Кеден төлемдерiнiң теориялық негiзi
176
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе
I. Кеден төлемдерiнiң теориялық негiзi
1.1. Кеден төлемдерiнiң пайда болу тарихы
1.2. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерi, кеден бажы
II. Кеден төлемдерiн, кеден бажын есептеу, рәсiмдеу әдiстерi
2.1. Кеден төлемдерiн, кеден бажын есептеу әдiстерi
2.2. Кеден төлемдерiн, кеден бажын рәсiмдеу әдiстерi
2.3. Артық төленген кедендiк төлемдердi қайтару.
III. Қазақстан Республикасының кедендiк төлемдерiнің орындалуын жетілдіру жолдары
Қорытынды мен ұсыныстар
Пайдаланылған әдебиеттер
Кiрiспе
Кеденнiң аса бiр маңызды мiндетi- кедендiк алым - салық жинау. Мекеменiң экономикалық бағытын анықтайтын ерекше мiндетi болғандықтан сондай-ақ,, бюджетке кiретiн табыстың едәуiр бөлiгi алым - салықтан түседi. Кемелiне жеткен елдерде оның мөлшерi 20-25%, ал жаңа өркендей бастаған елдерде 80%-ке дейiн барады.
Бiздiң кеден саясатымыз Қазақстан Республикасының "Кедендiк тарих және алым - салық" Заңына, сыртқы экономикалық қарым - қатынас мәселесiне арналған Республика Президентiнiң жарлығы мен үкiмет шешiмдерi мен негiзделген. Ал сапасыз импортқа келетiн болсақ оған тосқауыл жасауға кеденнiң шамасы жетедi, мәселен бiз шетел арағына жанама және шекара салығын өсiрдiк те тұтынушылар мен арақ-шарап өнiмдерiн шығаратын кәсiпорындарының мүддесiн қорғап отырмыз.
Қазақстан Республикасында қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бiрлiгi кедендiк баждың өзiндiк ерекше ставкалары белгiленген тауарлар бойынша кедендiк баждар салуға араналған база болып табылады.
Кедендiк төлемдердi есептеу тәртiбiнде, кедендiк төлемдердi төлеушiлер дербес есептейдi және кеден iсi саласында құқық бұзушылық анықталғын жағдайда, төленуге тиiстi кедендiк төлемдердi есептеудi кеден органы жүргiзедi немесе өзгеде заң актiлерде көзделген жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен де жүргiзедi. Кедендiк төлемдердi есептеу үшін кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген күнi қолданылатын ставкаларды пайдаланады,ал кедендiк баждарды есептеу Қазақстан Республикасының кедендiк тарифiне сәйкес сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодына және тауарлардың атауына сай келетiн ставкалар бойынша қолданылады. Кедендiк төлемдердi соның iшiнде тауарлардың кедендiк құнын айқындау мақсаттары үшін шет ел валютасын қайта есептеу жүргiзу талап етiлген жағдайларда, кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген күнге немесе төленуi тауарлардың кедендiк ресiмделуiне байланысты емес, кедендiк төлемдер үшін төлем күнiне заңдарға сәйкес белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдаланады.
I.Кеден төлемдерiнiң теориялық негiзi
1.1.Кеден төлемдерiнiң пайда болу тарихы
Кеден төлемдерi Қазақстанға совет дәуiрiнде ғана келген, яғни ол кезде 200 адамнан тұратан үш – ақ кеден бар едi, олардың өзi де Мәскеуге бағынатын. Шекарасының шегi жоқ ұлан-байтақ елiмiзде кеден қызыметтiн ұйымдастыру оңай шаруа емес едi. Сыртқы экономикалық қарым - қатынастың қауырт дамуы, азаматтарымыздың шет елдерге, шетелдiктердiң Республикамызға ағыл - тегiл келiп кетуi кеден қызметiн реттейтiн заңды құжаттар мен шартты құжаттарды қабылдауға мәжбүр етiп отыр. Бүгiнгi кеден қызметi, оның мән - мағынасы жайында Қазақстандық кедендiк саясатының қалай iске асырылып отырғанын жалпы айтқанда, бұл саясат қай елде болмасын, алдымен мемлекет мүддесiн қорғайды. °р елдiң экономикалық тәуелсiздiгi оның iшкi, сыртқы экономикалық,, кедендiк саясатының байсалды түрде iске аасыуына байланысты. Егер нақпа-нақ келсек, кеденнiң негiзгi төрт түрлi қызметтi бар. Бiрiншi, экономикалық iшкi сауда-саттықты қорғау, ұлттық экономикаға жағдай жасау, бәсекенi қоздыру және монополияға жол бермеу, алар жақ тұтыным мен берержақ ұсыныстарды реттеу, инфляцияны тұқырту, қайта жаңғыртудың құрылымдық саясатын белгiлеп, шетел капиталын тарту. Екiншi, сауда саясаты: кеден-тауар жолындағы көпiр сияқты дәнекер, кiре жолының танымсыз әрi нәтижелi болуы үшін жалпыға ортақ тәртiп ережесi қажет. Басқаша айтқанда, кеден iс – әрекетiнiң ережесi мен мөлшекрi халықаралық бiр қалыпқа үндес болуға тиiс. Тек сонда ғана елiмiз дүниежүзiлiк сауда-саттық көзiне кедергiсiз жол табады. Үшiншi, статистика қызметтi: мемлекеттiк қисап қажеттi ақпараттардың толықта нақты мәлiметтерiн жинақтап, қадағалап отыру. Төртiншi, тәртiп сақтау: iшкi-сыртқы қаскейлермен , кеден ережесiн бұзушылармен күрес, есiрткi, қару-жарақ пен оқ-дәрiнi шеттен алып, шетке шығаруға тиым салу, тарихи, көркемдiк мәнi зор мәдени байлығымызды ұрлық қарлықтан сақтау, валютаның шетке шығып кетуiне тосқауыл болу.
Кеденнiң аса бiр маңызды мiндетi- кедендiк алым - салық жинау. Мекеменiң экономикалық бағытын анықтайтын ерекше мiндетi болғандықтан сондай-ақ,, бюджетке кiретiн табыстың едәуiр бөлiгi алым - салықтан түседi. Кемелiне жеткен елдерде оның мөлшерi 20-25%, ал жаңа өркендей бастаған елдерде 80%-ке дейiн барады.
Бiздiң кеден саясатымыз Қазақстан Республикасының "Кедендiк тарих және алым - салық" Заңына, сыртқы экономикалық қарым - қатынас мәселесiне арналған Республика Президентiнiң жарлығы мен үкiмет шешiмдерi мен негiзделген. Ал сапасыз импортқа келетiн болсақ оған тосқауыл жасауға кеденнiң шамасы жетедi, мәселен бiз шетел арағына жанама және шекара салығын өсiрдiк те тұтынушылар мен арақ-шарап өнiмдерiн шығаратын кәсiпорындарының мүддесiн қорғап отырмыз. Қай елдi алмасаңызда импорт-экспортты реттеудiң бiрден бiр амалы-кеден тарифы, сондықтан ол әрқашан сыныптай өтiмдi, сауда саттық коньюнктурасына байланысты құбылмалы болуға тиiс.