Қазақтың ұлттық музыка өнері
242
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Тарау. Қазақтың ұлттық музыка өнері арқылы оқушыларға тәрбие берудің теориялық негіздері
1.1 Мектептегі тәрбие құралы – музыка
1.2 Қазақтың ұлттық музыка өнерінің тәрбиелік ерекшеліктерін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану мүмкіндіктері
2 Тарау. Музыка өнерінің тәрбиелік ерекшеліктерін қазақтың ұлттық музыка өнері арқылы оқушыларға тәрбие берудің педагогикалық негіздері
2.1 Музыкалық тәрбие — бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу
2.2 Аспаптық музыканың тәрбиелік сипаты
Қорытынды
Әдебиеттер
КIРIСПЕ
Қазіргі кезеңдегі экономикалық-әлеуметтік саяси өзгерістермен байланысты, еліміздің болашағына белсенді атсалысатын, өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, дәстүрімен, өнерімен терең танысқан зерделі ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселеге айналды.
Қазақ халқының ғасырлар бойы сұрыпталып, жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық өнер мұрасы шексіз.
Қазақстан Республикасындағы барлық жалпы білім беретін ұлттық мектептерге арналған ортақ тұжырымдамада: мектептің басты мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әр бірін жеке тұлға деп санап, оны жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау - делінген.
Оқушылар тәрбиесiнде қазақтың ұлттық музыка өнерінің алатын орны зор. Оқушылардың ұлттық музыка өнерiмен айналысуы, жеке тұлғаның эстетикалық талғамын және эмоционалдық мүмкiндiгiн көтередi. Сондықтан бүгінгі таңда ұлттық музыка өнерінің түрлерін (ән, күй, терме, жыр, айтыс, толғау, т.б.) олардың әрқайсысының жалпы ерекшеліктерін жаңаша технологияға салу – бүгінгі күн талабы. Осы қойылған талаптарға сай, музыкалық білімді жүйелі түрде дамыту барысында ұлттық сана иірімдерін айқындай түсу және оны тереңірек меңгеру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.
Қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетін жан-жақты зерттеп, ұлттық ағарту ісінің негізіне ғылыми еңбектерімен үлес қосқан дарынды ғалым Шоқан Уалиханов (1835-1865) – “Қазақ даласындағы тәлім-тәрбиенің басты құралы – жыр, айтыс, өлең, терме т.б. деп, олардың түрлеріне талдау жасап дүниетанымдық, тәрбиелік мәнін жоғары бағалады”. Дарынды ғалымның данышпандық ой-мақсаттары қазақ халқының ұлттық өнеріне бір арна болып қосылған асыл мұра болып табылады.