Гигиена

Рефераттар
831
Жоспар
1. Гигиена деген не?
2. Бала гигиенасы
3. Баланың киіну гигиенасы.
4. Пайдаланылған әдебиеттер
 
Гигиена грек сөзі — Gugieinos – емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер – гигиенистер дайындалады.
Гигиена — аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері болады. Осының бәрі адамның денсаулығын арттыруға қолданылады.
Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты -  адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, бала жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әркімнің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар.
Дәрігер-гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын ескертпе көріністеріндей күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардың жолына тосқауыл  қойып отырады. Жұқпалы ауруларды таратпай алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады. Алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешелігін, микроклиматтың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, биологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ауадағы шаң-тозаңдардағы микробтарды біліп, қала ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді.
Дене тазалығы дегеніміз – алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық — биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі.
 
Бала гигиенасы
Бала денесінің шынығуы үшін таза ауада көбірек болып, дене қимылдары әртүрлі ойындарды (волейбол, футбол, жасырынбақ, т.б.) ойнау керек. Соған байланысты түрғын үйдің ауласында балалар алаңын жасайды.
Баланың күн кестесінде ү й қ ы ғ а бөлінген уақыттың маңызы зор. Шаршаған баланың еңбек қабілетін қалпына келтіру, шаршауын басу, денсаулығын сақтау үшін ұйқының физиологиялық мәні күшті болғандықтан, оны дұрыс  ұйымдастыруға көп көңіл бөлу керек. Бұл уақыттың 1 сағатын күндіз үйықтаса, баланың организміне өте тиімді болады. Ұйқы  кезінде баланың денесі дем алып, миындағы күндіз жиналған мәліметтерді еске сақтау жолдары реттеледі, нерв клеткаларындағы қуат қорлары қалыптасады, шаршаған организмнің еңбек қабілеті қалпына келеді. Бала үнемі бір мезгілде жатып, тұру ға дағдыланғаны жөн. Сонда ұйқы  уақыты нәтижелі пайдаланылады. Бастауыш сынып балалары кешкі сағат 9-да үйықтағаны жөн.
Баланың күн кестесінде тамақтану мерзім і н е және тағамның қоректік қасиетіне көңіл аударылады. «Ас — адамның арқауы» демекші, организмге қажетті заттарды, қуат қорын дұрыс  мезгілімен тамақтану арқылы қамтамасыз етуте болады. Ас қабылдау ұзақ тылығы 15-20 минөттен 20-30 минөтке дейін созылады.
Жалпы алғанда, баланың күн кестесін құрғанда күнделікті қайталанатын еңбек түрлеріне арналған уақыттан басқа 1-1,5 сағаттай уақытты бос қалдырған жөн. Бұл уақытты әр бала өз қалауынша пайдаланады (спортпен шұғылдану , көркем әдебиетті оқу, кино-театрға бару, кездейсоқ шаруаға қатысу, т.б.).
 
Баланың киіну гигиенасы.
Киім денені сыртқы ортаның түрлі механикалық, химиялық жағымсыз әсерлерінен сақтайды. Сондықтан баланың денсаулығын қамтамасыз етіп, оның еңбек өнімін арттыруда киімнің маңызы зор. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда киім адамды сыртқы әсерлерден қорғап, денеге қажетті жағымды
жағдайларды қамтамасыз етіп қана қоймай, жеңіл, еңбекте, шаруада, қозғалыста қолайлы болу керек. Сондықтан киімнің физикалық және химиялық қасиеттерін білудің (жылу сақтау, ауа мен ылғалды өткізу, суды сіңіру, т.б.) маңызы ерекше. Киімнің эстетикалық мағынасы да көрнекті орын алады.
Киімнің физикалық және химиялық қасиеттері киім тігілген маталардың қасиеттеріне байланысты және қабаттап киген киімнің санына байланысты. Киім тігілетін маталардың жылу мен ауаны өткізгіш, ылғал сіңіру мен өткізу, серпімділік қасиеттері маңызды.
Матаның жылу өткізгіш қасиеті оның негізі мен түктеріне байланысты болады. Қалың, жұмсақ  түкті маталар жылуды жақсы сақтайды, себебі түктердің арасында ауа жиналып, жылуды сыртқа шығармайды. Ауа райы өте салқын болғанда киімді қабаттап киген тиімді болады, себебі киім қабаттарының арасындағы ауа жылуды сыртқа шығармай, оны сақтауға көмектеседі.
Маталардың ауа өткізгіш қасиеті киім ішіндегі қажетті ауа қозғалысы мен ауа алмасуын қамтамасыз етеді, яғни киім ішіндегі денеге жақын орналасқан ауаны желдету үшін қажет. Ауа желдетуі жеткіліксіз болғанда баланың еңбек қабілеті төмендеп, көңіл-күйі нашарлайды. Ауа өткізгіштік қасиет бос тоқылған тақыр маталарда жоғары болады, ал капрон, нейлон, жасанды жібектер ауа өткізбейді не нашар өткізеді. Жауында киюге арналған киімдер тігетін арнайы маталар мүлде ауа өткізбейді, сондықтан ондай киімдерді суық желден, жауын-шашыннан қорғану үшін ғана киюге болады.
Киімнің қажетті мөлшерде ылғал сіңіргіш қасиеті денсаулық сақтауда маңызды орын алады. Ылғал сіңіргіш қасиет деп маталардың ауадағы судың буын немесе денеден шыққан терді сіңіру қабілетін айтады. Бұл қасиет арқылы киім ішіндегі жылу дұрыс  алмасады. Жүн, трикотаж (тоқыма), жібектен тоқылған маталардың ылғал сіңіргіш қасиеті жоғары, ал жасанды жібекте өте нашар болады.
Эстетикалық және гигиеналық түрғыдан қарағанда киімнің серпімділік (қалпын сақтау) қасиетінің де маңызы бар. Бұл қасиет жүн, мақта маталарда талапқа сай, ал жасанды жібектердің кейбіреуінде нашар болады.
Сонымен, киімнің қасиеттері матаның қасиеттеріне байланысты, сондықтан барлық елдерде өндірілетін маталар арнайы санитарлық-гигиеналық сынақтан өтеді. Соның негізінде маталарды пайдалану жолдары мен тәртібі анықталады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты қазір көптеген жасанды жіптерден тоқылатын маталар өндіріледі, себебі олардың өзара қүны табиғи жіптен тоқылған маталардан арзан және көптеген түрлі-түрлі әсерлерге төзімділігі жоғары, жеңіл, мықты келеді, әсемдік, жеңілдік, қалпын сақтау қасиеттері жағынан жүннен тоқылған маталардан кем түспейді, бірақ олардың ылғал сіңіру қасиеті төмен болады. Капрон, нейлон, т. б. жасанды жіптерден тоқылған маталар күннің ультра күлгін сәулелерін жақсы өткізетін, өте мықты, әсем болғанымен, мүлде тер сіңірмейді, сондықтан денедегі тер, май бездерінің қызметін нашарлатып түрлі тері ауруларын тудырады. Соған байланысты Мұндай  маталардан іш киім, денеге тиетін үстіңгі жеңіл киімді тігуге болмайды.
Киімге деген гигиеналық талаптар оның түрін, пайдалану жағдайларын, ауа райын, қызмет бабын ескереді. Жалпы алғанда, барлық киімнің түрлерін 4 топқа бөледі: сыртқы ауыр киім және жылы бас киім, сыртқы жеңіл киім, іш киім, аяқ киім.
Балалардың сыртқы ауыр жылы киімі (пальто, тон, жылы курткалар, малақай, т. б.) жеңіл, жылы, баланың денесіне сай болу керек. Шектен тыс жылы киіну баланы ыстықтатып, терлеуіне, көңіл-күйінің, еңбегінің нашарлауына себеп болады. Тым жылы киінген балалардың суық тиіп, қабыну ауруларына ұшырауы жиі кездеседі, оларда тез «тер қатады».
Сыртқы жеңіл киім (костюм, көйлек, т. б.) баланың денесіне ықшам, қозғалысына қолайлы, жеңіл, мықты, әсем және таза болуы тиіс. Оның түрлі физикалық және химиялық қасиеттері гигиеналық талапқа сай, тігістері, түймелері, белбеулері денеге батпайтын, қан тамырлары мен көкірек қуысындағы мүшелердің қызметіне кедергі жасамайтын, ыңғайлы болғаны жөн. Жазғы ыстықта ауа райына сай өте жеңіл, күн сәулесін жақсы шашырататын, ауаны жақсы өткізетін киім киеді. Ондай киімдер мақта жіптен, табиғи жібек жіптерінен тоқылған маталардан тігіледі.
Iш киім табиғи жіптен тоқылған маталардан тігіледі. Ол әрі тер сіңіргіш, әрі жылу өткізгіш маталардан тігіледі. Іш киімнің тазалығы организм үшін өте маңызды, сондықтан оны мезгілімен жуып, тазартып отырған дұрыс. Жазда іш киімді жұмасына 2-3 рет, ал қыста 1-2 рет ауыстырып таза киіну керек.
Аяқ киім табанды тоңазудан, судан, түрлі механикалық жағымсыз әсерден, кірден сақтайды. Оның пішіні, мөлшері аяқтың табанына сәйкес болғаны жөн. Тар аяқ киім табанның қан тамырларының қызметін нашарлатып қана қоймай, онда көптеген анатомиялық кемшіліктерді тудырады. Мысалы, саусақтардың қисық өсіп, жалпақ табанның пайда болуы, терінің жарақаттануы т.с.с. Тар аяқ киімнің қан тамырларының қызметін нашарлатуына байланысты аяқтың тершең болуы, тез тоңазуы іспетті функциялық өзгерістер де пайда болады. Гигиеналық түрғыдан қарағанда аяқ киім жеңіл, ықшам болып, ауаны жақсы өткізіп, аяқты дұрыс  желдетуге және қажетті жылулықты сақтауына қолайлы, қозғалысқа кедергі жасамайтындай болуы тиіс. Аяқ киімнің, әсіресе жылуды сақтау және су өткізбеу қасиеттері ауа райына сай болғаны жөн. Ондай аяқ киім жақсы өңделген елтіріден тігіледі. Күн салқын кезде аяқ киімнің ішінен жылуды жақсы сақтайтын, айталық киізден ұлтарақ салып, жүннен тоқылған жылы шүлық киеді. Мұндай өте жылы аяқкиімді үйде киюге болмайды. Қысқы аяқ киімнің мөлшері 1-1,5 размер үлкен болып, ал жазғы аяқ киім жеңіл, аяққа сай болу керек.
 
Пайдаланған әдебиет
 
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" 
Жүктеп алу
606 рет жүктелген
108.95 кб файл салмағы