлекеттерінің бірі деп саналды. Ол дамуының ең жоғары шегінде қазіргі Франция, Бельгия, Люксембург, Нидерланд мемлскеттерінің кейбір аудандарын, ГФР, Италия және Испанияның жерлерін біріктірді. Демек, Франк мемлекетінің 400 жылдық тарихы қазіргі Еуропа мемлекеттер көшінің басы деп санауға болады.
Франк мемлекетінің пайда болу процесінің өзіндік ерекшеліктері көп. Галлия - Римнің ең бай провинциясы. Біздің дәуірдің бас кезіндегі V ғасырда ол өте терең дағдарысқа ұшырады. Құлдар, қолондар, шаруалар, қаланың кедейлері көтеріліп, өздерінің жаулары германдық тайпалармен тізе қосып, билеуші таптарға қарсы шықты. Сондықтан Галлияның көп жерлері вестготтар, франктар, бургундтердің арасында өзара бөліске түсті. Герман тайпаларының ең күштісі - салистік франктар еді. Олар небәрі жиырма жылдай ғана уақытта мемлекеттің көп жерлерін бағындырып, басып алды.
486 жьшы Суассон деген жерде франктерден Галлиядағы Римнің соңғы намсстнигі Сиагрий жеңілді. Салистік франк тайпаларын белгілі Меровинг руының өкілі, он тоғыз жасар Хлодвиг басқарды. Франктер әскери шабуылдармен өз жерлерін кеңейте берді, бесінші ғасырда бүкіл франк корольдері Меровинг руының тұқымдары болатын. Бірақ олардың қоғамдық құрылысында әскери демократияның қалдықтары өте көп сақталған еді. Христиан дініне ету үшін Хлодвиг өзінің әскерінің келісімін он жылдай күтті. 496 (497) жылы Рим католик шіркеуімен одақ құрғаннан кейін ғана өзінің жағдайын нығайтты. Суассон жеңісінен кейін 22 жыл өтті. Енді Хлодвиг мемлскетінің шекарасы Пиренейден Жерорта теңізіне дейін созылды, Рейн өзенінің оң жағалауы да оған кірді.
Франктер Галлияны басып алғаннан кейін оларда таптық қоғамның құрылуы мен мемлекеттің пайда болу процестері жедел өтті. Франктердің әскери көсемдері Галлияға жорыққа барып келгеннен кейін қатты байыды. Олар жаңа жерлерге, малға, құлдарға ие болды. Кейін басы бос туысқандарын да өздеріне бағындыра бастады. Франк шаруалары жаңа жерде
қауым құрды, ол марка деп аталды. Қауымдағы бүкіл орман. жайлау, құнарлы жерлер марканың жеке меншігінде болды. Франктердің көбі жеке бостандығы бар адамдар болғандықтан, олар ауыл шаруашылығын мемлекет басқару функциясымен қоса атқарды. Олардың құқықтары мен міндеттері мынандай болатын: әскерге қатысу, жүздіктің жиналысына бару, сот шешімдерін орындау, сот қызметкерлерін сайлау, әскери табысты бөлісу. Әрбір бос франктің үйі, жер үлесі, шетелден келген құлды, яғни, жартылай бостандығын сақтаған литті жеке меншігінде ұстады. Бұдан басқа оның ормандарды, жайлауларды, суды басқаларымен қатар пайдалануға құқығы бар болатын.
Бір ауданның адамдары қауым құратын. Қауымның адамдары бір біріне көмек беретін, өлген адамдардың жерін және бөлінбеген жерлерді бірге пайдаланатын. Ерікті франктерге франк аксүйектері қарсы тұрды, бірақ алтыншы ғасырда олар ерікті франктерді әлі езуге сала алмаған еді. Ма-ңызды мемлекеттік қызмет орындары ақсүйектердің қолында болатын. Олардың жеке меншігін шетелдік қүлдар жоне кейбір тоуслді адамдар күрайтын.
Құнарлы жерлер үлеске бөлініп, әрқайсысы жеке отбасыларға пайдалануға берілді. Уақыт өте келе жаңағы үлестер әр отбасының жеке меншігіне айналды. Жаулап алған жерлердегі бағынышты халық сезіне түсті. Бірақ Римдік ақсүйектер өздерінің байлықтарын сақтап қалған болатын. Франктердің және галлоримдердің ақсүйектері өзара аралас-құралас болып, біріге бастады. Олар халықты өздерінің үстемдігіне көндіріп, ортақ мүдделерін қорғау үшін мемлекет құрды. Рулық қоғамның орнына мемлекеттік құрылыс пайда болғаны да осы кезең.
Мемлекетті жоғары лауазым иесі-король басқарды. Оған өскер, түрме, басқа күш қолданатын органдар жэрдем жасады. Франктердің жерлері округтерге белінген еді. Олар паги деп аталды.
Франктердің бірінші королінің есімі Хлодвиг (486-511). Ол Меровин-гтер руынан шыққан косем. Хлодвиг осксрге басшылық еткен уақытта бүкіл Галлияның жерлерін франктер басып алған болатын. Оның ақыл-ды іс-әрекеттері аз емес. Айталық, ол христиан дінін қабылдап, Рим ка-толик шіркеуінің қанатының астына кірді. Король атағы оның ер бала-ларына мүралықпен берілетін. Сондықтан франк мемлекетінің корольдері Хлодвигтің түқымдары болатын. Корольдің қолында маңызды мемлекеттік артықшылықтар болды. Ол халық әскерін басқарды. Ол оскерге франктер ғана емес, галло-римдер де қатысатын. Король епис-коптармен және жоғары вельможалармен ақылдасып, бүкіл жоғары қызметкерлерді тағайындады. Оларға сыйлық ретінде жер және басқа заттар таратты. Корольдің сарайы ең жоғарғы мемлекеттік орган болды.
Мемлекеттік  құрылыс
Франк мемлекеті ерте-феодалдық мемлекеттер қатарына жатады. Бұл мемлекет феодалдық қарым-қатынастарға құрылған. Мұның өзі жаңа қарым-қатынастар үстемдік ететін екі топты жоғары көтерді. Олар франктер мен галлоримдер. Дегенмен олардың феодализмге келу жолы бірдей емес еді. Франктер феодализмге рулық қоғам ыдыраған соң келсе, римдер құл иеленушілік қоғамның барлық кезендерінен әтіп, кұл иеленушілік дағдарысқа ұшырағаннан кейін ғана феодализм жүйесіне бет бұрды.
Франк монархиясының бірінші кезені Меровинттердің монархиясы деп аталады. Хлодвиг қайтыс болғаннан кейін оның балалары бір-бірімен тіл табыса алмай, соғыс бастады. Бұл шиеленіс жүз жылдан аса уақытқа созылды. Мемлекет бірнеше рет ұсақ тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті. Жетінші ғасырдың басында Король феодалдарды өзіне қарату үшін жерге қатысты жаңа саясатын жүргізе бастағаннан кейін ғана жағдай тынышталды. Ол феодалдардың жеке меншігіне көптеген жер үлестерін таратты. Бұл жерлер "бенефиций" деп аталатын. Жер үлесін алған феодал корольге қызмет істеуге міндетті болды. Кейін бұл жерлер аллодқа айналды. Аллод дегеніміз - толық жеке меншікке жататын жерлер. Сонымен, корольдің жасақтары мен әскерлері жерге ие болды. Меровингтср тұсында бұлар тез байып кетті. Феодалдармен қатар шіркеу де ауқаттанып, нығая түсті.
Франк шаруаларының да жағдайлары өзгерді. Олардың арасында саралау процесі басталды. Шаруалардың кебі жеке бостандығын жоғалтып, жерінен айрылып, амалсыз прекарлық қағаз /грамота/ жазуға тиісті болды.
Прекарий Шаруа өзінің экономикалық тәублсіздігін қорғай алмайтынын көріп, меншігіндегі кішкентай жер үлесін өміршіге беруге мәжбүр болды. Әмірші сол жерді оған кері қайтарып, қосымша жер кесіп берді. Бірақ ендігі жерде шаруа өзінің феодал әміршісіне қарыздар болып қалды. Оны өтеу үшін жұмыс істеп, салық төлеуіне тура келді. Прекарлық қағаздарда (шартгарда) шаруаның жеке басының міндеті туралы ештеңе айтылмады. Бірақ бұл шарт шаруаның жеке басын феодалға бағындыруға жағдай туғызды.
Бенефиций - феодалдық үстемдігінің екінші түрі. Жерді берген адам бұл шарт бойынша "сеньор, вассал" деп аталады. Ал жер алған адам "бенефициарий" делінеді. Вассал екеуінің арасындағы шарт бойынша шаруа жерді алғаны үшін әскери міндетін өтеуге тиісті. Бенефициарий керек кезінде жылына бір рет қырық күн вассалдың әскерінде соғысуға міндетті еді. Кейбір жағдайларда ол мемлекеттік аппаратта басқа да қызметтер атқаратын. Осылайша Франк мемлекетінде біртіндеп вассалитеттік қарым-қатынастар орныға бастады. Феодалдардың жерге жеке меншігі күшейген сайын, олардың әскери, полиция, сот және қаражат биліктері де нығайды. Олар өздерінің күшейген биліктерін иммундық қағаздармен белгіледі. Феодалдардың қолында осындай иммундық қағаз болса, мемлекеттік қызметгегі адамдардың юрисдикциясына бағынбауға құқылы болатын. Сот, полиция, қаражат қызметтері феодалдың қолында жинақталды. Феодал өзінің жерлерінде тұрып жатқан адамдарға сот, әкімшілік және азаматтық билікті жүргізуге құқылы еді.
Франк ақсүйектерінің күшеюіне галлорим магнаттарының әсері тигенін айта кетуіміз керек. Біріншіден, галлоримдердің саны басым болды. Екіншіден, олар франктердің ақсүйектерімен қосылып, бір сословие құрды. Рентаның пайда болуы, ірі жеке меншік иесінің ұсақ жеке меншік иесін қанауы және байлықтың арқасында қызмет-бабымен жоғарылауы, шаруалардың тәуелсіздігін жоғалтуы - осы нышандардың бәрі феодалдандыру процесінің өркен жайғаның дәлелдейді.
Германдар мен галлоримдер қарым-қатынастарының бір-біріне тигізгені әсері этика санасынан да көрінеді. Франктер, бургуидтер, алемандар және галлоримдер ассимиляция процесіне ұшырады. Бұл процесте галлоримдердің ықпалы, олардың жоғары мәдениеті, тілі, құқығы және саяси мәдениеті мықты әсерін тигізді. Бірақ, германдардың әлеуметтік-мәдени әсері де осал емес еді. Олар да өздерін ең маңызды саналарда көрсете білді. Мемлекет франк мемлекеті деп аталып, басқа атауларда бәрі көбіне франктердің тұрмыс салтымен тығыз байланысты болды.
Мемлекеттік құрылыс Франк мемлекетінің ерте феодалдық монархиясы күрделі де, шиеленіскен жолмен орнықты. Күшті мемлекеттік аппарат құрылғаннан кейін ол өз күшін, бостандығын сақтаған франктерді үстем тапқа бағындыру үшін және көрші мемлекеттерді басып алу үшін пайдаланды.
Карл Мартеллдің реформалары. Карл Мартелл (715-741 жылдары) майордом қызметін атқарды. Оның реформаларын жер реформасы деп атауға болады. Король ретінде ол езінің ісін саяси қарсы тұрған адамдардың жерлерін тәркілеуден бастады. Бұдан кейін шіркеудің де жерінің бір белегін тартып алып, секуляризацияға ұшыратты. Ол корольдің жер қорын құрды. Бұл жер қорын ол "жаңа ақсүйектерге" бенефиций ретінде таратып берді. Бенефиций жерлерін алған феодалдар корольдің әскеріне қызмет істеуге тиісті еді. Олар әскерге өзінің қаруланған адамдарымен келуге мәжбүр болды. Бенефициарийге берілген жердегі тәуелді шаруалар. Бенефициарийлерге салық төлеуге тиісті еді. Сонымен, бенефиций шарттары өмірге вассалитет қарым-қатынастарын әкелді.
Бенефицийден басқа коммеидация, прекарий және өзін құлдыққа сату сияқты шарттар жиі кездесті.
Карл Мартеллдің реформасынан кейін Франк мемлекетінде орталық билік нығая бастады. 751 жылы Карлдің баласы Пипин феодалдар мен шіркеу қызметкерлерінің жалпы жиналысында король болып санланды. Мемлекеттің гүлденген кезеңі ұлы Карл басқарған уақытпен тұстас (ҮШ-ғасырдың екінші жартысынан IX ғасырдың бас кезіне дейін). Ол мемлекеттің шекарасын үлкейтіп, Батыс Германияны, Солтүстік Италияны және Солтүстік Испанияны мемлекетіне қосып алды.
Ірі феодалдар мен шіркеу қызметкерлері корольдің кеңесіне кіретін. Бұл Кеңес корольдің билігін шектейтін. Көктемде феодалдар өздерінің Ұлы жиналыстарына қатысатын, бұл жиналыс "Наурыз дала" деп аталды. Феодалдар осы жиналысқа қаруланып келетін және өздерінің әскери дайындығын көрсететін. Ірі феодалдар осылайша корольдің билігін шектейтін еді.
Хлодвиг әртүрлі әдіс қолданып, қарапайым әскер басшысынан жеке басшыға айналды. Жеке билік үшін Хлодвиг тайпалар көсемдерінің көзін жойды, туысқандарды да өлтірді. Неше түрлі арамдықтарды қолданудан ол тайынған жоқ. Хлодвиг христиандардың дінін алып, мемлекетті нығайтты. Бірақ корольдің билігі күшті болғанымен, рулық қоғамның кейбір басқару органдары сақталып қала берді. Франктердің жалпы тайпалар жиналыстарының орнына "Наурыз дала" деген жиналыстар келді. Мұндай жиналыстарда Хлодвиг әскерінің сапасын талпынады .  Жетінші ғасырдан бастап Наурыз дала жиналысы ақсүйек қызметкерлердің жиналысына айналды. Король және оның тәңірегіндегілер шешімдері алдымен осы Наурыз дала жиналысында талқыға салынатын.
Корольдің өзі бейбітшілік кепілі болды, ол қауымның шығарған шешімдерін орындайтын, заң шығаратын. Король әскер, сот процесі туралы зандар шығарды. Король өз билігін мұрагерлік түрінде балаларына қалдыру құқығын иеленді. Корольдің қызметкерлері минестериалдар деп аталды.
Олардың арасындағы басты қызметкердің лауазымы - майордом болды. Бұрын майордом сарайдың шаруашылық ісіне ғана жауап беретін, келе-келе оның билігі күшейіп, ең беделді қызметкерге айналды. Ол корольдің бірінші көмекшісі және орынбасары болды. Майордомның қолындағы билікті пайдаланып, мемлекеттік төңкеріс жасаған жағдайлар да кездесті. Майордом король сарайының басшысы болғандықтан, қызметкерлердің барлығы соған бағынатын. Қызметкерлердің басым көпшілігін ол өзі тағайындайтын.
Пфальцграф-корольдің сарайындағы сотты басқаратын лауазым иесі.
Тезаурарий - дәулетті сақтаушы, ол бүкіл материалдық игілікке ие болып, соның сақталуына жауап береді. Ол мемлекет қазынасының сақталуына да жауапты болды. Франк мемлекетінде корольдің және мемлекеттің қаражаты бірге сақталатын.
Маршал-корольдің атты өскерін басқаратын адам.
Архикапеллан-корольдің діни қызметкері. Сарайдағы шіркеу қызметкерлерінід ішіндегі ең жоғары дінбасы. Ол міндетті түрде король кеңесінің мүшесі болды. Камерарий-король қазынасына салыктың түсуін бақылаушы жөне сарай мүлқінің сақталуына жауапты адам. Аталған қызметкерлердің ара-сындағы биліктердің бөлінуі әлі де зерттей түсуді қажет етеді. Ссбебі-кызметтік иерархия әлі жеткілікті анықталмаған.
Мемлекет жерлері паги деп аталып, аудандарға бөлінетін. Оларды бас-қаратын графтарды корольдің өзі тағайындайды. Графтың қарауында әскер паги жүздікке бөлінді. Жүздікті басқаратын адамды халық сайлайтын. Жүздік қауымға белінді, қауымда жергілікті өзін-өзі басқару принциптері сақталды.
Бірнеше округтер герцогтіктерге бірікті, оларды герцог басқарды. Гер-цогтср баскару қызметінен басқа шекараны қорғауға тиісті бодды. Өмірдің баска саласында оның функциясы графтың қызметіне ұқсас.
Сот. Жоғарғы сот билігі монархтың қолында болды. Ол сот қызметін аксүйектердің өкілдерімен бірлесіп атқарды. Корольдің кеңесі ең ауыр қылмыстарды қарайтын.
Бірақ сот функдиялары бұрынғысынша қауымның билігінде қала берді. Қауым өз жерінде жасалған кылмыстарға жауапты болды, сотқа қатысты, акт берген адамдарды белгіледі, келмеген адамдарды сотқа апаруға тиісті болды және вергельд деп аталатын айыппұлды туысқандарына келсуге көмектесті.
Негізгі сот органдары-жүздіктің соттары. Олар бұқара халықпен тығыз қарым-қатынас жасады, сондықтан мұндай соттың абыройы жоғары еді. Олар өз қызметінде халықтың әдет-ғұрпын сақтап, кебіне сол нормаларды қолданатын. Бірак бірте-бірте олар да монархияның құралына айналып, өзінің тәуелсіздігін жоғалта бастады.
Жүздіктің сотын тунгин басқаратын. Сот қызметкерлері соттың рахинбургтері деп аталды. Сот мүшелігіне бай әрі кұкық мәселелерін жетік білетін адамдар сайланды. Сот мәжілісіне тәуелсіз және құқығы толық ерікті адамдар қатыса алатын. Король сайлаған адамдар сот процесінің дұрыс және занды өтуін ғана қадағалайтын.
Әскер. Франк мемлекетінің халық әскері феодалдық әскерге айналды. Меровингтер кезеңінде әскердің негізін корольдің сарбаздары құрайтын. Олар жақсы қаруланған және жеткілікті жалақы алатын. Сондықтан олар король тағының басты тірегі болып есептедді, шаруаларды басу үшін король өзінің сарбаздарын жұмсайтын. Кәсіпқой әскермен қатар халық әскерлері де сақталды, олар басқа мемлекеттермен соғысқан жағдайда керек еді. Бұл әскерлер бірте-бірте тек қана көмек беретін әскерге айналды. Корольдің кәсіпқой әскерлері де жерге ие болғаннан кейін корольге бұрынғыдай біржола бағынбайтын болды. Осы себептер әскерді әлсіретті де, Карл Мартелл әскерде реформа жүргізуге мәжбүр болды.
Каролингтер монархиясының ерекше нышандары сегізінші ғасырдан ІХ ғасырдың ортасына дейін сақталды. Сегізінші ғасырдың басында Франк мемлекетіне әскери қауіп төнді. 718 жылы арабтар Пиреней жарты аралын өздеріне толық бағындырып, Галлияға кірді. Сол жылы олар Септиманияны жаулап, Аквитания мен Бургундияға көз алартты.  Ол үш мемлекеттің майордомы ретінде корольдердің орындарын әдетте босалқы ұстады. Оның ең табысты реформасы-әскери реформа еді.
Реформаның негізгі мәселесі - бенефиций. Бенефиций үшін рыцарьлер әскерге келетін болды. Олар ақы ретінде жер алушы еді. Жер үлесі бенефиций деп аталды. Бенефиций әкесінен баласына мұра ретінде берілетін. Жер берумен бірге әскерге қатысу міндеті де жүктелді. Бұл реформа әскерді күшейтті де, соғысты табысты ету үшін жаңа мүмкіншілік туғызды. Корольдің өзі әскерін өз халқына қарсы пайдаланған кездері де болды.
Король әскерге байлығы орташа адамдарды жинайтын. Олар негізінен атты әскерде кызмет етуге тиісті болды. Мықты әскер жасақтау үшін Карлге қанша уақыт керек болғаны белгісіз. Бірақ 832 жылы Пуатье деген жерде арабтарды тоқтатып, жеңгені анық. Арабтардың басшысын, Испанияның наместнигін - Абдар Рахманды өлтірген кісі. Арабтар келесі күні кейін бұрылып кетті. Карл -"Мартелл" деген ат алды, бұл сөз "балға" деп аударылады. Карл Мартелл бүкіл Еуропаға қауіпсіздік туғызған арабтардың экспансиясын тоқтатты. Арабтардан кейін Карл және оның Қысқа Пипин деген баласы (751-768) Аквитанияда, Прованс, Септимания жерлерінде корольдің билігін қалпына келтірді. Алемандар мен баварларды өздеріне бағындырып, фриз бен сакстерді салық төлейтін етті. Осы саясат Карлдың абыройын котеріп, Франк мемлекетін күшейте түскен еді. 751 жылы Пипин Қысқа Франктың королі болып таққа отырды, оны Суассон қаласында король етіп жариялады. Сонымен Меровингтер әулетінің билігі аяқталып, Карлдың атымен аталған Каролингтер әулетінің билігі басталды. 775 жылы Пипин Рим папасына көмек беріп, оның қорғауына кірді. 768 жылы Пипинның баласы Карл тақка отырды, ол лангобардтармен соғысып, 774 жылы Альпы тауларынан өтіп, Италияны жеңді. Шынында, ол енді франктердің және лангобардтардын королі болып, Римның басшысына айналған еді.
Карл шабуылын тоқтатқан жоқ. Ол солтүстік Германиядағы сакстерді өзіне бағындырып, христиандардың иелігіне айналдырды да, маврлерден Испанияның солтүстігін тартып алды. 800 жылы ол франктердің, Батыс Германияның және Солтүстік Италияның басшысы болды. Сол жылы Рим папасы Лев үшінші басына тәж кигізіп, оны Рим империясының Ұлы императоры деп атады. Енді франктердің королі Ұлы Карл қайтадан Рим империясының басшысына айналды. Император шіркеуге қол үшін беріп, тылым мен білімге жол ашқысы келді. Ол өзі жазу білмесе де, латын мен грек тілін жақсы түсінетін. Сондықтан халыққа арналған заңдар жазып шығаруға тапсырма берді.
Каролингтердің әскери реформалары тәуелсіз шаруалардың санының өсуіне әсерін тигізді. Енді үш, яғни, төрт жер үлесі бар шаруалар атты әскерге қатысуға тиісті еді. Бұл жағдай шаруаларды әскерге қатысудан босатты деп санауға болды. Шаруалар сот процесіне көбіне қатыспайтын. Сөйтіп олар белсенді рөлінен біртіндеп айырыла бастады.
Тоғызыншы ғасырдың басында Франк мемлекеті өзінің мейлінше нығайған ең жоғарғы сатысына көтерілді. Ол бүкіл Батыс Еуропаны бағындырды. Шекара бойында оның күшті жаулары болған жоқ. Бұл бір тұтас мемлекет құрған ұлттарды біріктірген әскермен соғыс жолы ғана еді. Франк қоғамының экономикасы натуралдық сипат алды, яғни, аудандардың арасында мыкты байланыс болған жоқ. Франк мемлекетінің ыдырауына әкеліп соккан бүдан да басқа себептері аз емес.
843 жылы Верден қаласында құрылған шарт негізінде мемлекет үшке бөлінді. Ұлы Карлдың немерелері атасының империясы үшке бөлді: олардан болашақта Франция, Германия және Италия мемлекеттері құрылды.
 
Франктердің құкығы
Франктер Галлияны басып алғаннан кейін Рим құқығымен танысуға мәжбүр болды. Бірақ оларда Рим құқығын пайдаланатындай қарым-қатынастар әлі туған жоқ еді. Сондықтан бұл мемлекетте екі құқық жүйесі қатар қолданылатын. Галлоримдер рим құқығының нормаларын іске асырды, ал германдар әлдеқашаннан келе жатқан атабабаларының әдет-ғұрыптарын қолданды. Бесінші ғасырдан бастап варварлар өздерінің әдеттерін кодификацияға жатқызып, оларды "Шындықтар" ретінде таратты. Сөйтіп, Салистік, Рипуарлық, Алемандық және басқа құқықтар дамыды.
802 жылы Ұлы Карл империя құрамындағы бүкіл тайпалар әдет-ғұрыптарының басын біріктіріп пайдалану жөнінде ұсыныс жасаған еді. Бұған бұрынғылардан басқа жаңадан қабылданған құқықтық нормаларды енгізу көзделді.
Билігі күшейген король зандарды шығаруға кірісті. Бұл заңдар капитулярий деп аталды да, халықтың бәрі оны орындауға міндеттелді. Капитулярийлер арқылы король феодаддық қарым - қатынастарды нығайтуға ұмтылған болатын.
Ерте-феодалдық құқыктың қайнар көздеріне иммунитетті қорғайтын грамоталар да жататын. Олар формула деп аталады. Бұл грамота шіркеуге, феодалдарға, монастырлерге берілетін. Оны иеленуші субъектілерге толық еркіндік пен құқық беру көзделді. Бұл грамоталарды орталық өкімет беретін. Қорғау грамоталары бар субъектілер сот, полиціш, қаржы билігіне ие болды да, орталық өкіметтің билігінен толық босатылды.
"Шындық" деп аталатын құжаттардың ең ежелгісі "Франк шындығы" Бұл құжаттың нормалары көбіне германдардың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрыптары. Меншіктің екі түрі болды: қауымдық және жеке меншік. Пайдаланбайтын жерлер, жайылым және ормандар бәрінің бірлесксн меншігі болатын. Сонымен бірге жеке меншіктегі жерлер де кездеседі.
Жүктеп алу
77 рет жүктелген
182.00 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Нәзір Төреқұлов
Рефераттар
Халық валюта
Рефераттар
Жапырақ
Рефераттар
Франция мемлекеті