Пайыз. Оның пайда болуы және факторлары

Рефераттар
146
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Пайыз. Оның пайда болуы және факторлары
2.2. Пайда теориясы және оның эволюциясы
2.3. Сапа аралық бәсеке теориясы, орташа пайданың және өндіріс бағасының құрылуы 
Қорытынды 
Қолданылған әдебиеттер
 
Кіріспе 
Нарықты экономика несиеге берілген кез-келген ресурстарға процент түрінде ақы төлеуді қатаң талап етеді. бірақ практикада процент қарыз капиталының бағасы ретінде қарастырылады. Қарыз капиталы капитал – меншік иесі,  өзіндік қозғалыс түрі бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына қатыспай-ақ қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену  мүмкіндігін береді. Қарыз берушінің қолында қарызға берген капиталы үшін  төлем қарыз процент түрін қабылдайды. Қарыз проценті қосымша құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда қызметін істеуші қызмет иесі,  қарыз ала отырып, ақша иесіне алынған соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді. Қарыз проценті қосымша құнның бір бөлігі, оның кәсіпкерлер қарыз берушіге беруге міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке бөлінеді: капитал иесінің иемденетін проценті мен қарыз алушы иемденетін кәсіпкерлік табыс. Қарыз процентінің белгілі дәрежесі  немесе нормасы бар. Процент нормасы қарыз капиталына  алынған жылдық табыс сомасының, қарызға берген капитал  сомасына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін  төлем процент нормасы арқылы көрініс алады. Процент нормасы қарыз капиталынан алынған жалдық табыстың  бүкіл қарыз капиталына қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген капиталды 100 мың доллар деп ұйғарсақ, ал осыдан жылдық табыс 6 мың доллар болады, онда процент нормасы -----  - 6 процентке тең. Қарыз проценті белгісіз өлшем, оның орта пайда нормасымен байланысты болатыны, соңғысы ең  жоғарғы шек, әдетте, қарыз проценті одан асып кете алмайды. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеу тенденциясының орын алуымен, процент нормасы да төмендейді. 
Процент қалай пайда болады және ие не үшін төленеді ? Жаңа классикалық теорияның пайымдауынша пролцент уақыт үшін төлем. Себебі, игіліктердің бүгінгі бағасы мен ертеңгі бағасында (келешектегі) айырмашылық болады.
 
2.1. Пайз, оның пайда боуы және факторлары
Оның себебеі, бүгінгі күнгі ресурстарға иелік ету жеке адамның тұтыну таңдауын ұлғайтып қана қоймайды, сонымен қатар болашақта жоғары табыс мөлшерін қамтамасыз ету үшін шараларды жүзеге асыру мүмкіндігін де береді. Сондықтан, ағымдағы ресурстарға иелік етуден бас тартып оны қарызға беріп, оның орныны толтыруға есеп жасайды. Қарыз  алушы ресурстарды пайдаланғаны үшін, яғни осы ресурстра табыс әкелгенге дейін, сатып алғаны үшін төлем төлейді. Демек, шешім қабылдау мен табыс алу арасында белгілі бір уақыт өтеді. Осы уақыт төлем процентін құрайды. Осы себепті де процент қарыз капиталының бағасы. 
Процентінің нарықтық экномикада атқаратын қызметі үлкен. Жаңа классиктердің пікірінше: 
- процент капиталды пайдаланудың әрқилы варианттарын таңдап алудың маңызды құралы; 
- процент ставкаларын салыстыру, ресурстарды рационалды бөліп, капиталға ең пайдалы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіншілік жасайды. 
- процент ставкасы ұзақ мерзімді  жоспарда тұтынуға деген бейімділікті жеңіп, ұқыптылық, үнемділікке ынталандырады. Осылардың салдарынан капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасайды. 
Нарықтық қатынаста бағаның тез өзгеріп отыруына байланысты ақшаның бірдей сомасы бүгін және бір жылдан кейін әрқилы бағада, сондықтан осы ақшаны банкке салуға болады, ол бір жылдан кейін салынған сома нарықтық ставканың процент мөлшеріне ұлғаяды. 
Дамыған несие жүйесінде банктер ақшаны көбейту қабілетіне ие болады.
Жүктеп алу
74 рет жүктелген
151.00 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Нәзір Төреқұлов
Рефераттар
Халық валюта
Рефераттар
Жапырақ
Рефераттар
Франция мемлекеті