Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны
195
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
1 тарау. Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны
1.1. Кәсіпкерлік ұғымы, мәнi және экономикалық мазмұны
1.2. Кәсіпкерлік түрлерi мен олардың ерекшелiктерi
1.3. Қазақстан Республикасында iскерлiктi ұйымдастырудың ұйымдық формалары.
2 тарау Кәсіпкерлік қызметке салық салу ерекшеліктері
2.1. Кәсіпкерлік қызметке арналған арнаулы салық режимі
2.2 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықты есептеу әдісі
2.3 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтардың салық кезеңі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу - бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді.
Салықтан жалтарғаның халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.
Салық салынатын база жасау жөніндегі қорытынды жұмыстарға әзірлік проблемасы жетіп артылады. Бұл салада өзге де проблемалар жеткілікті. Қазіргі қолданып жүрген Салық кодексі тікелей ықпал ететін заң күшіне әлі де толық ие емес. Салық жөніндегі заңды дамыту тұжырымдамасын жасау саласындағы жұмыс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.
Бұдан кейінгі тұрған мәселе қатаң бақылау орнату. Ондай бақылау әкімшілік тұрғыдан күш қолдану арқылы емес, қайта осы заманға нарықтық құралдардың - валюталық қаржылар мен экспорттық импорттық операциялардың қозғалысына бақылау орнату болуы тиіс.
Салықтар нарықтық экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекет бюджеттің кірісіне қарай, мелекеттің кәсіпкерлікпен айналасуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшелерін заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі [3].
Зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасың қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаларына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлыты шықты. Енді бүрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індеті заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасыиың заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Нарықтық экономика – бұл ең алдымен еркiн iскерлiк экономикасы және Кәсіпкерлік тiң оның барлық салаларында жұмыс iстеуi. Нарықтық қатынастарға көшу түрғындарды Кәсіпкерлік ке кеңiнен тарту арқылы ғана мүмкiн болады.
Кәсіпкерлік – бiр жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Ағылшын тiлiнен тiкелей аударғанда Кәсіпкерлік business сөзi iс, шаруа, коммерциялық қызмет, сондай-ақ тиiсiнше Кәсіпкерлік мен business men сөзi iскер адам, iскер деген ұғымдарды бiлдiредi.
Американдық экономист Й.Шумпетер Кәсіпкерлік тi өндiрiстiң төртiншi факторы ретiнде қарастырады, ол бұл жерде iскерлiк қасиеттердi, оған қатысушылардың белсендiлiгiн өндiрiстiң қозғаушы күшi ретiнде, әлгi негiзгi үш фактордың iс –қимылын күшейтушi фактор ретiнде түсiнедi.
Осыдан көрiп отырғанымыздай, Кәсіпкерлік терминiнiң iшкi мазмұны сан қырлы. Мiне, осындай ауқымды ұғымға экономикалық ғылым қысқаша анықтамамен шектеле алмайды, керiсiнше, оның экономикалық категория ретiнде негiзiн қалайтын қасиеттерi мен белгiлерiн жан-жақты қарастыруға тырысады.
Ең алдымен Кәсіпкерлік тi пайда табу немесе басқадай әдiспен олжалы болуымен байланысты қызмет ретiнде анықтайды. Мұның өзi Кәсіпкерлік тiң ең басты белгiсi және оның негiзгi мақсаты болып табылады. Мұнсыз iскерлiктiң өзiнiң өмiр сүруiн көз алдымызға елестету қиын.
Кәсіпкерлік мендердiң экономикалық қарым-қатынасòàðы бiр-бiрiìåí тығыз араласып кеткен өркениеттi рынок жағдайына жекелеген iскер тек қана өзiнiң жеке пайдасын, оның үстiне Кәсіпкерлік ке қатысушы басқалардың есебiнен пайда табуды ойламайды. Ол өзiнiң қызметiн тек өзiне ғана пайдалы қылмай, сонымен қатар ортақ iске қатысушы басқа да Кәсіпкерлік мендердiң пайдалы болуын көздеп ұйымдастыруы керек. Бұл түрғыдан алғанда пайда, деген сөздi зара пайда деген терминмен алмастырған дұрыс. Сондықтан болар дамыған елдерде Кәсіпкерлік жеке адамдардың, кәсiпорындардың немесе ұйымдардың бiрлесе отырып, табиғат байлығын игеру, өндiру, тауарларды сатып алу және сату немесе басқа тауарларға қызмет көрсету арқылы айырбастау, ақшаға қызмет қызмет көрсету сияқты жұмыстар атқару арқылы мүдделi адамдар мен ұйымдардың өзара пайда табуына бастайтын қызмет ретiнде қарастырылады. Сонымен, Кәсіпкерлік басқа жақтың шығынға және алдауға түсiп қалу есебiнен тек қана бiр жақтың пайда табуына жол бермейтiн адал қызмет ретiнде көрiнетiнiн байқаймыз.
1 тарау Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны
1.1. Кәсіпкерлік ұғымы, мәнi және экономикалық мазмұны
Кәсіпкерлік экономикалық қызметтiң басқа түрлерiмен салыстырғанда өзiнiң жылдамдығымен және инисативалылығымен ерекшеленедi. Кәсіпкерлік мен үнемi жаңа өнiмдi, технологияны, сапаны, рыноктi, бағаны, сондай-ақ тұтынушыларды, материалдарды, құрал-жабдықтарды, транспортты, ғимараттарды, ақпараттарды, байланысты және тағы басқаларын iздестiру үстiнде болады.
Адам Смит iскерлiктен түскен пайданы жеке меншiк иесi - Кәсіпкерлік менге оның қым-қиғаш қызметi мен коммерцияық идеяларын iс жүзiнде асыру жолындағы тәуекелi үшiн қоғамның берген ақысы деп атады. Басқару саласындағы iрi маман Макс Вебер Кәсіпкерлік тi ақыл -ойдың дәнiн себушi ретiнде бағалаған. Жоғарыда айтып кеткен Иозеф Шумпетер iскерлiктi экономиканың басты факторы, оның дамуының негiзгi қозғаушысы еп санаған. Белгiлi ағылшын экономисi Джон Мейнард Кейнс iскердiң бойында болуы тиiс төмендегiдей негiзгi қасиеттердiң астын сызып айтқан: абайлай бiлу, алдын болжай бiлу, есептей бiлу, өркениетке ұмтылу, тәуелсiздiк, алдағы күнге сенiммен қарау, iлкiмшiл болу, ұқыптылық, жиған ауқатын мұрагерлерiне қалдыру ниетiнiң болуы [1].
Нағыз Кәсіпкерлік меннiң бойынан табылатын осы қасиеттер тiзбесi сырттан қарап түрған бақылаушының бойында секем туғызуы ықтимал. Өйткенi, оның ойынша iскерлiкте тек қана ешқандай бiлiмi, тәжiрибесi, аами қасиеттерi жоқ, шала сауатты адамдардың жолы болады. Шынында да, қазiргi хаос билеген, заңның орындалмайтын амағайып кезеңiнде, тауарлық игiлiктерге қол жеткiзудiң тәртiбi жасалмаған жағдайда, iскерлiк әдеп, пен моральдiң сақталмауы арсыздықтың етек алуына жол ашып түрғанда мафиялық құрылымдар табысқа жетуi мүмкiн. Алайда бұл уақытша нәрсе.
Тауарлар мен қызмет көрсетудiң өркениеттi рыногi қалыптасқан кезде бәсекелестiк пайда болады, тиiстi заңдық қағидаттар қабылданады. Сол кезде бiрқалыпты нарықтық орта қалыптасып, жоғарыдағыдай iс-қимылдар орын алмайы. Ал жоғары кәсiби шеберлiлiк жарамсыз iскерлiктi нарықтан ысырып тастайды [5-8].
Кәсіпкерлік немесе iскерлiк – бұл өзiндiк инициативалық, өз мүлкiнiң жауапкершiлiгi аясында жүзеге асатын, жекелеген адамзаттардың немесе олардың топтарының пайда немесе басқалай түрiнде экономикалық олжа табуға бағытталған кез келген қызметi.
Сонымен қысқаша айтқанда Кәсіпкерлік - нарықтық экономика жағдайында адамның пайда табуына, пайда алуға негiзделген экономикалық қызметi.