Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы

Рефераттар
226

ЖОСПАР :

1 . Негізгі бөлім : Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы 
2 . Кіріспе :     
А )  « Еңлік – Кебек »
Б ) « Қарагөз »
С ) « Түнгі сарын » 
3 . Қорытынды : Абай трагедиясының айрықша орны 

Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды . 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік – Кебек » пьесасымен ашылады . Драмашы бұл шығармасын кейінне әлденеше рет өңдеп , жетілдірді , соның арқасында пьеса театр репертуарының тұрақты орын алған классикалық туындыға айналды .
« Еңлік – Кебек » трагедиясы ел ішінде кең тараған тарихи аңыз негізінде жазылған . Ол – ескі рулық-феодалдқ әдет-ғұрып шырмауын үзіп , жүрек қалауымен бір-біріне қосылған екі ғашық – жас Еңлік қыз бен Кебек батырдың ру шонжарларының қатал үкімімен өкінішті қазаға ұшырап , арманда кеткендіктері туралы аңыз еді . Мұхтар Әуезов аузша айтылып келген аңызды идеялық бағыты айқын , көркемдік қуаты мол трагедиыға айналдырды . Пьеса жазылған кезеңде қазақ ауылында көне кертартпа салт-сана айығып болмаған еді . Қызды сүймеген адамына айттырып , күйеуі өлген жесірді сол елден шығармай , ағайын-туған рулас біреуге зорлап қоса салатын әмеңгерлік әшкереленуге тиіс болатын . Алғаш рет жайлауда , жалғастырыла тігілген киіз үйде қойылған « Еңлік – Кебек » пьесасы қазақ сахнасында мүлде жаңа бір түрінің – драматургияның пайда болғанын әйгілейді , дала өңірінде талай жылдар бұрын өткен қайғылы оқиғаның кейіпкерлері тұңғыш рет сахнада  көрермендер алдына шықты . Пьесе тек әдеби оқаға ғана емес , халқымыздың рухындағы ұлттық рухани , мәдени оқиға да болды . Шығарма толық , сенімді ашылған көркем  тұлғаларымен де , қазақтың байырғы шешендік өнерінің жарқырап көрінуімен де тартымды .
Мұхтар Әуезовтың әйгілі трагедияларының бірі – « Қарагөзде »         ( 1926 жылы ) көне заманда бас бостандығына жете алмай ескі ғұрып – драматургиясының алтын қорына қосылған бұл шығарманың идеялық мазмұнын жазушы былайша ашып   көрсетеді : « Жалпы пьеса тақырыбы – беймезгіл заманды жолсыз өмір кешіп , ерте тартқан қайғы зардың уынан қаза тапқан өнерлі жастар жайы ; асықтық пен ақындық құмарлығында елтіген уыз жастар жайы . Пьесаның екінші айқындаған идеясы ... азатан туған ақындық , қан-қайғыдан туған қаза , жеке бастың ғана шерінен басталып барып , халықтық қайғы-қамды ұсынуға беттеген шабытты көрсетпек » .
Мұхтар Әуезов дараматургия жанырыныа ерекше көңіл бөліп , творчестволық жолының әр кезенінде бас-аяғы жиырмаға жуық пьеса жазды . Оның бұл жанырдағы қалам қуаты 30-жылдардағы шығармаларында көбірек танылды .   Жазушының  « Абай жолы » роман эпопеясына дейінгі идеялық-көркемдік өресі неғұрлым биік шығармалары драматургияда жасалды . Драмашының « Еңлік – Кебек » пен « Қарагөзден » басталған творчестволық ізденісі 50-жылдардың екінші жартысында жазылған « Дос- Бедел Досқа » дейін жалғасты . Бұл аралықты М .Әуезов тарихи адамдар өмірінен де , замандастар жайынан да , фольклорлық шығармалар сарынымен де алуан тақырыпта қалам тартты . Солардың бәріне ортақ сипат – уақыт алға қойған мәдени , көркемдік талаптарға жазушының дер кезінді сергек үн қатып отырғандығы , тұтас бір жанрдың ауыр жүгін қайыспай көтергендігі еді 
Оның соғысқа дейінгі 5 жылдықтар дәуірінде жазылған пьесалары Қазақстандағы революциялық өзгерістердің , шаруашылықпен салт – санадағы жаңарулардың терең сырларын ашуға арналды . «Түнгі сарын » мен «Ақ қайында» олхалықтың азаттық үшін күресін көрсетсе , « Тас түлек » , « Тартыс » , « Алма бағында » , « Шекарада » сияқты шығармаларында совет адамдарының жаңа өмір қалпын жасампаз еңбегін бейнеледі .
Бұл – қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысы оқиғаларына құралған драма . Пьеса негізіне алыннған тартыс , үстем тап пен езілген тап арасындағы тартыс . Мұның бір жағында жебір болыс  Майқан , оның болыстыққа кандидат інісі Нұрқан , ажарлы да айлалы Бибіш ( Жүзтайлақ ) , бай Қыдырбай , оқыған Жүніс , адвокат Кәрімдер көрінсе , екінші тарапта Жантас , Тәнекерлер , осылардың бағытындағы Сапа , Мөржан , Бойбермес , Бөрібасар бейнелері беріледі . Бұл топтарды бір-бірімен  бітімсіз күреске киліктіріп , араларын шиеленістіре түскен жағдай – патшаның қазақ жігіттерін империалистік соғыс майданының қара жұмысын алу туралы 1916 жылғы июнь жарлығы болады . Ертеден екі жақты қанаудан – патша әкімдерінен , әрі жергілікті болыс-билерден зәбір көріп келген халық алыс майданға барып , жат мүдделер үшін құрбандық болуға көнбейді . Осыдан барып халық кегі лаулады , таптық және ұлт азаттық мақсат қосылып , дала төсінде бостандық ұраны көтерілді .
Түнгі сарын – қазақ драматургиясында азаттық үшін күрес тақырыбын үлкен шеберлікпен суреттеген , кесек адам мінездерін көрсете алған жазушының революциялық дүниетаныммен қаруланып , тарихи оқиғалардың көркемдік шындығын терең толғап ашатын биікке көтерілгенін , жанрдың шарттары  мен  заңдылықтарын қапысыз игергенін көрсететін үздік шығарма .
« Шекарада » ( 1938 жылы ) – М . ӘУезовтың жаңа заман тақырыбына жазған пьесасы . Оқиғалық құрамы « Шатқалаң » әңгімесімен үндес бұл шығарма драматургия жанры талаптарына сай шыққан . Драмашы тартыс табуда , сюжет дамытуда ысылған шеберлік танытады . Тартыс мұнда колхоздың жасырын жаулары мен тоаншыл совет азаматтарының арасында жүреді . Аудандық партия комитетінің секретарі Мұрат , шекара отрядының командирі Ганшин , дәрігер қадиша - әрқайсысы өзінше тартымды шыққан бейнелер . Пьеса совет жұртшылығын империалистік күштердің қастандықтарына қарсы қырағылыққа үндеу идеясына құралған . Отызыншы жылдардың орта тұсында , халықтардың қас жауы – фишизм зұлым әрекеттері бой көрсете бастаған шақта мұндай тақырыптағы   шығармалардың   маңызы   зор   болды .« Шекараданың » ширамаған босаң жерлері пьесада кейіпкерлердің шамадан тыс көптігіне , олардың бәріне бірдей әрекеттік жүк жете бермейтіндігі , олардың бәріне бірдей әрекеттік жүк жете бермейтіндігіне байланысты .
Мұхтар Әуезовтің драматургиялық шығармаларының қатарында Л . Соболевпен бірігіп жазған « Абай » ( 1939 ) трагедиясы айрықша орын алды . Бұл пьеса тек М .Әуезовтың ғана айтулы туындысы емес , бес жылдықтар дәуіріндегі жалпы қазақ драматургиясының жетістігі .  Шығарма шын мәніндегі тартыс туғызарлық , адам   характерін   ашарлық   түйінді   оқиғаларға құрылған . « Абай да » замана қайшылықтары ең ұрымтал тұсынан көрінеді . Пьесаның құрылысы мен тіл щеберлігі – драмашының биік творчестволық мәдениетінің дәлелі . Трагедия жесір дауы , әйел еріксіздігі мәселесі зор көркемдік күшпен көтерілді . Орталық қаһарман Абайдың тұлғасы бірін-бірі сүйген жазықсыз жастар – Айдар мен Ажарды өлім қаупінен алып қалуы үстінде ірілініп көрінеді . Бай ауылдың қалыңдығы Ажардың ғұрып « бұзуы » , кедей жігіт Айдарды сүйюі ескі феодалдық заман ұғымы бойынша адам естіиеген сұмдық болып көрініп , қиян-кескі дау тудыратын оқиға . Міне , осындай шытырман тартысқа Абай батыл араласып , сүйіскен жастардың басына азаттық әперді . 
Қазақ эпосының сарынымен жазылған « Айман – Шолпан » ( 1934 жылы ) , « Қарақыпшақ Қобыланды » ( 1945 жылы ) пьесалары М .Әуезовтің драматургия жанырындағы елеулі шығармалары . 1934 жылы қазақ музыка театры шымылдығының « Айман – Шолпанмен » ашылуы үлкен мәдени оқиға болды . Қазақ фольклорын терең зерттеген драмашы эпостың қазынасынан жаңа мағыналар таба білді , оның қазіргі заманға үндес келетін қырларын ашты . 
« Қарақыпшақ Қобыланды » - халықтың қаһармандық жырлаындағы өшпес идеялары – асқан оотаншылдық , теңдесі жоқ ерлік сарындарын жаңғырта көрсету арқылы мәдени мұраның сарқылмас көздерін ашудың жақсы үлгісі . Сонымен қатар бұл ауыз әдебиеті шығармаларының көркемдік тәсілін дүниедегі ең өскелең социалистік реализм әдебиетінің қажетіне жаратудың да жаңа дәстүрі болып табылады . Пьесадағы Қобыланды – ел азаттыған ту қып көтерген үлгі тұрар бейне . 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақ әдебиеті газеті 1990 жыл
2.Қазақ әдебиеті 11-сынып 2003 жыл
3.Ахаң туралы ақиқат «Қазақстан» «Шапағат» 1992 жыл

Жүктеп алу
92 рет жүктелген
40.50 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Нәзір Төреқұлов
Рефераттар
Халық валюта
Рефераттар
Жапырақ
Рефераттар
Франция мемлекеті