Операциялық жүйе

Рефераттар
157
Операциялық жүйе(ОЖ) – дегеніміз компьютердің аппараттық пен бағдарламалық ресурстарына қатынас құруды автоматтандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалар кешені. 
Операциялық жүйе (ОЖ) жүйелік бағдарламалық жасақтаманың негізі болып саналады. Операциялық жүйесіз қазіргі заманғы компьютердің аппараты мен бағдарламасына қатынас құру мүлдем мүмкін емес. 
Операциялық жүйе – дегеніміз компьютер мен оны тұтынушы арасындағы қарым – қатынасты  іске асыратын, компьютерге жалғанған барлық құрылғылардың және компьютерде орындалып жатқан программалардың жұмысын басқаратын программа.
Барлық аппараттық, сондай-ақ және бағдарламалық құралдарға пайдаланушының қолы тек делдал – операциялық жүйе арқылы ғана жетеді 
 
Компьютерлерді пайдаланушы іс істеуге тура келетін барлық жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе ерекше орынды алады. Операциялық жүйе компьютерді басқарады, бағдарламаны іске қосады, мәліметтердің қорғанысын қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен бағдарламалардың сұранысы бойынша әр түрлі қызметтік міндеттерді орындайды. Әрбір бағдарлама ОЖ-нің қызметін пайдаланады, сондықтан ол үшін осы қызметтерді қамтамасыз ететін ОЖ-нің басқаруымен ғана жұмыс істей алады. Сонымен, ОЖ-ні таңдау өте маңызды, өйткені ол бізді қандай бағдарламалармен жұмыс істей алатындығымызды анықтайды. Жұмысымыздың өнімділігі, мәліметтеріміздің қорғаныс дәрежесі, қажетті аппараттық құралдар және т.б. ОЖ-ні таңдауға тәуелді болады.
Пайдаланушылардың жұмыс орны ретінде қолданылатын IBM PC типті компьютерлерде осы күнге дейін MS DOS операциялық жүйесі орнатылатын. Кейіннен Windows 98, Windows NT, Windows 2000, және Windows XP операциялық жүйелерімен жұмыс істейміз.  
Windows XP- бұл бұрынғы Windows  нұсқаларының  жаңартылуы болып табылатын M3crosoft операциялық жүйесі. Windows XP екі нұсқасы бар: жеке пайдаланушыларға және шағын кәсіпорындар мен мекемелерге арналған Windows XP Home және неғұрлым күрделі есептеулерді жүргізуге арналған едәуір жетілдірілген Windows XP Professional.
Windows операциялық жүйесінің пайдаланушы интерфейсінің негізгі элементтері келесі объектілер болып саналады: Жұмыс үстелі, терезе, таңбашалар, лақаптар, батырмалар, меню, қалталар, қосымша бағдарламалар мен құжаттар. Windows операциялық жүйесінде дисплейдің барлық экраны ақпаратты өңдеуге қажетті жағдай жасалған, «жұмыс үстелінің беті» іспеттес, жұмыс істеуге арналған кейбір құжаттар мен әр түрлі құралдар «орналастырылатын» маманның жұмыс орнының моделі ретінде қарастырылады. 
Жұмыс үстелінің төменгі бөлігінде Бас меню – «Пуск – Бастау» батырмасынан, жылдам іске қосу тақтасынан, тапсырмалар тақтасынан тұратын жол орналасқан. 
Жұмыс үстелінде келесі объектілер орналасқан:
 
Менің құжаттарым – пайдаланушының құжаттары бар
Internet Explorer – Интернет беттерін қарап шығуға арналған бағдарлама бар
Менің компьютерім – дискілер мен мәліметтерді
сақтайтын қосымша құрылғылардың тізімін бейнелейді 
Желілік орта – желіге қосылған компьютерлердің тізімін
бейнелейді 
Лақап – аласталған объектілердің тізімі бар 
Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері: бума, файл, терезе, шартбелгі, жарлық, сілтеуіш программасы т.б.
Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Оның сол жақ батырмасы – негізгі, оң жақ батырмасы – қосымша, ал ортаңғысы – программалау батырмасы болып саналады. 
Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шерткенде Бас меню (Главное меню) ашылады. 
Жанама немесе динамикалық (контексті) менюді шақыру үшін – тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз.
Қандай да бір объектіге (бума, тапсырмалар тақтасы, шартбелгі т.б.) тышқан курсорын орналастырып, оң батырмасын шертсек, дәл осы жағдайда сол  объектімен  амал жасауға болатын командалардан тұратын  тізім яғни жанама меню ашылады.
Бума – файлдарды  жүйеге келтіру үшін және оларды мағынасына қарай топтастырып, жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін қолданылады.
Файл дегеніміз – белгілі бір атпен дискіге жазылып сақталынып қойған мәліметтер жиыны яғни құжат.
Терезе - Windows операциялық жүйесінің негізгі элементі. Терезелер екі топқа бөлінеді: стандартты терезелер және сұқбат терезелер. 
Жұмыс үстелі негізгі, бас терезе болып табылалды. Жұмыс үстелінің элементтері: Менің компьютерім (Мой компьютер), Қоржын (Корзина), Желілік орта (Сетевое окружение) т.б. шартбелгілер  
 
Менің компьютерім шартбелгісінің көмегімен компьютер туралы толық мағлұмат алуға болады.
Қоржында өшірілген файлдар уақытша сақталады.
Желілік орта шартбелгісі желімен байланысқан компьютерлерге қатынас жасау мүмкіндігін береді.
Әрбір  программаның, объектінің шартбелгісі (значок, пиктограмма) болады. Шартбелгідегі суретіне қарап оларды ажыратамыз.  Әр шарт белгінің  өзіндік атқаратын қызметі болады.
Жиі қолданылатын программаны, файлды немесе буманы қысқа жолмен, жылдам іске қосу үшін  құрылатын сілтемені – жарлық деп атаймыз.
Жұмыс үстелінің  төменгі жағындағы көлденең жолақ – Тапсырмалар тақтасы (Панель задач) деп аталады. Оның сол жақ шетінде программаларды жылдам іске қосуға, файлдарды іздеуге, анықтама алуға мүмкіндік  беретін «Іске қосу» (Пуск) батырмасы, ал оң жақ  шетінде уақыт маркері,  пернетақтаның индикаторы, вирусқа қарсы программаның шартбелгісі т.б. орналасқан.
 Экрандағы кез келген элементтердi белгiлеп алу үшiн: 
 Бip элементтi белгiлеу - тышқан курсорын сол элемент белгiсiне алып барып,  бiр рет басу керек; 
 Қатар тұрған бiрнеше элементтi белгiлеу:
Shift пернесiн басып, тьшқан курсорын сол элементтердiң aлғашқысына және соңғысына алып барып, тышқанды бiр рет шырт еткiзсе болғаны; 
Қатар орналаспаған бiрнеше элементтi белгiлеу:
 Ctrl пернесiн басулы күйде  ұстaп тұрып, тышқан курсорын сол элементтердiң әрқайсысына тышқанды алып барып шертіп белгілейміз. 
Жарлық жасау үшiн: 
1) Жарлықты тасымал әдiсiмен жасау: 
Жарлық жасалынатын элемент (файл, программа) тұpғaн буманы ашамыз; 
 Оң жақ батырманы басулы күйде  ұстап тұрып, сол элементтi жарлық тұруға тиiс бумаға тасымалдаймыз (көбiнесе жұмыc үстелiне); 
Оң жақ батырманы басқанда шығатын динамикалық менюден ҚұруЖарлық (СоздатьЯрлык) командасын таңдап аламыз. 
2) Жарлықты сол элемент тұрған орында жасап алып, басқа орынға тасымалдау: 
Жарлық  жасалынатын элемент (файл, программа) тұрған буманы ашамыз; 
Тышқан курсорымен сол элементтi нұсқап тұрып, оң жақ батырманы басып, динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдап аламыз. Сонда жарлық пайда болады; 
Ендi жарлықты ол тұpyғa тиiс бумаға тасымалдаймыз (көбiнесе жұмыc үстелiне). 
3) Жарлықты кез келген орында жасау: 
 Kepeктi буманы ашамыз (Мой компьютер не Проводник программаларында); 
 Оң жақ батырманы басып, ҚұруЖарлық (Создать Ярлык) командасын таңдаймыз. 
 Диалог терезесiнен ОБЗОР командасын таңдаймыз, экранға С: дискiсiнiң бумалары шығады; 
 Бумаларды аша отырып керектi *.ЕХЕ файлды (жарлық нұсқайтын файл) тауып таңдап аламыз; 
 ОТКРЫТЬ командасын таңдаймыз; 
 ДАЛЕЕ командасын таңдаймыз; 
 ГОТОВО командасын  таңдаймыз, жарлық дайын болады. 
Жұмыс үстелінде жаңа бума құру үшін:
Жұмыс үстелiнің жанама менюiн шығарып, одан Создать  Папку  командасын таңдaп алу; 
 Пайда болған жаңа бумаға қажеттi атты (Студент, Оқытушы, Айман, Арман т.с.с.) енгiзу; 
Enter пернесiн басу керек.
Экран үстелі реңін өзгерту үшін: 
 
Жұмыc үстелiндегi бос орында оң жақ батырманы басамыз; 
 Шыққан менюден СВОЙСТВА командасын  таңдаймыз, сонда экранға диалог терезесi шығады; 
 Диалог терезесiнен Жұмыс үстелі парағын таңдап алып,  оның Фондық сурет (Фоновый рисунок) тізімнің iшiнен қалауымызша суретті таңдаймыз да, ОК батырмасын басамыз.
 
Вирустарды анықтау оны емдеу жолдары
Компьютерлік вирустар – бұл  компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын программалар.Сонымен бірге бұл программа өздігінен көбейіп,компьютерлік жүйедегі жәнежелідегі әртүрлі обьектілерге залалын тигізуге бейім программалар.Өкінішке орай,компьютерлік вирустарды адамдар компьютерге зиян келтіру үшін әдейілеп  қастықпен әзірлейді.Сондай-ақ,олар желідегі  компьютерлер арасында  және Internet арқылы тарап,компьютерлердің жұмысын тежеп,басқада ақауларды тудырады.
      Ішіне вирус еніп кеткен программаны «ауру жұққан науқас »  немесе  инфекциясы бар зақымдалған программа деп атайды. Инфекциясы бар «науқас» программа орындала бастағанда,алдымен вирус жұмысқа кіріседі. Содан вирус басқа программаларға  да жұға бастайды  да, өзінің жоспар-ланған зиянды әрекеттерін атқаруға кіріседі.Вирус өз әрекеттерін сездірмес үшін бірден белсенділік танытпай,
мынадай шарттардың орындалуын күтеді:
- белгілі бір уақыт –инкубациялық кезең өтуі тиіс ;
- операциялардың нақты бір саны орындалуы қажет ;
- белгілі бір күн-ай мерзімі немесе аптаның нақты бір күні келуі керек,т.б.
Вирусқа қарсы жазылған программалардың  көптігіне қарамастан,вирустар күннен-күнге көбейіп жатыр.
     Алғашқы рет вирустар проблемасына көңіл бөлген  Фред Коэннің (F.Cohen) «Компьютерлік вирустар,теориясы мен эксперименті » деген  1983 жылы шыққан кітабы болатын.
Вирустардың таралуы жөнінде  тұңғыш экспериментті Ф.Коэн 1983 ж.10 қыркүйекте  Оңтүстік Калифорния Университетіндегі қауіпсіздік семинары кезінде өткізді.Сол кезде алғаш рет вирустардың  желі бойынша бақылауға көнбейтін таралу құбылысы үлкен қоғамдық толғаныс туғызды. Ол 1988ж. 2  қарашада Корнель университетінің соңғы курс студенті Роберт Таппан Моррис желі бойынша таратқан вирустық программа кесірінен болды.Соның салдарынан  6200 компьютер тоқтап қалып, яғни желіге қосылған машиналардың 7.3 %-ы істен шықты.
    Компьютерге  вирус жұққандығының негізгі белгілері: 
1. Кейбір программалардың жұмыс істеуінің баяулауы ;
2. Файлдар көлемінің үлкеюі (әсіресе программалар) ;
3. Бұрын болмаған кездейсоқ файлдардың пайда болуы ;
4. Пайдаланылатын жедел жад көлемінің кішіреюі (әдеттегі режиммен салыстырғанда);
5. Кенеттен пайда болатын әр түрлі дыбыстық және бейнелік   эффектілер;
6. Дискілерге мәлімет жазылмайтын кезде оған информация-ның жазыла бастауы;
7. Бұрын жұмыс істеп тұрған программаның тоқтап қалуы немесе үздіксіз жұмыс істеп тоқтомай кетуі ;
8. Белгісіз адамдардан (компьютерлерден)электрондық хатпен бірге орындалатын программалардың келіп түсуі,т.с.с.
    Вирустарды төменде көрсетілген белгілеріне қарай  бірнеше топтарға жіктеуге болады:
- вирустардың орналасып алған орындарына қарай ;
- вирустардың орналасып алған орындарынның бүлдіру тәсіліне қарай ; 
- керіқұрылымдық мүмкіндіктеріне (әрекеттеріне) қарай ;
- вирус алгоритмдерінің  ерекшеліктеріне қарай ;
- жұғу тәсілі бойынша ;
- көлемдерінің тұтастығына байланысты.
 
Вирустардың түрлері
Таралу ортасына қарай Жұғу тәсіліне қарай Зиянкестігіне қарай Алгоритміне (әрекетіне)
  қарай Көлем түтастығына қарай
Желілік вирустар
Файлдық вирустар
Жүктелетін вирустар
Файлдық-жүктелу вирусы Резидентті
Резидентті емес Қауіпті
Қауіпті емес
Өте қауіпті Компаньон-вирустар
Паразитті вирустар
Репликаторлар
(құрттар)
Көрінбейтіндер (стелс)
Мутанттар
(полиморф)
Макровирустар
Троян вирустары Монолитті вирустар
Таралатын шашыраңқы вирустар
 
Таралу ортасына қарай топталған вирус сипаттамалары:
  Желілік вирустар-комьютерлік желі  бойынша таратылады. Оның мысалы ретінде Melissa атты вирусты келтіруге болады. 
  Файлдық вирустар – com және exe типті бірден атқарыла-тын командалық файлдарға жұғып тарайды.Осы топқа макро-командалар арқылы жазылатын макровирустар да жатады.
Олар Word,Excel тәрізді программаларда  дайындалған 
орындалмайтын мәтіндік немесе кестелік файлдарға жұғады.
    Жүктелетін вирустар(загрузочные)– дискінің жүктелу секторына (Bооt-сектор) немесе винчестердің жүйелік секторына (Master Boot Record-MBR) жабысатын вирустар. Кейбіреулері өз мәліметін дискінің бос секторларына оларды FAT-кестеге мәлімет жазылмайтын ақаулы аймақ (Bad Claster) тәрізді етіп белгілеп жазып кетеді. 
    Файлдық-жүктелу вирустары – файлдарды да,дискінің жүктелу секторларын да бүлдіреді. Бұлар көбінесе күрделі алгоритммен жұмыс істеп ,жылдам зиян тигізеді.
   Жұғу тәсілі бойынша топталған вирус сипаттамалары:
   Резиденттік вирустар жедел жадқа өзінің бөлігін тұрақты жазып қояды да,орындалатын программалар операциялық жүйемен байланысарда,соларға жабысып бүлдіре бастайды.
Резиденттік вирустар жедел жадта орналасатындықтан,олар компьютерді өшіргенде немесе операциялық жүйені қайта жүктегенше тығылып отырып,зиянкестігін тигізе береді.
  Резиденттік емес вирустар компьютер жадында тұрақты орналаспайды,сондықтан шектеулі кезеңде ғана әсер етеді.
Кейбір вирустар жедел жадта кішігірім резиденттік бөлігін қалдырып кетеді,бірақ олар вирус таратуға қатыспайды.
   Зиянкестігіне қарай топталған вирус сипаттамалары: 
  Қауіпсіз вирустар компьютер жұмысына әсер етпейді (тек дискіге жазылып,оның бетіндегі мәлімет жазылатын көлемді азайтады). 
  Қауіпті вирустар компьютер жұмысына елеулі түрде әсер  етіп,дискідегі файлдардың біраз бөлігін жойып жібере алады.
  Өте қауіпті вирустар өздігінен қатты дискіні қайта формат-тап,ондағы мәліметті түгелдей құртып жібереді.Мысал ретінде CIH «Чернобыль»вирусын айтуға болады,ол әр айдың 26-да іске кірісіп,дискілегі мәліметтерді және  BIOS-ты құртады.
      Алгоритм ерекшелігіне қарай топталған вирус  сипаттамалары :                                            Компаньон-вирустар (companion) - бұлар файлды өзгертпейді,бірақ Exe-файлдары үшін COM типтес қосалқы серіктес файл құрады. Мысалы, ХCOPY.EXE  файлы үшін XCOPY.COM файлын жасайды.Осы файл іске қосыларда алдымен вирус серігі жұмысқа кірісіп,бүлдіру істерін жүргізеді,тек соңында барып негізгі файл жұмысқа кіріседі.  
 Паразиттік вирустар - өз көшірмелерін тарату барысында диск секторларын немесе файлдарды міндетті түрде өзгертеді.Бұл топқа «компаньон-вирустар» мен «құрттар» тобына қосылмайтын барлық вирустар жатады.     
Репликаторлар немесе құрт-вирустар (worm)  компаньон - вирустар сияқты компьютерлік желі бойынша таратылып,файлдар мен дискілерге тимейді.Олар компьютер жадындағы басқа компьютерлердің адрестерін тауып,соларға өз көшірмелерін жібереді.Құрт-вирустар желілердің мәлімет тасымалдау қабілетін азайтып,сервердің (желідегі негізгі компьютер) жұмыс өнімділігін төмендетеді.Репликаторлар басқа файлдарға тиіспей,өз вирустары арқылы өздігінен көбейеді.Өткен ғасырдың 80-ж.аяғында «Моррис құрты» деп аталатын желілік вирус АҚШ-тың ғаламдық бірнеше желілерінің жұмысын тоқтатты. 
     Көрінбейтін вирустар (стелс-Stealth) немесе тығылатын жасырын  вирустар-бұлардың компьютерде өздерінің бар екендігін білдірмейтін мұмкіндіктері бар.Стелс-вирустарды тауып алу қиын,өйткені олар операциялық жүйе жұмысына бүлінген файлдарды немесе диск секторларын білдірмей араластырып,сол сәтте әлі бүлінбеген мәліметтерді «өңдеуге» кірісіп жатады.
     Полиморфтық вирустар (polymorphic) деп неше түрлі айла жасап,өздерін жасырып көрсетпеуге тырысатын вирус-тар тобын айтады. Полиморфтық вирустар(полиморфиктер, елес-вирустар(призраки), мутант-вирустар)-оңайлықпен табылмайтын вирустар,өйткені олардың құрамында толық қайталанатын кодтар болмайды.Мұндай тәсіл алгоритмді өзгертпей,бірақ оларды табу қиындататын бос командаларды (қоқысты) көптеп қосу арқылы іске асырылады.Полиморфтық вирустар ішіндегі ең көп тарағаны – OneHalf деген вирус.
      Макровирустар - мәліметтерді өңдеу жүйесіндегі (мәтіндік редакторлар және электрондық кестелер) макрокомандалар мүмкіндіктерін кең пайдаланады.
    Қазіргі кезде MS Word  пен MS Excel құжаттарын бүлдіретін макровирустар  кең таралған.
     Троян программасы керекті пргорамма қасына жасырынып,біртіндеп өзінің бүлдіру-құрту істерін (мысалы  FAT-кестесін) өте сақ ептілікпен  жүргізеді және компьютер-дегі құпия мәліметтерді таратумен айналысады.Троян прграммаларының басқа вирустар сияқты өздігінен көбейетін қасиеті жоқ.Троян программасы көбінесе сатылатын немесе өте қажет программаларға жабысып таратылады. Оны «троян аты» деп те атайды.
   Тұтастығына байланысты топталған вирус  сипаттамалары: 
     Біртұтас (монолит) вирустық программаны ол ауру жұққызғаннан  кейін компьютер жадынан толық,әрі тұтас күйінде тауып алуға болады.
    Таралып орналасатын шашыраңқы вирус – программасы бірнеше бөліктерге бөлініп тұрады.Оның құрамында вирус жасау мақсатында қалай біріктірілетінін  компьютерге нұсқайтын бөлігі де болады.Сонымен, бұл вирус шашыраңқы күйде бөлініп сақталып тұрады да,тек аз уақытқа ғана бірігіп зияндық әрекетін істеп үлгереді.
   Вирустармен күресу үшін антивирустар деп аталатын арнайы программа бар.Вирусқа қарсы программа (антивирус) – компьютерлік вирустарды жұқтырған программаларды  табуға және емдеуге,сондай-ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған программа бар.
   Бүгінгі таңда вирусқа қарсы программалардың алуан түрлері бар:Dr.Web, Касперский Антивирусы, Eset NOD32, MeAfee, AVG, Panda Software, Norton Antivirus және т.б.
     Антивирустық программа және олардың мүмкіндіктері
 Антивирустық программалар вирустарды :
• тауып алады(диагноз қояды);
• вирустарды «емдейді»(жояды);
• сау программаларды ауырмайтын етіп «егеді».
  Антивирустық программа түрлері:
• детектор - программалар;
• доктор - программалар (немесе фагтар,дезинфекторлар);
• ревизор программалар;
• фильтр-программалар (күзетшілер,мониторлар);
• иммунизатор-программалар.
    Детектор-программалар нақты вирустарды іздеп тауып алады.Олардың жұмыс принципі-тексерілетін программалар-дағы вирустарда болатын қайталанып отырылатын  байттар тізбегін (сигнатураларды ,портреттерді немесе вирустық қалқаларды –маскаларды) салыстыру жолымен тауып алуға негізделген.Детекторларды жиі-жиі жаңалап отыру керек,
өйткені олар тек осыған дейін белгілі болған вирустарды ғана анықтайды.Сондықтан детектор тексерген программада оған мәлім емес жаңа вирус болуы мүмкін.Оның базасында вирустар белгілі жайлы неғұрлым көп мәлімет болса,ол соғұрлым жақсы  анықтайды. Бұл кемшілікті орындау үшін детектор-программа эвристикалық анализ жасайтын программалық блокпен толықтырылатын болады.Ол арқылы әлі белгісіз вирустардың бұрынғы кодтық енгізілген бөліктерін анықтап,оларды «күмәнді» топқа қосатын болды.
Осындай эвристикалық талдау жолымен  вирустарды 80 %  мүмкіндікпен анықтауға болады.
    Доктор-программалар «ауру» жұққан файлдарды тауып қана қоймай,олардың құрамындағы вирустарды өшіріп емдей алады.Көптеген вирустарды емдеу қасиеті бар  доктор-программалар полиграф деп аталады.
    Қазіргі кездерде доктор-программа жұмысын атқара алатын  детектор-программалар кең таралған.Олардың ең көп белгілі болғандары:
 1.AVP.(Antiviral Toolkit Pro, авторы-Е.Касперский );
 2.Aidstest (авторы –Д.Лозинский);
 3.Doctor Web (авторлар-И.Данилов,В.Лутовинов,д.Белоусов).
    Ревизор -программалар – файлдың және дискінің жүйелік аймақтарының қазіргі қалпын ревизордың бір файлына алдын ала жазылған бақылау  мәліметтерімен салыстыру арқылы вирус жайлы талдау жасайтын программалар.Мұнда Boot-сектор қалпы, FAT-кесте құрамы,файлдар көлемі,олардың жазылған кезі,атрибуттары ,бақылау қосындылары тексеріліп отырылады.
   Доктор- ревизорлар  тек салыстырмалы мәлімет алып қана қоймай, вирустар әсерін жойып,болған өзгерісті қайта қалпына келтіре алады. ADinf (Advanced Diskinfoscope,
авторы-Д.Мостовой) атты антивирустық программа осындай ревизорлар қатарына жатады.Осындай антивирустар жылдам жұмыс істап,жедел жадтағы вирустарды өшіреді.Ол дискіні де,файлдарды да уақтылы бақылап,вирус жайлы нақты мәлімет береді.
    Фильтр-антивирустар – бұлар кез келген программаның  күмәнді әрекеті жайлы тұтынушыға дер кезінде мәлімет беріп отыратын резиденттік программалар(күзетшілер).
  Фильтр мынадай операцияларды :  
1. программалық файлдардың және дискінің жүйелік аймағының өзгеруі туралы;
2. дискінің форматталуы жайлы;
3. жедел жадқа программаның резидентті түрде орналасуы туралы мәліметтерді тұрақты бақылайды.
  Осындай әрекеттің орындалғанын білсе,күзетші дереу мәлімет береді.Одан кейін шара қолдану тұтынушының өзіне байланысты болады.Мұндай антивирусқа Vsafe программасы жатады.Бірақ ол белгілі вирустарды да жоя алмайды.Мұнан кейін басқа доктор-программаларды пайдалану керек.
    Иммунизатор-программалар (вакцинаторлар) –бұлар антивирустардың ең тиімсіздеу тобына жатады.Олар сау программаға белгілі бір вирустардың жұққан белгісін енгізіп қояды.Вирустар мұны «ауру» жұққан прграмма екен деп тиіспейді.Бұлар қазіргі кезде көп қолданылмайды.
    Алыс шет елдердегі антивирустық программалар ішінен Dr Solomon’s, Anti-Virus7.0, McAfee VirusScan3.0, Norton AntiVirus4.0 программалары жиі қолданылады.
   Компьютерлерді вирустан сақтау бағытындағы негізгі  шаралар:
1. ЭЕМ-ді жаңа  антивирустық программалармен тұрақты  
          түрде жабдықтап отыру керек. 
2. Ғаламдық желімен жұмыс істегенде міндетті түрде фильтр–программа (күзетші,монитор) болуы тиіс.
3. Басқа компьютерде қолданылған дискеттен  информация оқу алдында оны вирусқа тексеру керек.
4. Архивтелген файл көшіріп алсаңыз,оны қалпына келтірісімен  антивирус арқылы тексеріп шығу қажет.
5. Басқа компьютерде жұмыс істегенде,жылжымалы ілгегін салып мәлімет жазылмайтын ету керек.
6. Өте керек деген мәліметті архивке салып,
    олардың көшірмелерін басқа жерде сақтаған дұрыс.
7. Компьютерді іске қосарда немесе өшіререде дискетті 
    дискқозғағышта қалдырмаңыз,мұндайда жүктелетін  
    вирустар жұғуы мүмкін.
8. Антивирустық тексеру программасын таза операциялық
жүйемен орындау керек,яғни операциялық жүйе дискетте болғаны дұрыс.
9. Интернетке қосылу арқылы вирус жұқпайды,одан 
   кездейсоқ енген вирус жұғуы үшін желіден алынған программа жұмыс істеуі тиіс.
10. Электрондық хатқа программа қосылып келсе,оны     антивирус арқылы тексермей,пайдалануға болмайды.
    Электрондық пошта  арқылы троян программалары жиі
     келеді.
Өз компьютеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету   үшін:                                       
     Компьютеріңізді вирустардың бар-жоғына кем дегенде екі айда бір рет тексеріп отырыңыз.
• Вирусқа қарсы программалық жасақтамаңыздың  деректер қорын кем дегенде  3 айда  бір рет жаңартып отырыңыз.
• Өзіңіз сенімді болмаған кез келген сыртқы тасымалдаушыны вирустар бар-жоғына  тексеріп отырыңыз.
• Өз компьютеріңізде бөтен адамдардың жұмыс істеуіне жол бермеңіз.
• Күмәнді пргораммаларды көшіріп жазбауға тырысыңыз.
• Вирусты өз бетіңізбен жоя алмасаңыз, маманға жүгініңіз.
 
Компьютердің құрылғылары
 
      Компьютер сыртқы ортамен қатысуы үшін, басқа қосымша құрылғылар керек, бұлар – мәліметтерді енгізу мен нәтижелер шығару құрылғылары.
   Енгізу – шығару құрылғылыры. Бұл құрылғылардың көмегімен компьютерге өңделетін  ақпарат енгізіледі, сондай – ақ машинадан оның жұмысының аралық және ақырғы нәтижелері адам түсіне алатын түрде шығарылады.
Енгізу құрылғысына: пернетақта, тышқан, джойстик, өлшеу аспаптары, жарық түсіретін қалам, сканер жатады.
Шығару құрылғысына: принтер, дисплей (экран) мен графиксалғыш            (графопостроитель) жатады.
                                    Монитор
    Дисплей – компьютердің  экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидардан аумайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай  монитор  деп атайды.
      Монитор   түрлі   түсті  немесе монохромды (қара – ақ түсті) болуы мүмкін. Монитордың экрандағы кезкелген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелерден (егер монитор түрлі түсті болса)  немесе сұр нүктелерден әр түрлі реңдерінен (егер монитор монохромды болса) тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды. Тік және көлденең жолда орналасқан пикселдер саны манитордың ажырату қабілетін көрсетеді. 
        Алғашқы түрлі түсті мониторлар 1982 жылы жасалды, оны  CGA – 320 x200  пиксельді монитор деп аталды. Ал 1984 жылы  EGA-640х350 пиксельді монитор шықты.Қазіргі компьютерлер VGA(640х480) немесе    SVGA(800х600 – ден 1248 – 1024-ке дейін) , SX6А (1280х1024) ,  UX6A (1600х1200) мониторлармен жабдықталған.                           
                     Пернетақта(Клавиатура)  
     Пернетақта – компьютерге  ақпарат 
енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне болады. Кейіннен қосылған  3 перне жаңа операциялық жүйенің кейбір мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет.                            
 
Тышқан (Маус)
Қазіргі кезде компьютерлер тағы да бір ақпаратты енгізу құрылғысы – “Тышқан” манипуляторымен  жабдықталған.  Бұдан былай оны тек тышқан (маус) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол – сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап.  Ол алақанға ыңғайлы және кілемше  бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Тышқанның бірнеше түрі болады: үш батырмалы және екі батырмалыоптика. Қазіргі кезде екі батырмалы тышқан жиі пайдаланылады, себебі ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды. 
Тышқан қорабының ішінде резеңкемен қапталған металдар жасалған ауыр шар орналасқан. Шар қораптың сыртына азғана шығып, кілемше бетіне тиіп тұрады. 
Джойстик
Джойстик деген компьютерлік ойындарды экрандағы жылжитын объектілерді басқаруға арналған рычагты  манипулятор. Джойстик қорап пен басқарушы тұтқадан тұрады және тұтқада немесе корпусына орналасқан бір немесе бірнеше батырмалар болады. Тұтқа мен батырмаларды басу арқылы компьютерге басқару әрекеттері беріледі.                             
Баспа құрылғылары
Принтер – ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтерге ақпараттың кескінін қалауымыз бойынша ақ – қара немесе түрлі түсті шығаруға болады. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты принтерлер бар. 
       Олардың ішіндегі басып шығару сапасы және конструкция бойынша ең қарапайым матрицалық принтер болып табылады. Жұмыс кезінде принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелер шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетінде із қалады. Сия бүріккіш принтердің матицалық принтерден айырмашылығы – тек  басу бастиегінің құрылымында ғана. Лазерлік  принтерлердің алдынғы екеуіне қарағанда, басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электр өрісінің  әсерімен арнайы қағазға термобалқу технологиясы негізінде жасалады. 
 
Сыртқы жад
Егер компьютердің тек жедел жады ғана болса, онда бірде – бір компьютер ойдағыдай жұмыс істей алмас еді. Себебі онда сақталатын ақпарат көлемі өте аз болады, оған қоса, компьютерді өшіргенде, ондағы ақпарат толығымен жоғалады. Сондықтан компьютердің өшірілген кезде де жазылған ақпаратты сақтайтын басқа жады болу керек. Сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде негізгі ақпатар тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған. 
Компакт – дискілер
Компакт – дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Онын сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт – дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға , қайта жазуға болады.
Лазерлік дискінің де екі жақты беті болады. Оның бір бетіне жазулар мен суреттер салынған – бұл жұмыс істемейтін беті. Екінші беті таза және жылтыр – бұл жұмыс беті, егер  оған сызық түссе, дискі жарамай қалады. 
 Флэшка – жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады.   Оларға  32 Мбайт – 8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB – партқа қосады, секундына 1 – 10  Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазады.
Сканер
Сканер – қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады. Кескін сканерленгеннен кейін, оларды графикалық программаларда өңдеуге (үлкейтуге, кішірейтуге, қайта бояуға т.б) болады.
Сканер кескінді машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол – жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электорндық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара – ақ  түсті  немесе түрлі түсті болады. Олардың планшеттері, барабанды, оптикалық түрлері бар.
Жүктеп алу
78 рет жүктелген
1.61 MB файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Нәзір Төреқұлов
Рефераттар
Халық валюта
Рефераттар
Жапырақ
Рефераттар
Франция мемлекеті