Инвестициялық салық преференциялараның теориялық негiзi

Рефераттар
212
МАЗМҰНЫ 
Кіріспе 
I  Инвестициялық салық преференциялараның теориялық негiзi
1.1.Инвестиция  туралы жалпы түсiнiк
1.2. Инвестиция типтерi мен түрлерi
II Инвестициялық салық преференцияларын қолдану және тоқтату тәртібі
2.1 Инвестициялық салық преференцияларын қолдану тәртiбi 
2.2. Преференциялардың қолданылуын тоқтату тәртібі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
 
Кіріспе
Инвестициялар – мүлiктiк қазыналардың және  оларға құқықтардың, сондай-ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салатын интелектуалдық меншiкке құқықтардың барлық тұрлерi. Инвестиция (ағылшынның invistor - салымшы) бұл өндiрiстiк, кәсiпкерлiк және басқа да қызметтерге өнiм өндiрудi, жұмысты және қызметтi Ұйымдастыру және пайданы алу немесе басқа да түпкi нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмiрдiң сапасын арттыруы және таға басқаларға) жету мақсатында ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкiн. Сонымен қатар инвестиция өндiрiстi дамытуға немесе өнiдiрiстiк емес сфераға күрделi қаржыны жұмсауды да айтамыз. 
Елiмiздiң геосаяси жағдайы жерасты қазба байлықтың молдығы шетел кәсiпкерлерiнiң аңсарын аударып отырғанымен инвестициялық салада проблемаларда баршалық. Соның ең бастысы өндiрiс орындарының өнiм өндiру көлемiн мүмкiндiгiнше қалыптастыра алмай тұрғандығы дер едiк. Осының салдарынан кейбiр салаларды инвестиция үшін берген қаржының бiраз бөлiгi сол кәсiпорындардың жалақы мен зейнетақы қарыздарын төлеуге жұмсалды. Мысалы, үстiмiздегi жылы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған қаржы мөлшерi 1,2 миллиярд теңге қысқарды. °сiлi, бұл қаржы кәсiпорындарының iшкi құрылымын жетiлдiруге, техникамен жарақтандыруға, тағы басқа мақсаттарға жұмсалуы тиiс болған.
Жалпылай алғанда, кез-келген сала инвесторға зәру әсiресе ауыл шаруашылығы қатты мұқтаж. Инвесторлар осы салаға, өмiрдiң өзi көрсетiп отырғандай, қаржы салуға онша көп ынталы емес. Оның тұрлi себептерi бар. Олар ауыл шаруашылығынан айтарлықтай пайда көрмейтiнiн жақсы бiледi.
Жасыратыны жоқ, АҚШ пен Канада дүкендегiлердiң басым көпшiлiгi шеттен әкелiнген тауарлар. Олар сол тауарлар арзан болған үшін ғана пайдаланады. Ал өздерi өндiретiн өнiмдердiң бағасы қымбат, өзiндiк құны жоғары. Оның есесiне, бұл елдерде техншика қатты дамыған.
 
1 тарау. Инвестициялық салық преференциялараның теориялық негiзi
1.1.Инвестиция  туралы жалпы түсiнiк
Инвестициялар – мүлiктiк қазыналардың және  оларға құқықтардың, сондай-ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салатын интелектуалдық меншiкке құқықтардың барлық тұрлерi. Инвестиция (ағылшынның invistor - салымшы) бұл өндiрiстiк, кәсiпкерлiк және басқа да қызметтерге өнiм өндiрудi, жұмысты және қызметтi Ұйымдастыру және пайданы алу немесе басқа да түпкi нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмiрдiң сапасын арттыруы және таға басқаларға) жету мақсатында ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкiн. Сонымен қатар инвестиция өндiрiстi дамытуға немесе өнiдiрiстiк емес сфераға күрделi қаржыны жұмсауды да айтамыз.  Инвестицияның деңгейi қоғамның Ұлттық табысының көлемiне маңызды әсер етедi.Ұлттық  экономикада көптеген макро пропорциялар оның динамикасына байланысты болады. Инвестициялар елдiң масштабында кеңейтiлген қайта өндiрiстiк процесiн анықтайды. Жаңа мекемелердiң құрылысы, тұрғын үйлердiң салынуы инвесторлау процесiне байланысты болып келедi. Инвестицияны заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады. Инвестициялар: венчурлiк, тiкелей, портфельдiк, аннуитет болып бөлiнедi. Венчурлiк инвестиция – шаруашылықты қаржыландыруда шешушi рол атқаратын жаңа акциялар шығару формасындағы инвестициялар. Венчурлiк инвестиция орташа және ұзақ кәсiпорындардың өмiр сұруiнiң маңызды шарттарының бiрi болып табылады: әдетте тәуекелмен байланысты./2/
Тiкелей инвестициялар – шаруашылық субьектiнi басқаруға қатысуға құқық алу мен табыс алу мақсатымен экономикалық субьектiнiң жарғылық қорына құйылым жасау.
Портфельдiк инвестиция – пайда алу мақсатымен акцияға, облигацияға және басқа ұзақ мерзiмдi сипаттағы бағалы қағаздарға қаражат жұмсау.
Аннуитет – кредитордан алынған қарызды, пайыздарын қоса, өтеу үшін оған төленетiн (әдетте ұзақ уақыт бойы) белгiлi бiр  мөлшерден жыл сайынғы ақша сомасы (рента).
Қазақстан экономикасының өзектi проблемаларының бiрi ең алдымен материалды өндiрiс сферасында инвестициялық iс-әрекеттi ынталандыру болып табылады. Қазақстан экономикасының құрылымды қайта құруының негiзгi проблемасы қаржыландыру көздерi болып табылады. Қазақстанда инвестициялық iс-әрекеттiң қаржыландыру көздерi болып:
1. Кәсiпорынның өз акцияларын сатудан кен қаражаттары: акционерлiк компаниялародың өнеркәсiптiк қаржы топтарының қайтарымсыз негiзгi бөлiцнетiн қаражаттары;
2. Федералды, аймақтық, жергiлiктi бюджеттi ассигнациялау қайтарымсыз негiзiнде iскерлiктi қолдау;
3. Шетел инвестициялары;
4. Қайтарымды негiзде мемлекет ұсынған несие тұрiндегi қарыз құралдары. Шетел несиелерi, облигациялық займдар, коммерциялық банктер несиелерi, векселдер және компанияның инвестициялық қорларының, сақтандыру компанияларының, зейнеткерлер және өзара қорлардың қаражаттары.
Инвестицияның қайнар көзi болып жинақ (сбережения) табылады. Бiрақ жинақ тек бiр шаруашылықпен айналысатын субьектiлердi iске асыра алады. Инвестиция келесiдей факторларға байланысты болады:     
- пайда нормасының күтiмiне немесе капиталды қаржы бөлудiң рентабельдiгiне байланысты. Егер бұл рентабельдiк, инвесторлардың пiкiрi бойынша, тым төмен болса, онда қаржы бөлу iске аспайды.
- Капиталды қаржы бөлудiң альтернатвтi мүмкiндiгiне байланысты. Инвестор өзiнiң ақшасын жаңа зауыттың немесе фабриканың құрылысына сала алады, яғни ол сонымен қатар ресурстарын банкке де жайғастыра алады. Егер пайыз нормасы пайда нормасының күтiмiнен жоғары болса онда инвестициялар iске асырылмайды, және керiсiнше, егер пайыз нормасы пайда нормасының күтiмiнен төмен болса, онда кәсiпкерлер капиталды қаржы бөлудiң жобасын iске асырады. Графикте,  инвестиция мен жинақты пайыз нормасының арасындағы өзара байланыс келесiдей сипаттан көрiнедi.
Жүктеп алу
123 рет жүктелген
545.00 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Мағжан Жұмабаев
Рефераттар
ДОМБЫРА ФИЛОСОФИЯСЫ
Рефераттар
ТҮРКІСТАНДА ТАЙҚАЗАН
Рефераттар
ГӘККУ
Рефераттар
Өркениет басталуы