Отбасы - шағын мемлекет

Рефераттар
859

ЖОСПАР

Кіріспе
1. Отбасы - шағын мемлекет.
2. Шіркін, қазақтың келіндері-ай!
3. Ер адамның отбасындағы рөлі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөз бар. Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің қақ төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз. 
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. 
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. 
          Ата-асқар тау, 
Ана – бауырдағы бұлақ, 
Бала жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.

1. Отбасы - шағын мемлекет.

Отбасы - шағын мемлекет. Сондықтан одан берілетін тәрбие мен әдет-ғұрып, дәстүрдің сақталуы ерекше мәнге ие. Алайда, жанұяда қалыпты тәрбие беруді айтпағанның өзінде түрлі жағдаймен шаңырақ шайқалып, бала тағдырына өз деңгейінде көңіл бөлінбей жататындығы жасырын емес. Кезінде ата-бабамыз ерекше қастерленген отбасылық құндылық мәселесі неге төмендеп кетті? Біз бүгінде оған қаншалықты мән берудеміз?
        Оған себеп, балаға өз дәрежесінде көңіл бөлмеуіміз. Ата-ана күнделікті нан табу қамымен ғана жүргенде отбасы тәрбиесі ақсай береді. Одан осындай шиеленісті жағдай туындайды. Өйткені, отбасылық құндылық деген мәселе төмендеп барады.
Ұстаздар мен ата-аналар қауымына, билік өкілдеріне, өсіп келе жатқан ұрпаққа рухани адамгершілік, отаншылдық тәрбие беруге мүдделі барлық азаматтарға «Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз бекер айтылмаған. Сол айтқандай, тәуелсіз Қазақстан болашағының іргетасы әрбір үйде қаланады, еліміздің экономикалық әулеті әрбір отбасының бақуаттылығынан бастау алады. Дені сау, толыққанды, бақуатты отбасы – қоғамымыз бен мемлекетіміздің берік тірегі.
Отан шын мәнінде отбасынан басталады. Отбасында адамдардың өмірге көзқарастары қалыптасып, олардың болашаққа деген арман, үміттері оянады, жан дүниесі халқымыздың рухани мұрасынан сусындайды.
Біз бүгінде алпысқа келгеннен ақыл сұрап, қарияларын айрықша қадір тұтқан, әкелерін асқар тауға, аналарын шаңырақтың алтын арқауына теңеген отбасылық құндылықтарымызға қайта оралуға тиіспіз. Жетімін жұбатып, қиналғанда қол ұшын беріп, сүрінгенді демеген халықтық салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуымыз керек.
Тәрбие талбесіктен басталады. Ана әлдиін тыңдап өскен жас сәби ана тілін ешқашан жатсынбайды, бабаларымыздың мәдени мұрасын – сарқылмас рухани байлығын бойына сіңіре білген жас ұрпақ қашанда болашақ ел мүддесі үшін аянбай еңбек етпек.
Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуде де отбасы үлкен рөл атқарады. Бүгінгі жас ұрпақ кең байтақ жерімізді сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған, «Малым – жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы» деп намысын бәрінен жоғары қойған ата-бабаларымыздың қаһармандық, отаншылдық дәстүрлерін жалғастыруы тиіс.
     Қоғамымыз бүгінде белсенді өмірлік позиция ұстанатын білімді де іскер, еліміздің лайықты экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз етуге қабілетті ұрпақ өсіретін отбасына мүдделі. Нақ осындай отбасы ғана азаматтық қоғамды қалыптастырудың қуатты факторы болып табылады.
     Тек ұлтаралық, дінаралық келісімнің негізінде, қоғамның барлық салауатты күштерін біріктіре отырып қана әрбір отбасының гүлденуіне қол жеткізуге болады. Бұл орайда отбасы мен адамға деген сүйіспеншілік пен құрмет сенімін қалыптастырудағы шынайы серіктестіктер болып табылады. 
Келешек ұрпақтың, жалпы еліміздің қарқынды дамуы үшін қажетті жағдай жасауда отбасы мен қоғамның күш-жігерін біріктірейік. Осы негізде Қазақстанның ерікті, күшті.
Отбасы — шағын мемлекет. ол шағын мемлекеттің ішкі саясатын дұрыс жүргізе алмаған жан кімге тұлға, кімге дәрі, кімге шікәрә?
Әрбір отбасы - шағын мемлекет. Онда ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат тәрбиеленеді. Осыны ұмытпау керек. Бала ата-әженің, әке мен шешенің тәлімін көріп бой түзейді. Жақсылықты да, жамандықты да отбасынан алады. Олар барлығын көзбен ұғады. Сондықтан ата-аналардың ісі мен сөзінде сәйкестік болуы шарт. Отбасы үйлесімділігі тағылымды тәрбиеде деп түсінемін.
Оған әлемнiң ғұлама ойшылы Конфуцийдiң: «Отбасы – шағын мемлекет», – деген ғибратты сөзi себеп болса, екiншiден отбасы босағасының берiк, шаңырағының биiк болуы ондағы жанұя мүшелерiнiң тату-тәттi өмiр сүрiп, халық санының көбеюiне, қоғам байлығының еселеп артуына тигiзетiн ықпалы зор болатыны әр бiр саналы азаматтың жадында ұстайтын қағидасы болуы шарт.
«Отбасы – шағын мемлекет» демекші елдігіміздің негізі қаланып, ұрпағымыздың дүние танымы қалыптасатын отбасында желкілдеп өсіп келе жатқан балаларымыздың бойына адамгершілік пен имандылық рухын егуге баршамыз мүдделі болсақ болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел болатыны сөзсіз.

2.Шіркін, қазақтың келіндері-ай!

Бәріміз келіннің «аяғымен» дүниеге ендік. Сонда келін деген кім? Келін деген келген кісі. Қа¬зақ солай бола тұра келінді қонақ де¬мей¬ді. Керісінше, қыз баланы қонақ деу дәстүрі қалыשּׁтасқан. Келін қонақ емес, ол отбасы¬ңыз¬ға енген бақ, береке. Келін дүниеге ұрпақ әкелуші, демек, ол отбасының ырысы мен өрісі. Бұл деген керемет мағына. «Қыз өссе елдің көркі», деген мәтел  осындай мәнге орай ай¬тылса керек. Келін тастай батып, судай сіңу ниетінде бөгде үйдің есігін аш¬қалы отыр, онысы ерлік…
 «Келін» дегенде көз алдыңа жүзінен нұры төг¬іл¬ген, ізетті де инабатты, өн бойынан кішілік пен мейірімділік есіп тұратын, талшыбықтай ма¬йыс¬қан сүйкімді жан елестейді. Ежелден, сонау ықы¬лым заманнан жаңа табалдырықты имене аттаған сәтінен-ақ жас келін сол отбасы мүшелері¬нің жү-рек¬теріне шырақ жағып, өмір¬лерінің көкжиегін ке¬ңей¬тетін-ді. Қиялдарына қанат бітіріп, үйдің қуыс-қуысының бәрін қуанышқа толты¬ра¬ды. «Жаңа түскен келіннің аяғымен» осылай әр шаңы¬рақ¬қа құт-береке енетін еді. Байқап қарасаң, қазір де солай. 
Түз адамы деп есептелетін ерлердің ісі – ел, ауыл-үй, шаруашылық қамы болса, үй адамы – әйел затының міндеті – сырттай қарағанда «от басы, ошақ қасы» секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы-кәсібімен айналысып, бала-шағаны бағып-қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке-бірлігіне ұйытқы болу сияқты негізінен үйелменнің құт-берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы да осы үйдегі ақ жаулықты анамен тығыз байланысты болатыны ұлтымызға тән құндылық деуге болады
Той өткен күннің ертеңінде-ақ, жаңа түскен жас келін бозала таңмен таласып тұрып, алдымен қазақта «үлкен үй», «қара шаңырақ» деп аталатын әке үйінің түнді¬гінің бауына ақтық байлап ашады. Одан кейін жасы үлкен қайын ағаларының, ең соңында өз үйінің түндігін ашқан соң, отауында от жағып, түтін түтетуі үшін «үлкен үйден» «от алуға» барады. Қазақтың «отбасы», «отау» (от алу сөзінен шыққан) ұғым¬дары ежелгі отқа табынуға байланысты ту¬ындаған салтқа негізделе қалыптасқан атау екендігі анық. Осы орайда, тұяқ-тұ¬қымы қалып, ұрпағы жалғасқанын білдіретін «отын жағып, түтінін түтететін артында ұр¬пағы бар» деген сияқты тағы басқа көп¬теген мәтел сөздер «от жағып, қазан кө¬терген» жеке үй, отбасын құрғандығын біл¬діретін наным-сенімдік ұғымдардан бастау алатындығын атай кету керек. Осындай үл¬кен де, жауапты міндеттер мойнына жүк¬тел¬ген қазақ келіні ерте тұрып, кеш жатып, күн ұзаққа бір тынбай көп істі еңбек¬қор¬лықпен бітіреді.
«Келін ененің топырағынан жаралады» дейді халық. Жас келін әулет үшін жасалатын қасиетті де, киелі міндетін мүлтіксіз ат¬қарып, болашақта еңбекқор, ізетті, ақ¬жар¬қын, көпшіл ана болуына әжелер мен енелердің өмірлік тәжірибесі, келінге берер ақыл-кеңесі маңызды. Парасатты әжелердің: «Келініңді қыздай көр, қызың келін болмас па?» деуі өзара сыйластыққа ұмтылуды мең¬зеген, астары тым тереңде жатқан сөз болса керек. Сондықтан, жас келінді о бас¬тан шаруашылық, үй шаруасын жүргізу мен меңгерудің жаңа ортадағы үлгісіне бейімдеп, оң мен солын тез тануына жәр¬демдесуі керек. Осы өтпелі кезеңге аса мән берген аталар «қатынды бастан» (тәрбиеле) деген өсиет қалдыруы тегін емес.
Сөйтіп, бұрынғы ерке қыз, бұла бойжет¬кеннің, ендігі келіннің әлеуметтік мәртебесі (статусы) өзгеруіне байланысты, оның іс-қимылына, мінез-құлықтарына түрлі шектеулер салынып, ырым-тыйымдарға бой ұсынуына тура келеді. Мәселен, күйеуінен басқа бөгде адамдарға «әурет» (ғаурат-араб сөзі) саналатын қолының ұшымен бетінен басқа денесін жалаңаш көрсетпеу, жалаң бас, жалаң аяқ жүрмеу, ерлердің жолын ке¬сіп өтпеу, үлкендер отырған үйге кірмеу, үлкендердің әңгімесіне араласпау, оларға шай құйғанда бір тізерлеп қырын отыру, қазан аяғын сылдырлатпау, үлкен адам кө¬зінше дауыс көтеріп сөйлемеу, балаларға қатқыл сөйлемеу, шаңқылдап ұрыспау, үлкен үйдің төріне шықпау, ата-енесінің, қайын ағаларының, қайныларының төсегіне отырмау, жер таянып отырып ас ішпеу, киімін желбегей жамылмау т.с.с. Осы атал¬ған және осы тектес келінге байланысты ырым-тыйымдар мен әдет-ғұрыптардың тәр¬биелік мәнінен тыс олардың түпкі мәні – ендігі кезекте дүниеге ұрпақ әкелуші, болашақ ана денсаулығына, яғни болашақ ұрпақтың имандылығы мен саулығына деген қамқорлықта жатқаны даусыз. Патриар-халдық-рулық негізге құрылған қазақ қо¬ғамында баланың денесі әкеден (рудың ішіндегі ұсақ тармақтарды қазақ «сүйек» деп атаған), қаны шешеден деп танитын үрдіс қалыптасқаны мәлім. Бұны «сүйек әкеден, ет анадан» деп те айтады. Сондықтан, жатырдағы ұрық-ұрпаққа ананың асыл мінез-құлқы, тектілігі қанмен берілетіндік¬тен келін болсын, жалпы әйел затына қарасты ырым-тыйымдардың көп болып келу себебі ұлттың асқақ болашағына деген арман-мұраттан туындайды. «Ел боламын десең бесігіңді түзе!» деген ұранда осы ниеттен туған.
Қалыптасқан дәстүр бойынша келін бала алдымен түскен жерінің үлкен-кішісі, ерлер мен әйелдеріне өзінше ат қоя білуі тиіс. Ол қазақта «ат тергеу» деп аталады. Ат тергеу – жас келіннің түскен жеріне, күйеуі¬нің туыстарына деген ізгі құрметінің, әдебі¬нің игі көріністерінің бірі ғана болып, оларды өз атымен тікелей атамай, арнайы ишаралап ат қоюы. Келін тарапынан осы ат тергеу барысында оның тапқырлығы, теңеу сөздерге шешендігі, жарасымды әзілқойлы¬ғы да сынға түсетін болған. Жас мөлшері, мінезі, келбеті мен ерекше белгі, қасиетіне, туыстық қатынасы мен мәртебесіне қарай қисыны табылып, ұтымды қойылған әрбір аттан келіннің тапқырлығы мен ақылдылығы айналасына танылады. Дүниеден әлдеқашан озған аталардың да атын атамай, жанама сөздер қолданады. Мәселен, бір атаның аты Түсіпхан немесе Түсіпақын т.б. болса, түс, түсу, түсіп қалды, түсіріп алды деген сияқты т.б. етістікті тергеп, оның орнына «домалау» сияқты сөздерді қолданады. Сондай-ақ, Балта есімді адам атын сол ауылдың келіндері «балта» деген еңбек құралын айтар кезде, ауызға алмай, «аспап» деп тергеумен келеді. Ал, қайын ата, қайын ағаларына – саятшы болса «бүркітші ата, бүркітші», діндар адам болса «молда ата, аға», жақсы киінетін, сымбатты адам болса «сері ата, аға», жасына қарай «кіші ата, кіші аға» деген сияқты т.б. ат қойса, қайындарына қалжыңға негіздел¬ген, күлкілі аттар да қояды. Мысалы, тапалды «сұңғақ бойлы», жалқауды «пысық қай¬ным» деген сияқты.
Бұрындары өз күйеуін «біздің үйдің кісісі», «отағасы», «үлкен кісі» деп атайтын салт бірлі-жарым жағдайда әлі күнге дейін ұшырасады.
Осының барлығы келін мен қайын жұрт арасындағы өзара сыйластық пен береке-бірлікке қызмет ететін халықтық әдет-ғұрып нормаларының айқын көріністері болып табылады.
Ендігі кезекте енесі келіннің тезірек құрсақты болып, өздері немере сүюге асығады. Осы ретте қазақ дәстүрінде мықты ұстанатын бір салт бар. Ол келін ұл тапсын деген ырыммен әркез сыбағаланып, ұсы¬нылатын қойдың ұлтабары (сычуг). Ол өмір¬ге көп ұрпақ әкеліп, қазақта басты байлық саналатын баласы, әсіресе ұлы көп болсын дегенді ырымдаған, тұспалдаған салт. Келін өз денсаулығымен бірге, өмірге дені сау бала әкелу үшін аяғы ауыр келін қоршаған орта, табиғат, ауа-райы құбылыс¬тарына аса мән беріп, көп нәрседен сақ¬танып жүруі керек болады. Мәселен, бал¬аның беті шұбар болады деп күнге қы第ды¬рылмайды, баланың тілі шықпай, кешігеді деп, балық жеуге, толғағы қатты әрі, тоғыз айдан артық көтереді деп, түйенің етін жеуге тыйым салынады. Күтпеген кедергі, түсік тастау немесе ай-күнінен бұ¬рын босанып қалудан сақтық ретінде, қо¬лай¬сыз жайттар болмауы үшін өсіп-өну рәмізіне баланатын жеті қазынаның асылы саналатын итке «кет» деп айтуға болмайды. Қолөнермен шұғылданған кезде баланың кіндігі мойнына оралып қалады деп арқан есу, ұршық иіру, кесте тігуден сақтандырады. Қап, теңнің аузын буып, жапқызбайды, керісінше келінге ашқызып, басқалары жабады. Түсік алдын-ала болмас үшін енесі келіннің етегін бүріп қояды. Мұның сыртында дұрыс, құнарлы тамақтануы керек екені, әрине, белгілі жайт. Кейін, аман-есен босанған соң баласын үлкендердің жанында емізуге тура келсе, бір қырындай отырып төсін жасыруы тиіс. Үлкендер отырған дастарқанда ең төменде отыратын жас келін, сусын, шай ұсынғанда қос қолдап, немесе сол қолымен кесе, тостаған ұстаған оң қолының білек тұсын сол қолымен демей ұстап, инабатпен ұсыну керек. Үлкендерге тура қарамай назарын төмен салып отыруы, сусын ішкенде, тамақ жегенде бір қырындай отырып, аузын бір қолымен көлегейлеп, ас шайнап отыруы керек деген сияқты өзін ибалы ұстай білуге, адамдармен қарым-қатынаста сақ, абай болуға үйрететін тәр¬биелік мәнді көптеген т.б. ырым-тыйымдар бар.
Келіннің жаңа ортадағы әрмен қарайғы әлеуметтік мәртебесін белгілейтін бірнеше шарттар атқарылады. Олар – сәукеледен кейінгі – «желек жамылу», одан кейінгі «кимешек кию». Мәселен, келін болып түскен¬нен кейін, сәукелесін сандыққа орап сақтап қойған келін, бір жылдай уақыт бойы, яғни балалы болғанға дейін «желек» жамылып жүреді. Желек – күрең өңді жеңіл матадан тігілген, бас киімнің шетін ала, шекені, маң¬дайды жаба келіп, бет қана ашық қал¬дырылатын, төгіле, денені орай жауып тұ¬ратындай етіп мол қамтылған, ұзындығы тізеден аса келетін ғұрыптық киім түрі. Бел¬гіленген мерзім болған кезде мал сойып, ауыл кемпірлерін, абысын-ажындарын шақырып, арнайы атай отырып, келіннің «желегін алып», «кимешек кигізеді». Бұл — келіннің осы әулеттің толық мүшелігіне өтіп, ана, адал жар, үй иесі деген атаққа ие болғандығын айғақ¬тайтын жас, әлеуметтік инициацияны белгілеген ғұрып болып табылады. Жас келін түрлі-түсті, зер жіппен кестеленген, моншақпен, танамен әшекей¬ленген кимешек кисе, жасы ұлғая келе ол әшекейлері азайған, реңкі біркелкі кимешек киетін болады. Осы орайда ерекше айта кетер жайт, егер балалы болып үлгермей, келін өмірден қайтқан жағдайда, ежелгі қазақ тәртібі бойынша кезінде төленген жасаудағы жылқы, түйелермен бірге қалың¬дықтың ұзатыл¬ғанда киген сәукелесін де қоса қайтаратын болған. Егер бала туып, ұрпақ қалдырса, жасау да, мал да, сәукеле де қайтарылмай, күйеуінің меншігі болып қала береді. Сондай-ақ, отбасылық кикіл¬жің¬дерден туындап, ажырасу мәселесі қоз¬ғалып, әділ сотқа жүгінудің нәтижесінде, әйел заңды ажырасуға қол жеткізген жағ¬дайында, жасау малымен бірге, күйеуі сәу¬келені де қайтаруы тиіс. Өйткені, сәукеле өсіп-өну символикасы міндетін атқаратын, қымбат тас, қымбат аң терілерімен сәнделіп тігілген ғұрыптық бас киім екені белгілі. Сәукеле аса бағалы зат, мәселен көптеген деректерде белгілі болғандай әшекейлі сәу¬келенің құны жүз жылқыға бағаланатын.
Осылайша, өмір өткелдерінен өтіп, көп тәжірибе жинақтап, немере-шөбере сүйген аналар ауыл-аймаққа беделді болып, ер адамдар ауылда жоқта іс басқарып, мал сойғызып, қонақ күтіп, түсел түсіріп аттандыратын жайт қалыпты рәсімге айналады.
Ендеше, әрбір салттың, әдет-ғұрыптың, ырым-тыйымдар жүйесінің негізгі міндет¬тері сайып келгенде қоғам, қауым мүшеле¬рінің жұмылып, біріге түсуіне қызмет ете¬тіндігін баса айту керек. Ежелгі Томирис, Зарина, кейінгі Кербез ана, Бөрте, бертінгі Домалақ ене, Бопай ханымдардың атқа мініп қол бастап, аттан түсіп ел бастауы да – алаштың асыл салтын ардақ тұтуынан еді.

3. Ер адамның отбасындағы рөлі

Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің.
Халық мақалы

Бабам қазақ бала тәрбиесіне қашан да бей-жай қарамаған. Баланы ертеңгі ел қорғайтын ер, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кеңдікке тәрбиелейтін болған. Бір ғана «баланы жастан» деген сөздің астарынан қазақтың бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлгенін аңғаруға болады. Баласы есейіп 14-15 жасқа келгенде атқа мінгізіп алыстағы аузы дуалы ақсақал қарттарға сәлем беріп кел деп жіберетін болған, ондағы мақсат: көпті көрген көне көз қазыналы қарттардан тарихта болған жайларды, бабалар ерлігін тыңдап, кең байтақ жерімізді батыр бабаларымыз ерлікпен қорғағанын, дарқан даламыздың бүгінгі және кейінгі ұрпаққа аманат екенін саналы түрде санасына сіңіріп отырған. Міне, бұл ер тәрбиесі.
Әке – ұрпақ  иесі, панасы, айбары, үй басшысы және асыраушысы және тәрбиешісі. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Ол тек бір отбасы ғана емес, ауыл, ру қамқоршысы, үлкен-кішіге бірдей азамат, ел ағасы ретінде көрінеді.
Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын – әке. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болып жатады.
Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін «үлкен үй», «қара шаңырақ» деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Әке тәрбиесі арқылы, ұл мен қыз балалардың өздеріне тән мінез-құлықтарын ерекше сергектікпен қалыптастыратындығы да анық. Әсіресе,  ұл бала үйдегі де, сырттағы да ер адамға қажет тағылымдарды, көбінесе әкесінен үйренуге ұмтылады. Сондықтан да, әке тәрбиесі дұрыс та, мейірімді болу керек. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», – деп бекер айтпаса керек.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», – деп мадақтайды. Отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр.
«Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі» дей отырып, баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қалдыру, балаларды жақсы көріп, оларға көңіл бөлу, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру – бұлар әкенің басты міндеттерінің бірі. 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Қазақтың әдет-ғүрып нормаларының материалдары. Алматы. 1996 ж.

2. История государства и права Казахской ССР. Часть I.

3. Арғьтбаев Қ. Қазақ отбасы. Алматы. 1996 ж.

4. Материалы по обычному праву казахов. Алматы. 1998 г.

Жүктеп алу
626 рет жүктелген
181.29 кб файл салмағы