Отын өнеркәсібі

Рефераттар
143
Мазмұны
Кіріспе
1 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ АРҚАУЫ – ОТЫН ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕН
1.1 Отын өнеркәсібі: құрамы, таралу және тұтыну географиясының әркелкілігі
1.2 Дүние жүзінің электр энергетикасы: түрлері және қалыптасуының географиялық ерекшеліктері
1.3 Қазіргі энергетикадағы отын нарығы, энергияның тасмалдануы және даму болашағы
Қорытынды   
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар 
 
К І Р І С П Е
Қазақстанның келешегін айқындайтын қабылданған ұзақ мерзімді бағдарламалар мен стратегиялық жоспарлардың ең айшықтысы «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы жеті басымдылықтың бірі - «Энергетикалық қорлар» деп атап көрсетілген.
Қазіргі таңдағы егеменді Қазақстан үшін мемлекеттік маңызды міндеттердің бірі - қоршаған ортаны қорғау, биосфера ресурстарын тиімді пайдалану, яғни еліміздің экологиялық және энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ғылыми-техникалық прогресс, қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық өзгерістер табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына, қауіпті жағдайлардың пайда болуына әкеліп соқтыруда. Біздің ел үшін өзекті мәселелердің бірі - әлемдік энергетиканы дамытудың жетекші бағыты қуаттың жаңа, әрі қайтарымды жаңғыртылатын көздері болып отыр, олар: күн, жел, биомасса, су және геотермальды энергетикалық қуаттары.  3-4 мамырда 2011 жылы Астана қаласында өткен IV-Астаналық экономикалық форумда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың “Ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы” жайлы ұсынысы талқыланып, сарапқа салынды. Осы форумда ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұлов өз баяндамасында «2011-2013 жж. баламалы энергия көздерін пайдаланудың ғылыми зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарын жүргізетін энергетикалық сектор» жөнінде бағдарлама дайындалғанын  атап өтті 
 
1  ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКАНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ АРҚАУЫ –ОТЫН ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕН
1.1 Отын өнеркәсібі: құрамы, таралу және тұтыну географиясының әркелкілігі
 
       Отын-энергетика кешені (ОЭК) - өнеркәсіптің басқа салаларының дамуын және жалпы алғанда әлем мемлекеттері экономикасының даму деңгейін анықтайтын, өнеркәсіптің «базалық» деп аталатын салаларына жатады. Бұл басқа салаларды қуат ресурстарымен жабдықтайтын салалардың жиынтығы. Энергетикаға барлық отын салалары мен, отын және электр қуатын алудың көздерін барлауды, игеруді, өндіруді, өңдеуді және тасымалдауды, сондай-ақ электр қуатын тұтынушыға беруді қоса отырып, электр энергетикасы жатады.Отын –энергетика кешенің құрлымы 3- ке бөлінеді.( 1- Сызба)
                                                                                               Сызба № 1
Отын-энергетикалық кешенінің (ОЭК) құрылым
      Отын-энергетикалық кешен
 
Отын өнеркәсібі Электр энергетикасы Мұнай және газ құбырлары,электр қуатын жеткізу
    
       Бастапқы энергетикалық ресурстар – бұл мұнай, табиғи газ, тас және қоңыр көмір, жанғыш сланецтер, шымтезек, ағаш, ауыл шаруашылық өндірісінің қалдықтары, күннің, желдің қуаты, мұхиттық және геотермальды қуат, сонымен қатар гидроқуат және атомдық ыдырау мен ядролық синтездеу қуаты.
      Бастапқы энергетикалық ресурстардың жылу түзгіш қасиеті (немесе органикалық отынның алуан түрлерінің жылу құндылығы) әртүрлі. Мысалға, 1 кг қатты «шартты отынның» (іс жүзінде 1 кг тас көмірдің) жану жылулығы 29,3 МДж (немесе 7000 ккал/кг) тең, ал бұл кезде жылулық коэффициенті 1,0-ге тең. Мұнай мен газдың тиісті көлемінің жану жылулығы жоғарырақ (жылулық коэффициенті – 1,5), отынның басқа түрлері (қоңыр көмірдің, шымның, ағаштың, жанғыш сланецтердің) жану жылулығы – төменірек. Алайда 1 кг уран отынын жаққан кезде 3 мың тонна көмір жанған кезде алынатын қуатқа эквивалентті қуат бөлініп шығады.
     Әлемдік шаруашылықта отын ресурстарын шығару көлемдерінің өзгеруі, басқаларына қарағанда, қуаттың бір көздерінің қымбаттай түсуі, оларды тасымалдау құралдарын жетілдіру, қуатты түрлендіру мен беру жүйелерінің дамуы әлем елдерінің дамуына, экономикасының құрылымына және бүкіл шаруашылық дамуына елеулі әсерін тигізеді.[1]
      Қуат тұтынудың жалпы өсуі сөзсіз жүріп отырады. Дамушы елдер әлемдік шаруашылықта бұрынғысынша негізінен алғанда қуатты жеткізушілер, ал дамыған елдер – тұтынушылар ретінде болып отыр. Дамып келе жатқан елдердің қуат тұтынудағы үлесі артып келе жатса да, ХХ ғасырдың бірінші жартысында бүкіл әлемде қуатты қосынды тұтыну әрбір 18-20 жыл сайын екі еселеніп отырды, ал жүзжылдықтың екінші жартысында қуатты тұтынудың өсу қарқындары жеделдей түсті (шамамен алғанда жылына 5%-ға дейін). Қуат тасымалдаушыларды халықаралық саудалау артып келеді.
       Отын-энергетика кешенің құрылымы. Ғылыми-техникалық революция қуаттың негізгі түрлерін өндіру мен тұтынудың құрылымындағы түпкілікті өзгерістерге алып келді. Мұнай мен мұнай өнімдерін тұтынудың елеулі өсуі бірінші кезекте автомобиль көлігі мен авиацияның қауырт дамуымен және теміржол мен теңіз көлігінің сұйық отанға көшуімен байланысты болды. Мұнай өнімдері өнеркәсіпте, сондай-ақ тұрмыста отын мен шикізат ретінде күн өткен сайын кең көлемде қолданыла бастады (қосымшадағы 3-кесте).
Соңғы жылдары жер қойнауларының жуырдағы онжылдықтардағы экологиялылақ таза және болашағы зор қуат көзі ретінде газ отыны күн өткен сайын берік позицияларды алып келеді. Отын-энергетика балансының құрылымында біртіндеп атом және гидроэнергияның үлесі, сондай-ақ қуаттың баламалы көздерінің (биоотын және биоқалдықтар, геотермальды, күн, жел қуаты, судың көтерілуі мен қайтуының қуаты және т.с.) үлес салмағы артып келеді. 
      Дүниежүзінің көмір өнеркәсіб. Көмір адамға баяғыдан таныс және қолданылып келеді, алайда бүгінгі күні де ол өзінің аса маңызды қуат таратқыш ретіндегі маңызын жоғалтқан жоқ. Бүгінгі таңда көмірдің есебінен әлемдік жылу және электр қуатының 23%-ы өндіріледі. Онымен де қоймай, көмірдің рөлі жуырдағы жылдары тіптен арта түсуі мүмкін – бұл басқа аса маңызды қуат таратқыштардың – мұнай мен газдың қымбаттауымен және тиісінше, тартымдылықтарының төмендеуімен байланысты.
Көмір өнеркәсібі әрқашан да отын өнеркәсібінің капиталды және еңбекті ең көп қажет ететін салаларының бірі болды. Отынға деген арта түскен қажеттілік әлемнің көптеген елдерінде (оның ішінде көптеген дамып келе жатқан елдерде) көмір өнеркәсібін құруға және көмір шығарудың жалпы көлемінің артуына себепкер болды. Қара металлургия мен химия өнеркәсібі үшін отын ретіндегі және шикізат ретіндегі көмірдің (тас көмірдің де, қоңыр көмірдің де) маңызы зор. 
       Көмір өнеркәсібіндегі техникалық прогрестің негізгі бағыттары шығаруға арналған жаңа және жетіле түскен жабдықты, тау-кен технологиясының жаңа жүйелерін және негізгі мен қосалқы процестерді кешенді механикаландыру құралдарын пайдаланумен байланысты. Көмір шығарудың ашық тәсілінің техникасы мен технологиясындағы прогресс себепкер болған, көмірді ашық тәсілмен өндірудің (шахталық шығарумен салыстырғанда) ең жақсы техникалық-экономикалық көрсеткіштері дәл осы тәсілдің одан арғы басым дамуын күн ілгері анықтап отыр. Механикаландыруға орай өндіріс тиімділігі арта түсуде және шахтерлер жұмысының жағдайлары жақсаруда.
      Бүкіл әлемдік көмір өнеркәсібінің дамуына ХХ ғасырдың екінші жартысында мұнай өнеркәсібінің дамуы (әсіресе, дамып келе жатқан елдерде мұнай шығару) пәрменді әсер берді. Отын өнеркәсібінде индустриалдық елдердің (бірінші кезекте Батыс Еуропа елдерінің, сондай-ақ Жапонияның) шаруашылығының арзан импорт мұнайға қайта бағдар алуы болды. Бұрынырақта көмір шығару бойынша жетекші болған елдердің көпшілігінде (Ұлыбританияда, Францияда, Герман Федеративтік Республикасында, Жапонияда) ол жылдам төмендей бастады. Дәл сол уақытта әлемнің басқа елдері (ҚХР, АҚШ, КСРО, Үндістан, ОАР, Аустралия, Польша) көмір шығару артуын жалғастыра берді.
       Бірақ мұнайға деген бағаның өсуімен ілесе жүрген, 1970-1980 жылдардыңі мұнай дағдарыстары көмір шығару мен оны пайдаланудың өсуін қайтадан ынталандыра түсті. Бұл тек тас көмірге ғана емес, қоңыр көмірге де қатысты болды, бұл оны шығарудың өсуіне және көмірдің энергетикалық сорттарын (олардың төмен сапасына қарамастан) экспорттаудың артуына алып келді.
       Көмірдің қорлары және өндірілуі. Әлемдік энергетикалық кеңестің мәліметтеріне сәйкес, бүкіл әлемдегі көмірдің жалпы қосынды (немесе ақырғы  шығарылатын) қорлары шамамен алғанда 5 трлн тонна шартты отыр болып анықталған (52%-ы тас көмірге, 48%-ы – қоңыр көмірге келеді), ал техникалық-экономикалық тұрғыдан дәлелденген, шығарылатын (немесе расталған) қорлары 1 трлн тоннаға жуық құрайды. Олар 88 елдің жер қойнауында барланған. Бұл кезде тек 6 елдің жер қойнауында ғана көмірдің әлемдік қорларының үштен екі бөлігіне жуығы шоғырланған.
     Көмірдің барлық түрлерінің ең маңызды, елеулі қорлары Солтүстік Америкада (30%-ға жуық), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде (25%) және Азияда (25%-ға жуық) шоғырланған. Елдер арасында көмірдің барлық түрлерінің аса ірі қорларына Америка Құрама Штаттары (27%), Ресей (17%),  Қытай (13%),  Үндістан (10%), Австралия (8%-дан астам), ОАР (5%-дан аса) ие. 
     Әлемнің аса ірі көмір бассейндері болып (көмірдің жалпы қорлары бойынша) Тунгус, Лена, Канск-Ачинск (қоңыр көмір), Кузнецк, Печора – Ресейде, Рур – Германия Федеративтік Республикасында, Аппалач және Батыс – Америка Құрама Штаттарында, Украинада Донецк, Қазақстанда Екібастұз бассейндері табылады. Бұл ретте Тунгус және Лена бассейндері перспективалы болып саналадаы (осы кен орындарынан кен шығару қазіргі уақытта іс жүзінде жүзеге асырылмай отыр).
      Дүниежүзінің қазіргі көмір шығару өнеркәсібінде көшбасшы орынға Азия аймағы шықты (50%-ға жуық). Ал көмірдің барлық түрлерін шығару бойынша көшбасшы елдер болып (тас және қоңыр көмірлер бірге): Қытай (2380 млн тонна, бұл әлемдік көмір шығарудың 40%-ына сәйкес келеді,   2006 ж.), Америка Құрама Штаттары (1054 млн тонна, 20%-ға жуық), Үндістан (447 млн тонна, 7%-ға жуық), Австралия (374 млн тонна, 7%-ға жуық), 7%-ға жуық), Ресей (309 млн тоннаға жуық, 5%-ға жуық), ОАР, Германия Федеративтік республикасы, Польша, Индонезия, Қазақстан табылады.
      Көмірлердің сапалық құрамы, жекелей алғанда, қорлардағы тас көмірдің үлесі елеулі маңызға ие. Әлем елдерінің арасында отынның осы түрінің ең маңызды қорларына Америка Құрама Штаттары, Үндістан, Қытай, Ресей, Аустралия, Қазақстан ие. Тас көмірдің жыл сайынғы әлемдік шығарылуы – 5 млрд тоннаға жуық. Аймақтардың аумақтық пропорцияларындағы ең елеулі және маңызды өзгерістер көмір шығаруда ХХ ғасырдың екінші жартысында болды. Мысалға, тас көмір шығару Батыс Еуропа елдерінде өте күрт қысқарып кетті. Бір мезгілде Батыс Еуропаға және Жапонияға көмір экспорттауға бет бұрған елдерде (ОАР, Австралия) көмір шығару арта түсті. Шығыс Еуропа елдерінен бастапқыда КСРО мен Польшада тас көмір шығарудың өте жоғары көрсеткіштері байқалды. Бірақ 90 жылдары осы аймақтың елдерінде, әсіресе, олар бұрынғысынша көш басындағы ондықта тұрғанымен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы республикаларында көмір өнеркәсібіндегі қатты құлдырау байқалды (қосымшадағы 6-кестені қараңыз).
      Кокстелетін көмір шығаратын негізгі елдер болып Қытай, Австралия, Ресей, Америка Құрама Штаттары және Канада табылады.
      Қоңыр көмірдің барланған қорларының және оны шығару көлемдерінің көп бөлігі дамыған елдерге келеді. Қорларының өлшемдерімен Америка Құрама Штаттары, Ресей, Үндістан, Қытай, Аустралия, Украина, Бразилия, Германия Федеративтік Республикасы, Түркия көзге түсуде. Шығарылатын қоңыр көмірдің негізгі бөлігі (4/5-тен астамы) оны шығарған жерге жақын орналасқан жылу станцияларында отын ретінде пайдаланылады. Қоңыр көмірді әлемдік шығару көлемі 1 млрд тоннаға жуық шаманы құрайды. Көшбасшы болып Германия Федеративтік Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Ресей, Австралия, Қытай, Түркия, Польша, Чехия, Грекия, т.б. табылады.
      Мұнай  – бұл жердің шөгінді қабығында таралған, қара немесе қара-қоңыр түсті, жанатын майлы сұйықтық. Жеңіл, орташа және ауыр мұнай болып ажыратылады. Мұнайдың  сапасы өз кезегінде одан алынатын мұнай өнімдерінің сапасына әсер ететін тұтқырлық пен күкірттің мөлшері бойынша анықталады. Айдау (бастапқы өңдеу) арқылы мұнайдан бензин, реактивті отын, керосин, дизель отыны, мазут алынады.
     Мұнайды сыйымдылығы 30-50 мың м3 жер бетіндегі немесе жер астындағы резервуарларда (болат, темір-бетон) сақтайды. Тасымалдау теміржол бойынша, мұнай құятын кемелермен (танкерлермен) теңіз және өзен көлігімен және мұнай құбырлары (өзіне құбырды, насос станцияларын және қоймаларды қосатын) бойынша жүзеге асырылады.[2]
       Мұнайдың қатты отынның алдында белгілі бір артықшылықтары бар, оның ішінде мұнайды көлем мен салмақтың бірлігіне шаққанда шығарған кездегі үлкенірек тиімділік; аққыштық қасиеті; жүк көтергіштігі үлкен мұнай құятын кемелерде тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі арзандығы ерекше етеді, бұл мұнайды шығаруды, тасымалдауды, тиеуді, өңдеуді механикаландыруды және автоматтандыруды жеңілдетеді. 
      Мұнай өнеркәсібінің қауырт дамуының негізгі себебі осы саланың жоғарғы табыстылығында. Шаруашылықтың көптеген салаларының және қарулы күштердің тарапынан мұнай өнімдеріне деген сұраныстың жылдам өсуі, мұнайды шығару мен тасымалдауға салыстырмалы түрдегі төмен шығындар, мұнайдың аса ірі қорларының өте-мөте арзан жұмысшы күші бар, экономикалық тұрғыдан әлсіз дамыған елдерде шоғырлануы – осының барлығы мұнай өнеркәсібін әлемдік экономикадағы капитал салудың ең табысты салаларының біріне айналдырды.
      Мұнай өндірудегі техникалық прогресс кен орындарын барлау мен жасап шығару әдістерін жетілдіру, тиімді жабдық жасау және отынды шығарудың, тасымалдауға және пайдалануға дайындаудың жаңа әдістерін қолдану және т.с. мәселелерін қамтиды. Мысалға, мұнай (сонымен қатар газ) өнеркәсібінде ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізудің аса маңызды бағыттарының бірі - кен орындарында мұнай-газ шығаруды қарқынды ету әдістерінкен орындарында жасап шығару, мұнай-газ шығаратын аудандардың ескі кен орындарының қызмет ету мерзімін ұзарту, бұрынырақта адам қолының жетуі қиын аймақтарда (мысалға, Дүниежүзілік мұхиттың қайраңдық аймағында) жаңа кен орындарын ашу болып табылады.
        Дүниежүзіндегі мұнай қорлары және өндірілуі. Ғаламшардағы мұнайдың болжанған қорлары шамамен алғанда, 300 млрд. тонна құрайды. Мұнайдың әлемдік анық (дәлелденген) қорлары (немесе осыларды ғылым мен техниканың дамуының қазіргі деңгейінде Жер қойнауынан шығаруға болатын қорлар) 2007 жылдың басында шамамен 165 млрд. тоннаға бағаланған болатын.
       Мұнайдың әлемдік ресурстарының географиялық бөлінуінің негізгі ерекшелігі олардың көпшілік бөлігінің дамушы елдері, бірінші кезекте осында Арабия түбегінде және Парсы шығанағы шельфінде алып кен орындары бар Таяу және Орта Шығыс елдеріне (әлемдік қорлардың 60%-дан астамы) келетіндігінен тұрады. Әлемнің мұнай қорларының 10%-ға жуығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің аумағында шоғырланған (оның ішінде Ресейде – 6%-дан астам). Салыстыру үшін: мұнай қорларының 10%-ға жуығы Африканың бүкіл елдеріне келеді. Дамушы елдер ішінде осы құнды ресурстың қорлары бойынша көшбасшылар болып: Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері, Венесуэла табылады. ОПЕК елдерінің үлесі – 75%-ға жуық. 
      Әлемдегі мұнай өндіру бойынша әлемдік көшбасшылар болып қазіргі уақытта Сауд Арабиясы, Ресей, Америка Құрама Штаттары, Иран, Қытай, Мексика, т.б. табылады. [2]
    ХХ ғасырдың басында мұнай шығару бойынша әлемнің екі көшбасшы еліне – Ресейге және Америка Құрама Штаттарына – мұнай шығарудың әлемдік көлемінің 93%-дан астамы (тиісінше 50,8 және 42,7%) келді. Одан кейін осы ресурс түрін шығару географиясы кеңейе түсті және топтағы көшбасшы елдердің ара қатынасы өзгеріп отырды. 1930 жылдардың өзінде-ақ Америка Құрама Штаттары (әлемдік шығарудың 67%-ы) және Венесуэла (9%) көшбасшы бола бастады. Ресей үшінші орынға көшті (7%), одан кейін Мексика мен Иран келе жатты. Бұл ретте Америка Құрама Штаттары мен Венесуэла әлемдік нарыққа мұнайды негізгі экспорттаушы – жеткізушілер болып табылды. 
      1950-1960 жылдардағы Таяу және Орта Шығыста, КСРО-да, сонымен қатар Африкада мұнай шығарудың жылдам өсуі осы аймақтардағы мұнайдың орасан зор жалпы қорларымен ғана емес, мұнай шығаруға салыстырмалы түрде төмен үлестік капитал салымдарымен және ағымдағы шығындармен, сонымен қатар өнімді скважиналардың өте жоғары өнімділігімен түсіндірілді. 
      70- жылдардың басына қарай Солтүстік Америка елдерінің әлемдік мұнай шығарудағы үлесі 25%-ға дейін қысқарды, дәл сол кезде Азия мен Шығыс Еуропада мұнай шығарудың маңызы арта түсті. Әлемдік нарыққа мұнайды аса ірі экспорттаушылар-жеткізушілер де (Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, БАӘ, Кувейт) дәл осы Азия аймағында орналасқан. Мысалға алар болсақ, 1978 жылы ОПЕК-ке мүше елдердің үлесіне мұнай шығарудың 50%-дан астамы және оның экспортының 80%-дан астамы келді (салыстыру үшін: 2005 жылы – мұнайды шығару мен әлемдік саудалаудағы тек 40% ғана).
      1970-1980 жылдары Солтүстік теңіздің мұнай ресурстарын (негізінен алғанда теңіз акваториясының британдық және норвегиялық секторларында) игеру басталды, бұл әлемдік мұнай шығарудағы Батыс Еуропа елдерінің үлесін арттырды (1950 және 1970 жылдары – 0,7%; ал 2005 жылы – 9,0%). Азырақ шамада болса да, Солтүстік мұнай кен орындарын ашуда сонымен қатар Дания, Италия және Нидерланды да жүргізуде. Қазіргі уақытта Ұлыбритания мен Норвегияның үлесіне әлемдік мұнай шығарудың 3-4%-ға жуығы келеді, оның үстіне шығарылатын мұнайдың айтарлықтай бөлігі Батыс Еуропаның басқа елдеріне және тіптен Америка Құрама Штаттары мен Канадаға экспортқа кетеді.
      КСРО үлесіне 90 жылдары мұнайдың әлемдік шығарылуының 20%- ға жуығы келді (ал 1988 жылы КСРО-дағы мұнай шығару көлемі 624 млн тоннаға жетті - әлемдегі бірінші орын). Бірақ 90 жылдардың басынан Ресей мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа республикаларының экономикасын қайта құру кезеңіндегі саяси және экономикалық өзгерістермен байланысты оны шығарудың қысқаруы байқалды. Алайда, мұнайға деген бағаның өсуімен Ресейде мұнай шығару деңгейі қайтадан өсе бастады және 2005-2006 жылдары әлемдік мұнай шығарудың 12%-ынан асып түсті. 
      Соңғы онжылдықтар ішінде Азия мұнай шығару бойынша көшбасшы аймаққа айналды (тек Таяу Шығыс елдерінің үлесіне ғана 30%-дан астамы келеді). Қытайдың мұнай өнеркәсібі әлемдік экономикада күн өткен сайын көбірек рөл ойнай бастауда (1950 ж. – 0,2 млн. т; 1970 ж. – 20 млн. т; 2006 ж. – 180 млн. тоннадан астам). Африка елдеріне жалпы алғанда әлемдік мұнай шығарудың 10%-дан сәл астамы ғана келеді. Осы аймақтың жетекші мұнай шығаратын, – сонымен қатар мұнайдың ірі экспортшылары болып табылатынелдері (ОПЕК-ке кіретін) Нигерия, Алжир, Ливия. Жалпы әлемдегі мұнай шығару бойынша көшбасшылардың құрамындағы елдер бойынша өзгерістер көрсетілген.
      ТМД елдерінде, оның ішінде Ресейде негізгі мұнай-газ бар провинциялар Батыс Сібірде, Орал-Поволжьеде, Коми Республикасында (Печора провинциясы) орналасқан. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа елдерінде де – Қазақстанда, Түрікменстанда және Әзірбайжанда да мұнай-газ өндіру кеңінен жүргізілуді.
      Америка Құрама Штаттарында мұнай шығару – жылына 280-350 млн тонна. Ол негізінен алғанда Техас, Луизиана, Калифорния штаттарында және Аляскада (соңғы штатта мұнай өңдеу жоқ) шоғырланған. Латын Америкасы елдерінің арасынан Мексика, Венесуэла (әлемнің мұнай шығаратын елдерінің бірінші ондығына кіреді) және Аргентина көзге түседі.
    Дүниежүзінің мұнай өнеркәсібі өте жоғары дәрежеде монополияланған. Аса ірі мұнай корпорациялары әлемнің ең қуатты трансұлттық корпорацияларына жатады, олардың арасында «Эксон Мобил» (Америка Құрама Штаттары), «Бритиш Петролеум» (Ұлыбритания), «Роял Датч/Шелл» (Нидерланды/Ұлыбритания), «Тотал» (Франция) және т.б бар.
Мұнайды теңізде және оның қайраңдарындағы кен орындарында шығарудың үлесі зор. Теңіздерде іздестіру-барлау жұмыстары енді жағалаудан 200-500 километрге қашықта тіпте, 800 метрден асатын тереңдіктерде жүргізілуде. Мұнайдың теңіздегі ең ірі кен орындары Парсы шығанағында, Арабия түбегінің оңтүстік-шығыс жағалауларының маңында, Мексика шығанағында, Солтүстік теңізде, Алясканың солтүстік жағалауының маңында және Америка Құрама Штаттарында Калифорния жағалауларында, Африканың батыс жағалауында және т.б. барланған. Бұл ретте кей елдерде шельфтік кен орындарында мұнайдың барланған қорларының негізгі бөлігі, мысалға, Америка Құрама Штаттарында – 1/2-ден астамы, Бруней мен Катарда – 2/3 бөлігіне жуығы, Ангола мен Австралияда – 4/5 бөлігінен астамы, Бахрейнде – 9/10 бөлігі, ал Норвегия мен Ұлыбританияда – 100%-ға жуығы шоғырланған.
      Дүниежүзінің мұнай өңдеу өнеркәсібі.  Мұнай өңдейтін өнеркәсіпті орналастыруда бұрынғысынша екі қарама-қарсы тенденция қолданылуда: бірі – «нарықтық» (мұнай өңдеуді оны шығаратын жерлерден үзу, яғни мұнай өңдейтін зауыттар негізінен алғанда мұнай өнімдерін тұтынушы елдерде орналастырылады); екіншісі – «шикізаттық» (мұнай өңдеуді мұнай шығаратын жерлерге жақындастыру). Соңғы уақытқа дейін бірінші тенденция басым болып келді, бұл дамыған елдерге шикі мұнайды төмен бағалар бойынша енгізуге, ал одан алынған мұнай өнімдерін әлемдік нарықта жоғарырақ бағалар бойынша сатуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда жағдай біртіндеп өзгере бастады. 
    Мұнай шығару аудандарынан өзгешелігі, мұнай өңдеу жөніндегі қуаттылықтардың негізгі бөлігі бұрынғысынша жетекші өнеркәсіптік дамыған елдерде (әлемнің мұнай өңдейтін зауыттарының қуаттылықтарының 70-80%-ына жуығы) шоғырланған. Әсіресе Мексика шығанағының жағалауы, Америка Құрама Штаттарындағы солтүстік-шығыс жағалау аудандары, Батыс Еуропадағы, (Нидерландыдағы Роттердам, Бельгиядағы Антверпен және т.б.),Жапониядағы айлақ-қалалар және т.б. Мұнай өңдеуді тереңдетуді қамтамасыз ету үшін жаңа технологиялық процестер жасалуда және игерілуде.
      Соңғы жылдары ресурстарға бай, дамушы елдерде, сондай-ақ оларды орналастыру үшін қолайлы экономикалық-географиялық орынға ие болып отырған жерлерде мұнай өңдейтін заводтар құру басталды. Мысалға, Кариб теңізінде (мұнайды Парсы шығанағынан Америка Құрама Штаттарына тасымалдау жолдарында) - Аруба, Кюрасао, Тринидад және Тобаго мен т.б. аралдарында, Сингапурда (мұнайды Жапонияға, Кореяға және Қытайға тасымалдаған кезде), тікелей Таяу және Орта Шығыс елдерінде (Сауд Арабиясында, Иранда, Кувейтте, Біріккен Араб Әмірліктерінде) және т.б. да сала бастады.
      Дамушы елдерде мұнай өңдейтін зауыттар  тұрғызуда айтарлықтай дәрежеде экономикалық тұрғыдан дамыған елдерде табиғат қорғау бойынша қатаңырақ шаралардың қабылдануы себепкер болып отыр («экологиялық жағынан лас» өндірістерді дамыған елдерден азырақ дамыған елдерге көшіру секілді жүріп отыр). Бірақ мұнай шығаратын және мұнай экспорттайтын елдердің өздерінің мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсіптерін құруға деген ұмтылысы да маңызды рөл ойнауда және осы тенденцияны күшейте түсуде. Парсы шығанағы елдерінен мұнай өнімдерін импорттау қазірдің өзінде, мұнда мұнай өңдейтін зауыттардың қуаттылықтарының қысқаруын тудыра отырып, Батыс Еуропаның мұнай өңдеу өнеркәсібіне үлкен әсерін тигізіп отыр. Болашақта араб елдерінен әкелінген арзанырақ өнім Еуропа мемлекеттерінің мұнай өнімдері нарығына елеулі бәсекелестік тудыратын болады.[3]
      Мысалға, 2005 жылы жарияланған, мұнай өңдейтін зауыттардың қуаттылықтарын кеңейту жобаларының жалпы санынан Америка Құрама Штаттарына бір де бір жоба келмейді.
Солай бола тұрса да, бұрынғысынша дәл осы Америка Құрама Штаттары ғаламшардың барлық мұнай өңдеу қуаттылықтарының 1/5 бөлігіне ие болып отыр. Бұл ел, Ресейді (үлесі 7%-ға жуықты құрайтын),   Жапонияны (үлесі – 6%-ға жуық), Қытайды (5,5%), сондай-ақ Корей Республикасын, Италияны, Германия Федеративтік Республикасын, Үндістанды басып оза отырып, әлемдік нарыққа мұнай өнімдерін аса ірі жеткізуші болып табылады.
       Дүниежүзінің газ өнеркәсібі. Табиғи газ шығарумен қатар мұнай шығару өнеркәсібіде айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл ретте дамыған елдердің табиғи газдың әлемдік қорларындағы үлесі дамып келе жатқан елдердің үлесіне қарағанда, анағұрлым азырақ, бірақ шығарудың негізгі бөлігі дәл осы дамыған елдерде, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы республикаларында шоғырланған. Бұл көп шамада әлем елдеріндегі табиғи газ қорларының өлшемдерімен және шикізаттың осы бір түрін теңіз көлігімен үлкен қашықтықтарға тасымалдаудың ерекшеліктерімен және қымбаттылығымен (мысалға, мұнай тасымалдаумен салыстырғанда) байланысты болып отыр.
      Табиғи жанғыш газдар немесе табиғи газдар – метан қатарының көмірсутектерінің және жер қыртысының шөгінді қабығында еркін топтанулар түрінде, сонымен қатар еріген (мұнайда және плас суларында), шашыраған (жыныстар сорбциялаған) және қатты (газ-гидратты кендерде) күйлерде кездесетін көмірсутектік емес құрамдас бөліктердің қоспасы.
      Газ жоғары жылу жасағыштық қабілетке ие, бұл отынның перспективалы түрі. Табиғи газдың негізгі құрамдас бөлігі – метан (98%-ға дейін), құрамға сонымен қатар этан, пропан және т.б. кіреді. Мұнай шығаруға қарағанда, газды шығару процесі (насостар қажет емес) және үлкен диаметрдегі құбырлар бойынша жүзеге асырылатын тасымалдау процесі жеңілірек.
     Табиғи газ отынның басқа түрлерімен салыстырғанда, экологиялық тұрғыдан тазарақ отын болып табылады (жану барысында қалдықтар азырақ қалады). Газдың жер астындағы ірі қоймаларын жасау мүмкіндігі, оны қойылту (үлкен қашықтықтарға тасымалдау және басқа да мақсаттар үшін) мүмкіндігі бар. Табиғи газбен қатар жолшыбай газды (жолшыбай мұнай газдары – бұл мұнаймен ілесе жүретін және сепарациялау барысында одан бөлініп шығатын көмірсутек газдары: этан, пропан, бутан және т.б.; мұнай-химия және химия өнеркәсібі үшін құнды шикізат, бірақ әдетте оларды мұнай шығарған кезде жай ғана жағып жібереді) шығару жүзеге асырылады.
Газ өңдейтін зауыттар өнімдерінің номенклатурасына газдың өзі, күкірт, гелий, пропан-бутан қоспасы, техникалық көміртек, жеңіл көмірсутектердің кең фракциялары, қойылтылған газ, дизель отыны, бензиндердің алуан түрлері, этан, этилен және басқалары кіреді. Табиғи газ коммуналды-тұрмыстық шаруашылықта, сонымен қатар криогенді техникада инертті орталар жасау үшін отын ретінде және аэронавтикада қолданылады. Табиғи газды химия өнеркәсібінде пайдалану бағыттары алуан түрлі: мысалға, минералды тыңайтқыштар, полимерлер және т.с. өндіру үшін қолданылады.
      Дүниежүзіндегі табиғи газ қорлары және оларды өндірілуі. Табиғи газдың барланған қорлары шамамен алғанда 180 трлн м3-ке бағаланады (2010 ж.). Табиғи газдың әлемдік барланған, шығарылатын қорларының және оны шығарудың өсуі көбіне көп газды барлау мен шығару техникасындағы табыстармен, ал одан өзге, оны газ түрінде және сұйылтылған күйінде үлкен қашықтықтарға тасымалдаудың аса түскен қазіргі мүмкіндіктерімен түсіндіріледі.
    Табиғи газдың ең ірі қорларына Шығыс Еуропа мемлекеттері, әсіресе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы республикалары (оның ішінде Ресей - әлемдік қорлардың 30%-ға жуығы) ие. Таяу Шығыс аймағы елдерінің табиғи газ қорларының үлесі зор (40%-ға жуық). Дүниежүзі елдері арасында ең ірі газ қорларына: Ресей, Иран, Катар, Сауд Арабиясы, БАӘ, Америка Құрама Штаттары ие. Ал әлемдегі қорлар бойынша аса ірі газ кен орындары болып: Солтүстік (Катар), Уренгой, Ямбург, Бованенковское, Заполярное, Штокмановское (Ресей), Оңтүстік Парсы (Иран) табылады. Оған қоса, олардың көпшілігі 1965-1975 жылдар кезеңінде ашылған болатын.
      Келешегі бар газды аудандар орасан зор аумақтарды және тіптен Дүниежүзілік  мұхит акваториясын (әсіресе Ресейде және оны шайып жатқан Солтүстік Мұзды мұхит суларында) қамтып жатыр. Отынның осы түрін әлемдік шығару жыл сайын өсіп келеді (2,86 трлн м3, 2006 ж.). ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің көптеген елдерінде газ шығару өнеркәсібінің дамуымен байланысты аймақтардың шикізаттың осы түрін шығарудағы рөлі өзгерді. Бірақ екі жетекші аймақтардың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің және Солтүстік Америка мемлекеттерінің маңызы, атап айтар болсақ, олардың саладағы монополиялық орны сақталып отыр.[4]
       Америка Құрама Штаттары саладағы өзінің монополист орнын жоғалтты (1950 ж. әлемдік шығарудың 90%-ы, қазіргі күні - 20%-дан кем). Табиғи газ шығару бойынша көшбасшылар: Ресей және Америка Құрама Штаттары. Бұл екі мемлекетке әлемде шығарылатын табиғи газдың жартысына жуығы келеді. Шығару көлемі бойынша бірінші екі елден сан мәрте артта қала отырып, одан кейінгі орындарда Канада, Иран және басқа елдер келе жатыр.
       Аталған мемлекеттердің көпшілігі бір мезгілде табиғи газдың аса ірі экспорттаушылары да болып табылады. Солтүстік теңізде, Мексика шығанағында, Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында 500 метрден асатын тереңдіктерден өте отырып, ауқымды жерасты газ жинау жүйелері құрылған. Солтүстік Африкадан Испанияға және Италияға одан бетер су тереңдігіндегі газ құбырларын тұрғызу жобалары бар, оларды төсеу жаңа техникалық шешімдерді қажет етеді. Теңіз газ кәсібінің табиғи газдың әлемдік шығарылуында 1/5 жуық шаманы құрайтын жалпы үлесінде бірқатар елдерде олар газ шығарудан 80%-дан 100%-ға дейін береді (мысалға, Брунейде, Малайзияда, Норвегияда, Ұлыбританияда).
 
1.2. Дүние жүзінің электр энергетикасы: түрлері және қалыптасуының географиялық ерекшеліктері
    Дүниежүзінің электр энергетикасы. Электр қуаты – қолданылатын қуаттың әмбебап, техникалық жағынан тиімді және үнемді түрі. Сонымен қатар электр қуатының электр беру желілері бойынша берілуі мен пайдаланылуының экологиялық қауіпсіздігі де маңызды.
     Ғылыми-техникалық революцияның әсер етуінің аса маңызды элементі электр қуатын өндірудің өсуі болып табылады. Қуаттың бастапқы көздерінің күн өткен сайын көпшілік бөлігі (экономикалық жағынан дамыған елдерде – 50%-ға дейін) электр қуатына өңделеді. Әлемде электр қуатын өндіру 1950 жылдан бастап 20 есеге жуық (1950 жылғы 965 млрд кВт/ сағаттан 2006 жылғы 19 трлн кВт/сағатқа дейін) артты. 
     Бұл ретте іс жүзінде барлық болжамдарда электр қуатын өндіру мен тұтынудың өсуінің басып озатын қарқындары қарастырылады. Электр қуатын тұтынудың өсуі ғылыми-техникалық революцияның әсерімен өнеркәсіп өндірісінде қалыптасатын өзгерістермен: өндірістік процестердің автоматтандырылуымен және механикаландырылуымен, технологиялық процестерде электр қуатының кең қолданылуымен, шаруашылықтың барлық салаларының электрлендірілу дәрежесінің артуымен байланысты болып отыр. Сөз жоқ, өмір жағдайлары мен сапасының артуымен, радио- және телеаппаратураның, тұрмыстық электр аспаптарының, компьютерлердің (оның ішінде Бүкіләлемдік Интернет компьютер желісін пайдаланудың) кең таралуымен байланысты халықтың электр қуатын пайдалануы айтарлықтай өсті. [6]
      Электр қуатын өндіру мен тұтынудың өсу көрсеткіші әлем мемлекеттері мен аймақтарының шаруашылықтарының дамуының барлық ерекшеліктерін дәл көрсетеді. Мәселен, бүкіл электр қуатының 3/5 бөлігінен артығы өнеркәсіптік дамыған елдерде жасап шығарылады. Оны өндірудің өсуі әлемнің барлық аймақтары мен елдері үшін тән. Алайда процесс бірқалыпсыз өтеді. 1965 жылдың өзінде Америка Құрама Штаттары 50 жылдардағы электр қуаты өндірісінің жалпы әлемдік деңгейінен асып түсті (КСРО осы шептен тек 1975 жылы ғана өтті). Бүгінде Америка Құрама Штаттары, бұрынғысынша әлемдік көшбасшы болып қала отырып, электр қуатын 4 трлн кВт/сағ асып түсетін деңгейде өндіреді.
      Ғаламшар халқының жан басына шаққанда электр қуатын өндірудің тоқтаусыз өсуі жаҺандық электрлендірумен байланысты. Аталған көрсеткіш бойынша көшбасшылар қатарына Исландия, Норвегия, Кувейт, Канада, Финляндия, Швеция, Аустралия, Жаңа Зеландия кіреді. Бұл халқының саны шамалы (және негізінен алғанда экономикалық жағынан жоғары дамыған) елдер. 
      Электр станцияларының түрлері. Электр қуаты алуан түрлі электр станцияларында – қосындысында өндірістің 99%-ын беретін жылу электр станцияларында, гидравликалық электр станцияларында, атом электр станцияларында өндіріледі. Электр қуатын алудың альтернативалық көздері (Күн қуаты, жел, су қайтуы, гейзерлер қуаты) деп аталатындардың рөлі әзірге өте шамалы. Алайда, әлемнің әртүрлі елдерінде электр қуатын алуан түрлі станцияларда өндіру үлесі айтарлықтай ерекшеленеді (қосымшадағы 8-кестені қараңыз).
      Жылу электр станциялары, оларда жыл сайын отынның миллиондаған тонналары жағылса да (экологиялы елеулі әсер ету), жалпы алғанда әлемнің және көптеген мемлекеттердің электр энергетикасының негізі (63%) болған және болып қалуда да.
Жылу электр станциялары минералды отында, негізінен алғанда көмірде, мазутта немесе газда жұмыс істейді. Осы ресурстың өз қорларына ие болып отырған Польша, ОАР (100%), Аустралия, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Чехия (70%-дан аса), Ресей, Германия Федеративтік Республикасы, Америка Құрама Штаттары (60%-ға жуық) секілді елдердің жылу энергетикасында көмірдің үлесі ең көп. Барлық жерлерде дерлік аралас отында жұмыс істейтін жылу станцияларының маңызы артып келеді. Жылу электр станцияларының арасында тек қана электр қуатын өндіруге арналған конденсациялық электр станцияларын және электр қуатынан өзге сонымен қоса өнеркәсіп кәсіпорындарын және коммуналдық-тұрмыс қызметтерін жабдықтау үшін жылу да беретін жылу-электр орталықтарын бөліп ажыратады.
      Ірі жылу электр станцияларын әдетте отын (көмір) шығару аудандарында, әлде оны басқа елдерден әкелу үшін ыңғайлы жерлерде (яғни айлақты қалаларда) тұрғызады. Мазутта жұмыс істейтін жылу станциялары мұнай өңдейтін зауыттар орналасқан жерде, ал табиғи газда жұмыс істейтін жылу станциялары – газ құбырлары трассаларының ұзына бойына орналастырылады. 
      Энергетика саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-контсрукторлық жұмыстарға кететін шығындар артуда. Мысалға, көмірді байыту, жылу электр станцияларының жабдығын жетілдіру, агрегаттардың (қазандардың, турбиналардың, генераторлардың) қуаттылығын арттыру жылу станцияларының жұмыс көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты.
       Гидроэлектр станцияларын өзендерде тұрғызады. Алайда гидроэнергоресурстардың игерілгендік дәрежесі әлемнің әртүрлі аймақтарында әртүрлі. Жалпы әлем бойынша ол бар болғаны 14%-ға                   тең. Жапонияда гидроресурстар 2/3-ке, Америка Құрама Штаттары мен Канадада – 3/5-ке, Латын Америкасында – 1/10-ға, ал Африкада – 1/20-дан азырақ пайдаланылады. 
       Қазіргі таңда қуаттылығы 1 млн кВт-тан асатын, жұмыс істеп тұрған,  гидроэлектр станцияларының жартысынан астамы өнеркәсіптік дамыған елдерде орналасқан. Әлемдегі жұмыс істеп тұрған гидроэлектр станцияларының қуаттылығы бойынша аса ірілері - Парана өзеніндегі бразилиялық-парагвайлық «Итайпу»; Карони өзеніндегі венесуэлалық «Гури». Ресейдегі аса ірі гидроэлектр станциялары Енисей өзенінде құрылған: Красноярск және Саяно-Шушенск гидроэлектр станциялары. Әлемдегі ең ірі гидроэлектр станциясы – Қытайдағы Янцзы өзеніндегі «Санься» (қуаттылығы 17 млн кВт-дан асады) тұрғызылып жатыр.
       Көптеген елдердің электрмен жабдықталуында, мысалға, Конго Демократиялық Республикасында, Парагвайда, Замбияда, Мозамбикте, Камерунда, Норвегияда, Конгода, Намибияда, Тәжікстанда, Бразилияда (97-100%) гидроэлектр станциялары шешуші рөлатқарады. Канада, Норвегия, Бразилия, Швейцария және т.б. секілді елдердің электр қуатын өндіруінде гидроэлектр станцияларының маңызы орасан зор.
Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметтері бойынша, гидроэлектр станцияларының өндірісі электр қуатын жаҺандық өндірудің 17%-ын құрайды. Дүниежүзінде гидроэлектр қуатын жетекші өндірушілердің қатарына Канада, Қытай, Бразилия, Америка Құрама Штаттары, Ресей, Норвегия және т.б. кіреді.[7]
Дүниежүзінде ядролық қуатты пайдалану тек соңғы онжылдықтарда ғана тарала бастады. Отынға деген көптеген мың есе азырақ қажеттілік (онда бар қуат бойынша 1 кг уран 3 мың тонна тас көмірге пара-пар) атом электр станцияларының орналасуын көлік факторының әсерінен босатады дерлік. Алғашқы атом электр станциясын пайдалануға берген уақыттан бастап (1954 жыл, КСРО-дағы Обнинск қаласы, әлемдегі тұңғыш атом электр станциясы, қуаты 5 МВт, өзінің жұмысын 2003 жылы тоқтатты) электр қуатын атом электр станцияларында өндіру айтарлықтай өсті, ал әлемнің атом электр станцияларының қосынды қуаттылығы 350 мың МВт-дан асып түсті.
80 жылдардың аяғына дейін ядролық энергетика, әсіресе, экономикалық жағынан дамыған елдер мен басқа энергоресурстар бойынша тапшылықтағы аудандарда бүкіл электр энергетикасына қатысты басып озған қарқындармен дамып келді. Мысалға, атом электр станцияларының әлемнің электр қуатын жалпы өндіруіндегі үлесі 1970 жылы 1,4% құрады, 1980 жылы – 8,4%, ал 1993 ж. – енді 17,7% құрады, алайда, одан кейінгі жылдары үлес біршама қысқарды (2010 ж. – 17%).
     Дүниежүзінің әртүрлі елдерінде (әсіресе, Чернобыль атом электр станциясында, Украина, 1986 ж.) атом электр станцияларындағы апаттардан кейін халыққа психологиялық әсер етуге және ядролық энергетиканың қарсыластарының іс-әрекеттерінің белсенді бола бастауына байланысты оның дамуының қарқындары елеулі төмендеді. Атом электр станцияларында электр қуатын өндірудің төмендеуінің маңызды себептері болып сонымен қатар жоғары шығындар, атом электр станциясының құрылысына және пайдаланылуына лицензия берудің ұзақ мерзімдері, ядролық энергетика нысандарын жобалау мен тұрғызудың ұзаққа созылуы және, әрине, атом электр станциясының қауіпсіздігінің бірқатар ірі техникалық мәселелерін шешудің, радиоактивті қалдықтарды жоюдың, станцияны пайдалану мерзімдері аяқталғаннан кейін консервациялаудың күрделілігі табылады. 
Дүниежүзінің атом электр станцияларының қуаттылықтарының 60%-дан астамы елдердің шағын тобында: Франция, Америка Құрама Штаттары, Жапония, Германия Федеративтік Республикасы және Ресейде шоғырланған. Қазіргі уақытта әлемде атом станцияларында 440-қа жуық энергоблоктар жұмыс істеп тұр және тағы отыздан аса реакторлар пайдалануға берілуге жоспарлануда. Дүниежүзінде  атом электр станцияларында 15 млрд кВт/саға астам электр қуаты шығарылады. Әсіресе, Литвада (80%), Францияда (77%), Словакия мен Бельгияда (50%-дан аса) электр қуатын өндіруде атом электр станцияларының үлесі зор. Бұл көрсеткіш сонымен қатар Украинада, Швецияда, Корей Республикасында айтарлықтай елеулі. Дүниежүзінде  аса ірі атом-энергетика кешені Жапониядағы Хонсю аралында орналасқан. Ресей аумағында қазіргі уақытта 10 атом электр станциясы (29 энергоблок) жұмыс істеп тұр. Дүниежүзінде ядролық энергетика саласында, оның ішінде реакторлардың жаңа типтерін жасап шығару саласында белсенді ғылыми зерттеулер жүргізіліп отыр.
 
1.3  Қазіргі энергетикадағы отын нарығы, энергияның тасмалдануы және даму болашағы
Халықаралық көмір саудасы. Әлемнің аймақтары мен елдері бойынша көмірді шығару мен тұтынуда қалыптасқан ара қатынас осы қуат таратқыш саудасындағы негізгі экспорттық ағындардың қалыптасуын анықтап берді. 1950 жылдан бастап көмір экспорты 143 млн тоннадан 750 млн тоннаға дейін артты. 1960-1970 жылдардағы «мұнай қарбаласы» көмір экспортының айтарлықтай қысқаруына ықпал етті (1960 жылы – 108 млн тонна немесе әлемдік шығарудың бар болғаны 9%-ы), алайда одан кейін болған 1970-1980 жылдардың мұнай дағдарыстары қуат қорларын әлемдік тұтынудағы көмірдің рөлін қалпына келтірді және қандай да бір шамада нығайта түсті. Бұл ретте көмірді тасымалдау бағыттары өзгеріп отырды.
Көмірді сыртқы саудаға тасымалдаудың негізгі бөлігі теңіз көлігімен жүзеге асырылады. Жаңа жүк ағындарын ұйымдастырудың ең маңызды мәселесі – мамандандырылған айлақтардың инфрақұрылымын жасау.[10]
      Соңғы жылдары экономикалық жағынан дамыған көптеген елдерде көмір өнеркәсібі құрылымдық тұрғыдан дағдарысты болып шықты. Мәселен, алар болсақ, Батыс Еуропа елдерінің тас көмірдің әлемдік экспортындағы үлесі 50 жылдардан астап қазіргі уақытқа дейінгі кезен ішінде 35%-дан 2%-ға дейін қысқарды.
      Осында экспортқа көмір шығарудың өсуі болып отырған Австралияда, Оңтүстік Африка елдерінде және Канадада көмір өнеркәсібі дамудың өзгеше тенденцияларымен көзге түсті. Мысалға, Австралия – көмір экспорттаушы елдер арасындағы әлемдік көшбасшы. Бұл бірінші кезекте Жапониядағы көмірге деген сұраныспен және Австралияның өзінде жағалауға жақын жерде ашық тәсілмен кен шығару үшін жарамды ірі кен орындарының бар болуымен байланысты. Оңтүстік Африка Республикасында көмір өнеркәсібінің дамуына және көмір экспорты көлемінің артуына ірі қорлардың (негізінен алғанда көмірлердің энергетикалық сорттарының) бар болуы да, мұнай мен газдың өз ресурстарының жоқтығы және елде арзан жұмысшы күшінің бар болуы да себепші болып отыр.
     Тас көмірдің әлемдік саудасы 750 млн тоннадан асып түсті (олардың 70 млн тоннасы аймақішілік тасымалдауларға келеді, ал қалғаны – теңіз бойынша тасымалданады. Тас көмірді аса ірі экспорттаушы елдер: Аустралия, Индонезия, Қытай, ОАР, ТМД (Ресей, Қазақстан) Колумбия, Канада, Америка Құрама Штаттары. Ал ең ірі сатып алушылар (импорттаушылар): Жапония, Корей Республикасы, Тайвань және Еуропа Одағы елдері (Германия Федеративтік Республикасы, Ұлыбритания, Испания, Франция және т.б.).
      Қазіргі уақытта теңізбен 180 млн тоннаға жуық кокстелетін (қара металлургияда пайдаланылатын) және 500 млн тоннадан аса энергетикалық (отын ретінде пайдаланылатын) көмір тасымалданады. Кокстелетін көмір нарығы жеткізуші елдердің шамалы санымен және бүкіл әлем бойынша сатып алушылардың кең шеңберімен ерекшеленеді. Бұл ретте халықаралық сауда арналарына шамамен алғанда көмірдің осы түрінің әлемдік шығарылуының шамамен 35%-ы келіп түседі.
     Кокстелетін көмірді экспорттау бойынша көшбасшылар болып Австралия (65%), Канада (10%-дан аса), Америка Құрама Штаттары, (10%-ға жуық), Қытай, Ресей (6%) табылады. Кокстеуге арналған көмірлердің негізгі ағыны Азияға бағытталған, Азияның үлесіне әлемдік импорттың жартысына жуығы келеді. Кокстелетін көмірдің импорттық жеткізілімдерінің 1/3-ке жуық бөлігін Еуропа Одағы елдері алады.
    Энергетикалық көмірлер нарығындағы негізгі ойыншылар деп негізгі жеткізушілер ретінде - Австралияны, ОАР-ды, Қытайды, Индонезияны және Колумбияны, негізгі сатып алушылар ретінде – Жапонияны, Корей Республикасын, Тайвань мен Германия Федеративтік Республикасын санауға болады. Осы елдердің әрқайсысы көмірдің әлемдік нарығының дамуына елеулі әсерін тигізе алады. Бұл ретте, кокстелетін көмірлермен болған жағдайдағыдай, нарық жағдайына ең көп әсерді ішкі тұтынудың өсуіне, жоғары сапалы көмірлердің жетіспеушілігіне және көлік шығындарының өсуіне байланысты көмір экспортын қысқартқан Қытай көрсетіп отыр.
Энергетикалық көмірдің әлемдік нарығы екі жеке жатқан – Тынық мұхиттық (300 млн тоннаға жуық) және Атлантикалық (200 млн тоннаға жуық) нарыққа бөлінеді. Азия-Тынық мұхиты аймағында Австралиядан, Индонезиядан және Қытай Халық Республикасынан бірінші кезекте Жапония мен Корей Республикасына жеткізілімдер басым болып келеді. Атлантика мұхиты арқылы ОАР, Колумбия, Ресей, Польша, Венесуэла көмірді негізінен алғанда Еуропа Одағы елдеріне, Америка Құрама Штаттарына және Орталық пен Оңтүстік Америка елдеріне тасымалдайды. Сапасы төмен, көмірдің энергетикалық сорттарының әлемдік саудасы артып келеді.
Сарапшылар көмірді әлемдік тұтыну артатын болады деп болжауда. Оның маңызы тек дамып келе жатқан елдер мен «өтпелі экономикасы» бар мемлекеттер үшін ғана емес, осында электр қуатын өндірген кезде көмір бұрынғысынша кеңінен қолданылатын, экономикалық жағынан жоғары дамыған елдер үшін де сақталып қалады (тек Америка Құрама Штаттарының өзінде ғана елде шығарылатын көмірдің жартысынан астамы электр энергетикасында пайдаланылады).
     Мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарығы.Мұнайдың бағасы өсуін жалғастыруда. 1971 жылдан 1975 жылға дейін болған бірінші энергетикалық дағдарыс кезеңінде баға 4 есе, одан кейін 1978-1979 жылдары кезеңінде – тағы екі есе өсті. 2009 жылы мұнайдың 1 баррелінің бағасы 65-75 доллар құрады, 2007 жылы - 80-90 доллар белгіден асып түсті, 2003-2010 жылғы дағдарыс жылдары біршама төмендеп қазір дағдарысқа дейінгі жылдарғы бағаға көтерілді.
Мұнайды шығару мен тұтынудың негізгі аудандары арасында сақталынып қалып отырған аумақтық алшақтық (әлемнің мұнай өнеркәсібінің негізгі ерекшелігі) оны алысқа тасымалдаулардың орасан зор масштабтарына әкеліп отыр. Экспортталатын мұнайдың негізгі массасы және мұнай өнімдерінің айтарлықтай бөлігі кеме-танкерлермен тасымалданады, олардың теңіздегі сауда флотының тоннажындағы үлесі 40%-дан артады. Бұл ретте мұнай өнеркәсібінің дамуы әлемдік көліктің дамуына да, кеме жасаудың дамуына да елеулі әсерін тигізді.
2000 жылдардың ортасында 3,9 млрд тоннадан асып түсетін мұнай шығару кезінде қуат ресурстарының әлемдік нарығына жыл сайын 1,9 млрд тонна шикі мұнай және тағы да 600 млн тоннаға жуық мұнай өнімдері келіп түседі. Дамып келе жатқан елдерде мұнай өңдеудің өсуіне байланысты, жалпы алғанда экспортқа кететін шикі мұнайдың үлесі төмендеп барады. Бұл ретте мұнай өнімдерінің сыртқы саудасында ірі аймақтар ішіндегі елдер арасындағы (Америка Құрама Штаттары, Канада және Мексика арасындағы; Батыс және Шығыс Еуропа елдері арасындағы және т.б.) айырбас айтарлықтай маңыздырақ рөл ойнауда.
     Азия аймағында әлемдік нарыққа аса ірі мұнай жеткізушілер (ірі экспорттаушылар) да – Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, БАӘ, Кувейт орналасқан. Сондай-ақ Ресей, Ұлыбритания, Норвегия, Мексика ірі экспорттаушыларсаналады. Мұнайдың аса маңызды сатып алушылары экономикалық жағынан дамыған елдер. Мәселен, Америка Құрама Штаттарындағы мұнайды импорттау көлемдері (500 млн тонна немесе тәулігіне орташа алғанда 10 млн баррель мұнай) 1994 жылдан бастап, мұнай шығару көлемдерінен асып түсіп отыр (ел мұнай шығару бойынша әлемдік көшбасшылардың үштігінде тұрса да). Жапония 200 млн тоннадан астам, Еуропа Одағы елдері – 500 млн тоннаға жуық импорттайды. Қытай мұнай мен мұнай өнімдерін шығару көлемдерін де (180 млн тоннаға жуық), мұнай мен мұнай өнімдерін импорттау көлемдерін де (150 млн тоннаға жуық немесе орташа алғанда тәулігіне 3 млн баррель) жылдам қарқынмен арттырып отыр.
     Мұнайдың негізгі әлемдік жүк ағындары Парсы шығанағының аса ірі мұнай айлақтарынан басталады және Батыс Еуропаға, Жапонияға және басқа елдерге барады. Ең ірі танкерлер Еуропаға Африканың айналасындағы алыс жолдармен, жүк көтергіштігі азырақ танкерлер – Суэц каналы арқылы жүзіп отырады. Соңғы жылдары Америка Құрама Штаттарына мұнай жеткізушілер ретіндегі Канаданың, Мексиканың және Венесуэланың маңызы айтарлықтай өсе түсті. Ресейден, Қазақстаннан және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа елдерінен мұнай Еуропа елдеріне мұнай құбырларының тармақталған желісі арқылы келіп түседі. 
Дүниежүзілік шаруашылықта мұнай құбырлары желісінің маңызы өте зор. Олар әлемнің көптеген елдердің (Ресей, Америка Құрама Штаттары, Канада, Батыс Еуропа елдері) аумағы бойынша ғана емес, Жерорта, Солтүстік, Каспий және т.б. теңіздерінің түбімен де тартылған.[11]
     Электр қуатының бүкіләлемдік саудасы, оның өндірісінің бар болғаны 2-3%-ын ғана қамтиды. Электр қуатын беру электр берудің жоғары вольтты желілері бойынша жүзеге асырылады. Электр қуатымен аймақаралық сауда іс жүзінде жоқ. 1990 жылға дейін Шығыс Еуропа елдерінде электр қуатын алмасу айтарлықтай маңызды болды. КСРО-да Бірыңғай энергетикалық жүйе қолданылды, ал 1960 жылдан бастап «Мир» біріккен энергия жүйесі құрылды, оған Экономикалық өзара көмек кеңесі ұйымының (КСРО ыдырағаннан кейін өзінің жұмысын бірден тоқтатқан) мүшелері – Шығыс Еуропа мемлекеттерінің алты энергия жүйесі кірді. Әлемдегі электр қуатының ірі экспорттаушылары болып қазіргі күні Франция, Ресей, Парагвай, Канада, Швейцария табылады.
     ОЭК қорытындылай келе шығатын тұжырым тақырыбын энергияны әлемдік өндіру мен тұтыну тұтынушылар санының өсуіне және экономикалық дамуға орай арта түседі. Бұл кешен - бүкіл әлемдік экономиканың жаҺандану процестерімен ең көп қамтылған секторларының бірі. 
     Энергетика бүгінде қауырт экономикалық және әскери-саяси толқыныстардың саласы болып табылады. Отынмен қамтылғандық, нарықты тұрақтандыру, энергия тиімділігін арттыру мәселелері ең жоғары халықаралық деңгейде талқылаулар мен келісулер, уағдаласулар тақырыбы бола бастауда.
     Энергетика және оны тасымалдау. Қуат көздерін игеру әрқашан да адамзаттың аман қалу тәсілі болып келді. Бүгінгі күні де оны тұтыну көбіне көп адамдардың өмір сүру деңгейін күн ілгері анықтайтын, тек экономикалық қана емес, әлеуметтік те көрсеткіштердің аса маңыздыларының бірі болып қалуда. Кей кездері энергетика әлемді басқарады деп айтылуы, міне, сондықтан.
Қазіргі энергетика – бұл шаруашылықтың өзіне барлық отын салаларын және электр энергетикасын қосатын кешенді саласы. Ол бастапқы энергетикалық ресурстарды шығару, өңдеу және тасымалдау, электр қуатын шығару мен беру жөніндегі іс-әрекетті қамтиды. Өзара тығыз байланысты осы шағын салалардың барлығы, онсыз іс жүзінде шаруашылықтың бір де бір буынының қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес болғандықтан, кез келген елдің экономикасында ерекше рөл атқаратын бірыңғай отын-энергетика кешенін құрады. Отын-энергетика кешенінің өзі де өндірістің ең капиталды көп қажет ететін салаларының біріне жатады.
Халық Республикасы)» арасындағы басты несие уағдаластығы шеңберінде жүзеге асырылатын болады..
     2015 жылдан бастап негізгі мұнай-химия өнімін - 800 мың тн/жыл полиэтилен және 500 мың тн/жыл полипропилен өндіруді қамтамасыз ету жоспарлануда.
    Жоба фазалар бойынша жүзеге асырылатын болады, бірінші фаза – құны 1 946,4 млн. АҚШ доллары болатын, 500 мың тонна/жыл полипропилен өндіру, екінші фаза - құны 4 300 млн. АҚШ доллары болатын, 800 мың тонна/жыл полиэтилен өндіру. Бірінші фазаның құрылысына 2010 жылғы 19 наурызда бас мердігер ретінде таңдап алынған «Sinopec Engineering» (Қытай) компаниясымен «кілтпен қоса тапсыруға» келісім-шарт жасалды. Қазіргі уақытта газ-химия кешенінің и нфрақұрылымдық нысандарының жобалық-сметалық құжаттамаларын жасау басталып кетті. ««Самрұқ-Қазына» ҰБҚ» Акционерлік Қоғамы ««Самрұқ-Қазына» ҰБҚ» Акционерлік Қоғамының облигацияларын шығару арқылы және оларды Қытайдың ЭксимБанкінің қаражаттарын тарту арқылы «Қазақстанның Даму Банкінің» сатып алуы жолымен қаржыландыру схемасын мақұлдады.
 
ҚОРЫТЫНДЫ
Дүниежүзілік баламалы энергия көздерін пайдалану тәжірибесін зерттеу мен  қорытындылау барысында аталмыш энергия көздерін тиімді пайдалану  жағынан алдыңғы қатарлы елдер анықталды (Германия, Испания, Жапония, олардың ізін шала АҚШ, Италия, Оңтүстік Корея, Қытай, Дания, Чехия, Франция және т.б.).
1. Қазақстанда экологиялық проблемаларды шешу және электр энергетикасын үнемдеу мен серпінді дамуының басым бағыттарының бірі қайтарымды жаңартылатын энергия көздерін пайдалану болып табылады
2. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында шағын су электр станцияларын жел немесе күн электр станцияларымен біріктіріп электр энергиясын өндіру тиімді, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болатындығы анықталды.
3. Алматы облысының ағысы қатты таулы өзендерінде (Тентек, Шарын, Лепсі, т.б.) шағын электр станцияларын салу арқылы шалғай жатқан елді мекендерді арзан электр энергиясымен қамтамасыз етуге болады.
4. Елімізде биоотын өндірісі ауыл шаруашылығы өндірісін жаңа технологиялық деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін, оның тиімділігін төрт есе арттыруды және қосылған құны жоғары өнімдер экспортын көбейтуді қамтамасыз ететін жаңа бағыт болып табылатыны айқындалды
5. Алматы қаласында және де басқа  үлкен қалаларда қоқыстарды биоотын ретінде пайдаланып жылу энергиясын алу мүмкіндігі бар екендігі анықталды және халық демалатын саябақтарда күн батареясын пайдаланып түнде жарық беретін шамдар жасауға болады.
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Б.Т.Жұмағұлов Приветственное слово Министра образования и науки Республики Казахстан// Вестник Казахстанской национальной академии естественных наук.Тема номера: Формирование глобальной энергоэкологической стратегии для Всемирного Саммита по устойчивому развитию «РИО+20» в 2012 году. №2, 2011. С.7-10.
2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.Алматы, 2 том, 2001. 631-633б.
3. http://www.desertec.org
Жүктеп алу
41 рет жүктелген
177.50 кб файл салмағы