Қара сөздер туралы

Рефераттар
1257
Жоспар
1. Кіріспе
2. Қара сөздер туралы
3. Қара сөз тақырыптары
4. Қара сөздердің мағыналары
5. Қара сөздің маңызы
6. Қорытынды
 
Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында  жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз » деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма. Оның алты жеті үлгісі қысқа келеді. Бұл қатарға қосылатындар он алтыншы, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма төртінші, отыз бірінші, қырық бесінші сөздері.  Жалпы қара сөздерден  мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын қырық алтыншы сөз.  Ол тарихтық  мақала очерк тәрізді. Қазақ халқының қайдан шыққандығына арналған дәлелдерді, деректерді қысқа зерттеу сияқты өзге қырық бес сөздің  ішінде көлем жағынан ең көп, мол шығарма бұрын  Абайдың қолжазбаларында  «Ғақлиат -Тасдиқат» деген атпен бөлекше көшіріліп жүретін, мораль  мәселелеріндегі Абайдың бір үлкен толғауы болады. Бұл - отыз сегізінші сөз.  
Осыдан соң қара сөзбен жазылған мысал, өсиет есебіндегі  Сократ пен оның шәкірті  Аристодиш әңгімесі. Бұл-жиырма бесінші сөз.
Көпшілік қара сөздерден және де өзгешерек қалыптанған  Абайдың отыз жетінші сөзі.  Бұл бөлімше өзге қара сөздерше  тұтас құрылған бүтін шығарма емес. Шартты түрде «отыз жетінші сөз»  деп бір араға бастары құрылған афоризмдер саналады. Мүрсейіттің көшірмесінде және  Абайдың толық жинақтарының бәрінде осы афоризмдер жиырма үш деп саналады.  Анығында Абайдың афоризмдері бұлар ғана емес. Және жинақтарға басылғандай бір ғана 1896 жылда таған болмау керек. Әр жылдарда айтылған терең ойлы, шешен, шебер сөздері 1896 жылы ең алғаш Абай шығарммаларын құрастырушы шәкірттері сол жылда түгендеп еске алып отырып, ойда сақталғандарын осылацша «отыз жетінші сөз» деп мөлшермен шартты бір шеңберге сыйғызған сияқты. Афоризмдер Абайда жиырма үштен әлдеқайда көп екендігін Абай оқушыларының бәрі де біледі. 
Ақынның өз шығармалары ғана емес, Пушкиннен, Лермонтовтан және әсіресе Крыловтан  жасаған аудармаларының тұсында әр алуан өсиет, сын, мысқыл, әжуа, психологиялық, эстетикалық, педагогикалық  жайлардан  түйін айтқан  нақыл, ақыл, терең ойлар аса көп кездеседі. Сондайлық бірекі өлең жолдарының жолының бойына сыйған тұжырымды көркем сөз Абайды көбінше  афоризм болып қалыптасқан.
Ал сөз өлеңдеріне ауыссақғ онда осылайша жазылып және жұртқа мол жайылып,  нақылөсиет есебінде тарап кеткен талай өлең жолдары бар. Соның көбі және де Абайдың афоризмдерінің   санын молайту керек.  Ең аөылы осы тұста бөлек тексеріліп отырған қара сөздердің өздерінің кейбіреулерінен де Абайдың шешен, шебер, тапқыр етіп түйген сөйлемдері афоризм қатарында оқушы жұртқа ертеден көп тарап кеткені бар.
Олар да «отыз жетінші сөзді» көп тың мысалдармен әлі талай тамаша бағалы афоризмдермен молайта алады.
Осылайша, жалпы Абай қара сөздерінің ішінен «отыз жетінші сөзді» де біраз ерекшілігін қарап, бөліп шығардық. 
Жоғарыда жасалған екшеулер бойынша біз жеті сөзді қысқалық есебінен және өзге сөздерге де әр көлемде айтылған пікірлерді қысқа түйіп бір бөліп шығардық. Онан соң Абайдың түгел сөзі өзінікі  болмағандықтан, аударма ретінде жиырма жетінші сөзі Сократ сөзін бөлдік. Түр өзгешелігі бойынша «отыз жетінші сөз»  «Ғағлиат -Тасдиқатты» бұрыңғы барлық қолжазбаларында бөлініп жүрген ретімен жалпы қара сөзде бөлекше атадық. Тағы да тақырыбы ғылымдық мәселе болғандықтан, «қырық алтыншы сөз»- тарихтық очеркті де бөліп атадық.  Осымен жиыны он бір сөз, қара сөздер көпшілігінің  қалпынан бізге басқарақ саналды. Содан ары қалатын Абайдың анық «қара сөз» атты мұрасын алғанымызда олар отыз бес сөзден құралған болады. 
Енді, ең алдымен, осы қара сөздің қалың тобын тақырып мазмұндарына қарай арнаулы жіктерге бөле отырып тексеріп, танып көрелік.
Жалпы алғанда, Абайдың ос барлық қара сқз дейтін мұралары  көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады.  Бұлар сюжетті шығарма емес.  Бұрыңғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және  көбінше адамгершілік, мораль мәселесіне арналған өсиет, талдау тәрізді.
Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесуге мәслихат, кеңес құрып отырған  ойшыл ұстаз тәрізденеді. Кейбір сыр сипаттарыны қарағанда, Л.Толстойдың «Круг чтение» деп аталатын еңбегіне ұқсас.   Л.Толстой өзінен  басқа ойшылдардың көп-көп жайлардан жазған толғаулы терең пікірлерін жиып топтап, өз оқушыларына кітап етіп ұсынған. Бірақ Л.Толстой  «Круг чтенияда» оқушылармен тыныш, тату әңгіме өткізем дейді.  Сөз бастағанда әрбір жайлардан өз ойларын келтірмейді.
Абайдың қара сөзінде Сократтың сөзін дін үгіт- шілерінің сөздерін келтіргендей етеді.  Абай қара сөздерін көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады.
Осыдан соңғы қара сөздер жөнінде майқын басталатын бір өзгешелік, Абай өзінің өлең сөздерінің  көптен-көбін заманындағы оқушы  мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көрінеді. Онысы анығында солай да еді. Осы жайды ескеріп, Абай енді қара сөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады.
Сондықтан кейбір қара сөздерінде бұрыңғы өлеңінде  айтылатын ойлар қарапайым, оңай, жеңіл ұғымда  қайтадан айтылады. Бұл жөнінде Абай өзінің көпшілік оқушы, тыңдаушысымен әңгімелейді.   Және сол әңгіменің үстінде адамгершілік мәселелеріне: әділет, ақтық, турашылдық, шыншылдық, сүйгіштік, ғылымға қүштарлық, еңбекті бағалағыштық  сияқты  жайларды айтады.  Немесе осылардай, адамдық сипаттың жауы болатын, аярлық жалғаншылық,  бәле құштарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өсекші-өтірікшілік, еріншектік сияқты әр алуан адамдықты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тыңдаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағын алдымен ойлайды.
Айтпақ сөздері мен ойларын мысалдармен келтіреді. Кейде өзінің көз алдында отырғандай, тыңдаушысына  сұрақтар береді. өзі онымен жауаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады. Мысалдарды қазақтың Абай заманындағы күнделік болмысынан алады. Сол мысалдарды кейде күлкіге салып мысқыл, әжуа халдерді әдейі айқындай түседі.  Әңгімесі тыңдаушысына пайдалы өсиет болуымен бірге, көңіл айтылып, қызықты болып жетсін деген мақсатты ойлайды.
Өзінің адамгершілік, әлеуметшілдік, ағартушылық ойларын айтуда  Абай педагогикалық жақсы әдісті қолданады. Оңайдан қиынға қарай,  жақыннан жарыққа қырай, өызықты күлкілі жайдан үлкен толғаулы  өорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Сатылап отырып үгіт-өсиет асырады.
Сонда тыңдаушысы туралы  Абайдың күдігі көп. Кейбір терең өсиет, озғын ойлары  бұрын тыңдаушыларының санасына жетпеуі мүмкін.  Сол себепті өлең сөздерінде ұзақтан, тереңдеп айтылған кейбір ағартушылық, адамгершілік үлкен ойлары мен қоғамдық тартыстың  қайшылықтарын ашатын анық шыншыл және күшті азаматтық сындарын мынау қара сөздерінде оңайлатып, азайтып, қысқартып айтылатыны да болады.  Бұл ретте кей ақынның өлеңінде кездесетін қайшылықтар және тарихтықтар көлемді түсініктер көбірек көрінетін кездері де болады.
Оқушы мен көпшілік тыңдаушыларының өз тұсындағы сенім-нанымдарын еске алғандықтан, ақын дін тақырыбын көбірек сөз қылады. Әрине, оның өз нанымы өзгермейді. Сондықтан өлеңдегі сияқты дінді адамгершілік моральдің, тәрбиенің қараіғылыққа қарсы, шартты түрдегі өткелі есебінде бағалайды.
Осындай негізгі түсінік Абайдың қара сөздерінде де көрінеді. Бірақ осымег қатар мұсалман дініне шанған тыңдаушыларына құдайдың, пайғамбардың, иман, парыздардың  жайларын көбірек айтады.  Мынау оқушылармен әңгімелескенде өз ойына соларды көбірек серік етеді. Және өлеңнен қара сөздерді төменірек түсіретін тағы бір өзгешелік бар.  Онысы: дін тұтынушылар мен би-болыста, атқамінерлер жөніндегі аса аяусыз, сыншы, жазушы болған қалпын  Абай қара сөздерде біраз жеңілдетіп ашун азайтыңқырап алады.
Өлеңінде жаңағы топтар жөніндегі шығармалар тіпті көп болса, қара сөздер  орташа шындықты  орташа халде таратады.  Бұнда жалпы  байқалатын күй, осы тыңдаушылармен Абай тату, тыным мәжіліс құрғандай  болады. Ол тыңдаушыларды, әрине, «Ғақлиат -Тасдихаттағы» оқушылар ғана  деп бағалау дұрыс болмайды. Өйткені «Ғақлиатты»  Абай өзінің қасында жақын жүрген шәкірт достарына, үміт еткен жақсы жастарына аса бір жылы жүректер ағалық өсиет етіп айтқан.
Ал көпшілік қара сөзде Абайдың көз алдында көрініп отырған тыңдаушысы жаңағы жастар ғана емес сияқты. Бірақ олар Абайдың аяп әңгімелесетін, тартына  сөйлейтін адамдары тәрізденеді. 
Осы себептен болу керек, қара сөз ой тереңдігі жағынан да көп өлең сөздерден таязырақ, сәл ғана шындықтардың өріс-өндірісін байқататындай болады. 
Енді осы жайларды, жоғарыда біз бөліп шығарған отыз бес қара сөздің әр алуан жіктерінен, топтарынан нақтылап танып көрейік.
Жиыны барлық қара сөз, біздің аңғаруымызша, он, онбір тақырыпқа бөлінеді. Кейбір тақырыптар бір топ сөздердің көлемінде қайталанып, әр алуан жаңа мысқыл, теңеулермен, дәлелдермен молайғаны болмаса, ой жағынан бір алуандас болады.  Ал енді тақырып, бірбір өара сөзде айтылумен тоқтап отырады. Мысалы, бірінші қара сөзде айтылумен тоқтап отырады. Мысалы бірінші қара сөзінде (айтылуында) Абай жазуға қалай кіріскені туралы сқйлейді.  Бұнда қмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармашылық еңбегіне ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа  өзшге қара сөздерде оралмайды.
Екінші сөзінде – халықтарды салыстырады. Қазақ, ноғай (татар), сарт (өзбек), орыс сияқты көршілес елдерді оқушысы қазақ жұртшылығына  әділетті достық көңілімен ұғындырып береді. Әңгімені  жай бір тыңдаушылар тобында отырғандай, жеңіл әзіл тәрізді бастап, өз халқының дәлелсіз үстірт өзімшілдігін мысқыл ете келеді.  Содан барып  шын сыншыл ойларына ауысады.  Еңбек сүйгіш ел атауының бәрі де өазаөтай еңбексіздікке мол салынған және сол еңбекті өнеркәсіпке, күндегі тіршілікте көрші елдің бәрінен кейін  қалып отырған халқына үлгі берерлік, артық елдер болып бағаланды.
Тақырып жағынан алғанда, үшінші сөз де өзіне бөлек бір алуан. Бұнда қазақ сахарасын  билейтін әкімдер, тергеуші билер, соттар туралы сөйлейді.  Сол күндегі ел тіршілігінің  қайшылық, ауыртпалықтарын молайтып отырған аппараты туралы да ой қозғайды. Болыс атаулының елге сор болатын, тынымсыз сойқанды мінездерін әшкерелейді. «уақытша себі бола ма ?»  деп бірер ұсыныстар айтады. Сол ретте ендігі болыс орысша оқуы бар адамнан болса екен дейді. Және тергеу мен үкім шығаратын қазақтың биі, сот орны туралы пікір айтады.  Ел ішіндегі дау оңай шешілу үшін, әділетпен аяқталу үшін патшалық өкіметі  сайлаумен қойып жүрген билер болмаса екен дейді. Оның орнына третей билікті ұсынады.  Абайдың осы пікірі геценнің «Былое и думысында» жазылған соттар турасындағы пікіріне өте дәл келеді.  Герцен Ресейдегі параны құрту үшін халықтың көз алдында әшкере тергеу болатын болсын және бұрынғы третей соты қайтадан заңға кірсін деген.
Абайдың ойында да билік, тергеу халықтың қамына жақын болсын. Жұртшылыққа залалды жаманшылық атаулы орынды жазасын алатын болсын деген қамқорлық талап бар.  Бұл қара сөз Абайдың өз тұсындағы күнделікті өмір шындығына қолма қол байланысты болып, оны сынау арқылы пайдалы іс етемін деген ақын, жаңағы қара сөзінде сол әлеуметтік, әкімшілік қалпына нақтылап аралалқысы келеді. Әсіресе, халыққа күнделік іс-әрекетімен бейнет, дет әкеліп отырған тергеушілік  тәртіптің сорақыларымен алысуға кіріседі. Бұл жөніндегі Абайдың кемшілігі, қателігі   Шоқанның бір қателік пікірімен үйлес келеді. Екеуі де ендігі билер ендігі билер ауыспайтын өмірлік би боп сайлансын дейді. 
Төртінші сөздің де тақырыбы өзіне бөлек басқаша шығады. Бұл өсиетте бұрыңғы өлең сөзінде де  көп айтқан тақырыпты қозғайды. Онысы - күлкі туралы ойлаған ойы, сыны.
Бесінші сөз – қазақтың кейбір мақалдарын сынайды. Мұнда халық санасының өзіндегі надандық,  қараңғылықтың салдарынан  таутын мінді мінез, кемші ой, айыпты әрекеттерді шеней өтеді. Мал үшін өмір кешетін адамдарды үлкен қиялмен сынап, айыптап түземек болады.
Осы жоғарыда аталған бес сөзінде бес бөлек тақырып болса, келесі алтыншы сөзден бастап белгілі ой мен сындардың, өсиет пен үгіттің арнаулы тақырыптары тірталай сөздерде қайталанып отыратынын көреміз.  Мысалы, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он төртінші, жиырма үшінші, жиарма алтыншы, жиырма тоғызыншы, отыз үшінші, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екіншіқ, қырық екінші, қырық үшінші   сөз сияқты үлкен бір топ сөздерінде Абай ел мінездерін көптен көп сөз етеді. Бұнда бірлік жөнінде, ол ақылды болыс би ел әкімдерінің пара алмайтыны жөнінде кекету, әжуа айталады. (алтыншы, сегізінші сөздерінде және де осы топта ол туралы талданған оцдың ызалы ащы күйін уланған оймен  көрсететін сөз бар).
Осы қатарда мінез жайын айта келіп өтірік, батырсыған бояма мінезді сынау, адамдықты үгіттеу он төртінші көрінеді. Ел мінезін сынайтын сыншыл – реалист жазушы кейде бұрыңғы өлеңінде қолданылатын қатты сатираны да өзіне үлгі етеді. Қуаныш пен  жұбаныш жайын аса ащы сатирамен жиырма үшінші сөзде, жиыама алтыншы сөзде айқын көрсетеді. 
Жиырма төртінші сөзінде тағы да мақалды шенеу арқылы, ел мінезіне үлкен сыншылдық жасайды. Және де кәсіп, еңбек иесі адамды бұзып, аздыратын салтты отыз үшінші сөзде баяндайды. Осыдан соңғы бір топ толғаулар қазақтың бұрынғы өткен адамдарының  мінезін сөз етеді. Халықтың дұрыс мақалдарын елдік қасиет есебінде ақынның қадірлейтінін көреміз  (отыз тоғызыншы сөз).
Ел мінезіне арналған сөздердің қырқыншысы- тыңдаушысыменен көзбе-көз әңгімелесу үстінде туғандай. Жазушы көп сұрақтар беріп отырып, қазақ қауымындағы адам мен адам арасындағы қарым-қатынасты қатты сынай сөйлейді.
Және де ел мінезіне арналған қырық бірінші сөзінде Абайдың көп өсиет - сын өлеңдерімен ұштасатын жайттар қайта қозғалады. Енді тағлым, тәрбие түзер еді, ол жоқ деген аранды ой туады. Халық басындағы, қоғам ішіндегі ауыртпалық күйдің бәрін теріп көрсететін осы топ сөзднрдің бір алуаны (қырық екінші сөз) жұмыссыздыққа арналады. Еңбексіз жатып ішу, қолы ұдайы бос болу, жеке адамның басындағы және бар қуымдағы кеселдің үлкен себепшісі деген аса сыншыл, дұрыс ойлар айтылады.
Осы бір топ сөздердің ең соңғысы қырық үшінші сөз алғашқы жолдарында Абай санасндағы дуализмді  көрсеткен педагогикалық, психологиялық үлкен жүйрік ойды тнтады. 
Қара сөздер ішіндегі көлемі үлкен, кенеуі мол сөздің бірі  де осы деуге болады.  
Енді бір бөлек тақырып болып, жетінші сөз оқшаулау көрінеді. Ол жас баланың психологиясын еске алып тадаған сөз. Баладағы  білуге ұмтылу жақсы қасит екетін атаумен бірге, үлкеннің надандығы сол жақсы баланы жаман тәрбиемен қорлап  бұзғанын білдіреді.
Өзге қара сөздерден және де өз тақырыбынан оқшаурақ тұратын он бірінші сөз ұрпақ турасынан басталып ұлықтарға қарсы, оларды қатты әшкерелеген сыншының ойын танытады. Халықтың, көпшіліктің өкілі болып отырған азаматжазушы жаңағадай ұлықтар кесірінен бейнет шегетін ел үшін ширығып, ызалы турашылдық сөзін сөйдейді. 
Бұл тексерілгендерден бөлек қара сөздердің ішінде тағы бір қайталай түсетін тақырып - дін менен мораль тәрбие жайларын қозғайды. Олар: он екінші, он үшіеші, жиырма жетінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз сегізінші  және қырық бесінші сөздерде.
Осы сөздердің кейбірінде Абай құдайға құлшылық етудің мәнін айтып,иман жайын сөз етеді (он екінші, он үшінші, жиырма жетінші, отыз алтыншы, отыз сегізінші және қырық бесінші сөздер.) Бірақ сол мұсылманшылдықтың  анық діндік үгітін айта отырып, Абайдың өз оқушысына жеткізбегі адамгершілік өсиеттер болады.  Сол адамгершілік қасиетті адам өзінің жаратылыс сырымен  қоса бағалап, түсінсін де ойдайды.  Сондай түсінік адамды адамгершілік биіксатыға көтереді дейді.  Осы ойына тіреп, дерек етіп, (жиырма жетінші сөзінде)  әдейі ұстаздық, тәрбиешілдік ниетпен Сократ сөзін береді.
Отыз бесінші, отыз алтыншы сөздерінде Абай қазақтың дін күтушілерін  және сол дін жолының өзіндегіи өрескел мінді мінездеріе шенейді. Пайғамбар өсиетін айта отырып та, сыншыл ақылдың талаптарын Абай айқын атап отырады.
Осы топта көлемі мен мазмұны бойынша ең үлкен орын алатын отыз сегізінші сөзі – «Ғақлиат-Тасдиқат». Бұнда Абай аят, хадистерден цитаталар келтіріп сөйлейді. Жазу тілінің, басқа қара сөздердегі анық қазақтың түрін өзгертіп, кітапшалап  (түрікше ) тың үлгі, стиль іздейді.
Ақынның өсиеттері мен  қара сөзде көрінген ұстаздық мақсаттар екеуі де осындай  тұстарда табысып кеп, үнемі бір сағаға қосыла құйылып жатады.
Осылайша топталып, тексерілген қара сөздердің тақырып бойынша құралатын ендігі бір мол түрі тағы бір топ сөздерде көрінеді.  Бұнда әр алуан түрде қайталап келіп отыратын бір тектес тақырыптар бар.  Сол ортақ тақырыптар адамның адамдық  қасиеттерін тереді. Үлкен адамгершілік, ақтық , тазалық, азаматтық, жөніндегі тәрбиелік ойлар айтылады. 
Он бесінші сөзде мораль мәселесін  мінез белгілеріне байланыстыра отырып, әрбір жақсы адам боламын деген кісіге өзөзіне есеп беру, самоанлиз, самоотчет жасау қажеттігін айтады.
Он жетінші сөзде Абайдың өз тұсындағы және Абайдан бұрынғы үлкен моралист, педагог ойшылдардың, ұстаздардың көп айтқан пікіріне жанасатын ой - толғау жүргізеді. Адам жан-жақта ақыл қасиетті болу үшін оның қайрат, ақыл, жүрек (сезім М.Ә.) үшеуі бірдей болып, тең табыссын деген талап қояды.
Он сегізінші сөзінде  және де қысқа қайырып, адамды адам етіп өсіретін, ұлғайтатын ақыл, ғылым, ар, мінез деген ой  түйеді.
Жиырма бесінші қара сөзінде қазақ халқының қадірлі азаматы, қауымға пайдалы қайраткер үшін орыс оқуының ерекше бағасын қадірлеп айтады. Жаңағы айтқан жиырма екінші сөзде Абай көрсеткен қайшылық өлеңінде де біренсаран жерде ұшырасқан өайшылыққа жалғасады. Ел бидеулі адамдардың адамгершіліктен тыс мінездерін сынап, әшкерелеп келе отырып, Абай еңбек байып қостаймын дегендей ойға ауысады.
Адамгершілік жөніндегі тәрбиелік тақырыпты Абай отыз екінші сөзінде де және қырық сөзінде де қайталап, тоық дәлелдеп өтеді. Бұларда ғылым басқа есеп үшін емес, адамның бас қасиеті  өсуі үшін арлы, мінезді толық мағыналы адам болуы үшін жәрдем етсіе дейді. Отыз сегізінші сөз.
Қырық төртінші сөзінде тәрбиелік ойдың тағы бір шартын адамның басындағы мінезділікпен байланысты талапқа әкеп салды.
Міне, осылайша  топтап тексеру ретінде тақырыптық өзгешеліктерін еске алып отыры, біз Абай жазған қара сөздердің барлығын шолып өттік. Ал  қара сөздер түр жағынан, әдебиеттік құрылыс жағынан бұндай жыл санап жаңғырып, өзгеріп отырған тың түрлердің тосын үлгілері бермейді. 
Қорыта келгенде, Абайдың қара сөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына дейміз. Абайдың өз тұсында болған тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен, күнделікті сан алуан надандық, қанаушылық, озбыр зұлымдық атаулының бәрімен  байланысты туған шығармаларды көрдік.  Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдік өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес.Ал осы аталғандардан басқа Абайдың поэзиялық мұрасына қоса сөздерді беретін әр заманда бағасы жоғары жойылмайтын бір үлкенқымбат қазына бар. Ол - Абайдың осы қара сөзді жазған тілі .Өлең сөзінде өзінің барлық шеберлігі,  жаңалығы, көркемдік таланты бойынша қазақ тілінің сапасын тілінің дәрежесіне көтерген ұлы тарихтық еңбегі қандай болса, қара сөздерінің тілімен де Абай осындай еңбекті біздің мәдениет тарихымызға мол сіңірді. 
Біздің осы күнгі сөйлеп, жазып жүрген әдебиет тіліміздің тарихы жалғыз ғана Абайдан басталады демесек те, сондай сапалы тілді қазақтың жазба әдебиетіне анық биік белге өрлетіп шығарған Абай екені даусыз.
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. А.Құнанбаев  «Шығармалар екі томдық» А,1997 жыл
2. А.Құнанбаев «Қара сөз, поэмалар» А, 1997 жыл
3. М.Әуезов «А.Құнанбаев» А, 1992 жыл
4. З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» А, 1997 жыл
 
Сырым Датұлының  шешендік өнері 
 
Ұлтымыздың тарихында асқан батырлық-ерлік істерімен, асқақ сипатты,  тапқырлық даналық, шешендік сөздерімен, әділетті билік-кесімдерімен жарқын із қалдырған заңғар тұлғалардың бірі - Сырым Датұлы. 
         Сырым  Датұлы  1712-1802 жылдары  өмір сүрген қазақтың батыр әрі шешен биі.  Шыққан тегі Кіші жүздің Байбақты руынан. Байбақты ішінен Әйтімбет, одан Шолан.  Шоланнан Түкіш, Дат, Есенбай, Байторы, Даттан: Адамбай, Сырым, Амантай, Жомарт, Базарбай, Барлыбай, Жандыбай, Дүйімбай, Қорлыбай, Қалдыбай, Шыбынтай деген он бір ұл тарайды.  Таған ауылы Сарыой. Орал облысы, Жымпиты ауданы.  Дат момын орта шаруа, есті кісі екен. Ал, анасы адуынды, бір ауылды сөзімен де, ісімен де билеген ақылды бәйбіше болыпты. Сыры жеті-сегіз жасынан ақ естілігі, сөз тапқыштығымен ел аузына ілігеді.   Өсе келе сол өңірдегі билер, шешендер, сұлтан, хандарды тани жүріп, олардан шешендік тапқырлықты, ел билеу ісін үйренеді.  Сол билердің кейбіріне өзі іздеп барып, бата, жөнжорық алад.
          Сырым шешеннің тұңғыш рет билік айтуы балайша екен.   Мал өрістен қайтқан кезде, бірі атқа мінген, бірі жаяу кісіні көреді.  Екеуара бір түлкі. Шекесі қызып таласқан. Содан  Сырымға төрелік айтуды өтінеді. 
          Жаяу адам мән-жайды : «Жаздай осы түлкіні көз жазбай аңдып, алғашқы қансонарда қолға түсіремін деп»- жүр едім деп түсіндіреді. Ат  үстіндегісі: «Бүгін тәңертең ерте ізіне түсіп соғып алып едім» - дейді.
  Мұқият тыңдаған Сырым: «Бұл түлкі еркек болса, аттылы - сенікі, ұрғаша болса, жаяу - сенікі» - деп түйін жасайды. Сөйтсе  түлкі еркек екен де аттылыға бұйырады.
  Дүниетанымы терең, түйсігі ерен, білім-білігі кемел өндірдей жас Сырым: « Әйел адамның жүретін жері - ауыл арасы ғана болады. Ал еркек адам  қайда болмайды, сірә сіздің көріп жүргеніңіз ұрғашы түлкі болар, әлі де болса  күтіңіз, жүрер болар » -деп тұжырымдайды.
Шынында да жаяу кісі артынан өзі көріп бақылап жүтген ұрғашы түлкіні қолына түсіреді. 
Бұл Сырым шешннің туа біткен қасиеті көрегендігі ме, әлде білімпаздығы ма, не болмаса тәжірибесі ме?  
Халық даналағына жүгінсек, «сымбатсыз сұңқар болмас, тұлғасыз тұлпар болмас» дегендей, Сырым шешеннің дене бітімі, кескін-келбеті мінсіз, жан-жақты жетілген, сом болаттан құйылғандай болу керек. Бұған Байбақты руынан шыққан қарындасы елден ерте кетіп, жарықта қоныс теуіп, көрмей-білмей қырық жігіттің ішінен Сырымды жазбай танығанда, сол ауыл ақсақалы: «Сырымды  сен қалай таныдың?» -деп сұрайды.
Сол мезетте қарындасы: «Сырымда үш қасиет бар, біріншісі - батырға біткен тұлғасы, екіншісі- өжет мінезі, үшіншісі- асқан даналығы деп естуші едім. Маған Сырым қыран топшылы, толықс денелі, кең иықты, шалқақ төсті, жолбарыс бнтті, басы да елден ерек, торсық шекелі болып көрінді» -дейді.
Демек, талант дегеніміз ағзаның ерекше дамуы, орталық жүйке жүйесісің мықтап шарықтауы, белгілібір қабілеттің биіктеп, кең өріске шығандап шырқауы ғой. «Кемеңгерлік адам қабілетінің айрықша ашылып гүлденуі, мидың  биохимиялық, физикалық қызметі, ақылой органдарының үзбей жаттығуы,  үнемі үздіксіз еңбектенуі жазушының қуатын еселей түседі»деп жазады П.Ф. Лесгарт.
Сайып келгенде,текті тұлға Сырымның болмысына ой жүгірткенде,батырлық пен шешендік,ойшылдық пен тапқырлық,  көсемдік пен жетелік тамырлас құбылыстар, тұтасқан ғажайып қасиеттер ме деп өзгеше бір күйге берілесің.
Сырым Датұлының  заманында қазақ елінің шұрайлы, нулы, сулы жерінен, құттыжайлы қоеыс мекенінен айрылып, зар жылаған шағы еді. Патша үкіметі жзалаушы отрядттарын яғни казак орыстарды қазақ ауылдарына жұмсап, құтберекесін кетірді. Сонда Сырым батыр адамның сүйегі сарқырарлық сөз сөйлеп, елі мен жерін қорғауға жұртын шақырды.  Сырым датұлы 1783-1797 жылдардағы ұлтазаттық көтерілістің ту ұстаушысы болады. Адамзат тариха қанмен жазылған ғой. Қазақ ұлтының басына түскен зұлмат жылдарда, қанды қырғындарда Сырым патшаның езгісіне, оның  отарлаушылық саясатына  жергілікті жандайшаптарына, арам пиғылды хан сұлтандарға қарсы күреседі. 
Шешеннің пайым-парасаты, зерде-зейіні, адамгершілік қасиеттері, жоғары ойлау мәдениеті  сөйлеген сөзінен байқалады. Нақтылап айтқанда, ойын ұрыс, мінсіз жеткізу, ойлаған пікір-лебізінің дұрыстығына деген сенімі.  Әсіресе, Сырым шешен тұтқиылдан қойылған сауалдарға ып-ықшам, жинақы жауаптары әзір.
Хан бірде Сырымды:
           - Сөз анасы неден?
           Су анасы неден?
           Дін анасы неден?
           Жол анасы неден? -
деп тексереді.
Іле Сырым:
                  Сөз анасы - құлақтан,
                  Су анасы  - бұлақтан,
                  Дін анасы - ұяттан
                  Жол анасы –тұяқтан – дейді.
Тағы да хан:
                  Дау мұраты не?
                  Сауда мұраты не?
                  Жол мұраты не?
                  Қыз мұраты не?
Сол мезетте Сырым: 
                  Дау мұраты - біту
                  Сауда мұраты - ұту
               Жол мұраты -  жету
               Қыз мұраты - кету - дейді. 
    Осынау Сырым сөздері жоғары танымдық қабілеттен, этикалықтәжірибелік даналықтан, көргендік интуациядан туған. 
      Заманында Сырым жер турасында, адам құны, туралы, ұрлық, барымта, мал құны, неке бұзу, куәлік, жесір дауы  хақындағы алуан-алуан дауларға тура, әділ билік айтып, елдің ақыл-аузы, арқан-қазығы, бүтінші- бітімшісі болған. Өзі айтқандай, «таудан биік көңілмен, теңізден терең ғылыммен» шым-шытырық, дау-шарды егжейлі-тегжейлі саралап, жіктеп сөйлеген.  Соның бірі мынадай.   Сырым ақылды қария Малайсарыдан бата алмақшы болады.  Көпті көрген көне қарт батамды беремін, «көңілімде жүрген бір іс бар еді» дейді. - Байұлының бір баласының Әлім жігіттері өлтірген еді. Соның жоқтаушысы жоқ.  Ердің  құнын жастың жайсаңы даулайды, не кәрінің сайтаны даулайды деуші еді, шырық! - деп күрсінеді.
        Бала бүркіт парлап ұшады дегендей, Сырым да еліктей ұшып, Малайсары айтқан елге, сол аулдың ақыл аузы Ақсуат биге жетіп келеді.
        «Уа, тоқтаңдар, шаңқай түсте шабатындай ауылымның үстін шаңдатып келе жатқан бұл кім түге? Елмісіңдер, жауысыңдар?» деп ақырады.
      Сырым: «Уа, би ел десең - елміз, жау десең - жаумыз, алты қырдың астынан жаяулап келетін Байұлы Әлімнің келіні емеспіз, бізбен дұрыстан сөйлесіңіз», - дейді.
      Ақсуаттың, бір жігіті  құлағына сыбырлап, «өздері он екі аттылы екен», - дейді.
      Ақсуат: «Онда он екі ата Байұлы түгел атқа мінген екен, үштөрттен  үй-үйге бөліп түсіңдер»,- дейді.
        Сырым екі жолдасымен Ақсуаттың үйіне түседі, бірақ би шешіліп сөйлесе қоймайды.
        Сырым: «Би, аты-жөн сұраса отырайық», - дейді.
        Ақсуат: «Бала, менің аты-жөнімді сұрайсың,- дейді қисайып жатып, - елімді сұрасаң - Әлім, жерімді сұрасаң- Бұйырғын, атымды сұрасаң - Ақсаут, осы елдің ортасындағы бір қазығымын, айналамнан ел кетпейді, алдымнан дау кетпейді», - дейді.
         Ілік іздеп отырған Сырым іле шала: «Би, сөз білесіз, суатпын деп мақтанбаңыз, су жаманы саут басынан - соқпақ кетпейді, қазықпын деп мақтанбаңыз, мүлік жаманы қазық - басынан тоқпақ кетпейді, бұйырғын деген шөп болды, жеген мал тоқ болады, қауқағы жоқ болады, тышса боқ болады. Әлім болсаң - әліңді біл, адамның құнын бер» , - дейді.
        Жамбастап жатқан Ақсуат басын көтеріп: «Сырым балам, сырыңды енді ұқтым. Байұлының бір адамы біздің елде жазым болуы рас еді, ердің құны мың қой, үлесе келе үй басына бір қой. Бір қойдан Әлімнің үйі кедейленіп қалмайды, жоқтаушысы кездеспей жүр, жоқтаушысы болса табылмайтын жоқ болмайды, жорта өлтірген емес,жортуылда болған жазым ғой, төрелігін өзіңе бердім, ағаңның құнын өзің айта ғой»,- дейді.
       Сырым: «Мың тоқты бір қора қойдың жазғы төлі, сонымен мен де Байұлын байытайын деп келгенім жоқ,  ел арасына бүтіншібітімші болайын деп келдім, егер билікті маған берсеңіз жортуылда болған жазым дедіңіз ғой, ұрының құны жарты құн, елу қара болсын» , -дейді.
        Осыған екі жақ та тоқтайды, тиісті малын, алып Байұлының жігіттері жүргелі тұрғанда Ақсуат: «Сырым балам, ел арасына  бүтінші бітімші болайын деп келдім дедің ау. Баланың екі түрі болады: үй баласы, ел баласы. Ел арасының бүтіндігін ойлап ел ағасы болайын деген бала  екенсің. Мұратыңа жет, жолың болсын, менің алдымда бірінші айтқан билігің екен, әділдігің үшін жолыңа нар бастаған тоғыз байлатып қойдым, бұдан былай сенің жолың бас тоғыз болсын»- деп Сырыммен қоштасыпты.
Сырым елу жылқыны елге айдатып, олжасының басқасын жолдастарына үлестіріп, қалың кілем жабылған қара нарды Малайсары қарттың босағасына әкеліп байлайды. 
Риза болған Малайсары: «Енді саған батамды берейін, сен жас болғанмен елге бас болғандай екенсің.»
Арқаң қара нардай жауыр болсын,
Мінезің қара жердей ауыр болсын,
Өкпең жоқ бауыр болсын.
Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін.
Құлағың сыбыр кетпесін,-
деп батасын береді де, - мен не десем де бәрінің де мағынасы бар, қалай түсінсең, өзіме айырып бер»,- дейді.
Сырым: «Арқаң қара нардай жауыр » болсын дегенініңіз- ел бастайтын ердің жүгі ауыр, арқама батты деп ауырсынба дегеніңіз болар. Мінезің қара жердей ауыр болсын дегеніңіз – сабырлы, шыдамды бол, беріден ойлама, әріден ойла дегеніңіз болар, өкпең жоқ, бауыр бол дегеніңіз - өкпешіл болма, кешірімді кең бол, ат төбеліндей аз ғана қазақты алыс-жақын деп бөле-жарма, ала-құла көрме дегеніңіз болар. Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін, құ лағыңнан сыбыр кепесін дегеніңіз- жора-жолдасың болсын, ел мұңына, жетім-жесірге құлағың түрік, есігің ашық болсын дегеніңіз болар».
Даланың ауызша тарих-намасы бойынша алты жасында «Алды- дауыл, арты құйын» атанған Сырым би өнернамасында жүзіктің көзінен ткендей оймақтай оралымдар ақыл мен сұлулықтың  тұтаса қауышқан күйнамасыдай жұмыр бітімді нақыл ғибратқа бергісіз түйінді тұжырымға ие сөздер бар. Мысалы:
     Табалдырықтан биік тау жоқ,
      Жаман ағайынан мықты жау жоқ
      Үгітті ұққанға, ақылды жұққанға.
       Ата тұрыпұл сөйлесе  ер жеткені болар,
      Ана тұрып қыз сөйлесе  бой жеткені болар
      Ата балаға  кесір болса кері кеткені болар.
          Қазақ шешендері ойын өрнекті, кестклі, көркем жеткізу мақсатында алыстан барлап, тереңнен толғап, тұспалдап, жұмбақтап, ишараттап сөйлейді.  Сырым би де халықтық даңғыл дәстүрді,  мықтап ұстаған сөз ұстасы.
       Тама еліне Сары би деген ақылгөй аөсақалы даттың үйінде  түстеніп отырғанда Сырым баланың  әр сөзіне риза болып, оған мынандай өсиет айтыпты:
    -   Балам, бұл дүниеде алты ұлы сөз бар, соны есіңнен шығармай жүрсең,иел алдында беделді, сыйлы боласың.  Егер ол сөзді ұмытсаң халық сенің маңайыңа  жоламай аулақ қашады. Сырым:
        - Ол қандай сөз еді, ата айтыңызшы?
         Сары би :
       - Арлы ожданды бол!
       -  Елге деген парызыңды ұмытпа!
       - Намысыңды жастан сақта!
       - Халқыңды алалама!
       - Жақыныңды жаралама!
       - Қалысыңды қаралама!
      Сары би айтқан осы алты өсиетті Сырым шешен қартайғанша есінде сақтап келген.
                                              *****
        Мөңке бидің  арық құнанына мініп  Сырым бала келеді. Баланы көзге ілмеген би бәйбішесіне: «балаға айран әкел » депті.
       Тәңертең аулада семіз қызыл тұсақтың үйелеп өліп қалғанына налыған Мөңке:
      -  «Құтты қонақ қонса, қойы егіз табады, құтсыз ұонақ қонса, малын қырсық шалады» деген, қызыл тұсақ иелеп, өліпті, бала құтсыз қонақ болдың. Енді үйімнен кет! деп ызғар шашады . Сонда Сырым бала:
      -  Олай болмас, биеке, - депті. - «Құтты қонақ, малы өліп, басы аман қалады,  құтсыз қонақ қонса, өзі өліп малы иесіз қалады». Менің қандай қонақ екенімді қайдан білесіз?! Мүмкін құтты қонақ шығармын. Мөңке би баланың сөзіне аң-таң болыпты да:
     -   Рас айтасың балам, сен шыныда құтты қонақ екенсің, -деп, оған сый- сияпат көрсетіпті.
 
          Сырым  үлгі алып, ұстаз тұтқан батырлар мен шешендер үлгілі сөз үйретіп қана қоймай, Срымның тапқырлық сөздерін, өжеттік, ерлік істерін ұүптап, көтермелеп те отырған. Алдар би  Сырымның алданан шығып:
                      -   Қарадан хан болдың
                      Айырдан нар болдың,
                      Жоқтан бар болдың,
                      Көнеден дәурен озды.
                      Көндей қамқа тозды
                      Атадан ұл озды,
                      Анадан қыз озды,
Деп тақпақтап қарсы алады.  Сонда сырым:
                      Қарадан хан болсам,
                      Халқым қалаған болар.
                      Айырдан нар болсам,
                      Атам жараған болар.
                       Көнеден дәурен озса,
                       Жасы жеткен болар,
                       Көндей қамқа тозса,
                       Дәурені өткен болар,
                       Атадан ұл озса,
                        Еркіндігі болар,
                        Анадан қыз озса 
                        Еркелігі болар, - 
деп жауап береді.
          Әрине, Алдардың сөзі - мақтау, оны Сырым жақсы түсінеді. Бірақ батыр масайрап бас шұлғымай, шешендік жұмбақтың шешімін тауып, өзіне айтылған мақтауды ел жұрттың атына аударады.  
 
         Сырым Датұлының  батырлығы жөнінде орыс зерттеушісі М.Вяткин монография жазды. Б.Адамбаев Сырым атына байланысты шешендік сөздерді жинастырып жариялады және кандидаттық диссертация қорғап, көп еңбек сіңірді.   Қазақ батыр, шешен, билер ішінде сырым шешен мұрасын жинастыру, зерттеу ісі біршама дұрыс жолға қойылған деп айтуға болады.  Осы кітапқа еніп отырған Сырымның шешендік сөздері негізінен Б.Адамбаевтың жинақтарынан алынды.Олар мына төмендегілер:
           Сырым жиырма алты жасынжа бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен:
     -  Балалар, аман ба? - депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:
     -  Жүр, кеттік, бұлар бізді адам деп те отырған жоқ қой! - дейді.
      -    Ата тұрып ұл сөйлегеннен без. Анан тұрып қыз сөйлегеннен без. Сырнайдай сайраған мына бала кім еді? -  дейді.
      - Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар. Ана тұрыпқыз сөйлесе, бойжеткені болар, - дейді Сырым. - Сен толған екенсің, мен тозған екенмін, деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен.
                                         *****
        Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде : «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны теңгере алмадың, біреу-біреуді шауып жеп жатыр, оны басқара алмадың »,- деп өкпелепті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда Нұралы:
     -  Батыр! Қайырып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау!- депті. Сонда Сырым:
      -    Хан тасып жүргенім жоқ, қазақ баласының басын қоса алмай сасып жүрмін, - депті.
                                           *****
Малайсарының аулы Топайлы қаласының аузында екен. Сырым ауылына келгенде  қарт азғантай қоының  алдында жүр екен:
-  Аға, кім болдыңыз? -деп сұрапты.
Малайсары:
- Шарағым, кім болайық, осы жердегі аз үй танамыз-дағы,- депті. Сонда Сырым:
- Тананың қайсысыз? Жеті үй - Жиенбетпісің? Бес үй- Бессарымысың? Тышқан құлақ- Асанбысың? Төлеуден алған Құнанбысың? – дегенде, Малайсары:
-   Бәлі, аға, сол бала боламын. Ауылдан шыққанда сізді сөзден ұтсам, Тананың алжыған шалы деп күлкі қылайын, сөзден ұтылсам, ат мінгізіп,  шапан жауып батаңызды алайын деп аттанып ем, ұтылдым, батаңызды беріңіз, атыңыз - мына астымдағы атым, шапаным  - мынау!  -деп үстіндегі шапанын шешіп беріпті.  
Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі жолында жанқиярлықпен күрескен нағыз қаһармен Сырым Датұлы шешендік өнер тарихында мәңгі өшпес білімді, билік сөздерімен ерекшеленеді.
 
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Г. Қосымова «Қазақ шешендік өнерінің негіздері» А,2003жыл 
2. С.Негимов «Шешендік өнер» А, 1997 жыл
3. Б.Адамбаев «Шешендік сөздер» А, 1993 жыл
4. «Қазақтың би -шешендері»  А, 1992 жыл
Жүктеп алу
629 рет жүктелген
108.00 кб файл салмағы