Қазіргі мектептегі оқыту принциптері

Рефераттар
1032

Жоспар:

І.   Кіріспе 
ІІ.  Негізгі  бөлім
2.1    Саналылық  және  белсенділік  принципі
2.2     Көрнекілікпен оқыту  принципі
2.3    Жүйелілік  және  бірізділік  принципі
2.4    Беріктік  принципі
2.5    Түсініктілік  принципі
2.6    Ғылымилық    принципі
2.7    Көңіл-күй  принципі
2.8    Теория  мен  тәжірибені   байланыстыру  принципі
ІІІ Қорытынды
ІV  Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі

Кіріспе
Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері - бұл ғылым тарапынан анықталған зандар мен заңдылықтар. Бұл заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, үдерістер мен олардың нәтижелері арасындағы жалпы, шынайы, тұрақты және қайталанып келетін байланыстар мен тәуелділіктердің мәнін ашады. Дидактика оқудың көптеген заңдылықтары және заңдарымен таныс, біз олармен әр қилы мәселелерге орай кездесіп отырамыз. Дидактикалық үдерістің негізін құрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу үдерісіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пәндерін өтуде және оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мәнін сақтайды. Осыдан, дидактикалық принциптер (латын сөзі "негіз") оқу үдерісінің жалпы мақсаттары мен заңдарына сай келетін оқудың жалпы мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін айқындаушы тірек тұжырымдар жиынтығы. Дидактика тарихынан белгілі болғандай, зерттеушілер принциптерді ашу жолында елеулі табыстарды қолға кіргізді. Енді мұғалімдердің міндеті осы белгілі принциптерге сай әрекет ете отырып, оқу сапасын жоғарылату мен оның тиімділігін және беріктігін көтере түсу. Принциптер дидактикалық үдерістің біртұтас тұжырымдамасын құрай отырып, табиғи бірлікте әрекетке келеді. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын Я.А.Коменский қалаған. Ғұлама - педагог пікірінше, оқудың негізі - табиғи сәйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сәйкестікке сай бірізді іске асырылып барады. А.Дистервег бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер 1) оқу мазмунына, 2) оқытушыларга, 3 оқушыларга қатысты болады. К.Д.Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді: уақытқа сай болуы, біртіндеушілік, табиғилық, тұрақтылық, игеру беріктігі. анықтығы, оқушылардың дербестік әрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте жеңіл болмауы, дұрыстық өз алдына әртүрлі мақсаттар белгілеген дидактикалық жүйелерде бір-біріне ұқсамас оқу принциптері іске қосылады. Негізгі тұжырымдары өткен баптарда жария етілген Гербарт және Дьюи дидактикалары өзіндік ерекшеліктерге ие болғанын білеміз. Біз әңгіме еткен жаңа дидактикалық жүйе дәстүрлі (классикалық) және қазіргі заман оқу принциптерін пайдалануда байыптылық сипат танытады. Осыдан онда бірдей уақытта көптеген заңдар мен заңдылықтар іске қосылып жатады.                         
Саналылық және белсенділік принципі
Аталған принциптің негізінде ғылым тарапынан анықталған зандылық тұжырымдары жатыр - білім мәні өз ақыл ой белсенділігі арқасында игерілген терең де әрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше шарттар мен жағдаяттарға тәуелді: оқу сеп-түрткілері, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі мен сипа-ты, танымдық іс-әрекетті басқару және оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастыру, мұғалім қолданған әдістер мен оқу жабдықтары және т.б. Оқушының өзіндіктаным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі есептеледі, ол оқу материалын тереңәрі берік игеруде пәрменді ықпал жасайды. Оқудың саналылық және белсенділік принципін іске асыру барысында келесі маңызды оқу ережелері сақталуы тиіс:
            - Алдагы жумыстың мақсаттары мен міндеттерін анық түсіну - саналы оқудың қажетті шарты: олар-ды оқушыларға көрсетіңіз, маңызы мен мәнін түсіндіріңіз, болашақтағы қажетін бала санасына жеткізе біліңіз.
-  Оқыту барысында оқушы не, неліктен және қалай істеу керектігін түсінетін болсын, сонымен оқу жұмыстарын қарадүрсін орындамай, алдын-ала олардың терең мән, мағынасын ұғынсын.
-   Оқу барысында танымдық іс-әрекеттің барша түрлері мен формаларын пайдаланыңыз, талдауды бірікті-ру тәсілімен, индукцияны дедукциямен, салыстыруды қарама-қарсы қоюмен біріктіріңіз, сәйкестікті жиі пайдаланыңыз, балалардың жасы неғұрлым кіші болса, индукция тәсілін жиі қолданыңыз.
-   Оқушылар әр сөздің, сөйлемнің, уғымның мән-мағынасын түсінетін болсын: оларды қолдануда оқушылардың өтілген білімдері мен тәжірибесіне сүйеніңіз, бейнелі салыстыруларды пайдаланыңыз. Мән-мағынасы жете ашылуы мүмкін болмаған ұғымдарды сабақта қолданудан аулақ болыңыз.
-     Балалардың бірін-бірі оқыту мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. Дұрыс шешім табудың ұжымдық формаларын дамытуға қажет жағдайларды қамтамасыз етіңіз. Мұғалімнің түсіндермесінен гөрі, қасында бірге отырған жолдасының әңгімелеп бергені тиімді де әрі жеңіл, сондықтан сыныптағы үздік оқушылар қолынан келетін оқу істерін өз міндетіңізге алып, түсіндіріп жатуыңыздың қажеті жоқ. Бала белсенділігін тәрбиелеуде уақытты да, күш-қуатты да аянбаңыз. Есіңізде болсын, бүгінгі белсенді оқушы қоғамның ертеңгі белсенді мүшесі.
           -  Оқушыларға белгісіз мәліметтерді бұрыннан белгілілерімен қисынды ұштарыңыз: игерілген мен игеріліп жатқан білімдердің арасында қисынды байланыс болмаса, саналы оқу да болмайды.
          - Есіңізде болсын, оқудағы басты нәрсе - сіз оқытып жатқан пән емес, ол сіздің тәрбиеңізбен қалыптасып жатқан тулга. Оқушы сіздің оқу пәніңізге қосалқы элемент болмай-тындай етіп оқытыңыз әрі тәрбиелеңіз, керісінше, сол пәнді сізбен бірге белсенді игеретін субъект болсын. Жадыңыздан шығармаңыз, тұлғаны қалыптастыратын пән емес, пәнді оқытумен байланысқан мугалімнің өз әрекет-қимылы.
            - Оқушының бақылайтын деректері мен игерген білімдері арасындагы айырмашылықтарды тауып және оларды түсіндіруді талап ететін жағдайларға келтіріңіз.
            -    Егер әр ереже тиімді сандагы мысалдармен қамтамасыз етілсе және сол ережелердің қолдану ауқымы қаншалықты кең екендігін оқушы түсінсе, оқу табысы соғұрлым жоғары болады.
             -   Игеріліп жатқан материалдардағы басты және екінші дәрежелі ақпараттарды табуга және ажыратуга үйретіңіз. Оқушыңыз ең алдымен өзекті мәселелерді түсініп, игеретін болсын. Сабақта келтіретін дерекжәне мысалдарыңыз негізгі мәселе мәнін көлеңкелеп тастамасын.
              -   Әкімдік беделмен ешнәрсеге үйретіп болмайды, оқу - сезім мен санага негізделген дәлелдер арқылы гана нәтижесін береді. Оқушыларға оқу-тәрбие істерінің аса өнімді әдістерімен қарулануына жәрдем беріңіз, оларды оқып үйренуге үйретіңіз. Оқушы зейінін сабақ материалынан алаңдататын жағдаяттарға назар аударып, бақылап барыңыз.

Ол жағдаяттар ішкі де (ой шашыраңқылығы, сабақтағы қажетсіз заттармен шұғылдану және т.с.с. ), сырттай да (сабаққа кешігу, тәртіп бұзу және т.с.с.) болуы мүмкін, кері әсер ететін себептерді жойып барыңыз. Мүмкін болғанша, "неге", "неліктен" сұрақтарын жиі қолданыңыз. Осы арқылы балаларды себеп-салдарлы ой толғауға үйретіп, дамытушы оқу үдерісін іске қосыңыз.
               - Дәлелді деректер мен айгақтары бар оқу - нәтижелі оқу, мұндай оқуда күмән болмайды, ештеңе ұмытылмайды. Есіңізде болсын, нағыз білгір - түгін қалдырмай, қайталап айтып беретін емес, ал оны тәжірибеде қолдана білетін.
                 -  Өз оқушыларыңыздың жеке-дара қызыгуларын зерт-теңіз әрі оларды ұдайы пайдаланыңыз, бала қызығулары оның жеке мүдделерімен, сонымен бірге қоғамдық қажеттермен үйлесімді болуына мән беріп, оларды дамыта түсіңіз.
                  - Оқу барысында турмыстық жагдайларды кеңірек пайдаланыңыз. Оқушылардан өмірде байқағандары мен олардың ғылыми түсіндірмелері арасындағы айырмашылықтарды түсіне ұғып, өзінше бағалауын талап етіңіз.
                 - Игерілген білімдер сенім, наным деңгейіне өтіп, оқушы әрекетіне басшылық болатындай дәрежеде оқытыңыз.
                 - Өзіңіз тәрбиелеп жатқан балаларды дербес, өз бетінше ойлауға және әрекет жасауға үйретіп барыңыз. Біреудің атқанын қайталауға, екінші біреуге сыбырлап жәрдем беруге және ойсыз еліктеуге жол бермеңіз.
                 - Оқушылардың шыгармашылық ой-өрісін мәселелерді жан-жақты талдау жәрдемімен дамытуга тырысыңыз, мәселелерді бірнеше қисынды айырмасы бар тәсілдермен шешуге үйретіңіз, шығармашыл тапсырмаларды жиі қолданыңыз.
                  -  Сұрақ қою және оның жауабын тыңдай білу - белсенділікке ынталандыру мен оны қолдаудың маңызды шарты. Сұрақ қандай болса - жауап сондай, мұғалім оқушыны қалай тыңдаса - оқушы мұғалімді солай тыңдайды.

2.2 Көрнекілікпен оқыту принципі
Бұл ежелгі замандардан қолданылып келе жатқан аса танымал және сезімдік түсінікті принциптердің бірі. Оның негізінде келесідей ғылыми зандылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді әртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру мүшелерінің аса жоғары сезімталдығына ие; қабылдағыш жүйке (рецепторлардың) орталық жүйке-жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру ағзасының (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез және берік бейнеленіп қалады. Оқу тәжірибесі көрнекілік принципін қолданудың көптеген ережелерін іске асырған. Солардың кейбірін еске салайық:
               -    Сөздік формада, ауызша не жазбаша өрнектелген материалдарға қарағанда, табиғи күйінде берілген заттар жақсы, жеңіл әрі тез есте қалатынын ескеріп, оларды оқу үдерісінде пайдаланыңыз.
              -  Есіңізде болсын, сәби ойы формалармен, түр-түсті бояулармен, дыбыстармен, түйсіктермен өрнектеледі. Осыдан бала санасы жалпы дерексізденген ұғымдар мен сөздерден құрылмай, оның тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерді арқау етеді.
              -  Оқушылар үшін ең маңызды ереже: мүмкін болғанша сезімдік қабылдауды пайдаланыңыз, дәлірек айтсақ, көз қабылдауына - көретінді, құлақ қабылдауына - естілетінді, иіс, дәм қабылдауға - тиісті мүшелерді.
              -  Бір көрнекілікпен шектеліп қалмаңыз: көрнекілік - мақсат емес, оқушының ойын дамыту және оны оқыту құралы.
             -   Оқыту және тәрбиелеу барысында есіңізде болсын: ұғымдар мен дерексізденген тұжырымдар бала санасына нақты деректер, мысалдар және бейнелер негізінде жеткізілсе, тез әрі жеңіл қабылданады; олардың мәнін ашуға әрқилы кернекілік түрлерін пайдалану. 
               - Кернекілікті тек сурет ретінде қолданбастан, оны мәселелік жағдайларда өзбетінше білім алу көзі ретінде де пайдаланған жен. Бұл оқушылардыңтиімді ізденісжәнезерттеужұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
              -   Көрнекі құралдар сабақта өтіліп жатқан заттар мен құбылыстар жөнінде өте анық және дұрыс ұғымдарды қалыптастыруға жәрдемін беретінін оқу және тәрбие барысын-да есіңізден шығармаңыз.
              - Оқушы бақылаулары жүйелестіріліп, себептер және салдарлармен сәйкестендірілсін.
              -  Көрнекі құралдарды қолдана отырып, алғашқыда балаларды ондағы берілген бейнелерді тұтастай қабылдауға, кейін бастысын және екінші дәрежелілерін өз алдына, содан соң қайталай тұтастыққа келтіруге үйретіңіз.
               - Әртүрлі көрнекілікті пайдаланыңыз, бірақ көрнекі құралдарыңыздың саны шектен асып кетпесін, себебі бұл баланың зейін шашыраңқылығын пайда етіп, негізгі мән-мағынаны қабылдауға кедергі жасайды.
Көрнекілікті пайдалануда оқушылардың сезімдік тәжірибесіне қозғау салыңыз: бұрын қалыптасқан ұғымдарға арқа сүйеуден енді игеріліп жатқан түсініктер көрнекі нақтылыққа келеді.
               -   Балалармен бірге көрнекі құралдар жасауға қатысып тұрыңыз: ең жақсы және әдемі көрнекі құрал - балалардың өз қолдарымен жасағандары.
Өзіңіз жеткілікті білмейтін нәрсені ешуақытта көрсетуші болмаңыз. Көрнекі құралды пайдалануға мұқият дайындалыңыз.
                  - Осы заман көрнекі құралдарын - теледидар, бейнетаспа, экранды құралдарды және т.б. - ғылыми негізде пайдалануға тырысыңыз; оқудың техникалық құралдарын игеріңіз;
                 -  Көрнекі құралдарын пайдалану барысында балаларды зейінділікке, бақылаушылдыққа, ойлау мәдениетіне, құрастыру шығармашылығына, оқуға мүдделі болуға тәрбиелеңіз.
                -  Көрнекілікті өмірмен байланыстырудың бір жолы ретінде пайдаланыңыз.
                 - Оқушылардың жас деңгейі жоғарылаған сайын көрнекілік орнына дерексізденген рәміздік таңбаларды пайдалануға көбірек ден қойыңыз; осыған байланысты мұғалім түсіндіріп жатқан құбылыстарының мәнін олардың болмыстағы нақты бейнесімен сәйкес болуына көңіл бөлгені жөн.
                 -   Есіңізде болсын, көрнекілік - бала психикасына күшті ықпал жасайтын құрал. Егер ол орынсыз немесе жеткілікті түсініспестікпен қолданылса, балалардың ойын басты мәселелерден шеттетіп жіберуі, сонымен бірге көзделген мақсат көрнекі құралдан көмескіленіп қалуы мүмкін.
                 - Көрнекіл ікті шектен тыс қолдану біл імді тереңнен меңгеруге кедергі жасап, дерексіз (абстракт) ой дамуына, жалпы және жалпыланған заңдылықтардың мәнін түсінуде зиян келтіруі мүмкін.

2.3  Жүйелілік және бірізділік принципі
             Бұл принцип келесі ғылыми тұжырымдарды негізге алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе ғана, оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін қалыптастырудың басты тәсілі - белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу; ғылыми білімдер жүйесінің бірізділігі оқу материалының ішкі қисынымен және оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке элементтерден тұратын оқу үдерісінің тиімді әрі жоғары нәтижеге жетуі ол үдерісте орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сәттердің болмауына және бірізділіктің қандай да себептермен бұзылмауына тәуелді. Егер дағдылар тиісті жаттығулармен жүйелі бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер оқушылар қисынды ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-әрекетінде үлкен қиыншылықтарға кезігеді; егер оқу ісінде жүйелілік және бірізділік сақталмаса, оқушылардың даму үдерісі бәсеңдейді.
            Мұғалім қызметінде жүйелілік және бірізділік принципі көптеген ережелерді орындаумен іске асып барады, олардың арасына аса маңыздылары келесідей:
             -     Оқушылардың білімдер жүйесін қалыпты игеруін қамтамасыз ету үшін сұлбаларды, жоспарларды орынды пайдаланыңыз. Оқу материалын қисынды бітімге келген бөліктерге ажыратыңыз, оларды бірізді іске асырып барыңыз, балаларды өзара кезекті оқу әрекеттерін жасауға үйретіңіз.
              - Егер жауабы табылмайтынына не шешімі шықпайтынына көзіңіз жетсе, ондай сұрақтарды немесе мәселелерді сабаққа қойып әуре болмаңыз.
              -   Материалдың мазмұндық, сондай-ақ оқу тәсілдерінің жүйесін бұзуға жол қоймаңыз, ал егер жүйе себепсіз өзгеріске түсе қалса, үлгермеушіліктің алдын алу үшін олқылықтарды түзетуге тырысыңыз.
               - Әрдайым пән аралық байланыстарды пайдаланыңыз. Мазмұндықтұрғыдан.сондай-ақоқуәдістемелеріндебастауыш мектептің барша сыныптар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етіңіз.
                - Оқу әдістемелерінің жетістіктерін пайдаланыңыз: өз оқушыларыңызбен тірек-конспекттер, оқу материалының құрылымды-мәндік сұлбасын түзіңіз, білімдерді игеру барысын жеңілдететін шараларды қолданыңыз. Оқу барысында жүйелі-лік пен бірізділікті қамтамасыз ету үшін бұрын өтілгендерді жиі қайталап отырыңыз және жетілдіріп барыңыз.
                -   Қысқа және қорытынды қайталауларды сабақтың басында немесе ақырында үй тапсырмаларына байланысты қолданып қана қоймай, оларды бүкіл сабақ барысында негізгі мәселеге орай, сонымен бірге жеке мәселелерді баяндаудан соң да пайдалануды ұмытпаңыз. Жаңа материалдарды өтуді күрделендіретін жағдайлардан сақ болыңыз. Сабақ тақырыбына жасанды ендірілген, оған тікелей қатысы жоқ идеялар (білімдік, дамытушы, тәрбиелік) дәріс нәтижесі мен оқу құндылығын кемітеді. Осыны ескере отырып, аса маңызды болған идея-ларды оқу мазмұнына және балалардың мүмкіндіктеріне орай игертуді, оқу-тәрбие үдерісінің жылдық жоспарына ендіруді алдын-ала көздеңіз.
             -   Өтілгендерді қайталау сабақтың басында білім және ептіліктердің игерілу деңгейін анықтау үшін немесе сабақтың ақырында ұсынылған ақпаратты бекіту үшін ғана орындалмай, бұл жұмыс логикалық бітімге келген оқу бөліктерінің әрбірінен соң сабақ барысында іске асып отыруы шарт.
              -   Оқушылардың ой өрнектеу тәсілдері мен формаларын бақылап баруды естен шығармаңыз. Тұрақты әрі үлкен шыдамдылықпен балаларды дербес еңбектенуге үйретіңіз. Тапсырмаларыңыз дербес орындалуда бірте-бірте күрделенетін болсын, сонымен бірге олардың табысты орындалуы үшін мүмкіндіктер жасаңыз. Істі мүмкін болғанша оқушының өзі орындасын, қажет болса, көмек беріңіз.
              -  Оқудан болар жарқын болашаққа оқушылардың сенімін жеткізіңіз.
              - Сезімдік тәжірибе мен тірек білімдерді орынсыз әрі жиі жаңғыртуға әуесқой болмаңыз, жаңа білімдерді игеруге ғана қажеттерін еске түсіріңіз, әркімге белгілі әшейін біліктерді хабарлау үшін өзі де тығыз сабақ уақытын алмаңыз.
            - Жүйені түсіну - логиканы, ал оны қалыптастыру - сезім мен эмоцияны қажет ететінін үмытпаңыз. Оқу көтеріңкі көңіл және шабытпен жүргізілетін болсын, өмір, әдебиеттің жарқын деректерін пайдаланыңыз: ұғымдар түсіндіреді, бейнелер еліктіреді, ынта әрекетке келтіреді.
             -   Бөлім, курс ақырында міндетті түрде жалпылау және жүйелестіру сабақтарын өткізіңіз.
             -  Оқушылардың ауызша жауаптары мен жазба жұмыстарында жіберілген қателерді тұрақты түрде, үлкен шыдам және тілектестікпен жөндеп отырыңыз, балаларды өз қателерін жүйелі талдастыруға үйретіңіз.
             -   Шаршаған балаларды жасанды жолмен еліктірмеңіз. Олардың жаңа әрекетке, соны тапсырмаларға құмарлығын орынды пайдаланыңыз. Оқушылардың ақыл белсенділігін дамыту және қолдау заңдылықтарын ұстаныңыз, ой жұмысында көтеріңкі мезеттермен бірге шаршап-шалдығу да болатынын ұмытпаңыз.
              -   Шектен тыс "айла" қолданып, оқушылардың бірнеше дәрістерде игеретін материалын бір сабақта өтіп, үйретемін деуден аулақ болыңыз.
              - Есіңізде болсын, білім қалыптастырудағы жүйелілік- оны естен шығармаудың бірден-бір кепілі. ¥мытылған білімдер жүйе негізінде тез қалпына келеді, ол болмаған жерде - қайта жаңғырту үдерісі қиындасады.
              - Я.А.Коменскийдің "Барша нәрсе бірізді ажыралмас байланыста жүргізілуі тиіс: бүгінгі кешегімен бекіп, ертеңгіге жол салуы қажет". - деген кеңесін бір де бір есіңізден шығармаңыз.

2.4    Беріктік принципі
             Бұл принципте келесідей заңдылықтар анықталған: білім мазмұнын игеру және оқушылардың танымдық күш-қуатының дамуы - оқу үдерісінің бір-біріне байланысқан екі тарапы; игерілген оқу материалының беріктігі ақылға сай жағдаяттарға, яғни бұл материалдың мазмұны мен құрлымына ғана тәуелді болып қоймай, оқушылардың сол пәнге, материалға, мұғалімге деген субъектив қатынастарына да орайлас; игерілген білімнің берік болуы оқуды ұйымдастыруға, әрқилы оқу түрлері мен әдістерін пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзіміне байланысты келеді; оқушылар жады тандамалы сипатқа ие: қандай да материал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол материал берік орнығады және ұзақ сақталады.
          Игерілген білімдердің бекуіне жәрдемші оқу іс-әрекетін түсінуден дәстүрлі оқу жүйесіне жаңа ережелерді ендіру мүмкіндіктері ашылды:
               -   Қазіргі заман оқуында ес мүмкіндіктерінен гөрі ойлау қабілеті көбірек іске қосылады. Сондықтан аса қажетті болмаған білімдік материалдарды жаттауға сарп етпей, балалардың күш-қуатын үнемдеңіз, ес жүктемесін ойлау әрекетіне кедергі болар дәрежеде арттырмаңыз.
              - Қате қабылданған немесе түсініксіз материалдардың есте бекуіне жол қоймаңыз. Бала әр уақыт саналы игерілген және түсінген білімін ғана есте сақтайтын болсын.
                -   Қосалқы сипатқа ие материалды жаттаудан балаларды құтқару үшін, оларды әрқилы анықтама кітаптарымен, сөздіктермен, әмбебап ақпарат құралдарымен пайдалануға үйретіңіз.
               - Есте сақтауға қажет материал қысқа да нұсқа болуы тиіс. Оқушының өзі ойланып, жеңіл есіне келтіретіндерінің бәрін жатталатын материалдар қатарынан шығарып тастаңыз.
              -  Есіңізде болсын, өтілгенді ұмыту үдерісі оқу жұмысы біткен бойда қарқынды жүреді, сондықтан қайталаулар уақыты мен жиілігі ұмытудың психологиялық заңдылықтарымен сәйкестендірілуі қажет.
              -  Қайталаулар жиілігі оқушының ұмыту жағдайларына сәйкес болуы тиіс. Қайталаулардың көбі жаңа материалдың өтілу ізімен, яғни ақпараттың ең көп жойылатын мезетінде ұйымдастырылып, ал кейін бұл бекіту жүмыстары бірте-бірте кемиді, бірақ толық тоқтатылмайды.
            - Оқушыларды өз мүмкіндіктеріне сәйкес күш салып, жұмыс істеуге үйретіңіз. Еріншектікке жол бермей, тиімді іс-әрекет желісін қалыптастырыңыз.
            -  Алдын-ала оқу үдерісіне аса қажет екі сапаны - қызығу мен ұнамды қатынас қалыптастырмай, жаңа материал өтуді бастамаңыз.
            - Оқу материалын ұсынуға назар салуды ұмытпаңыз. Өзара қисынды байланыстағы білімдер мен нанымдар жеке-дара, тұтастығы жоқ ақпараттарға қарағанда, берік игеріледі.
           - Оқу қарқыны төмендегенін байқаудан, кейін қалдырмастан оның себебін анықтаңыз. Бұл жағдайдағы себептер түрі келесідей болуы мүмкін: оқу барысына қызығушылықтың болмауы және шаршау. Оларды қайта қалпына келтірудің жолдарын іздестіріңіз. Оқу барысын жасанды жолмен жеделдетпеңіз.
             - Оқушылардың ырықты зейінін аса жүктемеңіз; тікелей тап-сырмалар және көрсетпе беруге құштар болмаңыз. Балаларды өз кеңестеріңізді тыңдап, құлақ салуға үйретіңіз. Оларды өте қызықтырған жәйттер жөнінде ұстамдылықпен әңгімелеңіз. Сабақта балаларды оқу жұмысына еліктіргендей материалдарды байыппен пайдаланыңыз. Кезекті тәрбие "уағызының" орнына - әзіл, ертегі, өнеге хадистер, аңыз-әңгімелер пайдаланыңыз. Балалар сізді түсінері сөзсіз.
              - Оқушылардың бірін-бірі оқыту жүйесін кең пайдаланыңыз, әрі оны үлкен ептілікпен бағдарлап барыңыз. Мұғалім ұзақ уақытын сарп етіп, қалыптастыра алмаған баланың кейбір қасиеттері осы бірін-бірі оқытуда кенеттен жеңіл әрі жылдам пайда болады.
               - Оқушылардың жадықа білетін дамытыңыз есте қалдыруды жеңілдетуші әрқилы тәсілдерді пайдалануға үйретіңіз.
               -  Оқылғанның бәрін саналы, терең және берік игертуге тырыспаңыз, оқушы ең басты деген ақпараттарды игеруге күш салсын, бұл бұдан былайғы оқуды жалғастырудың негізі.
               -  Күні ілгері үнамды сеп-түрткілер қалыптастырмай, жаңа материалды өтуге кіріспеңіз. Бала санасына күштеп енгізілген білім үзақ сақталмайды.
               -    Оқу логикасын сақтаңыз, өйткені өзара қисынды байланысқан білімдер берік игеріледі.
              - Өтілген материапдарды қайталау мен бекітуде оқушы жадын ғана дамытып қоймастан, оның ой-өрісі мен сезімдерінің белсенділігін көтеруге тырысыңыз.
              -  Білімдерді түсіндіру және бекіту жүмыстарын жүргізумен бірге жаңа мысалдар енгізіп, нақтылаушы қорытындылар келтіріп, жарқын көрнекі қүралдар пайдаланып, олардың ауқымын кеңейтуге көңіп аударыңыз.
              -  Материалдарды қайталауда алғашқы танысу сабағындағыдай емес, жаңажүйелердіпайдалануғатырысыңыз. Оқушыларды өтілген материал қорын жаңа түрғыдан талдауға, сапыстыруға үйретіп, өз пікірлерін білдіруге мумкіндік беріңіз.
               -  Оқу беріктігін қамтамасыз ету үшін қызықты баяндау тәсілдерін, көрнекі қүралдарды, техникалық оқу жабдықтарын, дидактикалық ойындарды қолданыңыз.
              - Жаңа материалды ету барысында оны бүрын игерілгендерімен байланыстырыңыз, еткендерді жаңа материалдарға қоса қайталаңыз. Оқу тапсырмаларыңыз бірдейіне жеңіл әрі біртекті болмасын: олар балаларды тез шаршатып, даму барысына кедергі болуы мүмкін. Жаттығуларыңыздың бәрі мән-мағыналы болуына назар аударыңыз. Белсенді ой мен саналы шешім іздестіруді, нәтижелерді беріпген шарттармен салыстыруды қажет еткен жаттығуларды орындау тиімді келеді.
             -  Жаттығу апдын нені және қалай орындауды, жүмыс нәтижесіне қандай талаптар қойылатынын жете түсіндіріңіз, ернек, үлгі жүмыстарын жүргізіңіз.
            - Жаттығулар барысында оқушыларды шаршатып алатындай ауыр жүктемелерге душар етпеңіз.
            -   Оқушылардың дамуындағы езгерістерді анықтау үшін ғылыми негізделген нақтамалық тәсілдер түрін, шараларын және бақылау әдістерін қолданыңыз'. тек осылай ғана оқу нәтижесінің тиімділігін көтеруге, оның нәтижелілігін мақсатты бағдарлап баруға болады.
            - Оқушы еңбегін бағалаумен байланысты жағдаяттарды естен шығармаңыз: қалаған іс-қызметке саналы және жауапкерлі қатынас қалыптастыруға мән беріңіз, өз еңбегінің желісі мен нәтижелерін бақылап баруға үйретіңіз.
            -  Білімдерді бекітудің маңызды формасы - оқушылардың өзіндік қайталаулары. Мұндай жұмыстарға қолдау-қуаттау беріп, жиі ұйымдастырылуына жәрдем етіңіз. Балалардың сабақтан қалуына, дәрістерден бас тартуы мен онда жұмыссыз отыруына тиым салыңыз, себебі бұл білім және ептіліктердің берік игерілуіне нұқсан келтіреді. 

2.5     Түсініктілік принципі
             Түсініктілік принципі оқытудың көп ғасырлық тәжірибесі талаптарынан туындайды: бұл, бір жағынан - оқушылардың жастық даму заңдылықтарына байланысты келсе, екінші жағынан - дидактикалық үдерісті оқушылардың даму деңгейімен сәйкестендіре ұйымдастыру және іске асыруға тәуелді. Бала өзініңойлаудеңгейіне, жинақтаған білімі, ептілігі, ойлау тәсілдеріне сәйкес келген дүниені ғана түсіне алады.
              Түсініктілік принципін іске асыруды, өз уақытында Я.А.Коменский өрнектеген классикалық ережелер: жеңілден-қиынға, белгіліден-белгісізге, қарапайымнан-күрделіге өту. Қазіргі заман оқу теориясы мен тәжірибесі түсінімді оқытуда міндетті болған ережелер тізімін кеңейте түсті:
              -  Өтілуге тиіс материалдардың бәрі әр жас қабылдауына сәйкес реттестіріліп, ұсынылуы тиіс.
              - Оқушы санасы қандай да пәнді қабылдауға дайын болуы қажет екендігін ұмытпаңыз.
               -   Оқыту барысында балалардың табиғи мүмкіндіктерін, олардың дайындығы мен даму деңгейін арқау етіңіз. Балалардың өмір тәжірибесін, қызығуларын, бейімділігін, даму ерекшеліктерін зерттеңіз және оқытуда ескеріңіз.
               - Оқу мазмұны және тәсілдері балалар дамуынан бір шама алда жүретіндей болсын.
               -  Оқушылардың әртүрлі топтарындағы оқу ерекшеліктерін назарға алыңыз. Бір текті мүмкіндіктері бар балаларды жіктеулі топтарға біріктіріңіз.
              -   Оқу үдерісін тиімді қарқында жүргізіңіз, бірақ күшті оқушыларды аяқтан тартпайтындай, сонымен бірге орташа және үлгерімі төмен оқушылардың дамуына тиімді ықпал жасайтындай етіп ұйымдастырыңыз.
              -  Оқу жұмысы белгілі дәрежеде күш салуды қажет етеді. Олай болмаса, балаларжұмысорындауға дағдылана алмайды. Оқушылар әрдайым өз мүмкіндіктерінен төмен оқу қарқынын қалайды. Осыны ескерумен мұғалім әр оқу жағдайына сәйкес оқу желісін тиянақты әрі нақты белгілеп барғаны жөн.
              -  Педагогиканың және психологияның жаңа жетістіктерін пайдаланыңыз: нақты білімдер мен ептіліктерді кіші көлемдегі материалдар жәрдемімен қалыптастырып барыңыз, ал қорытынды білімдерді қалыптастыруда - іріленген білім топтарын (блоктарын) пайдаланыңыз.
               -   Сабақ барысында ұқсастықты, салыстыруды, беттестіруді, қайшылықтарды кең қолданыңыз. Жаңа және күрделі материалды өтуде күшті оқушыларды қатыстырыңыз, ал бекіту жұмыстарына - орташа және төмен оқушыларды тартыңыз.
              -  Жаңа ұғымды енгізу бір сабақтың танымдық міндеттерімен ғана байланыстырылмай, бүкіл өтілген оқу жүйесіне негізделуі тиіс.
             -  Жайлап асыгыңыз! Оқу үдерісін қажетсіз жеделдетіп, тез табысқа кенелемін деп ойламаңыз: түсініктілік кедергілерін төмендетудің педагогикалық мүмкіндіктері шектеулі.
             -  Оқушының бір сәттік ой жарқылын оның білім топтағаны деп есептемеңіз, бұны тек жалпы танымға бастама ретінде пайдаланып қалуыңыз мүмкін.
             -  Түсінікті болу мұғалімнің анық баяндауы мен сөйлеуіне тәуелді: ұғымдарды дәл және бір мағыналы өрнектеуге тырысыңыз, өмір мен әдебиеттен жарқын деректер және мы-салдар келтіре, оқытыңыз.
             -    Баян сөзіңіз ұзаққа созылып кетпесін. Нені өзіңіз түсіңдіресіз, балалар нені өз бетінше түсінуі мүмкін екенін сезінуге тырысыңыз. Оқушылардың өздері жеңіл игеруі мүмкін материалдарға уақыт бөліп, түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Оқудың бастапқы кезеңінде білім қорының бәрін түгелдей пайдаланбастан, балалар игергендей басты мәліметтерді ғана
ұсынып, кейін бекіту барысында өтілгендерді толықтыратын, нақтылайтын жаңа мысалдар мен деректерді келтіріңіз.
             -  Оқушылардың танымдық іс-әркетіне басшылық жасаңыз: жаман мұғалім шындықты балалар түсінбейтіндей етіп, ақтара салады, жақсы мұғалім оларды іздеп табуға үйретеді, іздестіруін жеңілдетеді.
             -  Түсініктілік оқу жеңілдігін білдірмейді, мұғалімнің міндеті оқушының еңбегін үздіксіз жеңілдетуде емес: балаға бағдар беру, түсініксіздер мәнін түсініктілер арқылы ашу, өз бетінше талдау бастамасын көрсету, қолдау-қуаттау - осының бәрі түсінікті оқытудың шараләры.
              -  Түсініктілік оқушының еңбеккерлік қабілетімен байланысты: еңбектену қасиетін дамыта отырып, және қандай да нақты қызметке дағдыландыруда қарқынды және бірте-бірте ұзаққа созылған ой әрекеттерін орындауға үйретіңіз. Жұмыс қабілетін көтерумен - оқу түсініктілігіне кедергі болар жәйттерді азайтамыз.

2.6    Ғылымилық принципі
                   Ғылымилық принциптің талабы - оқушылар игеруіне ғылым тарапынан анықталған білімдерді ұсыну. Бастапқы мектептік білімденудің де міндеті осы ғылыми білімдерді игертуге бағытталған. Оқудың ғылымилығы ең алдымен мектеп білімінің мазмұнына және оны қалыптастыру принциптерін қатаң ұстануына; мұғалімдердің мазмұнды толық іске асыра алуына тәуелді; қабылданған білімдердің ғылымдық сипаты оқу жоспарларында, бағдарламаларында өрнектелген, пән аралық байланыстарда іске асып барады. Озат дидактикалық жүйелер, тәжірибелер бұл принципті жүзеге келтіретін бірнеше ережелерді ашып көрсеткен:
             - Оқуды педагогика, психология, әдістеме, педагогикалық тәжірибенің жаңа жетістіктері негізінде жүргізіңіз. Оқу желісіне педагогикалық еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың соңғы тәсілдерін ендіріңіз.
              - Бастапқы оқу дидактикасы мен психологияның соңғы жаңалықтарын ескерумен индуктивті оқыту логикасын ғана емес, сондай-ақ дедуктивті оқу әдісін де орынды пайдаланыңыз,бастауыш мектепте дерексізденген (абстракция) түсініктерді қолданудан тартынбаңыз, себебі бұл нақты құбылыстардың тереңдегі мән-мағынасын тусінуге жәрдемін береді. Бірақ мектеп курсы шеңберінде толық түсінік берілмеген абстракцияларды қолданудан аулақ болыңыз.
               -   Әрқандай жаңа енгізілген ғылыми ұғымды, түсінікті жүйелі қайталап отырыңыз, пәнді оқыту барысында қолданып, пайдаланыңыз, себебі жаттықтырылмаған білімдер тез ұмытылады.
               -  Ғылыми таным әдісін пайдаланумен, оқушылардың ойлау қабілетін дамытыңыз, балаларды ізденіс, шығармашыл жұмыстарға қосып отырыңыз.
               - Жаңа идеялар қабылдауды бір сәттік міндет деп білмеңіз - әрбір құбылысты жаңадан түзіліп жатқан жан-жақты байланыстары және қатынастары аумағында қарастыра, талдаңыз.
                -   Оқушыларды атақты ғалымдардың өмірбаяндарымен таныстыру мүмкіндіктерін естен шығармаңыз, олар енгізген ғылым жаңалықтарын шәкірттеріңізге кең жария етіңіз.
                -  Жаңа ғылыми терминологияны қолданыңыз, ескірген терминдерден сақ болыңыз, ең соңғы ғылыми жетістіктерден хабарыңыз болсын.
                -    Ғылыми ақпарат ағымының күннен-күнге артуына байланысты басты назарды өзекті мәселелерге аударатын болыңыз, оқушыларға жаңа жетістіктердің негізгі идеяларын ашып, оларды жаңа ақпараттарға ден қоюға үйретіңіз, жаңа мәселелерді ұжым болып талқылауды қолдап-қуаттаңыз.
                -   Балалардың зерттеу-ізденіс оқу жұмыстарына қолдау көрсетіңіз. Оларды мүмкін болған жағдайларды пайдаланып, ғылыми-тәжірибе жұмыстарының негіздерімен таныстырыңыз, шығармашылықты қажет еткен мәселелерді шешуде ал-горитмдерді пайдалануға жаттықтырыңыз. Мәселелермен айналысудың сензитивтік (жас сатысы) кезеңдерін есіңізде ұстаңыз.
            - Танымдық қызметтен оқушыға жаңалық ашу, табысқа жету, қанағат табу сезімдеріне бөленуге мүмкіндік беріңіз.
            -   Қате ұғымдардың себебі болар біртекті және жалған сөздерден сақтаныңыз. Әсіресе мектептің бастауыш және орта сатысында мұғалім ақпараттарына оқушының қисынсыз,өзінше қате түсініктеме беруіне жол қоймаңыз. Әлбетте, бұл бала қиялын, ой өткірлігін дамытуға шек қоюдан емес. Әрқандай маңызды нәрсені жол жөнекей, қара дүрсін талқыға салмай, ғылыми тұрғыдан сараптау қажет.

2.7    Көңіл-күй ескеру принципі
            Көңіл-күй ескеру принципі бала табиғатының дамуы мен оның іс-әрекетіне байланысты туындайды. Ұнамды көңіл-күйден адам жаны нәр алады, ой өрісі сәуелелене түседі, оқу жеңіл, жылдам және жағымды сезіммен қабылданады. Егер оқушының кітап оқуға зауқы болмаса, оны ауыр да азапты еңбек сипатында қабылдаса, одан табысты нәтиже күтудің өзі болымсыз іс. Сондықтан да оқу алдында баланың ұнамды көңіл-күйін көтеріп, оны қуанышты оқиға ретінде қабылданатын дәріс жұмысына дайындау қажет. ¥намды қатынас болмаған жерде оқу үдерісі өз ықпалының жартысын жояды. Ықыласы болмаған адамды оқыту - бос әурешілік. Көңілін қорқыныш, өшпенділік, жеккөрушілік жайлаған баланы оқыту оның сана-сына шынайы болмыс деректерін зорлап ендірумен бірдей. Мұндай жолмен қабылданған білім ұзаққа бармай ұмытылады, одан келер пайда болымсыз. Сондықтан педагогтар бар шеберлігін қосып, мектептегі оқу еңбегі мен білім тартымдылығын көтеруге ат салысады. Олар бала еліктегендей ғажайып кейіп, перілерден бірде кем болмаған ұлағатты тұлға бейнесін жасайды. Бала жанын сенім шуағымен жылытып, оның алғашқы қадамдарына қолдау көрсетеді. Мектеп өмірін мұғалімдер жарқын да қызықты істер, оқиғалармен толтырып отырса, олардың бәрі балалық шақтың балдәурені секілді оқушы есінде ұзаққа сақталады. Оқудың көңіл-күй принципінің талаптары осы. Ал бұл талаптарды іске асыруда мұғалімнің міндеттері:
                 - Әр сабаққа дайындалу барысында оқушылардың ұнамды көңіл-күйін қалыптастыру мен қолдау жолдарын ойластыру. Алдағы оқу жұмысы неғұрлым зеріктіргендей әрқилы болса, оқу материалы неғұрлым құрғақ әрі абстракт келсе, ұнамды көңіл-күйдің болуына пайда етудің мүмкіндіктерін іздестіріп бағу.
              -  Сынып босағасын көңіл жадыратар кейіппен аттап, балалармен әзілдесе, оларды жігерлендіретіндей сөз тауып, сабақты бастау.
             - Демократиялық қарым-қатынас мәнерін ғана ұстану.
             -  Балалар болмысына, олардың істеріне қызыға қатынас жасап, араласып бару.
            - Сыныпта қапелінде болып қалатын дау-дамайды әрқашан сабырлы, айқайсыз, тұрпайы және намысқа тиер сөздерсіз шешу.
            -  Күдер үзгендей әрі қиын жағдайлардан шығу үшін орайы келген әзіл-қалжыңды пайдалану.
            - Сабақтың әсем, бейнелі, көңілді өткізілуі үшін оқу әрекетін танымдық ойындар, жарыстар, конкурстар мен сайыстарға толтыра жүргізу.
             -  Кіші оқушының ойлауын оның сезімдері мен толғаныстарынан ажыратпау: оқу-тәрбие үдерісінің эмоционал көрікті болу қажеттігі - бала ойының даму заңдылықтарынан туындаған талап.
             -   Әрдайымғы көңіл-күй көтеретіндей сәттерден ұнамды қалыпта өтетін тұрақты кейіп жағдайларына өту.
            -  Оқу материалдары, оқу әдістері мен танымдық еңбек ұйымдастыру формаларының ұнамды көңіл-күй молшылығын пайдалану.
           - Оқушыларды жаңа материалды жарқын көңілмен қабылдауға дайындау.
           -  Қызығушылыққа кедергі болар жәйттерден сақтаныңыз, ол үшін жаттанды материалдарды кемітуге, құрғақ сөзді жұмыстарды қысқартуға, сабақ қарқынын бәсеңцетуге, жұмыс ұйымдастырудағы келеңсіздіктерге, мадақтау мен бағалауда бір формаға танылып қалмауға, бала толғаныстарының еленбеуіне жол бермеңіз.
            -  Балалардың шынайы табыс толғанысын басынан кешіп, оның нәтижелерімен қуантудың қамын жасау.
           - Жақсы орындалған жұмыстан алған қанағат сезімін бекіту.
           -   Қатынас тілінің шабытты, бейнелеу мәнерлілігі, сөз көркемдігі, әсемдігі мен тазалығына мән беріп, қадағалау.
           -  Тосын, еліктіргендей тәсілдермен балаларды оқу тапсырмаларына қызықтырып, олардың көңіл көтеріңкілігін қамтамасыз ету.
           -  Мүмкін болғанынша дәрістер мен сыныптан тыс сабақтарды табиғат аясында өткізу.
           -   Сабақ барысында, сыныптан тыс оқу жұмыстарында жағымды көңіл-күй шарттарын жасау үшін ән-күйді пайдалану. 

2.8 Теория мен тәжірибені байланыстыру принципі
Бұл принциптің негізіне дәстүрлі философияның ақиқат пен танымдық қызметінің дерек көзі - тұрмыс және іс-әрекет екендігі туралы тұжырымы алынған. Орынды ұйымдастырылған тәрбие әрқашан өмірдің өзінен тәжірибемен бастау алып, онымен тығыз байланыста болады, сонымен өсіп келе жатқан әулетті, белсенді тіршілік қамына дайындайды. Оқудың өмірмен, теорияның тәжірибемен тығыз байланысты болуы оқу мазмұнына, оқу-тәрбие үдерісінің келелі ұйымдастырылуына, оқудың тиімді формалары мен әдістерін пайдалануға, еңбек пен политехникалық дайындыққа бөлінген уақытқа, сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне тәуелді келеді.
Оқудың өмірмен ұштастық принципін іске асыру негізі - теориялық тұжырымдар мен озат мектеп ұжымдарының тәжірибесінен туындайды. Осыған байланысты мұғалімнің атқаратын міндеттері:
- Мектепте игерілетін білімдердің қажеттігін оларды қоғамдық-тарихи үдеріспен байланыстыра, оқушыларды сендіре, дәлелдеу. Оқу желісін білімнің, оған қоса мектепте алатын құндылықтарының өмірлік қажетті дүние болатынын түсініп, сезетіндей дәрежеде алып барыңыз.
-  Тұрмыс қажеттерінен - білімге, білімнен өмір қажеттігіне өте отырып, баланы "білім - бұл бай, қуатты тіршілік көзі" қағидасымен тәрбиелеңіз.
-  Балаларға қазіргі заманның жаңа технологиялары, өндірістік қатынастары, озат еңбек әдістері жөнінде әңгімелеуге бірде жалықпаңыз.
- Оқушыларды өз білімдерін тәжірибеде тексеріп, қолдануға табандылықпен үйретіңіз. Қоршаған дүниені білім көзі және сол білімді қолдану саласы ретінде пайдаланыңыз.
- Өз жұмысының өмірлік маңызын оқушыға түсіндіріп бере алмайтын бірде-бір мұғалім сабақ бермеуі тиіс.
- Мектеп пен өндіріс орындарының байланысын пайдаланыңыз. Оқушылардың өндіріс өкілдерімен қатынастарын оқу-тәрбие жұмыстарының жалғасына айналдырыңыз, бұл үшін "оқу пәні - өндіріс" байланысын ептілікпен бағдарлап, қадағалаңыз.
- Оқушылармен бірге "тұрмыстық қажет" сипатындағы мәселелер мен жаттығулар түзіп, оларды сабақ материалымен байланыстыра шешуге дағдыландырыңыз. Оқулықты балалар өмірімен ажыралмас бірліктегі қоршаған болмыс деректерімен толықтырып баруды ұмытпаңыз.
- Оқуды ауыл, қала, обылыс, республиканың нақты болашақ даму жағдаяттарымен ұштастырыңыз. Аймақтың келешек дамуына орай кәсіби бағдарлау жұмыстарын өткізіп барыңыз.
- Мәселелі ізденіс және зерттеу тапсырыстары теорияны тұрмыспен байланыстырудың таптырмас құралы. Оларды әрқилы жолдармен пайдалануға тырысыңыз.
- Балаларды еңбекке, қоғамдық және жеке меншікке саналы да ұнамды қатынас жасауға баули отырып, мұндай қатынас үлгісін өз бойыңыздан көрсете біліңіз.
- Қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбекті оқушылардың дербес бақылаулары мен ой толғаныстарына ұштастырып, балалардың дүние болмысын тануға деген құштарлығын өршітіп, оларды көп білуге, түсініксіздер әлемін ашуға ынтықтырыңыз.
- Оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегін оқу және тәрбие мақсаттарына бағындыруды ұмытпаңыз.
- Оқу үдерісіне еңбекті ғылыми ұйымдастыру (НОТ) принциптерін енгізіп барыңыз. Балаларға еңбекті ғылыми тұрғыдан алып барудың теориясы мен тәжірибесін игертіп, оның өнімді де үнемді әдістерімен қарулануына көмектесіңіз, өз іс-әрекетін жоспарлау мен сараптауға үйретіңіз.
- Оқушылардың біртекті нақты қызметтегі табыстарын дамыта түсіңіз әрі бекітіңіз, оны басқа әрекет түрлерін орындауға, пайдалануға    дағдыландырыңыз.    Ұсақ-түйек    табыстардан тұрақты ауқымды жетістіктерге ерісудің жолдарын керсетіңіз.
- Балаларда өз нәтижелерін ұдайы жақсартып баруға ұмтылыс тәрбиелеңіз, олардың сайыскерлік қабілетін дамыта түсіңіз.
- Оқушылардың ақыл-ой әрекетін білімнің 80-85% игеруге жәрдемін тигізетін істермен байланыстыруға тырысыңыз.
- Балалардың қандай да бір нәрселерді жетілдіру, жаңалау және өзгеріске келтіру ықылас-ынталарына қолдау көрсетіңіз, жағдайлар болып жатса, жас өнертапқыштар жарыстарын өткізіп барыңыз.
- Оқушыларды алғашқыда өздері қалаған ғылым, техника, өнер салаларында өзбетінше білім игеруге ынталандырыңыз; оқудың тұрмыспен байланысын өзіндік білімденудің көзі ретінде пайдаланыңыз. 

Қорытынды.

Біз дидактикалық принциптерді қарастырып, олардың іске асу ерекшеліктерін әңгіме арқауы еттік. Қорытындылай келе, айтарымыз: принциптер әрқашан белгілі жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан күйде іс-әрекетте кешенді, түрде жүзеге асып барады. Оларды кезекпен немесе бірінің орындалуымен екіншісіне тізбекті өте, пайдалану мүмкін емес. Принциптер арасында басты не екінші дәрежелісі болмайды, әңгіме тек олар-дан туындайтын талаптардың ауқымдылығы мен жалқылық дәрежесі жөнінде болуы мүмкін. Барша принциптер өзара тығыз ұштасқан, сондықтан бірінің талаптары, екінші бір принцип талаптарымен мәндікжақындыққа түсіп жатады. Олардың бәрінің де қызметі - бағыттау, оқудың сапалы нәтижелеріне жетудің жолдарын көрсету. Білімдендіру ісін гуманизациялаудың мәні - баланың тән-дене және ақыл-ес мүмкіндіктерін сақтау және дәмыта түсу. Сондықтан оқу еңбегінің нәтижесі оған жұмсалған оқушы күш-қуатының деңгейімен салыстырылып, бағаланады. Принциптер баланың табиғи және әлеуметтік мүмкіндіктерін, күш салаулары мен еңбек нәтижелерін қалыпты мөлшерлеп отырады, егер қандай да себептермен ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдіктің сақталғаны.
Қазіргі заман гуманистік дидактикасында оқу принциптері табиги сәйкестік басты принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бұл жүйедегі дидактикалық талаптар төмендегідей: 1) саналылық және белсенділік; 2) көрнекілік; 3) жүйелілік және бірізділік; 4) беріктік; 5) түсініктілік; 6) ғылымилық; 7) көңіл-күй; 8) теория мен тәжірибенің байланысы.

Пайдаланылған  әдебиеттер:

Негізгі  әдебиеттер:
1.    Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев  «Педагогика»  Астана., 1998ж
2.    А.Е. әбілқасымова. «Қазіргі заманғы  сабақ»  Алматы.,  2004ж

Жүктеп алу
650 рет жүктелген
134.00 кб файл салмағы