Қазақстан Республикасының портфелдік инвестиция жағдайы

Рефераттар
329

Нарық экономикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс пен ұсыныстың; табыстар мен шығындардың; ақша массасы, айналым қаражаты мен инвестициялық ресурстардың белгілі бір келісілуін білдіреді. Бұған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді жүргізу, яғни жеке меншік институтын енгізу жолымен ғана қол жеткізуге болатын еді. 
Мемлекеттік экономикалық саясат ақша-кредит, салық-бюджет, баға және антимонополиялык, инвестициялық, технологиялық саясат кіруі тиіс болды. Бұл екі деңгейлі банк жүйесін құруды, алтын-валюта резервінің қорлануын, қор биржасы, салық, кеден және басқа  органдар  секілді жаңа мемлекеттік институттарды қалыпта дамытуды талап етті. Бірінші кезеңде өзекті міндет басқарудың әміршіл-әкімшіл әдістерін алмастыру болды. Өйтпеген жағдайда туындаған проблемаларды шеш алмас едік. Ал олар анық көрініс берді. 
Тұтыну тауарларын өндіру барынша азайды. Қаңыраған сөрелер сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін көрсетіп тұрды. Тек бағаны өсіру есебінен пайда қуушылықтың жалпыға ортақ жарысы басталып кетті. Тауар тапшылығы, өсіп бара жатқан гиперинфляция жағдайына тап болған біз бірінші кезекте бағаның ырықтандырылуын жарияладық, ол нарықка өтудің табанды қадамы болды. Сұраныс ұсынысты туғызады деген классикалық кестені іске косу керек болды. Бірақ та адамдар бұл шараны, бағалар кілт аспандап кеткендіктен, ауыр қабылдады. Кеңестік экономикада бағалар сұраныс пен ұсынысты ескеріп емес, саяси және идеологиялық себептер бойынша белгіленетін. Сондықтан да экономика әрдайым тапшылыкты және инфляциялық болды. Оның үстіне тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етілмеген артық ақша проблемасын жоспарлы экономика әдістерімен шешу мүмкін емес. Бұл жағдайдан бірден-бір шығу жолы тұмшаланған инфляцияны ашық инфляцияға айналдыру болып табылатындықтан, кесімді бағалардан еркін бағаларға біртіндеп көшу сәтсіздікке ұшырайтын еді, сондықтан да онымен классикалык, әдістер бойынша күресу көмектеспеді. Алайда рынокты тұтыну тауарларымен толтыру айтарлықтай тез жүрді, кезектер жоғалды, карточкалық жүйе алып тасталды. Адамдар өз бизнесін ұйымдастыра бастады, белгілі бір дәрежеде кәсіпкерлік бастамашылық көрініс берді. Бұл сұраныс пен ұсыныс экономикасының алғашқы нәтижесі болды. Бірақ та өндіріс тоқтап, байланыстар үзілген ретт біздің біртұтас рубль аймағында тұрып жатуымыздан жағдай күрделі болып қала берді. Мұндағы келеңсіз үрдістер Мәскеу жүргізіп отырған жүйесіз ақша эмиссиясымен айқындалды. Ресейден Қазақстанға ескі рубльдер вагондап жөнелтілді, мұның өзі инфляция үшін нәрлі топырақ болды. Біз таңдау алдында тұрдық — не ақша массасын қысу керек, не бағаға қатаң мемлекеттік бақылау орнату керек. Екінші нұсқа ескі кезеңдерден әлдеқайда қалыпты болып көрінетін, бірақ та әу бастан-ақ реформалар қисынына қайшы келетін. Біз өз жолымызды таңдадық, ол ұлттык. валюта енгізуді көздеді. Қазақстан бұған бұрынғы Одақ елдерінің ішінде соңғысы болып барды, өйткені басқаларға қарағанда Ресеймен экономикалық байланыстары әлдеқайда берік еді. Бірақ біздің шыдамымыз шегіне жетті. Сөйтіп 1993 жылғы 15 қарашадан бастап біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны — ұлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Жуырда біз аса маңызды жетістігіміз болып, одан кейінгі ауқымды өзгерістерге кеңістік ашқан сол оқиғаның 10 жылдығын атап өттік. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995 жылы оны екі таңбалы көлемге дейін түсіріп, инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді. 
Тікелей тәуелсіздік алғаннан кейін бірінші кезекке дербес бюджет, салық және кеден жүйелерін құру мәселелері де шықты. Іс жүзінде оларды тақыр жерден түзуге тура келді. Бірінші кезеңде сәйкес нормативтік-құқықтық базаны жасау талап етілді.      Ескі жүйені қирату алғашқы жылдары мемлекеттік бюджеттің өте үлкен сәйкессіздіктеріне соқтырды, өйткені әлеуметтік кепілдіктер мөлшері нақты экономикалық мүмкіндіктерден асып тұрды. Мысалға, 1991 жылдың бюджет тапшылығы 20 пайыздан артық болды. Теориялық тұрғыда бюджет тапшылығын төмендетуге кәсіпорындардан алынатын салықтарды кілт ұлғайту және әлеуметтік бағдарламаларды сондайлық кілт қысқарту есебінен жетуге болады. Алайда салық ауыртпалығын үнемі ұлғайту орынды емес, өйткені бүл іскерлік белсенділіктің төмендеуіне және экономиканың көлеңкеге кетуіне соқтыратын еді. Сондай-ақ кәсіпорындарда да үлкен салықтарды төлеуге жеткілікті каражат болмады.Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып салық реформасын жүргізді. 1995 жылы Президенттің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығы шықты. Соған сәйкес салықтардың саны 3 еседен астамға қысқарды. Салық органының қызметі принципті түрдегі басқа сипатқа ие болды. Салықтар мембюджетті толықтырудың әдісі ретінде ғана емес, сонымен бірге инвестициялық-өндірістік қызметті ынталандырудың кұралы ретінде де қарастырыла бастады.   Енді экономикалық тұрақтану кезеңі басталғаннан кейін салық жүйесінде біз екпінді өндіріс саласынан айналым саласына көшірдік. 2002 жылы ҚҚС ставкасын 16 пайызға дейін, әлеуметтік салықты 26-дан 21 пайызға дейін төмендеттік. 2004 жылғы 1 каңтардан бастап ҚҚС ставкасы 15 пайызға дейін төмендеді, ал әлеуметтік салықты есептеу кезінде 20-дан 7 пайызға дейінгі регрестік ставка әрекет етеді. 
Қазақстанда принципті тұрғыдағы жаңа және осы заманғы екі деңгейлі банк жүйесі құрылды, оны халықаралық барша қаржы ұйымдары ТМД-дағы үздік жүйе деп атайды. Ұлттық банк тәуелсіз болды. Бұл мемлекеттік ақша-кредит саясатының тиімділігін кілт арттырды. Екінші деңгейдегі банктер даму серпініне ие болды. Өз кезегінде банк саласындағы реформалар бағалы қағаздар рыногын қалыптастыру жөніндегі белсенді күш-жігермен нығайтылды. 
Бюджет жүйесін реформалау 1996 жылы "Бюджет жүйесі туралы" Заңның қабылдануымен басталды. Ел Үкіметі бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық банк кредиттерін алу практикасынан бас тартып. қаржыландырудың инфляциялық емес көздерін пайдалануға көшті. Осы шаралардың бәрі мемлекеттік шығындарды қатаң шектеумен бірлесе келіп, макроэкономикалық тұрақтанудың негізіне айналды. 
Мемлекет иелігінен алуға, жекешелендіруге, сондай-ақ инвестициялык, саясатқа байланысты мәселелерге жеке тоқталғым келеді. Ақша массасының қысқаруы мен инфляцияны төмендетудің кері жағы да болды. Кәсіпорындар тоқтай бастады. Төлемеушілік дағдарысы ушықты. Өзара есептесудің негізі бартер болды. Осы жылдарда атқарылғанның бәріне қатер төнді. 
Қарапайым қисын мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшудің мүмкін еместігін еске салып тұрды. Бұл қадам нарық субъектілерін қүру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысынан да маңызды. 
Сондықтан да біз ауқымды жекешелендіруге кірістік. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады. 
Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. 
Екінші кезең "Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттык бағдарламасы" негізінде жүргізілді.    Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. 
Көтерме-бөлшек сауда, сауда-саттық және автокөлік бірлестіктері шағын жекешелендіруді жүргізудің алдында дербес заңды тұлғалар құру мақсатымен сегменттелді. Осының арқасында дүкендерді, мейрамханаларды, дәріхана желісін, автомайқұю стансаларын коса алғанда қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды.     Біз нарықтық экономиканың негізгі субъектісі маркетинг пен менеджменттің прогресшіл де тиімді әдістерін пайдаланатын меншік иесі болып табылатынын білдік. Купондық жекешелендірудің ащы сабағы мынада еді, меншікті жайдан-жай бөліп, үлестіріп беруге болмайды. Жаңа меншік иесі капитал мен технологияларды тартуға кабілетті болуы тиіс. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар "Жекешелендіру туралы" Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатына жүзеге асырылды. 
Шетелдік компаниялар өзімен бірге сондайлык қажетті инвестициялар, басқарудың озық тәжірибесін әкеледі деп білуіміз орынды екен. Нәтижесінде біздің кәсіпорындар өз дамуының жаңа серпініне ие болды. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Адамдар тұрақты жалақы ала бастады. 
1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шыкты. Сондықтан қазіргі төртінші кезеңде біз мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді белуге жаңа көзқарас қолдана бастадық.    Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалык қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында — бұл "ҚазМұнайГаз", энергетикада — "КЕГОК", телекоммуникацияда — "Қазақтелеком", темір жолда — "Қазақстан темір жолы".       Қазір біз бұл салаларды да реформалауға жеттік. Темір жол саласын қайта құрылымдау бағдарламасы басталды. Электр энергетикасы жөне телекоммуникация салаларын монополиясыздандыру міндеті қойылды. Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды құруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 пайызға жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі. 
Экономикалық реформалар ІЖӨ құрылымында жақсы байкалады. Мәселен, 1991-ден 2003 жылға дейінгі кезеңде тауар өндірісінің үлесі 43 пайызды құрап, 23 пунктке қысқарды, тиісінше қызмет көрсету өндірісінің үлесі 37,2-ден 52,3 пайызға дейін өсті. ІЖӨ құрылымының мүндай өзгерісі осы заманғы жалпы әлемдік үрдістерге сай келеді. Қазақстанда ІЖӨ құрылымындағы қызмет көрсетудің үлесі Достастық мемлекеттерінің арасындағы ең бір жоғарысы (ТМД бойынша орташа 44 пайыз). Әлемнің дамыған елдерінде қызмет көрсетудің үлесі шамамен 60-73 пайызды құрайды, атап айтқанда Жапонияда — 66 пайыз, Ұлыбритания мен Германияда — 71 пайыз.      Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган жөне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру жөне өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасасылды.   1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы. 
Қорытындысында қазіргі сәтте жан басына шаққандағы     игерілген     тікелей     шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялык деңгейдегі кредит рейтингі берілген. 
Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы қаражатының жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазакстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады. 
Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993 жылы "Шеврон" корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы баскд трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды.   Инвесторлардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда өлемнің аса ірі мүнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың арасында "Эксон Мобил", "Шелл", "Эни", "ШевронТексако", "Тоталь", "Бритиш петролеум", "Лукойл", Қытай ұлттық мұнай корпорациясы бар. Олардың қазақстандық рынокта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да куаттайды. Соңғы 30 жылда коры 10 миллиард баррель деп бағаланған аса ірі Қашаған кен орнының ашылуымен Қазақстан мұнайдың барланған қорлары бойынша әлемде жетекші орындардың біріне шықты. Елдің мұнай қорларын игерудегі біздің стратегиямыз бір ғана көмірсутегін өндірумен тәмамдалмайды. Оларды әлемдік рыноктарға тасымалдау үшін инфрақұрылым жасаудың маңызы бүдан кем емес болатын. Кеңестік кезеңде ішкі рынокқа бағдарланған Қазақстанның мұндай тұрба құбырлары жоқ еді. Тәуелсіздік жылдарындағы тұңғыш және ойдағыдай іске асырылған жоба Каспий тұрба кұбыры консорциумы болды. КТК-ның іске қосылуымен біз тасымал маршруттарын белсенді ету жөнінде дәйекті саясатты жүзеге асыра бастадық. Өткен жыл Каспий бойынша келіссөз процесінде сірескен сеңді бұзып өткен жыл болды. Ресеймен стратегиялық әріптестік қазір қайрандағы бірлескен ірі жобаларда нақты жүзеге асырылып келеді. Қытай бағытындағы тұрба кұбырының құрылысы басталады. Біздің еліміздің экономикалық дамуындағы мұнай факторының рөлін бағаламау мүмкін емес. Шынында да, 1985 жылмен салыстырғанда бүкіл әлемде көмірсутегі шикізатын өндіру 1,3 еседен кем болып отырғанда, біз өндіру көлемін 225,4 пайызға ұлғайта алдық, ал Ресей сексенінші жылдар кезеңіндегі деңгейді енді ғана калпына келтіре бастады. 
Шынында да, мұнайдың арқасында біз экономикалык, жүйені өзгерту процесін жеделдете алдық. Бірақ та дамудың қазіргі динамикасына кол жеткізуге энергия сақтаушыларға деген әлемдік бағаның артуы ғана ықпал етіп қойған жок,- Бұл — экономикалық өзгерістердің нәтижесі. 
Бүгінде мемлекеттік бюджеттің ширегі ғана мұнай табыстарының есебінен қалыптасады. Тікелей инвестициялар қара және түсті металлургияның тиімділігін көтерді. "Самсунг" және "Қазақмыс" корпорациялары саланың дамуына 1833,5 млн. доллар жұмсады. Бұл 2000 жылы-ақ шақпақ мыс шығару жөніндегі 1990 жылғы деңгейді 9 пайыз арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде мыс өндірудің көлемі бұрынғы жылдардың үздік көрсеткіштерінен асып түсті. Испат-Қармет өндірістің дамуына 500 млн. доллардан астам жұмсады. Қарметкомбинат металдармен және полимерлермен қапталған металл табақшалар шығарудың қуатты индустрияландыру кезеңінен өтті. 
Қазхром мен Қазалюминий 537,2 млн. доллар мөлшеріндегі инвестициялардың арқасында тиімділігі жоғары өндірістерге айналды. Мұны қорғасын-мырыш саласының жұмысы туралы да айтуға болады. 
Нақ осы салалар бүгінде ел бюджетін негізгі толықтырушылардың бірі. 
Алдағы кезде бюджет жоғары қосымша құны бар дайын өнімнің, шағын жөне орта бизнес пен өңдеу салаларын дамыту түсімдері есебінен барған сайын көбірек толығатын болады. 
Экономикадағы реформалар өздігінен қатардағы азаматтар тарапынан меншікке деген көзкарастыңөзгеруі жағдайында ғана тиімділік бере алар еді, түрғын үйді жекешелендіру кезеңінде осылай болды да. Меншікке ие ету тұрғын халық менталитетінің өзгеруіне әкелді. Мемлекетке иек арту, масылдык психология өткенге кете бастады. Енді өз тұрғын үйінің жауапкершілігі азаматтардың өздеріне көшті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты одан өрі өзгерту кажеттілігі пайда болды. Қасаң ТПК-лардың орнына халықтың пәтер иелерінің кооперативтері тұрпатындағы өз ұйымдарына екпін түсірілді.
2. Табысты орнықтыру және экономикалық өсу жағдайларын жасау 
Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мұқтаж болатын. Олар "Қазақстан-2030" ел дамуының Стратегиясында тұжырымдалды. 
Осы сәттен бастап реформалар жүйелік деңгейге көшті. Реформалардың басымдықтары институттық өзгерістер жағына қарай ойысты. Экспорттық әлеуетті кеңейту және сыртқы инвестициялық ресурстарды ұлғайту жолдары белгіленді. 
Бұл процесс Қазақстан кезекті сынаққа — 1997-1998 жылдарғы азиялық қаржы дағдарысына тап болған сәтте де тоқтамады. Іс жүзінде соңғы сәтке дейін біз халықтың тұрмыс деңгейі күрт құлдырауына жол бермеу үшін теңгенің бағамын жасанды түрде ұстауға тырыстық. Қазақстан тағы да кәсіпорындардың жаппай жабылуы мен жұмыссыздықтың қар көшкіні секілді өсу қаупімен бетпе-бет келді. 
Бұл дағдарыс біз үшін сабақ болды. Болашақта Қазақстанның алдында мұнайға деген жоғары бағалар сынағы тұрды. Біз мұнай долларларын өңдеу салаларын дамытуға және осы заманғы бәсекеге қабілетті экономика құруға бағыттай отырып, оларды дұрыс жұмсай білу керектігін түсіндік. Мұның өзі энергия сақтаушыларға деген әлемдік бағалардың өзгерісіне тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берер еді. 
Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, қолайсыз сырткы факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құруға кірісті. 
Алайда мұны сілкіністер мен дағдарыстар жағдайында ғана сақтандыру әдісі ретінде қабылдамау керек. Оның мәні бүдан тереңірек. Ол болашақ ұрпақтар алдындағы біздің жауапкершілігіміздің көрінісі ретінде пайда болып, артық пайдаларды бір сәттік проблемалардың шешіміне жұмсауға елігуден тыс болуымызга мүмкіндік берді. Қазіргі таңда Ұлттық қорда 4,7 млрд. доллар немесе 631,8 млрд. теңге жинақталған, олар республикаға тұрақты табыстар әкелетін жоғары өтімді қаржы құралдарына салынған. 
Банк жүйесіне сенімді арттыру үшін шаралар кабылданды. Кеңестен кейінгі кеңістікте алғаш рет жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендірудің ұжымдық жүйесі құрылды. Мұның өзі азаматтардың қозғалыссыз жатқан қаржыларын нақты секторды қаржыландыруға тарту мүмкіндігін туғызды. 
Елорданы Астанаға көшіру елдің дамуына елеулі серпін берді. Мемлекетті бұрынғыдан тиімді басқару және өңірлік дамудың сәйкессіздігін реттеу үшін елдің географиялық байтағында экономикалық-саяси тартылыс орталығын күру қажет болды. Геосаяси артықшылықтармен қатар елорданы көшіру ел экономикасы үшін орасан зор мультипликативтік тиімділік берді. Құрылыс өркендеуінің ұласпалы әрекеті барлық облыс орталықтарын қамтыды, олар бүгінде өзгеріп сала берді. Мұның өзі мыңдаған жаңа жұмыс орындарының ашылуына, салалас өндірістердің дамуына жеткізді. Қысқа мерзімде қала айтарлыктай өзгеріп, мемлекеттің шынайы саяси орталығына айналды. Он жылда нарықтық қатынастарға барлық салалар тартылды. Ауыл да бұдан тыс қалған жоқ, бірақ ондағы реформалар кешігіп жүріп жатты. 
Біз барлық мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын ұжымдық меншікке бердік, содан кейін жекешелендіру жүргіздік. Қиын, бірақ стратегиялық тұрғыда дұрыс жол таңдап алынды, ол ауылда нарықтық қатынастар жүйесін жасауға бастады.Рынокқа берік бағдарланған фермерлер табы пайда болды. "Астық үшін айқас" кезеңдері ұмытылды. Соңғы үш жылда жұмыс ырғағындағы Қазақстан дәнді дақылдардың миллиард пұттарын өндіріп отыр. Бұл ретте егін жинау-себу науқандарына кеңестік уақытқа қарағанда жанар-жағар май материалдары 10 есе дерлік аз жұмсалады.  Алайда тұтастай алғанда жер мәселесі шешілмей қалып келді. Аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін 2003-2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасының қабылдануымен біз аграрлық сектордың тиімді кызмет етуінің негізін қалыптастыратын институттық тетіктерді іске қостық. 
Жер кодексі айтарлықгай ауыр қабылданды. Бүл кездейсоқ емес еді. Жер мемлекеттің негізі болып табылады. Бүгінде ауылда қазақстандыктардың 43 пайызы тұрады. Олардың әрқайсысының жерге деген өз қатынасы бар. Бұл мәселедегі пікірлердің қарама-қайшылығы да осыдан. 
Бірақ та нарық мұндай текетірестерге төзбейді. Аграрлық сектор — бұл химия кәсіпорындары, мәшине жасау, мұнай өнеркәсібі өнімдерін және қызмет саласын аса ірі тұтынушы екені көп реттеұмытыла береді. Бұл салалардың бәрі дерлік түгастай нарыққа киліктірілген. Бірақ та дәл осыны аграрлық сектор туралы айтуға әлі болмайды, өйткені ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер нарықтық қатынастарға әлі киліктірілмеген. 
Жерге деген ұқыпты қатынас жоқ кезде жеке меншікке деген құрмет туралы қалай айта алмакпыз. Бұл проблеманы жерді жеке меншік иелеріне берген жағдайда ғана шешуге болады. Және де сөз жүзінде емес, іс жүзінде. 
Біз жердің тозуы, жер қорының азуы дегеннің не екенін білеміз. Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады. Егер олар айналымнан шығарылса, өндірістік шығындар мен бағалардың, активтердің нарықтық құнын негіздей отырып анықтау, тұрлаулы ақша айналымы, шетелдік инвестицияларды кеңінен тарту, ипотекалык кредиттің дамуы мүмкін емес. 
Осыны сезініп, түсіну бізге агроөнеркәсіптік кешен үшін, сондай-ақ бүкіл ел үшін аса маңызды Жер кодексін қабылдауға мүмкіндік берді. 
Жерге деген жеке меншік және осы негізде еңбеккерлердің жаңа табын тәрбиелеу — аграрлық сектордағы өркенді өсудің негізі. 
Енді ауыл шаруашылығына инвестициялар, жаңа технологиялар мен тиімді менеджмент келуі керек. Жердің сезімтал да қамқоршыл қожасы пайда болуы керек. Ал жеке меншік иелері мен инвесторлар ауылды нақтылы өзгерте алады. 
Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Қазақстандық экономиканы ырықтандыру процесі кері жүрмейді. Ендігі жерде сөз осы жылдары талдап жасалып, байқап көрілген заңнамалық, нормативтік-құқықтық базаны нақты мазмұнмен толықтыру және түзету, оның әлеуетін одан әрі дамыту туралы болып отыр. 
Нарыққа көшу кезінде мемлекеттің экономикаға араласуы кілт шектелді. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін қай жерде дербес еркін өсу жүріп жатқаны, ал қай жерде мемлекеттің елеулі колдауынсыз, тікелей араласуынсыз болмайтыны айқын көрінді. 
Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін серпінді ұлғайту болып табылады. Мәселен, статистика мәліметтері бойынша, 2004 жылдың I жартыжылдығына тіркелген 194,8 мың заңды тұлғаның 192,7 мыңдайы жеке меншік секторға келеді. Бұл жалпы санның 98 пайызы, өндеу саласында бұл үлес — 98%-ды; ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 97,5 пайызды құрайды. 
Көптеген экономикалық процестердің нақты қатысушысы жеке меншік иесі болып отыр, тұрғын халықтың өзі де белсенді рөл атқарады. Оның мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кеңінен қатысуы айрықша нарықтық мінез-құлық қалыптастырды, бүл меншік иесін сатып алушының сұраныстарына ғана емес, тіпті қыңырлығына да сергектікпен карауға мәжбүр етеді. Біз жаппай кәсіпкерлік рух феноменінің — жаңа менеджменттің қаз тұруы үшін нәрлі ортаның калыптасуымен істес болып отырмыз. 
Әсіресе шағын кәсіпкерліктің дамуы атап көрсетуге тұрарлық. Нақ осының дамуы, бірінші кезекте, осы заманғы нарықтық шаруашылық барған сайын өзі дамитын ашық жүйеге айналып, өзін-өзі реттейтін қабілетке ие болуда деп санауға негіз береді. Экономикалық қатынастардың жаңғыртылуы жалғасып жатқаны сөзсіз және жетілдіріле түсетін болады. 
Әлемдік шаруашылық байланыстарына кірігуге қабілетті жаңа нақты экономиканы құру аса маңызды тағы бір міндетке айналды. Экономиканы құрылымдық өзгертудің айтарлықтай жан қинайтын проблемасы бар болмысымен бой көтеріп түр. 
Оның бұрынғы құрылымы деформацияланған болатын, өңдеу өнеркәсібіндегі көптеген бұйымдардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі сақталып қалды. Көптеген өндірістердің қалыптан тыс монополиялануы да тежеуішке айналды, мұның өзі олардың жинақылығына, шығаратын өнімдердің сапасына және өндірістің тиімділігіне, оның рентабельділігіне келеңсіз әсер етті. 
Қазақстан экономикасы мембюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін елеулі, ауқымды ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқы байланыстарды өрістету бағыты және шетелдік инвестицияларды кең ауқымды тарту экспортқа бағдарланған салаларды көтеруге, шикізат өндіруді ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде валюта қорын толықтыруға, теңгені нығайтуға, оның айырбастылығын күшейтуге мүмкіндік берді. Осылайша импорттық тауарлар үшін, шетелдік инвесторлар үшін қызықтырғыш ішкі рыноктың тартымдылығы артты, экономиканы тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалды. 
Шетелдік инвесторлар мен біздің мемлекеттің мүдделерін ұштастыру оңай міндет емес. Негізінен олар өнеркәсіптің барынша тартымды салалары бойынша үйлеседі. 
Мақсатты шаралардың нәтижесінде шетелдік күрделі қаржыны тарту жөнінде қолайлы ахуал қалыптастыру мүмкін болды. Шикі мұнай және ілеспе газ өндіру, қара және түсті металлургия секілді салаларға тікелей шетелдік инвестициялар 2003 жылы 2,7 млрд. доллардан астам болды. 
Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі нәтижесінде қорлар ескіруінің келеңсіз үрдісін еңсеру мүмкін болды. Жаңару коэффициенті мұнай-газ өндіруде — 10,9 пайызға, металлургиялык, рудалар өндіруде, металлургияда 6,6 пайызға жетті. Отын саласының, түсті және қара металлургияның үлесі үстем бола түсті. 
Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді: 
1.  Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезенде 25,8 миллиард долларды құрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1-ші орынды алады. 
2. Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болған аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді. 
3.  Әлемдік рынокка шығу жоне әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз етілді.
3. Ескі экономикадан — жаңа экономикаға: жолды анықтау 
Мемлекеттің таяудағы он жылдыққа арналған стратегиялық міндеттерінде табиғи байлықтар қоры мен минералдық-шикізаттық ресурстар ескеріле отырып, республиканың экономикадағы дәстүрлі артыкшылығын барынша пайдалану қажеттігі көрсетілген. Қазақстан олардың кейбірінің абсолюттік қоры бойынша да, сондай-ақ өндіру, соның ішінде жан басына шаққандағы өндіру бойынша да әлемдік біріншілікке ие екені белгілі. Республика бүгінде вольфрам, ванадий рудаларының қоры бойынша — әлемде бірінші орын, құрамында хром бар рудалар қоры бойынша — екінші (23 пайыз), марганец рудаларының коры бойынша үшінші орын алады. Қазақстанның үлесіне уранның әлемдік корының — 25 пайызы, қорғасынның — 19, мырыштың — 13, мыс пен темірдің 10 пайызы келеді. Қазақстан геологиялық, тау-кен істерінің дәстүрлі дамуын калпына келтіріп, нығайта, руда өңдеу мен металл балқыту  жөніндегі    осы    заманғы технологиялардың дамуын қамтамасыз ете отырып, әлемдік минералдық-шикізаттық кешендегі өзінің күшті позициясын сақтауға қабілетті және солай етуі тиіс. Әлемде ұлттық экономиканың шикізаттық құрамына көзқарас келеңсіз емес екенін атап өткен жөн. Аса ірі 200 әлемдік компаниялардың 90-ы шикізаттық секторға жатады, олардың үлесіне рейтингке барлық қатысушылар өткізген өнімнің жалпы көлемінің 80 пайыздан астамы келеді. Минералдық шикізатты әлемдік өндірушілер көшбасшыларының қатарына АҚШ, Австралия, ОАР, Канада, Қытай және Ресей секілді әлемнің ірі елдері кіреді. 
Сарапшылар атап көрсеткеніндей, табиғи ресурстарды сату мемлекеттің мешеулігінің немесе оның үкіметінің білікті еместігінің тіпті де дәлелі емес. Көптеген шикізаттық елдерде экономикалық дамудың жоғары деңгейіне өндіруді интенсивтендіру және өз табиғи ресурстарын өңдеу есебінен қол жеткізілген. Канада мен Австралия секілді бірқатар жетекші минералдық-шикізаттық мемлекеттердің тәжірибесі осы әлеуеттің ІЖӨ өндіру көлеміне елеулі ықпалын дәлелдейді. 
Қазақстанда минералдық-шикізаттық кешен әлемдік рыноктың талаптарына барынша жедел бейімделді және бұл экспорт құрылымынан да көрінеді. 
Келтірілген деректер қазақстандық экспорттың рейтингінде шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың көшбасшылық жағдайын дәлелдейді. Және де бағалардың әрлі-берлі ауытқушылығы сатылу сомасына ықпал ететін әлемдік конъюнктураға қарамастан, бұл рынок айтарлықтай тұрлаулы болып қалып отыр. Өндіріс пен экспорт құрылымын жетілдіру жөніндегі әбден ізгі мақсаттарды көздей отырып, республика өзінің әлемдік минералдық-шикізаттық рыноктағы ұстанымын жоғалтпау керектігі түсінікті. 
Шетелдік инвестициялардың экономикалық қайта жарақтандыруға қатысуына үлкен үміт артылды. Кей жағдайда олар ақталды да, мұның өзі өндіруші салалардың артуына, экономиканың жалпы өсуіне жеткізді. Солай болса-дағы экспортқа бағдарланған және ішкі рынокқа жұмыс істейтін салалардың келісімді, ілеспелі, өзара байланысты дамуын қамтамасыз ету қажет. 
Қазақстанның экономикалық саясаты жаһандану процесінің талаптарына бағынуға мәжбүр сыртқы экономикалық қызмет пен ішкі рынокқа, отандық өндірісшіге бағдарланудың, ұлттық қолдау саясатын жүргізу қажеттігінің  арасында болып, айтарлықтай күрделі жағдайда қалды. Егер де сыртқы бағдарлану шикізат салаларының серпінді дамуына жеткізіп, мұның өзі басқа салалар үшін мүмкіндік туғызуға жердемдессе, кайта өңдеу және өндеуші салалардың үлесі айтарлықтай жоғары болмай қалуда жөне оларды көтеру жөнінде елеулі күш-жігер қажет. 
Ел экономикасындағы өзгерген жағдай (экономикалық өсу, қорлану мен жинақталудың ұлғаюы, инвестициялык ахуалдың жақсаруы) құрылымдық өзгерістер проблемасын елеулі түрде өзекті етіп отыр. Көп елдердің экономика, әсіресе өнеркәсіп құрылымын жетілдіруге ұмтылысы кедергілерге аз тап болған жоқ. 
Жаһандану жағдайында халықаралық бәсекелестік барлық жерге кіріккіш қана емес, сонымен бірге азулы да болып отыр. Тіпті АҚШ-та сан миллиардтаған айналымы бар аса ірі трансұлттық корпорациялар өрши түскен бәсекелестікке шыдас бермей, күйреп түсуде. 
Жаңа өсу аймақтарының пайда болуы сонымен бірге өткізу рыногы үшін күрестің күшейгенін, бәсекенің жаңа орамдары шиеленісіп, пайда болғанын білдіреді. Бірақ та дүние ұтылып қана қоймайды, сонымен бірге ауыртпалықсыз болмаса да, жаңа технологияларды жедел ендіру, сауда-саттық көлемінің өсуі мен жаңа экономиканың қалыптасуы есебінен ұтысқа да шығып жатыр. Сайып келгенде, сапалы және салыстырмалы түрде арзан тауар сатып алатын тұтынушы ұтыста болады. 
Жаңа экономика кең тұрғыда — бұл жоғары технологиялар, ғылымды көп қажет ететін, барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен каныққан экономика. Шикізаттық және индустриялық экономикадан интеллектуалдық ресурстарға, ғылымды көп қажет ететін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа көшу әлемдік шаруашылықтың барынша маңызды үрдістерінің біріне айналды. 
Дамығған елдерде тауар өндіруші экономикадан білім өндіру мен қолдануға негізделген экономикаға қарай ойысу жүріп жатыр. Оларда жаңа технологиялардың, жаңа білімдерді сақтаушы жабдықтардың үлесіне ІЖӨ өсімінің 70-85 пайызына дейін келеді. Ғылымды көп қажет ететін өнімнің әлемдік рыногының көлемі 2 триллион 300 миллиард долларды құрайды (АҚШ үлесі — 39, Жапония — 30, Германия — 16 пайыз). Барынша дамыған жеті ел 50 макротехнологияның 46-сына ие болып, жаңа технологиялар рыногының 80 пайызын ұстап отыр. 
АҚШ жыл сайын ғылымды көп қажет ететін өнім экспортынан 700 миллиардқа жуық доллар, Германия — 530, Жапония — 400 миллиард доллар алады. Экономикалық кеңістік үшін осынау аяқталмас сайыстағы жеңістің басты факторы инновациялар және тұтастай білім болып отыр. 
        Бірқатар дамушы елдердің тәжірибесі, қатал бәсекеге қарамастан, жаңа нарықтық экономикалар серпінді даму үстіндегі әлемдік шаруашылықтан өз орнын таба алатынын дәлелдейді. Алғашқы толқындағы секілді (Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань және Сингапур) екінші толқындағы да (Индонезия, Малайзия, Тайланд және Филиппин) жаңа индустриялық елдер өз өсуінің көрсеткіштері бойынша кейбір дамыған мемлекеттерден озып кетті. 
        Дамушы    елдердің    жаңа    экономикаға интеграциялану үлгісін Үндістан танытып отыр, оның өнеркәсібінде 280 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2000 жылы бағдарламалық өнімдердің экспортынан түскен табыс 4 миллиард доллардан асса, 2008 жылға қарай ол 50 миллиардка дейін өсуі тиіс. 
        Прогресшіл өзгерістерге ұмтылған Қазақстан да осынау тым тығыз экономикалық дүниеде өз орнын табуы керек. Оны ерікті түрде және "ұрыссыз" ешкімнің бере қоймасы анық. 
        Республиканың өзара қатынастардың соны сипатына кіру шарттары айтарлықтай қатаң жене барынша қорғалған. Егер оның шикізат рыногына қатысуы құрметтеліп, дамыған елдерге шикізат импорты алымнан босатылса, дайын өнім рыногында жоғары алымнан тұратын кедергілер сакталып, дамыған инфрақұрылымы бар, соның ішінде жаңа өнімді зерттеу, талдап жасау және өндіру саласында қуатты трансұлттық корпорациялар әрекет етуде. 
        Қазақстанға өзінің жаңа индустриялық-инновациялык бағдарламасын іске асыруға барынша байыптылықпен және жауаптылықпен қарағаны жөн болып көрінеді. Ең алдымен, барынша мұқият талдаудан кейін бәсекелестігі жоғары өндіріс қалыптастыру мақсатында интеллектуалдық, ғылыми-ағартушылық, инженерлік, өндірістік әлеуетті, жинақталған елеулі қаржы ресурстарын біріктіру керек. 
        Ел құрылымдық өзгерістердің қатаң басымдықтарына, әсіресе барынша нақты да қол жетімді басымдықтарға ие болуы тиіс. 
Қазақстанда жаңа экономика категориясына жататын салалар бар. Бұл — түсті металлургия, уран өнеркәсібі. 
        Республика бүкіл әлемде мойындалған бірқатар бірегей технологияларға ие болып отыр. Бұл әлеует әлі де өзінің мәнділігін сақтап отырғанын Қытайдың Қазақстаннан сульфидтік қорғасын концентраттарын қайта өңдеу жөніндегі технологияны сатып алу ниеті дәлелдейді. Бұл технологияға 14 елден патент алынып, ГФР-да, Италияда, Канадада, Боливияда зауыттар салынғаны белгілі. 
        Жаңа материалдарды игеруде "Қазатомпром" кәсіпорындары көшбасшы болып отыр, бүларда жаңа және аса жаңа технологиялар негізінде табиғи уранның ұнтағы, уран таблеткалары, оксидтік керамика, бериллийлік қола секілді бұйымдар игерілген және игеріле басталған. 
        Уранды жер астында сілтісіздендіру жөніндегі жаңа технологияларды қолдану оны өндіруді 3 700 тоннаға дейін ұлғайтуға жөне республикаға әлемдік уран рейтингінде 3-орынды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 
        Қазақстанда жоғары сапалы болат пен арнаулы қорытпалардың қуатты саласын жасау индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыты бола алады. Талдау көрсеткеніндей, жаңа материалдардың пайда болуына қарамастан, әлемде болаттың беріктігі жоғары, тот баспайтын, подшипниктік, қоспалы жөне басқа барлык. түрлерін тұтыну артып, барған сайын арнаулы қорытпалардың жаңа түрлері жасалуда. Өткізуге байланысты кей кездері туындайтын қиындыққа қарамастан, болат рыногы тарылған емес. 
        Болат пен қорытпалар динамикасы алдағы кезде де дамитын болады. Оларды өндіру үшін барлық компоненттерге ие Қазақстан әлемдік рыноктың осы сегментінде елеулі түлғаға айналуына болады, бірақ әзірше басқа елдер үшін жеткізіп беруші ғана болып отыр. Мұқият есептеу жағдайында байыпты ресурстық, өндірістік, кадрлық әлеуеті және дәстүрлері бар республика әлемдік болат рейтингінде әлдеқайда лайықты орын алып, 10-15 пунктке жоғары көтеріле алады. 
        Республикада бериллийдің, ренийдің, цирконийдің, молибденнің, кобальттің, ванадийдің, вольфрамның, бордың негізінде арнаулы қорытпалар шығаруды ұлғайту мүмкіндігі бар. Тұтастай алғанда металлургияның дамуы, арнаулы қорытпалар, жоғары сапалы болаттар мен олардан жасалған бұйымдар өндірісі 13-14 миллиардтан астам доллар келтіре алады. 
        Басқа жобалардан ерекшелігі, осы саланы дамыту жұмыс істеп түрған кәсіпорындарға, қолда бар ғылыми-техникалық әлеуетке, инженер кадрларына және жаңа технологиялардың берік қорына арқа сүйейді. 
        Жаһандану, әлемдік экономиканың интернационалдануы, өршіп тұрған халықаралық бәсекелестік жағдайында өз орныңды табу өте маңызды. Егер шикізат өндіру жөне өңдеу салаларында Қазақстанның көптеген ұстанымдар бойынша бәсекелесі болмаса, жоғары деңгейде өңделген өнімге байланысты жағдай мүлдем басқаша. Көптеген елдердің, соның ішінде дамушы елдердің тәжірибесі табанды күш-жігер болса, әлемдік рынокта өз орныңды табуға болатынын көрсетеді. 
        Солай болса-дағы, жоғары әзірлік деңгейіндегі өнім шығаруды ұйымдастыру жөніндегі біздің ниетіміз елеулі қиындықтарға тап болады, сондықтан, мұқият дайындық жасалмаса, сәтсіздік болуы мүмкін, соның ішінде отандық ғылымның жетістіктері де солай болмақ. Республика жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-лерінде өнімнің тұтынушылық сапасын айтарлықтай арттыратын бәсекеге қабілетті талдамалар мен технологиялар бар. Әлемдік рынокқа жоғары әзірлік деңгейіндегі өнімнің жарып өту стратегиясын талдап жасай отырып, Қазақстан өзінің көзге айқын артықшылықтарын барынша пайдалануы тиіс. 
        Республиканың жаңа экономикасы оның әлемдік шаруашылыққа қайта интеграциялану жөніндегі белсенді күш-жігерінің нәтижесінде ашылатын артықшылықтарға да арқа сүйеуі қажет. 
        Елдің қаржы жүйесінің мүмкіндіктері, лизингтік, факторингтік схемаларының дамуы индустриялық-инновациялық стратегия міндеттерін шешу үшін жағдай туғызады. Инновациялық, инвестициялық қорлар, Экспортты сақтандыру жөніндегі компания, Даму банкі сияқты дамудың жаңа институттары осы факторлардың іс-әрекетін әлдеқайда мұқият ескеріп, оларға жәрдем көрсетуі керек. 
        Жетекші шикізат елдерінің тәжірибелері жоғары бөліністерге қаржы салудың артықша тиімділігінің көзге түсер ақиқатын қуаттап берді. Канаданың минералдық өнеркәсібі жалпы өнімінің көлемін 1 долларға ұлғайтқанда, елдің жиынтық ІЖӨ-сі, мультипликативтік тиімділікті есепке алғанда, орташа есеппен 9,3 долларға өседі екен. 
        Бұл елдің минералдық өнеркәсіпте жұмыс істейтін адамдар санын 2 мыңға көбейту жұмыс орындары санын жүз есе дерлік ұлғайтуға жеткізеді. Мүның өзі көп ретте Канадада ол табиғи монополист болып табылатын және оны айтарлықтай тиімді пайдаланып отырған салаларда 4 жөне 5 бөліністер елеулі дамығандығымен байланысты. 
        Инновациялық процестердің айтарлықтай жеделдеуінде ақпараттық экономика немесе ақпараттық дәуір экономикасы секілді ұғымның нақты, катаң мәніндегі жаңа экономика процестердің интенсивті дамуы қуатты серпін болды. Барлық салаларға ақпараттық технологияларды енгізу көлемі мен қарқыны және олардың экономикаға ықпал ету аукымы өте елеулі болып отыр. 
        Нақ ақпараттық құрамдастық жаңа экономикаға жаһандық барлык жерге кірігушілік сипат бере отырып, оның жеделдеткішіне айналды. Интернет-технологияларды қолдану жетекші фактор болды. Әсіресе электрондық сауда-саттықтың өсу қарқыны айқьш сезіледі. Мысалы, соңғы жылдары БСҰ-ға мүше елдерде оның көлемі жыл сайын бес есеге ұлғайып, 327 миллиард доллардан асып түсті. 
        Соңғы 10 жылда ғылымды көп қажет ететін өнімнің өсімі 80 миллиард долларды құрағанына қарамастан, бұл салаға инвестициялар көлемі артуда. Осы факторды жете бағаламаушылық келеңсіз салдарға соқтыруы мүмкін. Мәселен, Жапония 1990-шы жылдары ақпараттық технологияларда артта қалғандықтан әлемдік экономикалық көшбасшы жағдайынан айырылды. Әу баста үлкен табыстарға байланысты нағыз шулыған туғызған бүл бизнес енді калыпты арнаға түсіп отыр. 
        Осы процеске кіретін Қазақстанға дамыған елдердің тәжірибесін ескеріп, оған белсене интеграциялануы қажет. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар жасалды да. Мәселен, 1998 жылы интернетке 885 абонент косылса, 2003 жылы 184,9 мың қосылған — 209 есе орасан қауырт артқан. Бұған қоса интернетті пайдаланушылар көбеюіне қарай оның трафигі де ұлғайған. Мысалы, егер 2001 жылы ол 359,5 миллион минөтпен есептелсе, 2002 жылы 684,9 миллион минөтке жеткен. Қазір бүл көрсеткіштер әлдеқайда өскен. 
        Электрондық пошта көлемі шұғыл ұлғайды. Бүл мүмкіндіктер әлі әлдекдйда өседі. Мәселен, қазірдің өзінде "Шанхай-Франкфурт" шыны-талшықты супермагистральдің казақстандық бөлігі жөне оның Орал арқылы Ресейге кететін тармағы іске қосылған. Елдің барлық өңірінің интернетке жоғары жеделдікпен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жалпы республикалык шыны-талшықты шеңберлі желі жасалуда. НАТО-ның "Бейнелік Жібек жолы" жобасы бойынша елдің интернетке жеңілдікпен жоғары жеделдікте кірігетін жоғары оку орындары мен ҒЗИ-лерінің біртұтас ғылыми-ағартушылык. желісі интенсивті түрде қалыптастырылып жатыр. 
        Қазақстанда "Электрондық Үкіметтің" негіздері қалануда, салық, кеден қызметтерінің ақпараттық жүйесі жұмыс істеуде. Көптеген компанияларда, ұйымдарда, оқу орындарында ішкі тұйық желі енгізілген, мұның өзі көп ретте олардың қызметінің тиімділігін арттырады. Ақпараттык, технологияларды талдап-жасаумен, енгізумен, компьютерлік техниканы жеткізіп берумен, құрастырумен, дайындаумен айналысатын ондаған кәсіпорын ("Алси", "Логиком", "Глотур", "Аstel" және басқалары) жұмыс істеуде. Өңірде бірінші болып әлемдік сауда-саттык алаңдарына шыға алатын "Тұран-Азия" әмбебап электрондық сауда-саттық алаңы (биржасы) құрылды. 
        Жаңа ақпараттық экономика сәйкес кадрлық қызмет көрсетуді талап етеді. Біз мұнда да мақсатты жүмыс жүргізудеміз. Мәселен, жоғары оқу орындарында "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша оқитындар саны 1999/2000 оқу жылындағы 1906 адамнан 2000/2001 оқу жылындағы 4423 адамға дейін, "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша тиісінше 1390 адамнан 7873 адамға дейін өскен. 
Республикада Алатау кентінде үндістандық Бангалорға ұқсас ақпараттық технологиялар паркі құрылуда, Бангалорда 230 көпұлтгы компаниялар орын теуіп, қала зертханаларында 25 мың инженер жүмыс істейді. Мұндай парктердің кұрылуы түсімдердің елеулі көзіне айнала алады. Үндістандык, хайтектің экспортқа шығарылатын өнімі 2005 жылға қарай 50 миллиард долларға жететінін айтудың өзі жеткілікті. 
        Қазақстанда елді ақпараттандыру процесін жеделдету үшін құқықтық негіз жасалды. Біртұтас ақпараттық кеңістік қалыптастыру туралы жарлық, ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру бағдарламалары қабылданды. 
2003 жылдың мамырында "Ақпараттандыру туралы", "Электрондық құжат және электрондық қол кою туралы" зандар қабылданды. Электрондық қол қоюдың қабылдануы және заңнамалық тұрғыда қолданылуы көлемі жыл сайын өсіп бара жатқан электрондық сауда-саттықтыц жаңа көкжиектерін ашады. 
        "Ғылым туралы", "Инновациялар туралы" қолданыстағы заңдармен қатар жаңа заңнамалық кесімдер бұл салада алға жарып шығу үшін жақсы тұғырнама жасайтынын атап өткен жөн. 
        Осы заманғы қазақстандык ақпараттык. саясат жаңа инновациялық-технологиялық экономиканы елеулі түрде күшейтіп, жаңа индустриялык, прогресшіл құрылымы бар экономиканы құруы керек. Бұл процеске қатысушы барлық тараптардың жиі де тиімді өзара ықпалдасуы күткен нәтижені береді. 
        Тәуелсіздіктің он үш жылында жүргізілген реформалар экономиканың жедел де сапалы дамуын іске асыру мүмкіндіктерін туғызды. Оның басты құрамдасы елдің индустриялық-инновациялык. дамуы болып табылады. 
        Бекітілген Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы алға өршіл міндеттер қоятын өзіндік бірегей құжат деуге болады. Үнемі өзгеріс үстіндегі әлемдік конъюнктура жағдайында бүл өмірлік қажетті қадам. Жаһандану оябында Қазакстан экономикасы бірқатар проблемалармен бетпе-бет келгенін айтудың өзі жеткілікті. Оларға мыналар жатады: шикізаттық бағдарланушылык,, әлемдік экономикамен мардымсыз интеграциялану, елдің ішіндегі салааралық және өңіраралык экономикалық интеграцияның әлсіздігі, ғылымның өндіріспен ықпалды байланысының жоқтығы, менеджменттің экономиканың жаһандану процестеріне жөне сервистік-технологиялык экономикаға көшуге бейімделу міндеттеріне сөйкес еместігі. 
        Бекітілген Индустриялық-инновациялык даму стратегиясына сәйкес 2015 жылға қарай 2000 жылмен салыстырғанда ІЖӨ-нің энергияны қажет етуі 2 есе төмендеп, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық өндірістердің үлесі он еседен астамға өсуі тиіс. Мұның өзі ел экономикасын реформалаудың жаңа кезеңі басталғанын білдіреді. 
        Стратегия белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді көздейді. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін қаржы рыногының одан әрі дамуы және фискалдық, ағартушылық, антимонополиялық, инфрақұрылымдық саясаттың жетілдірілуі белгіленеді. Стандарттау саясатының шеңберінде экономика мен басқарудың барлық салаларында әлемдік стандарттарға көшу көзделеді. 
        Стратегияның өзіндік қосылған құны бар өнім шығару мен экспорттаудың тұрақты өсуін және бәсекеге қабілетті әрі белсенді етілген өнеркәсіп құруды қамтамасыз етуге бағытталуы оның айрықша ерекшелігі болып табылады. Сондықтан ғылымды көп қажет ететін, жоғары технологиялык өндіріс құруды ынталандырудың, "ғылым-өндіріс-рынок" циклының, нақты және қаржы секторының бұрынғыдан тиімді байланысын орнықтырудың аса маңызды міндеті қойылды. Осыған байланысты қолда бар әлеуетті ұтымды, тиімді пайдалануды қамтамасыз ету керек, мұның өзі халықтың тұрмыс деңгейіне, республика дамуының тұрақтылығына әсер ететіні сөзсіз. 
        Біз ұстанған индустрияландыру бағыты бүгінде бұрынғыдан жоғары бөліністерді енгізуге және жаңа индустриялық кластерлерді қалыптастыруға салмақ салатын, елдің экономикалық әлеуетін айқындайтын экономика секторларын (мұнай-газ және металлургия секторлары) дамытуға мүмкіндік береді. Мәселен, бізде мәшине жасауда, химия және мұнай химиясында, қүрылыс индустриясы мен жеңіл өнеркәсіпте дамудың елеулі әлеуеті бар. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндеу және агроиндустриялық кластерлерді, атап айтқанда Оңтүстік Қазақстанда мақталық және шарап жасау кластерлерін қалыптастыру перспективалық бағыт болып табылады. 
        Индустрияландыру процесінің барысында біздің күш-жігеріміз сондай-ақ білімдерге негізделген сапалық жана экономиканы құру үшін алға жарып шығу "нүктелерін" қалыптастыруға және одан әрі дамытуға бағытталуы керек. Қазақстан болашақта жоғары технологиялык тауарлар және жақын жатқан, жедел өсу үстіндегі экономикаларға қызмет көрсету үшін қызметтер өндіруге бағытталган өңірдің сервистік-технологиялык орталығына айналуы тиіс. 
        Экономика дамуының сапалық жаңа деңгейіне көшу жөніндегі табанды да ауқымды шаралар қажет. Жоғары дамыған қаржы секторы инновацияларға қолдау көрсететін банктік жоғары технологиялардың экономиканын нақты секторымен бірігуіне жәрдемдесіп, ынтыландыруы тиіс. 
        Дамудың жасалатын қолайлы жағдайлары отандық кәсіпкерлерге әлемдік рынокка жарып өтудің жақсы мүмкіндігін береді. Жаһандану жағдайында қазақстандық компанияларға халықаралық бәсекенін қысымына төтеп беру барған сайын қиын болатыны анык. 
        Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру, жаңа технологияларды ендіру, кадрлар даярлау жөніндегі мақсатты жұмыс жағдайында отандық өндіріс принципінде іске асыруға болатын осынау міндеттерді орындау үшін барынша әзірленген салада алға жарып шығуды қамтамасыз етуге болады. Мұнда құрылған мемлекеттік даму институттарына көп үміт артылады, солардың арқасында біз экономикамызды белсенді ету жөніндегі жобаларды қаржыландыра аламыз. 
        Біздің бүгінгі әлеует — бұл экспортқа бағдарланған қаржылық телекоммуникациялық, көліктік, сауда және ақпараттық қызметтер. 
        Индустриялық саясатты іске асырумен бір мезгілде біз елдің аграрлық секторын нығайтуға бет бұрдық. Қазақстандағы экономикалық өзгерістердің қисыны ауылшаруашылық салада агробизнестің оңтайлы құрылымын қалыптастыруға, бәсекеге қабілеттілікті арттыру қажеттігіне, ауылшаруашылық өндірісінің маркетингтік стратегияға көшуіне, ішкі рынокта импортты алмастыруға байланысты жаңа сапалық өсуге кешуді талап етті. 
        Қазір сала жаңа кезеңнің табалдырығында тұр, бұл кезең ашық экономика және тағам өнімдері саудасының әлемдік жүйесі жағдайында оның тиімді дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл әсіресе алдағы кезде БСҰ-ға кіруге байланысты өзекті болып отыр. Біз үшін басты міндет — халықаралық саудадағы құқықтың кемсітушілігін болдырмау және азық-түлік қауіпсіздігі мен ел аграрлық секторының тиімді даму мүмкіндігін сақтай отырып, тауарлар мен қызметтердің әлемдік рыногына нақты қол жетімділікті қамтамасыз ету. 
Сондықтан жаңа нақтылықтар мен ауылшаруашылық кешені қызметінің ерекшелігін ескере отырып, біз 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын талдап-жасап, қабылдадық. 
        Қазірдің өзінде біз бағдарламада белгіленген мақсаттарға қол жеткізгенімізді айтуға болады. Мәселен, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі біртіндеп ұлғайып келеді.         Егер 2002 жылы ол 559,2 млрд. теңгені құраса, 2003 жылы 615,4 млрд. теңге болды және оның одан әрі ұлғаюы болжамдануда. 
        Жалпы құрылым да елеулі өзгерістерге түсті. Атап айтқанда 2002 жылы егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдері 323,3 және 236 млрд. теңге болса, 2003 жылы тиісінше 355,7 және 259,7 млрд. теңгені құрады. 
        Экспорт тұрақты өсіп келеді. Мысалы, 2002 жылы ауыл шаруашылығы саласының негізгі түрлерінін экспорт көлемі 446,5 миллион долларды, 2003 жылы 683,1 миллион долларды құрады. 
        Осының барлығы 2005 жылдың соңында еліміздің агроөнеркәсіп кешенінде бәсекелестікке қабілетті өнімдер өндірісінің негізі қаланатынын көрсетеді, азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінің тұрақты тетігі дайындалды, рыноктағы өндіріс, оны өткізу тепе-теңдігі жасақталды, экспорттың мүмкіндігі кеңейді. 
        Мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындап келеді. Мемлекеттік бюджет есебінен зейнеткерлерді, мүгедектерді, асыраушысынан айырылған және басқа да санаттағы тұрғындарды әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Олардың барлығы 3,5 миллион (немесе барлық тұрғындардың 23,6 %) адамнан асады. 2004 жылы 1999 жылмен салыстырғанда әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары бір жарым есе көбейді. Бұл қазақстандыктардың кірісін айтарлықтай арттырды, оған мынадай өсім индикаторлары дәлел болады. 1999-2004 жылдары ең төменгі жалақы көлемі 2,5 есе (2605 теңгеден 6600 теңгеге дейін); төменгі зейнетақы көлемі — 1,9 есе (3000-нан 5800 теңгеге дейін); орташа жалақы — 2 есе (11864-тен 26048 теңгеге дейін); орташа зейнетақы көлемі — 2 есе (4104-тен 8529 теңгеге дейін); күнкөріс шегі — 1,5 есе (3394-тен 5394 теңгеге дейін); орташа мемлекетгік әлеуметтік жәрдемақы көлемі — 1,3 есе (3441-ден 4670 теңгеге дейін) өсті. 
        Жалпыға ортақ қолжетімділік пен қоғамға қолайлы маңызды әлеуметтік игіліктерді қамтамасыз ету мақсатында реформалау барысында пайда болған. Және қазіргі кезде колданылып жүрген мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар: күнкөріс деңгейі, еңбекақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшері, еңбек шарты мен төлем стандарттары, әлеуметтік қызметтерді ұсынудың нормативтері және басқалар орнықтырылды. 
Елімізде реформалау нәтижесінде аралас әрі ерікті жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылып, ол өзінің тиімділігін көрсетті. Бір жарым миллионнан астам зейнеткер ынтымақты негізде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етілді. Жыл сайын зейнетақы мөлшері көбейтілуде, соңғы жылдары зейнетақы төлеудің номиналды өсімі тұтыну бағасы индексінен алда келеді. 
        Зейнетақыны индексациялаумен бірге 2003 жылы оны саралап өсіру жүзеге асырылды. Маусымның бірінен бастап 1 миллионнан астам адамның зейнетақысы көтерілді, төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлердің саны үш есеге қысқарды, 0,5 миллионға жуық адам көбейтілген зейнетақы ала бастады. Соның нәтижесінде 2004 жылдың каңтарынан төменгі зейнетақы мөлшері 5800 теңгені, ал орташа зейнетакы мөлшері — 8335 теңгені құрады. 
         Жеке жинақ принциптеріне негізделген қамтамасыз етудің бір ғана түрі — жинақтаушы зейнетақы жүйесі ойдағыдай дамытылуда. Қазіргі кезде бір мемлекеттік және 15 жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қорларындағы 6,5 миллион азаматтың жеке есеп-шоттарында 415,2 миллиард теңге зейнетақы жинақталған. Оның ішінде 115,7 миллиард теңгесі инвестициялық кірістен түскен. 
        "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңды жүзеге асыру нәтижесінде кедейшілік шегінен орташа табыс табатын аз қамтылған азаматтардың қатары (2002 жылдың басындағы 10,2 пайыздан 2004 жылдың 1 қаңтарында 6,6 пайызға дейін немесе 859,8 мың адамға) азая түсуде. 
        Ұлттың күші жасының келуіне немесе денсаулығына байланысты жұмыс істеп, өз бетінше табыс таба алмайтындарға қамқорлық көрсетуде жатыр. Әлемнің барлық елдерінде экономиканың артуы әлеуметтік қорғау мөселелеріне баса көңіл бөлуге бастап отыр. Осыған орай алдағы уақытта 2007 жылға дейінгі әлеуметтік реформаларды тереңдету бағдарламасы дайындалды. 
        Жақын жылдары біз қаржы тұрақтылығын, экономиканың тиімділігін, әлеуметтік қамтамасыз етудің үш деңгейлі — мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы арасындағы әлеуметтік жауапкершілікті бөлу міндетін құруға тиіспіз. Бұл әлеуметтік қорғау жүйесі үздік саналатын әлем елдерінің төжірибесі. 
        Егер орта мерзімді кезеңге арналған міндеттер жөнінде айтатын болсақ, ол бірінші кезекте казақстандыктардың білім беру және кәсіптік деңгейін сапалық тұрғыдан көтеруді қамтамасыз етуде жатыр. Біз бәсекелестікке қабілетті экономика үлгісін тандадық және елімізді индустриялық-инновациялық дамытуға бағыт ұстадық. Бұл — болашақтың стратегиясы. Өсіп келе жатқан ұрпақка әлемдік стандарттарға сай келетін сапалы білім беруіміз керек, сонымен қатар қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін көтеруді де ұмытпауға тиіспіз.     Парламенттің үшінші шакырылымдағы депутаттары алдында сөйлеген сөзімде мен таяудағы бес жыл ішінде шешуге тура келетін міндеттерді түйіндеп айтқан болатынмын. Бұлар — мүғалімдердің мәртебесін көтеруге, ұлттың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге жалпыға танылған рыноктық тиімді тетіктерге (ипотекалық несие, құрылыс жинақ жүйесі) негізделген тұрғын үй бағдарламасы, сондай-ақ тұрғындар үшін қолайлы және жұртшылықтың қолы жететіндей үйлер салуда мемлекеттік ынталандыруға қатысты шаралар. Бағдарлама үш жылға есептелген. Осы кезең ішінде біз 12 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салуымыз керек. Бүл — 195 мың отбасының жаңа пәтер алуына мүмкіндік береді. 
        Осы жылдары түрғындардың әлеуметтік жағынан қорғалуға тиісті бөлігіне арнап 5 мың жаңа пөтер салуымыз қажет. 
        Әлеуметтік қамтамасыз етудің перспективалары туралы айтқанда, экономиканың күретамырындай қаржы жүйесін дамытуды да естен шығармауымыз керек.     Біздің осы бағытта алдымен қолға алатынымыз — қор рыногының жаңа заман талабына сәйкестілігін қамтамасыз ету. Корпоративтік басқаруды жетілдіру мен компаниялар қызметінің мөлдірлігін арттыру жөніндегі шаралар қабылдануы тиіс. Бұған қоса мен Үкіметке мемлекеттік ірі компанияларды жеке блоктарға бөліп, олардың акция пакеттерін арнайы мемлекеттік холдингтік компаниялардың басқаруына беруді тапсырдым. Егер осы холдингке кіретін ұлттық компаниялар мемлекеттік акция пакеттерінің бір бөлігін қор рыногында сатса, дұрыс болар еді деп ойлаймын. Бұл құнды қағаздарды зейнетақылық, инвестициялық қорлар мен брокерлік компаниялар сатып ала алар еді. Яғни, институттық, сондай-ак жеке инвесторлар олардың акционерлері бола алар еді.  Осының нәтижесінде рынокта биік деңгейлі эмитенттердің үлестік қағаздары айналымға түсіп, біздің ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамында тәуелсіз директорлар институты пайда болады, ал бұл корпоративтік басқарудың сапасын айтарлықтай жақсартады. 
        Бүгінде біздің банктеріміз өз каржыларын көршілес елдердің рыногына салуда, зейнетақы қорлары шетелдік құнды қағаздарға лимитті арттыруға қол жеткізді, енді олар алыс шетелдердің құнды қағаздарына инвестиция салуға рұқсат беруді сұрауда.   Зейнетақы қорларының активтерін басқарушылар қандай да бір құнды қағаздарды сатып алуға шешім қабылдағанда жауапкершілік өздеріне жүктелетінін ұмытпаулары керек. 
        Сондықтан тек банктер ғана емес, зейнетақы қорлары да басқару тәуекелі жөніндегі талаптарды қатайта түсуге тиіс. Оған қоса зейнетақы активтерін инвестициялау жөнінде қабылдаған шешімдердің толықтай мөлдір болуын қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар, несиелік серіктестіктер мен шағын несиелеуді дамытуды қамтамасыз еткен жөн. Республикада жалпы сомасы 2,8 миллиард теңгенің несиесін берген 157 шағын несиелік ұйымдар жұмыс істейді. Бұл жүйеге басты қатысушылардың бірі Шағын көсіпкерлікті қолдау қоры болып табылады. 
        Несие қызметін дамытудың негізгі бағыттарын белгілейтін Мемлекеттік шағын несие бағдарламасын жасау, сондай-ақ шағын несиеге мониторинг жүргізудің тиімді жүйесін қалыптастыру кажет деп білемін. 
        Біз еліміздің әлеуметтік секторын реформалау барысында кез келген ұлтты ұлт етіп ұстап тұратын ең басты-мәселе — оның мәдениеті мен төлтумалығын да естен шығармадық. Сондықтан да "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын қабылдадық. Ол біздің тарихи жадымыз, мәдениетіміз бен руханиятымыз жалпыұлттық ауқымда қасиет тұтар ұстанымдарымызды тазартуда негізгі факторға айналуына, ұлттық және мемлекеттік сананы калыптастыруда. қоғамның одан орі ықпалдастыққа түсуіне және өзіндік теңестіруінің құрамдас тетіктері болуына бағытталған. Жалпы дүниетанымдық тұрғыдан қайта қарауға орай бағыт-бағдарлардың біршама айырылып қалған қоғамымызға қарамай, мәдениеттің өзіне тән гуманистік мұрат-мақсатына қайтадан ие бола бастағаны қуантады. 
"Жібек жолы тарихи орталықтарын жандандыру, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау мен дәстүр жалғастығын дамыту, туризм инфрақұрылымын құру" бағдарламасының негізіне іргелі зерттеулер, тарихи қалаларды әлеуметтік-экономикалық дамытудың перпективалы бағыттарын талдау мен есептеулер жатқызылды. Жібек жолының қазақстандық учаскесіндегі басқа да елді мекендердін тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі шаралар дайындалды. Іргелі ғылыми, кадрлық, ұйымдастырушылық, қаржылық және басқа да дайындыктарды қажет ететін осындай ауқымды мемлекеттік бағдарламадан жедел нәтиже күтіп қажеті жоқ. Біз оны түсінеміз, сондықтан оны жүзеге асыруды тек белгіленген жылдармен ғана шектемейміз. Бүл ұлттық мәдениетті жаңғырту және оны әлемдік мәдениет кеңістігіне кіріктіру ауқымды жүмыстардың басы ғана. Өйткені ұлттық мәдени мұралардың бәрі бірдей әлемдік қазынаның бөлшегі болып табылады. Қазақстан өзінің ұзақ мерзімдік және орта мерзімдік міндеттерін нақты айқындап алды. Мұның нақты іс-әрекет жоспары бар, оны жүзеге асыру үшін көп және қажырлы жұмыс істеп қана қоймай, қоғамның жұмылуын, халықтың ынтымағын, тұрақтылық пен тыныштықты сақтай білуіміз керек. 

Қолданған әдебиеттер тізімі:

1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. Қазақстан халқына Жолдауы.

2.Долан Э. Дж. И др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика

3.Kazakhstan today; №12/ ҚР макроэкономикалық тұрақтандырулар.

4. http://www.aikyn.kz/

5.Н.Қ. Мамыров М.Ә. Тілеужанова Макроэкономика  Алматы-2003ж

Жүктеп алу
178 рет жүктелген
165.00 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Мағжан Жұмабаев
Рефераттар
ДОМБЫРА ФИЛОСОФИЯСЫ
Рефераттар
ТҮРКІСТАНДА ТАЙҚАЗАН
Рефераттар
ГӘККУ
Рефераттар
Өркениет басталуы