Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы

Рефераттар
864

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 

І Тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы.

1.1. Мазасыздану мәселелерінің отандық психологияда зерттелінуі
1.2. мазасыздану феноменін шет елдердің ғылыми мектептерінде қарастырылуы
1.3. Мектептегі мазасыздану мәселелерін қарастыру 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 
Кіріспе

Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады. 
Мектептегі  оқыту (жаңаны тану,  алынған  дағдылар  мен  үйренулерді  тексеру)  әрдайым  балалардың  мазасыздануының  жоғарылауымен байланысты  екенін  психологтар  байқады  және  де  кейбір  мазасыздану  деңгейінің  жоғары  шегіне  жетуі  оқытуды  белсендіріп,  оны  тиімді етеді.  Мұндағы  мазасыздану  зейін , ес,  интеллектуалдық  қабілетті  жасаушы  фактор.  Бірақ  егер  де  мазасыздану  деңгейі  осы  шегінен  асып  кетсе,  адамды  байбалам (паника)  жаулайды.  Сәтсіздікке  ұрынбауға  тырысып,  ол  қызметіне  көңіл  аудармай  кетеді.  Немесе  нақты  жағдайдағы  жеттістікке  жетуге  түгелімен  беріліп  кеткендігі  соншалық,  басқа  ситуацияларды  ол  жеңіліс  табады.  Осының  барлығы  сәтсіздік  қуаныш  күшейтеді,  мазасыздану  жоғарылап,  күнделікті  кедергіге  айналады.
Мазасыз  балалар  үшін  оқу  жылдарының  қаншалықты  ауыр  өтетінін,  ата – аналар  да,  мұғалім  де  жақсы  біледі.  Ал  мектептік  кезең  негізгі  және  балалық  шақтың  негізін  қалаушы: бұл  тұлғалық  қалыптасу  уақыты,  өмірлік  жолды  таңдау,  әлеуметтік  нормалар  мен  ережелерді  иемдену,  бойға  сіңіру.  Егер  де  оқушы  уайымының  себебі  өз - өзіне  сенімсіздік  болса,  онда  жеке  тұлға  да  «күмәншіл»  болып  қалыптасады.  Мамандық  таңдау  бұл  адам  үшін  өзін  сәтсіздікке  ұшырауға  сақтану  бағытына  негізделген,  құрдастары  және  мұғалімдермен  қатынас  жасау – қуаныш  емес,  ауыртпашылық...,  және  де  мазасыздық  бойын  алып  тұрған  оқушының  интеллектуалдық  дамуы,   оның  ойлау  бірегейлінімен,  құмарлығымен,  шығармашылық  қабілеттерінің  дамуымен  сәйкес  келмейді,  өйткені  шығармашыл  адам -  ол  ерікті  және  тәуелділікке  бел  буатын  адам.  Ол  жаңа  қалыптаспаған  көзқарас  пен  шешімді  ұсынуға  қорықпайды,  өз  жолымен  жүргісі  келеді,  көпшіліктің  мақұлдағанына  қарсы  келеді.  Ал  мазасызданғыш  адамдар -  кешеннен  қабылданған,  ескірген,  бірақ    көптеп  тексерілген  өмір нұсқаларының  құлы.
Әр жас кезеңдері үшін, мазасызданудың тұрақты көрінісі немесе шынайы қатерсіз – ақ, көптеген балаларда жоғары үрейді тудыратын белгілі бір аймақтар, ақиқат объекттер болады. бала өзінің күшінен, қабілеттілігінен күмандана бастайды. Бірақ мазасыздану сабақтағы әрекет қана емес, жекелеген құрылымды да бұза бастайды. Сондықтан жоғарылаған мазасызданудың пайда болуы себептерін білу, бастауыш сынып жастағы балалардың адекватты құлығының қалыптасуы және мазасызданудың төмендеуіне септігін тигізетін, корекциялық – дамытушылық жұмысты жасап шығаруға және уақытында жүргізілуге әкеледі.

Жүктеп алу
638 рет жүктелген
168.50 кб файл салмағы