Қарақат
"Қарақат"-тасжарғандар тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсірілетін 11 түрі бар. Биіктігі 60 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Бұтағы тікенекті, жапырағы жалпақ, 3 – 5 қалақшасы болады. Гүлі ұсақ, екі үйлі, көбінесе қос жынысты кейде дара жынысты. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемісі піседі. Жемісі – жидек. Жеміс шоғында 2 – 18 түйір жеміс болады. Қарақат (қой қарақат, аю қарақат деп екі түрге бөлінеді) барлық жерде кездеседі деуге болады. Қолдан өсірілетін қарақат сорттары осы жабайы қарақаттан шығарылған. Республикада — Жалпы сырт қыратында, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің бойында, Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Қарқаралы, Жоңғар Алатаулары мен Мұғаджар төңірегінде өседі. Көбінесе орманды дала, өзен-көл жағалаулары мен тау беткейлерінде, ылғалды жерлердің көбінде тамыр жайып, жемістене береді. Қарақаттың биіктігі 100—150 см, бұтақтары тік. Өркендері көктемде бозғылт, күзде қоңыр түске енеді. Жапырақтарының ені 10—12 см, оның үстіңгі беті жылтыр да, астыңғы беті түкті келеді. Гүл шотыры шашақты, бір шоғырла 5—10 гүлден. Күлте жапырағы қызғылт. Жидек пішіні шар тәріздес, түсі қара, хош иісті.
Химиялық құрамы. Жеміс құрамында 12 – 20% құрғақ зат, 78 – 83% су, 5 – 10% қант, 2 – 4% түрлі қышқылдар, витаминдер (В1, С, Р), сондай-ақ пектин, илік заттар, минералды тұздар бар. Қарақат әр түрлі витаминдерге бай. Оны кейде витаминдердің табиғи және комплексті қоспасы деп те атайды. Жидегінің құрамында 7—11% қант (4% органикалық қышқыл), 0,68—1,02% пектиндік заттар, кальций тұзы, темір, фосфор бар. С витамині—300—400 мг %, Р витамині —500, А провитамині —0,7, В витамині —0,06 мг % Қарақат құрамындағы С витаминінің мөлшері бүлдіргеннен 5, таңқурай, қарлыған (тұшала) және цитрустік дақылдардан (мандарин, лимон, апельсин) — 7—8, алма мен ал мұрттан —10—12, шие мен еректен —20—40, жүзімнен —100 есе көп. Қарақатты өңдегеннің өзінде оның құрамындағы С витамині сол күйінде (80—90%) сақталады деуге болады. Мысалы, қайнатпа мен компот даярлағанда С витамині 42 — 100%, жартылай мұздатылғанда 40—70% сақталады. Ұрығында 16,5 процентке дейін май болады. Оны жас күйінде кептіріп те, консервілеп те тамаққа пайдалынады. Жидегінен қайнатпа, қақ (пастила), конфет, мармелад, кисель, ликер және салқын су сындар даярланып, шырын алынады. Бүршігі мен жапырағы кондитер және витамин өндірістерінде кеңінен қолданылады. Қарақат халық медицинасында кеңінен қолданылған.
Қолданылуы.Қарақат құрамындағы антоциандарымен белгілі. Олар көздің көруін жақсартып, қараңғыда немесе өте жарық жағдайда көздің көргіштігіне оң әсерін тигізеді. Қарақат шырынын үнемі пайдалану көздің көргіштігін 1,5диоптрияға дейін жақсартатыны белгілі Қара қарақатты халық медицинасында кеңінен қолданады. Жидегі тәбет ашады, тер шығаратын және несеп жүргізетін қасиеті бар. Жидегі организмде витамин жетіспеген жағдайда, қан азайғанда және жүдеген кезде пайдалы. Қызыл және жабайы қарақат тек жемісін жинау үшін емес, будандастыру арқылы жаңа сорттар шығару үшін де пайдаланылады. Қарақат шырыны организмге жалпы нығайтқыш және сергіткіш әсер етеді. Ол тартқыш, өт айдағыш және қан тоқтатқыш әсерге ие, сонымен қатар антиоксиданттық және склерозға қарсы әсері болады. Өз құрамында Р витаминінің болуының арқасында, қара қарақат жемістерінің шырыны тамырлардың серпімділігін ұстауды қамтамасыз етеді, ісікке қарсы және ауру басатын жұмсақ құрал болып табылады. С витаминінің көп болуы организмге жалпы нығайтқыш әсерді қамтамасыз етеді, сонымен қатар респираторлық ауруларда жағдайды жеңілдетеді.
Кубарчатка қарақатты — Қазақстанда Алтай тауындағы Нарым жотасында, Жоңғар Алатауында өсетін аласа бұта өсімдігі. Өркендері тік. Жапырақ ені 10 см, жапырақ сыртын тегіс жауып тұратын иіс бездерінен хош иіс тарайды. Гүл реңі ақшыл сары. Жидегі шар тәріздес, иісі жағымды. Тау қаражаты — Қазақстанда Тобыл-Есіл бойында, Көкшетау мен Қазақтың қатпарлы тауының шығысында, Тарбағатай, Алтай, Сауыр, Жоңғар Алатауында өседі, биіктігі 1,5—2 м. Гүлі ұсақ, жасыл-сары. Жидегі шар пішіндес, қызыл.
Янчевекий қарақаты — Қазақстанда Іле, Күнгей, Теріскей, Кетім, Қырғыз Алатауында, Тянь-Шаньның батысында өседі, биіктігі 100—150 см. Ол көбінесе тау беткейлеріндегі тас арасында, орманды белдеуле және тау өзендері аңғарында кездеседі. Жемісі қара түсті, ірі, шар пішіндес, гүлі қоңыр қызыл. Янчевский қарақаты жабайы қарақаттардың ең жақсысы. Өйткені жидегі ірі, дәмді, химиялық құрамы жағынан қарақатпен бірдей.
Тасқарақат (Мейер қарақаты). Оны көбінесе Янчевский қарақаты өскен жерлерден кездестіруге болады. Жемісті көп береді. Дәмі тіл қуырарлық қышқылтым. Өркені бозғылт сұр, қоңыр сұр. Гүл түсі қоңыр қызыл. Жидегі қара, қара көк.
Хош иісті қарақат — Алтайда өсетін 30—70 сантиметрлік аласа бұта. Тау беткейіндегі таста, мұз көшкіні жүрген жерлерде өседі. Гүлі ақ. Жидегі бозғылт қызыл, хош иісті.Биік қарақат —2—3 метрлік өсімдік. Жапырағының ұзындығы 3—6 см, түсі қоңыр-жасыл, жылтыр. Өркен қабығы қызғылт - қоңыр. Жидегі қара қоңыр. Жидегі тамаққа пайдаланылады. Шырын алынып, бояуға қосылады. Мәдени сортын шығаруда селекционерлер біршама жұмыстар атқаруда.Қоңыр-қызыл тау қарақаты мен әртүрлі түкті қарақат та республика территориясының Шығыс аймағында кездеседі. Біріншісі 1 —1,5 м, екіншісі 30—70 см келетін аласа бұта өсімдіктері. Жергілікті жерлерде тәтті шырын алуға кеңінен пайдаланылады.
Қарақаттан жасалған қайнатпа —құнды диеталық және емдік тағам. Піскен жидектерін жапырағынан тазалап, суық суға шайып, қағазға не таза матаға жайып кептіреді, одан кейін кастрюльге салып ағаш қасықпен (темір қасықпен емес) жақсылап жаншиды немесе елеуіші тот баспайтын арнаулы үккіш машннада үгеді. Алынған массаны құмшекермен (қара қарақаттың 1 өлшем бөлігіне — құмшекердің 11Б - 2 өлшемі келетіндей) мұқият араластырып, дереу таза құрғақ банкіге салады да, бетіне қалыңдығы 1—1,5 см құмшекер себеді. Аузы пергамент немесе қақпақпен жабылған батсайы құрғақ салқын жерге қояды. Осы тәсілмен даярланған қайнатпа жаңа жеміс піскенше витаминін бойында сақтайды. Мұндай қайнатпаны шаймен ішіп, кисель, самса, басқа да тәтті нан тағамдарын жасарда қосуға болады.Жеміс-жидек соусыҚарақаттан жасалған 2 ас қасық қайнатпаны не джемді 1/2 шай қасық қышаға араластырып, оған 1 ас қасық портвейн, лимон және апельсин шырынын қосып (дәмі татығанша), елеуіштен үгіп өткізеді. Лимон немесе апельсин қабығын жұқалап кесіп (жарты ас қасық), қайнаған суға жидітеді. Ұсақтал кесілген жарты шалқан пиязды қайнаған су құйып жидітіп алған соң, осының бәрін салқындатып және соус араластырып бұлғайды. Бұрыш қосуға (дәмі татығанша) болады. Одан кейін қуырылған үйрек, қаз еті мен басқа да жабайы құс еттерімен бірге столға қояды.
Қарақат киселі.2 стақан тазартылған және жуылған жемісті жаншыл, оған 1 стақан қайнатылған суық су құйған соң елеуіштен өткізеді немесе дәкеге салып шырынын қосып шығарады. Сығындының үстіне 3 стакан су құйып, 5 минут қайнатады да сүзіп алады. Алынған қайнатпаға құмшекер (1,5 стакан) салып, қайта қайнатады да, үстіне суық суға араластырылған картоп ұнын еселеп. Осының бәрін араластыра отырып қайнағанға дейін отта ұстайды.
Қарақаттың шырынын алу.Жаңа жиналған жидектерді тазалап, ептеп салқын сумен жуып, шөлмекке салады. Оған құмшекер салып (1 кг жидекке 1,5—2 кг құмшекер), шөлмекті шайқап тағы да құмшекер қосып, таза мақталы дәкеге орап, шөлмек аузын тығындайды да, жарық түспейтін салқын жерге қояды (қараңғы жерде витамині жақсы сақталады). Егер шырын аши бастаса тағы да қант салу керек. Осы әдіспен даярланған қарақат шырынында барлық витаминдер мен басқа да заттар өз қалпында бұзылмай сақталады. Шырынды керек уақытында ішіп, жидегін кисель, компот жасауға пайдалануға болады.
Қарақат жидегін консервілеу.Жидекті кастрюльге төгіп, біраз су құйып, қайнағанша отта ұстайды, одан кейін ыстық күйінде шыны банкаларға салады. Банкаларды шыны немесе лак жағылған қақпақтармен жабады, егер жидек температура қайнағанға жақын болса, стерильдемейді. Жидектерді жеміс сағағынан тазалап, піспегенін және зақымданғандарын алып тастайды. Салқын суға жуады. Суын төккеннен кейін үстіне қайта ыстық су құйып 2—3 минут ұстаған соң торлы ыдысқа салып суын сорғытады. Суы сорғыған жидектерді әзірлеп қойған банкаларға нығыздап салады. Оның үстіне қант сиробын (1 л суға 250—350 г қант) ыстық күйінде құнды. 0,5 л банканы 8 минут, литрлікті — 10 минут стерильдейді. Одан кейін банканың аузын тез жауып, салқын жерде сақтайды. Осы тәсілмен сақталған қарақат жидегі компот, тәтті тұздық, джем жасауға, пирогтардың ішіне салуға пайдаланылады.
Қарақат мармелады.Жидекті жақсылап жуып, жемістерді турайтын қол машинкацынан өткізіп, алынған пюрені әбден қайнатады. Үстіне қант қосып (2 л пюреге 1,2 кг құмшекер), қоюланғанша үзбей араластырып отырады. Дайын болған мармеладты ыстық күйінде әзірленген банкаларға құяды.
Кейбір деректер бойынша, жабайы қара қарақат – Азиядан шыққан, бірақ ол Еуропаның көптеген елдеріне сіңіп кеткен. Ресейде қарақат ұлттық жеміс түріне айналған, және оның көптеген түрлері мен сұрыптары елдің бүкіл аумағында өсіп-өнеді.
Қара қарақатты ғалымдар денсаулыққа өте пайдалы жеміс деп таныған. Ол иммунитетті көтереді және организмнің түрлі ауруларға қарсылығын жоғарылатады. Бұл жеміс витаминдер мен денсаулық қоймасы болып табылады. Оларда В, Р витаминдері, А провитамині, пектин заттар, фосфор қышқылы, эфирлік май, дубильді заттар, К тобының витамині, каротин бар. С витаминіне келсек, онда қара қарақат – басқа өсімдік арасындағы көшбасшы.Қара қарақатты тырнақты қатайтуға пайдаланады, ол үшін: тырнақ пластинасына және оның айналасындағы теріге жағыңыз.
ҚАРА ҚАРАҚАТ (Тасжарғандар тұқымдасы)
Кейбір деректер бойынша, жабайы қара қарақат – Азиядан шыққан, бірақ ол Еуропаның көптеген елдеріне сіңіп кеткен. Ресейде қарақат ұлттық жеміс түріне айналған, және оның көптеген түрлері мен сұрыптары елдің бүкіл аумағында өсіп-өнеді.Қара қарақатты ғалымдар денсаулыққа өте пайдалы жеміс деп таныған. Ол иммунитетті көтереді және организмнің түрлі ауруларға қарсылығын жоғарылатады. Бұл жеміс витаминдер мен денсаулық қоймасы болып табылады. Оларда В, Р витаминдері, А провитамині, пектин заттар, фосфор қышқылы, эфирлік май, дубильді заттар, К тобының витамині, каротин бар. С витаминіне келсек, онда қара қарақат – басқа өсімдік арасындағы көшбасшы.Қара қарақатты тырнақты қатайтуға пайдаланады, ол үшін: тырнақ пластинасына және оның айналасындағы теріге жағыңыз. Шығыс және Орталық Қазақстанның орманды дала және таулы аудандарындағы едәуір танымал бұта. Батыста ол Орал өзенінің бассейніне дейін тараған, ал оңтүстік-шығыста Жоңғар Алатауына дейін тараған. Алдыңғы түр сияқты, ылғалды жерді жақсы көреді, өзен жағалауында, сазды жерлердің жиегінде, ылғалды ормандарда өседі. Бұл түрдің бұтақтары түзу, биіктігі 1,5 метрге дейін, жас бұтақтар алғашқыда бозарып тұрады, жаздың аяғында қоңыр түске ауысады. Жапырағы саусақ салалы, ұзын. Қара қарақатқа тән бір ерекшелік жапырағы мен жас бұтақтарының төменгі жағында болатын сары бездің болуы, өсімдікке хош иіс береді. Гүлдері күлгіндеу немесе жасылдау, сирек шашақты, әр шашағында бестен шоғырланған. Қарақат мамыр, маусым айларында гүлдейді, шыбынның көмегімен тозаңданады. Қолайсыз жағдайларда да өзі тозаңданады, бұл жиі болып тұрады (бір гүлдің ішінде). Жемісі хош иісті, қара немесе қошқыл. Көптеген ұсақ тұқымды жидек шілде тамыз айларында пісіп жетіледі. Түқымын құстар таратады. Қара қарақат көпшілікке жабайы күйінде де мәдени түрде де белгілі. Жалпы алғанда Қазақстанның барлық ай-маңында өсіріледі. Бірақ жабайы қарақат жоғары бағаланады. Себебі қантты витаминге бай тағам ретінде және емдік мақсатта, көкөністерді консервілеуде жапырағы хош иіс беруге кеңінен қолданады.Кейбір деректер бойынша, жабайы қара қарақат – Азиядан шыққан, бірақ ол Еуропаның көптеген елдеріне сіңіп кеткен. Ресейде қарақат ұлттық жеміс түріне айналған, және оның көптеген түрлері мен сұрыптары елдің бүкіл аумағында өсіп-өнеді.
Қолданылуы.Қара қарақатты ғалымдар денсаулыққа өте пайдалы жеміс деп таныған. Ол иммунитетті көтереді және организмнің түрлі ауруларға қарсылығын жоғарылатады. Бұл жеміс витаминдер мен денсаулық қоймасы болып табылады. Оларда В, Р витаминдері, А провитамині, пектин заттар, фосфор қышқылы, эфирлік май, дубильді заттар, К тобының витамині, каротин бар. С витаминіне келсек, онда қара қарақат – басқа өсімдік арасындағы көшбасшы.Қара қарақатты тырнақты қатайтуға пайдаланады, ол үшін: тырнақ пластинасына және оның айналасындағы теріге жағыңыз.Қара қарақат (смородина). Қуыққа тас жиналып несеп жолдары зақымданса, оның 100 грамм жапырағына 60 грамм қой бүлдіргені- нің (земляника) жапырағын, 40 грамм жөке гүлін, 30 грамм коровяк гүлін қосып бір стақан суда сақылдатып қайнатады. Суытады, сүзеді. Сонан соң күніне тамақтан соң 2-3 реттен ішіп тұрады.Ағзаны суық тиюден, жөтелден, дене қызуынан сақтайды. С дәрумені, калий, кальций, каротин, магний, фосфор бар жидек дисбактериоз, геморрой, іш қату, диабет, онкологиялық және жүрек тамыр ауруларының алдын алады.Қызыл қарақат. Бұл жидек қара қарақатта бар пайдалы элементтерге толы. Сондай-ақ, А дәрумені бар. Иммунитетті күшейтіп, ағзадағы зиянды қалдықтардан арылуға жол береді.
Шие (Вишня)
Шие ағашы – биіктігі 2-4 метрге жететін ағаш,кейде бұта түрінде кездеседі.Жапырақтары қандауыр пішіндес ұзындығы 3 – 5 см, қою жасыл түсті.гүлдерінің түсі ақ, ерте гүлдейді,насекомдар арқылы тозаңданады.Жемісі етті,маусымның аяғы мамырдың басында піседі, қара қошқыл түсті,дәмі қышқылтым,тәтті.дәні ашық сары, қатты және улы.Гүлдері 2-4-тен жиналып,шатыр тәрізді гүл шоғырын құрайды,жеке гүлі жасыл түсті 5 тостағанша,ұзындығы 3-3,5 мм,ақ түсті 5күлте ұзындығы 8-12 мм,көп аталық бір аналықтан тұрады.Жемісі сүйекті шырынды.Шие 3-5 жылдан соң өнім бере бастайды.30-35 жыл жасайды.Ылғал сүйгіш топырақта жақсы өседі. Тамыры 1,5-2 метр тереңдікке кетеді,жанама тамырлары топырақтың үстіңгі қабатында 15-50 см тереңдікке жайылып таралады.Өкінішке орай, тарих шиенің ең алғаш қашан, қайдан шыққандығы туралы деректерді біздерге жеткізбеді. Дегенмен, шие туралы ең алғашқы нанымды деректер б.з.д. IV ғасырлармен тығыз байланысты. Сол заманда өмір сүрген грек жазушысы Теофраст өз еңбектерінде Грек жерінде жабайы күйінде өсетін «Церазус» туралы көп жазады. Церазус деген не нәрсе дейсіз бе? Ең ежелгі жазушылар шие деген ұғымның орнына дәл осы «Церазус» сөзін пайдаланған екен.
Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында өмір сүрген римдік Плиний, гректік Ананей сынды жазушылар шие мен шие ағаштары туралы толығырақ баяндайды. Олардың сөзіне нанар болсақ, Рим жеріне шиені б.з.д. І ғасырда қолбасшы Лукулл әкелген. Өйткені Лукулл Митридат патшаны жеңгенге дейін Италияда шие деген жеміс атымен жоқ болған көрінеді. Плиний атамыздың жазуынша, шиенің отаны Қара теңіз жағалауындағы Керасунд қаласы, өйткені, жеңіске жеткен қолбасшы шие ағашын дәл осы қаладан алып келген. Аталған жазушылар Рим бақтарында шиенің ондаған түрлі сорттарының өсірілгендігін атап өтеді.Ал қазіргі заманда шиенің 200-ге жуық түрі белгілі. Олар бір-бірінен химиялық құрамы және пісіп-жетілетін мезгіліне байланысты ажыратылады.
Химиялық құрамы.Шиенің құрамында қант (глюкоза, сахароза), пектин, эфир майлары, А, В, С, РР дәрумендері, лимон және алма қышқылдары, мыс және тері илеуге қолданылатын қышқылдар бар.Жемісінің құрамында В1,С витаминдері,10-15%қант,11%пектин,инозит 1,5-2,1% органикалық қышқылдар мыс, теміркалий,магний,илік заттар бар.Тұқымында 25-35 % май,эфир майы болады. лимон және алма қышқылдары болады.Шие діңінің қабығында 5 -7%танин заты бар, тұқымында май көп.
Қолданылуы.Халық медицинасында шиеден жасалған дәрілерді қақырық түсіретін, тамаққа тәбет шаптыратын, несеп айдайтын дәрмек ретінде пайдаланадыОсы қасиеттеріне байланысты бұл өсімдік бүйрекке және қуыққа тас байланғанда, бүйрек пен бронх қабынғанда, дененің ыстығы көтерілгенде, тоқ ішек түйіліп ауырғанда қолданылады. . Жапырағын қияр,қызанақ,капуста тұздағанда қосады.Тұқымының майында синиль қышқылы көп болғандықтан сабын қайнатуға қолданады, сүрегінен музыкалық аспаптар жасайды,қабығында илік заттар көп болғандықтан тері илейді. Шиемен іш өткенді, буындардың сырқырағанын емдейді, жас жапырақтарының дене сыртындағы жаралар үшін шипалық қасиеті мол.Шие жемісі тәбетті ашып, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартуға да қолданады. Жемістің негізгі қасиеті – ағзаның жалпы қабынуын төмендетіп, зақымданған органдар жұмысын қалыпқа келтіруге септігін тигізеді. Шие сөлі артық салмақты адамдардың қан қысымы мен тыныс алуын реттейді. Биологтардың мәліметіне қарағанда, шие шырыны немесе тосабы зәр шығару жүйесінің жұмысын да реттей алады. Ал ерте кездері ата-бабаларымыз, тіпті қазірде көпті көрген апа-әжелеріміз де іші өткен, ұшынған адамға шие бұтағын суға қайнатып, ішкізеді.Буыныңызға тұз тұнған болса, ревматизмге немесе қант диабетіне шалдықсаңыз да, шиені көмекке шақырыңыз. Ол үшін шиенің ұсақ тамырын қазып алып, көлеңкеде кептіру керек. Сосын оны әбден ұнтақтаңыз. Оның 200 грамын 3 литр суға қайнатып, бір күн тұндырып қойып сүзіңіз де, 150 грамм алма сірке суын құйып араластырыңыз.Қыз-келіншектеріміз шиенің етін кептіріп, нәрсу (кампот) жасап жатады. Оны қызылшамен ауырған балаға ішкізіп, аурудың бетін тез қайтарып алуға болады. Ал шиеден жасалған тосапты қытымыр қыстың аязды күндерінде шайға қосып ішсеңіз, тұмауға өте пайдалы болмақ. Шие. Ол – Орта Азия мен Қазақстанда, Кавказда көп өсетін көпжылдық өсімдік. Шиенің түрі өте көп. Шиенің ұсақ тамырын қазып алып, көлеңкеде кептіру керек. Сосын ұнтақтайды. Оның 200 граммын 3 литр суға қайнатып, бір күн тұндырып қойып сүзеді де, 150 грамм алма сірке суын құйып араластырады. Бұл дәрі буынға тұз тұнғанда, ревматизмге және қант диабетіне жақсы шипа.
Шиенің етін кептіріп, кампот жасайды. Оны қызылшамен ауырған балаға ішкізіп, ау-рудың бетін тез қайтарып алады. Мұны ересек адамдар сусын орнына үнемі ішетін болса, асқазан, бауыр, ішек дерттеріне ем табады, жүрегінің жұмысы жақсарады. Сүйегінің ішіндегі дәні улы, шағып жеуге болмайды.