Я. А. Коменский

Рефераттар
1130

ЖОСПАР

І. Кіріспе 
І.   Я. А. Коменскийдің өмірінен қысқаша мәлімет
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Тәрбие мен білім берудің маңызы. Тәрбиенің басты принципі
II.2. Мектеп оқуының жүйесі
ІІ.3. Адамгершілік тәрбиесі, тәртіп
ІІІ. Қорытынды 
ІІІ.   Я.А. Коменскийдің педогогикалық ой – пікір,  теорияларының маңызы 
Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Я. А. Коменскийдің өмірінен қысқаша мәлімет
ХVI  ғасыр мен  XVII ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы , ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский 1592 – жылы 28 – наурызда Морави қаласында дүниеге келді. Бұл кезде XV ғасырдың бас кезінде болған тарихтағы аса зор ұлт – азаттық гусит қозғалысының әсері әліде бар еді. Соның ықпалымен шаруалармен қолөнершілердің қалың бұқарасы демократияшыл көзқарастағы адамдардан «чехтық» немесе «Богемалықтуыстар» атты қауымдарын (община) құрды. Коменскийдің әкесі осы қауымның мүшесі еді, ал өзі Германияда білім алып, 24 жасында осы қауымның көсемі болды. 10 жылдық соғыстан кейін Римдік католиктік дін Моравиядағы заңды түрде жеңіп билік алды. Жоғары сославия өкілдері Коменскийге соған мүше болып кіру немесе отанын тастап кету ұйғарылған. Коменский соның әсерінен жер аударылып, отбасымен бірге  Лешноға келді. Осыдан бастап, ол қуғын көріп 42 жыл бойы айдауда жүрді. Отанына қайтып орала алмады. 1956 жылы Лешнода оның қолжазбаларын өртеді. Бұл жылдары ол бала – шағасынан айырылды. Өмірінің соңғы кезеңін ол Амстердамда өткізді. Голландияда ол өзінің көптеген еңбектерін шығаруға мүмкіндік алды. Ол 1631 жылы «Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» деген оқулығын жазып шығарды. Білім беру тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне аударылып, мектептерге кеңінен тарады. 1657 жылы латын тілінде «Ұлы дидактика» басылды.  Я. А. Коменский өмірінің соңғы 4 жылы ішінде – «Адам ісін түзетудің бүкіл жалпылық Кеңесі » атты еңбегін жариялады. 
«Ұлы дидактика»  Коменскийдің педогогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болады. Бұл еңбекте ақыл – ой,  адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай - ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді.
Осы еңбектерімен атақты ғалым және педагог ретінде әйгілі болған Коменский 1641 жылмен 1654 жылдың аралығында әдейі шақырумен Англияда, Швецияда және Венгрияда болып,  мектеп реформаларын әзірлеу ісіне, оқулықтар және оқыту методикасын жасаумен айналысты.  1648 жылы ол шетелден Лешноға келіп, кешікпей « чех туыстық» қауымының басшысы болып сайланды. 
Осы жылдары оның «Әлемді суреттеп бейнелеу» оқулығы, «Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары» және «Жастарға арналған мінез – құлық ережелері» деген педагогикалық шығармалары аяқталды. « Әлемді суреттеп бейнелеу»  өмірдің әр саласынан мәлімет  беретін энциклопедиялық кітап XIX ғасырға дейін балаларға арналған негізгі мектеп оқулығы болып келді. 
1656 жылы швед – поляк соғысы кезінде «чех туыстығының» ең ақырғы панасы Лешко қаласы өртенді. Өмірінің соңғы жылдарын ұлы педогог Амстердамда өткізді. 
Коменский 1670 жылы Амстердамға таяу жердегі Наарденде қайтыс болды.
Орта ғасырмен жаңа дәуірдің, феодалдық және капиталистік формацияларының, аралығында өмір сүрген Коменскийдің көзқарасы сол дәуірдің ерекшеліктерімен қайшылықтарына байланысты қалыптасты.
Коменский шығармаларына, әсіресе оның дидактикасына  ХVI – XVII ғасырдағы  жаңа философияның, әсіресе ағылшын материализмін бастаушы Бэкон (1561 - 1620) философиясынң әсері болды. Коменский көзқарасның жаңа бағыттарына Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманизмнің әсері қүшті болды. Осыдан келіп ол ортағасырлық мектеп тәртібіне қарсы шықты, мектеп балаға сүйіспеншілікті, адамгершілік жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін «адамгершіліктің шеберханасы» болуға тиіс деген көзқарасты ұсынды.
                      
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Тәрбие мен білім берудің маңызы. Тәрбиенің басты принципі
Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрылысына мектептің жаңа түрі жөніндегі идеяны қарсы қойды. «Ұлы дидактиканың» негізгі тарауларында Коменский реалистік позицияда екендігін, педагогиканың маңызды мәселелерін шешуды өмір тілегіне, өз қоғамының демократиялық топтарының мұқтажына бағындыратынын көрсетті. Ол өмірге пайдалы іске қажетті білімдерді оқытуды талап етті. Сондықтан мектептің мақсаты – ақылды адамды тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетудің  бірден – бір жолы,  - деді Коменский, - жас жеткіншектерге тәрбие және білім беру. Оның ойынша, адам тек тәрбие арқылы адам болады. Коменский тәрбиенің ықпал күшін осылай көре білді. «Адам болу үшін ол білім алуы тиіс». «Білімділер нағыз адам.....» - деді. 
Бүкіл тәрбие ісі Коменскийше табиғатқа тән, жалпы заңдылықтарға сәйкес болуға тиіс. Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде алып қарап, тәрбие ісін адамның табиғатына сәйкес, оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін дамытуға бағыттап жүргізу керек деп кеңес берді.
Осы талап оның бүкіл педагогикалық іліміне енді және мұны ол тәрбие мен оқытудың жалпы принципі ретінде санады. Кейіннен Коменский анықтаған бұл идея педагогикада «Табиғатқа сәйкестік принципі» деп аталады. 
Коменский адам өзінің жетілуінде жалпы табиғатқа қатынасты заңдарға тәуелді деп есептеді, осыған сәйкес құрылатын тәрбиенің білімнің және оқытудың жалпы принциптерін іздестірді. 
«Табиғатқа сәйкестілік принципі» оқудағы схоластикамен догматизмге қарсы күресте мәнді болды. Ол құрғақ жаттау оның мүмкіншіліктеріне сәйкесті болуын талап етті. 
Оның ойынша адам ақылының шыңдалатынын шеберхана сияқты орны – мектеп. Мектеп – барлық адамды барлық нәрсеге үйрететін адамгершіліктің шеберханасы. Коменскийдің ойынша мектеп – оқушылардың адамгершілігін ақылын тәрбиелеудегі білім мен оқытуды ұйымдастыратын орталық.

 II.2. Мектеп оқуының жүйесі
Ол адамның өсіп – жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отырып, бір – бірімен байланысты құрылған оқудың 4 сатылы кезеңін, оларға сай 4 түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды.
1)    Баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде – « Ана мектебі».
2)    6- дан 12 жасқа дейінгі балар үшін ар бір қауымда « Ана тілі мектебі».
3)    12 – ден 18 жастағы жастар үшін – әр бір қалада латын мектебі ( гимназия).
4)    18 – ден 21 жастағы жастар үшін әр бір мемілекетте академия болу керек деді. 
Көрсетілген әр сатыдағы оқу бір – бірімен байланысты болды , сөйтіп, Көменский XVII ғасырдың өзінде бір текті мектеп жұйесі жөнінде демократиялық принцип ұсынды. 
Коменский оқудың мақсаты : ғылыми білімді меңгеру , өмірге пайда келтіру деп білді . Мектеп материалдық жағынан да , біліммен қаруландыру жағынан да оқудың жаңа мазмұнын беруге тиіс деді . 
Коменский сол кездегі мектептерде латын тіліндегі оқу үстем болып тұрған кезде , бастауыш мектептің ( элементарлық ) ана тілінде болуын талап етті . Бұл мәселеде ол өмірге қажетті бастапқы білім тек ана тілі арқылы ғана беріледі , тек осылай ғана балалардың ақыл – ойын одан әрі дамыту міндетін жемісті щещуге болады деген идея ұсынды . 
      ІІ.3. Адамгершілік тәрбиесі, тәртіп
«Ұлы дидактиканың» 26-шы тарауында мектеп тәртібі адамгершілік тәрбиесі және тәрбие мәселелері қаралды. Адамгершілік тәрбиесі жөніндегі мәселелерде Коменскийдің діни бағыты өте айқын байқалды.
Ұлы ойшыл адамгершіліктің аса тамаша ерекшеліктерінің бір – эгоизмнен арылту, көпшілік ісінің сәттілігі және әділеттік үшін әрекет ету деп есептеді. 
Коменский балалармен жастар мінезінде ерлік, өзін – өзі билеу, кішіпейілділік, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. 
Коменский мектеп тәртібі жөнінен жаңа пікірлер айтты. Оның үлкен еңбегі сонда, ол – орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, баламен гуманды қатынас орнатуды жақтады. Сонымен бірге мұғалім оқушыларына тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек. Бұл туралы оның мынадаы пікірі бар егер егістікті отамайтын болса, егіске қауып төндіретін арам шөп өседі. Егер ағаш бұтақтары кесіліп отырылмаса, жабайыланады. Бұл пікірден мектепте ұрып – соғып жазалау орын алсын демеген, мұғалімдерде, оқушыларда сергек және бірін – бірі қадірлеп отыратын болсын, тәртіпті ңүлгісін мұғалімнің өзі көрсетіп отырсын деген сөз аңғарылады. Бірақ Коменский көзқарасының екі жақтылығы сол, ол ұрып - соғып жазалауды дінге байланысты жағдайларда қолдануды жақтады. 
Коменский балаларға тәлім – тәрбие беріп, ұстаздық көрсетіп мұғалімді өте жоғары бағалады. Мұғалім өзі тәрбиелейтін балалардың әкесі деп есептелді. Оның ойынша, мұғалім – «мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын, тынымсыз лаулаған жалын иесі.» 
Мұғалімның балаға әсер ету күшіне ешбір күш тең келе алмайды деген пікірді айта келіп: «Оларға тамаша қызмет тапсырылған күн астында оданг жоғары еш нәрсе болмақ емес» - деді.  
Коменскийдің балаларға қандай гуманистік және оптимистік көзқараспен қарағанын оның мына сөздерінен айқын көреміз.
 «Балалардың қандай болып туары ешкімгеде байланысты емес, бірақ дұрыс тәрбие беру арқылы олардың жақсы болып шығуы – біздің қолымыздағы нәрсе.» 

ІІІ. Қорытынды 
  Я.А. Коменскийдің педогогикалық ой – пікір,  теорияларының маңызы 
Сонымен адам баласы орта ғасырлық идеологияның шырмауынан шыға бастаған айрықша идеялар алғашқы рет зор күш ретінде баяндалып, ғылыми тұрғыдан қортылды.
Коменский батыл түрде педогогикаға жаңа бағыт, жаңа жол сала білді, сондықтан ол « тәрбиенің Галилейі» деген әділ атаққа ие болды. Жаңа ғылыммен философияның ізімен жүре отырып, ол алғашқы рет дидактиканың жүйесін құрды.Оған зор мәні бар тың идеялар кіргізді. Коменский мектеп оқушыларының оқуына жаңа, әр салалы, ғылыми, реалды білімді енгізуге тырысты, ол табандылықпен мектеп өмірінің барлық күн тәртібін өзгертуді талап етті. Қысқасы, дидактиканың негізгі принциптерін зерттеу Коменскийдің атымен байланысты, сондықтан ол қазіргі дидактиканың атасы болып есептеледі. 
Словян халқының ұлы педогогы  Я. А. Коменскийдің еңбектері дүние жүзінің барлық елдерінің педагогикалық ойымен мектеп тәжірибесіне күшті әсерін тигізді. Ол жаңа өмірді байқай білген практик – оқытушы, өз дәуірінің мектептері мен мұғалімдерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін дарындылықпен қорыта білген жаңашыл педагог болды.
Бірнеше елдің тілдеріне аударылған Коменскийдің оқулықтары XVII ғасырдың өзінде көп елдерге кеңінен таралды, олар 150 жыл бойы бастапқы оқытудың ең жақсы кітаптары ретінде басқа прогресшіл педогогтарға үлгі болды.
Коменский Россияға   XVII ғасырдың аяғында – ақ белгілі еді.   XVII ғасырдың ІІ жартысында оның оқулықтарын Москва университеті және басқа ғылыми орындар бірнеше рет қайта бастырып отырды. 
«Ұлы дидактика» Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай – ақ, ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттеледі.
Осы еңбектерімен атақты ғалым және педагог ретінде әйгілі болған Коменский дидактикасында реалистікте, материалистікте көзқарастар сенсуализм тұрғысынан түсіндірді бірақ оқу мен тәрбиенің жүйелерін құруда маңызды болып саналатын таным проблемасын шешуде оның көзқарасы екі жақты болды. Коменский ақиқаттың бір саласы – логикалық, оның көзі – діни сапа. Ақиқаттың екінші саласы – табиғатты танудан шығады. Табиғат жер бетіндегі бақыттың, байлықтың көзі, бұл көзді ретті иемдену үшін табиғатты білу керек, ол үшін білім керек деді. 
Сондай – ақ ол өзінің «Әлем тәлкегі және жүрек жұмбағы» деген шығармасында өткір сатира түрінде өз кезіндегі қоғамдық құрылысты әшкеріледі. Байлығы мен жыныс ерекшеліктеріне қарай бөлінбейтін бір текті жалпыға бірдей ана тілінде оқытатын мектепті талап етуінен де Коменскийдің демократизмі айқын байқалады.
Коменскийдің еңбектерін орыстың алдыңғы қатарлы өкілдері педагогика ғылымына қосылған асыл қазына ретінде қабылдады. Қазақтың тұңғыш демократ – педагогы Ы. Алтынсарин де және оның замандастары болған басқа халықтың Гогевашвили, Чавчавадзе смяқты прогресшіл педагогтары да өз еңбектерінде Коменскийдің идеяаларын насихаттап отырды. 
Бірақ орта ғасырлық дәстүрлердің ұзақ уақыт тәрбиемен мектеп өміріне кең түрде қатаң үстемдік құруына байланысты, Коменскийдің жаңашыл педагогикалық идеялары мектеп тәжірибелеріне тың шабан, ескі мектеппен тірескен күрес түрінде еніп жатты. Сөйте тұрсада Коменский жаңа заман педагогикасының қалыптасуында, әсіресе дидактиканы даиытуда, өте зор тарихи рол атқарады.       

Пайдаланылған әдебиеттер

1.     Ж. Әбиев   
«Педагогика тарихы»

2.    Ж.Әбиев
С. Бабаев
А. Құдиярова
         «Педагогика тарихы»  
3.    К. Бержанов
С. Мусин
«Педагогика тарихы»     

Жүктеп алу
636 рет жүктелген
25.78 кб файл салмағы