Полиция қызметі этикасының негізгі қағидалары

Рефераттар
1083

Полиция қызметкері оған заңмен жүктелген міндеттерді өз отандастары мен  қоғамды ұрлық, зорлық және т.б. зиян келтіруші әрекеттерден қорғау арқылы орындауы тиіс.  Бұл бап полиция қызметкерін  құқықпен  байланыстырады. Заңның билігі әрбір демократиялық  қоғамның  негізінде жатыр. Полиция қызметкерінің  мақсаты  және жауапкершілікті міндеті  - заңды сыйлау және оның талаптарын ұстану. 
Әрбір полиция қызметкері өзборышын адал,  әділ  және қадір - қасиетпен орындауға міндетті.  Ол сыбайлас жемқорлықтың  кез - келген түріне қарсы тұруға және оларды болдырмауға күш салуы тиіс.  Сыбайлас жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ, алайда әрбір полиция қызметкері оның қай жерден басталатынын біледі.  Пара алу мен сыбайлас жемқорлықты болдырмау  ерекше маңыздылыққа  ие, себебі, полиция сыбайлас жемқорлықты қолдаса, бұл сыбайластық  кейінен қоғамның қалған бөлігіне де таралады.
Жаппай жазалауға, қинауға және гуманизмге қарсы және қадір-қасиетті төмендететін жазалаудың  басқа нысандарына қандай жағдайда болмасын тыйым салынған.  Полиция қызметкері осы сипаттағы  шараларды  негізге алған  кез келген бұйрықты  немесе өкімді  орындамауға және сыйламауға міндетті.  Жазаны анықтау  сот органдарының міндеті, сол себепті де, полиция қызметкері  бұл функцияны заңға қайшы жолмен өз мойнына алмауы тиіс. Полиция жаппай қырып  жою мен  осыдай қатал сипаттағы басқа да шараларға қатыспауы тиіс.   Бұл тыймымның маңыздылығы соншалық, тіпті, осындай шаралар туралы бұйрықты жоғары тұрған инстанциялар  берген күннің өзінде полиция қызметкері оған бағынбауға тиіс.
Полиция қызметкрі өз бастығының  бұйрықтарын орындауға міндетті, алайда,  егер ол бұйрықтың заңсыз  сипатын білсе не түсінсе, оны орындамауы керек.  Бұл бап әрбір өкімнің  полиция қызметкері орындамауға міндетті жақтарын кеңейтеді. Бұл баптың нақты  мағынасы, ең алдымен, полиция қызмет керінің иерархиялық және қатаң бағыныстағы ұйымның  мүшесі бола тұра, көптеген жағдайларда  өз бастығының өкімдерін   бұлжытпай  орындайтынын  ескеріп өткен.   Көптеген жағдайларда заңды қорғауға  бағытталған  бұйрықты жедел түрде орындау қажет болады.  Алайда, полиция қызметкері бұйрықтың заңсыз екенін сезінсе, оны орындамауы керек.
Полиция қызметкері жеке тұлғаға тікелей, орны толтырылмайтын зиян келтірумен сипатталатын заң бұзушылықтарға қарсы тұруы тиіс, ол барлық  мүмкіндіктерді пайдалана отырып кешіктірместен шаралар қолдануға міндетті.
Егер жасалған құқықбұзушылық тікелей орны толтырылмайтын  зиян келтіреді деген негіз болмаса, ол бұл құқықбұзушылықтың салдарын болдырмау және қайталанбауы мақсатында болған оқиға туралы өз бастығына хабарлауы тиіс. Егер бұл хабарлама қараусыз  қалдырылса, ол жоғары тұрған инстанцияларға жолдана алады. Бұл бап заң бұзушылықтарға арналған. Декларация  құқықбұзушылықтардың  екі түрін ғана атап көрсетеді. Бірінші жағдайда тікелей  және орны толтырылмайтын зиян туралы мысалы  жаппай қырып жою  айтылған. Бұл кезде  полиция қызметкері өзі жедел шаралар қолдануға міндетті.  Бұл басқа жағдайлар құқықбұзушылықтар тікелей және орны толтырылмайтын зиян келтірмейтін фактілер.  Мұндай жағдайларда полиция қызметкері құқықбұзушылықтар туралы өз бастығына хабарлауға міндетті, нәтижесінде соттық  сипатағы бұлтартпау  шараларына жол беріледі.  
Заңға қайшы өкімді орындаудан бас тартушы полиция қызметкері тәртіптік жазаларға немесе сот алдында жауаптылыққа тартылмауы тиіс.Бұл бап  төрт баптан туындайды. Заңға қайшы бұйрықтан полициялық  декларацияның нақты мәні айқын көрінсе, бұл бұйрықты орындаған полиция қызметкері өз әреккеттері үшін жазаға тартылмауы тиіс. Тағы да қайталанып айтылады: бұл бап барлық заңға сәйкес бұйрықтардың орындалу міндеттілігіне бағытталған; сонымен қатар,  ол бұйрықты орындамаған  полиция  қызметкерін өзінің бағынбаушылығының негізін көрсетуге міндеттейді.
Аңдуды, ұстауды, қорғауды немесе көлікпен  тасмалдауды жүзеге асырушы полиция қызметкері сезікті болмаса да, оларға қатысты нәсілдік тегіне, діни немесе саяси көзқарастарына байланысты қамау қауіпі немесе қудалау орын алған тұлғалар мен одақтаспауы  тиіс. Мұндай жағдайда ол екі көз  қарастың арасынан оңтайлы нәтиже шығаруы тиіс.  Бір жағынан, ол азаматтардың нәсілдік тегі, діни немесе саяси  көзқарастары үшін қудалауға түсуіне шыдамауы тиіс. Ол полиция қызметкері ретінде нақты және айқын әрекеттер  жасауы тиіс; мысалы, ол  еврейлерді діни көз қарастарына байланысты қамауға көмек беруден бас тартуы тиіс.  Екінші жағынан, ол  қазіргі кездегі  көптеген қылмыстардың жасырын саяси себептер  бойынша жасалатынын білуі тиіс.  Ирландияда қылмыстардың қырық проценті саяси себептермен түсіндіріледі. Декларацияның сегізінші бабының нақты мағанасына сәйкес, ол сезікті болып табылатын нақты бір саяси ұйымның мүшелерін жазаға тарту мүмкіндігін  жүзеге асыруға ұмтылуға және ол  ұйымға аса ауыр қылмыстар үшін мысалы, бомба тастау жауапкершілік жүктеуге міндетті. Әсіресе бұл ланкестік әрекеттерді  ұйымдастырушыларға терролистер  байланысты.  Сонымен қатар,   егер жасалған қылмыс  қылмыстық құқық саласына енсе, бұл ерекше  маңыздылыққа ие. Бұл бап полиция қызметкерінің  адамды ол еврей немесе саяси партияның мүшесі болғаны үшін ғана қамауға алмауын атап көрсетеді.  Сол мезетте, бап, егер полиция қызметкерінің белгілі бір тұлғаның қылмыстық жазаланатынын әрекет жасады деп сезіктенуіне негіз болса,  онда ол адамды нәсілдік тегі діни немесе саяси көз  қарасы үшін қудалаудан бас тартпауын атап өтеді. Қылмыстық пен ланкестікке қарсы күрес  Еуропаның әрең қол жеткізген азаматтық бостандықтарын жоғалтумен қатар жүргізілмеуі тиіс. Шын  мәнінде, көп жағдайда ланкестікті ұйымдастырушылардың мақсаты болып қоғамды бұзу, құрту болып табылады, сол себепті қоғам мұндай құқық бұзушылықтарға ланкестік  әдістермен  қарсы тұруға мәжбүр.  Осылай өркенктті қоғамның құлдырауы басталады.
Сол себепті де біз саяси және дін бостандықтарды қорғауымыз керек, сонымен қатар, ланкестік әрекеттерге бар күшпен қарсы тұруға міндеттейміз.
Полиция қызметкері өз әрекеттері үшін де бұйрыққа сәйкес орындаған немесе оны заңға қайшы деп тапса, орындамаған әрекеттері үшін де жауапкершілікте болады.
Қарапайым алайда ерекше мәнге ие ереже бар. Ол тағы да ағылшындық құқықтық доктринаны жоғары қояды. Оған сәйкес полиция қызметкері көп жағдайда нұсқауларды жамылып жауапкершіліктен  қашуға тырысады. Бұл ереже әрбір жеке полиция қызметкерінің жауапкершілігін сипаттайды.  
Әрине оның  қызметі ауыр, алайда ол оған күште береді.  Сонымен қатар әрбір жекелеген полиция қызметкерінің жауаптылығы жоққа шығарылмайтындығын атап өтеді. 
Бұдан шығатын  қорытынды, полиция қызметкері жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Ол қызметік борышын орындаудағы билікті пайдаланумен байланысты, көшедегі қозғалыстың бұзылуына әкелген әрекеттер үшін азаматтық кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Әрине атқарушы билікті  асыра пайдалану  жағдайларының барлығында мемлекет жауапты болады.
Өкімдерді беру құзыретінің нақты шектері болуы тиіс.  Бұл  бастыққа қандай әрекеттер немесе әрекетсіздіктер үшін полиция қызметкерінің жауапты болатындығын анықтау үшін қажет.
Құзыреттерді нақты анықтау полиция қызметкерінің өз мүддесі үшін де пайдалы  бұл бап заң шығарушы мен билік үшін  директивтік  бағыт бағдар ролін атқарады, ол жекелеген полиция қызметкеріне бағытталмаған.
Әділет министрлігіне және Ішкі істер   министрлігіне.
Мұндай жүйеде қарама қайшы окімдердің  болуы салдарынан полицияның өзіндік дербес шешімдер қабылдау қаупі  туындайды.
 Заңнама полицияның әрекеттерінің нәтижесінде болуы мүмкін кез келген зиянға қарсы заңды кепілдіктер мен  құқықтық құралдар жүйесін коздеуі тиіс.
Өз  міндеттерін орындауда полиция қызметкері  заңды тұрғыда қажет және рұқсат етілген мақсаттарға жету үшін өзінің барлың  құқықтарын  пайдалануға міндетті;   сонымен  қатар,  ол нақты жағдай үшін қажетті болуы мүмкін зорлықты пайдалануда шектен аспауы тиіс. Себебі, өзінің қызметтік борышын өтеу  барысында полиция қызметкері зорлыққа баруға мәжбүр болады.  Ескеріп өтетін бір жайт,  полиция зорлықты қолдануға рұқсатты иемденбейді және зорлықтың не, оның шктері қандай екендігіне нақты анықтама бру қиын.  Полиция тек ерекше жағдайларда ғана, тек  бір саналы иөлшерде ғана зорлықты қолдана алады. Полицияның қоғамдағы беделі  көп жағдайда оның өз қызметтік міндетін орындау барысында қолданатын тәсілдеріне байланысты. 
Полиция қызметкері қаруды қолдану тәсілдеріне және жағдайларына қатысты нақты және жан жақты нұқаулады толығымен білуі тиіс. Құқық  мәселелері бойынша комитет  Ирландия мен Ұлыбританияда қатардағы полиция қызметкерінде қару болмайтындығын  атап өтеді.  Оған бұл баптың қатысы жоқ, алайда,  бұл мемлекеттерде қаруланған  полиция да  бар, ал БҰҰ ның басқа мүше мемлекеттерінде полиция толығымен қару жарақпен қамтамасыз  етілген  ол жерлерде бұл баптың маңызы зор.
Адамды қамауға алған полиция қызметкері, егер бұл адам медициналық көмекті кажет етсе, медецина қызметкерлерін шақыру арқылы оған бұл көмекті қамтамасзыз етуге міндетті,  қажет болған жағдайда оның өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға байланысты шаралар қолдануға міндетті.Мұндай қамау медецинал ық бақылау арқылы жүзеге асырылады, ол дәрігерлер мен басқа да медецина қызметкерлерінің нұсқауларын орындауға міндетті.
15 Полиция қызметкері өзі танысқан құпия сипаттағы барлық істерді құпия күйінде сипатталу тиіс. Ол басқа жерге өз қызметтік борышын өтеуге аысқан күннің өзінде де бұл ереженің күші сақталады .
Осы декларацияның талаптарын орындаушы полиция қызметкері өзі қызмет ететін қоғамнан материалдық және моралдық көмек алуға құқығы бар.
Полиция мен қоғамның арасындағы жақсы қарым қатынастардың маңызы зор.  Ешбір полиция қызметкері  егер ол өзі қызмет ететін қоғамнан материалдық және моральдық көмек алмаса, өз міндеттерін нәтижелі, халық мүддесі үшін орындай алмайды.

Жүктеп алу
641 рет жүктелген
44.00 кб файл салмағы