Негізгі құралдардың сипаттамасы

Рефераттар
885

Жоспар

Кіріспе
І тарау  Негізгі құралдардың сипаттамасы
1.1. Негізгі құралдардың ұғымы және жіктелуі  
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданған әдебиеттер

Кіріспе
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. "Негізгі құралдарға" — қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, келік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, онім және жүмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Барлық "негізгі құралдар" өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі қүраддар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарыңда пайда-ланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: ендіріске арналеайГ үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, қүрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Олар-ға түрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі қүраддар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі қүраддар: енеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, қүрылыс, материалдық-техникалық жабдыктау және сату-еткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, бас-қару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.
"Негізгі құралдарды" халық шаруашылығының салала-рына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шы-ғарылған өнімдердің, болмаса орындалған жүмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдар-дың бәрі тск қана үйымның негізгі шаруашылығының түрінс ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, оңда бүл үйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіп-орынның атқаратын қызметі саласыңдағы топқа жатады.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екен-дігіне қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы "Жалға алынған негізгі құралдар" деп аталатын шотта есептейді.
Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жүмыс істейтін, жүмыс істемейтін және сақтауда түрған деп үш топқа бөлінеді.
Жүмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі, яғни қолда-ныстағы негізгі құралдар жатады.
Жүмыс істемейтін негізгі қүраддардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.
Сақтауда түрған негізгі құралдардың қатарына келе-шекге, яғни алдыңғы уақытта тозып немесе басқа да жағ-дайларға байланысты істен шығатын негізгі қүрадцардың орнына пайдалануға арналған қүрал-жабдықтар жатады.
Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлініп есептеледі:
а) негізгі құралдар;
ә) тауарлық-материалдық қорлар немесе
б) қаржылық инвестициялар.
Кез кел ген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу казаны сол.зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек қүралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материаддықөндіріс саласында да, өндірістікемес (әлеуметгік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құрадцарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және қүрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құраддардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.

Жүктеп алу
635 рет жүктелген
75.50 кб файл салмағы