Паскаль жүйесіндегі графика
Жоспар
I. Кріспе
II. Негізгі бөлім
1. Графикалық экранның режимі
1. Дисплей графикалық экранының режимі
2. Графикалық экран режимінің сипаттамалары
3. Экранның графикалық режимінің мүмкіндігі
4. Графикалық режимдегі палитра
5. Экрандық беттер мөлшері
2. GRAPH модулі
1. Графикалық режимді тағайындау және одан шығу
2. GRAPH модулі
3. Кейбір фунуциялар мен процедуралар
4. Графикалық режимді басқару командалары(экран, фон)
3. Программулау негіздері
1. Графикалық экранға нүкте шығару
2. Графикалық экранға кесінді салу
3. Кесінді салу стилі
4. Экранда көпбұрыш тұрғызу
5. Шеңбер, эллипс және олардың доғаларын тұрғызу
6. Толтыру процедуралары
7. Графикалық режимде экранға текст шығару
8. Функция графигін салу
III. Қорытынды
КІРІСПЕ
Қазіргі дербес компьютерлердің графикалық информацияларды енгізу, шығару және өңдеуге арналған техникалық құрылғылары бар. Графикалық информацияны енгізу үшін — сканер, ал шығару үшін дисплей экраны және плоттер пайдаланылады.
Стандартты Паскальдың графикалық информациямен жұмыс істейтін командалары жоқ.
Турбо Паскаль жүйесінде графикалық информациялармен жұмыс істеу үшін GRAPH.TPU модулі пайдаланылады. Бұл модульде графикалық процедуралар мен функциялардың программасы машиналық тілде жазылған.
Турбо Паскаль графикасын, көбінесе, псевдо - графика деп атайды, өйткені тілдің өзінде графикалық командалары келтірілмеген. GRAPH модулінде графикалық информацияларды дисплей экранына шығаруға және өңдеуге арналған командаларды сүйемелдейтін типтер, тұрақтылар, айнымалылар, процедуралар мен функциялар сипатталады.
Graph модулі IBM — типтес дербес компьютерлердің графикалық адаптерлерімен жұмыс жасауға есептелінген, графикалық процедуралар мен функциялардың, тұрақтылардың, айнымалылар мен типтердің қуатты кітапханасы болып табылады. Turbo Pascal ортасын қолданатын Паскаль тілінде программалауда Graph модулінің 132 тұрақтысы, 7 қосымша типі, 2 айнымалысы, 57 процедурасы мен 22 функциялары пайдаланады.