ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕТІСТІКТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ

Рефераттар
1218
Кіріспе
Тіл жөніндегі жаңа саясат елімізде қазақ тілін оқып-үйренуді іс жүзінде жүзеге асыруды жетілдіре түсуге толық мүмкіндік жасап отыр. Осымен байланысты  мектепте  қазақ тілін оқытып-үйретудің заман талаптарына сай  әдістемесін жасау міндеттері шешімін күтуде. 
Мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы-өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу. Ендеше бұл міндетті жүзеге асыруда барлық оқу пәндерінің қосар үлесі аз болмауға тиіс. Әсіресе, адам дүниетанымының кілті, ойлаудың формасы, қарым-қатынастың ең басты құралы ана тілі болғандықтан, мектеп пәндерінің ішінде қазақ тілінің атқарар қызметі ерекше болмақ. Сондықтан жаңа кезеңнің талабына сай «білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік компетенциясы, қарым-қатынас жасау біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызуң алға қойылды. Бұл кез келген грамматикалық ереже тек білім қоры қалпында қалмай, баланың өмірлік танымының, айналамен тіл табысуының басты базасына айналуы қажет екендігін көрсетеді. 
Жалпы алғанда, күрделі етістіктерді оқытып-үйретудің теориялық та,  практикалық мәселелері әлі толық шешілмеген. Осымен байланысты зерттеу жұмысы қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі–оқытудың сапасын арттыратын жаңа технология негізінде оқытудың ғылыми тұжырымдарын зерттеп-зерделеуге  арналған.  
Теориялық алған білімімізді практикада жүзеге асыруда кездескен әдістемелік зерттеуді аса қажет ететін тақырыптардың бірі–күрделі етістік.
      Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламаларында 6 сыныпта оқытылатын  күрделі етістікті оқушыларға меңгерту мәселесі әлі де болса ғылыми-практикалық тұрғыдан зерттеп, одан тиімді әдістерді ұсыну осы дипломдық жұмысымыздың өзектілігін  көрсетеді. Етістік – мағынасы мен құрылысы жағынан, өзінің күрделілігімен қазақ тілінде өте жиі әрі көп зерттелген сөз табының бірі. Етістікті сөз табы ретінде А.Байтұрсынов алғаш анықтап, грамматикалық категорияларын белгілеп көрсетіп берді. Етістік сөз табы осы ғалымнан бастап бүгінгі күнге дейін бірнеше ғалымның зерттеуінен өтті. Түркітанушы ғалымдармен қатар, қазақ тілі ғалымдары өз ой-пікірлерін нақтылап көрсетіп, қазіргі күндегі грамматикалық сипатын грамматикалық қызметін жүйелеп берді. Мысалы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, М.Балақаев, І.Кеңесбаев, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, Ы.Маманов, Н.Т.Сауранбаев, Т.Қордабаев, т.б. ірі ғалымдар етістікке қатысты өз зерттеулерін жазды. 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕТІСТІКТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ 
1.1 Етістіктің қазақ тілінде зерттелуі
Етістік – тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория. Етістік күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика - семантикалық сипатымен, бай лексика-грамматикалық тұлғаларымен,синтаксистік қызметімен тығыз байланысты.
етістіктен етістік тудыратын, есімнен етістік тудыратын синтетикалық, аналитиқалық тәсілдердің жүйелерін, олардың нақтылы үлгі-нұсқаларын қоссақ, етістік деп аталатын сөз табы тұлға жағынан орасан бай категория екені 
Қазақ тіліндегі етістік сөздерінің әдеби қалыптағы теориялық негізін, зерттеулік көзін қарапайым тілмен түсіндірген, қазақ тіл білімінің негізін салып, терминдерін қалыптастырушы ғалым А.Байтұрсыновтан бастап тарамдата аламыз.
Ғалымның етістіктерге: «Етістік дегеніміз – заттардың істерін көрсететін сөздерң – деп сипаттама берген [3,231]. Ғалым етістіктерді жалпы алып қарап, оларды әрекеттің болу-болмауына байланысты ең алдымен болымды/болымсыз деп бөледі. Содан соң «мұнан басқа түрі екі түрі барң деп көсемше мен есімшені атайды. Сондай-ақ ғалым етістіктің 10 етіс түрін танытқан. Етістіктің қазіргі түрінен өзге (қазір – төртеу) тағы 6 түрін атап беруі ғалымның етістіктердің мағынасына қарай топтауына және салт/сабақты етістікті қосып көрсетуіне байланысты туындаған деп ойлаймыз. Яғни ғалым сабақты/салт етістікті етіс түрі деп көрсеткен: сабақты етіс, салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс. Сонымен бірге мұнда қазіргі тілде қолданылмайтыны – беделді етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс түрлері. 
Беделді етіс деп қазіргі өзгелік етісте қолданылатын екінші жұрнақ түрі -дыр/-дір, -тыр/-тір қосымшасынының қатысымен жасалатын етістіктерді атаған: айттыру, салдыру, т.б. Шығыс етіс деп ортақ етіс арқылы жасалып, зат есімге айналған сөздерге тағы да біз айтып жүрген өзгелік етіс -дыр/-дір, -тыр/-тір жұрнағының жалғануы арқылы жасалған етістіктерді атайды. Мысалы: күрес-тір-дім, жарыс-тыр-дым, соғыс-тыр-дым, табыс-тыр-дым, т.б.
Дүркінді етіс деп -қыла/-ғыла, -кіле/-гіле күшейткіш жұрнақтары арқылы етістіктен келесі бір тұлғалы етістіктің жасалуын атаған: жұлқылау, атқылау, ұрғылау, т.б. 
Өсіңкі етіске қимылдың күшейгенін білдіретін етістіктерді көрсетеді: жүріңкіреу, ұйықтаңқырау, таыңқырау, т.б., яғни кейінгі ғалымдар Ы. Маманов, С. Исаев күшейткіш етістікке жатқызып жүрген -ыңқыра/-іңкіре, -ңқыра/-ңкіре жұрнақтары арқылы жасалған қазіргі күйшеткіш етістіктер көрсетіледі.
А. Байтұрсынов етіс түрінен басқа етістіктің қазргі грамматикалық категория түрі болып табылатын рай түрін де сипаттап жазған. Ғалым етістіктің 14 рай түрін негіздеген:
1)Тұйық рай, 2)билік рай, 
3)ашық рай, 4) шартты рай, 
5) ереуіл рай, 6) реніш рай, 
7) қалау  рай, 8) сенімді рай, 
9) сенімсіз рай, 10) мұң рай, 
11)көніс рай, 12) қайрау рай,
13) азалы рай, 14) теріс рай.
А. Байтұрсынов тұйық рай деп -мақ/-мек деген есімшенің жұрнағымен келген етістіктерді атайды: жүрмек, көрмек, т.б. 
Билік рай деп қазір айтылып жүрген бұйрық райлы етістіктерді келтіреді: айтайын, жазба, жуын, т.б.
Ереуіл рай деп шартты райлы етістіктен кейін да/де демеулік шылауын тіркесіп келгендегі түрін сипаттайды. Мысалы: келсең де, жүрсең де, айтсаң да, т.б. 
Сондай-ақ ғалым реніш райға да сипат береді: «Реніш рай дейміз – істеген-істемеген істерге реніш еткенде айтылатын сөз түрін. Мәселен: «Шақырғанда барсамшы!ң, «Көрдім деп айтсамшы!ң [3; 241]. Қазір мұндай сөйлем ішінде кездесетін етістіктер шартты райға енгізіледі, өйткені мұндағы етістіктерде де шартты рай жұрнағы қолданылып, ең алдымен шарттылық мағына түсініледі, сонан кейін «-шың жұрнағы арқылы реніш не өкініш мағынасы үстелгенін аңғаруға болады.
Ғалымның еңбегінде сенімді райға қазіргі қалау райдағы етістіктің -ғай/-гей жұрнақты түрі, сенімсіз райға етістік +-ар/-ер/-р ма/ме екен тұлғасы; болжал райға етістік +-ар/-ер/-р + еді тұлғасы; мұң райға етістік + -ар/-ер/-р + ма/ме +еді тұлғасы енгізіліп қаралған. Аталған тұлғалар да кейінгі кеңес дәуірі кезіндегі ғалымдардың сұрыптауынан өтіп, қазіргі уақытқа дейін қалау рай түрлеріне жатқызылып жүргені белгілі. Бірақ, көріп отырғанымыздай, етістіктің теориялық негізінің бастауы ғалым А. Байтұрсынов зерттеуінен таралғанын аңғарамыз.
Ғалымның еңбегінен етістіктің көніс райын ерекшелеп өтуге болды. Өйткені қазір күнге дейін бұл рай түріне жатқызылған етістік түрі бөлек қаралған емес. Еңбекте көніс райға да жеке анықтама беріледі: «Көніс рай дейміз – іске көнгенде, мойындағанда айтылатын сөз түрінң. Мысалға ғалым барамын да, келемін де, айтады да, т.б.түріндегі етістік пен демеулік шылау тіркесіндегі тұлғаларды келдтіреді [3; 242].  
Қайрау райға барайыншы, баршы, барсыншы, т.б. тұлғасындағы етістіктер алынып, оларды «қайрай сөйлейтін сөз түрің (рай түрі) деп түсіндіреді. Ал «азалы рай деп қайрау райдың азамен айтылатын түрің келтіріп, қалсайшы, барсайшы, барсана, тұрсана, т.б. деген мысалдарды береді. 
Теріс рай деп «іске айтылатын сөздің теріс түрің деп түсініктеме жасап, жүрмесе игі еді,алса игі еді, т.б. деген мысалдарды атайды.
Қайрау мен азалы рай қазіргі бұйрық рай мен шартты райға енгізілгені белгілі. Теріс рай қазіргі қалау райдың ішкі бір түрі болып табылады. 
Ғалымның еңбегінде көсемше түрі үш түрлі аталып қаралған: үнемді (-а/-е,-й тұлғасындағы), үнемсіз (-ып/-іп/-п тұлғасындағы), ниетті (-ға/-гелі тұлғалы етістік көсемше).Сонымен бірге ғалымда есміше түрі де қазіргі тұлғасымен көрсетіледі.  Мұнжда ғалым есімшелердің шақтық қызмет атқаратынын, есім сөздердің орнында жүретінін атап көрсетеді.
Қ.Жұбановтың лекциялар жинағында «Ең етістігі туралы қысқаша түсінік беріледі. Еңбекте е етістігінің бұрын ер тұлғаксында болғаны жайында айтылып оның ер болу етістігінен туындағаны айтылады. «Етті дегендегі «ең де осы осы «ең - болдырды деген мағынада. Мұндағы т - өзгелік етісң деп түсінік береді ғалым 
А. Байтұрсынов, Қ. жұбановтың көрсетіп кеткен ілімімен Кеңес дәуірі кезіндегі ғалымдардан етістікті нақты қарастырған ғалымдар А.Қалыбаева, Ы.Е.Маманов, С.Исаев, А.Ысқақов,Н.Оралбаева,Ө.Төлеуов, т.б. зерттеушілер болып табылады.
 
І.2.Етістіктердің тұлғалық сипаты мен мағыналық түрлері
Етістік деп заттардың қимыл-әрекетін білдіретін сөз табы аталады. Мысалы, кел, ал, сөйле, жат, тұр, өс, өн, ақта, сыйла, мөңіре, бозда, құлында, ұр, сын, құла, жар т.б. осы етістіктер жанды, жансыз заттардың қимыл әрекетін білдіреді. Мысалы, адам сөйлейді, жапырақ көгерді, кісі ойлады, егіс өнді, сиыр мөңіреді, бие құлындады, ит үрді, тақтай сынды, тас құлады  ағаш  жар т.б. Осымен байланысты етістік қимыл ұғымын білдіретін сөз табы болып саналады, қимыл ұғымы етістіктің жалпы мағынасы болып табылады 
Етістіктің жалпы қимыл ұғымын білдіруі сөздерді топтастырудың 1-ұстанымына, яғни лексикалық-семантикалық қағидаға жауап береді. Етістіктің өздеріне тән грамматикалық белгілері мен ерекшеліктерін жүйелеп көрсетуге болады:
1) Етістік осы жалпы мағынасы арқылы барлық басқа сөз таптарынан ерекшеленеді. Өйткені етістіктің қимыл мағынасы ешбір сөз табының мағынасына ұқсамайды. Бұл – етістіктің ең басты белгісі.  Етістік –  есім сөз таптарына қарағанда, әбден қалыптасқан сөз табы. Ол тек қазақ тіліне ғана  қатысты емес, жалпы тіл атаулыға қатысты қағида.
2) Етістік сөйлемнің ұйытқысы, оның басқа сөздерді шоғырландырып, байланыстыру қабілеті жоғары болдып табылады.
3) Тілде етістіктің атқаратын қызметі өте зор. Құрамында етістігі жоқ сөйлемдер өте сирек кездеседі. Бір сөйлемде бірнеше етістік қолдану – заңды тілдік құбылыс.Бұл – етістіктің белгісініңі бірі әрі грамматикалық ерекшелігі.  
4) Етістік сөздер сөйлемде құрамы жағынан өте күрделі, оған себеп – етістіктің грамматикалық категорияларға байлығы. Қазақ тілінде етістіктен категорияға бай сөз табы жоқ деп айтуға болады. Олардың бәрі бір етістік құрамында түгел қолданыла бермегенімен, етістік құрамында оның бірнеше категорияларының көрсеткіштерімен қабаттаса қолданылуы жиі кездеседі. Мысалы, Ол бұл әңгімеге енді қайта орала бермейді (М.Ә.) Осы мысалдағы орала бермейді деген етістікті алсақ, ол қимылдың өту сипаты категориясында, етістіктің болымдылық/болымсыздық категориясында, келер шақта, жақ категориясында қолданылған. Етістіктің  құрамында қимылдың өту сипаты категориясының -а бер  болымсыздық жұрнағы -ме, келер шақтық -й, жақ категориясының жалғауы -ді қолданылған. Міне, етістіктің бұл сияқты құрамда  қолданылуы – әдеттегі жағдай,  етістік одан да күрделі құрамда қалданыла алады. 
5)Етістік құрамында етіс жұрнақтары болғанда, олардың грамматикалық мағыналары өзгереді. Мысалы: Оқытушы студентке сөйлем талдатқызды деген сөйлемде талдатты етістігі талдады етістігімен граммматикалық мағынасымен ерекшеленеді. Талдатты етістігіндегі -т жұрнағы қосымша грамматикальық мағына үстеген; ол –  өзгелік етіс мағынасы, яғни өзгелік қимыл қатысы мағынасы болып табылады. 
Бұлардан тыс етістіктің басқа да грамматикалық ерекшеліктері бар:
1) етістіктің сөйлемге түскенге дейінгі түбір тұлғасы оның лексикалық мағынасы болып табылатындығы. Мысалы: оқу, бару, айту, сөйлеу, жазу, тапсыру, т.б.  
2) етістіктің сөйлем құрамына (сөз тіркесіне) түскендегі тұлғасы түрленген тұлға болатындығы. Оқу – білім бұлағы. Оқу – инемен құдық қазғандай. Сөйлемдегі оқу сөзі түбір тұлғадағы сөз емес, атау тұлғасында  түрленген етістік сөз болып табылады, не? деген сұраққа жауап береді.  
Грамматикалық жағынан да етістік мағыналары алуан түрлі. Мәселен, бүкіл етістік  мағыналары салт, сабақты болып бөлінеді. Етістік атаулыға тән бұл мағыналық  ерекшеліктен тыс қалатын ешбір лексикалық мағыналы етістігі жоқ, ол - негізгі етістікке де, туынды етістікке де тән жалпы семантика. Сондай-ақ қимыл атауы етістіктері де өз мағынасы, тұлғасы арқылы басқа етістіктерден ерекшеленеді, олар қимылды атайды 
Етістіктің есімше түрі – заттың қимыл белгісі (оқыған адам, келген кісі). Осыған қарап, ғылымда есімшені сын есімге қосу керек деген пікір де болған. Бұл есімшенің мағыналық ерекшелігін дәлелдейді.
Көсемше де мағынасы жағынан етістіктің басқа түрлерінен ерекшеленеді. Көсемше қимылды сипаттайды, суреттейді (күле қарады, жылымсырап сөйледі, сықылықтап күлді ).
Көсемшенің қимылды сипаттау мағынасы оны үстеуге жақындатады, сондықтан оны үстеуге қосу керек деген ұсыныстар да болған.
 Сонымен етістік – мағынасы жағынан ерекшелігі мол сөз табы.  
түбір етістік дейтін межеге сыйғызуға келетін сөздерді іс-әрекет, амал, қалып үдерісінің динамикасын білдіруі жағынан бірнеше лексика-семантикалық топқа бөліп қарауға болады.
1. Обьектімен тікелей байланысты іс-әрекетті білдіретін етістіктер. Бұл топқа, негізінен, сабақты етістіктер жатады. Бірақ олардың өзін субьекті іс-әрекеттің обьектіге қатысына қарай :
а) же, іш, пісір, қаз, құрт, піш, уат, кес ;
ә) майла, боя, сүтте, (сүттеп шай ішу), асфальтта, сабында ;
б) ұр, соқ, жық, көтер, апар, әкел, ал, бер ;
в) жүр (шахмат, дойбы, картаны жүр дегенде), бас (аяғыңды бас), қат (тіл қату) ;
г) көр, есіт, оқы (кітапты) ұқ, ұйымдастыру, түсін, сезін, аңсары ауу д.м. тәрізді бірнеше топқа жіктеп көрсетуге болады.
2.Субьекті қалып, сапалық өзгеру үдерісімен байланысты айтылатын етістіктер. Бұған да, негізінде, салт етістіктер жатады.Олардың бір-бірінен мағыналық айырмасы бар :
а) ұйықта, оян, қуан, қайғыр, ренжі, уан ;
ә) азай, көбей, ортай, молық, толық, кемі , кеңі, тарыл, семір, іс ;
б) ұзар, қысқар, өс, ағар, көгер, сарғай, әдемілен ;
в) өл, ауыр, жазыл, сем, тіріл, қат, (қатып қалды), ту (ол 1900 жылы туды), қыз (от қызды), жан (шам жанды), кеп (шүберек кепті) ;
3.Субьекті қозғалысын, беталыс, бағытын білдіретін етістіктер.
Бұлар, негізінен, салт етістіктер тобын құрайды. Оларды да іштей :
а) кел, кет, бар, қайт, жүр, (кейін жүрме, ілгері жүр, ол осында жүр), серуенде.
ә) түс, шық, көтеріл, көлбе, көлкі, ақ, жау, құй, төк ;
б) ұш, самға, сырғана, жылжы, шап, жорт, жорғала, жүгір ;
в) жинал, тара (хабар тарады), тарқа, ыдыра ; т.б. осы тәрізді саралап бөлуге болады.
4) Бейнелеу етістіктері. Бұлар да салт етістік және олар, негізінен, үлкен үш топқа бөлінеді :
а) бет-бейне, дене құбылуымен байланысты айтылатындар ; адырай, бақырай, едірей, безірей, бүкірей, мықырай ; тыржыңда, мықшыңда, орди, ими, сиди, ілми, жыми т.б.
ә) дыбыстаумен байланысты динамикалық үдерісті білдіретіндер : маңыра, мөңіре, үр, мияула, ойбайла, айқайла, шәуілде, бозда, ыңыран, ыңырсы, қыңсыла, шырылда, іңгәла, шиқылда, сайра, шырқа, тарсылда, сусылда, т.т. лар.
б) түр-түс т.б. құбылмалы үдерістерді білдіретіндер : жалтылда,үлпілде, үлбіре, жалпылда, қызараңда, ағараңда, көлбеңде, ербеңде, елпелекте т.б.
5) Ішкі обьектілі салт етістіктер.Бұған :
а) қозда (қой қоздады), бұзаула, күшікте (түлкі, қасқыр, ит, мысық күшіктеді), құлында, ботала, жұмыртқала ;
ә) гүлде (алма гүлдеді), жапырақта (ағаш жапырақтады), жапалақта (қар жапалақтап тұр) т.б. осы тәрізділерді мысал етіп келтіруге болады.
Қазақ тілі етістіктерінің қай тұлғасында болсын (негізгі, туынды, дара, күрделі) лексикалық мағынасының үстінде салттылық, сабақтылық грамматикалық мағынасы болады. Бұл – олардың алғашқы табиғатынан қалыптасқан құбылыс.
 
Етістік сөз табының сөзжасамдық сипаты.  Етістік түбірлері деп бір шеңберде қаралатын сөздердің өзі буын саны мен морфологиялық құрамы жағынан әр түрлі болып келеді.
Етістіктің сөзжасамдық жұрнақтары лексикалық мағынаға әсеріне қарай сөз өзгертуші және сөз түрлендіруші жұрнақтар болып бөлінеді. Мұндай бөлуді ғалым Н. Оралбай көрсетеді. 
Сөз өзгертуші жұрнақтарға негізінен есім сөздерден етістік тудыратын жұрнақтар жатады. Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтарға етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар жатады.
Лексикалық мағынаны өзгертетін жұрнақтар деп негіз сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп, одан қимыл мағынасын жасайтын жұрнақтар аталады.
Есімдерден етістік жасайтын жұрнақтар. Есім сөздерден етістік жасайтын жұрнақтардың мағынасы әр түрлі. Сондықтан олар әр түрлі мағыналы туынды түбір етістік жасайды. Осымен байланысты туынды түбір етістік жұрнақтары мағынасына қарай топтастырылып берілді.
Негіз сөздегі сындық белгіні қимылға айналдыратын жұрнақтар.
Белгілі түске көшу қимылын жасайтын жұрнақтар. Түс мәнді сын есім сөздерге етістіктің сөзжасамдық жұрнақтары жалғанып, негізгі сөздегі түске көшу әрекетін білдіретін туынды түбір етістік жасайды:-ла, -ле : ақта, қарала, көкте, қызылда, қызыраңда, ағараңда т.б.; -ар, -ер, көгер, ағар, бозар;-ғай: сарғай;-ай,-ей: қарай; -ар : қызар
Негіз сөздегі сындық белгіге көшу қимылын жасайтын жұрнақтар. Түрлі сындық белгіні қимыл әрекетке айналдыратын етістіктің жұрнақтары  белсенді қызмет атқарады. Олар: -ла, -ле: а) әдеміле, сұлула, жақсыла, жұқала, уақта; ә)  арықта, жеңілде, ауырла, ыстықта, еркеле; б) жылмаңда, бұланда, ирелеңде, сылаңда;в)  шыңда, дәлде, жылдамда;
-лан, -лен: қулан, зұлымдан, болжампаздан, жалқаулан, елгезектен;-тас, -тес: өштес, қостас, достас;-ай, -ей: тарай, кеңей, молай, зорай; -ар: ұзар, қысқар, жаңар, өзгер; -ал, ел: оңал, сұйыл, тарыл;-ық: молық, зорық, өшік; -сы, -сі: босаңсы, пысықсы, батырсы; -сын, -сін: батырсын, білгішсін, жатсын; -ғар, -гер: оңғар, теңгер; -ы, -і: жасы, кеңі.
1. Заттық ұғымнан қимыл мәнін тудырушы жұрнақтар:
1.Дене мүшелерінің қимылға түсуін, яғни дене мүшелері арқылы жасалатын қимылды білдіретін туынды түбір етістіктер жасайтын жұрнақтар: -ла, -ле: баста, көзде, аяқта, өкшеле, өкпеле, желкеле;  -а, -е: тісе, тіле.
2.Туу, көбею қимылын жасайтын жұрнақ: -ла, -ле: балала, қозда, бұзаула, төлде, гүлде.
3. Құрал арқылы жасалатын қимылды білдіретін жұрнақ: -ла, -ле: балтала, арқанда, тырмала, қазықта, т.б.
4.Обьектіге заттық ұғымның қимыл -әрекетке көшуін,білдіретін жұрнақтар: -ла, -ле: күмісте, алтында, өрнекте, бұтақта; -а, -е: ата, аса, деме, ота, міне; -ай: құтай, отай; -қар, -кер: басқар, ескергенде;-сер: тексер;  -шы, ші: аунақшы, дөңбекші, жаншы, көпірші . 
5. Мөлшер, шама мәнді етістік жасайтын  жұрнақ:-ла, -ле: шелекте, бөшкеле, қапта, сүйемде, кезде, адымда, аршында.
6. Негіз  сөздің  мағынасынан дыбысқа қатысты  етістік жасайтын жұрнақтар:-ла, -ле: тарсылда, сартылда, қарқылда, ойбайла; -ыра, -іре: дүркіре, күркіре, бұрқыра. Бұл – еліктеуіш сөзден дыбыс мәнді етістіктің жасалуы. -а, -е: салдыра, күркіре; -қыр, -кір: ақыр, қақыр, пысқыр, түкір. Бұлар – жұрнақ кіріккен көне түбірлер.
7. Мекендік мәнді етістік жасайтын жұрнақтар: -ла, -ле: өрле, тұрақта, іргеле, ықта, арала. Үстеуден де осы мәнді етістік жасайды: жоғарыла, төменде; -лас, -лес: орналас, жайлас, көршілес;-а, -е:орна; -ық:орнық 
8. Заттық ұғымнан жетімсіз қимылды, зәрушілікті білдіретін қимылды жасайтын жұрнақтар:-сыра, -сіре: қансыра, жетімсіре, ойсыра, күлімсіре; -ырқан, -іркен: азырқан, ашырқан, тұшырқан; -ырқа, -ірке:     есірке, мүсірке, тосырқа.
9. Сын – бейне мәнді жасайтын жұрнақтар: -ти, -ди: қазди, дүрди, сұсти; -ырай, -ірей: бақырай, шақырай
10. Субьектінің әдеттенген қимылын, өзіне тікелей қатысты қимылды білдіретін етістік жасайтын жұрнақтар: -ық, -ік:құнық, дәнік, бірік, жолық;-ына, -іне: есіне, қатына, пысына; -ке, -қа:иіске;-ан, -ен:жирен, оян, басын, жұбан, т.б.
2. Етістіктен  етістік  жасайтын  жұрнақтар. Етістіктен етістік жасайтын жасайтын жұрнақтарға негізінен лексикалық мағынаны түрлендіруші жұрнақтар жатады. Етістіктің лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақтар деп етістік негіздің лексикалық мағынасын сақтай отырып, оған түрлі үстеме мағына қосатын жұрнақтары аталады. Етістіктен етістіктің жасалуы екіге бөлінеді:
1) етістіктегі лексикалық мағынаны түрлендіру;
2)етістіктегі лексикалық мағынаға обьектілік, субьектілік мағыналар қосып түрлендіретін жұрнақтар;
Етістіктегі лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар.         1.Түбір етістіктегі лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар аз, олардың көбі өнімсіз жұрнақтар, тіпті бір туынды түбірлерде кездесетіндері де бар:
-ғы, -гі: сырғы, ызғы, кергі, түрткі. Мысалы: Ызғып отырып, тез жеттік (С. Жүнісов).
-ла,-ле:үрле,бүкте,тістеле,сүйреле:Саған қарайлап қалдым (С.Мұқанов). -қыла, -кіле: шапқыла, кескіле, ұрғыла, тепкіле, жұлқыла; -ыңқыра, -іңкіре: алыңқыра, бұрынқыра; -шы, -ші: тыншы, шапшы, көнші; -дік, -лік: көндік, илік, килік; -ірей: тесірей, тікірей; -ыр, -ір: қаңғыр, бітір, кетір;  -жыра, -жіре: тұнжыра, болжыра; -ға, -ке: қорға, қозға, бүрке; -ғыт: құйғыт, орағыт: Орағытып, сөзден ұстатпайды.  (С, Жүнісов);-жы : уылжы, тамылжы;-ік:  көнік., кезік
Бір  туынды түбір сөз ғана жасайтын жұрнақтар:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                
-ей: кішірей: Құнанбайдың алдында кішірейіп болдық (М. Әуезов).
-бі : ілбі. Мысалы, Ілбіп жүрістері өнбеді (С. Мұқанов)
-ді : өнді. Мысалы, Жаяудың жүрісінен жер өндімейді (І. Жансүгіров).
-іл : иіл. Мысалы, Жауға иілген басым қор болды (С. Жүнісов).
-іс : көніс. Мысалы, Көніспеге шара жоқ (С. Мұқанов).
-гес: мінгес: Асқармен атқа мінгесіп отыруға тура келді (С. Мұқанов).
-сет : көрсет. Мысалы , Көрсет ерлігіңді (С. Жүнісов).
Субьектілік, обьектілік мәнді жұрнақтарды етіс жұрнақтары деп атайды. Бұл жұрнақтар түбір етістіктерге жалғанып, оларға қимылдың иесі, қимылға түсетін обьекті туралы мән қосып, түбір етістіктегі лексикалық мағынаның үстіне әр түрлі мағына қосады. Сондықтан олар етістіктің лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақтар болып саналады. 
Аналитикалық  тәсілмен  жасалатын етістік сипаты. Сөз тудырудың аналитикалық тәсілі сөздерді біріктіру, қосарлау, тіркестіру арқылы көрінеді де, сөзжасам жүйесіне еніп, оның бір тәсілі болып табылады. Яғни бұл тәсіл сөздерді біріктіру, қосарлау, тіркестіру жолдары арқылы іске асады. Сөйтіп барып жаңа мағыналы сөз, жаңа ұғымның атауы туып, тілдің ссөздік құрамы дамып, оның қатары өрістей түседі, байи түседі. Ол – тілдік құбылыстың басты, мәнді ерекшелігі. Сонымен қатар осы жолдар арқылы жасалған етістікті жаңа туындылар морфологиялық құрамы жағынан (грамматикалық сипаты) күрделі сөздер тобына жатады.  
 
Етістік сөзжасамының аналитикалық тәсілі дегеніміз сөздердің бір-бірімен тіркесіп, сол арқылы күрделі қимыл ұғымын, сөзге қимыл мағынасын беру деген сөз. Мысалы: Әскер жүріп кетті. Табыстан табысқа жете береміз мысалдарындағы жүріп кетті, жете береміз етістіктері күрделі етістіктер, олар күрделі ұғымды жеткізіп тұр.
 
Күрделі етістіктер сөйлемде дара сөздер сияқты түрленеді, сөз түрлендіруші көрсеткіштер күрделі етістік біткен соң, оның соңғы  сыңарына  жалғанады. Мысалы, мына бір жоба  кестеден көруге болады.  Кел- тірек сыңарымен келген күрделі етістікті алдық.
      
Күрделі етістік
Оған қосылатын  қосымша
Ауыспалы
Сыңар
Байланыс-тырушы 
элемент
Тірек сыңар
жұрнақ
жалғау
Ал                              
-ып          кел -гіз              -іңіз
    Күрделі  етістіктердің  сыңарларының арасында басқа сөздер тұра алмайды. Мысалы, келіп кірді, жүріп кеткен, қайтып берді - күрделі баяндауыштар, күрделі қимылдың бір мезгілде, жалғасы болғанын баяндап тұр.
Аналитизм – күрделі туынды аталым жасалудың ұстанымы емес, ұғымды бірнеше сөздердің тіркесі арқылы таңбалау, күрделі құрылымдық жүйенің дара бірлік ретінде қалыптасуы, әр түрлі мағынаны білдіретін тіркестер, бір номинативті мағына беретін тұлға ретінде жаңа қызметте жұмсалуы, сөйтіп, біртұтас тұрақты мағынаға ие болып, лексема ретінде қалыптасуы. Тілдегі сөз тіркестерінің мағыналық жағынан өзгеріске түсуі тілдің семантикалық даму заңдылығына сәйкес түседі.
Етістік аналитикалық тәсілдің үш жолымен жасалады: тіркесу, бірігу, қосарлану. 
Етістіктің аналитикалық тәсілдің тіркесу жолымен жасалуы деп екі түбір етістіктің бір күрделі лексикалық мағына беріп, тіркесе жасалған, яғни емле бойынша бөлек жазылатын күрделі етістік аталады. Мысалы: алып кету, көріп беру, барып қайту, қайтып келу, т.б. 
 Тіркесті күрделі етістіктерге тұрақты етістіктер де жатады: төбе шашы тік тұру, зәре-құты қалмау, қара терге түсу, т.б.         
Етістіктің аналитикалық тәсілдің бірігу жолымен жасалуы. Біріктіру арқылы сөз жасау – ертеден қолданылып келе жатқан тәсілдерінің бірі болып саналады. Алайда етістіктің бірігу жолымен жасалуы өте мардымсыз. Онда да етістіктің бірігу жолының кіріге біріккен түрімен жасалуы ғана кездеседі: апар – алып бар, әпер – алып бер, әкел – алып кел, әкет – алып кет.
 
2.1 Етістіктің лексикалық-грамматикалық қолданысы
Етістіктің, оның тұлғаларының жүйесін айқындау үшін сол жүйеге енетін тұлғалардың негізгі грамматикалық сыр-сипатын ашып алу қажет. Өйткені ол жүйе етістіктің арнаулы тұлғаларынан құралады.
етістік тұлғаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияларға бөлінеді.
1.Етістік негізі
2.Қимыл атауы  категориясы
3.Салттық және сабақтылық категориясы
4.Етіс категориясы
5.Болымдылық және болымсыздық категориясы
6.Амалдың өту сипаты
7.Есімшелер категориясы
8.Көсемшелер категориясы
9.Рай категориясы
10.Шақ категориясы 
Сонымен, етістік негізі деп жалаң я күрделі тұлға арқылы тек амалдың (істің)атын ғана атайтын, яғни  амалдың лексикалық мазмұнын ғана білдіретін,сол амалды істеуді ғана мезгейтін, бірақ жүзеге асырудың ешқандай да жолдарын я сатыларын, ол жөніндегі көзқарасты білдірмейтін грамматикалық тұлғаны айтамыз.
салт/сабақтылық катерориясы – қазақ тілі етістіктерінің грамматикалық семантикасымен байланысты қалыптасқан құбылыс. 
Сонымен, етіс категориясы деп амалдың (істің) субьекті мен обьектіге қатысын, сондай-ақ керісінше, субьекті мен обьектінің амалға (іске) қатысын білдіретін тұлғалардың жүйесі аталады да, етістікке лексикалық-грамматикалық өзгеріс береді. 
Өздік етіс:-ын (-ін,-н) жұрнағы етістік негізіне жалғану арқылы  жасалады. Мысалы : тара-н, жу-ын, ора-н, ки-ін, көр-ін, сұр-ан.
Өзгелік етіс:- т,-тыр, (-тір, -дыр, -дір),-қыз(-кіз,-ғіз,-гіз)жұрнақтары арқылы және сол жұрнақтардың қабатаса жалғануы арқылы етістіктің түбір тұлғасымен көрінеді. Мысалы : азай-т, көбей-т, көтер-т, күре-т, оқы-т, төле-т, ойна-т, жүгір-т, жөнел-т, 
Ырықсыз етіс: -ыл (-іл,-л ) жұрнағы арқылы  және етістік негізінде л дыбысы болса, -ын, (-ін,-н) жұрнағы арқылы жасалды. Мысалы : қой қамалды, үй жиналды, жіп үзілді, түйін шешілді, кір жуылды, 
Ортақ етіс: -с (-ыс,-іс) жұрнағы арқылы негізгі етіс тұлғасынан (етістік негізінен) жасалады. Мысалы : айтыс, әкеліс, апарыс, артыс, көріс, келіс, қарас, таныс, көмек көрсетіс, іздеу салыс, ат салыс т.т
Етістіктің болымдылық/болымсыздық сипаттағы қолданысы. Амал - әрекеттің болу я болмауы немесе  тынуы я тынбай қалуы – табиғи  құбылыс. Осы табиғи құбылысқа қатысты амал - әрекеттің жүзеге асуы я аспауы тілде (грамматикада ) арнаулы тұлғалар арқылы  айтылады.
    Етістік рай – мазмұны мен формасы жағынан аса бай категория. Өйткені ол шақ формаларымен де, есімше, көсемше, қимылдың өту сипатын білдіретін формалармен де т.б. байланысты болады.
Райлық қолданысты білдіретін етістік тұлғаларының көрсеткіштері   төртке бөлінеді. Сөйтіп рай категориясын жасайтын етістіктің төрт түрлі райлық қолданысы сараланады: ашық райлық қолданыс, бұйрық райлық қолданыс, шартты райлық қолданыс, қалау райлық қолданыс.
    
ІІ. Орта мектепте етістікті оқытдың әдіс-тәсілдері
2.1. Етістікті  оқытудың әдіс -тәсілдері
  Мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы-өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу.  
          6-сыныпта сөздің түрлері мен сөз құрамы жайында мағлұмат берілгеннен кейін сөз таптары оқытылғанда етістік, оның түрлері және категориялары  туралы тақырыптар оқытылады. Мұнда етістікті   мағыналық жағынан қарастырса, ал 7- сыныпта оның түрлену жүйесі, сөйлемдегі синтаксистік қызметі туралы білім беріледі.
          Сонымен 6- 7-сыныпта морфология тарауы бойынша білім берудің мақсаты - оқушыларға морфорлогияның үлкен бір  күрделі де өте жиі қолданылатын саласы - етістік екенін, оның орны мен рөлін таныту, оның қазақ тіліндегі  алатын орнын, етістіктің жасалу жолдарын, жіктелу ерекшелігін, сөйлемдегі қызметін  айыруды үйрету және осы білімді оқушылардың қарым-қатынас қабілеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың негізі ретінде игерту.
          Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
- етістіктің және оның категорияларының өзара байланысы мен ерекшеліктерін таныту арқылы тілдік машықтарын арттыру;
- оқушыларға етістіктің жалпы тіл жүйесіндегі орнын таныта отырып, олардың лингвистикалық дүниетанымын кеңейту;
- етістікті оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау;
- етістіктен алған білімдерін күнделікті қарым-қатынас жасауда қолдана білуге үйрету;
- етістіктен алған білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды  қолдануға төселдіру;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың әдеби тіл нормасына сай сөйлеу дағдыларын жетілдіру 
          Мектепте қазақ тілі грамматикасынан оқушылардың игеретін білімдері екі деңгейге бөлініп анықталады: міндетті және мүмкіндік деңгейлер. Міндетті деңгей оқушылардың білім дәрежесінің ең төменгі қажетті мөлшерін белгілесе, мүмкіндік деңгей баланың шығармашылық бағыттағы белсенді іс-әрекетіне бағдар болатын білім көлемін көрсетеді. Бұл екі деңгей көлемі бойынша қазақ тілінің оқытылу процесінде етістік бойынша мынадай болып белгіленеді:
1. Міндетті деңгей:
- етістікті өзге сөз таптарынан ажырата білу; 
- етістіктің және оның категорияларының сөйлеудегі атқаратын ролін тану;
- етістікті  сөйлеу тілінде орынды жұмсай білу;
- етістіктің жіктік формаларын айыру, қызметін білу, оларды қатыстырып сөйлемдер құрау;
2.   Мүмкіндік деңгей:
- етістік және оның категориялары мен үстеудің, етістік және оның категориялары мен еліктеуіш сөздердің арақатынасын сөйлеу тілінің мақсатына сай айқындай алу;
- етістік және оның категорияларының сөйлемдегі қызметін зат есімдермен, сын есімдермен салыстыра талдап, түрленуіндегі өзгешеліктерді айқындау:
Осы мақсаттар мен міндеттерді айқындау арқылы етістікті мектепте оқытуды тиімді жүзеге асыруға болады.
Осы курстық жұмысты жазудағы мақсатым – мектепте етістіткті оқытудың мақсаты мен міндеттерін айқындап, етістікті қазақ тілінің заңдылықтары мен принциптеріне сай оқытып, етістікті  оқытудағы әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды іріктеп, оларды оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай таңдап алу арқылы етістікті оқытудың тиімділігін пайымдау.
Оқушылардың қазақ тілі сабағына ынта қоюын қалыптастырудың, яғни тілдік тақырыптарды саналы түрде меңгеруінің басты қозғаушы күштерінің бірі – пәннің практикалық мәніне үнемі назар аударып оқыту. Бұл оқушылардың оқу мотивтерін оятудың, дамытудың мәйегі болып табылады. Ал, мотив бар жерде әрекеттің де нәтижелі болары сөзсіз. Мотив оқушылардың білуге құштарлығынан, зейінінен және сабақтағы белсенділіктерінен байқалады. Сондықтан, олардың қызығушылығын қалыптастыру мынадай баспалдақтар арқылы жүргізілгені тиімді:
1) Сабақтың қызықты болуы;
2) Тілдік білім – машықтардың қажеттіліктеріне көз жеткізу;
3) Тілдік білімге, машықтарға деген ішкі қажеттілікті дамыту 
Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын тудырудың, саналы түрде түсінуін қалыптастырудың тағы бір жолы – тілдік терминдердің мағынасын аша отырып оқыту. Әуелде мұғалімнің басшылығы мен жүргізілетін мұндай жұмыс бірте – бірте тілдік ұғымдарды оқушылар өз бетімен тануына алып келеді.  Мысалы, етістіктің көсемше категориясын  оқытқанда “көсемше” сөзін А.Байтұрсынұлы енгізгенін, көсем тәрізді үнемі алдыда тұрады дегенді білдіреді, есімше заттанғандықтан түбірі есім деген сөзден туған дегенді айта кету оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыра түседі.
Баланың оқу мотивтерін, оның ішінде қызығушылығын қалыптастырудың бір жолы ретінде пәнді оқытуда эвристикалық тәсіл арқылы оқу материалын оқушының өздігінен түсінуі мен шешуі атап көрсетіледі. Мұнда білім мазмұнын меңгертуде баланың ынта-ықыласын жұмылдыру мақсаты көзделеді. 
 Грамматикалық ережелер мен анықтамаларды, оның заңдарын бала өзіндік ой қорытулары арқылы түйіндейді. Мұндай сабақтарды мұғалім алдын ала жоспарлап, онда мынадай міндеттерді белгілейді:
- грамматикалық материалдарды оқушыға түсіндіру жолын ықшамдап, өнімді әрі баланың қабылдануына, ақыл – ойына қонымды болу жағын қарастыру;
- меңгерілуге тиіс материалдардың түйінді мәселелерін оқушының өздері ашатындай жағдай тудыру, олардың түсіну дағдыларын қалыптастыру.  
Бала ұғымына ауырлық келтірмейтіндей деңгейдегі мәселелерді проблемалық жағдай туғыза отырып меңгерткен тиімді. 
Проблемалық сұрақтар оқушылардың белсенді әрекеттерін туғызуға түрткі болып өздігінен ой түйіндеулеріне әкеледі. Мұнда баланың танымдық дербестігін, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру үшін салыстыру, талдау, жинақтау, ой қорту секілді ойлау операциялары жүзеге асырылады. 
4) Ойлау тәсілдеріне: алгоритмдік, жартылай алгоритмдік /дұрыс шешім – бірдей шешім/; эвристикалық, жартылай эвристикалық /дұрыс шешім болмау да бірдей болмауы да мүмкін шешімдер/ тәсілдерді оқушыға үйретудегі басты мақсат – машықты төтелей меңгерту емес нақты міндетті шешуге көмектесетін операциялар жүйесін қалыптастыру    
Көрнекі педагогтар анықтап, мұғалім мен оқушылардың тәжірибесінде әбден қалыпқа түскен, сыннан өткен әдістер мыналар: 1/ мұғалімнің баяндау не түсіндіру әдісі; 2/ әңгіме әдісі; 3/ көрнекілік әдісі; 4/ кітапты пайдалану әдісі; 5/ жаттығу әдісі; 6/ байқау әдісі; 7/ грамматикалық талдау әдісі т.б.
Оқушыларға қазақ тілі сабағында етістіктен саналы білім беруді қамтамасыз ететін оқыту әдістерінің ең негізгілерінің бірі – байқау әдісі. Мұның мәні бұрынғыға қарағанда қазір мектептің өмірімен байланысын нығайту, оқушылардың белсенділігін арттыру талап етілген кезде күшейе түсті.
Байқау аз уақыттық та, көп уақыттық та болып келеді. Аз уақыттық байқау сабақтың  әр кезеңінде бола береді. Ал көп уақыттық байқау тіл сабағында қазір онша көп орын алмайды.
Қазақ тілі сабағында етістіктен білім беруде ең тиімді байқау – аз уақыттық байқау. Байқаудың тым ұзаққа созылғаны /3-4 сағатта бір ғана объектіні байқау/ оқушыларды жалықтырады. Соның салдарынан басқа сабақтарда олардың байқауға ықыласы болмайды. Сондықтан да етістікті оқытқанда, аз уақыттық байқау әдісі тиімді.
Қазақ тілінде етістік материалдарын мұғалімнің түсіндіруі дегеніміз – оның ұғымдары мен ережелерін логика заңдарын басшылыққа ала отырып, ғылыми тұрғыда белгілі бір жүйемен оқушыларға айтып беруі. Түсіндірудің негізгі өзіндік ерекшелігі – дәлелдеу. Мұғалімнің түсіндіруінде үнемі пайымдау, ой қорытындысын шығару, дәлелдеу дегендер болып отырады. 
1  Бағдарлама мен оқулықтағы етістік туралы білімді түгел түсіндіру. Түсіндірудің бұл түрін әр мұғалім бұрыннан қолданып жүр.
   2  Оқулық пен бағдарламада көрсетілген етістік туралы материалдардың ең негізгісін ғана мұғалімнің түсіндіруі. 
3   Оқушыларға бағыт беру. 
4   Оқушылардың өздігінен түсінуі немесе түсіндіруі. 
Әңгіме әдісіне үнемі мұғалім сұрақ қоя бермейді, кейде оқушылар да сұрақ қояды. Әйтеуір сыныпқа қойылған сұрақтар әңгіме туғызуға себепші болады. Сол себептен бұл әдіс әңгіме әдісі деп аталынады.
Грамматикалық білім беруге қолданылатын әңгіме әдісі үш түрлі:
1/ хабарлайтын әңгіме;
2/ эвристикалық әңгіме;
3/ еске түсіретін әңгіме.
Хабарлайтын әңгіме дегеніміз – оқушылардың бұрыннан білетін білімі мен тәжірибиесіне және байқауына сүйене отырып, сұрақ-жауап арқылы мұғалімнің етістікті түсіндіруі.
Эвристикалық әңгіме – сұрақ-жауап арқылы жаңа материалды оқушылардың өзіне меңгерту. Эвристикалық әңгімеде оқушылар етістікті, оған тән қасиеттерді басқа сөз таптарымен салыстыра отырып, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін таниды, ой қорытындысын шығарады.
Еске түсіретін әңгіме дегеніміз – қайталау, жинақтау арқылы оқушылардың етістіктен бұрыннан білетін білімдерін бір жүйеге келтіру және соларды практикада қолдану. Бұл әдісті 7 сыныпта «Етістіктің түрленуі» және «Етістіктің сөйлемдегі қызметі» атты тақырыптарын өтерде 6-сыныпта өткен «Етістік» мен  «Етістіктің жасалуы мен түрлері» атты тақырыптарды қайталауға қолданған тиімді болар еді.
Әңгіме әдісінің нәтижелі болуы көбіне мұғалімге, оның қойған сұрақтарына байланысты болады. 
Көсемшені оқытуда жаттығу әдісінің мәні зор. Мұғалім тілдік материалды оқулық пен бағдарламаға сай, тіпті одан да көлемді, терең білімді оқушылар санасына өте тиімді жеткізгенімен, жаттығу әдісін білмесе, жаттығу жұмыстарын жүргізбесе, ол көпке бармайды, ұмытылып қалады. 
Көсемшеден оқушылардың дағдысын қалыптастыру үшін жүргізетін жаттығулардың түрі өте көп. Сондықтан да мұғалім жаттығуға байланысты мыналарды білуге міндетті:
1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін, оқушылардың сол жаттығуды орындарлық білімі болуы шарт. 
2. Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы барлығына түсінсе ғана оны саналы түрде орындайды. Саналы түрде орындалған жаттығулар ғана көсемшеден тиісті дағдылар алуына көмектеседі.
3. Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс.
4. Жаттығу оқушы назарын өзіне тартатындай болуы керек.
5. Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы шарт.
6. Жаттығулардың түрлі-түрлі болып келуі.
7. Жаттығулар тек таяуда ғана өтілетін материалдарға негізделмей, бұрынырақта өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек.
8. Жаттығулар оқушылардың көп уақытын алмауға тиіс.
9. Шығармашылық жаттығулардың көбірек болуы қажет.
10. Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.
Жаттығулар осы талапқа сай болғанда ғана оқушылардың дағдысын қалыптастыра алады.
Кітаппен жұмыс істеу әдісі сабақтың барлық кезеңінде қолданылады. Себебі көсемшеден білім оқушылардың тілдік құбылыстарды бақылауы арқылы немесе мұғалімнің сөзі арқылы ғана емес, басқа әдістер арқылы да меңгерілетіні белгілі.
Грамматикалық талдау – қазақ тіліне тән оқыту әдістерінің бірі. Оқытудың бұл түрі көбінесе оқушыларға қазақ тілінен білім мен дағды беруде жиі қолданылады.
Қазақ тілінде грамматикалық талдаудың мынадай түрлері бар: фонетикалық талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау, сөзжасамдық талдау.
Көсемшені оқытқанда морфологиялық талдау жасау арқылы талдау жасатса, синтаксистік талдауды көсемшенің синтаксистік қызметін өткен кезде талдау жасаған дұрыс. 
Қазақ тілінен көсемшені оқытқанда грамматикалық талдау ауызша да, жазбаша да жасатып отырылады. 
Өз бетімен ізденіп білім алу әдістеріне мына әдістер жатқызылады:
1/ дәстүрлі проблемалық әдіс;
2/ кездейсоқтық әдіс;
3/ ситуациялық әдіс;
4/ оқушылардың  сабақ бере білу әдісі;
5/ дидактикалық ойын әдісі
6/ эвристикалық әдіс.
Дәстүрлі проблемалық әдістің құрылымы мынадай үлгіде келеді:
1/ мұғалімнің проблемалық ситуация жасауы;
2/ проблеманы жүйелеп таныстыру және оның шешімінің болжамын ұсынуы;
3/ шешімнің болжамдарын тексеріп көруі;
4/ алынған шешімдер мен нәтижелерді бір жүйеге түсіріп оларды қолдану жолдарын анықтау.
Бұл әдістің ерекшелігі мынада: оқытудан гөрі оқушылардың қызметіне зор мән беріледі.
Кездейсоқтық әдістің ерекшелігі сонда-оқушыларға көсемше мазмұнындағы мәлімет беріліп, соның себебін анықтау тапсырылады. Себебін анықтау барысында оқушыларда қандай да бір сұрақтар туындайды. Ал мұғалім сол сұрақтарға жауап беруі тиіс болады. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен қызметі барысында, сабақтың тақырыбында кездейсоқтық, яғни, көсемшеден белгілі бір нәтиженің шығу көзі іздестіріледі,басты ойлар анықталады. Шешімі бірнешеу болуы мүмкін, бірақ оқушылардың өзара талқылауы мен келісімі нәтижесінде соның біреуі қабылданады. Бұл жерде оқушылардың танымдық белсенділігі ғана рөл атқармайды, сонымен бірге мұғалімнің де қатысуының үлкен мәні бар. Оқушылардың жинақталған сұрақтарына мұғалім жауап беріп отырады, соның нәтижесінде ақиқатты тануға жетелейді.
Ситуациялық әдіс жоғарыдағы кездейсоқтық әдіске ұқсас болып келеді. Мұнда мұғалім белгілі бір жағдаяттар /ситуациялар/ туғызып, оның шешімін табуды оқушылардың өздеріне жүктейді. Оқушылар шешімнің біреуін немесе бірнешеуін тауып, соның ішіндегі дұрысын табуға тырысады.
 
ҚОРЫТЫНДЫ
Етістік – жалпы қимыл-әрекетті білдіретін сөз табы. Етістікті сөздер жалпы адамзаттың, ғаламзаттың (жан-жануар, жәндік атаулының қозғалысы; табиғи құбылыстардың адам арқылы немесе бірі біріне әсер ету арқылы қозғалыс әрекеті) қимылын білдіреді. Адамның түрлі қимыл-әрекетін атап білдіруіне қарай етістік атаулы бірнеше лексикалық-грамматикалық мағыналық түрге бөліне алады: ойлау, сезіну, көріп-есту, өсіп-өну, қимыл-қозғалыс, қалып, т. б. мағыналы етістіктер. 
Етістіктер – қимыл атауы, олар қимылдың нақ өзін (тұйық етістік) білдіреді. Бұл сөз табы түрлену жүйесімен, мағыналық күрделілігімен, қолданыстық ерекшелігімен, грамматикалық түрліше қызметімен барлық сөз табынан ерекше.
Етістік сөйлемде грамматикалық жағынан белсенді қызмет атқарады.
Ол басқа сөз табын жасауда өте құнарлы, өнімді қызмет жасаумен бірге, оның өзге сөз таптарынан жасалуы үшін арнайы жұрнақтары да мол. 
Күрделі етістіктердің зерттелуіне қатысты пікірлерде олардың анықтамасы тұрақты бір көзқараста. Сондай-ақ олардың түрлерін көрсетуде тұрақтылық сақталған. Біздің жұмысымызда  күрделі етістіктің тек екі түрі нысанаға алынды: тіркесті және аналитикалық күрделі етістіктер
Морфологиялық жағынан етістіктер белгілі бір тұлғаға түскеннен кейін немесе ие болғаннан кейін, жіктеледі. Нақтыласақ, етістіктің жіктелуі оны тұлғаландырушы қосымшаларына және сол қосымшалардың шақтық, райлық грамматикалық мағына білдіруіне қатысты болады.
Сөз тіркесін жасауда етістіктің маңызы ерекше. Ол етістікті меңгеру, жанасу байланыс түрін жасауда басыңқы қызмет атқарады. Етістіктің түрлі категориясы болуына байланысты сөйлем ішінде олардың синтаксистік қызметі де түрліше, тұрлаулы, тұрлаусыз сөйлем мүшесі қызметінің бәрін атқарады. Дегенмен етістіктің барлық категориясында жіктелу үрдісі болатындықтан, оның басты да негізгі синтаксистік қызметі – баяндауыш.
Етістіктің ашық райлық қолданысынан өзге шартты райлық, бұйрық райлық, қалау райлық қолданысы ғалым А.Ысқақов тарапынан нейғайбылдық қоланыс деп түсіндіріледі. 
Нейғабыл райлардың бәрі де модальдік реңк білдіру жағынан бір дәрежеде, бір сатыда, бір қатарда түрады деуге болады. Өйткені тұлғалары мен мағыналары қаншалықты басқа-басқа  болғандарымен, олардың бәрі де амалдың реальсыз екенін білдіреді. Амалдың айқан емес екенін  білдіретін негативтік сипат - нейғабыл райлардың бәріне де тән жалпы қасиет.
Сонымен етістік сөз табы өз алдына грамматикалық сипаты айқындалған сөз табы болып табылады. Етістіктің сөзжасамдық сипаты толыққанды болумен бірге, ол – өз алдына өз алдына түрленуі бар сөз табы. Әрине, оның түрленуі зат есімнің түрленуімен сәйкеспейді. Етістік жіктеліп қолданылу үшін, жалпы қимылды танытып, әрекетті түсіндіру үшін есімше, көсемшеге түрленіп, содан кейін жіктелуі керек.
Жүктеп алу
610 рет жүктелген
142.50 кб файл салмағы