Қазақ тіліндегі сөз тіркесімділігі

Рефераттар
1024

1.1.Сөз тіркесінің лингвистикалық мәні

Ойды білдірудің ең кіші бірлігі сөйлем болып табылады, сол сөйлем белгілі бір сөздерден құралады. Ол сөздер бір-бірімен қандайда бір заңдылықтарға сүйене отырып тіркесіп, белгілі бір синтаксистік тәсіл арқылы байланысып, мағыналық үйлесімдер негізінде тізбектеледі. Ол сөздердің тіркесімділік қасиетіне негізделеді.Тіркесімділік-сөздердің ерекше қабілеті.
Тіркесімділік тіл салаларының барлық түріне тән. Тіл білімі ілімі тәжірибесінде аталмыш  құбылыстың тілдің бар қабатынан орын алатындығы жайлы ғылыми пікірлерн орын алған.
Орыс тілінің лингвистикалық энциклопедиялық сөздігінде тіркесімділік ұғымы тілдің барлық саласына тән екендігі айтылады, яғни фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік құбылыс ретінде қарастырылады [1,483-б.].
Тіркесімділіктің тілдің салаларына қатыстылығын қазақ тілі ғылыми тұжырымдар да құптайды. 
Қазақ тіл біліміне тіркесім терминін алғаш енгізген ғалым С. Нұрханов болатын. Ол тіркесімнің ең кемі тілдік екі элементтен құралатын тілдік ең кіші контекст (фон) болып табылатындығын, ол тек сөзге ғана тән қасиет емес, сонымен бірге фонема мен морфеманың да басты қасиеттерінің бірі, тілдің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік қабаттарының (ярус) барлығының да негізінде жататын құбылыс екендігін айтады. Ғалым пікірінше, тіркесім тілдік единицалар (фонема, морфема, лексема) бойындағы мүмкіндік, тума қасиет [2,71-б.].    
Бұл пікір профессор Ә.Аблақов бастаған зерттеушілер тарапынан қолдау тапты. Тіркесімділік тілдің барлық қабаттарында да болып отырады, яғни ол тек сөзге ғана тән қасиет емес, сонымен бірге фонема мен фонеманың, морфема мен морфеманың қосақталып, тіркесіп, сөз құрауы тілдік қабаттағы единицалардың тіркесімділік қасиетіне негізделеді [3,20-б.].
Тіркесімділік ұғымы қазақ тілінің энциклопедиясында осы ыңғайда сипатталады. «Тіркесім, валенттілік - тілдік бірліктердің (фонема, морфема, лексема) ең кіші фон-текст құрайтын конструктивтік қасиеті. Тілдік ең кіші фон-текст кем дегенде екі элементтен тұрады және тілдің әр қабатында әр түрлі болады: фонологиялық қабат үшін - морфема (фонемалардың қосылысы),

Морфологиялық қабат үщін - лексема (морфемалардың қосылысы), синтаксистік қабат үшін - синтаксема (лексемалардың қосылысы) [4,57 б.].
Тіркесімділіктің тілдің барлық саласына қатысы барлығын ғалым Т. Сайрамбаев та мойындайды. «...тіркесімділіктің негізгі мәні кемінде екі элемент (фонетикалық жағынан), екі сөзден, екі сөйлемнен, түбінде екі элементтен тұрып, соның негізінде тілдің әр саласынан орын алатын тілдік категориялар болып табылады» [5,5-б.].
Ғылыми пайымдаулар аңғартқандай, тіл біліміндегі тіркесімділік мәселесі дыбыс жүйесінен бастап синтаксис деңгейіне дейін қызмет етеді. Тілде дыбыс пен дыбыс, түбір мен түбір, түбір мен қосымша, сөз бен сөз, сөйлем мен сөйлемнің өзара үйлесім тауып, тілдің бір белгілі бірлігі ретінде қызмет етуі тіркесімділіктің негізінде жүзеге асады.
Фонетикада фонемалар, морфологияда морфемалар, синтаксисте сөз таптары тіркесімділік негізінде іске асады. Сөйтіп, дыбыстық жүйе, сөз құрылымы, сөздердің байланысы сынды мол өрісті қамтитын тіркесімділіктің атқарар қызметі мол. Фонетика қабатында дыбыстар, морфологияда түбірлер, түбір мен қосымша, синтаксисте сөз бен сөз, сөйлем мен сөйлем тіркесімділік қасиеті негізінде өзара тіркеседі.    
Тіркесімділік үғымы - тіл білімінің барлық қабатын қамтитын құбылыс. Оның тіл салаларындағы жеке қырлары өз дәрежесі мен деңгейінде терең зерттелінген уақытта ғана ашылмақ. Тіл жүйесін құрайтын күрделі салалардағы бірліктер өз деңгейлеріндегі тіркесімділік заңдылығына сүйенеді. Сөйтіп, тілдің жүйелі жүйесін қүрайды. Сондықтан да,  тіркесімділік құбылысы күрделі де ауқымды мәселе қатарларынан орын алмақ.

Тіркесімділік тілдің қатынас құралы ретінде өмір сүруіне қызмет етеді. Кез келген тілдік бірліктің бойында тіркесімділік қасиеті болады.

Біздің зерттеуіміздегі тіркесімділік - сөз бен сөздің тіркесімділігі. Сөз тіркесімділігі мәселесі орыс тіл біл білімінде айтарлықтай қарастырылса, қазақ тілінде әлі де болса, бүл мәселенің түбегейлі шешілмей отырғандығы аңғарылады. Осы мәселе бірен-саран мақала көлеміндегі тұжырымдар, кейбір сөздіктерде берілген анықтамалармен және санаулы ғылыми зерттеулердегі тараушалармен шектеліп жүр.
Белгілі зерттеуші Ф. де Соссюр кезінде синтагматикалық немесе тізбекті қатынас деп атаған сөз тіркесімділігі бүгнгі ,күні де синтаксистің негізгі аспектісі болып отыр.

Сөз тіркесімділігі өткен ғасырдың соңғы ширегінде шетелдік және орыс тіл білімі зерттеушілерінің басты назарында болды. Бұл салада Ю.Д. Апресян, В.Г.Гак, Г.А.Золотова, М.М.Копыленко, Н.З. Котелова, И.А. Мельчук, В.В.Морковкин және т.б. көптеген ғалымдар еңбектенді. Аталмыш мәселе аталған ғалымдар тарапынан ұсынылған тұжырымдардың өзінде біркелкі емес.
Орыс тіл білімінде тіркесімділік ұғымын ғалым Л.В.Щербаның енгізіп, одан кейін В.В. Виноградовтың семантикалық сәйкесім (семантическая совместимость) ұғымымен дамытылғандығы айтылып жүр. Бұл атаулар кейін келе ғалымдар тарапынан түрліше аталымдарға ие болған: смысловая совместимостъ (В.Г. Вилюман), семантическая конгруэнтностъ (Ш. Балли, Э. Лейзи), семантическое соглосование (Е. Шендельс, Л. Вундхаймеры, А. Греймас), семантическая избирателъностъ (Б.А. Абрамов), т.б. [6,34-35-б.].
Ю.В. Коваленко тіркесімділіксіз тіл бірліктерінің өмір сүру мүмкіндігін жоққа шығарады. «Сочетаемость можно назвать органическим, релевантным и постоянным свойством языковых единиц. Без этого свойства любой элемент системы языка представлял бы собою мельчайший сгусток логико-смысловой абстракции, изолированный и оторванный от основной функции языка - служить средством общения» [7,72-б.].
Француз ғалымы Л. Теньер үшін синтаксистегі сөз тіркесімділігі күрделі мәселе. «Синтаксическая связь необходима для выражения мысли. Без нее не могли бы передать никакого связного содержания. Наша речь была бы простой последовательностью изолированных образов и идей, ничем не связанных друг с другом. Именно синтаксическая связь делает предложение живым организмом, и именно в ней заключена его жизненная сила» деген ойының салмағы бар [8 , 250-б.].

Ғалым В.В. Виноградов сөздердің бір-бірімен тіркесуі олардың қандай сөз таптарына жататындығымен және олардың лексикалық мағыналарымен де байланысты болып келетіндігін айтады [9,8-17 бб.]. Сөз бен сөздің тіркесе алу мүмкіндігі, шынында, олардың мағыналық жақтан сәйкестігі мен олардың қандай сөз табына қатыстылығына байланысты.
Зерттеуші Н.З. Котелова аталмыш үғымды кең көлемде түсіне отырып, сөз тіркесімділігін оның синтагматикалық заңдылығымен ұштастырады. «Сочетаемость слова - это совокупность его синтагматических потенций, принадлежность которых слову характеризует его как определенное свойство, иначе говоря - это набор и условия реализации распространителей слова, парадигматика его синтагматических свойств, его связеизменение» [10,48-54 бб.]. 
Сөз бен сөздің тіркесуіне олардағы мағына үйлесімділігі негіз болса, сол үйлескен мағыналық бірлестік грамматикалық жақтан да тіркесімділік заңдылығына сәйкес тұлғаланады.Синтаксистік құрылымды жасау үшін тіркесімділік негізгі рөл атқарад.
Тіркесімділік синтаксистік байланыстар мен қатынастардан және лексикалық жақтан сыңармен толығудан құралады, тілдік бірліктердің басқа бірліктермен лексика-семантикалық және синтаксистік байланысынан тұрады. Осы байланыстар негізінде сөз тіркесі мен сөйлем жасалады. Сөздердің өзара байланысында лексикалық тіркесімділік синтаксистік тіркесімділікке негізделеді.    

Тіркесімділік тіл бірліктерінің бойына біткен қасиет болса, ол қасиет қандай заңдылықтар негізінде жүзеге асатындығы маңызды.
Сөздер меңгеретін қасиетке жүре ие болып, сөз тіркесінің тууына себеп болады деп санайтын зерттеуші С. Нұрханов тілдің белгілі бір дәуірдегі тарихын толық көрсету үшін сол күнде халықтың қандай сөз пайдаланғанын айту жеткіліксіз, оны қалай пайдаланғанын да ашу керек дегенді айтады. Бұл үшін - тілдегі сөздердің бір-бірімен тіркес құрау машығын зерттемей, олардың өзара тіркесу қабілетін саралап көрсетпей іс бітпейді [11,76 – б.].
Профессор Қ.Жұбанов өз кезінде сөздердің тіркесімділік қасиетінің байыбына ешкімнің бара бермейтіндігін айта келіп, оның мағына мен форманың үйлесімдігінен барып жасалатындығын сөз етеді. Бұл турасында ғалым: «Сөйлемде бір сөз болмай, бірнеше сөз болса, бұл сөздер бір-бірімен қиындасып тұруы керек. Қиынын келтірмей құрастырған сөйлем, не тіпті сөз болмай шығады да, немесе, айтайын деген сөзің болмай, басқа бірдеме болып шығады,»-дейді 
[12, 146 б.].
Ғалым М. Балақаев пікірінше, сөздердің бір-бірімен тіркесу қабілеті - тілдің тарихи дамуы барысында қалыптасатын құбылыс. Тілдің лексикалық қорының баюымен және әдеби тілдің грамматикалық құрылымының дамуына байланысты сөздердің тіркесімділік шеңбері ұлғаймақ. Осыған байланысты тілде жалпы грамматикалық нормативтер үлгісі негізінде жаңа сөз тіркестері пайда болады [13,10 б.].
Қазақ тіліндегі сөз тіркесі мәселесі М. Балақаев есімімен тығыз байланысты. Ғалым алғаш рет қазақ тілінің сөз тіркесі жүйесін зерттеп, сөз тіркесі теориясының негізін қалағаны белгілі.
Профессор Т. Қордабаев тілді құрылымдық тұрғыда қарастырған зерттеуінде сөйлеу, сөйлесу әрекеттері сөздерді бір-бірімен байланыстырып, біріне-бірін тіркеп айту арқылы болады деп таниды. ...«қай тілде болмасын кез келген сөзді кез келген сөзге қалай болса солай тіркеп айтуға болмайды. Нені 
немен тіркеп айтуға болатынын тілдердің грамматикалық, лексикалық заңдылықтары белгілейді» [14,99 б.].
Ғалым Т. Сайрамбаев тіркесімділік мәселен сөз тіркесі шеңберінде қарастырған. Ғалым бұл ұғымның алғаш рет М. Балақаев тарапынан сөз болғандығын, бұл мәселе көптеген ғалымдар еңбегінде арнайы зерттелінбегенімен, соңғы кезде сын есім, сан есімдердің етістікпен тіркесі М. Жолшаева, А.Тұрарова, М.Әлиева, Б.Рысбай еңбектерінде әрбір сөз табы бойынша көрініс таба бастағанын тілге тиек етеді [5,3-б.].
Профессор Р. Әмір сөйлеу тіліндегі синтаксистік ерекшелігін сөз еткен еңбегінде тіркестердің байланысу формаларына тоқталады [15,41-46 бб.]
Қазақ тілі семантикасы мәселесін зерттеуші ғалым М.Оразов тарапынан сөздердің тіркесімділігі синтагматикалық қатынас заңдылығы шеңберінде сөз болады.Тіркесім ұғымы лексикалық элементтер арасындағы синтагмалық қатынастар шегінде қаралады [16, 192-194 бб.].
Сонымен, тіркесімділік - тілге тән негізгі қасиет. Оның құрылымдық бөліктері саналатын тіл бірліктері осы қасиет негізінде бір-бірімен үйлесіп, тілдің қарым-қатынастық қызметін жүзеге асырады.
Тіл-адам баласының қарым-қатынас құралы. Айтылар ой тілдік бірліктердің тіл заңдылығына сәйкес жұмылдырылуымен іске асады. Шындығында, тілдің әр саласындағы бірліктер бір-біріне селбесіп, одан бір мағыналы бөлшек жасалып, нәтижесінде қарым-қатынас үшін туындап жататын тілдік байланыс құралады.
Ғалым С. Исаев сөздердің бір-бірімен байланысуы (тіркесуі) тіркеске енген компоненттерінің ішкі семантикасы мен олардың қолданылу, қалыптасу дәуірінде байланысты дей келе, тіркесімділікті сөздердің тек қана грамматикалық (синтаксистік) қызметі емес, лексикамен, сөздердің ішкі мағына сыйымдылығымен, семасиологиямен тығыз байланысты деп түсінеді [17,139- 140 бб.].
Сөз тіркесі де тіркесімділік заңдылығына бағынады. Оны құрайтын сыңарлар мағына жағынан және тұлғалық жақтан үйлесіп тіркеседі.
Сөз тіркестерінің негізгі белгілері деп ғалым Т. Сайрамбаев мыналарды атайды: сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөздің болуы; ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса байланысуы; тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалуы [18,12- бб.].
Лексикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы-бағыныңқылы сөз тіркесі жасалғанда, ол сөздердің бұрынғы мағыналары бірігіп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды; мүшелік қарым-қатынасты білдіретін қосымша грамматикалық (анықтауыштық, пысықтауыштық, не болмаса шақтық, мекендік, меншіктік т.б.) мағына пайда болады [19, 26 б.].
Осы аталған ерекшеліктер сөз тіркесін басқа тіркестерден ажыратуда да негізге алынып отырады. 
Қазақ тілі синтаксисінде тіркестердің бірнеше түрі анықталып отыр. Атап айтсақ, еркін тіркес, тұрақты тіркес, атаулық тіркес, шектеулі тіркес, түйдекті тіркес т.б. Алайда бұл тіркестердің барлығы жоғарыда аталған шарттарға жауап бере алмағандықтан сөз тіркесі бола алмайтындығы белгілі.
Профессор Т. Сайрамбаев көптеген ғалымдардың сөз тіркестерін түсіндіруде сөз тіркесі мен тіркес сөздерді бір-біріне шатастырушылық барын дұрыс аңғарады. Бұны «Сөз тіркесі ойдың кішкене бір бөлшегі бола отырып, олар толық мағыналы екі не одан да көп сөздерден құралады, оның әрбір мүшесі белгілі бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалса, ал тіркес создерде ондай қасиет жоқ. Олар сол тобымен жинақталып сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады» деген ойынан аңгарамыз [18, 21-22 б.].
Шынында да, сөз тіркесі және оның сыңарлары ретінде қызмет атқаратын тіркес сөздер аражігін айырып қарауды қажет етеді.
Ғалым С. Нұрханов тіркесім құбылысын фонема, морфема және лексема (сөз) үшін ортақ қасиет деп таниды. Ал осы тіркесімнің синтаксиске байланысты қарастырылатын түрін сөз тіркесімі деп алады. Ол сөз тіркесімін сөз тіркесінен ажырата қарап, олардың өзара айырым қызметін дәлелдеуге тырысқанымен, аталмыш мәселе түбегейлі шешілмейді [2,71-74 бб.].
Профессор С. Исаев болса, сөздердің тіркесімділігі немесе тіркесу мүмкіндігі және тіркесу қабілеттілігі деген терминдерді қолданады [17,139 б.], ғалым Р. Әмір тіркес - тілдегі процестің атауы, сондықтан бұл атауды жалпы мағынада жұмсаймыз. Сөз тіркесі - тіркестің белгілі бір шартқа сай көрінісі деген тұжырымды ұсынады [20,13 б.].
Профессор Ә. Аблақов бастаған ғалымдар бірлесіп жазған еңбекте «сөздер тіркесі» мен «сөз тіркесі» деген ұғымдарды қолданады. «...сөз тіркесімділігі дегеніміз ең кіші синтаксистік контекст құрауға негіз болатын, сөздің мағыналық сыйымдылығына сүйенетін грамматикалық конструктивтік (жалғастырушылық) қасиеті. Яғни тіркесімділік контексте, қос мүшелі тіркесте көрінеді» дей келе, мынадай тіркес түрлерін ажыратады: аналитикалық формалар (жазып отырмын, көк ала, өте жақсы), түйдекті тіркестер (ермек үшін, радио арқылы), сөз тіркестері, предикаттық қатынастағы орамдар, жалаң сөйлемдер (қаулы қабылданады, ол сөйледі) [4,21-б.].
Сөз тіркесі жекелеген сөз таптарының бір-бірімен байланыса алу, сөйтіп сөз тіркесі шарттарына жауап бере алу мүмкіндігі шеңберінде зерделенеді. Сөз таптарының бір-бірімен тіркесуі жөніндегі мәселе төңірегінде М. Балақаев, Т. Сайрамбаев ғалымдар «... сөз тіркесіндегі тіркес, құрмаласқа енетін тіркес, мәтінге енетін сөйлемдердің тіркесі деген басты үш тіркесімділік арқылы синтаксистің сөз тіркесі, сөйлем, мәтін сияқты түрлері айқындалады. Синтаксистегі осы үш топты тіркесімділікті толықтыра түсетін де тіркесімділіктер бар. Ол — түйдекті тіркестегі тіркесімділік» деген пікір білдіреді. Ғалымдар зерттеуінде тіркесімділік сөз тіркестері аясында талдауға түседі, яғни сөз таптарының бір-бірімен тіркесу қабілеті негізінде шешіледі [21,5-б.].
Шынында ғалымдар атап көрсеткен бұл тіркестердің бірі морфология, бірі лексика, енді біреулері синтаксистің объектілері болса да, олардың негізінде тіркесімділік жатыр. Себебі тіркесімділік тек толық мағыналы сөздерде ғана емес, көмекші сөздерде де болады. Ғалымдардың тіркес түрлерін ажыратудағы пікірлеріне назар аударсақ, тіркесімділікті сөз тіркесіне дейін үш бөлшекке бөлген. Демек, сөз тіркесі деңгейіне жету жолында тіркесімділіктің бірнеше қырын байқау қиын емес. Аналитикалық формалар мен түйдекті тіркестердің сөз тіркесінің бір сыңары болатынын ескерсек, олардың дайын сөз тіркесін құрағанша түрлі деңгейдегі тіркесу қабілеттерін бастан кешіретінін байқаймыз. Яғни, негізгі сөз бен көмекші сөздің арасындағы немесе негізгі сөз бен шылау сөздердің байланыстары сөз тіркесін құрауға дайын бір сыңар болып тұрады.Сонымен, тіркесілімдіктің синтаксистік деңгейі сөз бен сөздің байланысып, тіркесуін қамтамасыз етеді деп тұжырымдауға болады.  Соңғы жылдарда жарық көрген ғылыми жұмыстардан сөз тіркесімділігіне қатысты айтылған пікірлерге шолу жасаған болатыбыз. Ғалым Қ.Т. Нұрмұхаметованың « “Есімше+Зат есім” үлгісіндегі сөз тіркесінің синтагмалық ерекшеліктері» атты диссертациясында былай деп көрсетеді: «Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің тіркесімділік қасиеті - сол сөздердің грамматикалық және лексикалық мағыналары арқылы айқындалады. Сондықтан сөз тіркесі құрамындағы сөздердің тіркесімділігіне қатысты мағыналарын тіркесімділік мағына деп атадық. Сөйлемдегі зат есім мен етістіктің синтаксистік байланысы да екі түрлі тіркесімділік мағына арқылы жүзеге асатын құбылыс. Ол мағыналарға 1) грамматикалық тіркесімділік мағына; 2) лексика- семантикалық тіркесімділік мағына жатады.
Грамматикалық тіркесімділік мағына - сөздің сөз тіркесіндегі белгілі бір синтаксистік позициядағы грамматикалық тіркесімділігін белгілейді және синтаксистік қызметінің де көрсеткіші болады. Мысалы, окыған қыз тіркесінде бағыныңқы сөздің грамматикалық мағынасында етістікке тән процессуалдық мағынамен қатар әрекет қыздың динамикалық сындық белгісі екеңдігін де білдіру бар. Міне, осы мағына бағыныңқының басыңқыға бағытталған тіркесімділігі мен синтаксистік қызметін де белгілейді.

Лексика-семантикалық тіркесімділік мағына - сөздің лексикалық тіркесімділігін қамтамасыз етеді, бірақ оның  синтаксистік позициясын айқындай алмайды. Мысалы, сапалық сын есімдер зат есімдерге атрибут та, предикат та бола береді: жақсы фильм - фильм жақсы т.б. Сапалық сын есімнің лексикалық мағынасындағы сапаны білдіретін сема зат есімге қатысты әрі семантикалық атрибут, әрі семантикалық, предикат болуына мүмкіндік берген. Дәл осыңдай қасиет етістіктерден де байқалады. Яғни, етістіктер де зат есімге қатысты атрибут та, предикат та бола алады. Мысалы, оқыған қыз - қыз оқыды т.б. Етістіктің лексикалық мағынасындағы етістікті сол әрекеттің субъектісімен байланыстыратын сема лексика-семантикалық тіркесімділік мағына ретінде оқу етістігінің қыз сөзімен анықтауыштық қатынаста да, предикаттық қатынаста да байланысуына қызмет еткен» [29,20-21бб]. 

1.2 Тіркесімділікке жақын ұғымдар

Қандай да болмасын құбылысты оған ұксас ұғымдармен салыстыра отырып карастырғанда ғана қыр-сыры ашылады. Тіркесімділікке тән негізгі қасиет тіркесу қабілеті дейтін болсақ, сол қасиет негізінде іске асатын басқа да құбылыстар баршылық. Мәселен, валенттілік, дистрибуция, конфигурация, потенция, интенция құбылыстарының барлығына ортақ қасиет - тіркесу қабілеті. Осы орайда ғалым Н. Құрманованың тіркесімділік ұғымының оған ұқсас валенттілік, конфигураңия, интеграция сынды тұсініктерден айырып тану керек деген ұсынысын дұрыс деп бағалаймыз [22, 17 б.].
Аталған тілдік құбылыстардың ішінде бір-біріне табиғаты жағынан өте ұқсас валенттілік және тіркесімділік ұғымдары.
Орыс тілшісі Н.З. Котелова тілдегі тіркесімділікке біржақты түсінік берілмей жүргендігіне байланысты көптеген зерттеушілер тарапынан қалыптасқан әрқилы терминдік атаулардың орын алғандығына назар аударады. Мәселен, валенттілік (С.Д. Кацнельсон), валенттілік схемасы (Д.И. Шмелев), сабақтасу (подчинение), меңгеру (управление), күшті меңгеру (сильное управление), интенция (Штур, Паулини), конфигурация (А.А. Холодович), мағыналардың конструкивті келісуі (обусловленность) (В.В. Виноградов), дистрибуция, синтаксистік контекст, лексика-грамматикалық конструкция (Ю. Татишвили) және т.б. [10, 82 б.].
Орыс тіл білімі зерттеулерінде сөздердің бір-бірімен тіркесу мәселесі валенттілікпен астарласып жатады. Валенттілік - тіл білімінің семантикалық синтаксис саласында қолданылатын құбылыс.
Валенттілік түсінігінің тіл білімінен орын алуы француз ғалымы С. Теньер есімімен тығыз байланыстырылады [8, 127-б.].
Лингвистикалық әдебиеттер валенттілік ұғымының шет тіл білімдерінде, атап айтар болсақ, француз, неміс тілдерінде кең етек жайғандығын сөз қылады.


Локштанова бұл ұғымның шығу тарихы мен қалыптасуына арналған мақалаларында осы бағытта қалам тартты.
Валенттілік (неміс тілінде - Valenz,  Wertigkeit) ұғымы тіл біліміне химия ғылымынан енген, ол «сутегінің атомдарды біріктіру немесе басқа элементтердің атомдарымен алмастыру қасиетін» білдірсе керек [83, 3 б.].
Шетел тіл білімінде синтаксистік валенттілік ұғымы француз структуралистер еңбектерінде сөз болды. Валенттілік теориясын алғаш рет француз грамматисі Л. Теньер 1953 жылы жарық көрген «Очерк структурального синтаксиса» еңбегінде сөз етеді. Алайда бұл теорияның негізі оның 1934 жылы жазған «Как построить синтаксис» зерттеуінде салынған. Ғалым бұл еңбегінде синтаксисті екі аспектіде - грамматикалық категорияларды, олардың орын тәртібі мен жасалу принциптерін қарастыратын категориялық синтаксис ретінде және сөйлеу тілінің құрылымын, ондағы байланыстардың шынайы механизмін қарастыратын функционалды синтаксис ретінде қарастырған [ 8,10-б. ].
Зерттеуші Л.Теньер сөйлемге құрылымдық анализ жасай отырып, етістікке тәуелді «актанттар» немесе «пысықтауыш сөздер» деген терминдерді қолданады. «Пысықтауыш сөздерді» «сопутствующие слова» деп танып, олардың сөйлемде қолдынылуы етістікке байланысты дейді. Етістіктің өзіне қаншалықты «актанттарды» меңгерте алатын қабілетін химия ғылымындағы атом құрамымен салыстырып, оны «валенттілік» деп атайды. «Актанттар» деп ол субъект пен объектіні қарастырады, валенттілік қатынасқа пысықтауыш пен предикатты жатқызбайды. Ғалым «актанттар» саны бойынша француз тілінде авалентті, моновалентті, дивалентті, үшвалентті етістіктерді ажыратады. Л.Теньер етістіктің валенттілігін атомның валенттілігімен салыстырғандықтан, валенттілік дегенде ең алдымен етістік-баяндауыштың синтаксистік валенттілігін түсінді.
Л. Теньердің ғылыми көзқарастарын жалғастырушы неміс ғалымы Г. Бринкман валенттілікті «етістіктің сөйлемдегі басқа позицйяларды толықтыруды талап ету қабілеті» деп атайды. Ол «актант» деген ұғымды ғана қолданады. Оның Л.Теньерден өзгешелігі валенттілік қабілетті тек етістіктерден ғана емес, сонымен қатар зат есімдер мен сын есімдерден іздеуі болды [8,12 б.].
Кеңес тіл білімінде XX ғасырдың 40-жылдардың соңында валенттілік терминін алғаш рет С.Кацнельсон қолданды. Валенттілікті ол «свойство определенным образом реализоваться в предложении и вступать в определенные комбинации с другими словами» деп түсінеді [24, 132 б.].
Профессор Н.Г. Брагина диссертациялық еңбегінде тіркесімділік мәселесін біршама сөз етеді. Көптеген ғалымдар тарапынан бұған қатысты тұжырымдардың орын алғандығына қарамастан, тіркесімділіктің грамматикалық, лексикалық, семантикалық жағынан түбегейлі зерттелініп болмағандығын тілге тиек етеді. Ғылыми пайымдауларға иек арта отырып, ол тіркесімділік мен валенттілік ұғымдарын ажыратуға тырысып, оларға тән ортақ қасиеттерді атап көрсетеді [24, 35 б.].
Зерттеуші И.Г. Олшанский пікірінше, тіркесімділік түсінігі валенттілік, дистрибуция, контекст үғымдарымен сәйкес. Валенттілік тіл бірліктерінің потенциалды тіркесімі, яғни олардың қолданыста (речь) бір-бірімен байланыса алу мүмкіндігі. Осы мүмкіндік шынайы болған жағдайда, валенттілік элементтердің реалды тіркесімділікке айналмақ. Ендеше, валенттілік пен тіркесімділік қатынасы (соотношение) лингвистикалық потенция мен актуалдану ретінде «тіл-қолданыс (речь)» дихотомиясын бейнелейді дей келіп, тіркесімділіктің лексикалық және грамматикалық түрлерін ажыратады[24].
Л.М. Локштанова валенттілік үғымы лингвистикада етістіктің синтаксистік потенциясы негізінде қалыптасқандығын айтады. Неміс тіліндегі валенттілікті қарастырған бұл мақалада үш түрлі классификация жинақталып көрсетіледі. Ол Г. Бринкманның функционалды-семантикалық классификациясы, И.Эрбеннің құрылымдық классификациясы және Б.А.Абрамов пен Н.И.Филичеваның синтаксистік классификациясы. Г.Бринкманның валенттілік теориясындағы ерекшелік «қатысушылар» (участники) (Mitschpieler) және бос орындар (открытые позиций) (offene Stellen) сынды жаңа қолданыстар болатын. «Бос орын» ұғымы «қатысушыға» қарағанда кең. Бринкман ұғымындағы «ашық орындар» етістікпен байланысатын сөйлемдегі кез-келген мүше. Ол ұстанған принцип - етістіктің семантикалық ерекшеліктері, бос орынды толтыратын зат есімнің функционалды белгілері, етістіктің және бүкіл сөйлемнің морфологиялық және синтаксистік параметрі. И. Эрбен «бос орындар» мен «қатысушылардың» аражігін ажыратып берген болатын. Оның теориясындағы «қатысушылар» етістікпен тіркесуге қабілетті сөйлемдегі кез-келген элемент [24].
Осыдан шет тілдеріндегі валенттілік  теориясында арнайы терминдердің қалыптасып қалғандығы аңғарылады. Мәселен, «актант», «қатысушылар», «бос орындар», «ашық орындар», «позиция» және т.б.
Көптеген орыс ғалымдары валенттілік пен тіркесімділік терминдерінің арасына шек қоймайды, бірінің орнына екіншісін талғамай қолдана береді.
Л.Н. Засорина, Б.Н. Берков зерттеулерінде бұл екі ұғым бір-біріне тең. Валенттілік деп біртектес тілдік элементтердің потенциалды тіркесімділігін атаған. Валенттілік тілдің барлық деңгейіне (фонетикалық, фонологиялық, лексикалық және морфологиялық) тән қасиет. Сондай-ақ, В.Г.Адмони да айтылған екі ұғымды бөлмей, бірлікте қарап, тек тіркесімділік деген атауды қолданады [24, 36-б.].
Б.Н. Есемкулов лингвистикалық еңбектерде бұл екі ұғым түрліше аталатындығын айтса да, олардың аражігін ашып көрсетпейді.
Шет тілдер сөздігінде «валентность - способность слова к грамматическому сочетанию с другими словами в предложении» [25, 97-б.] деп берілген.
Соңғы кездегі кейбір зерттеулерде валенттілік пен тіркесімділік терминдерінің аражігі анықтала бастағандығын аңғаруға болады. Валенттілік статистикалық (валенттілік потенциалды ерекшелік ретінде), тіркесімділік - динамикалық (процесуалды) (тіркесімділік осы ерекшеліктердің реализациясы ретінде) аспектісімен байланыстырылады.
Валенттілік пен тіркесімділік терминдерін жеке ұғымдар ретінде қарастырып, олардың аражігін ашып көрсеткен ғалым С.М. Панкратова болды. Оның ұстанымында бұл екі ұғым екі басқа құбылыс. «Валентность - это способность языковой единицы программировать свое окружение в семантическом и синтаксическом плане. Валентность имеет избирательный
характер, и ею обладают только те языковые единицы, в семантической структуре знания, в которых содержатся релятивные семы. Сочетаемость - это способность всех языковых единиц соединяться друг с другом в линейном ряду» [24,37-б.]. Бұған салсақ, валенттілік - тіл бірліктерінің семантикалық және синтаксистік деңгейде айналасындағы сөздерді басқару қасиеті болса, тіркесімділік - барлық (фонологиялық, семантикалық, грамматикалық) тіл бірліктерінің тізбектеліп келу қасиеті болып шықпақ. Демек, тіркесімділіке тізбектелу қасиеті тән.
     Валенттілікті тек толық мағыналы сөздер, оның ішінде етістіктің қолданыс шеңберінен іздейтін ғалымдар ойларынан бөлек, тың ұстанымды М.Д. Степанова ұсынады. Ғалым «Қазіргі лингвистикадағы валенттілік теориясы мәселелері» атты мақаласында шетелдік және кейбір кеңес тілшілерінің аталмыш мәселе жөніндегі тұжырымдарына талдама жасай отырып, соңында валенттілік теориясын тек атауыш сөз таптары шеңберінде ғана емес, сонымен қоса шылаулар мен көмекші сөздер, күрделі сөйлемдер құрамындағы жай сөйлемдермен де байланысты қарау керектігін алға тартады, Валенттілікті дербес мағынасы жоқ көмекші сөздерден, шылаулардан, тіпті күрделі құрылым құрмалас сөйлемдерден іздеу керек деген бағыты валенттіліктің жаңа қырларын ашуға түрткі болатыны сөзсіз.
     Валенттілікті тек етістік сөз табының ыңғайымен шектемей, басқа да сөздер бойынан іздеуге болатындығын құптайтын тағы бір зерттеуші Т.А.Тулина. Ол валенттілікті тұтас сөйлем бойынан іздеу керек дейді. Ол валенттіліктің етістікте басым екендігін мойындай отыра, оның басқа сөз таптарында да кездесетіндігін айтады[24, 38-б.]. Әр сөз табының валенттілік қасиетін ескеретін болсақ, әлі де шешімін күткен мәселелердің мол екендігіне көз жеткіземіз.
     Орыс тіл білімі деректері байқатқандай, тіркесімділік мен валенттілікті бір құбылыс ретінде, кейде екеуін екі айырып қарастырған да ғылыми пайымдар орын алған.
      Тіркесімділік пен валенттілік ұғымдарын бөліп-жарып тануда қазақ тіл білімінде де нақты ұстанымның жоқтығы орын алып отыр. Тіл білімінде кейде бір ұғым ретінде танылып жүрген, кейде аражіктері ашылып жеке дара қолданыс тауып жүрген валенттілік пен тіркесімділік үғымдарының түрлерін ажыратуда да сан түрлі пайымдауларды кездестіруге болатынын айтады [24, 39].  
      «Қазақ тілінің энңиклопеднясында» тіркесімділік мен валенттілік терминдерінің аражігі ажыратылмайды. «Тіркесім, валенттілік - тілдік бірліктің (фонема, морфема, лексема) ең кіші фон - мәтін құрайтын конструктивтік қасиеті. Тілдік ең кіші фон-мәтін кем дегенде екі элементтен тұрады және тілдің әр қабатында әр түрлі болады: фонологиялық қабат үшін - морфема (фонемалардың қосылысы), морфологиялық қабат үшін - лексема (морфемалардың қосылысы), синтаксистік қабат үшін - синтаксема (лексемалардың қосылысы). [4,426-б.].
      А.Б. Салқынбай мен Е. Абақанның лингвистикалық түсіндірме сөздігінде валенттілік және тіркесім деп берілген. «Валенттілік (лат. valentia - күш) - сөздің басқа сөздермен синтаксистік байланыс жасау қабілеті, ал тіркесім - басқа (жоғары) деңгейді жасау үшін қолданылатын тіл бірліктерінің тіркесу қасиеті. Тіл бірліктерінің синтагматикалық қатынастарын бейнелейтін, ең негізгі қасиеттерінің бірі» [26,250 б.].
      Демек, валенттілік тек синтаксис аясында іске асатын құбылыс болса, тіркесімділік тілдің бар саласына қатысы бар кең мәселе.
      Валенттіліктің сөз тіркесіне қатыстылығы туралы сөз қозғауға қазақ тіл біліміндегі көптеген зерттеу жұмыстары мен еңбектер ұйтқы болды. Мәселен, бұл мәселе М. Әлиева тарапынан есім сөздер шеңберінде сөз болса, Б. Әбдіғалиева бұл мәселені тұрмыс лексикасы орайында зерттеген болатын.
       Зерттеуші М. Әлиева сөз тіркесінің бас сыңарларындағы есімдіктің валенттілігі жайлы сөз қозғайды. Автор валенттілік пен сөз тіркесі арасына тепе- теңдік белгісін қойып, екі құбылысты синоним ретінде қарастырған. Ол валенттілік пен тіркесімділік терминдерін ажырату керек деген мәселені көтеріп, бірақ валенттіліктің сөз тіркестеріне деген қатыстылығын көрсетпеген. Бұл жерде де валенттілік мәселесі төңірегінде сұрақтар ашық күйінде қалып қойған 
[27, 14 б.]. 
      Қазақ тіл білімінде валенттілік мәселесін зерттеу нысаны еткен ғалымдардың бірі А. Салқынбай пайымынша, валенттілік өте күрделі әрі жан- жақты құбылыс, ол экстролингвистикалық және тілдің ішкі заңдылығы формалары арқылы үнемі реттеліп отырады. Валенттілік - сөздердің бір-бірімен семантикалық және синтаксистік жағынан үйлесімді байланысуы болып табылады. Ғалым сондай-ақ, валенттілік ұғымының тіркесіммен өте тығыз байланысын заңды деп таниды [26,106 б.].
      А. Салқынбай валенттілікпен бірге тіркесім сөзжасам үрдісінде жасалған туынды атаулардың дамуында маңызы ерекше деп айта келе, солардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар екеніне баса назар аударады. Валенттілік - сөзжасамдық тұлғалар арасындағы семантикалық және синтагматикалық байланыстардан тұрса, тіркесім кейде мұндай заңдылықтарға бағына бермейді. Негіздің ауыспалы мағынасы арқылы уәжделген туынды атаулар мен тұрақты тіркестердің мағынасы сөздің әуелгі семасымен сәйкес келе бермейді. Айталық, жүрек сөзі арқылы негізделетін ержүрек, жүрегі айныды, жүрегі сыздады, т.б. атаулар ауыспалы мағына негізінде жасалғандықтан, құрамындағы атаулардың негізгі мәнімен сәйкес келмесе де, атау жасай алады. Демек, бұл тұлғалардың жасалуында валенттілік теориясы орындала алмайды, негізгі мәні қара, ақ қоян сөздерімен тіркесе алмайды, немесе жүрек сөзі жібу, түршігу, ұшу, сазу, орнына түсу, қобалжу, т.б. етістіктермен де тіркесе алмас еді. Сөздердің осындай ауыспалы мағыналары арқылы орныққан, уәжделген сөзжасамдық мағына тіркесімнің негізінде мүмкін болады деп есептейді. Олай болса, тіркесімнің пен валенттіліктің ұқсастықтары мен өзіндік айырмалары болады [28, 133 б.]. 
      Сонымен, тіркесімділік ұғымы валенттілікпен салыстырғанда кең, ауқымды екендігіне көз жеткіземіз. Тіркесімділік - тіл бірліктерінің сөйлеуде бір-бірімен фонологиялық, семантикалық, грамматикалық деңгейде тізім немесе тізбекті түрде тіркесу қабілеттілігі.
       Валенттіліктің түрлеріне қатысты тіл білімінде түрлі пікірлер бар. М.Д Степанова валенттіліктің түрлерін ажыратып көрсетуімен басқа кеңес тілшілерінен ерекшеленеді. Ол «ішкі валенттілік» және «сыртқы валенттілік» деген жаңа атаулардың мәнін ашып, алғаш рет олардың негізін қалады. «Ішкі валенттілік сөйлем ішіндегі сөздің өзішілік құбылысы, бір сөздің құрамындағы морфологиялық элементтер арасындағы байланыс, ол кез келген сөзге тән емес, себебі ол сөздер кем дегенде екі морфемадан (префикс және түбір, түбір және жұрнақ, екі түбір) тұруы қажет (неміс тілінде bank+bar, Freund+schaft, un+bank+bar) [23,4-б.], сөздің сыртқы валенттілігі оның басқа сөздермен байланысу мүмкіндігі: ол сөздер белгілі бір сөз табына қатысты, белгілі бір формада, белгілі бір сөйлем мүшесі, белгілі бір лексикалық мағынаға ие болып тұрады» [23, 14 б.]. 
       Сөздің семантикалық валенттілігі мағына жақтан үйлесімділік болып табылса, синтаксистік валенттілік сөздің сөйлем ішіндегі тіркеске түсетін актанттардың қолданылып-қолданылмауы.
      Демек, сөздің сөз тіркесі немесе сөйлем деңгейінде синтаксистік жағынан дамуы оның синтаксистік валенттілігімен анықталады. Синтаксистік валенттілік белгілі сөз табына жататын сөздің потенңиалды тіркесімділігі. Синтаксистік валенттілік сөз семантикасы және семантикалық валенттілікпен тығыз байланысты.
       Қазақ тіл біліміндегі валенттілік түрлерін ажыратуда да түрлі көзқарастар орын алған. Профессор А. Салқынбайдың валенттілік түрлерін ажыратудағы пікірі орыс тілші ғалымы С.Т. Саевичтің жіктемесіне ұқсас. «Семантикалық валенттілік - сөздің белгілі бір мағынасының потенциалды мүмкіндігі мен екінші сөздің мағынасының байланысу мүмкіндігінің сәйкестігі, шектестігі, мазмұндастығы. Синтаксистік валенттілік - сөздің синтагматикалық деңгейде басқа сөзбен синтаксистік қарым-қатынасқа, байланысқа түсуінің потенңиалды мүмкіншілігі. Яғни, белгілі бір сөз табының сөз формалары арқылы түрленіп, екінші сөзформамен байланысы. Семантикалық валенттілік пен синтаксистік валенттілік бір-бірімен өзгеше құбылыс болғанымен, диалектикалық тұрғыда бір-біріне байланысты, қатысты ұғымдар деп тұжырымдайды ол
 [28, 106 б.]. 
       Ғылыми деректерді жинақтай келе, семантикалық, ситаксистік валенттіліктерін ажыратамыз.
      Семантикалық валенттілік - сөздің белгілі бір актантты мағыналық жақтан талап еуі. Мысалы (қайтыс болу өмір де бір рет қана болатын әрекет).
      Синтаксистік валенттілік қатысушы түрімен және «бос клеткалардың» міндетті немесе факультативті толықтыруымен белгіленеді.
      Сонымен, валенттілік пен тіркесімділікеге тән ортақтастық олардағы тіркесу қабілеті. Валенттілік те, тіркесімділік те тіркесу қасиеті негізінде жүзеге асады. Тіркесімділікте бұл қасиет шексіз және ол шексіздің сөз мағынасының әр түрлі деңгейдегі орнына байланысты. Ал валенттілікте бұл қасиет шектеулі және ол шектеулік етістік пен оған қатысты сөздердің лексикалық мағыналарының сәйкестілігіне байланысты.
       Тіркесімділік мен валенттілік тіл білімінде дара қолданылатын терминдер. Тіркесімділік үғымы валенттілікпен салыстырғанда кең, ауқымды, тіл бірліктерінің сөйледе бір-бірімен фонологиялық, семантикалық, грамматикалық деңгейде тізім немесе тізбекті түрде тіркесу қабілеттілігі болса, валенттілік ұғымы тіркесімділікке қарағанда тар екендігін байқаймыз. Валенттілік - берілген сөздің басқа семантикалық элементтермен сандық қасиетіне орай тіркесуі, оған сандық қасиет тән.
      Валенттілік басыңқы сөздің өзінің айналасына мейлінше көп сөздерді жалғап алу қабілетімен сипатталады. М. Оразов пікірін басшылыққа ала отырып, сөздердің сөйлем құрамында келіп, басқа сөздермен байланысу мүмкіндігін сөздердің валенттілк қасиеті деп белгілеп, сөз тіркесі мен сөйлем болудың амалы олардың валенттілік қабілеттеріне қатысты демекпіз.
      Тілде тіркесімділік құбылысына ұқсас синтаксистік потенция деген ұғым қолданылады. Ғалым Б.А. Абрамов бұл үғымды тіркесімділіктің орнына қолданады. «Сөздердің тіркесімділігі немесе сөздің синтаксистік потенциясы грамматикалық және лексика-семантикалық заңдылықтарға арқа сүйейді. Осыған байланысты бұл мәселеге түрлі жақтан қарауға болады. Біріншіден, оны грамматикалық тұрғыдан сөз таптарының лексика- граммиткалық тіркесімділігі ретінде; екіншіден, лексикалық жағынан лексемалардың сәйкесімдері ретінде (лексикалық валенттілік); үшіншіден, тіркескен сыңарлардың морфологиялық белгілері мен қызметтеріне қарап, сөздердің синтаксистік (валенттілік) кластарын анықтауға болады [24, 41.].
      Зерттеуші В.В. Морковкин сөздің тіркесімділік құндылығы оның тіркесімділік потенциалымен анықталатындығын алға тартады. Ал тіркесу потенциалы дегеніміз лексикалық бірліктердің жиынтығы, олардың әрқайсысы белгілі мағынаны білдіру үшін басқа бір сөзбен тіркесе алу мүмкіндігіне ие.
       Ғалымның ойымен санассақ, белгілі бір мағыналық үйлесімділікпен тіркескен сөздер грамматикалық жақтан соған ыңғайласып сөз тіркесін тудырмақ. Сол байланыстың тұлғалық ерекшелігімен қоса мағыналық деңгейі де назардан тыс қалмауы қажет. Демек, сөз тіркесі аясы тілдің лексикалық және грамматикалық заңдылықтарының ішінара сәйкесіп, тоғысуы нәтижесінде іске асатын күрделілігімен айқындалмақ [24, 42 ].
      Демек, тіл білімінде қолданылып жүрген потенция тіркесімділік ұғымымен тең. Тек терминдік атауы ғана басқа. Сөздің потенңиясы оның басқа сөздермен тіркесе алу мүмкіндігі, қасиеті. Тілде сол дәл осы сияқты интенция деген ұғым қолданылады. Бұл құбылыстың да атауы ғана басқа болғанымен, табиғаты жағынан тіркесімділікке келіп саяды.
      Ғалым Л. Чеснокова тіркесу қасиеті негізінде жүзеге асатын интенция деген ұғымды қолданады. Сөз тіркесінің басыңқы-бағыныңқы сыңарларының қызметтеріне байланысты оларды активті және пассивті деп ажырату, осыған сәйкес оларға оң интенция-сол интенция деп қарау да орын алған. Бұған салсақ, сөз тіркесінің басыңқы сыңары активті тіркесімділікке ие болып, оң интенцияға жатады, басыңқы сыңар пассивтілік танытса, оған сол интенция тән болмақ.Сөз тіркесінің құралуына негіз болып, оның діңгегі саналатын басыңқы сыңар активтілік танытып оң интенциясымен бағыныңқы сыңарды өзіне икемдеп алу мүмкіндігіне ие болады.
       Демек, тіркесімділік қасиеті тән интенция, потенция құбылыстары тіркесімділікпен бір, тек терминдік атауы ғана басқа.
      Аталған құбылыстарды байланыстыратын ортақ нәрсе - тіркесу заңдылығы. Қайсысын алмасақ та олардың негізінде тіркесу қабілеті жатыр. Алайда әрқайсысы жеке-жеке танылатын, өз орындары бар түрлі ұғымдар болып табылады.

1.4 Етістікті фразеологизмдер
Тілде мағынасы жағынан да тұлғасы жағынан да ажырамайтын тұрақты тіркестердің орны ерекше. Олар сөйлеу кезінде жасалынбай, бұрыннан қалыптасқан, даяр қалпында жұмсалатын құрылымдар. Мұндай тіркестер мағыналық жақтан бір-бірімен тығыз байланысты сөздерден құралып, құрамдық жағынан тұрақты болып келеді. Олардағы сөздердің орындары мызғымайтын қатал болады.
Академик I. Кеңесбаев фразеологизмді сыртқы сиқына қарап, яғни белгілі бір қосымшаларды бойына дарыту қалпына қарап, синтаксистік қызметі мен фразеологизмнің мағынасынан бойды аулақ сала талдасақ, формаль

Жүктеп алу
615 рет жүктелген
81.68 кб файл салмағы