Қазақ тілі сабақтары

Рефераттар
74
Мазмұны
КІРІСПЕ 
1. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарының теориялық негіздері 
1.2. Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негізі мен қазіргі мазмұнын анықтау 
2. ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Тіл дамыту жұмысының мақсаты мен мазмұны
2.2. Сөздік жұмысының жүргізілуі 
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
 
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге баынша қабілетті елу елдің қатарына кіру страегиясында Н.Ә.Назарбаев: «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құраладарының бірі», деп ерекше көрсетті.
Осыған орай дүниежүзілік жаһандану жағдайларына байланысты біздің Республикамыздың жалпы білім беру мектептерінің алдында оқушыларды бәсекеге қабілеттендірумен қатар, оларды өз ана тілінде таза сөйлеуде бейімдеу талабы тұр. 
Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты туралы тұңғыш ұлттық педагогика пәнінің негізін қалаған М.Жұмабаев  тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілінің болуы. Ұлт тілінің кеми бастауы, ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихи тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұратындығын көрсете келе, ана тілін ұмытқан халықтың толыққанды ел болып өркендеп, қанат жаюы мүмкін еместігін дәлелдеген. 
Қазақ тілін оқытудың ғылыми негізін жасауда зор еңбек сіңірген А.Байтұрсыновтың еңбектерінен баланың сөйлеу дағдысын қалыптастыру жөнінде құнды пікірлер табуға болады. Тіл дамыту мәселесі бертін келе әдісккер ғаымдар Н.Жұбанова, Б.Кәтенбаева, Б.Құлмағамбетова, С.Рахметова, А.Жаппаровтың еңбектеін,де зерттелді. Қазақ тілі мен оның әдістемесі жөніндегі ғылымның дамуына Қ.Жұбанов, С.Аманжолова, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, Ә.Сәдуақасов, Ғ.Бегалиев, т.б. ғалымдардың еңбегу өте зор. Бұдан кейінгі ғалымдар К,Аханов, А.Ысқақов, Ы.Маманов, Р.Әміров, Р.Сыздықова, Ф.Мусабекова т.б. еңбектерімен танысып, ондағы тіл  мәдениетімен стилистік грамматикалық формалардың синонимдік варианттарымен функционалдық ерекшеліктері туралы құнды пікілерді тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негізін жетілдіруде үлкен маңызға ие екенін байқадық.
Зерттеудің мақсаты: Тілге қатысты ғылыми практикалық жаңалықтарға сүйене отырып, қазақ тілін оқыту барысында тіл дамыту жұмысын жүргізудің мазмұнын, жолдарын, әдіс тәсілдерін белгілеу.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтары жүйелі жүргізіліп, теориялық негіздері айқындалса, оны іс тәжірибе қолданудың тиімді әдіс тәсілдері сараланып, әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілсе, оқушылардың тілін дамытуға негіз болады.
Зерттеудің міндеттері: 
- Тіл дамыту мәселесінің теориялық негізін айқындау;
- Қазақ тілін оықту барысында тіл дамыту мәселесінің шешуі нәтижесін зерттеу;
- Тіл дамытудың тиімді әдіс тәсілдерін саралау өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау, моделін құру;
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау, мектептегі озық тәжірибелерді жинақтау, оны оқу тәрбие үрдісінде қолдану, әңгімелесу, сахналау, жүргізілген іс тәдірибені сараптау, эксперимент  нәтижесін қорытындылау, оларды математикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеу нысаны: Зерттеу жұмысы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай қазақ мектебінде өткізілді. 
Дипломның құрылымы: Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысында оның нәтижелері туралы мәліметті көрнекі түрде бейнеленген үш кесте, екі сурет орналасқан. 
Жүктеп алу
16 рет жүктелген
140.00 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Сәтбаев Қаныш
Рефераттар
ҚАЗЫБЕК БИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ
Рефераттар
ҚАЗЫБЕК БИ КЕЛДІБЕКҰЛЫ
Рефераттар
Қазанғап күйші
Рефераттар
Мұңайтпасұлы, Қажымұқан
Рефераттар
Күләш Бәйсейітова